Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бəрі бос. Абай



жүктеу 8.51 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата28.12.2016
өлшемі8.51 Mb.
1   2   3   4   5

Серікгүл АлТАйбАЕвА

Суреттерді түсірген:



Қарлығаш бЕйСЕнҚызы

Қ

қ

5



№ 39 (149) 26 қыркүйек 2014 жыл

Дөңгелек үстел

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақтың ірілері-ай!

Қазақ халқының ғасырлар бой-

ғы  тәуелсіздікке  ұмтылған  ас ыл 

арманы  XX  ғасырдың  бас тап қы 

кезеңінде  Алаш  рухы  болып  қайта 

оянғаны  тарихтың  жадында.  Арда 

азаматтардың ұлт мүддесі жөніндегі 

ойлары  мен  жұртымыздың    халық 

болу  жолындағы  жан  айқайы  өз-

ара    ұштасып  жатты.  «Егеулі  най-

за  қол ға  алып,  еңку,  еңку  жер 

шалған» 


Махамбеттің 

рухын 


оятқан  біртуар  азаматтар  да  осы 

уақытта өз халқымен бірге болғаны 

кешегі  күннің  елесі,  тарихтың  төл 

таңбасындай  еді.  Өз  халқының 

отаршыл  империяның  құрамына 

кіру  себебі,  ел  болу  жолындағы 

өткел  бермес  өмір  асулары  мен 

тарих  қатпарларымен  бетпе-бет 

келу  жолын жақсы түсінген ұлт зи-

ялылары  «Маса»  болып  ызыңдап, 

«Оян,  қазақ!»  деп  жан  ұшыра 

айқайлады.  «Қараңғы  қазақ  көгіне, 

өрмелеп  шығып  күн  болам!»    деп 

өз жырында қазақ халқының ғылым 

мен  білім  жолында  бағындырар 

белесі  көп  екенін  анық  түйсінген 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров    пен 

хакім Абай, болашақ жас ұрпақтың 

қолында  екенін    «Мен  жастарға 

сенемін!»  өлеңі  арқылы  Мағжан 

да  өз  ұрпағына    жанынан  шыққан 

үндеулері  арқылы  өсиет  хатын 

қалдырып кеткен. 

Қазақ  халқының  басынан  тағ-

дыр дың  небір  зұлматты  кезеңдері 

өтіп,    XX  ғасыр  табалдырығын  ат-

тағалы    тұрған  тұста  1894  жылы 

халқымыздың  бағына  біт кен  «Үш 

бәйтерегі»  өмірге келген еді. Қазақ 

әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз 

үлес қосып, аз ғұмырларында туған 

халқына  мол  мұра  қалдырып  кет-

кен  ұлтымыздың  дана перзенттері 

Жүсіпбек  пен  Сәкен,  Ілияс  пен 

Бейімбеттің  еңбектері  кешегіні 

ғана  емес,  бүгін  мен  болашақты 



2014 жылдың 18 қыркүйегі күні Тұңғыш Президенттің тарихи – 

мəдени орталығында Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдық, Сəкен Сей-

фуллин, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиннің 120 жылдық мерей-

тойларына орай «Қазақтың ірілері – ай!» тақырыбында дөңгелек үстел 

өтті. 

да  көре  білген  төл  тарихымыздың 

таңдамалы  туындылары  ретінде 

өз орындарын алған. Алаш мұраты 

жолында қызметтер атқарып, туған 

даласына  деген  сүйіспеншілігі 

мен  адал  ниеттерінен  туған  өлең 

жыр лары,  романдары  мен  по-

эмалары  тағдыр тәлкегіндегі қазақ 

халқының  сол  замандағы  шынайы  

бет  болмысын  ашып  көрсеткен, 

қазақ 


даласының 

байлығын, 

қоғам  өміріндегі  бай  мен  кедейдің 

тең   сіздігін  жалынды  шумақтар, 

тұщымды әңгімелер  арқылы оқыр-

манға  жеткізе  білген  дарынды 

суреткерлердің  туындылары  іспет-

тес.


Тарихи  –  мәдени  орталықтың 

кіші  конференция  залында  болып 

өткен  дөңгелек  үстелге  қала мыздағы 

қазақ орта мек теп терінің Қазақстан та-

рихы  және  қазақ  әдебиеті  пәндерінің 

мұғалімдері  мен  оқушылары,  сондай 

–  ақ  орталықтың    қызмет кер лері 

қатыс ты.  

Аталмыш  іс-шара  Кәкімбек 

Са лық  овтың 

сөзіне 

жазылған 



Мұратбек  Егінбаевтің    «Үш  арыс» 

бейнебаянынан бастау алып, қазақ 

қара  сөзінің  құлжасы    Жүсіпбек 

Аймауытов  жайында  арнайы  дай-

ын далған  деректі  фильммен  жал-

ға сын  тапты.  Журналист,  ақын, 

жазушы,  публицист  сыншы,  асқан 

шебер  аудармашы,  әрі  педа-

гог  ағартушы,  көркем  сөз  шебері 

Жүсіпбек  Аймауытовтың  ерен 

еңбегінің  бір  парасын    №8  қазақ 

орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  мәнінің  мұғалімі  Фари-

да  Бабиханқызы  «Жүсіпбек  қазақ 

әдебиетін қалыптастырушылардың 

бірі»  тақырыбындағы  баяндама-

сында  кеңінен  ашып  көрсеткен. 

Жиынға    қатысуға  келген  мек-

теп  оқушылары  да  жазушының 

«Қартқожа»  мен  «Ақбілек»  ро ман-

дарының  желісіне  үңіліп,  өз  ойла-

рын ортаға салып отырды.  

Ал,  қаламыздағы  №10  орта 

мек тептің Қазақстан тарихы пәнінің 

мұғалімі  Жұлдызай  Тасболат-

қызының «Сәкен Сейфуллин – сыр-

шыл ақын» тақырыбындағы арнайы 

дайын дал ған баяндама слайды да 

Сәкен  өмірінің  сырлы  кезеңдерін 

суреттеп берді. Талантты ақынның  

«Сыр  сандығын»  ашып  көруге 

тырысқан  мектеп  оқушыларының 

ойлары мен орталық қызметкерлері 

мен  мұғалімдер  арасында    қызу 

пікірталас    тудырған  өзекті  әңгі ме-

лер ге арқау болды. 



«Жер таппан жерге жетер   

 

 

Жетісуым

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,

Асқардың аспан сүйген сілекейін,

Жан бар ма татпайтұғын,   

 

 

айтпайтұғын, 

- деп туған даласын өз өлеңіне 

арқау  еткен  Жетісу  тумасы,  алты 

Алаштың  ардақты  ұлдарының 

бірі  Ілияс  Жансүгіровты  –  қазақ 

поэзиясының  Құлагеріне  теңеп, 

жиналған  қауымға  өз  баяндамасы 

арқылы  молынан  мағлұмат  берген 

№2  қазақ  орта  мектебінің  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 

Тілеуке Ұлжаннан кейін де жиынға 

қатысушылар  «Құлагер»  поэмасы 

арқылы  Ақан  сері,  «Күй»,  «Күйші» 

поэмалары  арқылы  ұлт  өнерінің 

өткеніне үңіліп, қазақ өнерінің заман 

ағымындағы  өз  орны  жайындағы 

пікірлерімен де бөлісе отырды. 

№9  қазақ  мектеп  –  лицейінің 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 

мұғалімі  Гүлнар  Базарымбетқызы 

өзінің  «Бейімбет  Майлин  –  реа-

лист  ақын»  тақырыбындағы  ба-

яндамасында  поэзия,  проза,  дра-

ма  саласында  ерен  еңбек  еткен 

қаламгер  өмірінің  қилы  кезеңдерін 

тілге тиек ете отырып, Бейімбеттің 

қоғамдық  жұмыстардағы  рөлін, 

халықты  сауатсыздықтан  құтқару 

жолындағы  атқарған  қызметтеріне 

ерекше  көңіл  аудартты.  Жазушы-

ның  қаламынан  шыққан «Шұғаның 

белгісі» әңгімесі бойынша тұшымды 

пікірлерін  айтқан  №15  қазақ  мек-

теп 


гимназиясының 

оқушысы 


Қасымханова  Айдана  да  жазушы 

өміріне  қатысты  тың  деректерге 

әбден қанық екенін жеткізді. 

Жиын  барысында  сөз  алып 

ұлты  мыздың  ұлағатты  ұлдары 

жайында  орамды  ойларын  айтып, 

салихалы пікірлерімен бөлісіп, сан 

жылдар  бойы  өз  мамандығы  бой-

ынша  ұстаздық  етіп  келе  жатқан 

№15  қазақ  мектеп  гимназиясының 

тарих  пәнінің  мұғалімі    Әлия 

Балтабайқызы  дөңгелек  үстел  ба-

рысында  даңқты  жазушылардың 

қазақ  әдебиетіндегі  орны  мен  ұлт 

мұрасына  қосқан  үлестерінің  мол 

екенін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ №17 орта мектептің 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 

мұғалімі  Мадина  Садуақасқызы, 

Ақтау  кентіндегі    №29  қазақ  орта 

мектебінің  тарих  пәнінің  мұғалімі 

Әскергүл  Қадырқызы,    №4  қазақ 

орта  мектебінің  мұғалімі  Ал-

бина  Ауғанқызы  да    ұлт  тари-

хы  мен  әдебиетіне  бей  –  жай 

қарамайтын  ұлағатты  ұрпақ  тәр-

би е леп  келе  жатқанын  дәлелдеді. 

Дөңгелек  үстел  барысында  өз 

ойлары  мен  пікірлерін  деректер  

арқылы  көпшілікке  жеткізіп,  ақын 

жазушыларымыздың 

шығар ма-

ла ры  мен  өлеңдерін  нақышына 

келтіріп  оқыған  Өтемұратова  Ару-

жан, Рүстемов Думан, Әбілқасынов 

Арман,  Жұмабаева  Ақмарал,  Ай-

ымбетова  Жұлдыз,  Мархабаева 

Гүлназ,  Жұмагүл  Айнұр,  Манатов 

Жалғас    пен  Дәлелхан  Айгерім 

сияқ ты  ұл  –  қыздарымыз  осының 

дәлелі.

Түйін: Кеңестік кезеңнің 

қанды шеңгелі қазақ ұлтының 

басына төнген қайғы мен 

қасіретті, орынсыз жабылған 

жала мен жазықсыз қуғын 

– сүргінді əкелді. Бұл, елім 

деп еңіреген небір аяулы 

азаматтарымыздың өміріне 

балта шапқан сұм заманның 

запыранға толы жылдары еді. 

Бірақ тарих  айналдырып алып 

келгендей Алаш арыстарының 

аңсаған арманы орындалып, 

Жүсіпбек пен Сəкен, Ілияс пен 

Бейімбеттің халқы тəуелсіздік 

құсын қолына қайта қондырды. 

Ұлт мұрасын ұлықтай білетін, 

баба аманатын арқалай 

алатын білімді, білікті ұрпақ 

əдебиет пен мəдениетті ң, өр 

тарихтың ақтаңдақтарын 

ардақтай түспек!

                                                                    

  

Қуаныш ТЫНЫБЕКҰЛЫ,

Тұңғыш Президент тарихи – 

мəдени орталығының 

экскурсия жетекшісі

                                         Ана тілі – бәріміздің анамыз,

                                         Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

 

 



 

 

 



Н.Ә.Назарбаев.

Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  болып 

саналады. 

Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тіл.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан 

–  ұрпаққа  мирас  болып  отырған  баға  жетпес  асыл  мұра.  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып , 

«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес,  сонымен қатар 

ана тіліміздің болашағы» деген.

Біздің №32 ота мектебінде «Үш тілді» қарсы алу дәстүрге айналған. 

Жылда  мерекеге  арнап  қабырға  газетінде  «Үш  тұғырлы  тіл»  туралы 

өлең – жырлардан үзінді беріледі.

Ал 1 – 11 сынып оқушылары  ұстаздармен бірге тамаша мерекелік 

іс – шаралар өткізеді. Бұл іс – шарада  қазақ тілі, орыс тілі және шет 

тілдер мұғалімдері мен оқушылар қатысып өз өнерлерін көрсете білді. 

Іс – шаралар үш тілде жүргізілді.

Мектебімізде  линейка,  кітап  көрмесі,  сайыстар,  сынып  сағаты, 

ойын  –  викторина,  шығарма,  зеректер  марафоны  және  үзілісте 

қазақтың ұлттық ойындары жүргізілді. 

1-11  сынып  аралығында  «Тілім  менің  –  досым  менің»  атты 

тақырыпқа сай 1 – 3 қабаттарда линейка өткізілді.

5-11  сынып  оқушылары  «Біз  түрлі  тілде  сөйлейміз»  газеттер 

байқауы болды.

5-11 сынып оқушылары «Халық өмірі - тілінде» сынып сағаттарын 

өткізді. Бұл сынып сағаттарында оқушылар тілді меңгере отырып көп 

мағлұматтар алды. 

5-11  сынып  оқушылары  үшін  Қазақстан  халқының  Тілдер  күніне 

бағытталған ойын – викторинасы жүргізілді. Оқушылар бұл ойынға ат 

салыса отырды. 

7  –  9  сынып  оқушылары  «Біз  түрлі  тілде  сөйлейміз»  атты 

байқауында оқушылар шығарма жазды. Үздік жазған шығармаға гра-

мота берілді. 

Сонымен мерекенің салтанатты рәсіміне барлық сынып оқушылары 

түгелдей белсене қатысып концертпен аяқталды.

                                         

Бақытгүл РЫСПАЕВА, 

№ 32 орта мектебі

                                                      қазақ тілі ƏБ жетекшісі

Мемлекеттік тіл –

 менің тілім

Тіл –  халықтың жаны, адам ойының  айнасы.  Біздің тіліміз 

– ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген асыл қазынамыз, өз 

атамекенімізде жүргендіктен өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз.  

Қай ұлттың болмасын өз тілі, діні, ділі болады. Олардың барлығы да 

мәдениет пен өркениетті, өмір танымын  өздерінің туған 

тілінің арқасында танып біледі. 

 Қазақ тілі  өте бай тіл. Бір сөздің өзінде қанша мән – 

мағына жатыр десеңізші!  Туған тіліміз жайлы қаншама ақын 

– жырауларымыз жырлап өткен.  

«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ», - 

деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей  бұл өмірде өз 

тілімізден артық қасиетті ештеңе жоқ. 

Қазіргі таңда  тіліміздің қолдану аясын кеңейту,  

маңыздылығы мен мәнділігін арттыруға баса көңіл бөлініп 

келеді. «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан кейін  Тілдерді да-

мыту мен қолдану аясын кеңейтуге бағытталған  бағдарлама 

әзірленіп, кезең – кезеңге бөлініп жүзеге асырылуда. 

«Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде» екендігін баса 

көрсеткен Елбасымыз  халыққа өз тілін қастерлеуді,  қазақ 

жерінде тұрып жатқан  көп ұлтты  халықтың    мәдениеті 

мен тілін, салт – дәстүрін құрметтей отырып,  қазақ тілінің 

қолдану аясын  кеңейтуді, мәртебесін арттыруды тапсырды. 

Бұл күндері  өкінішке орай ана тілін  көбірек білсем, 

тереңірек түсінсем деген  ойдан гөрі «Оны кім оқиды дейсің?, 

«Оған кім қарайды дейсің?»- деген сөздерді жиі айтатын  

қаракөз қандастарымыз  тіліміздің мәні мен маңыздылығын 

әлі де болса түсіне қоймаған сияқты.  Бұндай ойдағы 

қандастарымыз  тіл – ұлттың  жаны екенін, тілсіз ұлт та 

құрып кететінін түсінбейтін, түсінсе де мән бермейтін сияқты.  

Бұндай қазақтардан гөрі  «қазақ тілін үйренгім келеді, ол 

болашақта маған керек» деген  өзге  ұлт өкілдерін көріп бір 

марқайып қаласың.  

«Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше сөйлесең бұл 

– сүйініш, ана тілін білмей тұрып, орысша сөйлесең бұл - 

күйініш», - деп Халел Досмұхамедұлының айтқан дана сөзі  

өз тілдерін білмейтін  қаракөз қандастарымызды ойланды-

рар деген ойдамыз. 

Тіліміздің дамуы мен мәртебесінің артуы  өз қолымызда.  

Алдағы 2020 жылға дейін Қазақстан азаматының  97 % қазақ 

тілінде сөйлеуі  керек екенін есімізден шығармауымыз керек. 

Осындайда  Ғұмар Қарыштың: «Біз тілімізді қанша сақтасақ, 

ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз», - деген  дана сөзі оралады. 

Еліміз еңсесі биік ел болсын десек өзіміздің тілімізге, мәдениетіміз бен 

салт – дәстүрімізге  ерекше көңіл бөлгеніміз абзал!

 

Жанаркүл ЖАУҒАШАРОВА,   



Теміртау қ. ІІБ Шығыс ПБ

МТАТ жетекші маманы

Тіл – халықтың жаны

Бабамнан қалған байрағым едің


№ 39 (149)  26 қыркүйек 2014 жыл

Қ

қ



6

нұрсұлтан нАзАрбАЕв: 

Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі

Ұлттық байқау

Ел және Елбасы

 Елордадағы «Қазақстан» 

орталық концерт залында әр 

облыс пен Астана және Алматы 

қалалары бойынша жеңімпаз 

атанған он алты отбасын ма-

рапаттау салтанаты өтті. Үлкен 

жиынды ашып берген Қазақстан 

Республикасының Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев отбасы 

институтын нығайту, қоғамда 

отбасы құндылығын дәріптеу, 

мерейлі де сыйлы отбасыларды 

үлгі-өнеге ету арқылы өскелең 

ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу тура-

лы сөзін төмендегіше өрнектеді.

Қымбатты отандастар!

Баршаңызды елімізде 

тұңғыш рет ұйымдастырылған 

«Мерейлі отбасы» байқауымен 

құттықтаймын. Менің 

Жарлығыммен қыркүйектің 

екінші жексенбісі былтыр 

«Отбасы күні» мере кесі бо-

лып белгіленді. Бақытты 

балалық шақ пен алаңсыз 

қарттық, әрбір шаңырақтың 

шаттығы – «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының ең басты 

мақсаттарының бірі.

Отбасы – береке-бірліктің 

қайнар көзі. Отбасының бірлігі 

– Отанның бірлігі, ағайынның 

татулығы – Атамекеннің 

тұтастығы. Біз жас ұрпақтың 

білімді, дені сау болуы, әрбір 

некенің мызғымас берік болуы, 

қарттардың зейнетті өмір кешуі 

үшін барлық жағдайды жасап 

келеміз. Бұл демографиялық 

ахуалға оң әсерін тигізуде.

Тәуелсіздік кезеңінде 

елімізде 6 миллионнан астам 

сәби дүниеге келді. Соңғы 

жылдары халқымыздың саны 

14,8 миллионнан 17 миллионға 

артты. Тек өткен 1 жылдың 

өзінде 254 мың адамға көбейдік. 

Салыстыру үшін айтар болсақ, 

бұл тұтас Қостанай қаласының 

халық санымен пара-пар. 

Статистика бойынша елімізде 

әрбір 90 секунд сайын дүние 

есігін жаңадан ашқан сәбидің 

іңгәлағаны естіледі.

Соңғы 20 жылда елімізде 

1000 білім ордасы мен 800 

денсаулық сақтау ныса-

ны салынды. Бұрын-соңды 

Қазақстанда ешқашан 

жасалмаған күрделі операци-

ялар қолға алынды. Соның 

нәтижесінде ел азаматтарының 

орташа өмір ұзақтығы 70 

жастан асты. Біз әлемдегі ең 

жас халықтардың біріміз. Ел 

тұрғындарының орташа жасы 

– 26. АҚШ-та бұл көрсеткіш – 

36, Еуропа Одағында 41 жас. 

Барлық көрсеткіштер бойынша 

біз – өсіп, өркендеп келе жатқан 

жас елміз. Бұл біздің кезінде 

дұрыс таңдау жасағанымыздың, 

қазір дұрыс бағытқа бет 

алғанымыздың айқын көрінісі.

Қымбатты қазақстандықтар!

Салтанатты рәсімге 

қатысушылар!

Мен сіздерді «Мерейлі от-

басы» тұңғыш жалпыұлттық 

байқауының табысты 

аяқталуымен құттықтаймын! 

Бұл барлық 17 миллион 

қазақстандықтардың ортақ сал-



Мемлекет басшысының «Мерейлі отбасы» 

Ұлттық байқауы жеңімпаздарын марапаттау 

рәсімінде сөйлеген сөзі.

Мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаев 

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы жеңімпаздарын 

марапаттау рәсіміне қатысты. 

Елбасының арнайы Жарлығымен, Президент 

жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөнін дегі ұлттық 

комиссияның ұйым дастыруымен еліміздің он 

төрт облысы мен Астана және Алматы қалаларын 

қамтыған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 

мәреге жетті.

танаты.


Біздің еліміз – бәріміз 

бірге біртұтас отбасы ретінде 

құрып жатқан Бейбітшілік пен 

Келісімнің үлкен де берік Үйі. 

Онда біздің балаларымыз, 

немерелеріміз және барлық ке-

лер ұрпақ қауіпсіз, молшылықта 

және әл-ауқатты өмір сүруі 

үшін оны ғасырларға арнап 

тұрғыздық. Әркімнің басында 

баспанасы, оқуға, денсаулығын 

нығайтуға, лайықты жұмыс 

істеуге, дастарқанында ыстық 

нан болу мүмкіндігін қаладық. 

Бұл халықта болуы мүмкін ең 

қымбат дүниелер.

Бүгінгі мерекенің терең 

мәні бар. Біріншіден, жердегі 

өркениеттің бүкіл хроноло-

гиясы – кез келген қоғамның 

негізі ретіндегі Адамзат 

Отбасының Ұлы тарихы. 

Екіншіден, отбасы – өте ұлы 

құндылық. Мыңжылдықтар 

мен ғасырлардан бері от-

басы әрбір қоғамның 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан 

моральдық салттардың, ұлттық 

дәстүрлердің сақтаушысы  

болып табылады. Үшіншіден, 

отбасы – өз халқыңа, оның 

мәдениеті мен тұрмысына деген 

сүйіспеншіліктің сарқылмас 

қайнар көзі. Ол ата-аналар, 

балалар мен немерелер 

бақытының призмасы арқылы 

өтетін патриотизм мен Отанның 

өркендеуіне деген мәңгілік 

қамқорлықтың қайнар көзі. Ол 

ұрпақтардың ғасырлық өзара 

байланысы. Төртіншіден, ХХІ 

ғасырда жаһандану дәуірі 

отбасы мен бақытты неке 

құндылықтарын прогрестің 

маңызды шарттары етеді. Оны 

қазіргі заманғы әлемнің барлық 

табысты елдерінің тәжірибелері 

айғақтайды.

Қымбатты достар!

«2050 Стратегиясында» біз 

әлемнің ең дамыған 30 елінің 

қатарына ену жөнінде орасан 

зор мақсат қойдық. Бұл тек 

іс-қимыл жоспары ғана емес. 

Біз ел болашағының, әрбір от-

басы бола шағының бағдарын 

көрсетіп отырмыз. ХХІ ғасырдың 

ортасында отбасыларының 

басым көпшілігі тыныштық 

пен молшылықта өмір сүрген 

елдер ең дамыған мемлекеттер 

болып шықпақ. Олар балаларын 

тәрбиелеп, оларға сапалы білім 

беріп, аға буынға қамқорлық 

танытып, саламатты өмір салтын 

ұстанбақ.

Қазақстанды жасампаздан-

дыра және нығайта отырып, 

қысқа мерзімде орасан зор 

жұмыстар тындырдық. Біз елді 

өзгерттік, бүгінде көзқарастары 

мен болашаққа ұмтылыстары 

жаңаша мүлде жаңа буын 

өсіп келеді. Тәуелсіздік жыл-

дары ішінде, қиындықтар мен 

жаһандық дағдарыстарға 

қарамастан, қазақстандықтар 

табысы 16 еседен астамға арт-

ты. Мемлекеттің білім беру мен 

денсаулық сақтауға қаржылай 

шығындары 10 есеге ұлғайды. 

Біз қазақстандықтардың 

сенімді жұмысы және лайықты 

еңбекақылары болуы үшін инду-

стрияландыруды жүргізудеміз, 

жаңа кәсіпорындар салудамыз. 

Шағын және орта бизнеске 

қолдау жасау арқылы біз өз 

істерін жүргізіп жатқан жүздеген 

мың қазақстандық отбасылары 

үшін жаңа  мүмкіндіктер ашуда-

мыз.


Біз тұрғын үй құрылысы 

бағдарламасын жүзеге асырып 

жатырмыз. Бүгінде Қазақстанда 

жыл сайын шамамен алты 

миллион шаршы метр тұрғын 

алаңдар іске қосылады. Бұл 

өте атап көрсетерліктей циф-

рлар. Оның үстіне, ХХІ ғасырда 

әлем бұрынғыдан бетер 

күрделенуде. Онда не болып 

жатқанын өздеріңіз қараңыздар! 

Көптеген елдердің экономика 

мен мәдениетке мұршалары да 

жетпей жатыр! Өйткені, онда ең 

бастысы – Бейбітшілік, Келісім 

мен Қауіпсіздік жоқ!

БҰҰ-ның бағалауынша, 

әлемде 100 миллионнан астам 

үйсіздер бар. 12 миллион бала 

баспанасыз өмір сүруде. 1,5 

миллион адам электр қуаты, су 

құбыры мен канализациясы жоқ 

лашықтарда өмір сүруде. Ал 

бізде соңғы жылдары жүздеген 

мың отбасы өздерінің тұрғын 

үй жағдайларын жақсартты. 

Осының бәрі біздің тек өз 

азаматтарымыздың әл-ауқаты 

туралы ғана ойлап, дұрыс бағыт 

таңдағанымыздың және бәрін 

дұрыс жасап жатқандығымыздың 

ең бір сенімді дәлелі. Біз бұл 

жұмыстарды жалғастыра 

беретін боламыз. Біздің табы-

сты алға басу формуламыз әр 

отбасының әл-ауқаты – ол бүкіл 

Қазақстанның өркендеуі мен та-

бысы деп аталатын қарапайым 

ақиқатқа негізделген.

Құрметті отандастар!

Бүгінде бізге отбасын 

нығайтуда, ана мен бала-

ны қорғауда, қарттықты 

лайықты қамтамасыз етуде 

неғұрлым тиімді мемлекеттік 

саясат қажет. Біз құрып жатқан 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 

Жалпыға Ортақ Әлеуметтік 

Жауапкершілік Қоғамы болуы 

тиіс. Әлеуметтік әл-ауқаттың 

көптеген көрсеткіштері бойын-

ша Қазақстандағы жағдайдың 

өзгелерге, тіпті әлемнің ең 

дамыған елдеріне қарағанда, 

біршама жақсы болу фактісі 

біздің тыныштануымызға негіз 

болмауы керек.

Өкінішке қарай, қоғамда орын 

алып отырған кейбір қолайсыз 

фактілерді де көзден таса 

қылуға болмайды. Әңгіме жыл 

сайын шамамен мың жарым-

дай қазақстандық балалардың 

жетімдікке душар болатыны 

жөнінде болып отыр. Бүгінде 

Қазақстанда күтімсіз қалған 

34 мыңдай жетім балалар мен 

басқа да балалар бар. Көбінің 

ата-аналары тірі. 149 мыңдай 

баланың даму мүмкіндіктері 

шектеулі, біздің қолдауымызға 

зәру. 7 мыңнан астам егде 

жастағы адамдар қарттар үйінде 

тұрады, ал олардың көпшілігінің 

дендері сау және табысты бала-

лары бар. Туған балаларын не-

месе ата-аналарын тастап кету 

жағдайын қоғам ұятты көрініс 

ретінде бағалауы керек.

Бұл – біздің жанымызға 

жат құбылыс. Халқымыз әкені 

асқар тауға балаған, алдын 

кесіп өтпеген. «Жұмақ – ананың 

табанының астында» деп, ана-

сын сыйлаған. «Бала – бауыр 

етің» деп, ұр пағына айрықша 

қамқорлықпен қараған. Біз 

қандай жаугершілік заманның 

өзінде жетімін жылатпаған, 

жесірін қаңғытпаған елміз. Ата-

анасын қарттар үйіне тапсыра-

тын қатыгез ұрпақ пен бала-

сынан жеритін көкек ана бізде 

ешқашан болмаған. Бұл – біздің 

дәстүрімізге қайшы, салтымызда 

жоқ әрекет.

Жастық шақта ата-анаңа 

не көрсетсең, қартайғанда 

ұрпағыңнан соны көресің. Бұл – 

халқымыздың өмірлік қағидасы, 

ғасырлар бойы мызғымаған 

отбасылық құндылықтарының 

негізі. Ата-анаға құрметпен 

қарап, алаңсыз қарттық сыйлау, 

ұрпаққа қамқорлық жасау – әрбір 

адамның қасиетті борышы.

Бізді халық арасында 

нашақорлық пен алкоголизмнің 

тарау деңгейі, ВИЧ инфекциясын 

жұқтырғандар саны алаңдатпай 

қала алмайды.

Бүгінде жастар бойын-

да моральдық-өнегелілік 

және рухани құндылықтарды 

қалыптастыру көкейкесті про-

блема болып отыр. Тіпті қолайлы 

деген отбасылар балалары мен 

жеткіншектері де күмәнді жалған 

діни ағымдар ықпалына түсіп 

кетіп жатады.

Бұл уақыттың сын-қатері. 

Сондықтан олар мемлекет 

пен қоғамнан жүйелі шаралар 

қабылдауды талап етеді.

Бірінші. Қазақстан Республи-

касында 2015-2020 жылдарға 

дейінгі отбасылық қарым-

қатынастарды, моральдық-

этикалық және рухани өнегелілік 

құндылықтарды нығайту 

жөніндегі іс-шаралардың 

жалпыұлттық жоспарын 

әзірлеу қажет. Ол қоғамдық 

бірлестіктердің, БАҚ-тың 

қатысуымен жұмыстардың 

бүкіл кешендерін қарастыруы 

тиіс. Президент Әкімшілігі мен 

Үкіметке екі ай мерзімде ұсыныс 

енгізуді тапсырамын.

Екінші. Президент 

жанындағы Әйелдер ісі және 

отбасылық-демографиялық 

саясат жөніндегі ұлттық комис-

сия осы маңызды жұмыстың 

басты ойлау орталығы мен жан 

дүниесіне айналуы тиіс. Комис-

сия құрамын нығайтып, оның 

жұмысына азаматтық қоғамның 

беделді өкілдерін қосымша тарту 

қажет. Осы мәселені ойласты-

руды Президент Әкімшілігіне 

тапсырамын.

Үшінші. Отбасылық-

некелік қатынастар, бала 

құқықтары, бала тәрбиелеудегі 

ата-аналар жауапкершілігін 

арттыру, қартайған ата-ана-

ларды кәмелет жастағы ба-

лалармен қамтамасыз ету 

туралы заңнамалық базаны 

одан әрі дамыту. Қарт адамдар 

жұмысқа тұрғанда, жасына 

байланысты қысым көрсетудің 

басқа да түрлерінен қорғаудың 

заңнамалық тетіктерін енгізу 

мәселесін қарастыру керек. 

Жетім балаларды асырап 

алған және тәрбиелеп отырған 

азаматтар үшін қолайлы 

құқықтық ортаны күшейту қажет. 

Мұндай отбасылар мемлекет 

пен қоғамдық бірлестіктердің 

жан-жақты көмек көрсететін 

нысанына айналуы тиіс. Жыл 

сайын жетімдер үйлерінен 

балаларды асырап алатын 

адамдар санының өсіп келе 

жатқаны қуантады. Отбасындағы 

патронаждық тәрбие, күтім мен 

қамқорлыққа алу тәжірибесін 

кеңейту үшін заңнамалық 

негізді нығайту қажет. Көптеген 

елдерде қамқорлықсыз қалған 

балаларды уақытша орнала-

стыратын «қонақжай отбасы-

лар» тәжірибесі бар. Біз де осы 

тәжірибені ескеруіміз керек.

Төртінші. Отбасын, ананы, 

баланы және адамдардың 

қарттығын лайықты қамтамасыз 

етуді қолдау инфрақұрылымын 

жоспарлы түрде дамыту. Бірінші 

кезекте қоғамдық негізде Бала 

құқы жөніндегі уәкіл институтын 

құру мәселесін қарастыруды 

тапсырамын. Қамқорлықсыз 

қалған жетім балалардың 

бірегей жалпыұлттық мәліметтер 

базасын қалыптастыру қажет. 

Жас отбасыларға, жалғыз басты 

аналарға, балаларға, қарт 

адамдарға жан-жақты ықпал 

жасау жөнінен мемлекет-же-

ке меншік әріптестігі негізінде 

жұмыс істейтін институттар 

желісін дамыту қажет.

Бүгінде біздің елімізде жаңа 

босанған аналар үшін – «Аналар 

үйі» дағдарыстық орталықтар 

желісін құру тәжірибесі бар. 

Осы бастаманы қолдау қажет. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларға 

арналған мекемелерді дамы-

ту – айрықша мәселе. Үкімет 

пен өңір әкімдері алдына 2015 

жыл ішінде мүгедек балаларға 

арналған арнаулы мектептерді 

мультимедиялық оқыту 

құралдарымен, интерактивті 

тақталармен 100 пайыз 

жарақтандыруды қамтамасыз 

етуді тапсырамын.

Бесінші. Отбасылық-

өнегелілік құндылықтарды 

нығайту жөніндегі ақпараттық 

жұмыстарды күшейту қажет. 

Қоғамда маскүнемдік пен 

алкоголизм, темекі шегу мен 

нашақорлық, отбасылық 

борышқа жауапсыз қарау, 

үлкендерді сыйламау сияқты 

теріс көріністерге төзбестік 

ахуалын үнемі тудырып отыру 

маңызды. Барлық БАҚ-тарды 

осы жұмысқа белсенді қосылуға, 

нағыз ынтымақты және 

топтасқан отбасылар үлгілерін 

кеңінен көрсетуге шақырамын.

Бүгінде мемлекет адал 


Қ

қ

№ 39 (149) 26 қыркүйек 2014 жыл



7

Ел және Елбасы

да лайықты еңбек үшін ба-

рынша қолайлы жағдайлар 

жасауда. Бұл әр отбасы 

тұрақтылығының өзегі. Бізде 

жұмыспен қамту әлемдегі ең 

үздік көрсеткіштердің қатарында. 

Біздің «2050 Стратегиямыздың» 

нақ ортасында – Еңбек ада-

мы тұр. Олар нақты іспен – 

фермерлікпен айналысушылар, 

үй салушылар, автомобиль-

дер құрастырушылар, бала-

ларды оқытып, науқастарды 

құтқарушылар, астық 

өсірушілер – басқалардан 

әлдеқайда бақыттырақ. Тек 

өзіңнің адал еңбегіңмен 

тапқаның ғана пайдаға аса-

ды. Оның бәрі ғылыммен 

дәлелденген. Болашақтың өз 

жұмысына, инновацияларға, 

индустрияландыруға берілген 

патриоттарда екеніне сенімдімін.

Біздің жеріміз ұлы да үлкен. 

Ал халық меймандос және 

ізетті. Қонаққа баруды, сауда 

жасауды, жаңа жұмыс іздеуді 

қалайды. Сондықтан біз жаңа 

жолдар салудамыз. Біз 40 мың 

шақырымнан астам автожол-

дар, 2500 шақырымнан астам 

теміржолдар салдық. Бұл 

жұмыс жалғаса беретін бола-

ды. Біз ешқашан бұлайша жол 

салған емеспіз. Мұның бәрі 

қазақстандықтардың бір-бірімен 

тығыз араласуы үшін, жол жүріп, 

сауда жасауы үшін салынуда. 

Бірде-бір өңір Астанадан алыс 

болмауы үшін, Қазақстан оның 

әрбір отбасы мен біздің әрбір 

азамат үшін барлық ғасырларда 

да туған және қолайлы үйге 

айналуы үшін жасалуда.

Қымбатты отандастар!

«Атадан ұл туса игі, 

ата жолын қуса игі» дейді 

халқымыз. Әулеттің ізгілікті 

жолын жалғастырған ұрпақ – ең 

мерейлі ұрпақ. Бүгін бір ғана 

отбасы жеңімпаз атанбайды. 

16 аймақтық конкурстан үздік 

шыққан әулеттердің қай-қайсысы 

да еліміздегі ең мерейлі от-

басылар, барша Қазақстанның 

мақтанышы.

Мен аймақтарды жиі ара-

лаймын. Жақында ғана бірнеше 

облыста іссапармен болып 

қайттым. Өңірлерде жаңа 

жұмыс орындары ашылып, 

халықтың әл-ауқаты көтеріліп, 

тіршілік қайнап жатыр. Осының 

бәрі елдегі тұрақтылық пен 

тыныштықтың арқасында 

жасалуда. Шаңырақтағы 

жарастық та тек қана сыйластық 

пен татулық арқылы ор-

найды. «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының аясын-

да біз осындай отбасылық 

құндылықтарды нығайтып, 

дәріптей түсетін боламыз. 

Мерейіміз әрдайым үстем 

болсын! Еліміз даму көгінде 

жарқырап, жайнай берсін! Ба-

сымыз аман, бауырымыз бүтін 

болсын!


Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін біз тұңғыш «Мерейлі от-

басы» жалпыұлттық байқауының 

финалына қатысу үшін жиналып 

отырмыз. Байқау жақындарға 

деген үлкен сүйіспеншілік пен 

қамқорлық туралы, өмірдің 

қиындықтарын жеңе білу туралы, 

лайықты еңбек етіп, отбасы абы-

ройын құрметтеу туралы әдемі 

де өмірлік хикаялар сыйлады. 

Байқауға 15 этностың және 34 

интернационалды отбасылардың 

өкілдері қатысты. Олар түрлі 

кәсіптердегі қазақстандықтар 

– мұғалімдер, дәрігерлер, өрт 

сөндірушілер, спортшылар, 

полицейлер, ғалымдар, фермер-

лер, энергетиктер, мұнайшылар, 

теміржолшылар, мәдениет 

қайраткерлері. Әр отбасының 

тарихы – қазақстандық өмірдің 

Үлкен энциклопедиясы. Ең 

бір лайықты да құрметті от-

басылар өңірлік байқаулардың 

жеңімпаздары атанды. Осы 

отбасылардың әрқайсысы тура-

лы романдар, повестер жазып, 

фильм дер жасауға болады.

Сөзінің соңында Елбасы 

байқауға қатысушылардың 

бәріне алғысын айтып, баршаға 

бақыт тіледі, отбасы Отанның 

ошағы болып қала беретінін 

қадап көрсетті.

«Әрбір отбасы – шағын 

мемлекет» деп айтып жүрміз. 

«Отан отбасынан басталады» 

деген де ұлағатты сөз бар. 

Мұндай түсінік әрбір отбасының 

Отан алдындағы жауапкершілігін 

күшейтіп, жігерін жанитыны 

сөзсіз. Өйткені, әркімге өз от-

басы ыстық, өз отбасы қымбат. 

Әркім де өз шаңырағының 

берекесін тасытып, мерейін өсіру 

үшін өмір сүреді. Сөйте тұра, ел 

ішіндегі ең бір құрметті, ардақты, 

берекелі әулеттерге деген 

қызығушылық, сондай болмаққа 

ұмтылу да адам баласына жат 

емес. Көргенде көз сүйсінетін 

сүп-сүйкімді немере-шөбересінің 

ортасында маңайын шуаққа 

бөлеп отырған ата-әжелер не-

месе еңбегі арқылы тек үлкен 

жетістіктерге жетіп қана қоймай, 

отбасында да сыйластығы 

жарасқан ерлі-зайыптылар 

қандай бақытты.

Біз ел ішінде өнегесі мол 

отбасылар тіпті де көп деп ой-

лаймыз. Олардың барлығын бір 

байқаудың аясында насихаттау 

мүмкін емес шығар. Сол үшін 

«Мерейлі отбасы» байқауын 

одан әрі жалғастыру туралы 

Әйелдер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі 

ұлттық комиссияның төрайымы 

Махаббат Бекбосынова осы-

дан екі-үш күн бұрын өткізілген 

брифингте мәлімдеген бола-

тын. Ал алғашқы байқаудың 

жеңімпаздарын марапаттау 

өз дәрежесінде, ел күткендей 

болғанын да айту маңызды. 

Осы жерде байқаудың алғашқы 

екі кезеңіндегі, яғни аудандық 

және облыстық деңгейдегі 

жеңімпаздарын арнайы ко-

миссия анықтаған болса

үшінші республикалық кезеңнің 

жеңімпазы интерактивті да-

уыс берудің нәтижесінде 

анықталғанын қоса кету орынды. 

Интерактивті дауыс беру жаз 

бойы жүргізіліп, қыркүйектің 

басында тоқтатылған еді.

«Қазақстан» орталық концерт 

залында өткен марапаттауға 

жиналған көрермендер өте 

көп болды. Елбасы халыққа 

арнаған лебізін аяқтаған соң, 

сахнаға байқаудың жеңімпазы 

атанған Оңтүстік Қазақстан 

облысының Түркістан қаласынан 

келген Бимаханбетовтер әулеті 

көтерілді. Қара шаңырақтың 

отағасы, 82 жастағы ақсақал, 

мәдениет саласының ардагері 

Елтай Бимаханбетовке Ел-

басы өз қолымен «Мерейлі 

отбасы» ұлттық байқауының 

лауреаты деген атақты және 

Қазақстанда жасалған «ГАЗель» 

автокөлігінің кілтін тапсырды. 

Өз кезегінде Елтай ақсақал да 

осындай әулет мерейін өсіріп, 

ата-ананың даңқын асырған ай-

тулы байқауды өткізуге жарлық 

бергені үшін Елбасына алғысын 

айтты.

Біздіңше, байқауда жеңімпаз 



атанған отбасылардың ішінде 

осалы жоқ. Көпшілік үлгі-

өнеге аларлықтай жетістігі бар 

солардың бірі – көп балалы 

болса, екіншісі – ата кәсіпті 

жалғастырушылар, оның 

ішінде теміржолшы, энергетик, 

педагогтардың отбасылары, 

сондай-ақ, өрт сөндірушілер, 

дәрігерлер, альпинистер, 

мен құқық қорғау органдары 

қызметкерлерінің отбасылары да 

бар. Кеште бұл отбасылардың 

барлығы да марапаттал-

ды. Олардың бәрі елімізде 

шығарылған «Нива» автокөлігіне 

ие болды.

Кеш еліміздің өнер 

жұлдыздарының концертіне 

ұласты. Жұбаныш Жексенұлы, 

«МузАрт» тобы, Қарақат 

Әбілдина, Жанар Доғалова 

сынды танымал әншілер өнер 

көрсетті. Ал шара соңында 

«Қазақстан» орталық концерт 

залының алдындағы алаңқайға 

қойылған он алты көліктің 

жанына жиналған жеңімпаз от-

басыларды Елбасы жеке-жеке 

құттықтап, әрқайсысына жылы 

лебізін арнады.

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет