Біржасушалы саңырауқұлақтар



Дата16.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#43455

Біржасушалы саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар – тірі табиғаттың ерекше бір тобы, ядролы ағзалар.Саңырауқұлақтардың 100000- дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақтардың кейбіреулері біржасушалы, алайда олардың көпшілігі көпжасушалы организмдер болып келеді.[1]



Біржасушалы саңырауқұлақтар


Біржасушалы саңырауқұлақтың мысалы ретінде ашытқы саңырауқұлағын қарастырамыз. Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы өте қарапайым: біржасушадан тұрады, жіпшелері болмайды. Жасушаның пішіні дөңгелек немесе сәл сопақша болып келеді. Сыртында қабықша, ішінде цитоплазма, бір ядро және вокуолі бар. Бір жасушадан тұрсада, көпжасушалылар сияқты тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, зат алмасады. Басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы – ұзақ уақыт оттексіз тіршілік ете алады. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктену арқылы өте тез көбейеді.[2]
Ашытқы саңырауқұлағы нан өндірісінде кеңінен қолданылады. Нан ашытқысының клеткалары ферменттер(белоктың түрі) бөледі де, ұнның құрамындағы крахмалды қантқа, қантты спитрке және көмірқышқыл газына айналдырады да, дереу ашыту әрекетін тудырады. Сондықтан оны нан, сыра, қымыз, сүт, шарап ашыту өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады.[3]
Ашытқы саңырауқұлағының жасушасында нәруыз, май, дәрумендер жеткілікті. Сондықтан шиқан, теріскен, безеу, бөрткен секілді тері ауруларын емдеу үшін одан дәрі жасайды. “ Aшытқы” деген ат тез ашытатын қәсиетіне қарай қойылған. Ғылыми атауы “қант саңырауқұлағы” деп аталады.[4]



Зең саңырауқұлақтары олар күнделікті тұрмысымызда көп кездеседі. Біз зең саңырауқұлақтарының ішінен ақ зең немесе мукор саңырауқұлағын қарастырамыз. Олар табиғатта өсімдік қалдықтарының, шірінділерінің арасында, көңнің құрамында кездеседі. Үйде ұннан жасалған тағамдардың, нанның беті екі-үш тәлік жабық қалдырылса, үлпілдек мақта тәрізді мукор саңырауқұлағының жіпшумағы пайда болады. Бұл түссіз жіпшумақ- өсіп кеткен бір ғана жасуша. Сондықтан мукор төменгі сатыдағы саңырауқұлаққа жатады. Хлорофилі болмағандықтан, ағзалық зат түзе алмайды.Олар дайын ағзалық заттарды өздері өсіп тұрнған ортадан сіңіріп, қоректенеді. [5]


Пеницилл мен аспергил де зең саңырауқұлақтарына жатады. Олар өлі ағзалық заттармен қоректенеді. Бұлар да өсімдіктердің жерге түсіп қалған жемістері мен тұқымдарын, тағамдарды бүлдіріп, көгертеді. Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры- көкшіл жасыл түсті, ал аспергилдің жіпшумақтарының шоғыры сарғыш жасыл түсті болады. Бұларды микроскоппен қарасақ, жасушалары перделермен бөлінген түссіз жіпшелері анық көрінеді. Пеницилдің споралары майда, көп жасушалы, саусақ тәрізді тармақталған жіпшелердің ұшындағы жасушалардан бөлініп жетіледі. Аспергилдің споралары ұшы кеңейген біржасушалы жіпшенің төбесіндегі жзасушалардан бөлініп дамиды.[6]

Медицинада пеницилдің 2 түрінен пенициллин дәрісін алады. Оны өкпенің қабынуы, ревматизм(құздама), дифтерия(күл ауруы), скарлатина, басқа да ауруларды емдеуге пайдаланады. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады. Аспергилдің бір түрінен дүкенде сатылатын лимон қышқылы алынады. Жоғарыда айтылған қасиеттері арқылы пеницилл мен аспергилл табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ айрықша зиянды ағзалардың өсуін тежейді. [7]
Зең саңырауқұлақтарының зияны да бар. Олар картоп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді. Зең саңырауқұлақтарынан сақтану үшін мынадаай ережелеріді ескеру қажет: a) түрлі жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды, картопты, сәбізді қоймаға сақтау алдында кептіріп алу және оларға химиялық препараттар шашу; ә) қоймада ауа мен жылу мөлшерін қалыпты жағдайда ұстау.[8]

Әдебиеттер
1.Әметов Ә.Ә. Ботаника – Алматы: Дәуір, 2005 ж.
2. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007ж. 336 б.
3. М.Қ.Смағұлов «Арман-ПВ» баспасы, 2005 ж. 83 б.
4. Ф.В.Федоров «Грибы» Москва Россельхозидат 1983 ж. 210 б.
5. А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, Ж.А.Алина Биология 8 сынып Алматы «Атамұра» 2018 ж. 31 б.
6. Ә.Нысанбаев- Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ж.
7. Т.А.Руденко Москва «Лесная промышленность» 1985 ж. 264 б.
8. Э.Н.Баталова «Қазақстан өсімдер әлемі» Алматы кітап баспасы 2008 ж. 107б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет