Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Ей,  дәруіш  айнадағы  соңғы  нақышқа  (көрініс)  қара!



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

«Ей,  дәруіш  айнадағы  соңғы  нақышқа  (көрініс)  қара! 
Сұлудың  картайған  кезіндегі  түрі  мен  бір  ғимараттың 
үйінді болған халін ойлап, айнадағы жалғанға алданба!»
«Хақ жолындағылардың естіген дауысын алдымен есті-
гендер қандай бақытты».
Хазіреті Мәуләнә айтқан бір-біріне қайшы екі дауыстың 
біреуі  дүниеге  бейімділік,  екіншісі  дүниеден  жиіркену. 
Олардың  қайсысын  тыңцап  соған  бет  бұрсаң,  екіншісінен 
құр қаласың. Хадис шәрифте:
«Дүние  мен  ақырет,  ортақ  екі  жұбай  (күндес  әйел) 
сияқты.  Біреуін  қаншалықты  разы  етсең,  екіншісі 
соншалықты ыза болады!» - делінеді.
Яғни,  дүниеге  шақырған  дауыс  көңілге  орнықса, 
ақиреггің  насихаты  ол  көңілге  әсер  етпейді.  Ақиретке 
шақырған  дауыс  бір  көңілге  орнығатын  болса,  дүниеге 
шақырған дауысты естімейтін болады.
Жүрекке  дүниеге  бейімделу  иісі  сіңсе,  оны  тазалау 
өте  қиын.  Мәселен  құмыра-ыдысқа  сіңген  жағымсыз  иі-
сті тазарту үшін оны отқа жағу керек болса, жаман мінез-
құлықтың да тазаратын жері жәһәннам.
Руханият  әлеміне  қауышу  үшін  Хаже  Фәридүддин 
Аттардың (құддисә сирруһ) өсиеттері қандай тамаша:
«Құран  Кәрім  мен  Хазіреті  Пайғамбардың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  хадис  шәрифтерінен  соң  Рабтың  хас 
құлдарының  сөздерінен  артық  сөз  жоқ.  Өйткені,  олардың 
сезі  ғайыптан,  руханияттан  нәр  алады.  Кәсіби  болмайды. 
Сол себепті оларды пайғамбарлардың ізбасарлары деп атай-
ды.  Сол  қас  құлдардың  сөздерін  естігендердің  көңілі  ру-
хани  нұрға  бөленеді.  Ынта-жігері  артады.  Сырлар  оларға 
аян бола бастайды. Шайтанның азғырындыларынан дүние 
құмарлықтан арылады.
Кейбір әулиелер Хазіреті Адамның сипатына ие, енді бі-
реулері Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Мұса, Хазіреті Исаның 
сипатына ие, ал енді біреулері Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 93
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
уә  сәлләм)  пайғамбардың  сипатына  ие  болады.  Бұлардың 
да  кейбіреулері  мағрифат  иесі,  кейбірі  махаббат  және 
сүйіспеншілік иесі, кейбірі тамаша мінез-құлық иесі, кей-
бірі  тәухид  иесі,  кейбірі  сипатсыз,  яғни  қарапайымдылық 
пен тылсым ішінде болады».
Әлемнің  сұлтандарына  жол  көрсетіп,  бағыт  беретін, 
оларға  ез  кеңіл  дүниесінен  о  дүниені  тамашалатқан  кәміл 
мүршид  Азиз  Махмұг  һүдайи  Хазіреті  осы  дүниенің  хал-
жағдайын қандай тамашг суреттейді.
Сенен кім адалдық күтсін,
Жалған дүние емеспісің?
Мұхаммедул – Мұстафаны
Алған дүние емес пісің?
Кете бер, ей, опасыз,
 Сен жалгыз кейуана қарт әйелсің.
Қаншама жүз мыңдаған ерлерден
Қалған дүние емеспісің?
Арнайы халықтың өзіне,
Топырақ салып көзіне,
Надандардың жүзіне
Күлген дүние емеспісің?
Патша болсын,пенде болсын,
Барлық адам тұрған сенде
Ешкім сені мекен тұтпас,
Қираған дүние емеспісің?
Кейбіреуді налытып,
Кейбіреуді жылатып,
Ақырында тырдай етіп,
Шешкен дүние емеспісің?
Айтарыңның бәрі жалған.
Көп адамнан артта қалған.
Қаншама рет босап,

- 94
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Толған дүние емеспісің?
Юнус та тамаша айтқан:
Маған бір ғимарат көрсет,
Соңы харап болмаған!
Байлыққа қол жеткіз, бәрі бір
Төгіліп артыңда қалар!
Сол  баяғы  ұстанымда  ұстаз  Нәжіп  Фазыл  марқұм  да, 
негізгі  мақсат  ақыреттің  әзірлігі  екендігін  қандай  жақсы 
айтқан:
Сараң зергер өзіңе басқа бір сандық жасат,
Қабірде өтетін ақшаны ғана жина!
Әрбір  фәни  жаратылыстың  жастығы  мен  сергектігі 
уақыт  диірменінде  үдайы  үгітіліп  жатқандығынан  адам 
баласы  ғибрат  алмай  ма?  Ақиретсіз  өмір  сүрген  дүниеде 
нәпсінің  құмарлығын  қандыратын  ілтипаттар,  дүниенің 
ойыншықтары  үлкен  болашақ  үшін  қандай  қорқынышты 
алданыш!
Ғапылдықпен  өткен  өмір,  балалық  шақта  -  ойын, 
жастықга  -құмарлық,  орта  жаста  -  ғапылдық,  қарттықта 
- айырылып қалғандарға деген сағыныш, мыңдаған қайғы-
қасірет  пен  өкінішке  толы.  Зікірді  аузына  және  жүрегіне 
алмаған, мархабаттан үлесі жоқ, бишараның қасіретінэстіп, 
сезгісі  келмеген,  бетпақ,  тәкәппар  қашқан  өлім  оны  әр 
сәт  тұзақта  күтіп  түр.  Ақиретсіз  дүние  рахатына  қол  жет-
кізу  үшін  дүниенің  әсіре  қызықтарына  орнаған,  фәни 
ләззаттарға ақырғы күніне дейін батқандардың соңғы халі 
қандай аянышты әрі өкінішті!
Адамдар  көбінесе,  өмірдің  мыңдаған  көріністері  мен 
әшекейлерінің ішінде айнадағы жалғандардың құлы. Әрбір 
сәт  осы  жалғандығы  мен  опасыздығын  тоқтатпаған  бұл 
дүние - алдамшы мекені болмағанда не?
Жаны  жаралы  Юнус,  осы  алданыш  мекеніне  қонып  - 
көшкендердің халін қандай тамаша суреттейді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 95
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Жалған дүниеге қонып - көшкендер,
Не айтпайды, не хабар бермейді!..
Үстіне әртүрлі шөптер өскендер,
Не айтпайды, не хабар бермейді!..
Кейбіреуінің басына ағаштар өсер,
Кейбірінің басында шөптер сарғаяр,
Кейбірі бейкүнә, кейбірі сұлу жігіттер
Не айтпайды, не хабар бермейді!..
Топыраққа батқан нәзік тәндері.
Сөйлемей қалған тәтті тілдері,
Келіңдер ұмытпайық дұғада бұларды,
Не айтпайды, не хабар бермейді!
Кейбірі төртте, кейбірі бесте,
Кейбірінің тәжі жоқ басында,
Кейбірі алты, кейбірі жеті жасында
Не айтпайды, не хабар бермейді!
Кейбірі саудагер кейбірі ұстаз.
Ажал шәрбәтін ішу де қиын,
Кейбірі ақсақалды, кейбірі үлкен пір.
Не айтпайды, не хабар бермейді!
Юнус айтар, көр - тағдырдың ісі,
Түсіп қалған кірпігі мен қасы,
Бас жағында құлпытасы
Не айтпайды, не хабар бермейді!
Уа, Раб! Бізді дүние қызығына батып, өзін бір кесе суға 
тұншыктырғандардың ақырынан сақта! Ей мейірімділердің 
ең мейірімдісі Раббым!
Әмин!

- 96
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
МАХАББАТ  ПЕН  ДҰШПАНДЫҚ
«Сен адам! Бұл дүниедегі әшекейлер мен 
ойын-сауыққа алданба! Ұйықтап жатқанда 
тәнің жапырақталып туралса да қорықпа! 
Өйткені бұл дүние - бір түс қана!»
Хазіреті Мәуләнә
Адами өмірді қалыптастыру немесе құлдырату турасын-
да махаббат пен дұшпандықтан әсерлі ештеңе жоқ. Лайықты 
адамға махаббат, ал тиістісіне дұшпандық өмірді барынша 
көтерсе, керісінше жағдайда барынша құлдыратады.
Перғауын  Хазіреті  Мұсаның  тәухид  күресінен  жеңіліп 
салтанатынан  айырылып  қалудан  қорқып,  сол  үрейімен 
Мысырдың сиқыршыларын жинап Мұсамен (аләйһиссәләм) 
күресуге шығарды. Сиқыршылар:
«Ей,  Мұса,  алдымен  сен  таяғыңды  тастайсың  ба,  әлде 
біз  тастайық  па?»  -  деп,  Хазіреті  Мұсаны  сыйлап,  құрмет 
көрсетті.
Мұса (аләйһиссәләм) оларға:
«Сендер  тастайтындарыңды  тастандар!»  -  (Ағраф,  115-
116) деді.
Сиқыршылар Перғауын мен Мысыр халқының алдында 
жерге бірнеше шыбық және жіп тастады. Олар ирелеңдеп, 
жылан  сияқты  көріне  бастады.  Сосын  Құдайдың  әмірімен 
Мұса  (аләйһиссәләм)  таяғын  тастады.  Аса  таяқ  үлкен  бір 
айдаһар болып, алдындағы барлық сиқырлық құралдарын 
жұтып  қойды.  Сиқыршылар  бұл  жағдайдың  адамның 
өнері  емес,  иләһи  мұғжиза  болғандығын  түсінді.  Өйткені 
бұл  сиқыр  болса,  тасталған  шыбықтар  мен  жіптер  сиқыр 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 97
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
бұзылғанда орынында қалар еді. Алайда, сиқыршылардың 
сиқыры  бұзылғанымен  қоймай,  сонымен  бірге  шыбықтар 
мен жіптер толықтай ортадан жойылған еді. Осы мұғжизаны 
көрген сиқыршылар:
«Біз Мұса мен Һарунның Раббысына иман еттік!» - деп, 
сәждеге жығылды.
Бұған Перғауын қатты ашуланып:
«Менің  рұқсатымсыз  қалайша  иман  етесіңдер?  Демек, 
Мұса  сендердің  ұстаздарың  екен  ғой!  Сендер  мұны  содан 
үйренген екенсіңдер! Олай болса, сендердің қол-аяқтарыңды 
шадырлап (қиғаштап) кесіп сендерді өлтіремін!» - деді.
Адами  қорқыныштан  құтылған  сиқыршылар  да 
Перғауынға қарсы шығып:
«Біз сен үшін бізге келген айқын мұғжизадан бас тарта 
алмаймыз! Сен не істесең өзің біл. Қалаған зұлымдығыңды 
жаса! Қинағаның бізге зиян тигізе алмайды! Сенің үкімің 
осы  дүниелік  өмірге  тән.  Ал  біз  Аллаһқа  қайтарыламыз» 
- деді.
Хазіреті Мәуләна сиқыршылардың осы сөздерін хал тіл-
дерімен былай жалғастырады:
«Ей, Перғауын! Сенің зұлымдығың бізге зиянын тигізбей-
ді. Өйткені Аллаһтың сыйы басқаның қаһарынан жоғары».
«Ей, жүрек көзі соқыр адам! Ей, адамдарды азғындық пен 
адасушылық  жолына  тартқан  адам!  Сырымызды  білсең 
осы қорлық өлім арқылы біз өзімізді қорлықтан құтқарып, 
шынайы өмірге қол жеткізетінімізді түсінер едің».
«Аллаһтың сыйы бізге сенің салтанатың оның жанында 
түкке тұрмайтын салтанат берді. Өйткені бұл салтанат 
сенікіндей  уақытша  емес.  Сол  үшінде  біз  Хабиби  Нәжжар 
сияқты: Әттең қауымымыз мұны білгенде ғой! - дейміз».
«Ей,  Мысыр  өлкесі  мен  берекетті  Ніл  өзеніне  қарап 
тәкәппарлыққа  салынған  Перғауын!  Басыңды  көтеріп, 
біздің өлімсіз, жойылмайтын салтанатымызды көр!»

- 98
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей, Перғауын! Егер сен мына лас шекпеннен, яғни рухқа 
қапас  болған  тән  балшығынан,  баз  кеше  алсаң,  өлкеңдегі 
Ніл өзенін жан Ніліне батырып, жоқ қылар едің!»
«Ей, Перғауын! Мысыр елінен бас тарт, көңілдің мысы-
рында жүздеген Мысыр бар!»
«Сен  халыққа  -  Мен  Раббымын  дейсің,  бірақ  осы  екі 
сөздің мағынасын түсінбейсің! Ей, ақымақ Перғауын! Сол 
«Мен»  дегенің  саған  қаншалықты  үлкен  зиян  тигізуде. 
Бірақ біз бәлекет пен қиыншылыққа толы мендіктен бас 
тартқандықтан,  көңіліміз  қол  жеткісіз  бақыттылық 
пен шексіз мемлекетке қол жеткізді!»
«Шүкіршілік, біз мына фәни дүниеден, бұл тәккәппарлық 
отанынан, қүтыламыз».
«Бізге жапа шектірдім деп ойлағандардың қателігі - не-
гізіндв  бізді  көкке  көтеріп,  Раббымызға  қауыштыратын 
рахмет  пырағы  болды.  Сенің  салтанат  құрған  жерің  - 
тәкәппарлық пен ғапылдық шұңқыры ғана».
«Біз тірілетін мәңгілік өмірге қауышамыз, бірақ сен тірі 
сияқты көрінген рухы шіріген өліксің! Тірі жаназасың!»
Мәуләнә (құддисә сирруһ) Бұл оқиғаның ішкі жағын да 
былайша талдайды:
«Малғұн әрі залым Перғауын сиқыршыларды иман үшін 
өліммен қорқытып:
«Қолдарың мен аяқтарыңды шадырлап кестіремін. Со-
сын сендерді кешірмей, дарға астырам!» - деген еді.
«Сол кезде Перғауын сиқыршылар қррқып, өзіне бас иеді 
деп ойлаған еді».
«Бірақ  Перғауын,  сол  сиқыршылардың  қорқыныштан 
құтылып, иләһи сырлар мен ақикдтқа көз жеткізгендігін 
білмейтін еді».
«Олар  келіге  салынып  жүз  рет  түйіліп,  үнға  айналса 
да, көлеңкесін өздерінен ажырата алатын парасаттылық 
пен көрегенділік танытқан еді».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 99
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Яғни,  рухтың  -  негіз,  тәннің  -  көлеңке  болғандығын 
түсініп,  бұрынырақ  осы  көлеңкені  қиып,  «фәнә  филлаһ» 
мәртебесіне жеткен еді.
«Ей, адам, бұлдүние - үйқы мен түс қана. Сен ол жердегі 
әшекейлер мен ойын - сауыққа алданба! Егер түсіңде қолың 
кесілсе немесе тәнің жапырақталып туралса да қорықпа! 
Өйткені  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм):
«Бұл дүние - бір түс қана» - деп баяндайды.
Қайғылы Юнус Аллаһ Тағалаға мінәжат халінде қандай 
тамаша баяндайды:
Арифтерге бұл дүние
Қиял менен түс сияқты.
Өзін саған атаған адам
Қиял мен түстен әріге кетеді!
Сиқыршылардың  Хазіреті  Мұсаға  аз  да  болса  тағзым 
етуі  -  оларға  иман  сыйлап,  олар  үлкен  парасатылықпен 
түс  сияқты  осы  фәни  дүние  өмірін  қолдарының  сыр-
тымен  ысырып  тастап,  мәңгілік  бақыттылық  мекенін 
таңдағандықтары байқалады. Перғауынның ақыры Қызыл 
теңіздің толқындары ішінде жәһәннам сапарына айналған. 
Артына тастап кеткен атағы зұлымдықтың үлгісінен басқа 
ештеңе емес.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Ақылды  адамдар  алдымен  жылайды,  сосын  күледі. 
Ақымақгар болса алдымен қарқылдап күліп, соңында басын 
тасқа урып жылайды. Ей, адамі Парасатты болып, істің 
соңын әуел баста көр, жаза күні өкініш отына жанба!»
Олай  болса,  өмірдің  негізі  іс-әрекеттерге  мән  беретін 
қиял,  сезім  және  пікірлерден  тұрады.  Адам  махаббат  пен 
дұшпандықтың арасында толқып тұрады. Пайғамбарлар мен 
әулиелер адамдардың қолын екі дүниенің бақыттылығына 

- 100 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жеткізу үшін, емірді шынайы мекеніне (орнына) орналасты-
ратын күн сияқты. Көктемнің топырақты қайтадан тірілте-
тіні сияқты, олар да адамзаттың өлі санасын жандандыра-
ды, шикі жүректеріне рухани нұр толтырып, Хақ Тағалаға 
бағыттайды. Адамзат-тың қажет еткен тыныштық пен жа-
ратылыс мақсатына бет бұруы осылайша іске асады.
Ежелде  Аллаһ  Тағала  тек  өзі  ғана  бар  кезде,  осы  жара-
тылысты,  махаббат  себепті  жаратқан.  Жаратылыстың 
ішінде сынақ шарттарына тәуелді болып жаратылған адам-
дар  мен  жындар,  тек  қана  осы  Аллаһқа  деген  махаббат 
арқылы қанағат табатын бір сүю қабілетімен көмкеріл-ген. 
Келген  орнымен  салыстырғанда  үнемі  жырақта  жүрген 
адамдар мен жындардың қайғысы мен ауыртпалығын сей-
ілтіп,  оларды  тыныштық  пен  бақытқа  қауыштыратын  не-
гізгі себепші - Аллаһқа деген махаббат арқылы сүю сезімін 
қанағаттандыру.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Пайғамбарлар  мен  олардың  ізбасарлары,  яғни  кемел-
дікке жеткен адамдар - адамзаттың пердесімен жабылған 
бір  күн  сияқты.  Олардың  қол  астына  кірсең,  сенімен  сау-
даласып, саған дұшпандық жасаған нәпсінің түтқынынан 
құтыласың!»
Бәязиди Бистамиге жүгінген бір дәруіш:
«Мені  Аллаһқа  жақындататын  бір  амал  айт»  -  дегенде, 
Бәязид (құддисә сирруһ) оған былай насихат айтады:
«Аллаһтың әулие құлдарын сүй! Оларды разы етуге ты-
рыс!  Өйткені,  Аллаһ  күн  сайын  сол  арифтердің  жүрегіне 
360  рет  назар  салады.  Осы  назар  кезінде  сені  де  сол  жерде 
көрсін!»
Сүлеймен  (аләйһиссәләм)  Сәбә  патшайымы  Бәлқисқа 
иманға шақыратын хат жіберді. Сол кезде пұтқа табынатын 
Бәлқис хатты оқығанда:
«Мырзалар, ұлықтар! Маған абыройлы бір хат келді. Хат-
ты жазған Сүлеймен. Хат Рахман және Рахим деп Аллаһтың 
атымен бастапады» - деді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 101 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Осы  тағзымы  себепті  кейбір  ғапымдар  «Бәлқис  Хазіре-
ті Сүлейменнің хатын құрметтеп, бағалағаны үшін иманға 
қол жеткізді,» - деген.
Және  де  Бишри  Хафи  де  мас  болып  кетіп  бара  жатып, 
жолынан  тәухид  сөзі  жазылған  бір  қағаз  тауып  алады. 
Әлгі  қасиетті  сөздің  жерде  жатуына  көңілі  риза  болма-
ды.  Құрметпен  оны  алып,  сүртіп  тазалады.  Хош  иіс  септі. 
Тағзым  етіп,  үйіндегі  ең  тамаша  орынға  ілді.  Сол  себепті 
Аллаһ Тағала оған һидайәт пен әулиелікті сыйлады.
Тағы  да  пайғамбар  дәуірінде  Хаким  бен  Хизам  деген 
бір  сахаба  бар  еді.  Хазіреті  Хадишаның  туысқаны  болған 
Хаким  жомарт  мейірімді  ізгі  адам  еді.  Жәһилие  дәуірінде 
тірідей  қыздарын  көмбек  болғаи  әкелерінен  оларды  са-
тып  алып,  өсіріп  тәрбиелейтін.  Хаким  бен  Хизам  Хазіреті 
Пайғамбардан  жәһилие  дәуіріндегі  осы  істердің  өзіне  пай-
дасы  бар  -  жоғын  сұрағанда  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) оған:
«Осы  тамаша  істердің  оны  Исламға  жеткізгендігін»  - 
айтқан.
Әлемнің  сырлары  мен  хикметтері  тек  шынайы 
көңілдерге орналасатындығын да жақсы білген жөн. Осман 
сүлтандығының ешбір Ислам мемлекеті қол жеткізе алмаған 
600  жылдық  айбынды  басшылыққа  ие  болуы,  руханиятқа 
кеңіл бөлгені үшін болған. Атақты бір риуаятқа қарағанда 
Осман  Ғззидің  қонақ  болған  үйінде,  белмеде  Құран  Кәрім 
болғаны ушін түнде аяғын созып жатпауы және Явуз Сүлтан 
Сәлім  Ханның  қасиетті  аманаттарды  үлкен  тағзыммен 
ЫстамБұлга әкеліп, 40 қари тағайындап олардың қасында 
ғасырлар  бойы  жалғасатындай  етіп  үнемі  Құран  Кәрім 
оқытуы - осы айбынның басты себептерінің бірі.
Аллаһ  (жәллә  жәләлүһу)  өзіне,  пайғамбарларына  және 
әулиелеріне  құрмет  және  тағзым  еткендерді  шат  қылып, 
олар  өмір  сүрген  қоғамға  үнемі  рахметін  жаудырған.  Сон-

- 102 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
дай-ақ  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
араларында болған кезінде Меккенің мүшриктеріне де азап 
етпеген. Бұл жағдай Әнфал сүресінің 33 аятында былай ба-
яндалады:
ْ�ِ��ِ� َ�ْ�َا َو ْ�ُ�َ�ِّ�َ�ُ�ِ� ُ�ا  َن�َ� �َ� َو
«Хабибім! Сен араларында болған кезде Аллаһ оларды 
азаптамайды».
Бірақ,  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
Мәдинаға һижрәт еткен соң, Меккеде үлкен ашаршылық ба-
сталып, мүшриктердің аштықтан бастарын көтеріп аспанға 
қарайтындай  ғана  шамалары  қалған.  Бейне  бір  көрсоқыр 
сияқты  аспанды  ақ  бұлт  сияқты  көрген.  Шарасыздықтан 
Мәдинаға келіп, осы бәлекеттен құтылу үшін Расулуллаһтан 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жәрдем сұраған.
Ескерту  бабындағы  мұндай  көріністер,  қабілеті  бар 
адамдардың һидайәтқа келуіне дәнекер, керісінше қабілетсіз 
адамдар үшін екі дүниенің бақытсыздығына себеп болады. 
Мына бір оқиға да өте ғибратты:
Сирияда Ғассан мемлекетінің патшасы Жәбәла Хазіреті 
Омардың  халифалығы  кезінде  Мәдинаға  келіп  мүсылман 
болды. Қажылық үшін ихрамға кірді. Тауаф ету кезінде бір 
бәдәуи оның жібек ихрамын басып қалады. Жәбәла ашула-
нып, Бәдәуидің бетінен бір ұрады. Бәдәуи Хазіреті Омарға 
барып  Жәбәланың  ісіне  шағым  жасайды.  Хазіреті  Омар 
(радиаллаһу анһу) Жәбәлаға:
«Не  ана  кісіге  ақы  төлеп  риза  қыл!  Немесе  ол  да  сенің 
бетіңнен солай ұрыл, хақысын алсын!» - дейді.
Жәбәла:
«Мен патшамын, ол қатардағы бір бәдәуи,» - дейді.
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):
«Мұның  Исламда  орны  жоқ.  Иләһи  әділдік  алдында 
екеуің де теңсіңдер!» - дейді.
Бұл жолы Жәбәла:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 103 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Олай болса, кешке дейін ойланайын!» - дейді.
Жәбәла  бәдәуиге  бірнеше  тиын  беріп  разы  етуді  ішіне 
(тәкәппарлығына)  сыйғыза  алмады.  Сол  түні  нөкерлерін 
ертіп қашып кетті. Византияны паналады, діннен шықты. 
Аз уақыттан соң өлді. Менмендігі оны Исламның нұрлы жо-
лынан алыстатты, хайуани өмірдің нәпсі құмарлықтарына 
алданып, осылайша мәңгілік жәһәннамға тап болды.
Осыған  ұқсас  тағы  бір  оқиға  да  Иран  патшасы  Хазіреті 
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хатын жыр-
тып  тастайды.  Әдепсіз  сездер  айтты.  Аллаһ  Тағала  оның 
мүлкі мен салтанатын быт-шыт қылды. Қираған салтанаты 
тарихта бір ғибрат көрінісі болып қалды.
Пайғамбарлар  мен  әулиелердің  ақиқаттарынан  алыс 
қалып, олардан рухани нәр ала алмаған, иләһи сырлардан 
құралақан қалған және материядан ары кете алмаған адам-
дар туралы Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Сен  солған  және  рухы  шіріген  бір  көңілді  табытқа 
жатқызып Аллаһқа алып барасың!»
Аллаһ Тағала саған былай дейді:
«Ей, дөрекі адам! Бұл жер саған қабір ме, неге алдыма 
өлген жүректерді алып келесің?!»
«Қайта  барып,  алдыма  иләһи  сырлар  мен  тірі  көңіл 
алып кел, сол арқылы дүние көгеріп, гүлстанға айналады».
Осыған байланысты Юнус Әмрә былай деді:
Мен келгем жоқ дау үшін,
Менің ісім сүю үшін
Достың үйі көңілдер,
Көңіл тұрғызуға келдім.
Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  адамның  осы  нәзіктік  пен 
сезімталдыққа  қол  жеткізуі  үшін  рухи  тәрбиенің  шарт 
екендігін көптеген шумақтарында қайталайды. Мысалы бір 
жолдарында:

- 104 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Қанаттары  әлі  шыға  қоймаған  балапан  ұшпақ  бол-
са,  құлап,  мысыққа  жем  болады...  Қанаты  шыққан  соң 
ұмтылса, қиналмай көкке ұшады» - дейді.
Екінші  бір  шумағында  материалдық  биіктіктің  тек 
физикалық шындық екендігін, рухи кемелдікке қарағанда 
ете төмен қалатындығын былай баяндайды:
«Көктер көрер көзге биік көрінеді. Бірақ одан да жоғары 
рухани биіктік пен шынайы үлылық бар. Олар пәкрухтарға 
ғана тән».
«Биіктіктің  көрінісі  заттардан  білінеді.  Заттар 
болса,  руханиятпен  салыстырылғанда  тек  аттан  ғана 
түрады».
Уа,  Раб!  Жүрегімізді,  Құран  Керімнің  нұрынан, 
Хабибіңнің және әулиелеріңнің махаббатынан айырма!»
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 105 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет