Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата21.03.2017
өлшемі7,12 Mb.
#10099
1   2   3   4   5

*  *  *

Әрбір  лидердің  өз  шығар  биігі, 

арманына айналған алар асуы бо-

луы  тиіс.  Сол  мақсатқа  жету  үшін 

бар беделіңді, болашағыңды бәске 

тігуге  тура  келмек.  Жас  тәуелсіз 

мемлекетті  және  оның  жаңа  аста-

насын  орнату  идеясы  осылайша 

жүзеге асты.

*  *  *

Жастар,  сендер  өзгерістерден 

қорықпаңыздар, біз сендерге үлкен 

үміт артамыз, өз бола шақтарыңды 

өз қолдарыңмен жасап үйренулерің 

керек.  Жаңа  Қазақстан,  жаңа 

Астана  сендерге  осындай  зор 

мүмкіндіктерді ұсынып отыр.



*  *  *

Біз  ғасырлар  тоғысында  тәуе-

л  сіз  жаңа  мемлекет  орнатып, 

бай тақ  еліміздің  дәл  ортасынан 

бас  қаламыз  –  Астананы  салдық.  

Бүгін де  әлемдік  қауымдастық үшін 

Қазақстан  мен  Астана  атаулары 

егіз  ұғымға  айналып  кетті.  Бұл 

ұғым  қарыштап  даму  мен  өрісті 

өркендеудің  өнегелі  үлгісі  ретінде 

орнықты.

Біздер,  қазақстандықтар,  Аста-

наны  асқақтату  арқылы  дүние 

жүзі не  өзімізді  –  келешегі  кемел, 

әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді 

таныттық.



*  *  *

Халқымыз  жаңа  да  жас  мем-

ле кетінің  астанасын  өзінің  қалаған 

жеріне,  өзінің  қалауы  бойынша 

орнатты.  Ең  бастысы  –  өзінің  кін-

дік  қаласының  құрылысына  білек 

сыбанып,  бар  күш-қайратын,  ын-

та-жігерін  салды.  Әр  көшеге,  әр 

үйге  жүрек  мейірін,  перзенттік 

сүйіспеншілігін,  жан  жылуын  жұм-

сады.

Астана  осылайша  халқымыз-



дың  аялы  алақаны,  ыстық  мейірі-

мі мен  тұрғызылды.  Сондықтан  да, 

бұл қала бәрімізге ерекше қымбат, 

айрықша аяулы.

Тәуелсіздіктің  негізгі  мәні  –  та-

рих тың  жаңа  бетін  өз  еркіңмен,  өз 

шешіміңмен бастауда болса керек. 

Тәуелсіздік  бізге  жаңа  жолымыз-

ды,  өзіміздің  соны  соқпағымызды 

табуға  зор  мүмкіндік  ұсынды. 

Сол  жаңа  жолымызды  біз  Астана 

арқылы таптық.



*  *  *

Астана  ауыстырылғалы  бері 

әрбір  қазақстандық  елде  іргелі  де 

қажетті  шаруа  қолға  алынғанын 

сезініп өмір сүре бастады.

Ғасырлар  бойғы  тұсау  мен 

тоталитаризм  бұғауларын  серпіп 

тастаған,  соның  алдында  ғана 

дағдарыс  пен  күйзелісті  бастан 

өткерген  елде  жаңа,  жақсы  за-

ман  туып  келе  жатқаны  сезілді. 

Қазақстандықтардың  бәрі  жас 

державаның  жас  елордасы  – 

Астананың  жан-жағына  үміт  пен 

батылдықтың жан сергітер шапағы 

шашырап жатқанын көрді.



*  *  *

Астана біздің ұлттық санамызды 

нағыз егемендік деңгейіне жеткізіп, 

қазақ  этносын  ұйымдастырған 

идеялық  символға  айналды.  Оның 

біздің  азаматтарымыздың  отан-

шыл дық 

рухын 


асқақтатудағы 

маңызына баға жетпейді.



*  *  *

Астананың халықаралық маңы-

зы  әлдеқайда  өсті.  Астана  –  бұл 

осы  заманғы  аса  ірі  геосаяси 

жоба, ол Қазақстан туралы түсінікті 

өзгертеді.

Біздің  елорда  өңірлік  және 

жаһан дық  қауіпсіздікті  нығайтуға 

үлес  қосуы  тиіс  көптеген  форум-

дарды өткізудің орнына айналды.

Астана  қазірдің  өзінде  жай 

елорда  емес,  ол  енді  еуразиялық 

интеграцияның  елордасы  ретінде 

көрініп  отыр.  Нақ  осы  Аста-

на  өңірлік  даму  бойынша  жаңа 

идеялардың,  көзқарастардың,  нақ-

ты  бағдарламалардың  генераторы 

болуда.


*  *  *

Кез  келген  елдің  тарихында 

ұлттың  ұжымдық  рухы  тыныштық 

кезеңінен  пассионарлық  кезеңіне 

көшетін  кездері  болады.  Сол  кез-

де  адамдардың  жиынтық  энерги-

ясы,  олардың  интеллектуалдық 

және  шығармашылық  күш-қуаты 

таңғаларлық  нәтижелерге  қол 

жеткізуге,  бір  ұрпақтың  кезінде 

басқа  елдерде  жүздеген  жылдар 

кететін  жолды  еңсеруге  мүмкіндік 

береді.

Біздің  тарихымызда  мұндай 



кезең  біздің  елорданың  –  Астана-

ның пайда болуымен басталды.



*  *  *

Тәуелсіздік  –  қасиетті  ұғым. 

Ел  қатарлы  Одақтан  бөлініп 

шыққаннан,  тәуелсіздік  алғаннан, 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  қабыл-

дан ғаннан,  Туды,  Гимнді,  Гербті 

бекіткеннен 

ел 


бірден 

шын  


мәніндегі 

тәуелсіз 

мемлекет 

бола  қалмайды.  Шынтуайтында, 

жаңағы  жайлардың  бәрі    кез  кел-

ген  мемлекеттің  міндетті  атрибут-

тары.  Тәуелсіздіктің  басты  белгісі 

–  өзіңнің  тағдырыңды  өзің  шешу-

ге  қабілеттілігіңнің  келуі.  Тәуелсіз 

саясат  жүргізе  алуың.  Соған 

шамаңның  жетуі,  мүмкіндігіңнің 

келуі.  Еуразияның  қақ  ортасында 

біз  орнатқан  Астана  –  Қазақстан 

халқының дербес таңдауы. Астана 

–  елдің  болашаққа  салған  көпірі. 

Жаңа  қоғамның  символы.  Біз  іс 

жүзінде  жаңа  мемлекет  орнатуды 

астанамызды  жаңадан  салудан 

бастадық десек те артықтығы жоқ.

*  *  *

Арқа  төсінен  жаңа  елорда  са-

луымыз  бізге  түбірлі  міндеттерді 

шешуге  мүмкіндік  берді.  Аста-

на  арқылы  біздің  халқымыздың 

ғасырларға  созылған  көші  межелі 

жерге  жетті.  Сарыарқаның  сау-

мал  самалды  даласына  қазық 

қағу  қазақтың  кем  қойғанда  соңғы 

бір  жарым  ғасырға  созылған 

отырықшылдану үдерісін біржолата 

түйіндеді.

Астана  арқылы  қазақ  өзінің 

жеріне толық ие бола алды. Ел иесі 

кім  екенін,  жер  киесі  қайда  екенін 

бүкіл әлемге көрсеттік.



Қ

қ

№ 27 (137)  4 шілде 2014 жыл



7

Еңсесі биік Елорда

Ел астанасын басқа қалаға 

ауыстыру тәжірибесі мемле-

кеттер тарихында бар үрдіс. 

Үндістан, Пәкістан, Жапония, 

Канада, Түркия, Ресей секілді 

бірқатар елдер өздерінің ішкі, 

сыртқы саяси, экономикалық 

ахуал-жағдайларын сараптай 

келе, ХІХ, ХХ ғасырларда 

астаналарын басқа қалаларға 

көшіргені мәлім. Бүгінгі таңда 

да Аргентина, Оңтүстік Ко-

рея секілді тағы біраз елдер 

аталмыш мәселе бойынша 

зерттеу-зерделеу, талқылау 

жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Мемлекет астанасын басқа 

қалаға ауыстыру үдерісі әлем 

тарихында болашақта да жүре 

беретіні сөзсіз, бұл сол белгілі 

бір елдің даму қажеттілігінен 

туындайтын қалыпты жайт 

болып табылады.

Біздің Қазақстан – 

маңдайына ХХ ғасырда 

Ел мақтанышына 

айналған қала

астанасын бірнеше рет 

ауыстыру тағдыры жазылған 

ел. Орынбор, Қызылорда, 

Алматы қалалары кезінде 

елордалық қызметтерін адал 

атқарды, алайда, ел тізгіні 

бөтен қолда болған кезде 

қабылданған бұл шешімдер 

республика халқының, билігінің 

қалауы емес еді. Бүгінгі таңда, 

тәуелсіздік кезінде тиісті ма-

мандар бұл шешімдердің ре-

спублика мүддесі тұрғысынан 

терең стратегиялық сарапта-

усыз қабылданғанын нақты 

дәлелдеп, ашық айтады. 

Мысалы, Алматының ел 

территориясының бір шетіне 

орналасуы, тау қоршауында 

кең құлаш жазып дами алма-

уы, жоғары сейсмоқауіптілігі 

айдан анық еді.

Дегенмен, сырттан 

танылған шешімдерге 

мойынсұну сол кезең шындығы 

болатын. Ал, тәуелсіздікке қол 

жеткізіп, ел өз тағдырын өзі 

шешетін тұста аяғынан тәй-тәй 

тұрған жас мемлекеттің аста-

насын ауыстыру мәселесінің 

қолға алынуының жөні бөлек-

тұғын. Ел болашағын шынайы 

жанашырлық пен ұлттық мүдде 

тұрғысынан ойлап-жоспарлау 

жаңа кезеңнің, егемен елдің 

жаңа сипаты болды. КСРО-

дай алып империяны құраған 

ұлттық республикалар дер-

бес мемлекеттерге айналған 

шақтағы көп қиындықтар 

біздің де алдымыздан шықты, 

алайда қиын кезеңде халқы 

бірауыздан ел тағдырын 

сеніп  тапсырған Нұрсұлтан 

Назарбаевтай басшының 

сол тығырықтардан шығудың 

дәл жолын тапқанына бүгінгі 

дамуымыздың деңгейі нақты 

көрсеткіш бола алады.

Ал дәл сондай ауыр 

кезеңде ел астанасын көшіру 

туралы шешім қабылдау 

Елбасының көрегендігімен 

қатар, аса батылдығын да 

көрсетті. Бұрынғы барлық 

экономикалық байланыстар 

үзіліп, бәрін басынан бастау 

қажеттілігі туған қиын кезеңде 

ел болашағы үшін тиімділігіне 

өзі әбден сенген жобасын 

жүзеге асыруда Азаматқа 

бұл батылдық қаншалықты 

қажет болғандығын бүгінгі 

күні көріп-біліп отырмыз. Сол  

алғашқы шешім қабылданған 

1994  жылғы, одан кейінгі 

жылдардағы елорданы Ал-

матыдан Ақмола қаласына 

ауыстыру туралы шешімге 

қарсылықтың,  сенбеушіліктің 

көп болғаны мәлім.

Сол тұста бар 

жауапкершілікті мойнына 

алып, тәуекелге бел буған  

Елбасының есебінің дұрыс 

болып шыққанына қазір барша 

қазақстандықтар ден қояды. 

Ал сол кездегі қоғамдық 

психологиялық ахуалды 

өзгертіп, өз идеясына елді 

сендіру, соңына ерте білу үшін  

Президенттің қаншалықты 

қажыр-қайрат жұмсағаны көз 

алдымызда. Бұл жағдайда 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке 

басының өзін мойындатқан 

аса биік беделінің маңызы 

өте зор болды. Елбасының ел 

астанасын Ақмолаға көшіру 

туралы тұжырымы сонау 

1990- жылдардың басында-ақ 

айтқан Еуразия идеясымен 

де қабысқан негізгі мақсат-

мүдде жолындағы қадам еді. 

Сөйтіп, 1994 жылы 6 шілдеде 

Жоғарғы Кеңесте ел астанасын 

Алматыдан Ақмола қаласына 

көшіру туралы тарихи шешім 

қабылданды да, 1995 жылы 

қыркүйекте Елбасы аталмыш 

мәселе бойынша Жарлыққа 

қол қойды. Сарыарқа төсіне 

орын тепкен елорданы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың төл 

туындысы, еліміздің кемел 

келешегі  деп біледі бүгінгі 

жұрт.


1998 жылы 6 мамырда 

Елбасының «Ақмола қаласын 

Астана деп атау туралы» 

Жарлығы шықты. Бұл атау 

жөнінде де кезінде түрлі пікір 

болғаны белгілі. Аталмыш 

Жарлыққа дейін астана сөзі 

мемлекеттің әкімшілік, саяси 

орталығы мағынасындағы  

мемлекеттік құрылыс термині 

болатын. Ал енді қала ата-

уына айналуына байланы-

сты бұрынғы мағынасынан 

ажырай бастады да бүгінгі 

таңда орнын, яғни бұрынғы 

терминдік мағынасын елорда 

сөзі сәтті ауыстырды. Аста-

на сөзінің ономастикалық 

(қала атауы) жаңа мағынасын 

жұртшылық санасы дұрыс 

қабылдады, қазір бұл атаудың 

дұрыстығына ешкім шек 

келтірмей қолданатын болды.

Тәуелсіздік жылдарында  

тез еңсе түзеген елімізбен 

бірге әлемге танылып үлгерген 

Астана қазір заманауи қалаға 

айналды, кісі қызығатын 

көркі бар, барша мемле-

кеттер мойындаған беделі 

бар саяси орталық ретінде 

мерейімізді өсірді. Ақорда, 

Бәйтерек, Қазақ елі монументі, 

Тәуелсіздік сарайы, Хан ша-

тыр, Бейбітшілік және келісім 

сарайы, Әзірет сұлтан мешіті, 

қайсыбірін айтарсыз,бірінен 

бірі өткен ең заманауи үлгідегі 

архитектуралық ғажайыптар 

Астана көркіне көрік қосуымен 

қатар, еліміздің бейбітшіл 

саясатын әлемге танытуда да 

мінсіз қызмет етіп келеді.

Қазақстанның 

Еуропадағы қауіпсіздік және 

ынтымақтастық ұйымының 

төрағасы кезінде жоғары 

деңгейдегі өткізілген саммит, 

Әлемдік және дәстүрлі діндер 

көшбасшыларының съездері, 

Астана экономикалық фору-

мы, т.б. көптеген халықаралық 

басқосулар Астана айбынын 

асқақтатқаны сөзсіз. ЭКС-

ПО-2017  халықаралық 

көрмесінің де ойдағыдай өтіп, 

еліміздің, елордамыздың 

беделіне бедел қосатынына 

кәміл сенеміз.

Президент Нұрсұлтан 

Назарбаевтың ел астана-

сын Алматыдан Ақмолаға 

көшіру туралы шешімінің 

бір күнде пайда болмағаны 

сөзсіз. Көп ой мен терең 

толғаныстың, көптеген саяси, 

экономикалық есептеулердің  

нәтижесі екендігі аян. Осы 

тұста желмаясына мініп, 

еліне жерұйық іздеген Асан -

қайғының тынымсыз тірлігі 

түседі еске. Асанқайғы баба-

мыз арман еткен жерұйығы, 

жұрты мамыражай бейбіт 

өмір сүретін мемлекеті бүгінгі 

тәуелсіз Қазақстан кезінде өмір 

шындығына айналып отыр. 

Бүгінгі таңда Елбасы мен елор-

да егіз ұғымға айналды.

«Әрбір қаланың өз тағдыры 

бар. Ол тұрғындарының, туған 

елінің тағдырымен  тығыз бай-

ланысты. Біздің бас қаламыз  

Астана – Тәуелсіздігіміздің 

төл перзенті. Астананың 

болашағы – тәуелсіз еліміздің 

болашағы»,  – дейді Прези-

дент Нұрсұлтан Назарбаев. Ел 

Тәуелсіздігінің символына ай-

налып отырған Астанаға халық 

ықыласы да ерекше. Бүгінгі 

таңда елордаға арнал ған 

өнер туындылары жетерлік. 

Кәсіби өнер иелерімен қатар 

қарапайым адамдардың да 

Астанаға арнап өлең-жыр 

жазғандарының куәсі бо-

лып жүрміз. Бұл – шынайы 

ықылас-ниеттің көрінісі болса 

керек. Қазақстандықтарды 

сүйсіндіріп, біріктіруші фактор 

ретінде қызмет етіп отырған 

бас қаламыз биыл өзінің 16 

жылдығын атап өткелі отыр. 

Осы аз уақыт ішінде сәулет 

өнерінің сұлу туындысына,  

республика жұртшылығының 

сүйінішіне,  барша әлемнің 

назарына ілініп үлгерген 

Астананың айбыны асқақтай 

берсін деп тілейміз.

Сабыржан МҰХтАРОВ


№ 27 (137)  4 шілде 2014 жыл

Қ

қ



8

Телебағдарлама

8

7 шілде – 13 шілде

    7 шілде, дүйсенбі                      8 шілде, сейсенбі                       9 шілде, сәрсенбі                    

10 шілде, бейсенбі

07.00  «Таңшолпан»

10.00, 02.00 Дауа

10.35 Айтуға оңай

11.20 Қазақстан би әлемі

11.40  «Спортты  серік  еткен  Ел  мен  Елбасы» 

Арнайы тележоба

11.50 Апта.kz

12.55 Ақсауыт

13.25 Кино «Елбасы жолы: Теміртау»

15.05 «Әйел бақыты» 

16.10 «МЕН ҚАШАНҒЫ ЖҮЙРІГІҢ...».

17.30, 20.30, 00.00, 03.00 ЖАҢАЛЫҚТАР

17.50  АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ

18.15 «ӘН ЖҮРЕГІМ – АСТАНА» Гала-концерт 

21.05 Астанаға 16 жыл «МЕН КӨРГЕН ЕЛБАСЫ: 

ҚИЫРДАН ҚАЙТҚАНДАР»

21.30 «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ». Ретро-

концерт

23.30, 02.30  Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев



00.35 Арнайы репортаж

01.00 «Астанадан – атырапқа». Арнайы 

тележоба

01.30 «Шарайна»



ХАбАР

07.00 Кино. «Бәйтерек» 

08.10 «Астана кештері»өнер фестивалі (2014 г.)

10.00 «Звезда Евразии» Д/ф

11.30 «Әлем». Astana Ballet

12.20 «Лесной этюд» Д/ф

13.00,17.00, 20.00, 00.00 Жаңалықтар

13.15 «Magic Astana». Фестиваль 

иллюзионистов

15.00, 18.00, 21.00, 00.30 Новости

15.10 Кино. «Осторожно, корова»

17.15  Д/ф «Астана: воплощенная мечта»

18.15  Гала-концерт  песенного  конкурса  «Ән 

жүрегім – Астана»

20.30 Бюро расследований

21.30 Ретро – концерт «Мечты сбываются»

23.30 Тотальный футбол

01.00 Кино. «Қыз Жібек»



ЕУРАЗИЯ

06.00, 12.10 ОНИ И МЫ

06.45 ПОСЛЕДНЯЯ МИМЗИ ВСЕЛЕННОЙ

08.10, 22.00 Паутина

09.00 Новости

09.10 Х/ф «Любовь и голуби»

11.10 СВАДЕБНЫЙ ПЕРЕПОЛОХ

13.10 101 КЕҢЕС

13.40 Х/ф «Обменяйтесь кольцами»

15.50 ДОБРЫЙ ВЕЧЕР, КАЗАХСТАН!

16.45 Х/ф «Незабудки»

21.00 Новости

21.28 ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05 ДУ ҚОЛ ШОКОЛАД

00.10 «Департамент» Т/с

02.15 «Человек, который знал все» Х/ф



5 КАНАЛ

ПРОФИЛАКТИКА

10.00,  14.45,  19.30,  21.40  Ауа  райы  болжамы. 

Прогноз погоды

10.05 «Дәмдес болайық»

10.30 «Жақсылардан ғибрат»

10.50 Мерекелік концерт

13.00 Х/ф «От сердца к сердцу»

14.35, 18.00, 21.30 Рекламный Визит

14.50 Х/ф «Акула»

18.10 5 арнадағы ән-әуен

19.00 Ваш день

21.20  «Будем здоровы»

23.15 Д/ф «Болезни века. Кто кого»

00.15 Әуенді Қазақстан

02.30 Деректі фильм



 ҚАЗАҚСтАН-ҚАРАҒАНДЫ

09.00 Әсем әуен

10.00 АПТА

11.00, 13.50, 15.50, 17.50, 22.00 Реклама

11.10 Қуырмаш

11.45 Д/ф «Қазақтың салт-дәстүрлері: Жанұя»

12.00 Кино. «Көшпенділер»

14.00  «Айналдым  сенен,  Атамекен-ай»  Ш. 

Сариевтің шығармашылық кеші

16.00 Х/ф

17.25 Д/ф «Ақмоланың аршынды қадамы»

18.00 «Ғажайып Астана» (2013г.)

19.00 Д/ф «Елбасы және ел шежіресі»

19.20 Жан тербеткен әуендер

19.50 «Біржан-Сара». Екі бөлімді опера

22.10 «Жаужүрек мың бала». Кино

07.00  «Таңшолпан»

10.00 Айналайын

11.00 Айтуға оңай

11.45,19.40 Көк тарландары

12.30, 17.30, 20.30, 23.40, 02.45 

 Жаңалықтар

12.45 Арнайы репортаж

13.10 «Алаң»

14.00,14.55 Мультсериал

15.05 «Әйел бақыты»

16.10,00.05 «Келін» Т/с

17.00,01.15 Жарқын бейне

17.50 Еңселі Елорда

18.05 Бірегей бапкер

18.30 Ас болсын!

19.10, 00.10 ЕХРО жолы

21.50 Ауыл сақшысы

23.30, 02.30 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев



ХАбАР

07.00 «Жаңа күн» 

09.00, 11.00, 13.00,17.00, 20.00, 00.10 Жаңалықтар

09.10 Бюро расследований

09.40 Док. сериал

10.00,  15.00, 18.00, 21.00, 00.40 Новости

10.10 Жігіт сұлтаны

11.10,22.20 «След» Т/с

12.00, 21.30 Т/с «Сулейман Великолепный»

13.15, 23.00 Көзқарас

13.45 Фестиваль

15.10 «Семейный дом» Кино

16.00 «Перекресток в Астане»

16.35 Мультсериал

16.50 Подари детям жизнь...

17.15, 01.10 Арнайы хабар

17.45 100 бизнес-историй

18.15 «Траткоршының махаббаты Т/с

19.10 «Біз»

23.00 «Жансарай»

01.40 Жаңалықтар.  Бизнес.  ҚР Әнұраны

ЕУРАЗИЯ

06.00 Т/с «Құрбылар»

06.50, 18.00 Жаңалықтар

07.00 «Доброе утро»

11.00 Т/с «Шаман»

11.55  Истина где-то рядом

12.25 Модный приговор

13.35,19.00 Караоке такси

14.10 101 кеңес

14.35 Паутина

14.55  «Мамочки» Т/с

15.50 Судебные истории

16.50 Давай, поженимся!

19.00 Телесериал

21.00 Новости

21.30 «Сваты 4» Х/ф

22.45 Пусть говорят

00.15 «Департамент» Т/с

01.40 FIFA. ЧЕМПИОНАТ МИРА ПО ФУТБОЛУ ½ 

ФИНАЛА.


5 КАНАЛ

06.30  Таңертеңгілік «5-арнада»

06.30, 20.40  Вести-Россия

07.00, 19.35, 21.40 Шарайна

07.35, 09.15 «Бодрое утро»

07.50, 14.35, 18.00, 22.40 Рекламный визит

08.00, 13.00, 20.00, 22.00 Новости

08.30 «Наши дети»

08.35, 13.40 Аймақ жаңалықтары

08.50 «Дәмдес болайық»

13.30, 20.30, 22.30 P.S

13.50, 02.30 Деректі фильм

14.45 «Прямой эфир»

16.00 «Сау болайық»

16.10 Телесериал

17.00 «Орталық Азия»

17.30 Жастар

18.10 5-арнадағы ән-әуен + ТV – ЧАТ

18.30 «В ритме нашего города»

19.00 Ваш день

19.25 Спокойной ночи, малыши!

21.00 «С новым домом!»

22.50 Худ. фильм

00.35  Әуенді Қазақстан + ТV - ЧАТ



 ҚАЗАҚСтАН-ҚАРАҒАНДЫ

09.00 Әсем әуен

10.00 Кино «Дүние-жарық»

 11.00, 18.50,  21.50, 23.05 Реклама

11.10 Х/ф «Путь лидера»

12.05 «Парыз» Т/с

12.50 Білгім келеді

13.00, 17.50 Жаңалықтар-Новости

13.20 «Лиззи Макгуайер» Т/с

18.30 Арена

19.00 «Эхо»

19.35 Тілашар.

20.00, 22.00 Қорытынды жаналықтар-Итоговые новости

20.45, 22.45 Уақыт.kz

21.00 Т/с «Право на помилование»

23.15 «Тақиялы періште» Кино

1.50 Мәңгілік мұра» 

07.00 «Таңшолпан»

10.00, 21.50  Ауыл сақшысы

11.10,21.05 Айтуға оңай

11.45,19.40 Ағайынды

12.30,17.30,20.30,00.00,03.00 Жаңалықтар

12.45,18.10,01.15 ЕХРО жолы

13.05 Сәнді баспана

13.30 Заң және біз

14.05 «Саяхатшы Дара» М/с

14.55 Мультсериал

15.05 «Әйел бақыты»

16.10,22.40 «Келін»  Т/с

17.00 Шетелдегі қазақ балалары

17.50,23.45 «Өзекжарды»

18.05 «Бірегей сардар»

18.30 «Толағай»

19.05 «Қылмыс пен жаза»

23.30  Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев

01.15 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. ФИФА. ОЙЫНҒА 

ПРЕВЬЮ

01.45 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. ФИФА. 2-ШІ 



ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ

04.05 ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ. ФИФА. ОЙЫНҒА 

ШОЛУ.

ХАбАР

07.00 «Жаңа күн» 

09.00, 11.00, 13.00, 17.00, 20.00, 00.00 Жаңалықтар

09.10 Арнайы хабар

09.35 Док. фильм

10.00,  15.00, 18.00, 21.00, 00.30 Новости

10.10 Аймақтар Аламаны

12.00,21.30 «Сулейман Великолепный» Т/с

13.15, 23.00 Көзқарас

13.45 «Жыр Астана» Концерт

15.10 Телесерирал

16.00,20.30 «Перекресток в астане» Т/с

16.35 Мультсериал

16.50 Подари детям жизнь

17.15,01.10 Жаңа қоғам

17.30 Бизнес-сыры

18.15 «Тракторшының махаббаты» Телесериал

19.10 «Біз»

23.00 Көзкөрген

01.30 Жаңалықтар



ЕУРАЗИЯ

06.00 Т/с «Құрбылар»

06.50,18.00 Жаңалықтар

07.00 Доброе утро

11.00 «Шаман» Т/с

11.55,15.25 «Истина где-то рядом»

12.25,02.50 Модный приговор

13.35,19.55 Караоке такси

14.10,20.00 101 кеңес

14.35,20.30 Паутина

15.00 «Мамочки» Т/с

15.50 Судебные истории

16.50 Давай поженимся

18.00  Футбол. ФИФА.

18.55 Телесериал

21.00 Новости

21.30 «Сваты 5» Х/ф

22.45 Пусть говорят

00.15 «Департамент» Т/с

03.10  Х/ф «Катина любовь»



5 КАНАЛ

06.30 «Таңертеңгілік 5-арнада»

06.30,20.40 Вести-Россия

10.00,19.35,21.35 Шарайна

07.35,09.15 «Бодрое утро»

07.50,14.35,17.35,21.50 Рекламный визит

08.00,13.00,20.00,22.00 Новости

08.30 Буду верным другом

08.35 Наши дети

08.40,13.40 Аймақ жаңалықтары

08.50 «Дәмдес болайық»

13.30,20.30,22.30 Р.S

13.50 Эколайф

14.10 Азия айнасы

14.45 «Прямой эфир»

15.40 Дело вкуса

16.10 «Катерина. Семья» Т/с

17.00,02.30 Деректі фильм

17.50 Моя Караганда

18.10 5 арнадағы ән-әуен

19.00 Ваш день

19.25 «Спокойной ночи, малыши!»

21.20 «С новым домом!»

22.50  Х/ф

00.35 Әуенді Қазақстан

02.30 Деректі фильм



 ҚАЗАҚСтАН-ҚАРАҒАНДЫ

07.00,13.00,17.50,20.00,22.00 Жаңалықтар-Новости

07.45,11.00, 12.50,15.50,18.50,  21450 Реклама

07.55 Әсем әуен

09.00,21.00 «Без срока давностии» Т/с

09.50 Мультфильм

10.00 Жаңалықтар-Новости

10.45,20.45,22.45 Уақыт.кз

11.10 «Эхо»

11.40 «Тілашар»

11.55 «Мәңгілік мұра»

12.05 «Парыз» Т/с

12.55 «Білгім келеді»

13.20 «Лиззи Макгуайер» Т/с

18.30 Здравствуйте!

19.00 «Ізгілік сабағы»

19.35  ARGA-туризм

20.00 Қорытынды жаңалықтар

21.00 «Право на помилование» Т/с

23.15 Кино «Давай поженимся»

07.00 «Таңшолпан»

10.00, 21.50  Ауыл сақшысы

11.00, 21.05  Айтуға оңай...

11.45,19.40 Ағайынды

12.30,17.30,20.30,00.00,03.00 Жаңалықтар

12.45 Агробизнес

13.10 Сіз не дейсіз?

13.35 Док. фильм

14.00,14.55 Мультсериал

15.05 «Әйел бақыты»

16.10,22.40 «Келін» Т/с

17.00,01.45 Мың түрлі мамандық

17.50,00.35 Қылмыс пен жаза

18.15 Еңбек түбі – береке

18.20,01.05 Қазақстанның жиырма кереметі

18.50,01.20 ЕХРО жолы

19.15 «Жаңа Қазақстан-2050»

22.00 Арнайы тележоба

23.30,02.25 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев

01.55 Мәлім де беймәлім Қазақстан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет