Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»



жүктеу 2.22 Mb.
Pdf просмотр
бет2/20
Дата15.03.2017
өлшемі2.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ümkin bunca ateşle şehid-i ışkı gast etmek
Cesed ate
ş kefen ateş hem ab-ı hoş güvar ateş
(Осыншама отпен ғашықтық шейітін жуу мүмкін бе? Тән 
от, кебін от, шейітті жуатын жағымды тәтті суда от!)
Өлім төсегінде жатқан бір ғашықтан: «Өлім сәтінде қалай 
күлесің?» - деп сұрайды. Ғашық былай деп жауап береді:
«Ұшып барам. Қазір барлықденем ауыз болып күлімдеп 
тур! Қазір ернім басқаша күледі!»
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Өлген  кезде  күлмеген  адамды  "шамға"  ұқсатпа! 

- 24
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ғашықтықтың  жолында  шам  сияқты  ерігендер,  жұпар 
сияқты хош иіс аңқытады».
Хазіреті  Мәуләнә  осылайшажан  еркімен  күлімдеп,  осы 
әлемнен  ғайып  әлемге  көшіп,  өмір  бойы  сағыныш  отына 
өртене күткен той кешіне, шәби арусқа қауышқан.
Жамағаты  оның  соңынан  нөсердей  көз  жастарын  төгіп 
жатқанда,  сол  қауышу  жолаушысының  табыты  да  ерін 
болған еді. Өз түсінде солған гүл сияқты күлімсіреді.
Сұлтан Уәләд Ибтида намәсінде әкесінің жаназа көрінісін 
былайша баяндайды:
«Һижрәттің  672  жылы  (милади  1273  ж)  ұлы  Сұлтан  о 
дүниеге көшті. Көздер жасқа толды. Көңіл қайғыға батты. 
Мұсылман  емес  ауылдарда  қайғыға  баткдн  еді.  Әрбір  пәк 
адам оған адал, әрбір ұлт оған ғашық еді.
Халық:
«Ол  Хазіреті  Пайғамбардың  нұры  мен  сыры  еді. 
Абзалдықтың шексіз теңізі еді» - десті.
Сол күні барлығының жаны күйзелді. Барлық ел үлкен 
қайғымен:  «Ол  бір  қазына  еді.  Топыраққа  жасырындың-
деді».
Ефлакидің айтуынша Мәуләнә Хазіретінің сыртқы табы-
ты халықтың көптігінен алты рет жаңартылды. Және жана-
засы бесін намазында шықса да, қабіріне екінті намазынан 
кейін әрең дегенде жетті. Табиб Әкмәлүддин халыққа:
«Әдепке мойынсұныңдар! Табытты көтеру міндеттеріңді 
тыныш,  құрметпен  орындаңдар!  Бұл  нағыз  шәйхтардың 
сұлтаны Мәуләнә еді; ол мәңгілік әлемге көшті» - деді.
Өсиеті бойынша жаназа намазын оқыту үшін Шәйх Са-
дреддин  Конеуи  табыттың  алдына  барғанда,  әсерленіп, 
еңіреп қоя берді. Есінен айырылғандай болды. Қолтығынан 
көтеріп оны кейін тартты. Оның орнына Қазы Сиражүддин 
намазын оқытты.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 25
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мәуләнә  Хазіреті  "шикі  едім,  пістім,  жандым!»  -  деп 
топшылаған емірін басқа бір сөзбен былай суреттейді:
«Өлі  едім,  тірілдім!  Көздің  жасы  едім,  шаттыққа  ай-
налдым... Ғашықтық дариясына шомылдым, ақыры, мәңгі 
өлкеге қол жеткіздім».
Мұны Юнус қандай тамаша жеткізеді:
Тән фәни, жан өлмейді,
Кеткендер қайтып келмейді!
Өлер болса тән өледі,
Жан ешқашан өлмейді!
Уа, Раббым! Біздің өлімімізді де мөңгілік өлкеге жеткі-
зетін бір көлікет! Өлім кешіміз бір шөби арус болсын!
Әмин!

- 26
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
БІР ҚҰМЫРА СУ
«Сұлулар, мөлдір де тұнык, айна 
іздегені сияқты, жомарттық та пақыр 
да әлсіз адамдарды қалайды. Сұлулардың 
жүзі айнада сұлу көрінеді, нығмет пен 
сыйдың әдемілігіде пақыр мен ғаріптер 
арқылы белгілі болады». 
Хазіреті Мәуләнә
Бір  пақыр  бәдәуи  әйелімен  шөл  дападағы  лашықта 
тұратын еді. Бір түні әйелі:
«Барлық таршылық, қиыншылықты біз тартып отырмыз. 
Бәрінің өмірі молшылықпен өтіп жатыр. Тек біз ғана кедей-
міз.  Нанымыз  жоқ,  қатығымыз  қайғы.  Құманымыз  жоқ, 
суымыз көздің жасы. Күндіз киіміміз күн, түнде төсегіміз 
бен көрпеміз айдың жарығы. Аш болғанымыз үшін толған 
айды нан деп ойлап, аспанға жүгіреміз. Жоқшылықтан ауа-
да ұшқан шыбынның қанын сорамыз. Біздің халіміз Бұлай 
не болады?» - деп шерін төкті.
Бәдәуи былай деп жауап берді:
«Ей  әйел,  қашанғы  дүние  -  мал  іздейсің?  Осы  дүниеде 
қанша  өміріміз  қалды?  Ақылды  адам  ризықтың  аз-көбіне 
қарамайды. Өйткені, екеуі де өткінші, сел сияқты ағып ке-
теді.
Көңіліміздегі  дүниелік  уайым-қайғы,  біздің  бол-
мысымыздың  тойымсыздығынан  туындайтындығын  біл. 
Аллаһтың  мүлкінде  өмір  сүріп  жатырмыз.  Оның  берген 
ризықтарымен қоректенеміз. Қанағаттан да жақсы байлық 
бола ма? Мынау былай, анау солай деп айту шайтанның іші-
мізге салған бос уәсуәсалары.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 27
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ей,  ханым!  Молшылыққа  үйренуден  жаман  нәрсе  жоқ. 
Өйткені,  үйренген  нәрседен  айырылу,  қиын  болады.  Де-
несіне  табынған,  яғни  нәпсісінің  әр  қалауын  орындаған 
адамның жаны тәтті болып кетеді, уақыты келіп, тәслім ет-
кенде, қатты қиналады. Сен осыны түсініп, басыма келетін 
нәрсені қиындатпа!
Ей,  Ханым!  Жас  кезіңде  қанағатты  едің,  қартайдың 
тойымсыздығың  артты,  алтын  қалайсың.  Алайда,  сен 
бұрын  алтыннан  да  қымбат  едің.  Теңдесің,  ұқсасың  жоқ 
еді. Саған не болды, бұрынғы халіңнен айырылып, фәни де 
өткінші  нәрселерді  сұрай  бастадың?»  Әйелі  бұған  құлак, 
аспай, одан бетер ашуланды. Ол: «Ей, намыстан басқаны ой-
ламайтын  адам.  Сенің  жылтырақ  сөздеріңнен  жалықтым. 
Жағдайымызға  қарап,  ұял!  Маған  қанағат  туралы  ай-
тып,  тәкәппарланасың.  Осылай  қай  кезге  дейін  тұрамыз? 
Сен  қанағаттықпен  жаныңды  қашан  нұрландырдың?  Сен 
аштықтан  ұшып  жүрген  шегірткенің  тамырын  жаруға 
тырысып  жүргенде,  қайтіп  бай  ауқаттылармен  иық  тіре-
суге  тырысасың?  Маған  қорлықпен  қарама,  сенің  ішіңде 
не  барын,  қандай  жамандықтың  жатқандығын  айтпай-ақ 
қояйын.  Ғапыл  қасқыр  сияқты  шаппа!  Сен  сияқты,  адам-
ды ұятқа қалдыратын ақылға ие болғаннан ақылсыз болған 
артық» - деді. Күйеуі байыппен жауап қатты:
«Сен әйелсің бе, әлде уайым қапшығысың ба? Кедейлігіме 
мен мақтанамын. Бетіме баспа! Мал-мүлік пен ақша бастағы 
малақай сияқты. Малақайға жүгінген адам таз. Бай деген - 
құлағына дейін айыпқа батқан адам, малымен айыбын жа-
бады. Жоқшылық - сен түсінетін нәрсе емес. Пайғамбарлар 
мен әулиелердің нығмет деп түсінген пақырлығын төмен са-
нама! Осы жұпыны халіммен Раббыма жақынырак, болып, 
басқаша олжаға кенелемін. Аллаһ бетін ары қылсын, менің 
дүниеге  деген  қызығушылығым  жоқ.  Көңілімде  қанағат 
басым. Ей, әйел! Кейіме, ұрыспа! Оны тастамайтын болсаң 
тым болмаса мені таста! Менің ұрсысуға шамам жоқ. Соғыс 

- 28
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тұр  ғой  көңілім  бейбітшіліктен  де  қорқады.  Үндемегенің 
жақсы, егер сөйлей берсең, қазір үй-жайымды тастап, соқа 
басым кетіп қаламын!»
Әйел, күйеуінің осы ажырасу сөздеріне жылап, көз жа-
сына  булықты,  өкінішін  білдірді.  Менмендігін  тастап, 
жоқшылықтың жолына түсті де, күйеуіне өкінішпен:
«Мен әйел емес, сенің аяғыңның тозаңымын. Тәнім, жа-
ным, бар-жоғым бәрі сенікі. Сен үшін бір рет емес, әр сәтте 
сан мәрте өлемін. Сенің маған айтқан сөздеріңнен енді жан-
нан да тәннен де баз кешемін.
Неге айырылу туралы айтасың? Енді қарсы келіп, айыпта-
уды тастадым. Шын көңіліммен кешірім етінемін. Өйткені, 
сенің патшалық мінезіңді біле алмай, саған опасыздық ет-
кен екенмін. Бірақ, енді үлкен өкінішпен саған басымды ие-
мін. Қаласаң кес, қаласаң аяғыңмен тапта мені» - деді.
Одан кейін еңіреп жылады. Сол көз жасы жаңбырының 
арасынан бір найзағай ойнады. Сол найзағайдан теңдессіз, 
сенімді  бәдәуидің  көңіліне  шоқ  түсті.  Ақыры  бәдәуи, 
әйелінің  көз  жасына  шыдай  алмады,  айтқан  сөздеріне  де 
өкінді.
Оның  мейірімді  көңіліне  ұялаған  өкінішін  сезген  әйел 
күйеуіне былай деп ақыл айтты:
«Құмырамызда  жаңбырдың  суы  бар.  Мал-мүлкіміз 
де  осы.  Осы  ыдысты  алып,  патшалардың  Патшасының 
құзырына кір, сыйға тарт! Және былай де:
«Біздің  осыдан  басқа  ешбір  мал-мүлкіміз  жоқ,  шөлде 
осыдан  жақсы  нәрсе  болмайды.  Патшамыздың  қазынасы 
болғанымен, осындай суы жоқ. Бұндай су сирек болады».
Бишара  әйел  Бағдаттың  ортасынан  шәрбәт  сияқты 
Дижлә өзенінің ағып жатқанын қайдан білсін, құмырадағы 
суын сүйіп тұрды.
Күйеуі де мақтауға араласып:
«Мұндай  сыйлықты  кім  ұсынады?  Расында  біздің  бір 
құмыра жаңбыр суымыз тек патшапарға лайық!» - деді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 29
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бәдәуи  құмыраны  киізге  орап,  аузын  мықтап  жапты. 
Арқасына  салып,  Бағдатқа  жол  тартты.  Ыдысы  сынба-
сын,  ұрылардың  қолына  түспесін  деп,  күндіз-түні  көзінің 
қарашығындай  қорғады.  Күндер,  апталар  өтіп,  Бағдатқа 
келді.  Сұрай-сұрай,  Халифаның  сарайын  тапты.  Есікке 
жақындады. Сақшылар не қалайтындығын сұрады. Пақыр 
бәдәуи:
«Ей, құрметті жандар! Мен бишара бәдәуимін. Патшаның 
мейірімінен  үміттеніп,  шөлден  келдім.  Мына  сыйлықты 
оған  алып  барыңдар,  патшадан  сұраушының  қажеттілігін 
орындаңдар!  Тәтті,  дәмді  су.  Шөлде  жаңбыр  суларынан 
жиналған көлден алынған. Құмырам да тамаша, жап-жаңа» 
-  деді.
Халифаның  адамдары  бұл  пәк,  таза  жүректі  бәдәуиге 
алдымен  күлсе  де,  кейіннен  оның  осы  жақсы  ниетпен  без-
ендірілген  сыйлығын  шын  жүректен  қабыл  алды.  Бәдәуи 
сарайдың тура қасында гүрілдеп аққаң Дижләдан бейхабар, 
күтіп түрды.
Бәдәуидің су құйылған ыдысы Халифаға ұсынылғанда, 
бұған Халифа разы болып, бәдәуиді құзырына қабылдады. 
Оған  шапан  кигізіп,  көңілін  аулады.  Нөкерлеріне: 
«Құмыраны  алтынға  толтырып,  оған  беріңдер.  Қайтарда 
оны кемемен Дижлә жолынан апарыңдар. Ол шөл жолынан 
келген екен. Дижләнің жолы еліне төте. Осы жерден еліне 
қайтсын!» - деген әмір берді.
Бәдәуи кемеге мініп Дижләні көргенде таң-тамаша бол-
ды.  Негізгі  таңданғаны  осыншама  суы  мол  Дижлә  өзені 
тұрғанда Халифаның бір ыдыс шөлдің суын қабыл алуы еді. 
Аллаһқа шын жүректен шүкіршілік етті.
МӘСНӘУИ:
«Ей, ұлым! Бүкіл дүниені аузына дейін ілімге, сұлулыққа 
(әсемдікке)  толы  бір  ыдыс  деп  біл.  Бірақ,  осы  ілім  мен 
әсемдіктің  жарыққа  шығуы  затының  қажеттілігі  бо-

- 30
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
лып  саналатын  және  жарыққа  шықпауы  мүмкін  емес 
АллаһтыңДижләсінің бір тамшысы екендігін білгейсің. Ол 
жасырын  бір  қазына  еді.  Мағрифатына  сүйіспеншілікпен 
қарады.  Осылайша  ол  қазына,  өте  толы  болғандықтан 
жарылып,  өзін  жарыққа  шығарды.  Топырақты,  көктен 
де жарық (көркем) етті. Жасырын бір кдзына еді шабыт-
танды,  топырақгы  атлас  киген  сұлтанға  айналдырды. 
Әлгі  бәдәуи  Аллаһтың  Дижләсінің  бір  тамшысын  көрсе, 
шындығында  бір  теңіз  болған  сол  тамшының  алдында 
ыдысын лақтырып тастар еді».
Хикаяда  бәдәуи  -  ақылдың,  әйелі  болса  -  нәпсінің 
үлгісі.  Ақыл  мен  нәпсі  үнемі  күрес  халінде  болады.  Еке-
уі  де  топырақтан  жасалған  тәнде  тұрады.  Күндіз-түні 
тынымсыз  таласады.  Нәпсінің  үлгісі  болған  әйел  тәннің 
қажеттіліктерін  мақсат  етеді  яғни  абырой  сұрайды,  атақ 
сұрайды,  ілтипат  сұрайды,  киім  сұрайды,  дәмді  тағамдар 
сұрайды. Кей уақытта осы қажеттіліктерін жүзеге асыруға 
шара табу үшін топырақ сияқты қарапайымдылық таныта-
ды. Кейде бетін топыраққа үйкеп, өзін ашындырады, кейде 
тәкәппарланып, шыңға көтерілмек болады.
Ақылдың тәнге байланысты ойлардан хабары жоқ. Оның 
ойында  тек  Аллаһ  сүйіспеншілігі  мен  махаббаты  бар.  Ол 
сол  сүйіспеншіліктен  айырылып  қалармын  деп  қорқады, 
қайғырады.
Хикаядағы  Халифа  -  Рабтың  ілімінің  шексіз  Дижләсі. 
Дижлә өзеніне бір шелек жаңбыр суын алып барған бәдәуи 
бұл жағдайда кінәсіз.
Өйткені ол, Дижләні білмейтін. Шөлде Дижләдан өте ұзақ 
жерде тұратын. Дижләні білсе, ол ыдысты шөлде көтермей, 
бәлкім оны тасқа ұрып сындырар еді. Яғни 
ا�ُ��ُ�َ� ْنَأ  َ�ْ�َ� ا�ُ��ُ�
 
сырына қол жеткізу үшін өзінің нәпсі мен жүрегін тазартып 
өзінің ісін сынап (қадағалап) Дижләні білуге тырысушы еді.
Нәпсіні  көрсеткен  әйел  мен  ақылды  көрсеткен  бәдәуи 
нағыз  құндылық  пен  иләһи  ләззаттың  тән  ыдысындағы 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 31
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
парасаттылық  суында  болғандығын  білмейтін  еді.  Бұл  тек 
мағрифат дариясынан алынған несібеге байланысты мәселе. 
Екінші  жағынан  хикаядағы  «Халифа  есігі»  -  «Аллаһтың 
қүзырын» тәмсіл етеді.
Мүмин  қаншалықты  білімді,  парасатты,  бай  әрі 
құлшылыққа ие болса да, осы мүмкіндіктер мен қасиеттеріне 
алданбауы  және  сенбеуі  керек.  Осы  құндылықтардың 
барлығын  Раббысының  сыйы  деп  біліп,  жеке  істерінің 
(құлшылықтарының) да Дижләнің қасындағы бір шелек су 
екендігін үмытпағаны жөн.
Шөлдегі  бәдәуидің  мыңдаған  қиыншылықпен  шөлден 
жинап Халифаға ұсынған бір шелек суы, ол үшін өмір нәрі 
еді. Алайда, Дижләға құйылғанда жоқ болып кетті:
Адам 
баласының 
адами 
мүмкіндіктер 
арқылы 
шындығына  жетуге  тырысқан  иләһи  тәртіп  пен  олардан 
түсінері, олардың негізгі ақиқатының қасында Дижләнің бір 
тамшысы да болмайды. Хикаядағы айтылған су құйылған 
ыдыс  -  біздің  кішкентай  ғана  мағлұматтарымыз.  Біз  тек 
Аллаһтың шексіз Дижләсынан бейхабар болғанымыздан, өз 
мағлұматымызды өте кең, ауқымды деп ойлаймыз. Бұл бір 
құмырсқаның өзінің кішкентай ұясын немесе бір балықтың 
кішкентай  аквариумын  үлкен  бір  әлем  деп  ойлайтыны 
сияқты.
Адамның  ғапылдығының  салдарынан  өз  ергежейлілігі-
не қарамай, бейне бір дәудің айнасының өтірігіне алданып, 
тәмсілдегі  құмырсқа  мен  балықтың  жағдайына  ұшырауы, 
қандай үлкен алданушылық.
Тек "болмыс ыдысын" тасқа үрған Хақ ғашықтары, сол 
ыдысты сындыру арқылы оны одан да берік әрі кәміл халге 
айналдырады, бос, көлеңке жаратылыстардың құлдығынан 
қүтылады.
Сірә жаратылыс ыдысы сынған соң, ішіндегі суы сүзіліп, 
тұнып,  мелдір  болады  да,  рухқа  сәуле  шашады.  Яғни, 
сынған соң барып ерекше көріністер пайда болады.

- 32
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Расулуллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Раббым сені мадақтаймын, сен кемшіліктерден пәксің. 
Біз сені -саған лайық түрде тани алмадық» - деген.
Пәк үмметтің үлкен ғалымдары да әлсіздіктерін мойын-
даудан бас тартпаған. Бір күні Халифа Һарун Рашид Имам 
Әбу Юсуфтан бір мәселені сұрайды.
Имам Әбу Юсуф:
«Білмеймін» - деп жауап береді.
Халифаның көмекшісі Имам Әбу Юсуфқа:
«Айлығыңыз  бен  жалақыңыз  бола  тұра  білмеймін  дей-
сіз!» - дейді.
Сонда Имам Әбу Юсуф жауап ретінде:
«Менің  айлығым  біліміме  қарай.  Егер  надандығыма 
қарай  болса  қазына  жетпейтін  еді»  -  дейді.  Ғұлама  Имам 
Ғазали де:
«Білгендеріммен 
салыстырғанда 
білмейтіндерімді 
аяғымның  астына  қойсам,  басым  көкке  тиер  еді,»  -  деп 
әлсіздігін  мойындап,  қарапайымдылық  танытқан.  Бұл 
үлкен адамдар, білетіндерін емес, білмейтіндерінің көптігін 
мойындаудан бас тартпаған.
Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ілімнің 
пәлекет және сәлемет сатыларын былай баяндайды:
«Ілім  үш  қарыс.  Бірінші  қарысқа  жеткен  адам  (қол 
жеткізген  азғантай  мағлуматына  өзі  тәнті  болып) 
тәкәппарлық пен менмендікке салынады. Екінші қарысқа 
жеткен адам (иләһи құдірет пен салтанаттың алдында) 
таң  қалады.  Үшінші  қарысқа  жеткен  адам  болса  (Хақ 
Тағаланың шексіз ілімінің парқын түсініп, өзінің сол шек-
сіз ілімінің кдсында ештеме) білмейтіндігін түсінеді».
Адам баласының сүйенбекші болған амалдарына мән бе-
руі - Дижләнің қасында бір шелек су емес пе?
Аллаһ сақтасын, қою Бұлттың күн сәулесіне кедергі бо-
латындай жүрек шайтанға тап болған жағдайда, Рахманның 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 33
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
һидайәты ол жерге қалай жетер? Адам Дижләдан бейхабар 
болғандықтан үшін бір шелек суды теңіз деп ойлап, өз ойы-
на түншығып қалады.
Жүнейд  Бағдади  Хазіреті  мүз  сататын  бір  сатушыға 
жолығады.
Сатушы:
«Табысы  еріп  жатқан  адамға  жәрдем  беріңдер!»  -  деп 
айқайлады.
Жүнейд  Хазіреті  Бұл  сөзді  естігенде  есінен  танып 
құлайды. Дүниетабысын ақиреттабысына айналдырмайтын 
болсақ,  дүниедегі  қажыр-қайрат  шайтандармен  бөлісетін 
несібе  болып  қалады.  Нәтижесі  -  қайғы  мен  қасірет,  екі-
ніш. Шектен шыққан ысырап пен мейірімнің жоқшылығы 
-  дүниеде  басымыздың  бәлесі,  ақиретте  азап  қоры.  Өткен 
күндердің парақтары жабылған. Бұларды өзгерту мүмкіндігі 
жоқ. Келешек күндеріміз күмәнді.
Мүмкіндік осы сәт. Осы сәтіміздің маңдай терін өмір егі-
стігіне  дән  етіп  ексек,  иншаллаһ  ақиретіміздің  зәулім  са-
райы болады. Шәйх Сағдидің айтқаны сияқты.
«Жер беті - Рабтың әркімге ортақ дастарханы». Дүниеде 
«Рахман»  сипатының  көрінісі  ретінде  барлық  мақлүқатқа 
мол  ризық  беріледі.  Жегізеді,  ішкізеді,  кигізеді.  Дос  - 
дүшпан  бағынушы  -  бас  көтеруші  деп  бөлінбейді.  Аллаһ 
Тағаланың терең мархабаты барлық мақлүқатты қамтиды.
Тікен қапты кірпінің күшігін қүшағына алғызуды, тіпті 
кәпір де болса зүлымдыққа ұшыраған адамның қарғысының 
қабыл болуы осы ауқымды мархабаттың нәтижесі. Әлемдегі 
иләһи  өнер,  хикмет  пен  ғибрат  көріністері,  нәпсілік  пен 
төмен  сезімдер  және  іс-әрекеттермен  негізгі  жаратылысы 
бүзылмаған  адамды  пәктік,  тазалық,  сезімталдық  және 
қорқыныш (құдайдан) сияқты пәк сезімдерге бөлейді.
Арнайы дастархан "Рахим" сипатының көрінісі ақиретте 
болады. Бұдан тек мүминдер пайдалана алады.

- 34
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл арнайы дастарханда ең үлкен нәсіп «жәннат» және 
«рү'йәт-жәмәлүллаһ»,  яғни  Аллаһ  Тағаланы  толған  айды 
көргендей көру нығметі бар. Адам - барлық иләһи есімдердің 
кәміл  көрінісі  болғандықтан  үлкен  әлемнің  кішкентай 
үлгісі.  Оның  топырақтан  жасалған  түрі  -жаратылысының 
сыртқы  көрінісі.  Фәни  көрінісі.  Шынайы  жаратылысы  -
сырлар,  нұр  мен  иләһи  ақиқаттың  жасырын  қазынасы. 
Адамның қасиетті сипаты осы. Жаратылыс мақсатына сай 
мағрифат теңізінен нәсіп алуы осыған байланысты.
Көбелектің  жануға  бел  буып,  жарыққа  ынтықтығы 
сияқты, Халлаж Мансур да сыр теңізінің толқынында фәни 
жаратылысын жоқ етуге қадам басты. Иләһи көріністермен 
өзін  жағып  жіберді.  Рухы  өсіп,  фәйізге  толғанда,  нәпсісі 
әлсіреп, бітетін жеріне жетті. Өзіне өзі оғаш (бөтен) бола ба-
стады, одан қүтылуға тырысты. Көп, ауыр көріністерге шы-
дай алмады. Мастыққа бой алдырып:
«Достар, мені елтіріңдер! Өйткені менің мәңгілік өмірім 
өлімде» - деді.
Таспен  атылған  кезде  оны  жаралаған  жалғыз  нәрсе  - 
досының  оған  лақтырған  бір  қалампыры  болды.  Осындай 
дүниеуи көңіл мен жылы жүз оған ауыр тиді.
Басқаша  айтқанда,  Бұл  жағдай  фәни  жаратылыстың 
мәңгілік жаратылысқа ынтық болып, құлдың өлімсіздікке 
қауышуы.
Теңізге тамған тамшы болмысының суда жоқ болып кете-
тіні сияқты, теңізге шомылған адам да судан басқа ештеңе 
көрмейді.
Осы  мәртебеге  жеткендер  барлық  нәрсені,  тіпті  өзін  де 
Хақ  деп  біледі.  Бірақ  Бұл  ерекше  өткінші  бір  хал.  Ол  хал 
еткен соң «Хақ өзінше Хақ, заттар өзінше зат» болады.
Хадис шәрифте бұл халге мынадай мысал беріледі:
«Жер бетінде тірі жүрген өліні көргісі келген адам Әбу 
Бәкірге қарасын!»
Мархабат  пен  әділдікте  аты  аңызға  айналған  Хазіреті 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 35
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Омар (радиаллаһу анһу) Шамға бара жатқанда кезек құлына 
келгендіктен түйеге соны мінгізеді. Өзі қалаға жаяу кірді. 
Халық құлды халифа деп ойлады.
Хазіреті Омар қайтыс болған соң достары оны түстерінде 
көреді: «Раббымыз сені қалай қарсы алды?» - деп сұрағанда, 
Ол: «Әлхамдулиллаһ», «Рахман және Рахим Раббым бар» - 
деді.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Егер  пақырлық  жомарттықтың  айнасы  болса,  онда 
айнаның бетін Бұландырудың зиян екенін біл».
Яғни, пақыр мен ғаріпті қуу үшін ауыздан шыққан әрбір 
дауыс және дем оның көңілін ренжітеді. Беті бұланған айна 
сияқты жүрек бұланады. Мөлдірлігі мен тереңдігінен айы-
рылады. Жомарттығың нәтижесін көрсетпейді. Амалдарың 
мен  қайырларың  үнемі  көзіңе  үлкен  болып  көрінеді.  Біз-
ді  алдайды.  Бізді  ләззаттың  соңына  ертеді.  Дижлә  мен 
оның иесінен бейхабар болғанымыздан бір шелек су біздің 
көзімізге теңіздей болып керінеді.
Дүниеуи  сұраныстарымыз  бітпейді.  Қолымыздағы 
барлық нәрсені езіміздің табиғи хақымыз деп санаймыз. Біз-
ден бір нәрсе сұраса, ез мүлкімізден сұрап тұрғандай қалып 
танытамыз. Осының нәтижесінде аманат пен жомарттықтың 
пәк және тұнық айнасына дақ түседі.
Алайда Аллаһ Тағала аятта:
ْ�َ�ْ�َ� َ�َ� َ�ِ�� ���ا ���َا َو ْ�َ�ْ�َ� َ�َ� َ��ِ�َ�ْ�ا ���َ�َ�
«Жетімді  қорлаушы  болма!  Пақырды  да  қума  (яжи 
алақан жайып сұрауға мәжбүр болған кедейді қорлап, бос 
қайтарма)!» - 
(Дұха, 9-10)
 деп бұйырады.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) тағы бір шумағында:
«Сұлулар  түнық,  мөлдір  айна  іздейтіні  сиякты, 
жомәрттық  та  пақыр  және  зағип  адамдарды  іздейді. 
Сұлулардың  бейнесі  айнада  сұлу  көрінеді,  нығметтер 

- 36
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мен  жаксылықтың  әсемдігі  де  пақыр  және  ғаріптер 
арқылы белһлі болады,» - дейді.
Сұлулар сұлулығы мен денесін тамашалау үшін айнаның 
тұтқынында  болады.  Тіпті,  арты  көлеңке  әйнектерге  де 
өздерін көру үшін қарап өтеді. Рухани және негізгі сүлулық 
болып  саналатын  жомарттық  та  өзін  бишаралардың, 
пақырлардың көңіл айнасынан тамашалайды.
Және де Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Олай  болса,  пақырлар  -  иләһи  мархабаттың,  Рабба-
ни  жомарттықгың  айнасы.  Хақпен  бірге  болғандар  және 
Хақжолында жанын салғандар үнемі жомарт болады».
Хазіреті  Жәбирдің  риуаяты  бойынша  Тәфсири  Хазинде 
былай делінеді:
«Кішкентай бір бала Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  құзырына  келді.  Анасының  бір  көйлек 
сұрағанын жеткізді.
Сол кезде Расулұллаһтың (оаллаллаһу алейһи уәсәлләм) 
үстіне киіп жүргенінен басқа көйлегі жоқ еді. Балаға басқа 
кезде  кел  деді.  Бала  кетіп  қалды.  Қайта  келіп,  анасының 
Хазіреті  Пайғамбардың  киіп  жүрген  көйлегін  сұрағанын 
айтты.  Сонда  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм), өз бөлмесіне кіріп, үстіндегі көйлегін шешіп балаға 
үсынды.
Сол кезде Біләл (радиаллаһу анһу) намаз уақыты кірген-
діктен азан шақыра бастады. Бірақ, Расулүллаһ (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) үстіне киетін ештеме таба алмағандықтан 
жамағатқа бара алмады. Кейбір сахабалар не болғанын біл-
мек  болып  келіп,  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) кейлексіз екендігін көрді.
Байлық - аманат. Оның бақыты мен ләззатына жету, тек 
қана  пақырлардың  ауыртпалығын  сезініп,  жүрегімізден 
оларға мейірім мен мархабат терезесін ашу арқылы мүмкін 
болады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 37
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Мейірім мен мархабатта күн сияқты бол! Басқалардың 
айыбын жасыруда түн сиякгы бол! Жомарттыкта ағын су 
сияқты бол!»
Ашу мен ызада өлі сияқгы бол!
Кішіпейілділік  пен  қарапайымдылыққа  топырақ 
сияқты бол!
Болғанфңдай көрін, Көнінгеніңдей бол!»
Адам  өзін  қалай  көрсетсе  де,  оның  көңіл  ыдысында  не 
болса,  сыртқа  сол  тегілетіндігін  ұмытпаған  жөн.  Өйткені, 
қаншама ғашықтық пен махаббат отына жанғанын айтқан 
ыдыстар бар, нәтижесінде ғапылдықтың суы болып аққан. 
Сол сияқты қаншама өмір нәрі туралы айтқандар, одан бір 
тамшы  жұта  алмаған,  жұтқыза  да  алмаған.  Ал,  керісін-
ше,  қаншама  қарапайымдылыққа  жасырынып,  сырттан 
қарағанда бос ыдыс сияқты көрінген қас құлдар, көңіліндегі 
бір  тамшының  ішінде  түпсіз-шексіз  мұхит  болған,  Аллаһ 
оларды  өртеніп,  шөлдеген  ғашықтарға  бір  кәусар  суы 
сияқты усынған.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет