Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

ҒҮМЫРҒА ТАТЫРЛЫҚ ЖЫЛ
Осындай
міндет
тұрғысынан
келгенде,
сондай
маңызды
оқиғалардың  бірі  ретінде  еліміздегі  елуден  аса  саяси  партиялар  мен
қоғамдық  қозғалыстардың  басшыларымен  кездесуімді  атар  едім,  осындай
Жыл  өткізу  жəне  азаматтық  жарасым  мен  татулыкты  колдау  жолындағы
ынтымақ жайлы келісімге қол койылуы - осы кездесудің нəтижесі. Мұның
еліміздің  күллі  саяси  өміріне  өзіндік  реңк  берген,  коғамдык  жəне  саяси
ұйымдардың, жекелеген азаматтардың өр алуан сипаттағы аймактың жəне
жалпы  ұлттық  шаралар  өткізуге  катысуын  күрт  жандандырған  кұжат
болғанын атау керек.
Менің
Жарлығымды
колдауға
Қазақстандағы
түрлі
діни
қауымдардың  қосқан  үлесі  де  сындарлы.  Мұсылмандардын  Діни
баскармасы  мен  Орыс  правослашіелік  шіркеуі  епархиясының  ұйғарымы
бойынша  тоталитарлық  жүйе  жүргізген  қуғын-сүргін  кұрбандарына  арнап
ас  беріліп,  жаназа  оқылды.  Еліміздегі  өзге  діни  бірлестіктердің  өкілдері  де
осындай ұлағатты шаралар өткізуден тыс қалған жоқ.
Еске  алу  мен  татулық  жылына  деген  жалпак  жұрттың  ыкыласы
саяси  қуғын-сүргін  құрбандарын  Еске  түсіру  күнін  өткізу  барысында
айрыкша  көрінді.  Осынау  азалы  күні  ондаған  мың  казақстандық
жазықсыздан-жазықсыз  сталиндік  капаста  қаза  болған  отандастарынын
рухы алдыяда бас иді. Сайып келгенде, мұның өзі күні кеше ғана кылмысқа
ыңғай  мемлекеттін  ақ  дегені  алғыс,  қара  дегені  карғыс  басшылары
туындаткан зансыздықка айтылған нəлет еді.
Қазақстан  халықтарының  IV  Ассамблеясы  коғамымызды  одан  əрі
топтастыру  бағытындағы  маңызды  кадам  болғаны  анық.  Келелі  бас
косудың  қорытынды  кұжаттарында,  оған  қатысушылардың  сөздерінде
реформалар  мен  коғамды  демократиялық  жанарту  бағытына  батыл  колдау
көрсетіліп,
барлық
ңазакстандыктарды
ынтымаққа
үндеген
лебіз
білдірілгені кандай ғанибет.
Ассамблеямен  бір  мезгілде  дерлік  Акмолада  журналистердің  «Жаңа
ақпарат  кеңістігі  жəне  бұкаралык  акпарат  кұралдарын  дамытудың
115

ұлтаралық  сипаты  »  такырыбына  арналған  конференциясы  өткізілгені
белгілі.  Елуден  аса  ірі  мемлекеттік  жəне  мемлекеттік  емес  бұкаралык
акпарат  кұралдары  өкілдерінін  Қазақстан  Республикасындағы  ұлтаралык
қатынастарды жазудағы Журналистік əдеп кодексін қабылдауы куантарлык
оқиға.
Ортак
ұлттық
іс-шаранын
жалауына
жазылған
ұрандарды
Қазақстанға  күштеп  кешірілген  халықтар  өкілдерінін,  олардың  ұлттық-
мəдени орталықтарының қызу қолдауы айрықша мəнді. Бұл ретте олардың
еліміздегі  туысқан  халықтардың  ортақ  шаңырағы  астындағы  өздерінің
орны  мен  парызын  лайығымен  пайымдай  білгені  назар  аударарлық.
Айталық,  Ресей  корейлерінің  республикамызға  жер  аударылуының  60
жылдығын олардың өз тарихындағы қайғылы күн ретінде ғана емес, жана
Отан  анасымен  қауышқан  салтанат  ретінде  атап  өтуі  жан  тебірентерлік.
Демек,  мұның  өзі  жер  аударылған  халықтардын  көкейіндегі  өздері  саяси
куғын-сүргінге  ұшыраса  да,  хал-кадері  жеткенше  көмегін  аямаған
қазақтарға деген ак алғыс сезімінің айғағы емей немене!
Еске  алу  мен  татулык  жылын  өткізудің  тоталитаризмге  карсы
бағыттағы  публицистикалык,  тарихи,  мемуарлык  əдебиеттің  көптеп
шығарылуына
жəрдемдескені
де
сөзсіз.
А.
Байтұрсыновтың,
Ө.
Бөкейхановтың,  X.  Досмұхамедовтін,  М.  Шокайдың,  Ж.  Аймауытовтың
жəне басқа жазушылар мен публицистердің бұған дейін калың оңырманға
беймəлім  болып  келген  шығармалары  тұңыш  рет  жарық  көрді.
Республиканың  көптеген  облыстарында  Аза  кітаптары  шығарылды.
Жетекші  телерадиокомпаниялар  өткеннін  касіретті  оқиғаларына,  есімдері
ел  жадынан  ұзақ  уақыт  жырак  калған  нақты  тарихи  тұлғаларға  арналган
хабарлар дестесін жасады.
Сөйтіп,  міне,  нақ  осы  Еске  алу  мен  татулық  жылы  «2030
Стратегиясы»  əзірленіп,  жария  етіліп  отыр,  онда  тоталитарлык  жүйе
тұсында  алған  өткеннің  сабақтары  ескеріліп,  коғамымызды  дамытудың
өркениетті  əрі  мархабатты  тəсілдері  ұсынылған,  Қазақстанды  дардай  аты
ғана емес, нақты заты бар дəулетті елге айналдыру жолы нұскалған.
Жылдың  саяси  нəтижесін  ізерлеп  саралай  келгенде,  осынау  ортақ
ұлттық шара бірнеше маңызды көкейкесті міндетті шешуімізге жəрдемдесті
деп айтуымызға толық негізіміз бар.
Ен
алдымен,
онып
коғамымызды
іштей
топтастыруға
жəрдемдескенін  атаған  жөн.  Былайша  айтқанда,  өткендегі  таксіретті  еске
түсіру  Қазақстан  жұртын  ортақ  мақсат-мүдде  тұгырының  үстінен
табыстырды.  Бұған  осыған  дейін  енжар  күй  кещкен  көптеген
116

қазақстандыктардың  реформалар  бағытына  баламаның  жоқ  екенін
пайымдап,  ендігі  жерде  өздерінін  елімізде  жүргізіліп  жатқан  саяси  жəне
əлеуметтік-экономикалық  жаңғыртулар  жағына  шыкканын  малімдегені
айғақ.
Содан  кейінгі  жерде,  жалпы  ұлттық,  сонымен  қатар  аймақтық
ауқымдағы
көптеген
шаралардын,
қазақстандыктардың
азаматтық
токтамын  айкындап  алуына  да  ыкпал  еткені  анық.  Жыл  идеологияеының
өзі-ақ  Республика  тұрғындарына  өз  тарихи  тамырларынын  ортақтығын
пайымдауға  жəрдемдеседі,  Əлеуметтану  зерттеулерінің  деректері  -
азаматтардың  ұлтына  карамастан,  өз  тұғырын  дəл  сол  Қазақстан
мемлекетімен тақылеттестіру ниетінің өсіп келе жатқанына дəлел.
Жыл  оқиғалары  тарихи  əділеттілікті  қалпына  келтіру,  тоталитаризм
құрбандарын  мəңгі  есте  қалдыру  сынды  ізгі  мақсатқа  бағытталған
қоғамдық  белсенділіктің  əжептөуір  кең  мүмкіндіктері  бар  екенін  көрсетті.
Адамдар,  əсіресе,  ГУЛАГ  тұткындары  жаппай  жерленген  орындарда
шаралар  өткізуге,  аймактың  аза  кіталтарына  арнап  материалдар  жинауға,
сондай-  ақ  қуғын-сүргін  кұрбандарын  еске  алуға  арналған  республикалық
телемарафон өткізуге айрықшна ыкылас білдірді.
Бұл
Жылдың
қазақстандықтардың
жас
ұрпағына,
олардың
дүниетанымының
жетілуіне,
өмірлік
мұраты
мен
мақсатынын
калыптасуына  тигізген  ықпалы  орасан.  Айнала  əлемді  бостандық  пен
демократия
жағдайында
пайымдай
бастаған
бозбалалар
мен
бойжеткендердің баста еркіңнің болмауы дегеннің не екені жəне жендеттер
мен  олардың  құрбандықтарынан  тұратын  қоғамда  өмір  сүрудің  не  екені
жайында естен кетпес нақтылы сабақ алғанына да күмəн жоқ.
Жеке
адам
мен
мемлекеттін
арасындағы
карым-катынасты
мархабаттандыру жолындагы ісіміз де тым серпін алып отыр. Бұған шағын
жəне  орта  бизнесті  дамыту,  жалакы  мен  зейнетакы  бойынша  берешекті
өтеу, еліміздің əкімшілік-аумактық бөлінісін жетілдіру, мемлекеттік баскару
органдарын  реформалау  жөнінде  қабылданған  шешімдер,  сондай-ак
халықтың  тұрмыс  жағдайын  жақсарту  мен  билік  кұрылымдары
жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да шаралар айғақ.
Сайып  келгенде,  ортақ  ұлттық  бұл  шараның,  Қазақстандағы
азаматтық
ауызбірлік
пен
қоғамдың
тұрақтылықты
нығайтуға
жəрдемдескені  даусыз.  Яғни,  оның  «жадыны  жаңғырту»  деген  түпкі
ұғымының  Қазақстан  қоғамында  «татулықты  сақтау»  деген  келесі  ұғымға
ұласканына,
оны
барлық
жерде
бірдей
нығайтуға
қалтқысыз
жəрдемдескеніне  шүбə  жоқ.  Аза  тұту  наласына  ғана  емес,  сонымен  қатар
117

өміршең  үміт  шуағына  суарылған,  əрі  бір  пенде  баласының  ғұмырына
татырлық  окиғаларға  толы  бұл  Жылдың  басты  нəтижесі,  сірə,  осы  болса
керек.
Мен  осы  Жарлығымды  ақ  тілеумен  қолдап,  белгіленген  іс-
шараларға  катысуды  асыл  парызы,  абыройлы  ісі  санаған  саяси  партиялар
мен коғамдык қозғалыстарға, ұлттық мəдени орталықтарға, еліміздің еңбек
ұжымдарына, күллі қазақстандықтарға риясыз ризашылығымды білдіремін.
Жазыксыз  жапа  шеккендерді  ойлап,  жүрегіне  шырақ  жакқан,  Қазақстанда
достық  пен  мейірбандық  ахуалын  нығайта  беруге  батыл  байлам  жасаған
барша ағайынға ақ алғысымды арнаймын.
II.
ӨТКЕН ЖОЛЫМЫЗДЫ ПАЙЫМДАҒАНДА...
Тегінде,  тарихи  сабақтастық  пен  зандылықтарды  еркім  сзінше
түйсініп-түсінеді,  яғни  өз  елі,  өз  халқы  өткен  жолдын  байыбына  əр  адам
өзінше  барады.  Мұнда  баршаға  ортақ,  əрі  бəріне  де  жарамды  əмбебап
əдістеме жоқ жəне болуға да тиіс емес. Тарихтың соншама бай, сан қырлы
болып келетіні сияқты, танымның жолы да сан тарау.
Жерлестерімді  кан  қақсатқан  куғын-сүргін  такырыбын  қозғағанда
есіме  бұл  жайындағы  алғашқы  деректі  көп  шешіле  бермейтін  əкем
маркұмның аузынан естігенім оралады...
Топырағың  торка  болғыр  əкем,  Əбіш  Назарбаев  оқығаны  аз
болғанмен,  тоқығаны  көп,  өткен  оқиғалардан  көкірегіне  түйгені  мол,
пайымшыл  да  зерек  адам  еді.  Сондықтан  да  онын  сөзінің  дұрыстығына,
айтканының əділдігіне күман келтіру əбестік болар еді.
Оның  айтуынша,  мен  кіндік  кескен  Шамалған  топырағын  талай
ұлттың  өкілі  мекен  еткен.  Қаскелең  өзенінің  бір  жақ  жағасында  қазақтар,
келесі  бетінде  кезінде  сонау  Столыпин  реформасы  заманында  Ресей  мен
Украинадан қоныс аударғандар тұрады екен. Жер де, су да жеткілікті, бəрі
шөй деспей тату- төтті тұрып жатады.
Жергілікті  тұрғындар  аукатты  орыстарға  жалданып,  орыстар  бай
қазақтарға жалға жүрген екен. Мұның ешқандай əбестігі жоқ, əрі тамағың
тоқ,  əрі  ақыпұлынды  əділ  төлеу  салт  екен.  Азамат  соғысының  жалыны
шарпыған,  əрі  соғыстан  кейінгі  күйзеліс  салқыны  алі  айықпаған  заманда,
бұл өзі жалшыға да, оның отбасына да үзікті қиыққа жалғал, күн көруге де
сеп.
Басқалармен бірге əкем де жалға барады. Сəтін салғанда, шаруақор,
момын да мейірбан Никифоровтар отбасына тап болады. Тез арада орысша
тіл  сындырып,  шаруасын  дөңгелетіп  əкетеді,  көп  ұзамай  шаруашылыққа
118

талтырмас адамға айналады. Жер жырта да біледі, малдың да бабын табады,
қолындағы ісі де жанып тұр. Диірмендегі ісін бітірген соң жөрмеңке барып,
сөтімен саудасын жасайды. Оның үстіне əкемнің казақша, орысша төгілтіп
өн салатын өнері жəне бар.
Əрине, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманыңыз бұл емес, əн
салып,  би  билеуге  уақыт  тар  кез.  Əкем  алаканымыз  ойылып,  жан  теріміз
шығып  жұмыс  істеіггінбіз  деп  еске  алатын.  Қожайынның  өзі  де,  үш  ұлы
мен қызы да дəл осылай жұмыс істепті. Келе-келе барлық істе қожайынның
ер  жеткен  үш  ұлына  Əбіш  бас-көз  болған  екен.  Акысын  да  жемепті.
Қысқасы,  сөзіне  қарағанда,  əкем  жарықтықтың  Никифоровтарға  көңілі
қалған жері жоқ, кайта қатты сыйласқан көрінеді.
Тегінде, Шамалған өңірінде осындай шаруакор шамдағай адамдар аз
болмаған.  Осылай  адал  еңбек  үстінде  қазақ  пен  орыс  отбасылары  тіршілік
кеше  берер  ме  еді,  кім  білсін,  өкімет  НЭП-ті  шектеп,  байтақ  елді
экономикалық дамудын мүлде жана жолына түсіруге кіріседі.
Атышулы  1929  жылдың  көктемі  келеді,  шамалғандьықтардың
«ұжымдастыру» деген мағынасы беймəлімдеу сөзді алғаш кұлағы шалатын
тұс  осы.  Никифоровтардың  жəне  ауқатты  басқа  да  орыстар  мен
қазақтардың  отбасын  аудан  үтітшілері  канаушылар  атандыратын  кез  де
осы.
Сауаты
аз
аңкау
ауыл
жұрты
Шамалғаннан
шалғайдағы
Құдайыңыздан  былай  емес  өкіметтін  өздері  сияқты  парысыздарды
феодализмнен  бірден  коммунизмге  кіргізіп,  бақытқа  кенелтпек  пиғылын
біліп  жатқан  жоқ.  Дегенмен,  жаппай  наукаяның  тұрмысқа  катысты  жай-
жапсарын көп ұзамай-ақ өркімнің өзінін жон терісімен сезінуіне тура келді.
Айналасы  бірер  жылдын  ішінде  сан  ұрпак  сорабын  салып,  сүрып-  таған
тұрмыс  бітімі  кұртылыл,  із-тозсыз  жок  болып  шыккандай.  Адамдар
кедейшілік қыспағына түсіп, аш-жаланаш күй кешеді.
Ұжымшардын  ұрдажық  ұйымдастырушылары  алкашкылардың
катарында  əуелі  отағасын  бай-кұлақ  деп  əшкерелеп,  Никифоровтардын
ынтымағы  жарасқан  үлкен  отбасын  тұп  тамырымен  отады.  Ауылдардан
шыркы  кашқан  адамдардың  лаулары  шұбап  кете  бастады.  Бай-құлак
ретінде  төркіленгендердің  кейбірі  Қазақстанның  басқа  облыстарына,  енді
біреулері  одан  əрі  Сібірге,  Терістік  Оралға  айдалды.  Əкеме  тиіскен  жоқ.
Жалшының  аты  жалшы.  Қайта  ауыл  кеңеске  қызметке  шакырып,
кожайыныңның
төркіленген
диірменін
береміз
дегендей
емеурін
танытадьх. Алайда, Əбекең бөтеннің мүлкіне көз тіккен жоқ. Сол кезде де,
көп  жыл  өткеннен  кейін  де,  мүлік  дегенде  үйі  мен  бақшасынан,
ауласындағы бірер қарасынан басқа түгі жок шаруақор, нағыз іскер адамды
119

кулак немесе қанаушы деудін қисынын көкірегіне сыйғыза алмай-ақ кетті.
Енді  Шамалғанға  елдің  басқа  аймақтарынан  «бай-кұлактар»  келіп
қоныстана бастайды. Алайда, оларға шаруашылыкден шұғылдануға рұксат
бермей,  колдарына  кайла  мен  кетпен  ұстатып,  таудағы  жол  кұрылысына
салады. Бұл айналма жолды жергілікті адамдар талай жылдың жүзі өтсе де,
алі күнге дейін «айдалғандар жолы» дед атаудан жазар емес.
Əкем көнілі түскен кезде, сонын өзінде кұпиялан, бірде жолда, бірде
тауда,  бірде  жайлауда  үзіп-жұлыи  айткан  көңілсіз  хикаяның  ұзын-ырғасы
осы,  бөрін  бірдей  төптіштеп  айтып  беру  оңай  шаруа  емес.  Мектеп
оқулығынан  окып  білгендеріме  онша  киыса  бермейді,  оған  сайсақ,
капсағай  денелі  егіпшілер  мен  тұқымынан  мал  соңында  келе  жаткан
жандар  шолақ  мылтық  асынған  сұмырай  болып  шығады,  ал  бай-
кұлақтарды  мүлкінен  айыру  тарихи  əділеттің  ақ  жолы  болып  шығады,
ауылдын  əлеуметтік  жіктелуінің  тамырына  балта  шаппқан  да,  елді  ертеңгі
жаркын болашаққа бастаған да осы əрекет секілді.
Соныра есейіп, оң-солымды тани бастаган тұста, əкемнің əнгімелері
сол  қасіретті  окиғаларды  көзімен  көргендердің  онша  ашылып  айтпаған
бірен-саран
айғактарымен,
сондай-ак
əдебиет
пен
публицистика
шығармаларыньщ
анда-санда
астарынан
андалатын
үзік-созык
мəліметтермен  толыға  түсті.  Деректерді  салғастыру,  оларды  ортақ  желіге
тарту үстінде кеңестік тарихнама баяндағаннан мүлде өзғе көрініс көлденең
тұрады.  Оған  ресми  идеология  сомдаған  саяа  шіркін  карсыласады.
«Социализм  жеңіске  жеткен  елде  мұндайдын  болуы  мүмкін  емесі»  деген
уəжді  көлденен  тартады.  Дегенмен,  солай  болмаса  неғылсын  дегендей,
көкірекке каяу тусті, көнілге күмəн кірді.
Арада  талай  уақыт  өткеннен  кейін  республикалык  баскару
органдарында  істеп  жүрген  кезімде  жаБұлы  мүрахат  корларымен,
«құзыретті  органдардын»  материалдарымен  танысуға  кол  жетті,  «қүпия»
белгісі  соғылған  бірқатар  құжаттарды  оқи  келе,  тоталитарлық  жүйе
жүргізген  қуғын-сүргіннщ  аукымына,  оның  жазықсыз  жандарды  баудай
түсірген  жазалау  тегершігінін  аяусыздығына  қайран  қалдым.  Сөйтіп,
кенестік  күрылыстын  мархабаттылығы  мен  əділеттілігі  жайлы  əсем
хикаямен мангіге қош айтыстым.
Сірə,  еліктірерлік  ертегімен  коштасу  жалғыз  менін  жанымды  ғана
жабырқатпаса керек. Ежелгі бір грек данасы айтқандай, олпы-солпысы көп
шынайы өмірде тіршілік кешкеннен гөрі, ойдан шығарылған окшау əлемде
дуние  кешкен  оңай,  өйткені  өмірді  өзгертем  деп  əлектенудін  кажеті  жоқ.
Алайда, таптаурын кағиданың шырмауынан аршылып, өткенге де, бүгінге
120

де  шел  баспаған  жанармен  карай  алатындай  күйге  жеткеніме  шүкіршілік
етемін.
Бұл
жағынан
алғанда,
саясатшы
əрі
мемлекет
кайраткері
болғандыктан мен үшін өткен Еске алу мен татулық жылы - маңызы бөлек
жыл.  Куғын-сүргінге  ұшыраған  отандастарымызды  еске  алуға  арналған
шаралар  өткенімізді  барынша  мұкият  зерделеуге,  тарихи  сабақтастықтын
себеп-салдарын ізерлей саралауға бастады. «Өткенге тапаншадан оқ атсаң,
саған  болашақ  зенбіректен  оқ  жаудырар»  деген  нақылдың  ақиқат  екенін
қапысыз  аңдаған  түріміз  бар.  Андадық  та,  қуғын-сүргінді  өз  колдарымен
қоздырған  жандардан  кек  алудан  бас  тарттық,  олардың  қазір  калған
ғұмырларын көзге түспеуге тырысып, тұйықта тыншу өткізіп жатқан жəйі
бар.  Оларға  өздерінін  ар-  ұжданы  таразы  дегеннен  басқа  не  айтарсын.
Өйткені, зорлықтан зорлық өрбиді, бұл да біздің басымыздан кешкен жəйт.
Алайда,  мұның  да  өзіндік  астары  бар.  Ол  мынаған  саяды:  тарихты
бірін  өзіміз  ұнатып,  құптайтын,  ал  келесісін  «жағымсыз»  санап,
бойымызды  аулақ  салатын  үзік-үзік  оқиғалардың  жиынтығы  деп
пайымдамау  керек.  Яғни,  өткенімізді  тұтас  күйінде,  ешқандай  боямасыз,
коспасыз,  каз-калпында  қабылдағанымыз  лəзім.  Ал  өткен  жылдар
шежіресін  үнемі,  өрі  бұрмалаусыз  зерделеп  отырудың  жөні  бөлек.  Мұның
өзі  өткендегі  тəжірибенін  жақсысынан  үйрену  үшін,  ескі  кателіктерді
қаулата бермес үшін, жаманынан жирену үшін қажет.
Саралай келгенде, өз басым Казан революциясынан кейінгі жылдар
біз  үшін  текке  өткен  жоқ  деген  байлам  жасадым.  Материалдык  өндіріс
жүйесін  түбірінен  жаңарту,  адамдардын  білім  деңгейінің  күрт  өсуі,
коғамнын  түрлі  əлеуметтік  топтарының  арасындағы  қарым-катынастарды
жарастыру,  фашистік  індетке  карсы  ұзақ  алапат  соғыста  женіске  жету,
ғарышқа  самғау  -  мұның  бəрің  өзіміздің  тарихи  жүгіміздін  асылына
жаткызған жөн.
Сонымен  бір  мезгілде,  осымен  тұспа-тұс  еліміздің  ат  төбеліндей
билеушілері  мен  олардың  жер-жердегі  өулекі  Жандайшаптары  өз  халкына
карсы бағытталған өділетке ясатпайтын істер тындырғанын кайтерсін. Бұл
- біздін тарихи Жасығымыз.
Таяуда  осыдан  он  жыл  бұрынғы  газеттерді  парақтағаным  бар.  Бұл
жариялылык  жалауымен  сталиндік  озбырлық  кұрбандарын  ішінара  ағарту
жөніндегі  кезінде  Хрущев  бастаған  науқанды  баяу,  найкалумен  кайтадан
қолға  алған  тұс.  Көзіме  бірден  шалынғаны  -  партияның  Орталык
Комитетіндегі  идеологтардың  бипаз  тілімен  соңынан  ғылыми  айналымға
сіңісті  болып  кеткен:  «отызыншы,  кырқыншы  жəне  елуінші  жылдардын
121

басындағы қуғын-сүргін» деген тужырым.
Бар  болғаны  осы  ма?  Мұндайда  Станиславскийдің  аузынан
түспейтін:  сенбеймін  деген  сөз  тілге  оралады.  Ол  -  ол  ма,  еліміздід
азаматтарына қарсы шектен щықан зансыздықтар бір жиырма- жиырма бес
жыл емес, кеңес тарихы кезеңінің өн бойында жасалып келген еді ғой деуге
əзірмін.  Адамдардың  көзін  жоюдан,  халыктарды  жағшай  жер  аударудан
бойын  аулақ  салуға  мəжбур  болған  жүйе,  соған  карамастан,  ешқашан
өзгеше ойлауды жаппай басып-жаныштаудан бас тартқан емес, кейде тіпті
əлдекайда  жəдігөй  төсілдерін  ойлап  тапқан.  Ақылынан  адасқандар
ауруханаларын,  оқшауда  жауап  алу  бөлмелерін,  елгезек  аппаратын,  тіл
алғыш  бұқаралық  ақпарат  күралдарын  пайдаланған,  адамдарға  ықпал
жасаудың басқалай қуралдарын ұысында ұстаған. Сірі болған қағидалардан
шығуға  талпынуды,  идеологиялық  таптаурынға  сəйкес  келмейтін
жаңалыққа  бой  ұру  əрекеттерін  аяусыз  тыйып  тастап  отырған.  Мұның
қуғын-сүргіннен  несі  кем?  Бұл  Қазан  төңкерісінен  кейін  басталып,
тоталитарлык астам держава ыдырағаннан кейін ғана тəмам болған еді ғой.
Сайып  келгенде,  бұл  тұжырымның  кенейтілген  негіздемесі  осы
еңбектің  келесі  тарауларында  баяндалады.  Бөз  біреудер  үшін  келтірген
деректерім  тың  көрініп,  өткенімізді  неғұрлым  тиянақты  зерделеуге  көңіл
коюы  мүмкін.  Енді  біреулердін  бұдан  өздерінің  көптен  бері  қалыптасқан
жеке көзқарасы мен тұжырымына нақтылы дəлелдер табуы ықтимал. Қалай
болғанда да, өзімнің алдыма қойған міндетімді - отандастарымнын алдында
тарихымыздың  көпке  мəлім  емес,  кей-кейде  мүлде  беймəлім  парақтарын
ашпақ ниетімді іске асыра білдім деген ойдамын.
III.
ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚЫСПАҒЫНДА
Қазақстан тарихының ең қайғылы парактарынын бірі ұжымдастыру
науканымен
байланысты.
Республикада
бұл
науқан
аса
қауырт
жүргізілгені,  мұнын  өзі  Қазақстан  экономикасының  өзіндік  ерекшелігінен
туындағаны  мəлім.  Айталық,  1926  жылы  қазақ  жұртының  төрттен  бір
бөлігі  ғана  егіншілікпен  айналысатын,  38,5  проценті  мал  өсіріп,  ал  32,2
проценті  мал  ұстаумен  бірге  жер  өңдеумен  де  шұғылданған  еді.  Тегінде,
қазақтардың  он  процентке  жуығы  көшпелі,  үштен  екі  бөлігі  жартылай
көшпелі тұрмыс кешкен, мұның өзі олар малының камын күйттеп жыл он
екі ай бойы бір жерден екінші жерге көшіп жүрді деген сөз.
Жана  өкімет  қазақтардың,  əсіресе,  көшпелілердің  дəстүрлі  өмір
салтын  түсінбеді,  тіпті  түсінгісі  де  келген  жоқ.  Олардың  ұғымында
далалыктар  жалпак  сахарада  қаңбақ  құсап  мəн-мағынасыз  көшіп-қонып
122

жүре  берген.  Шындығына  келсек,  жергілікті  халықтың  өмірі  белгілі  бір
катаң  төртіпке  бағынушы  еді.  Қазақтардың  көпшілігінің  əртүрлі  өжіре
кұрылыстары  бар  қыстаулары,  жаз  жайлайтын  тұрақты  мекендері  бар
болатын.  Əдетте,  көшпелілер  отар-отар  қой,  табын-табын  сиыр,  үйір-үйір
жылқы  ұстады,  сөйтіп  оларға  кең  өрістің  керек  болғаны  белгілі.
Жайылымдарын  ешкімнің  дуал  соғып,  коршамағаны  да  түсінікті,  өйткені
кез келғен шопанға қай жердің кімнің иелігінде екені, қай тұстан басталып,
қай  тұста  бітетіні  онсыз  да  жақсы  мілімді.  Əркім  өзіне  меншік  аумақтың
ішінде  жайылымдыктың  тапталып  қалмауын  қатаң  қадағалайтын.
Сондықтан  да  көшпелілер  бір  орында  отыра  бермей,  шөбінің  қайтадан
көтерілуінің  қамын  ойлап,  малын  бір  жайылымдықтан  екінші  Жайылымға
айдап отыруға мəжбүр болған.
Бірде-бір  отбасының,  бірде-бір  қауымның  бөтеннің  жерін  иеленуге,
онда  мал  бағуға  кұқысы  болған  жоқ.  Аумақ  шекарасын  сақтау  əрдайым
көкейкесті  мəселе  болып  келгені  аян.  Кезінде  «жер  дауы»  аталған  осы
мəселе төңірегіндегі дау-шар ағайын арасындағы алакөздіктің ен ауыры еді,
өрі  еирек  ұшырасатын.  Қандай  да  бір  түсініснеушілік  туа  қалса,  оны
ақсақалдар алқасы қолма-қол шешіп тастаушы еді, олардың кесіміне ешкім
қарсы  келмейтін,  кайтып  талкыға  түспейтін.  Олардың  сөзіне  агайын
ішіндегі бетке шығарлардың өзі тоқтайтын.
Алайда,  Кеңес  өкіметі  өзі  дүниеге  келген  алғашқы  жыл-  дардың
ішінде-аң  «Əлеуметтік  ілгерішілдікке  киғаш  келеді  өрі  мешеулік  сипаты
бар»  деген  желеумен  үлттык  дəстүрлерімізден  айыруга  бағытталған
ныеаналы əрекет жүргізе бастады. Большевиктердің орасан зор аумактарды
бақылаусыз  пай-  далануына,  миллиондаған  жандардыңөмірін  уысьшда
үстауына  кедергі  келтіретін  дəстүрлер  мен  салт-сананын  кажеті  канша
деғен пиғыл!
Экономикалык  міндеттер  таза  саяси  тəсілдермен  шешіліп  отырды.
Большевиктердін  ат  төбеліндей  билік  жүргізуші  тобы  күйзеліс  пен
аштыкты  еңсеруге  мүмкіндік  беретін  резервтерді  аласүрып  іздестіре
бастады.  Онын  пікірінше.  сансыраған  елдін  азьщ-түлік  корын  толыктыру,
Орталык  Ресейдің,  Еділ  бойыньвд,  Орал  өщрінің,  Сібір  мен  Киыр
Шыгыстьщ  толғакты  мөселелерін  шешу  үшін  Қазақстанның  мүмкіндіктері
шаш  етектен  еді.  Сондықтан  да  көшпелілерді  жайылымдықтарынан
ығыстырып,  отырықшылық  өмірге  бейімдеу  арқылы  өкімет  куатты  астык
өндірісін жолға қоймак үмітпен сахараны жырту қамын жасады.
1929  жылдың  карашасында  партияның  Орталық  Комитеті  өзінің
кеңейтілген отырысьщда ұжымдастыру қаркьінын жедел- дету мен көшпелі
123

шаруашылықтарды  отырықшылыққа  көшіру  жөнінде  шешім  шығарады.
Қазақстан  ауыл  шаруашылығынын  алдында  1931  жылдан  бастап  жылына
1,6  миллпон  тонна  астык  тапсыру  міндеті  қойылды.  Мұның  өзі
экономикалық  тұрғыдан  ессіздік  еді,  дегенмен,  көшпелілерді  отырықшы
ету  пиғылы  елді  өркендетудін  бес  жылдық  жоспарында  жазылған  соң,  не
жорык!  Республика  астанасында  жана  жерлерді  абаттандыру  жөніндегі
арнайы комитет кұрылады.
Осынау  пəтуасыз  пиғылды  іске  асыруға  жергілікті  ком-  мунистер
білек  сыбана  кіріседі.  Осындай  «өсіре  белсендінін»  бірі  1925  лен  1933
жьылдардың  ішінде  ВКП(б)  алкелік  комитетін  баскарған  Филипп
Голощекин  еді.  Өзінін  «тұзы  кем  болғанша,  артық  болсын»  дейтін  сүйікті
нақылына  сүйеніп,  «қазақ  ауылын  Қазан  сыпыртқысымен  аршып  шығу»
деген  атакты  ұранынын  айтушысына  да,  аткарушысына  да  айналды.
Мұның өзі қазақ халкы үшін нағыз тамұк болып шыкты.
1929  жылғы  желтоксанда  Қазақстан  большевиктері  караша
пленумынын  шешімдерін  іске  асыруға  кұлшына  кірісті.  Үжымдастырудың
ортақ бағытын олар жергілікті ерекшеліктермен барынша боямалап бакты.
Қазақстанда  оны  жүзеге  асырудың  бірден  бір  қажетті  шарты  жергілікті
жұртты  отырықшылыққа  көшіру  деп  білді.  1930  жылдың  қантарының
өзінде-ақ  өкілді  өкіметтің  жоғары  органы  -  ОАК  алғашкы  бесжылдықтың
аяғында 566 мын көшпелі жəне жартылай көшпелі отбасының кемінде 544
мыны отырықшылыққа көшуге тиіс деп шімірікпестен мəлімдеді.
Сайып  келгенде,  ұжымдастыру  дегеніңіз  барып  тұрған  еулекілік
болып  шыкты.  1930  жылдын  көктеміне  қарай  құрылған  ұжымдык
шаруашылықтардың  көпшілігінде  тұрғын  үй,  өжіре  кұрылыстар  мен
қажетті  шаруашылық  құралдары  былай  тұрсын,  жыртатын  жердін  өзі
болмай  қалды.  Жаңадан  пайда  болған  ұжымшарлардың  дені  акыр  аяғы
ауызсуы жоқ шөл жəне шөлейт өңірлерде орналасқан еді. Мал азығыныңөзі
қат  болды,  ал  меншік  малды  жайылымдыкгарда  жаюға  катаң  тыйым
салынды. Айтъш- айтпай не керек, ұжымшарға күшпен кіргізілген көпшілік
адамдардың малы тұрғай, тіпті жеке мүлкі болған жоқ. Иə, тұрғын-жайлар
мен  коймалар  салу  бағдарламасы  секілді  бірдең-  енің  болғаны  да  рас,
алайда,  өкімет  оны  сау-саламат  калпында  кұрдымға  жіберді.  Белгіленген
тұрғын-жайдың  15  проценті  ғана  жəне  қарадүрсін  корасымақтардың  32
проценті  ғана  салынды.  Ресми  деректердің  өзіне  сүйенсек,  1930-1932
жылдары  көшпелілердің  отырықшылыққа  көшкен  32  мың  отбасына  бар-
жоғы екі жарым мың үй жəне 108 монша берілген екен.
Агрономдар,  зоотехниктер,  мал  дəрігерлері,  басқа  да  ауыл
124

шаруашылық  мамандарына  ділгерлік  дендеді.  Көптеген  ұжымшарларда
агрономиялық-зоотехникалық  іс-шаралардын  Карабайыр  жоспарларының
өзі болған жоқ.
Халык
қасарыса
қарсыласып
бақты,
1929-1931
жылдары
Қазақстанда 372 көтеріліс тіркелді, оған 80 мыңдай адам қатысты. Мұндай
бас көтерулердің қатаң басып жанышталғаны өзінен-өзі түсінікті.
Осыған орай, 1980 жылы зайыбымның əкесі Алпыс Қонақаев айтып
берген бір оқиға ойыма оралып отыр.
Алпыстың  ата-анасы  ауқатты  адамдар  саналатын.  Олардың
жүздеген  бас  жылқысы  мен  койы  болғанын  айтсак  та  жеткілікті.  Олар
мекен  еткен  Сарыарқа  даласында  ұжымдастыру  басталған  кезде  Қонакай
мен онын əйелі жайлауда малын бағып бейқам жатқан. Бірде сау ете тускен
қарулы кызыл əскерлер карттардын мүлкі мен тамағын тартып алып, түяқұ
калдырмай  малын  айдап  əкетеді.  Шал  мен  кемпір  киер  киім,  ішер  ассыз,
аштан өлуден басқа амалы жоқ, киіз үйде аңырап қалады.
Ағайын-туған
куғын-сүргіннен
қауінтеніп,
мал-мүлкінен
айырылғандарға көмектесуге батпайды. Осы кезде өкіметтің жүгенсіздігіне
колына  кару  алып,  карсы  тұруға  əрекеттенген  жалғыз  ұлдары  Алпыс
қаращы түнді жамылып, олардың киіз үйіне келеді. Мұнда кызыл əскерлер
калдырып кеткен карауылға тап болып, арада атыс басталады. Қайын атам
аяғынан  жараланса  да,  амалын  тауып,  куғыншылардан  құтылып  кетеді.
Əйтеуір, тұткыннан аман калады, өйтдесе, катаң жаза тартары анық еді.
Бұл  окиғанын  акыры  да  күллі  халкымыздың  тағдыры  сиякты
касіретпен  тынады.  Қарттар  аштыктан  көз  жұмады.  Алпыс  аман  қалады.
Алайда,  кабағы  ашылмайтын  тұйық  адамға  айналады.  Содан  былай  ол
калалы,  адамы  көп  айғай-шулы  жерлерге  жоламайтын  болады.  Жырақ
отарларда,  Нұраның  адам  аяғы  аз  жағалауларында  оқшау  өмір  кешеді.
Өкімет  салған  жая  жарасынан  арылуға  тырысқан-ак  шығар,  алайда,
аяғында калған оқ осы қасіретті есіне сала берген сиякты.
Іштей  карсыласулар  да  болмай  койған  жоқ.  Малдарын  ұжымдық
шаруашылықтарға берудің орнына, сойып тастаған адамдар көп. Көптеген
аудандарда  ұжымдастырудың  алғашкы  аптасында-ақ  барлық  мал  басының
50 процентіне жуығынын пышаққа түскені жайлы деректер бар. Тіші аман
калған  малдың  көбі  кейіннен  кыс  бетінде  жем  шөп  тапшылығынан  жəне
кысқа өзірліктід өлсіздігінен шығынға ұшырады.
Большевиктердін  əкономикалық  бағыты  күйреп  тынды,  мұндайда
байырғы  əдетіне  басып,  өкімет  орындары  кінə  тағарларын  іздеуге  кірісті.
Сөйтіп,  1917  жылы  қазақ  халқының  ұлттық  сана-сезімі  дəуірлеген  тұста
125

жетілген  Алаш  саяси  козғалысынын  мүшелеріне  айып  тағылып,  дүрсе  коя
береді.  Алаштықтар  ұжымдастыру  саясатын  жүргізуге  кастандық  жасап,
халықты қарсыласуға, зиянкестікке итермедеуде деп жалпақ жұртқа жария
етеді.  1930  жылы  қалалар  мен  ауылдарда  Кеңес  өкіметін  кұлатуға
бағытталған-мыс  «революцияға  қарсы  қастандық»  делінетін  колдан
жасалған  іс  қозғалады.  Көрер  көзге  ұят  соттар  жүргізіліп,  соның
салдарынан  қазақ  зиялыларының  көптеген  көрнекті  өкілдері,  сонымен
катар жергілікті қазақ шенеуніктері түтелдей дерлік жазыңсыз жапа шегеді.
1932  жылдың  сонына  таман  республика  өкіметінін  жоғарғы  легінде  де
саяси тазарту жүргізілді.
Бұкараға  ыкпалды  күшейту  камымен  өкімет  орындары  жаппай
партияға  қабылдауды  дағдыға  айналдырды.  Алайда,  жергілікті  жұрт  осы
ұйымға  ықтиярымен  кіруге  асығыстық  білдіре  коймайды.  1929  жылдың
каңтарында  Қазақстанда  небəрі  16550  коммунист  болды.  1931  жылы
олардың  саны  17500-ге  жетті,  бұлардың  өзі  денінен  «қазақстандықтар»,
яғни  казақтар  мен  орыстар  еді.  Негізінен  қазақтар  тұратын  аудандарда
жасы  жағынан  партияға  қабылдауға  болатьына  адамдардың  арасындағы
коммунистердің үлесі мүлде аз болатын.
30-шы  жылдардың  басындагы  ресми  саясаттың  өзі  шашыраң-
қылығымен көзге түседі, жел етіндегі зырылдауық сиякты бағытын өзгерте
береді. Тəртібі қатал ұжымшар «əртелдеріне» алдымен көшпелілер күшпен
кіргізілді,  алайда,  1930  жылдың  жазында  өткен  партияның  XVI  съезі
шөлейт  аймақтардағы  ұжымдастырудың  қатан  шарттарын  біршама
босаңсытуды  ұйғарады.  Бұрынғыдан  неғұрлым  еркінірек  бағдарлама
жасалға,  оған  сəйкес  ұжымшарлар  емес,  жер  өндейтін  серіктестіктер,  яғни
мойын  серік  аталатындарды  құру  көзделді.  Оның  мүшелеріне  меншігінде
біразырақ  мал  мен  құс  ұстауға  рұқсат  берілді.  Маусым  айында  жергілікті
өкімет  орындары  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  аудандардагы  жеке
меншік  иелеріне  ұжымшар  мулігі  мен  малын  қайтарып  беру  жөнінде
шешімге келді.
Алайда,  1930  жылғы  қарашада  шаруалардан  ауылшаруашылық
өндірісінің  барлық  жарақтары,  ал  келесі  жылдың  маусымында  малы
қайтарып  алынады.  1930  жылдың  сөуіріне  қарай  ауыл  жұртының  50,5
проценті күштеп ұжымшарларға тартылды. Кейінірек бұл сан 29 процентке
дейін  төмендеп  кетеді  де,  соңынан  1931  жылдың  1  қазанында  қайтадан
тура 65 процентке дейін көтеріледі.
Кысым  жасау  бəсеңсіген  кезде,  қазақтарға  малынын;  бір  бөлігін
қайтарып  алуға  рұқсат  беріліп,  олар  бұл  мумкіндікті  пайдаланып  қалуға
126

тырысады.  Ұжымдастырудың  келесі  толқыны  басталған  1931  жылы
көпшілік  заңға  да  қарамай,  жырақтағы  шатқалдар  мен  тоғайлар  ішінде
меншік  малын  жаюға  кіріседі.  Дегенмен,  кыс  түсе  малдарын  сойып  альш,
көктемге дейін қатқан етті талшың етуге мəжбүр болады.
Белгіленген  бағдарламалар  бірінен  кейін  бірі  іске  аспай,  малдың,
тұкымның,  кұрал-жарак  пен  кұрылыс  материалдарынын  ділгірлігінен
абыржыған  өкімет  орындары  аласұрып,  кым-куыт  шаралар  колдануға
əрекет  жасайды.  Ұжымшарлар  ауыл  шаруашылығы  өнімін  өндіруді
ұлғайтуға жəрдемдеседі деген үмітпен реформалар жүргізіп, оларды біресе
біріктіріп,  біресе  бөлетін  келеңсіз  тəжірибе  дүниеге  келетін  тұс  осы.
Керісінше,  істің  кетеуі  кетід,  қайтадан  шаш-етектен  шығынға  батады.
Ұжымшарларға күштеп қоскандар да, бұдан уақытша болса да жан сауғалал
калғандар да малдан айырылады. Егер 1928 жылы б миллион 509 мың бас
ірі  қара  есепке  алынса,  1932  жылы  бұл  сан  965  мыңға  дейін  кұлдырап
кетеді.  Кой  басы  18,5  миллион  943  мыңнан  бір  миллион  386  мынға  дейін
кемиді.  Егіншілікте  пайдаланылып  жүрген  алқаптардың  кəлемі  бар
болғаны  15-17  процент  қана  өседі.  Соған  карамастан,  астык  пен
егіншіліктін басқа да өнімдерін өндіру кəлемі іс жузінде ұлғайған емес.
Соның  салдарынан  республика  аса  ауыр  дағдарыска  ұшы-  рады.
Адамдар  аштық  пен  індет  кыспағына  түсті,  сталиндік  куғын-сүргін
жағдайды  одан  сайын  ушыктыра  түсті.  Тіпті  сол  кезеңдегі  ресми
статистиканын өзі Қазақстан шеккен ауыр зар- дапты жасырып қала алған
жок.  Егер  1926  жылғы  бүкілодақгық  санактың  деректеріне  жүгінсек,
республикадағы  қазақ  халкының  саны  3  миллион  963  мың  адам  болса,  ал
1939 жылғы санақ бойынша 3 миллион 100 мыңға өрен жетеді, мүның өзі
де  көпе-  көрінеу  ұлғайтылған  сан  екеніне  күмөн  жоқ.  Жағдайдың  бұдан
елдеқайда ауыр болғаны кейіннен анықталып отыр. Бір миллион 750 мың
адам немесе республикадағы қазақ жүртынын жалпы санының 42 проценті
1932-33  жылдардағы  аштық  пен  қуғын-  сүргіннін  кұрбаны  болған.  Бұған
британ  тарихшысы  əрі  сталиндік  қудалау  шежірешісі  Роберт  Конквистін
деректері айғақ.
Адамдар  жалпай  көше  бастайды,  Қытайға,  Моңғолияға,  Түркияға,
Иранға, Орта Азия республикаларына жəне көршілес Ресей аймактарына -
Еділ  бойына,  Оралға,  Сібірге  кашады.  Ауыл  кедейлерінің  жүгенсіздік  пен
заңсыздыкка  карсы  көрсеткен  бар  наразылығы  осы.  Ең  жана  деректерге
сүйенсек, осы жылдар ішінде республикадан бір миллион 100 мыңра жуық
адам көшкен. 600 мыңнан астам қазақ сол бетінде отанына кайтып оралған
жок.  Кейбір  жандарға  жат  елдегі  тіршілік  мүлде  төзгісіз  болғандықтан,
127

амалсыздан қайтып оралуға мөжбүр болды.
Аштық  пен  адамдарды  жаппай  қырғынға  ұшырату  -  большевиктік
«əлемді
абаттандырушылардың»
экономикалық
жəне
саяси
сауатсыздығының, олар жүргізген бағыттың ұзынсонар стратегиялық жəне
тактикалық  кателіктерінің,  сондай-ақ,  қазақ  халқын,  оның  дəстүрі  мен
мəдениетін  мүлде  білмеуінің  жəне  білгісі  келмеуінің  салдары.  Сонымен
қатар бұл идеологиялық тұрғыдан негізделген сталиндік жан баласына жат
саясаттыңзардабы,  оны  «халықтарға  көсеміне»  жағынуға  тырыскан
жергілікті жандайшаптардын катайта, күшейте түскені анық.
Партияның
1934
жылдың
ақпанындағы
XVII
съезінде
Қазақстандағы  ұжымдастыру  сəтсіздіктері,  негізінен,  көшпелілердің
отырықшы  тірлікке  көшуге  кұлыксыздығынын  есебіне  жаткызылды.
Келесі,  1935  жылы  мойынсеріктер  кұру  бағдарламасына  сəйкес  жасалған
кеңшіліктер қайта мəнзүр етіліп, шаруашылықтар қайтадан ұжымшарларта
айналдырылды.  1938  жылға  карай  ұжымдастыру  негізінен  аяқталды.
Алайда, бұл жолда каншама кымбат кұн төлеуге тура келді десеңізші.
IV.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет