Бірініш тар ау қазақстанда кенрС Өкіметш орнату баспасөзде жәНЕ



бет1/8
Дата26.06.2022
өлшемі0,61 Mb.
#37314
  1   2   3   4   5   6   7   8

МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ 3
БІРІНІШ ТАР АУ
ҚАЗАҚСТАНДА КЕНрС ӨКІМЕТШ ОРНАТУ БАСПАСӨЗДЕ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЛЕРДЕ 13
§ 1. 1917 ж. құрылған қазақтың ұлттық автономиясы тарихы
баспасөзде 13
§ 2. Азамат соғысы мен шетел интервеніщясы кезіндегі Қазақстан тарихы
баспасөзде зертгелуі 24
ЕКШІШ ТАР АУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ МЕН АШАРШЫЛЫК
ЗАРДАПТАРЫНЫҢБАСПАСӨЗДЕПКӨРІШСІ 38
§ 1. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру тарихының шьшдығын
жазудағы алғашқы қадамдар 38
§ 2. Күштеп ұымдастыру мен 30 жылдардағы ашаршылық трагедиясын
зерттеудегі жетістіктер 59
ҮШІНШІТАРАУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚҮРЫЛЫС ГТЕН ЖАГШАЙ САЯСИ
ҚУ ҒЫН-С ҮРПН ТАРИХЫНДАҒЫ АҚТАВДАҚТАРДЫҢ ЖОЙЫЛА
БАСТАУЫ 75
§ 1. Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихының «акгандақгарын» ашудағы
баспасөздіңқызметі 75
§ 2. Қазақстандағы саяси қугын-сүргін тарихының зерттелу
барысы 93
ҚОРЫТЬШДЫ 125
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 130
КІРІСПЕ
Тақырыбытың өзектілігі. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі міндеті - Отан тарихын объективтік тұрғыдан қайта қарап, отарлық кезең мен коммунистік жүйе дәуіріндегі қатаң саясаттың нәтижесінде оның елеусіз қалған, бұрмаланған және зерттеуге тыйым салынған мәселелерін зерделеп, халқымыздың шынайы тарихын қалпына келтіру болып табылады. Бұл тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің дамуындағы тарихи сабақтастықты жалғастыруға, еліміздің әргі-бергі тарихын түгендеуге, халықтың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар қатарында қарастарылуы тиіс,
Қазақстан тарихының «ақтандақ» немесе бұрмалауға душар болған мәселелері әсіресе XX ғасыр оқиғаларымен тығыз байланысты. Өйткені, әміршіл-әкімшіл мемлекет пен оның таптық идеологиясының жетегінде кеткен қоғамда елімізде болған аса ірі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, оларды іске асыру барысында орын алған оқиғаларға тарихилық принципі негізінде әділ баға беріп, объективтік зерітеулер жүргізу мүмкін емес еді. Мүндай проблемалар ең алдымен қазақ даласында кеңес өкіметінің орнауы, ұлт-азаттық қозғалысы мен ұлттық мемлекетті қалпына келтіру жолында күрес жүргізген Алаш зиялылары, социалистік мемлекет құрамында жарияланған Қазақ автономиясының, ұлттық интеллигенция өкілдерінің 20-30 жылдардағы қызметі, Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, әсіресе күштеп ұжымдастыру мен 30-жылдардағы ашаршылық, одан соң жаппай саяси репрессия тарихымен тығыз байланысты. Ондаған жылдар бойы жабық жатқан мәселелер тек 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың бас кезінде ғана баспасөз бетінде көтеріліп, тарихи зерттеулерге арқау бола бастады. Тарихи «ақтандақтар» мәселесі ең алдымен мерзімді баспасөзде көтеріліп, белгілі бір дәрежеде қоғамдық ұсынысты қанағаттандырған болса, сонымен қатар ғылыми ой елегінен өткізіліп, деректемелік негізде ғылыми зерттеулерден көрініс тапты. Әйтсе де, баспасөзде жарияланған ондай материалдардың көпшілігі бірдей ғылыми тұрғыдан қолдау тапқан жоқ. Оған мерзімді баспасөздің ерекшелігі, жарияланған мақалалардың публицистикалық сипаты, кей жағдайда авторлардың эмоциялық көңіл-күйінің басым түсуі негізгі себеп болды. Соған қарамастан осы мәселелерге арналған баспасөз материалдары өзінің ғылыми құндылығын жоғалтқан жоқ. Өйткені оларда көтерілген мәселелер, әртүрлі оқиғаларға берілген баға «ақтандақтардың» ашылуына, тарихымызда болған оқиғалар тізбегін қалпына келтіруге негіз жасады. Ал бұл проблема Отан тарихнамасында ғылыми сарапқа салынып арнайы зерттелген жоқ.
Тарихтың «ақтаңдақ» беттері - соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында да көп айтылып, жазылып жүрген басты мәселелердің бірі. Себебі кешегі кеңес өкіметі тұсында өткенімізді тиянақгы саралап, тарихи өткелдерге дұрыс, дәлді баға беру мүмкін емес еді.
«Ақтаңдақ» деген ұғымының өзі шартты түрде алынған анықтама. Ғылыми-методологиялық тұрғыдан алғанда бұл ұғымға сол кездегі саяси жүйенің қалыбына сыймаған, ол жүйенің идеологиялық негізіне қайшы келетін, шын мәнінде тек тәуелсіздік тұрғысынан ғана зерделеу мүмкін болатын мәселелер жатады. Сайып келгенде, «актандақтар» - қазақ тарихының мүлдесіне сай, бодандык пен отаршылық идеологиясына қарама-қайшы келетін мәселелер. Сондықтан да олар кеңес дәуірінде зерттелмей жабық күйінде келді. Әсерлеп айтсақ, олар «қара дақ». Иә, тарихтағы «қара дақ», әйтпесе, кеңес өкіметі орнай салысымен 1918-1920 жылдардағы шетел интервенциясы және азамат соғысы кезенінде мерт болған мындаған адамдардың, одан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және 1925-1933 жылдары тікелей Сталиннің араласуымен қанқұйлы Голощекин жүзеге асырған «Кіші Октябрь» тұсында қырылған еңбектеген баладан енкейген қартқа дейінгілердін, 1937-1938 жылдардағы репрессияның салдарынан Сібірге жер аударылып, атып-асуға бұйырылған қазақ зиялыларының, 1941-1945 соғыс жылдарында ерлікпен құрбан болған жауынгерлердің, соғыс біте салысымен «ұлтшылдар атанып» тағы да қуғын-сүргінге ұшыраған жүздеген қазақ интеллигенциясының обал-сауабы мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының жазықсыз құрбандарының қамдары кімдердің мойнында? Осындай орыны толмас қайғылы қасіретке қазақ халқы қалай тап болды? Оған кінәлілер кім еді? Міне, осы мәселелер төңірегінде кезінде жазылған тарихи-әдеби еңбектер болды ма, болса, қай деңгейде жазылды, архивтерде де сақталған, мұны сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары қалай қамтыты деген санқилы сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргізіп, жұмыс істеп, ой қорытып тұжырым жасауға ұмтылдық. Соның нәтижесінде өткен тарихымыздың біраз ақтаңдақ тұстарына үңіліп, кезінде халқымыздың басына қара бұлт болып үйірілген көптеген оқиғалармен танысып, оның себеп салдарын ашқандай болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет