Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер



Дата22.11.2022
өлшемі24,1 Kb.
#51688

Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын

жұмысына берілген есептер

Сыйымдылығы 60 м3 бассейн бірінші құбыр арқылы 3 сағ-та, екінші құбыр арқылы 2 сағ-та толады. Екі құбыр бірдей жұмыс істегенде бассейн қанша уақытта толады?



Уақыт бірлігінде орындалатын жұмысты өнімділік деп атайды.

Құбыр

Бассейннің сыйымдылығы, м3

Жіберілген уақыт, сағ

Өнімділік, м3/сағ

I

60

3

?

II

60

2

?

I және II

60

?

?



Бассейн құдық бірінші құбыр арқылы 3 сағ-та, екінші құбыр арқылы 2 сағ-та толады. Екі құбыр бірдей жұмыс істегенде бассейн қанша уақытта толады?

Құбыр

Бассейннің сыйымдылығы, м3

Жіберілген уақыт, сағ

Өнімділік, м3/сағ

I

1

3

?

II

1

2

?

I және II

1

?

?




Екі елді мекеннің арақашықтығы 30 км. Осы жолды бірінші мотоциклші 45 мин, ал екіншісі 36 мин-та жүріп өтеді. Егер мотоциклшілер бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүрсе, онда олар қанша минуттан кейін кездеседі?

Мотоцикл

Қашықтық, S

Уақыт, t

Жылдамдық, U

I

30

45

?

II

30

36

?

I және II

30

?

?



Қозғалысқа арналған есепте жолдың ұзындығы көрсетілмей қозғалысқа берілген уақыт қана көрсетілген жағдайда оны 1-ге тең етіп алады.
Тест тапсырмалары
1.Бір қойды арыстан 2сағатта , жолбарыс 3сағатта, ал қасқыр 6 сағатта жейді. Үшеуі бір қойды қанша сағатта жейтінін анықтаңыз.
А)1,2сағ
В)2сағ
С)1,3сағ
Д)1,5сағ
Е)1сағ
Шешуі : Арыстан , жолбарыс , қасқыр еңбек өнімділікпен жейді, олай болса + + = =1
Жауабы : 1сағат
2.Шебер жұмысты 6 күнде бітіреді, ал шәкірті сол жұмысты 12күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп осы жұмысты неше күнде бітіретінін табыңыз
А)2 күн
В)9 күн
С)4 күн
Д)8 күн
Е)6 күн
3.Киіз үйдің құрылысын бірінші ұста 20 күнде, екінші ұста 12күнде, үшіншіі ұста 15күнде даярлайды. Кйіз үйдің құрылысын үш ұста бірлесіп даярласа , оларға неше күн қажет болады?
А)2 күн
В)9 күн
С)5 күн
Д)8 күн
Е)6 күн
4.Ағасы мен інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минут жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса, 24миутта егер інісі ғана жасаса 40минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды?
А)45 мин
В)50 мин
С)55 мин
Д)60 мин
Е)80 мин

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет