Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер



Pdf көрінісі
Дата04.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#89860
түріСабақ


Автор: Калемшарив Еркежан Калемшарив
Пән: Математика
Сынып: 5-сынып
Бөлім: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Тақырып: бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер
Оқу мақсаты
5.5.1.3жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтінді есептер шығару;
• Бірлесіп орындалатын жұмысқа қатысты есептің шартын жазып, бөлшектерге арифметикалық
амалдар қолдана білу.
• Берілген мәтін есептерді шығару моделін құра алу;
• Мәтінді есепті шешуде бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдану арқылы шешімін табу.
Бағалау критерийлері
• Есептің қысқаша шартын түсініп, талдау жүргізе алады.
• Бірлесе орындалатын жұмыс ережесін пайдаланып есеп құрастыра біледі.
• Мәтінді есепті шешуде бөлігі бойынша санды табу ережесін қолдану арқылы шешімін табады.
Құндылықтарды
дарыту
Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын бойға дарыту мақсатында топтық
жұмыстар орындай отырып,ынтымақтастық қалыптастыру, ортақ жауапкершілікті сезіндіру
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану
дағдылары Тілдік
мақсаттар
Жаратылыстану, физика
Интербелсенді тақта
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептердің шығарылуын түсіндіреді.
- мәтін есептердің шешімін түсіндіреді; - практикалық есептердің математикалық моделін
сипаттайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Бөлік-часть-part
Жылдамдық-скорость-speed
Жұмыс-работа-job
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - санның бөлшекпен берілген бөлігін табу үшін.... керек; -
бөлігі бойынша санды табу үшін .........керек;
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар


Сабақтың басы
Ынтымақтастық
атмосферасын
қалыптастыру
(6мин)
Сәлемдесу.
Оқушыларға жағымды көңіл-күй орнату үшін
«Ерекше сәлемдесу» Әрқашан (бас бармақ) Сізге (сұқ саусақ) Үлкен
(ортаңғы саусақ) Бақыт (төртінші саусақ) Тілеймін (шынашақ) Сыныпта
жағымды көңіл-күй қалыптастыру.Сыныпта жағымды көңіл-күй тудыру
үшін «Ерекше сәлемдесу» тренингі жүргізіледі. Оқушылар саусақтарын
түйістіре отырып, бір біріне жағымды тілек айтады. Топқа бөлу: Кеспе
қағаздар арқылы жазылған шамалар бойынша мағынасы сәйкес келетін
топқа барып отырады. Үй жүмысы:Ертедегі есеп. Парсы шаруасы үш ұлына
17 түйесін мұраға қалдырды. Бірінші ұлына барлық түйесінің 1/2 - ін, екінші
ұлына 1/3 - ін, үшінші ұлына 1/9 - ін алуды тапсырды. Ағайындылар көп
ойланды, бірақ әкесінің мұрасын ол айтқандай етіп бөле алмады. Сол кезде
олардың жанынан түйесімен Қожанасыр өтіп бара жатыр еді. Ол түйелерге
өзінің түйесін қосып, ағайындылар түйелерді әкесі айтқандай бөліп алды.
Қожанасыр да өз түйесін қайтарып алып кетті. Ойланыңдар, бұл қалай
болғаны? Үй жұмысын сұрау интербелсенді тақтада есептердің шешімі
бойынша, «көршіңді тексер» әдісі бойынша дәптерлерін алмастыру арқылы
тексереді. Дескриптор: - Санның бөлігін табады (1 ұпай) - Мәтін есептің
шешімін түсіндіреді (1 ұпай) Алдыңғы білім еске түсіру үшін «Миғашабуыл»
әдісі бойынша сұрақтар қоямын. Бірлесіп жұмыс істеуесептерінде қандай
өлшемдер қолданылады? (жұмыс, өнімділік, уақыт)Жұмыстың өнімділігі
деген не?(өнімділік бұл уақыттың бірлік өлшеміндеорындалған жұмыс
бөлігі) Өнімділікті салыстыруға бола ма?(Өнімділікнеғұрлым көп болса,
соғұрлым жұмыс көп жасалынады) Дұрыс айтқан оқушыларды Жарайсың,
жақсы деп мадақ сөздермен бағалаймын. Оқушылар дәптерлерімізді
ашамыз, бүгінгі күннің жадын жазамыз. Бүгінгі өтетін тақырыбымыздың
аты: Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер Оқушыларға оқу
мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Сабақтың ортасы
(8минут)
Оқушылармен бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептерге
мысалдар келтіріп, бірлескен жұмыс ұғымын ашу сұралады. Осылайша,
осы ұғымды түсіну деңгейін анықтау үшін оқушылардан бірлесіп
орындалатын жұмысқа тақырыпты ашу мақсатында «Ойлан, жұптас, бөліс»
әдісін қолданып әр топқа тапсырма беремін.Топ мүшелері флипчартқа
дәлелдейді және есептерін тексеремін.Содан соң тақтаға шығып басқа
топтарға түсіндіреді. 1топ 1 сағ ішінде бірінші жұмысшы 30 тетік, ал екінші
жұмысшы одан 5 тетік артық жасаған. Олар 8 сағ ішінде барлығы неше
тетік жасайды? Жауабы: 8 сағатта барлығы 520 тетік жасайды. 2топ
ЭКСПО – 17 құрылысын құрлысышылардың бірінші бригадасы 15 айда
бітіретін болса, екінші біригадасы оның 1/4 сіне тең уақытта бітіреді. Екі
біригада бірлесіп жұмыс істесе ЭКСПО құрылысы неше айда салынып
болады? Жауабы: 3 кунде бітіреді. 3топ Бірінші құбыр хауызды 3сағ-та,
екінші құбыр 6сағ-та толтырады. Екі құбыр арқылы хауыз қанша уакытта
толды? Жауабы: 2 сағ уақытта толды. 4топ Киіз үйдің құрлысын бірінші
ұста 20күнде, екінші ұста 12 күнде, үшінші ұста 15кунде даярлайды. Киіз
үйдің құрлысын үш ұста бірлесіп даярласа, оларға неше кун қажет?
Жауабы: Үшеуі бірлесіп ұста 5 күнде бітіреді.
Оқулықпен
жұмыс. Жұптық
жұмыс
(10минут)
№698 Хауыз бірінші және екінші құбырдан аққан сумен 6 сағатта толады.
Хауызға су бірінші құбырдан ғана ақса, хауыз 10 сағатта толады. Хауызға
су екінші құбырдан ғана ақса, хауыз неше сағатта толады? Екі құбырдан
қатар аққан су 1 құбырдан аққан су 2 құбырдан аққан су 1/6 1/10 ? Ш: 1/6-
1/10=5/30-3/30=2/30=1/15 екі құбырдың жұмыс өнімділігі. 1:1/15=1∙15=15
Жауабы: 15 сағатта толады. Дескриптор ұпай Есептің шартын құра алады
Жай бөлшектерді азайта алады Бөлігі бойынша санды таба алады
Жауабын дұрыс жазады 1 1 1 1 № 704 Бак екі шүмектен қатар аққан сумен
2 сағатта, ал бірінші шүмектен аққан сумен 3 сағатта толады. Егер бакқа
су екінші шүмектен ғана ақса, оның 2/3-сі неше сағатта толады? Ш: жұмыс
өнімділігі 2 шүмектен қатар аққан су 1 шүмек аққан су 2 шүмектен аққан
су 1/2 1/3 ? 1/2-1/3=1/6 (2 шүмек) 1:1/6=1∙6=6 сағат 6∙2/3=2∙2=4 сағат
Жауабы: 2/3 –сі 4 сағатта толады. Дескриптор ұпай Есептің шартын құра
алады Жай бөлшектерді азайта алады Бөлігі бойынша санды таба алады
Санның бөлігін таба алады Жауабын дұрыс жазады 1 1 1 1 1


«Саралау»
бойынша «Ортақ
нәтижеге
жету»әдісі
бойынша жеке
жұмыс
(6 минут)
Тапсырма: №697 Бір қойды арыстан 2 күн, қасқыр 3 күн, ал түлкі 6 күн
жейді. Егер бір қойды арыстан, қасқыр және түлкі бірлесіп жесе, неше
күнде жейді? Суретке қарап есепті құрастыру. Жұмыс өнімділігі Арыстан
Қасқыр Ит 1/2 1/3 1/6 Ш: 1/2+1/3+1/6=6/6=1 (барлығы жейтін өнімділік)
1:1=1 (барлығы бірлесіп жейді) Жауабы: 1 күнде жейді. Дескриптор Ұпай
Есептің шартын құра алады. Есептің шешемін шығара алады Есептің
жауабын дұрыс жазады 1 1 1
Сергіту сәті
(1минут)
Сергіту сәті: «Физминутка»
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз,
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып аламыз.
Аяқталуы
(4минут)
Кері байланыс.
«Бір минут»әдісі бойынша әр топтан бір оқушы бүгінгі сабақ туралы өз
пікірін айтады. Үй жұмысы.
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есеп құрастырып, олардың шешімдерін
тауып келу. №695
Сабақтың соңы
(5минут)
Бағалау бетшесі Аты-жөні: № Топтық жұмыс Дескриптор Балл 1 №697
Есептің шартын құра алады. Есептің шешемін шығара алады Есептің
жауабын дұрыс жазады 1 1 1 2 №698 Есептің шартын құра алады Жай
бөлшектерді азайта алады Бөлігі бойынша санды таба алады Жауабын
дұрыс жазады 1 1 1 1 3 №704 Есептің шартын құра алады Жай бөлшектерді
азайта алады Бөлігі бойынша санды таба алады Санның бөлігін таба алады
Жауабын дұрыс жазады 1 1 1 1 1 10-12 балл. Өте жақсы! 7-9 балл. Жақсы!
5-6 балл. Ынтан жақсы! Рефлексия «Менің көңіл-күйім» баспалдағы
бойынша оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған
баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Өзіме
сенімдімін!», «Жақсы!», «Маған көмек керек!».


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет