Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Ей  иман  етушілер!  Дауыстарыңды  пайғамбардың  да-



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Ей  иман  етушілер!  Дауыстарыңды  пайғамбардың  да-
уысынан  көтермеңдер.  Бір-бірлеріңе  айғайлаған  сияқты, 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 65
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбармен  дауыстап  сөйлеспеңдер,  әйтпесе  сендер 
парқына бара алмай, амалдарың босқа кетер». (Хұжурат, 2)
Сондай-ақ  Имам  Мәлік  Хазіреті  өзіне  зұлымдық  еткен 
Мәдина әкімін кешірген:
«Махшарда Расулұллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
немере болатын адаммен соттасудан ұяламын» - деген.
Ұстаз  Әсад  Әрбили  Хазіреті  Расулұллаһқа  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) деген ғашықтық отына өртенгендігін та-
маша түрде баяндайды:
Мұнша отпен ғашық шейітті жуындыру мүмкін бе? Тән 
от, кебін от, әрі тәтті су да от.
Азербайжан шайыры Фузули мәшһүр «Су қасидасында» 
ғашықтық халін қандай тамаша баяндайды:
Ей, көз! Көңілімдегі отқа су құйма
Осынша алаулаған откд судан пайда жоқ.
(Ей көз! (Аллаһтың үлық Пайғамбарының махаббатымен) 
көңілімде  (алаулаған)  отқа  көз  жасы  суын  төкпе!  Өйткені 
Бұл  шексіз  (ғашықтық  қызуымен)  алаулаған  отқа  су  қүю 
шара емес. (Бұл ғашықтық оты бәрі бір сөнбейді!)
I.  Ахмед  Хан  Расулұллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  аяқ  киімінің  макетін  жасатып,  сәлдесінің  (тәж) 
үстіне іліп қойып, еске алудан фәйз алуға тырысып:
Тәжім сияқты басымда алып жүрсем қайтеді,
Пәк  аяқ  киімін  сол  Хазіреті  Шах  Пайғамбардың  деп 
жырлаған.
Жаһан  патшасы  Явуз  Сұлтан  Селим  Хан  өзін 
Расулуллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ақиқатына 
жеткізетін  әулиені  дүниедегі  бәрінен  де  ең  жоғары  деп  са-
нап:
Әлемнің патшасы болу бос төбелес екен,
Бір әулиеге пенде болу бәрінен жоғары екен, - деп, Аллаһ 
пен Расулұллаһ досына жақын болудың маңыздылығы мен 
ынтасын білдірген.

- 66
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә бұл жайында былай дейді:
«Махаббат  лай  суды  тұндырады.  Шынайы  махаббат  өлі 
жүректерді тірілтеді, патшаларды да құл етеді!»
Алпыс  үш  жасында  өзіне  қабір  сияқты  жер  қаздырып, 
өмірі мен құлшылығын сол жерде жалғастырып:
«Мен  осы  жастан  кейін  жер  бетінде  өмір  сүре  алмай-
мын!» - деген, үлкен ғашықтық қаһарманы Қожа Ахмед Яс-
сауи, осы ұқсастық жолында аңызға айналғандардың бірі. 
Өмір сүрген жері оның қүрметіне «Хазіреті Түркістан» деп 
аталған.
Уәйсал  Қарани  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  Ұхуд  соғысында  бір  тісі  сынғандығын 
естігенде,  қайсысы  сынғандығын  білмегені  үшін  барлық 
тісі  өзіне  оғаш  болып  көрінді.  Бәрін  жұлдырып,  ұқсастық 
сырын бұзатын сол беймәлім тістің ауырлығынан құтылып, 
барып жай тапты.
Ұхуд  соғысында  Динарүлдары  тайпасынан  бір  әйелдің 
күйеуі,  інісі  және  әкесі  шейіт  болды.  Үшеуінің  де  шейіт 
болғанын естірткенде:
«Сендер маған Расулұллаһты көрсетіңдер. Соны көрейін» 
-  деді.  Оған  Расулұллаһты  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
көрсеткенде:
«Уа,  Расулаллаһ!  Сен  аман  болсаң  маған  басқа  пәлекет 
ештеме емес» - деді.
Өте қайғылы өмір сүріп, кейін мүсылман болып, Аллаһ 
пен  Расулына  деген  махаббатпен  тыныштыққа  жеткен 
Ханса  Хатунға  Қадисия  соғысында  төрт  ұлының  шей-
іт  болғандығын  естірткенде  ол  үлкен  бір  иман  кемелдігін 
көрсетіп:
«Исламның  жеңісі  үшін  төрт  ұлым  да  пида!»  -  деп  төрт 
шейітке ана болу қуанышымен Аллаһқа шүкіршілік етті.
Бәзми әлем Уалидә Сұлтан:
Махаббаттан Мұхаммед болды пайда,
Мұхаммедсіз махаббаттан не пайда?

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 67
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
деп,  рухтың  қорегі  тек  Расулұллаһтың  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) махаббатында ғана екендігін қандай та-
маша айтқан.
Марк,үм үстазым Яман Дәдә дәрісте Мәснәуи жолдары-
на түсініктеме берген кезде тұнық қауыз сияқты кезінің ая-
сынан тамшыларын тамызып:
Көңіл шабытыңа боялып құлазыды Уа, Расулаллаһ!
Бұл жырақтыққа қалай шыдағам Уа, Расулаллаһ!
Жырақтық жылайды, қауышу жылайды,
әзелде куанышың болмаса,
Жамалыңмен рахатка бөле, жандым Уа, Расулаллаһ! де-
генде түңғиық, айлы түн сияқты дидары жарык, шашушы 
еді.
Тарих  бойынша  пайғамбарлар  мен  әулиелер  имани 
кемелдіктердің  шыңына  жеткізетін,  жаратылыстағы 
қасиетті  сезімдерді  кемелдендіретін  шырақ  қызметін 
атқарған.
Жеке адамдар осы кемелдікке, рухи жақындық пен Хақ 
достарымен бірлесудің нәтижесінде қол жеткізіп, өлместік 
сырының  иләһи  қаламмен  жазылған  куәлігіне  (құжат)  ие 
болады.
Адамның Расулұллаһпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), 
соған  жеткізген  Аллаһ  досымен  бірдей  болуы  Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен оның досының жүрегінен 
және  кеңіл  әлемінен  нәсіп  ала  білуі  езін  Оған  арна  етумен 
мүмкін болады.
Расулұллаһты (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз бойын-
да ең көп сезінген және Мұхаммеди ақиқатқа қол жеткізген 
Әбу  Бәкір  (радиаллаһу  анһу)  болды.  Осы  махаббат  өртінің 
ішінде  кеудесінен  шыққан,  қуырылған  бауыр  иісімен 
өмір  сүрді.  Өйткені  Ол  Расулұллаһта  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм) бірдей болу халін ең тамаша түрде сезініп, емір 
сүрген еді. Имам Бұхари былай дейді:

- 68
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Әбу  Бәкір  Сыддық  Хазіреті  Аллаһ  Расулының 
руханилық тұрғысынан әжетханада да көз алдына елестеу-
ден шағымданды. Яғни, Әбу Бәкір жуыну-тазалану орнын-
да да Аллаһ Расулының мүбәрәк түрі мен рухани бейнесінен 
айырыла алмағандығын өзіне жеткізді».
Сол  кезде  төсек  тартып  жатқан  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  осы 
халіне қарап:
«Барлық есіктерді жабыңцар, тек Әбу Бәкірдікі қалсын!» 
деген.
Бұл хадис - бірінен-біріне болатын рухани ағымды қандай 
тамаша көрсетеді.
Хаже  (қожа)  Ұбәйдұллаһ  Ахрарды  қатты  үсік  шалады. 
Қатты  дірілдеп,  от  жағып  жылытуға  тырысады.  Сол  сәтте 
өзімен  бірдей  болу  сезіміне  жеткен  бір  мүриді,  суық  суға 
толы  шұңқырға  түсіп  кеткендей  дірілдеп,  есіктен  кіре-
ді.  Дереу  оны  құрғатып,  жылытады.  Ол  жылынған  кезде 
Ұбәйдұллаһ Ахрар Хазіретінің дірілдегені де аяқталады.
Бәязид  Бистами  иләһи  махаббатқа  берілетіндігі 
соншалық, жаратушы себепті жаратылғандардың әрбірінің 
ауыртпалығын жүрегімен сезіп, қиналатын.
Бір  күн  адамдар  көз  алдында  бір  есекті  сабағаны 
соншалық,  жануардың  арқасынан  қан  саулады.  Сол  сәтте 
Бәязид Бистами Хазіретінің балтырынан да қан шыға бас-
тады.
Бұлбұл  сайраған  кезде  қарсы  таудан  басқа  дауыс 
шықпайды. Достығымыз қаншалықты  болса, соншалыкты 
жақын боламыз.
Хазіреті Әлиге (радиаллаһу анһу) бір адам оны өте жақсы 
көретіндігін айтады. Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу):
«Дұрыс! Мен оны қалай сүйсем, ол да мені соншалықты 
сүйеді» - деді.
Яғни, рухтағы бірдей болу физикалық бірігу мысалынан 
өзгеше емес. Бұл рабыта (байланыс) арқылы болады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 69
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Тасаввуфта рабыта махаббаттың белсенді ұстанылуы бо-
лып  табылады.  Бұл  махаббат  Аллаһ  Тағала,  Расулы  және 
салих құлдарға тән. Имам Ғазали намаздағы «әт-тахиятты» 
осы махаббат байланысына мысал ретінде келтіреді. Намаз-
да жүрек тыныштығының шарт екендігін айта отырып:
«Алғашқы және соңғы отырыста 
ِ�ا ُ�َ� ْ�َر َو ��ِ����ا �َ���َا
 де-
ген кезде
Хазіреті  Пайғамбарды  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
жүрек көзімен елестету керек!» - дейді.
Расында да намаздағы «әт-тахият» махаббаттан пайдала-
нуды қандай жақсы көрсетеді.
Намаз  оқитын  мүмин,  «әт-тахияттың»  руханияты-
нан  нәсіп  алуға  тырысуы  керек.  Әт-тахияттың  алғашқы 
сөйлемі:
ُت�َ�ِّ����ا َو ُةَ�َ� ���ا َو ِ�ِ ُت��� ِ����َا
«Әр түрлі тағзым, құрмет, сұлулықтар, мадақтаулар, 
салауат  сияқты  сөзбен  және  осылармен  қатар  тәнмен 
және  де  малмен  жасалатын  ғибадаттар  -  Хақ  Тағалаға 
тән»  сөзі,  Расулұллаһтың  (саплаллаһу  алейһи  уәсәлләм) 
Миғраж  түнінде  Хақ  Тағала  Хазіретіне  жасаған  мадағы, 
мақтауы мен тағзымы. Бұл мүбәрәк сөздер Аллаһ Тағаланың 
миғражда:  «Ей,  Расулым,  менімен  сейлес!»  деген  сөзінен 
кейін Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
пәк жүрегіне аян еткен сездері.
Екінші сөйлемі:
ُ�ُ��َ�َ�َ� َو ِ�ا ُ�َ� ْ�َر َو ��ِ����ا �َ���َا َ�ْ�َ�َ� ُمَ� ���َا
«Ей,  Пайғамбар!  Дүние  мен  ақиретте  сәлем  және 
Аллаһтың рахметі мен берекеті саған!» деген сезі де Аллаһ 
Тағаланың  Расулына  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  деген 
ілтипаты, яғни арнайы сәлемі мен сыйы.
Үшінші сөйлемі:

- 70
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

�� ِ�ِ�� ���ا ِ�ا ِد�َ�ِ� �َ�َ� َو �َ�ْ�َ�َ� ُمَ����َا
«Сәлем  бізге  және  салих  құлдарыңа!»  сөзі  болса,  Хазі-
реті  Пайғамбардың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Аллаһ 
Тағаланың  сәлеміне  жауабы.  Бұл  жерде  Аллаһ  Расулы 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сәлемге  терең  мейірімі  мен 
мархабаты бойынша үмбеттің салихтарын да қосқан.
Осы тамаша әңгімеге куә болып, қайран қалған Жәбірейл 
(аләйһиссәләм) былай деп куәлік еткен:
ُ�ُ�� ُ�َر َو ُهُ�ْ�َ� اً��� َ�ُ� �نَا ُ�َ� ْ�َا َو ُ�ا ��ِا َ�َ�ِا َ� ْنَا ُ�َ� ْ�َا
«Аллаһтан  басқа  тәңір  жоқтығына  және  Хазіре-
ті  Мұхаммед  Мұстафа  -  Аллаһтың  құлы  және  Расулы 
болғандығына куәлік етемін».
Осы  куәлік  тәухид  пен  құлшылықтың  қандай  үлкен 
мәртебе екендігін жеткізумен қатар, Хазіреті Пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аты айтылған кезде салауат 
айтудың қажеттілігін де білдіреді.
Қысқасы, Аллаһ (жәллә жәләлуһу), Хазіреті Пайғамбар 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  және  Жәбірейлдің 
(аләйһиссәләм)  мүбәрәк  сөздерінен  тұратын  "әт-тахият" 
дұғасы  -  Мұхаммед  үмметі  үшін  иләһи  берекет  пен  сый, 
сонымен  қатар  бір  ілтипат.  Сондықтан  бұл  дұғаны  оқыған 
кезде  оның  руханиятынан  жүрегіміздің  кемелдігіне  қарай 
нәсіп  аламыз.  Яғни  құл  ғапылдық  жасамай,  осындағы 
сөздерді,  Аллаһқа  тағзымға  толы  кеңілмен  Хазіреті 
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен Жәбірейлдің 
(аләйһиссәләм)  руханиятына  оранып,  өз  тарапынан  Аллаһ 
Тағалаға  ұсынуы  керек,  осылайша  «Намаз  -  мүминнің 
миғражы!» деген хадистің сырын түсінуге тырысуы қажет.
Осы орайда мынаны да айта кеткен жөн. Намазда басы-
нан-соңына дейін ынта мен тыныштықты сақтау - тек үлкен 
әулиелердің өзінің кейде әрең шамасы келетін мәселелердің 
бірі. Ынта намаздың қай рүкунында болса да, намаз оқыган 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 71
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
адам үшін сол дәрежеде қабыл болу үміті күмәнсіз боларын 
білген  жөн.  Сондықтан  намаз  оқитын  адамдар  ынта  үшін 
мүмкіндігінше  тыныштыққа  көңіл  бөлуі  керек.  Әйтпесе, 
Аллаһ Тағаланың сөзі өте ауыр:
«Сол намаз оқығандарға нендей өкініш, олар намазына 
немқұрайды қарайды». (Мағун, 4-5)
Өйткені  нағыз  намаз  -  ынтамен  оқылған  намаз.  Аят 
кәримәда былай делінеді:
«(Тек  қана)  намаздарын  ынтамен  (беріліп)  оқыған 
мүминдер, расында құтылады». (Мүминун, 1-2)
Тіпті  бұл  ынта  мүминнің  барлық  өмірін  қамтиды.  Сол 
үшін  Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  «Олар  намазда-
рында бір қалыпта!» (Мәариж, 23) аятын:
«Намаздан кейінгі халдың да намаздағы сияқты болуы» 
түрінде тәпсірлейді.
Осы халге жету үшін, шынайы әрі терең көңіл байланы-
сымен  Аллаһ  Расулының  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
пәк ахлағын бойына сіңіріп, Онымен рухани тұрғыда бірдей 
болу шарт.
Әлбетте,  адам  Расулұллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  алдында,  иләһи  қорқыныш  мен  пәк  сезімдерді  се-
зініп,  рухын  сыртқы  дүниеге  тән  барлық  кедергілерден 
тазартқан кезінде, сонымен бірдей болу жолында деген сөз. 
Тура жолын бекемдей түспек.
Оны  толық  мағынада  ешкім  танымдай  алған  жоқ.  Жа-
ратылысын  тани  алған  жоқ.  Жәбірейл  (аләйһиссәләм)  де 
сидрә-и мүнтеһада (ғарыштың шегінде):
«Мен шекарама жеттім. Сен жалғастыр!» - деді.
Әрбір  сахаба  ез  қабілетіне  қарай  Расулұллаһты 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сезінетін. Оны өз ынтасының 
терезесінен оны көретін.
Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә):
«Расулұллаһтың  жүзі  жарқырап  нүр  шашатыны 
соншапық, толған айдан да жарық болатын. Қараңғы кезде 
инені соның жарығында сабақтайтын едім» - дейді.

- 72
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә:
«Екі дүние бір көңіл үшін жаратылған. "Сен болмағанда, 
сен болмағанда, Бұл әлемді жаратпайтын едім!" хадисінің 
мағынасына көңіл бөл!» - дейді.
Уа, Раббым! Бізді, көңілі иләһи хикметке толы шынайы 
мүмин  қылып  екі  дүниеде  де  шынайы  құлдарыңмен  бірге 
қыл!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 73
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ЛӘЙЛӘНІҢ АУМАҒЫНЫҢ САҚШЫСЫ
«Мәжнүн емес болсаң үніңді шығарма! Сон-
дай ғашықгыққа жетпеген адам үшін Ләйлә 
тек бір тән ғана!»
Хазіреті Мәуләнә
Ләйләсына жету үшін және оған ғашықтығынан сахара 
кезген  Мәжнүн  сілекейі  ағып,  жүні  түскен  бір  итті  сипап, 
оның көздерінен сүйді. Бұл жайтқа куә болған біреу шыдай 
алмай, Мәжнүнға айғайлап:
«Ей,  шикі  Мәжнүн!  Бұл  істеген  ісің  не?  Бұл  жануарды 
неге соншалықты құшақтап, сүйесің?»
Мәжнүн былай деп жауап берді:
«Сен бастан-аяқ бір тән, көрініс, түр ғана болсаң, менің 
істегенімнен  не  түсінесің?!  Ішке  кір,  яғни,  рух  әлеміне 
сүңгіп оған менің көзіммен қара!
Бұл  иттің  қандай  қасиеті  бар  білесің  бе?!  Бұл  итте  сен 
шеше  алмайтын  бір  иләһи  сыр  бар,  Аллаһ  оның  көңіліне 
иесіне  деген  сүйіспеншілігі  мен  адалдықтың  қазынасын 
жасырған. Әрі қарасаңшы, осыншама ауылдардың арасын-
да Ләйләнің ауылын мекендеп, сол ауылға сақшы болған!..
Ит деп менсінбейсің, ал сен оның көмегіне қара. Ол менің 
жан дүниемнің мүбәрәк жүзді Қытмиры. Менің қуанышым 
мен қайғымның ортақтасы. Мұның бір тал жүнін арыстанға 
да айырбастамаймын. Көңіліне, жанына, парасатына назар 
салсаң, оның қасиеттерін көресің! Ләйләнің ауылын мекен 
еткен иттің аяғының басқан ізінің өзі мен үшін қымбат».
МӘСНӘУИ:
«Ей  достар,  түр  мен  көріністі  тастап,  нәпсіқұмар-
лықтан  тазарып  рухани  әлемге  кірсеңдер,  ол  жердің 

- 74
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жәннат пен гүл бақшасының ішінде басқаша бір гүл бағы 
болғандығын көресіндер».
«Ей  дәруіш!  Өз  бейнеңді,  күмәнға,  уәсуәсаға  және 
тәкәппарлыққа  толы  мендігіңді  жойсаң,  яғни  барлық 
пұттардың атасы болған өз нәпсіңе табынудан құгылсаң, 
ішіндегі барлық пұттарды сындыруды үйренесің».
«Осыдан  кейін,  барлық  бейне,  барлық  пұт  атаулыны 
сындырып,  Хазіреті  Хайдар  сияқты
(Хайдар  -    Хазіреті  Әлидің 
лақаб аты)
 Хайдар қамалының есігін жұлып аласың. Хазіре-
ті Ибраһим сияқты отты гүлстанға айналдырасың».
Мәснәуиде басқа Ләйлә хикаясы:
Сол кездің патшасы Ләйләні көріп, таңқалады:
«Мәжнүннің аянышты халге түсуіне себеп болған Ләйлә 
сенсің бе? Сенің басқалардан ерекшелігің жоқ қойі» - дейді.
Ләйлә былай деп жауап береді:
«Сен Мәжнүн емессің, сондықган сәйлеуге хақың жоқ!»
Сырттай қарағанда Ләйлә басқалардан артық сұлу емес 
еді.  Соның  жолында  Қайстың  Мэжнүн  болуы  оның  ішкі 
сұлулығын кергендігінен еді. Халифа Ләйләға Мәжнүннің 
көзімен  қарай  алмағандықтан  ондағы  махаббаттың  сырын 
кере  алмады.  Өйткені,  оны  кәру  үшін  Ләйләнің  сыртқы 
сүлулығына  қараушы  көзді  жұмып,  керісінше  оның  ішкі 
жан дүниесіндегі иләһи сұлулыққа қараушы көзі ашық бо-
луы керек еді.
Екінші  жағыкан  бұл  ақиқатты  білмеген  халық  та 
Мәжнүннің халіне аяушылықпен қарап:
«Ей  Мәжнүн,  енді  Ләйләдан  бас  тарт,  одан  да  сұлулар 
бар!» - десті. Сонда Мәжнүн былай деп жауап берді:
«Материалдық  тән,  көрініс,  бейнеміз  бір  ыдыс  сияқты. 
Сұлулық ішіндегі иләһи шәрбет. Аллаһ Тағала маған осы 
шәрбатты Ләйләның ыдысынан беретіндігін білгейсіндер.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 75
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сендер ыдыстың сыртына қарайсыңцар, бірақ ішіндегі-
ден бейхабарсыңдар! Өйткені оның ішіндегі иләһи сұлулық 
шәрбетін  руханияттан  нәсіпсіздөр  көре  алмайды.  Оның 
ішіндегі сұлулық, ары таза, пәк әйелдер сияқты күйеуінен 
басқаға қарамайды да, көрінбейді».
Сол  үшін  Шәйх  Сағди  (құддисә  сирруһ):  «Ләйләның 
сүлулығына Мәжнүннің көзімен қарау керек» - дейді.
Мәжнүн  қаншалықты  жынды  деген  сөз  болса  да,  ол 
-  иләһи  ғашықтықта  фәни  болған  нағыз  ақылды  адам. 
Өйткені,  қаншама  зерек  деген  адамдардың  өздері  жақсы 
мен  жаманды  бір-бірінен  ажыратуға  шамалары  жетпеген. 
Олардың тапқандары - екі дүниенің бақытсыздығы. Сол се-
бепті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Ғашықтың  ақылдысын  жынды  деме!  Рухпен  бір  шек-
пен  жамылган  адамды  өтірікші  деме!  Түбі  мен  шегі  жоқ 
мұхитты кесе деме! Ол өзінің атын біледі!»
Мұңлы  Юнустың  көңілін  өртеген  иләһи  ғашықтықтың 
шыңында айтқан сөздері, ғашықтықтағы Мәжнүн болу ха-
лін мынандай тамаша көрсетеді:
Мен жүрмін күйіп - жанып,
Ғашықтық тұла бойымды жаулады.
Ақылды да емес, диуана да,
Кел көр маған ғашықтық не істеді?
Кейде жел боп есемін,
Кейде жол боп тозамын,
Кейде селдей тасимын,
Кел көр, маған ғашықтық не істеді?
Мәснәуиде айтылған Ләйлә туралы хикаялар тек балама 
екендігін  білу  керек.  Ләйлә  -  иләһи  ғашықтықтың  үлгісі, 
иләһи махаббаттың көкжиегі.
Ләйләны  көріп  оның  шынайы  болмысына  куә  болу, 
сенің де Мәжнүн сияқты шынайы ғашық болуыңа байланы-
сты. Әйтпесе, тек түр мен бейнеден басқа ештеңе емес. Сол 
ғашықтыққа жетпеген адам үшін Ләйлә, бір тән ғана.

- 76
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә бұл ақиқатты былай баяндайды:
«Әрбір нышет пен мехнат кейбіреуге жәһәннам, кейбіре-
уге жәннат болып көрінеді».
«Көзге  көрінетін  барлықжаратылыста:  адам  болсын, 
хайуан  болсын,  өсімдік  болсын,  жансыз  болсын  -  барлық 
нәрседе қоректе бар, у да бар. Бірақ барлық адам мұны көре 
алмайды!»
«Ыдыс  көзге  көрінеді.  Бірақ  ішіндегі  сұйықтық  жасы-
рын, оның дәмін тек татқан біледі».
«Юсуфтың сырт болмысы шыны аяқ сияқты еді. Әкесі 
сол ыдыстан қуаныш сыйлайтын махаббатты ішкен сай-
ын масайрайтын. Бауырлары Бұл аяқтан у ішіп, Юсуфқа 
деген ашу-ызалары артатын».
«Зілиха  Юсуф  ыдысынан  басқаша  сұйықтық  ішіп, 
дүниеуи ғашықтықпен басқаша есінен айырылды».
«Көрініс  ыдысының  ішіндегі  махаббат  шәрбеті,  «Зы-
лиха  Юсуф  ыдысынан  басқаша  сүйықтық  ішіп,  дүниеуи 
ғашықтықпен басқаша есінен айырылды». ғайып әлемінен 
келеді. Ыдыс осы дүниенікі. Ыдыс көрінеді, ішіндегісі - жа-
сырын, бірақ, тек иесіне ғана аян».
«Осы тамаша рухани шәрбет, иләһи ғашықтық махаб-
бат пен сырлардан нәсібі жоқтарға дәмін сездірмейді. Жүрегі 
бүзақылық пен құмарлыққа толы адамдар мүндай рухани 
сырға қол жеткізе алмайды. Бірақ Бұл сыр ғашықтықты 
білетін және үстанғандар үшін толған айдай анық».
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) Хазіреті Ибраһимді дос еткенде 
періштелер:
«Ей,  Раббымыз!  Ибраһим  саған  қалай  дос  бола  алады? 
Нәпсісі,  мал-мүлкі  және  баласы  бар.  Жүрегі  осыларға 
бұрылып түрады...» - деді. Соның артынан мына ғибратты 
көріністер мен Хазіреті Ибраһимнің ауыр емтиханына куә 
болды:
Хазіреті  Ибраһим  (аләйһиссәләм),  зақпынмен  отқа 
лақтырылатын  кезде  періштелер  сасқалақтады.  Кейбіре-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 77
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
уі  Аллаһ  Тағаладан  Хазіреті  Ибраһимге  көмектесу  үшін 
рұқсат сұрады. Періштелер Хазіреті Ибраһимнен бір нәрсе 
қажет пе деп сұрағанда, Ибраһим (аләйһиссәләм).
«Дос  пен  достың  арасына  кірмеңдер!»  -  деді.  Кейін 
Жәбірейл  (аләйһиссәләм)  келіп:  «Менің  қажетім  бар  ма?» 
- деп сұрады. Ибраһим (аләйһиссәләм):
«Сенің қажетің жоқ. Ол маған көмекке жеткілікті қандай 
жақсы өкіл!» - деді.
Сондай-ақ  Халилұллаһтың  осы  сенімі  және  тек  Хақ 
Тағалаға тәуекелі үшін, ол отқа түспей тұрып Аллаһ Тағала 
отқа әмір етті:
َ��ِ�اَ�ْ�ِا �َ�َ� �ً�َ� َ� َو اًدْ�َ� �ِ��ُ� ُر�َ� �َ�
«Ей от, Ибраһимге салқын және сәлеметті бол!» (Әнбия, 
69)
Осы  әмірмен  бірге  Ибраһимнің  (аләйһиссәләм)  түскен 
жері  бір  сәтте  гүлстанға  айналады.  Сол  жерде  бір  бұлақ 
қайнап аға бастады.
Хазіреті Ибраһим (аләйһиссәләм) Аллаһқа берген антын 
орындау  үшін  ұлы  Хазіреті  Исмайлды  құрбан  етуге  алып 
бара жатқанда періштелер тағы да шарқ ұрып:
«Бір  пайғамбар  бір  пайғамбарды  құрбан  етуге  алып 
бара жатыр!» - деді. Исмайл (аләйһиссәләм), әкесі Хазіреті 
Ибраһимге:
«Ей, әкетайым! Әмір етілген істі орында! Иншааллаһ мен 
сабыр етермін. Пышағыңды жақсылап қайра; дереу кесетін 
болсын; жан беру оңай болады... Пышақты тартқан кезде бе-
тіме қарама! Бәлкім, әкелік мейіріміңмен кешіктірерсің... 
Мен  өз  қолыңмен  құрбан  еткен  балаңның  қайғы-қасіретін 
емір бойы ұмыта алмассың деп уайымдаймын» - деді.
Әке  мен  бала,  мойынсұнудың  теңізінде  жүзіп  жүргенде 
көмекке Жәбірейл (аләйһиссәләм) келді. Пышақтың жүзін 
қайтарды. Жәннаттан қошқар түсірді.

- 78
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағала Хазіреті Ибраһимге сансыз қой отарларын 
берді. Жәбірейл (аләйһиссәләм) адам бейнесінде келіп:
«Бұл отарлар кімдікі? Маған бір отарын сатамысың?» - 
деп сұрады.
Ибраһим (аләйһиссәләм):
«Бұл  отарлар  Раббымдікі.  Қазір  менің  қолымда  аманат 
қана. Бір рет зікір етсең үштен бірін, ал үш рет зікір етсең 
бәрін алып кет!» - деді.
Жәбірейл (аләйһиссәләм):
ِحو���ا َو ِ� َ�ِ�َ�َ�ْ�ا �بَر َو �َ���َر ٌس��ُ� ٌح��� ُ�
 - деді.
Ибраһим (аләйһиссәләм) де:
«Бәрін ал! Сенікі, алып кет!» - деді.
Жәбірейл (аләйһиссәләм):
«Мен адам емес, періштемін, ала алмаймын» - деді.
Ибраһим (аләйһиссәләм):
«Сен періште болсаң, мен де Халилмін (Аллаһтың досы-
мын) бергенімді кері алмаймын,» - деді.
Ақыры  Ибраһим  (аләйһиссәләм)  отардың  бәрін  сатып, 
мүлік алып, қорға (қайырымдылық) берді.
Ибраһим  (аләйһиссәләм)  жаны,  бала-шағасы,  малымен 
ауыр сынақтан өтті. Раббысына үлкен мойынсүнушылықпен 
бас  иді.  Құлдықтың  шыңына  жетті.  Керіністен  құтылды. 
Халилұллаһ (Аллаһ досы) болды.
Бағдатта өрт шығып, бір ұстаздың екі баласы өрт ішінде 
қалады. Айқайлаудан басқа ешкімнің қолынан ештеңе кел-
меді. Сол кезде осы жерден өтіп бара жатқан Нұри Хазіре-
ті оқиғаны көре сала, дереу мейірімділік пен мархабаттық 
танытып,  оттың  ішіне  кірді.  Барлығы  таң  -  қалып  қарап 
тұрғанда,  от  оған  бейне  бір  гүлстанға  айналып,  Хазіре-
ті  Пір  балаларды  жалынның  ортасынан  аман-есен  Аллаһ 
Тағаланың құдіретімен алып шықты.
Бұл жағдайға балалардың әкесі қатты қуанды да, Нұри 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 79
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіретінің алдына бір кесе алтын қойды. Хазіреті Пір бір-
ден қабағын түйіп, былай деді:
«Егер  мен  бұл  істегендерімді  Аллаһ  үшін  емес,  пайда 
үшін  жасасам  сенің  ұлдарыңды  оттың  ішінен  құтқара  ал-
майтын едім!»
Өйткені отқа кіру тек Аллаһқа Халил болған Ибраһимнің 
халіне  ие  болумен  мүмкін  болады.  Өйткені,  Хазіреті 
Ибраһимнің (аләйһиссәләм) оттан қорқып шегінбеуі - оның 
бойындағы Аллаһқа деген ғашықтығы мен махаббаты және 
мойынсұнушылығы  үшін  Аллаһ  Тағаланың  оған  берген 
үлкен сыйы еді.
Жүнәйд  Бағдади  Хазіреті  де  Хазіреті  Ибраһимге  беріл-
ген  осы  иләһи  сыйдан  әсерлене  отырып,  өзіндегі  қауышу 
ынтасының артқандығы себепті, былай деуші еді:
«Егер Аллаһ пен менің арамда бір оттеңізі болғанда, Раб-
быма  деген  ынтықтығымнан  сол  теңізге  іркілмей  түсетін 
едім».
Бірақ,  мынаны  да  ұмытпаған  жен:  Хазіреті  Ибраһимді 
күйдірмеген  отқа  қарап,  барлық  адам  өзі  туралы  дәл  сон-
дай нәтиже күтуі, шамасын білмеу болып саналады. Мұның 
ақыры - өкініш.
Хазіреті Мәуләнә бұл туралы былай дейді:
«Аллаһ  жолында  отқа  түсу  бар.  Бірақ,  отқа  түспей 
тұрып, өзінің Ибраһимге қаншалықты ұқсайтыныңа қара! 
Өйткені, от сені емес, Ибраһимдерді танып, күйдірмейді!»
Мәуләнә (құддисә сирруһ):
«Кұран  Кәрім  -  пайғамбарлардың  халдері  мен  сипат-
тары.  Құран  Кәрімді  ынтамен  оқып,  өмірде  ұстансаң, 
өзіңді  пайғамбарлармен,  әулиелермен  кездескендей  сана! 
Пайғамбар  қиссаларын  оқыған  сайын  тән  қапасы,  жан 
қусына тар бола бастайды».
«Біз Бұл тән қапасынан осы арқылы ғана қүтылдық. Ол 
кдпастан құтылу үшін, осы жолдан, яғни тәухид жолынан 
басқа шара жоқ» - дейді.

- 80
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Көріністі сындыру деген»:
اُ���ُ�َ� ْنَا  َ�ْ�َ� ا�ُ��ُ�

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет