Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН


«ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУДЫҢ» ТАР ЖОЛ



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

«ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУДЫҢ» ТАР ЖОЛ,
ТАЙҒАҚ КЕШУІ
Саяси  кызметімді  бастаған  кезде  менің  кеңестік  кезеңдегі  ұлттык
саясатты іске асыру ерекшеліктерін білуге ден койғаным бар. Яғни, өзімнін
тікелей  міндетіме  -  өндіріс  пен  шаруашылык  кызметтің  мəселелерінен,  бір
карағанға,  алшақ  жаткан  мəселелерге  ден  қойдым.  Бұл  бір  қарағанға  ғана
солай.  Сол  кездін  өзінде-ак  экономика  мен  саясаттың  коғамдык  көніл
ауанына  тікелей  тəуелді  екені  айқын  біліне  бастаган.  Мұның  өзі  көбінесе
Қазақстанның  көп  ұлтты  болуына  байланысты  ұлтаралык  катынастардын
тұрактылығына қарай айқындалушы еді.
Құжаттарды, теориялық зерттеулер мен жарияланымдарды зерделеп,
əлемдік  жəне  кеңестік  тарихтың  деректерін  ой  елегінен  өткізіп,  оларды
нақты  болмыспен  салыстыра  келгенде,  мен  ұлттық  катынастардағы  80-ші
жылдардың  соңына  қарай  үдей  түскен  кайшылыктар  кеңестік  державага
біріккен  халыктардың  санасына  жасалған  сан  жылғы  кысымыың  зардабы
деген  пікірге  токтадым.  1917  жылдан  бергі  күллі  кеңес  тарихы  толып
жаткан  адам  кұқығын  бұрмалаушылықтарға,  ол  -  ол  ма,  кей  реттерде
ашыктан ашың жасалған тұқым кұртушылың көріністеріне толы. Солардың
ішінде  -  миллиондаған  шаруалардың  өмірін  киған,  көптеген  ұлттардың
тұкымына  зардабы  тиген  20-шы  жəне  30-  шы  жылдардағы  ұжымдастыру
туғызған  аштық  мүлде  жазықсыз  жандарды  жаппай  атып-асу  мен
128

түрмелерге  камау,  Сталинге  жақпаған  тұтас  халыктарды  «күмəнді»  жəне
«жаулык пиғылда» деп жариялау жатыр.
Адам  кұкығын  көпе-көрінеу  аяқасты  етудін  бұл  қатарына  күзет
койылған  камаудағы,  соңдай-ак  айдаудағы  адамдардың  сан  миллиондаған
жұмыс  күшін  бір  жерден  екінші  жерге  жаппай  ауыстырып  отыруды
жаткызар  едім.  Еліміздегі  ұлтаралық  қатынастардың  күллі  күрделілігін
ұғыну  үшін  «ұлы  коныс  аударулардың»  шежіресін  кысқаша  ғана  ой
елегінен өткізбек пайдалы.
Сонау  өткен  ғасырдың  сонында  Ресейден,  Украинадан,  басқа
аймактардан  Қазақстанға  өздері  ойлағандай  бос  жаткан  жерлерден  дəмелі
көптеген  қоныс  аударушылардың  ағылып  келгені  жайында  еске  салған
едім.  Бұл  лек  ешқашан  тыйылған  емес,  алайда,  үстіміздегі  ғасырдың
алғашкы  он  жылында,  столыпиндік  реформаны  іске  асыру  барысында
шыркау  шегіне  жетті.  Жыл  сайынғы  көшіп  келушілер  саны  140  мың
адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі
жат  елде  сіңісіп  кете  алмай  кейін  қайтып,  қалғандары  жайғасып,
иеліктеріне  шаруашылык  алып,  осында  мəнгіге  қоныстанып  жатты.
Тарихшылар  берген  бағаға  сайсак,  сол  кездерде  Қазақстанға  келгендердің
ұзын-ырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады.
Бұл коныстандырулардың жергілікті халықты орыстандыруды жəне
отарлаудың  барлык  өлшемдеріне  сəйкес  олардын  иелігіндегі  жерді  Ресей
тəжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті.
Шындығында
дəл
сол
саясатты
Кеңес
өкіметі
одан
өрі
жалғастырады.
Сөйтіп,  ұжымдастыру  кезінде  Қазақстанға  220  мың  мал-  мүлкі
алынған  бай-кұлак  жер  аударылған  еді.  Соғыстың  алдындағы  жылдары
түрлі республикалардан өнеркəсіп кұрылысын жүргізу сылтауымен тағы да
бір миллион 200 мың адам қоныстандырылды.
Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе жүйеге қас
дегең  жалған  желеумен  жіберілетін  адамдарды,  сондай-ақ  қылмыскерлерді
айдайтын орынға айналды. Мұнда түрмелердің, лагерьлердің жəне күштеп
қоныстандыруға  арналған  орындардың  тарам-тарам  жүйесі  жасалды.
Казақстанда
қанша
қамалғандардың,
айдауылмен
əкеліп
коныстандырылғандардың  болғанында  кисап  жоқ.  Олардың  талай  мыңы
өмір  сүрудін  қиыншылығына  шыдамай  дүниеден  өтті  немесе  көпшілігінің
көзін жазалау-қудалау аппараты кұртты.
Соғыс  қарсаңында  жəне  соғыс  кезінде  «саткындық  пиғылда»  деген
жөн-жосыксыз  айып  тағылған  тұтас  халықтарға  қарсы  қатаң  қуғындау
129

шаралары колға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнə жандарды тығыз-таяң жук
вагондарына  тиеп,  біздің  далаға  жөнелтіп  жатты.  Ондаған  мын  коныс
аударған  адамдар  осындай  тағылық  айдаудың  салдарынан  аштықтан,
суықтан  жəне  дерттен  дүние  салды.  Тарих  калғандарының  санасында
қатыгез,  қаскөй  жеңдеттердің  карекетінен  жапа  шеккен  адамның  иманын
қасым ететін үрей мəңгілік сакталып қалды.
Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуык Қиыр Шығыс корейлері, 800
мындай  Еділ  бойының  немістері,  КСРО-нын  Батыс  аймақтарынан  100
мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп
қоныстандырылды.  Қазакстанға  күштеп  көшірудің  қара  дауылын  Қырым
татарларының,  гректердің,  калмақтардын  ондаған  мың  отбасылары,  басқа
да кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті.
Ресми  деректер  бойынша  сол  кезде  Қазақстан  жұрты  бір  жарым
миллионнан  астам  адамға  көбейген  екен.  Алайда,  бұл  сан  тым  кемітіліп
отыр деген ойдамын. Соғыс кезінде əртүрлі өндірістермен бірге мұнда 350
мыңнан астам адамнын əкелінгені де анык. Сол жылдары республикамызда
кеңес ғылымы мен мəдениетінің бетке шығар каймағы - көптеген іс өрнекті
ғалымдар,  жазушылар,  артистер  мен  сазгерлер  жиналғанын  еске  түсірудін
де артықтығы жоқ.
Амалсыздан
қоныс
аударушыларды
қазақтардың
қаншама
конақжайлықпен қарсы алғаны баршаға мəлім. Ұжымдастыру мен ұлы жүт
діңкелеткен,  өздері  асқа  жарымай  жүрген  халық  қу  дала,  қу  медиенде
калған  жандарға  баспана  берін,  бауырына  тартып,  соңы  тілім  нанымен
беліеті.  Мұны  даркандық  көрсетіп,  ақ,  адал  көнілімен  жасағанына  да  дау
жоқ. Аман қалып, адам қатарына қосылуына жəрдемдескен жандар оларға
күні бүгінге дейін көрсеткен көмегі ушін дəн риза.
Мұның бəрі естіп-бідгенім ғана емес, өз көзіммен де көргенім. Алты-
жеті  жасар  кезім,  өкемнің  үйге  бейтаныс  бір  еркек  пен  əйелді  жəне  үш
баланы ертіп келгені есімде. Киімдері жыртылған, үстері кір, аш екендіктері
де көрініп тұр. Əйелдің жанарында кайғы тұнған, балалары жылай береді.
Бұлардың  балқарлықтар  екенін  кейіннен  білдім,  сол  жылы  аудандык
арнайы  комеыдатура,  неге  екені  белгісіз,  бұрын  Қабарда-Балқардан
айдалып  келіп,  алыс  ауылдардың  бірінде  тұрып  жаткан  бірнеше  отбасын
біздің  Шамалғанға  «ауыстыруды»  ұйғарған  екен.  Оларды  асығыс  бірін
қораға,  бірін  сүт-тауарлы  фермаға  орналастыра  салыпты.  «Жауларға»  тым
құрығанда  адам  өмір  сүрерліктей  колайлы  жағдай  жасау  деген  «құзыретті
органдардың  катеріне  кіріп-  шықпағаны  түсінікті.  Ал  жергілікті
тұрғыыдардың ұйғарымы басқадай еді, олар жер аударылғандарға баслана
130

берді.
Біздің  отбасының  да  ашқұрсақ  кезі,  дастарханымызға  сүт  келсе,  бір
жасап  каламыз,  əдеттегі  талқығымыз  нан  мен  шай,  жаңа  таныстарымызға
да осыдан басқа не берейік? Дегенмен, осы жұпыны дастарханымыз, ыстық
пещ,  ата-анамның  ықыласы  мен  жылы  көңілі  олардың  аман  калып,
балаларын кұтқаруына үлкен сеп жасады.
Əкем  отағасы  Хазіретпен  (балкарлықтың  есімі)  тез  жақындасып,
онын  жұмыс  тауып  алуына  жəрдемдесті,  бір-екі  айдан  кейін  екеуі  балкар
тілінде
еркін
сөйлесетін
болды.
Қыскасы,
біздің
отбасы
баска
шамалғандыктар сияқты жанадан келгендерге тез бауыр басып кетті. Біраз
жылдан  кейін  менің  алыс  бір  туысқаным  балқар  қызына  да  үйленді,  өз
басым, кейіннен Кавказға кайта оралған солардың біразымен қазір де анда-
санда хат алысып тұрамын.
Бұл айтканым республикаға жер аударылған адамдарды қазақтардың
қалай қабылдағаны жөнінде бір мысал ғана. Енді тақырыбыма оралайын.
«Ұлы  қоныстандыру»  мұнымен  де  тоқталған  жоқ.  60-шы  жылдарға
дейін Солтүстік жəне Орталық Қазақстанның тың жəне тыңайған жерлерін
игеруге екі жарым миллиондай адам келді. Олардың бір бөлігі көп ұзамай
мұнда жердегі жұмақ орнайды деген ресми насихатқа сенгендер еді. Өкімет
орындары  «қызыл»  көрсетіп  алдарқатумен  қатар  «қамшы»  сілтеп  те
жіберді,
алғашкы
тыңгерлердің
арасында,
Қазақстанға
куштеп
əкелінгендердің  ішінде  тікелей  қамау  орындарынан  жеткізілгендердін
болғаны да жасырын емес. Нақ сол 30-шы жылдардағы сияқты бұл жолы да
каптатып  қоныстанушыларды  жіберген  орталық  өкімет  жергілікті
басшылықпен  де,  республиканың  қарапайым  тұрғындарымен  де  ақыл
қосып əуреге түскен жок.
Өлкенің мүмкіндігін мұкият зерделеп, іс-қимылдың айкын, гылыми
негізді  бағдарламасын  əзірлеп  барып  жасаса,  Қазакстанда  астык  өндірісін
өркендетуге  кім  қарсы  болсын!  Соңынан  адам  күлерліктей  аз  түсім  -
гектарынан  бар-жоғы  3-5  центнер  астық  алу  үшін  жер  өңдеуге  орасан  зор
акша  шашатын  үкіметті  акылды  кожайын  деп  айтуға  ауыз  бара  ма?  Ал
солай  болғанына  куəсіз.  Қазақстанның  кұшақ  толар  «күлшелерінің»
шамамен  40  миллион  гектардан  тұратын  байтақ  алқаптын  есебінен
«пісірілгені  де»  баршаға  аян.  Мұны  мемлекет  қазынасынан  өлшеусіз
жəрдем  көрсетуді  талап  еткен  аса  кымбатқа  түскен  астық  əрі  үстірт
əкономикалық жəне демографиялық стратегия демеске лаж жоқ.
Соғыстан  кейінгі  жылдары  тағы  да  150  мың  қоныстанушы
республикада  салынып  жатқан  өскери  объектілерге,  сонын  ішінде  Семей
131

ядролық  полигоны  мен  Байқоңыр  ғарыш  айлағына  келіп  табан  тіреді.
Содан кейін де жұмыс күшін баска құрылыстарға ұйымдаскан түрде іріктеу
жөніндегі бітіп болмайтын шаралардың жүргізілгеніне куөміз. Сонымен бір
мезгілде табиғи көші-қон да жүріп жатты: Қазақстанға басқа халықтардың
өкілдері,  негізінен  алғанда,  батыл  да  алгыр,  көкірегінің  оты  бар,  өлкенің
келешегіне  де,  өзінің  қайраты  мен  қарымына  да  сенетін  адамдар  ағылып
келе бастады. Шындығын айту керек, тұрмыс қамын күйттеп келгендердің
үміті де аңталмай калған жок.
Ендігі  жерде  Қазақстанның  ұлттық  кейпінің  калай  калыптасқаны
əбден  түсінікті  шығар  деген  ойдамын.  Сірə,  Ресейден  баска  бірде-бір
кеңестік  республиканы  мекендейтін  халыктарының  саны  жөнінен  біздің
елмен салыстыру мүмкін болмас. Этникалык бояуының сан алуандығының
өзі-ақ осында қалыптаскан ұлтаралық катынастардың ерекшелігін аныктал
берді. Əлбетте, мен тілге тиек еткен сандар мен деректерге келсек, мұным
кейігендік  немесе  коғамдык  пікір  туғызуды  куйттегендік  емес,  өзіміз
мұраға  алған  жəне  өзіміз  казір  өмір  сүріп  жатқан  накты  жағдайды
неғүрльгм далірек сипаттау камы.
V.  КОРЛЫК КӨРГЕНДЕР МЕН ЗƏБІРЛЕНГЕНДЕР
Қазақстанға  күштеп  көшіріліп  əкелінген  жандардың  қаншама
тақсірет  шеккенін  түсінемін,  алайда,  сонын  ішінде  бəрінен  бұрын
казақтардың  өздері  айтып  жеткізгісіз  ауыр  жағдайда  калды  десем,
шындыкка  киянат  жасамаспын.  Орталықтың  ыркымен  республика  қатаң
экономикалық  жəне  саяси  тəжірибе  жүргізетін  бүкілодактық  сынақ
алаңына  айналды.  Солардың  кай-кайсысы  да,  мейлі,  «индустрияландыру»
жəне  «ұжымдастыру»  үлгісін  үйлестіруді,  немесе  «сенімнен  кеткен»
халықтарды  коныстандыруды,  тын  игеруді  немесе  «ұлттық  мəдениеттерді
жақындастыруды»  алыңыз,  сайып  келгенде,  казактардың  тұрмысын
сансыратқаны  өз  алдына,  əсіресе,  демографиялық  ахуалға  ауыр  соққы
болып тиді.
Ресей  империясында  1897  жылы  жүргізілген  санақ  сол  кезде
Қазақстан  аумағында  тұрған  барлық  жұрттың  90  процентін  қазақтар
құрағанына айғақ. Жарты ғасыр өтер-өтпесте бұл көрсеткіш 29 проценттің
деңгейіне  дейін  төмендеді.  Бұрынғы  Одақтың  бірде-бір  республикасында
түбелік  жұрттың  үлес  ғалмағы  жалпы  халықтың  кұрамында  дəл  біздің
республикадағыдай төмен болып көрген емес!
Елге  есімін  берген  қазақтар  туған  топырағында  ұлттық  азщылыңқа
айналды.  Тек  соңы  он  жылдың  бедерінде  ғана  қазақ  жұртының  үлес
132

салмағы  өсе  бастады.  Бұл  табиғи  көші-қон  барысының,  соның  ішінде
елімізден сыртта тұратын қазақтардың тарихи отанына кайтып оралуының
нəтижесі  еді.  Сонғы  жылдардың  ішінде  елімізге  30  мыңнан  астам  отбасы
немесе 150 мыңнан аса адам келді. Қазір қазақ жұртының саны мемлекеттін
барлық тұрғындарының жартысынан асады.
Мұндайда  тоталитарлық  мемлекеттің  көсемдері  жүргізген  ұлттық-
демографиялық  саясаттың  жазалаушылық  сипатта  болғаны  туралы
тұжырым  жасамасқа  амал  жоқ.  Большевиктік  іс-əрекет  кандай  даңғаза
идеологиялық ұрандарды желеу еткенмен, олар патша заманында басталған
істі  одан  əрі  жəне  көбінесе  барынша  қатал  əрі  сұрқия  нысанда  жалғастыра
берді. Екі жүйенің екеуі де өз мүдделерін көздеп, «ұлттық шет аймақтарға»
катысты  қатаң  бағыт  ұстады.  Екеуі  де  ешқашан  жəне  ешбір  жағдайда
жергілікті жүрттың мүддесін ескерген емес, олардың кез келген карсылығы
қашан да қатаң басып тасталып отырды.
Ұлттық  дəстүрлер  мен  салт-сананы  нысаналы  түрде  құрту,  ұлттык
төлтумалықты  тұншықтыру  кайда  əкеліп  тірер  еді?  Сөз  жоқ,  ұлттық
мəдениеттің құлдырауы мен қоғамдык кері кетушілікке апарар еді.
Озінің
баяндамаларының
бірінде
Брежневтің
кемелденген
социализм  заманында  Кенес  Одағы  халықтарының  ұлттық  мəдениетінің
əркайсысы  алмастың  қырлары  сияқты  өзіне  тен  қайтапанбас  бояуымен
кұлпырып шыға келді, деп мəлімдегені есімде. Іс жүзінде нақ сол жылдары
қазақтардың  өздерінің  сан  ғасырлық  тарихын,  дəстүрін,  салтын,  тілін
ұмытуы  үшін  колдан  келгеннің  бəрі  жасалғаны  жасырын  емес.  Өз  басым
кенес  тарихшыларының  бағзы  заманнын  істерін,  ежелгі  дүниенін
мағлұматын  партиялық  пайымнын  қатан  кұндағына  салуға  əрекеттеніп,
тарихты  əлденеше  қайтара  көшіріп  жазғанына  əрдайым  таңырқаумен
келемін.  Есімдері  жадымызда  жатталып  калған  данкты  бабаларымыздың
ерлігі  мен  ісі  жайлы  байыпты  тарихи  зерттеулер  жүргізу  қаңда,  тіпті
баспасөздің  өзінде  оларды  ауызға  алудың  өзіне  тыйым  салынды.
Өткеніміздін  көптеген  аарактарына  жүйенін  қалт  етпес  қолымен
«феодалдық сарңыншақтар» немесе «ұлтшылдық» деген танба соғылды.
Халықтың рухани дүниесін құрту аркылы жүйе бəрімізді мəңгүртке
айналдыруға тырысып бақты. Əйтпесе, большевиктердің еліміздегі ұлттық
ерекшелік біткеннің тамырына балта шауып, олардың өз сөзімен айтқанда,
«ұлттардын  ұласуына»  кол  жеткізуге  жəне  халықтардың  санасына
адамдардың жаңа қауымдастыгы - кеңес халқының дүниеге келгені туралы
тұжырымын  сіңіруге,  сөйтіп  өздерінің  есер  ниеттерін  іске  асыруға
тырыскан əрекеттерін немен түсіндіреміз?
133

Акыры  ең  бір  сұрқия  міндет  -  тілді  кұрту  қолға  алынды.  Ол
біртіндеп  іске  де  асырыла  бастады.  Егер  Қырғыз  (Казақ)  Автономиялық
Республикасы  Конституциясының  13-бабында  бізде  мемлекеттік  тілдер
ретінде  қазақ  жене  орыс  тілдері  танылады  деп  жазылса,  1937  жылғы
республикалық  Конституцияда  мемлекеттік  тіл  туралы  тіпті  əңгіме
қозгалған  жоқ.  Бұл  жайында  1977  жылы  қабылданған  Казақ  КСР
Конституциясында  да  ауызға  алынған  жоқ.  Сол  аркылы  қазақтарды
жаппай  орыстандыруға  зандық  негіз  қаланды.  Бұрынғы  Кеңес  Одағы
халыңтарына да қатысты осылай жасалды.
Қазақтар  ғұмыр-баки  пайдаланып  келген  араб  əліпбиі  30-  шы
жылдары  əуелі  латыницамен,  кейіннен  кириллицамен  алмастырылды.
Сөйтіп,  бірер  жылдын  жүзінде  коғамның  дүниетанымдық  негізі  аяғынан
басына  тұрғызылып,  халық  ғасырлар  бойғы  тілдік  дəстурлерінен  ажырап,
өзіне  беймəлім  тілдің  табиғаты  бөтен  əлемін  қайтадан  шиырлауға  мəжбүр
болды.  Қоймалардың  сөрелерінде  тарихтың,  мəдениет  пен  əдебиеттің
орасан  мол  аса  ұлы  ескерткіштері,  көптеген  құнды  тарихи  құжаттар  шаң
басып  жатты.  Олар  өздерін  қазақ  тілінен  қайтадан  қазақ  тіліне,  тек  жаңа
аліпби  бойынша  аударатын  мамандардың  келетін  сөтін  сарсыла  тосып
жатты.  Көптеген  материалдарға  сол  бетінде  кезек  жетпей,  енді-енді  ғана
ғалымдарымыз бұл іске кірісе бастады. Есесіне, мұның өзі жүйеге қолайлы
еді,  бір  сəтте  жол-жəнекей  коғамдык  айналыстан,  кеңестік  идеологияға
сəйкеспейтін дүние атаулы түгелдей сыпырып алынды.
Жоғарыда айтқанымдай, 50-ші жылдардың ортасына таман казақтар
республикада  азшылыққа  айналып,  олардың  ана  тіліне  деген  сұранысы
мүлде төмендеп кетті. Қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Көптеген
отандастарым  балаларын  ана  тілінде  окытудын  енгқандай  мон-мағынасы
жок  дегендей  торығушылың  сезіміне  берілді,  өйткені  Кеңес  Одағының,
соның  ішінде  Қазақстанның  барлык  орта  жəне  жоғары  оку  орындарында
сабақ орыс тілінде ғана жүргізілді.
Тағдырдың
ығытымен
республикамызға
тап
болған
басқа
халықтардың  тілдері  де  осындай  ауыр  халді  бастарынан  кешті.  Əлбетте,
орыс тілінен басқа тілдер. Есесіне, барлық партиялық есептерде реті келген
сəтте, бізде ұлттық азшылыктардын бірнеше тілінде газеттердін, журналдар
мен  кітаптардың  шығарылатыны  мақтанышпен  айтылып  жүрді.  Олардын
шығарылғаны  да  рас.  Бірақ  тілдің  заңдылықтарына,  кəдімгі  қисынға
келмейтін  киындықтармен  шығарылып  келгені  де  рас.  Мысалға,  «Ленин
кичи»  -  «Ленин  жолы»  аталатын  корей  газетін  алайық.  Ондаған
қызметкерлері  бар  редакцияда  корей  тілін  білетін  адамдар  саусақпен
134

санарлық еді. Материалдар алдымен орыс тілінде жазылып, кейіннен корей
тіліне  тəржімеленіп  жүрді-  оқи  алатын  адамдар  аз  болғандыктан,  газетті
таратудын  өзі  қиынға  түсетін.  Редакция  қызметкерлері  амалсыздан  корей
отбасыларын аралап: «Корей емессіңдер ме, ендеше, біздін газетімізге неге
жазылмайсыңдар?»  -  деп,  олардын  ұлттык  намысын  оятуға  əрекет
жасайтын.
Бұрын  «Freundshaft»  -  «Достык»  атальтп  келген  бүгінгі  «Deutsche
Allgemeine Zeitung» неміс газеті де дəл осындай ахуалды бастан кешірді.
Қазақ  тілінің  кем  бағалдығы  жайындағы  ұғым  түбелік  емес  ұлт
азаматтарының саны көп аймақтарында ғана орын алған жоқ. Орыс тілінін
мысы тіпті қазақтар жұрттың 90-95 проценті құрайтын жерлердін өзінде де
басым  тұрды.  Қазақ  зиялылары  əсіресе,  жазушылар,  акындар,  драмашылар
өздерін  табан  тірер  тұғырсыз  қалғандай  сезінді.  Шығармаларын  тұшына,
түсіне  жəне  бағалай  білетін  окушылар  мен  көрермендер  күннен-күнге
азайып  бара  жатқан  кезде,  қазақ  тілінде  кітаптар  жариялаудың,
койылымдар  жасаудың  мəн-мағынасы  жоқтай  көрінгең.  Тұған  тілін,
мəдениеті  мен  дəстүрлерін  қорғауға  тырыскан  зиялыларды  жүйе
ұлтшылдық пиғылы үшін каралады.
Мұның  бəрі,  сайып  келгенде,  қазақ  халкының  ашық  наразылығын
туғызбай  коймаса  керекті.  Шырқау  шехіне  жеткен  наразылық  бəріміздің
жадымызда  жатталып  калған  1986  жылғы  желтоксанда  арнасынан  асып
төгілді.  Ызалы  жастар  Алматының  көшесіңе  шығып,  өз  халкының
абыройын  бұлайша  жаппай  қорлауға  ендігі  жерде  төзбейтінін,  ұлттық
өрлеуге қол жеткізу жəне өздерінің занды кұкыктарын қорғау үшін барлык
онтайлы əдіс-тəсілдерді колдануға баратынын бүкпесіз жария етті.
Өкінішке  карай,  өкімет  орындары,  ең  алдымен  партия  органдары
болған  оқиғадан  дұрыс  қорытынды  шығарып,  ахуалды  өзгертуге  ыкылас
білдірді  деп  айту  киын.  Есесіне,  бүкіл  қазақ  халкына  ұлтшылдык  куйесі
жағылып, кудалау шаралары колданылды, былайша айтканда, «бұранданы
қатайту»
басталды.
Милиция
органдары
сегіз
жарым
мындай
манифестацияға  катысушыларды  немесе  өкімет  «құкыкка  карсы  арекет
жасады»  деп  кұман  туғызған  адамдарды  ұстады.  Олардың  көпшілігін
тергеу  барысында  аяусыз  ұрып-соқты.  Кейбіреулерін  жалаңаш-жалпы
қалпында желтоқсан аязында қаланың сыртына, айдалаға апарып тастады.
Тергеу  барысында  да  заң  бұзушылық  тоқталмай,  прокурорлар  «кұлщына»
жұмыс  істеп,  істін  мəн-жайына  ізерлеп  қанығуға  да  құлық  таныта  койған
жоқ.  Сөйтіп,  «тəртіпсіздікке  катыскан»  жүзге  жуық  адам  сотка  тартылды,
алайда, көп ұзамай əділдіктен аттаған сот солардың 46-сын ақтап шығаруга
135

мəжбүр  болды.  Əділетсіздік  етек  алды,  сенімсіздер  тізіміне  іліккен  800
бозбала мен бойжеткен комсомолдан шығарылып, 270 студент жоғары оқу
орындарынан куылды, ондаған жұмысшылар мен қызметшілер жұмысынан
кетті.
Əлбетте.  өкіметтің  мұндай  қарекеті  ұлтаралық  қатынастарға  елеулі
салқынын  тигізбей  қала  алған  жоқ.  Сол  жылдардағы  саясатшылар
«халыктар  достығына  нұқсан  келген  жоқ»,  «кенестік  интернационализм
ауыр  сында  төзімділік  танытты»  сарындас  əбден  жауыр  болған  жаттанды
тіркестерді  дұға  сөздеріндей  жалыкпай  қайталаумен  болды.  Алайда,
адамдар  достыққа  сызат  түскенін,  түрлі  ұлттар  өкілдерінің  арасындағы
қарым-қатынаста  салқындық  пайда  болғанын,  өзді-өзі  болып  оқшаулануға
бейімділік байқалғанын андамай калған жоқ.
Жағдайды  партия  жəне  мемлекет  органдарындардың  орашолақ  іс-
қимылы  одан  сайын  ұшықтыра  түсті,  олар  оңтайлы  да  нысаналы  жұмыс
жүргізудің
орнына
мəтібиліктін
бəз-баяғы
дəстүрлеріне
басып,
материалдык жағынан да, ұйымдық жағынан да дəйектелмеген ұзын-сонар
«іс-шараларының жоспарын» жасаумен шектеліп жүрді.
Партияның  нұсқауымен  өрістетілген  қазақ  тілін  жаппай  окып-
үйрену  науканы  -  сондай  шаралардың  бірі.  Жоғарыдан  барлык  жерде
бірдей  қазақ  тілі  курстары  мен  үйірмелерін  кұру,  оған  тіл  білмейтін
азаматтардын бірін қалдырмай тарту табысталған тиісті бопылық түсірілді.
Ізінше  келіп  түскен  есептерге  көз  салсақ,  осындай  бірнеше  мын  үйірме
құрылған  екен.  Бұл  жақсы  ниетті  жоқка  шығарудың  кеселді  көрінісі  еді,
адамдарды  тілге  шындап  оқыту  жөніндеғі  жұмысты  мықтап  жолға  кою
үшін республикада окулыкдар да, сөздіктер де, білікті оқытушылар да жок
болатын.
Дереу  қазақ  мектептерін  құру,  дəлірек  айтсақ,  қайта  кұру  орыс
мектептерінде казақ тілінде оқытатын сыныптар ашу қолға алынды. Акыры
қисынсыздыққа
ұрынған
кездер
бар.
Аралас
оқыту
делінетін
(окушылардың бір бөлігі тек орыс тілінде, келесі бір бөлігі тек қазақ тілінде
оқытылатын)  қолға  алынған  Алматы  мектептерінің  бірінде  күллі  қаланы
абыржытқан  жарылыс  болды.  Бакытымызға  қарай,  зардап  шеккеңдер
болған жоқ, бірақ қара ниеттілер де сол бетінде таптырмай кетті. Оқиғаны
бажайлай  келгенде,  бүған  кінəлі  жадағай  əкімгерлер  болып  шықты.  Олар
мектепті  ұлттык  белгісіне  карай  екі  «егемен»  -  қазақ  жəне  орыс  аймағына
бөлген  екен.  Сөйтіп,  екі  директор,  екі  оқшау  ұжым  пайда  болады.  Мұны,
сірə, ақымакшылыктың шегі деу керек шығар, дəлізге білеудей  металл тор
койылады.  Сол  торды  жарған  екен.  Осындай  əрекет  жасаған  бір-бірінен
136

бөліп оқытуды қаламаған оқушылардың өздері болса керек...
Тəуелсіздік алғаннан кейін ғана елімізде қазақ халқының тілін, əдет-
ғұрпы  мен  дəстүрлерін  шындап  калпына  келтіруді  максат  еткен  рухани
өрлеу басталды. Сонымен, тоталитарлық жуйе корлық көрсетіп, зəбірлеген
халыққа,  сайып  келгенде,  Қазақстанды  мекен  еткен  басқа  да  халықтарға
қысым жасау тыйылды. Мəңгіге тыйылды деп сенемін.
VI.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет