Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет1/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


БІРІНШІ КІТАП

(роман – диалогия)

− Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан:

Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен.

Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ.

Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.

Мен де солардың бірімін.

Анамның аты Айша еді.

Аз ба, көп пе – алпыстан астым.

Аз ба, көп пе – ірілі-уақты кітап жаздым.

«Халық  жазушысы»  атандым.  Жазғанымның  бəрі  алтын  дей

алмаймын.  Бірақ  солардың  көбі  жəне  дəмділері  тек  балалық  шақтың

нəрінен,  балауса  балғын  шақтың  əсерінен  туған.  Өсе  келе,  көпті

көрдім,  дүниенің  шартарабын  араладым.  Бірақ  соның  бəрі  мені

балалық шағымдай байыта алмады.

Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.

Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пəкістан, Иран бардым.

Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркта болдым –

олар да түсіме кірмеді.



Баяғыда Мəскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім.

Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.

Түсіме  күн  сайын  Мыңбұлақ  кіреді.  Түсімде  Ақсу-Жабағылыны

көремін.


Түсімде ылғи туған үйімді керемін.

Түсіме ылғи Айша кіреді. Мұртаза түсіме сирек кіреді, өйткені ол

кеткенде, мен бес-ақ жаста едім. Елесі еміс-еміс қана.

Егде тартқанда бүгін көргенің ертең естен шығады.

Ал  енді  бала  кезде  көргенім,  естігенім  бүгінгідей  əлі  есімде.

Ендеше, текке күшене бермей, соны неге жазбаймын? Ата-бабамның,

Айшаның аруағы жар бола көр!» – деп қолыма қалам алдым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет