Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН


ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚ ЖОЛЫНДА



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАТУЛЫҚ ЖОЛЫНДА
Қазақстанда  80-ші  жылдардын  екінші  жартысында  белгілі  бір
уакытта  ұлтаралық  шиеленістің  көрініс  бергені,  сірə,  көшшліктін  есінде
болар.  Мұның  сыры  орталыктың  империяның  «шет  аймақтарынын»
тұрғындарын  менсінбеушілігінде  жатыр  деген  байламға  коса,  мен  бұл
кұбылыстын таза психологиялық астарын аныктап білуге əрекет жасадым.
Менің  ойымша,  ол  мынаған  саяды.  Кеңестік  ұлттык  саясаттың  барлық
қателіктері  қазактардың  бұкаралык  санасында  келе-келе  амалсыздан
орыстармен  байланыстырыла  бастағанын  байқадым.  Мұнын  алабөтен
сыры  жоқ:  тұрмыс-дағдысын  бір  ізге  салу,  біздін  төлтума  мəдениетімізді,
əдет-ғұрпымыз  бен  дəстүрлерімізді  ғұмшалау,  ұлттық  тарихты  өз  еркінше
кесіп-пішу,  əрі  мұнын  бəрін  Ресейдің  үлгісі  мен  өнегесі  бойынша,  орыс
тілінің  негізінде  жүзеге  асыру  салкынын  тигізбей  қоймайтын  еді.  Мұндай
қысым  жасаудын  қазақтардың  табиғи  карсылығын  туғызбай  коймайтыны
анықты.  Жалғыз  ғана  қазақтар  емес,  тіпті  славян  республикаларының
өзінде,  Белоруссия  мен  Украинада,  орыстарға  карсы  кыжыл  бел  ала
бастады.
Кейінірек,  тəуелсіздік  алғаннан  кейін,  қазақ  жұртының  белгілі  бір
тобының  арасында  ежелгі  ұлттық  негіздің  сырттан  əкелінген,  демек,
орыстық  негізден  басым  түскеніне  масайрау-  шылык  көрініс  бергені
жасырын  емес.  Əрине,  мұның  өзі  ұлтаралық  катынастарды  нығайтуға
колайлы  бола  койған  жоқ.  Алайда,  абыройымызға  карай,  осы  кезде
қазақтардың  негізгі  бөлегі  саликалылык,  сындарлылық  пен  сабырлылық,
тіпті  айтар  едім,  салкынкандылық  танытқанын  атап  көрсеткен  лəзім,
өйткені  олар  қатар  өмір  сүру  мен  тату  көршіліктің  ғасырлық  тəжірибесіне
сүйенген еді.
Орыстар
өз
тарапында
ахуалды
мүлде
басқа
тұрғыдан
пайымдағанын айту керек. Одақ ыдырағаынан кейін олар бір сəттің ішінде
«терезесі  теңдердің  ішінде  бірінші»  болудан  қалып,  «терезесі  теңдердің
ішіндегі теңнің бірі» ғана болып шыкты, яғни өздеріне үйреншікті ахуалдан
ажырап  калып,  өздерін  жайсыздау  сезіне  бастады.  Мұндай  жағдай
137

көпшілікті, əсіресе, топырағымызға терең тамыр тарта коймаған адамдарды
бағытынан  тайдырып,  болып  жаткан  окиғаларға  күмəнмен,  сенімсіздікпен
карауға мəжбүр етті, елден кетпек ойға жетеледі.
Сонымен қатар басқа да ұлттық топтардың біршама оқшаулану үшін
өзіндік  себептері  болды.  Ұлттық  азшылық  аталатындар  империяның
күйреуі  өздерінің  көкейтесті  мəселелері  жайында  жасырмай  айтып,
олардың  шешім  табатынына  үміт  арғуға  болатынын  айна-қатесіз
пайымдады десем, ешкімнің көңіліне келмес деген үміттемін.
Ол  кезде  менің  де,  менің  серіктерім  мен  пікірлестерімнін  де  елде
тұрактылықты  сақтап  қалудан  жəне  ұлтаралық  қатынастарда  кенеттен
пайда  болған  салқындықты  енсеруден  асқан  міндеті  болған  жоқ,  өйткені
мұның  өзі  оқиғалар  барысы  онынан  тұрмаған  ретте  əлдекайда  катерлі
жағдай  тұғызуы  мүмкін  еді.  Біз  аса  маңызды  міндетті,  еліміздің  көп  ұлтты
халкын  топтастыру  міндетін  шешудің  жана  тетіктерін  мүмкіндігінше
тезірек  табуға  тырыстық,  Мен  күні  бүгінге  дейін  саяси  тұрактылық  пен
ұлтаралық  татулықтың  Қазакстан  үшін  маңызы  аса  зор  екенін  жалыкпай
кайталаумен келемін.
Сол  кезде  Қазақстан  азаматтарының,  барлық  ұлттар  өкілдерінің
көпшілігі  Президентке  сенімін  білдіріп,  шынайы  кемеңгерлік  көрсетіп,
кандай  да  бір  арандатуға  берілмей,  ұстамдылық  пен  табандылык
танытқанына
ризамын.
Соның
нəтижесінде
ұлтаралық
негіздегі
кақтығыстарға жол бермеу мүмкіндігі туды.
Алға  қойған  мақсаттарға  жету  үшін,  ең  алдымен  казақтар,  орыстар,
украиндар, немістер, ұйғырлар, корейлер, Қазақстанды мекендеген басқа да
ұлттардың  өкілдері  өздерін  еліміздің  біртұтас  халқы  ретінде,  оның  толык
кұкылы  азаматтары  ретінде  сезінуге  тиіс,  міне,  ең  алдымен  осы  сезімнін
орнығуына  қамқорлык  жасау  парыз.  Сондықтан  да  мен  ірге  тартар  негіз
ретінде  ұлтаралық  келісім  идеясын  ұсынып,  оны  тұжырымдамалық
тұрғыда негіздеп, қоғамнын талқысына тарттым. Бұл ойым колдау тапты.
Қоғамды  топтастырудағы  негізгі  міндетті  қазақ  халкы  өзінің
мойнына  алды.  Сірə,  басқаша  болуға  тиіс  те  емес  еді.  Осы  заманғы
тарихтын  өз  бойында  өз  мемлекетін  басқаруға,  экономикалык  өзгерістерді
жүзеге  асыруға,  ұлттык  мəдениетін,  дəстүрлері  мен  тілін  жаңғыртуға  сөз
жүзінде ғана емес, іс жүзінде тұңғыш рет мүмкіндік алған казақ халкы ғана
Қазақстанның  күллі  көп  ұлтты  жұртының  тағдыры  үшін  жауапкершілікті
өзіне  жүктеуге  тиіс  еді.  Екі  ғасыр  бойы  патшалыктың  табаны  астында
жаншылған жəне жетпіс жыл бойы тоталитарлык жүйенің билігінде болған
осы  халық  кана  баска  халыктарға  қысым  жасалуына  жол  берілмейтініне
138

толығымен кепілдік жасауға хақылы болатын.
Баска  ұлттармен  жəне  ұлыстармен  бейбіт  тату  көршілік  карым-
катынаста  болу  -  қазақтардын  ежелгі  дəстүрі.  Оларға  коғамдык  жəне
əлеуметтік  жатыркаушылык  жат,  өз  көршілерінің  тұрмыс-салтына,  əдет-
ғұрпы  мен  мəдениетіне  игі  ниетпен,  кұрметпен  қарау  тəн.  Ашық
жаркындық,  мейірбандық,  анау  ұлттың  өкілі  екен  демей,  кем-кетікке
немесе  жарлы-жақыбайға  жəрдемдесуге  өзір  тұру  -  олардың  тумысына
біткен касиеті.
Мұңдай  қасиеттер  ғасырлар  бойы  бойларына  сіңіріліп  келгең.
Оларды біздің ұлы ойшылдарымыз адамзаттын ең қымбат казынасы ретінде
ардақ  тұтқан.  XII  ғасырда  өмір  сүрген  кемеңгер  ойшыл,  суфизмді
уағыздаушы, əрі кемел ақын, əрі мұсылман жұртында Мұхаммедтен кейінгі
екінші əулие саналатын Қожа Ахмет Иассауи:
«Бұл өзі Пайғамбардан қалған бір хат,
Діндегі ұшырассақ адаммен жат,
Жамандык ондай жанға жасай көрме,
Пенделер кара жүрек Кұдайға жат»,
- деп жазған екен.
Бүгінгі  таңда  қазақ  халкына  елімізде  тұратын  баска  ұлттардың
өкілдерімен  бірлесіп,  коғамдық  тұраксыздыққа  əкеліп  соғуы  мүмкін
солкылдактыққа
жол
бермейтіндей,
ынтымақтасу
мен
топтасуға
жəрдемдесетіндей  ахуал  туғызу  жөніндегі  аса  жауапты  парыз  жүктелген.
Ұлтына карамай, барлык азаматтардын күш-жігері біріксе, мұның міндетті
түрде  игілік  болып  оралары  сөзсіз,  өйткені  «күш  косылса,  пейішке
апарады» дейтін көне накылда кате жок.
Баршаға  мелім,  жаңа  Конституцияда  республика  жұртының  сан
рөуішті  келбетін  көрсететін  барша  халыктарға  заң  алдында  бірдей
мүмкіндіктер  мен  бірдей  теңдікке  кепілдік  берілген.  Егер,  мұның
алдындағы  Конституцияда  Қазақстан  өзін-өзі  билейтін  қазақ  ұлтының
мемлекеті  болып  табылады  делінсе,  жаңасында  мұндай  тұжырым  жоқ,
сөйтіп ол: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» - деген
сөздермен  басталады.  Мұнда  біздің  ел  казақтардың  ғана  мемлекеті  екенін
меңзейтін  ештеңе  жоқ.  Керісінше,  Қазақстанның  көп  ұлтты  жұрты  бар  ел
екені,  ұлтына,  дініне,  саяси  нанымына  жəне  баска  ерекшеліктеріне
карамастан,  барлык  азаматтардың  құкығын  қорғайтын  мемлекет  екені
көрсетілген.
Осы  орайда  үлкен-кіші  екеніне  қарамастан,  əрбір  ұлттын  əлемдік
өркениеттің казынасына өз үлесін қосқанына токталғым келер еді, ал мұны
139

жаттанды  тұрғыдан  немесе  ұлттың  санына  карап  бағалау  қисынсыз.
Сондыктан  да  біз  өз  алдымызға  елімізді  мекен  еткен  барлык  ұлттардың
ұлттык-мəдени  казынасын  сақтап,  дамыта  беруді  міндет  етіп  қойып
отырмыз.  Бұл  үшін  əртүрлі  ұлттың  топтар  арасындағы  жақындастыратын,
келісім  мен  сенімге  бастайтын  тұстарды  тауып,  баршаның  көңілінен
шыгатын байсалды мəмілеге келуге қол жеткізудеміз.
Осындай  маңызды  мəміленің  бірі  -  казақ  тілінің  конституциялық
тұрғыда бекітілген мемлекеттік тіл ретіндегі, орыс тілінің барлық ұйымдар
мен  мекемелерде  қазақ  тілімен  қатар  қолданылатын  ресми  тіл  ретіндегі
мəртебесі.  Мұның  өзі  күні  кешеге  дейін  талай  найзанын  ұшын  майырған
аса  көкейтесті  мəселе  болып  келгені  мəлім.  Несін  жасырайын,  өз  басым
Қазақстанда қазақ жəне орыс тілдерін баршаның білуін қалар едім. Қазақтар
болса,  екі  тілді  де  катар  меңгерген.  Сондықтан  да  басқа  халықтардың
мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  меңгергені  игі,  мұның  өзі  өзара
түсіністікке  бастайтын  жол.  Несін  айтасың,  қазақстандықтар  оған  коса
ағылшын тілін  меңгеріп алса, нұр  үстіне нұр болар еді,  бұдан біз  асқақтай
түспесек,  аласармасымыз  анык.  Дегенмен,  күндердің  күнінде  күллі
əлеммен  тəржімасыз  тіл  катысар  тамаша  уақытқа  да  жетерімізге  кəміл
сенемін.
Алайда,  осы  максатты  жакындата  түсу  үшін  коғамымыз  қазақ  жəне
орыс тілдерінің «кұкығын теңестіру» кезеңінен өтіп, оны дұрыстап сезінуге
тиіс.  Сондыктан  да  кей  кезде  бетке  ұстар  ұлт  аталып  жүрген  халыктың
тілінің  кайтадан  өмірге  оралуы  -  мемлекеттік  қызметте  де,  өндірісте  де,
ғылымда  да,  білім  беруде  де  дəл  орыс  тілінше  қолданылуы  үшін  қолдан
келгеннін бəрін істеу кажет. Бұл үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға
тиіс.
Қарапайым  дəлел  келтірейін:  бүгін  біз  орыс  тілінін,  айталық,  сот
ісінде  пайдаланылатынына  жүз  процент  кепілдік  бере  аламыз.  Ал,  қазақ
тіліне  мен  мұндай  кепілдік  бере  алмаймын.  Өйткені,  сот  барысына  аз-кем
деңгейде  қатысуға  тиіс  кұқык  қоргау  жүйесі  кызметкерлерінің  кейбір
санаттары  былай  тұрсьып,  əзірге  судьялар  легінің  едəуір  бөлігінін  өзі
мемлекеттік  тілді  білмейді.  Себебі  сот  ісін  жүргізу  мен  сот-тергеу
рəсімдерінің  бəрін  тəржімашылармен  қамтамасыз  етудің  мүмкіндігі  əзірге
болмай тұр.
Қадам басқан сайын осындай ахуалға ұшырасып жүрміз.
Сондыңтан  біз  кідіріссіз  үлкен  де  күрделі  жұмысты  колға  алуға  -
оқу-əдістемелік  процестін  негізін  жасауға,  білікті  окытушы  кадрлар
даярлауға,  ғылым  мен  техниканың  барлык  бакыттарын  қазақша  тиісті
140

терминологиялык базамен камтамасыз етуге тиіспіз.
Біз  ешқашан  өз  алдымызға,  кейбір  сыншыларымыз  айтып
жүргендей, көптеген өмірлік кызмет салаларынан орыстарды немесе «орыс
тілділерді»  ығыстырып  шығару  мақсатын  койған  емеспіз.  Оған  қоса,  ана
тілін  жетік  білмейтін  көптеген  қазақтардың  өздері  «орыс  тілді»  болып
кеткелі қашан. Еліміздің барлық азаматтарының, ең алдымен, казақтардын
өздерінің қазақ тілін меңгеруіне барлық деңгейде жағдай туғызу үшін біздің
қолдан  келгеннің  бəрін  істеп  келгеніміз  жəне  істеп  отырғанымыз  баршаға
аян. Рас, əсіресе, мемлекеттік кызметте қазақ тілін менгерген адамдар ғана
үміттене алатын белгілі бір лауазымдык санаттардың болуы мүмкін. Бұған
ұлттын  қанша  қатысы  бар?  Айталық,  Казақстанның  азаматы  болып
табылатын орыс, корей немесе неміс ел Президентінің қызметіне сайланбақ
ниетте  болса,  ол  Мемлекет  Басшысының  міндеттерін  атқару  үшін
койылатын  талаптар  деңгейінде  қазақ  тілін  менгерген  жағдайда  ғана  осы
лауазымға өзін ұсына алады.
Əрбір  колайлы  жағдайды  пайдаланып,  орыс  тілін  насихаттаудан
тынбай  келемін,  оның  қазақтарға  керектігі  орыстардан  бірде  кем  емес
екенін  жалыкпай  айтып  жүрмін.  Бүгін  орыс  тілі  бізге  орыс  мəдениетіне
ғана емес, сонымен бірге əлемдік өркениеттің қазынасына жол ашып отыр.
Мемлекетті  баскару  дағдысын  ойдағыдай  меңгеріп  жатқан  жас  казақ
санаткерлерінің  орыс  тілінде,  тіпті  кейбіреулерінің  ағылшын  тілінде  білім
алғаны  баршаға  аян.  Орыс  тілі  -  халыкаралык  тіл,  Біріккен  Ұлттар
Ұйымының ресми тілдерінің бірі. Оны жоғадтуға біздің хақымыз жоқ.
Көптеген  мəмілелердің  біз  үшін  түйінді  тұсы  -  көші-қон  мəселесі,
мұнын
ұлтаралық
қатынастарға
ыкпалы
зор.
Көптеген
қазақстандықтардың,
əсіресе,
мемлекеттік
тəуелсіздік
жарияланған
алғашкы  жылдары  елден  тысқары  кетуіне  байланысты,  бұған  біздін  өзіміз
де  өкінуліміз.  Қазақстанды  кінəлағысы,  тіпті  айыптағысы  келетіндер
табылып  жүр.  Алайда,  мұндай  кінəлауды  өз  басым  мүлде  қабылдай
алмаймын.
Бұл кезеңде елімізден көптеген адамдардың, орыстардың ғана емес,
украиндардың  да,  немістердің  де,  гректердің  де,  беларустердін  де,  баска
халықтар  өкілдерінін  де  кеткеніне  талас  жоқ.  Алайда,  олардың  кетуін
ешқашан  болып  көрмеген  ұлттық  белгісіне  қарай  қайдағы  бір  кысым
жасаушылықпен  байланыстыру  ебестік.  Ахуалды  байыптай  отырып,
алғашқы  кезде  мұндай  құбылысқа  адамның  көңіл-күйінен  туған
торығушылық  сезімі  себеп  болды  деген  тұжырымға  келдім.  Ондаған
жылдар  бойы  бір  ғана  державанын  -  Кеңестер  Одағының  азаматы  деген
141

самаға  сінірілген  сірі  ұғым  жəне  кай  елде,  қай  жерде  жұмыс  істейтінің
бəрібір  болып  келген  қалыпты  жағдай  бір  сəтте  күйреп  тынды.  Осы  сəтте
ұлттық  республикалардағы,  соның  ішінде  Қазақстандағы  түбелік  емес
тұрғындар  өздерін  отанынан  жырақта  қалғандай,  тағдырдың  тəлкегіне
түскендей  сезінді.  Ол  кезде  азаматтық  туралы  заңдардың  нобайынын  да
болмағаны  белгілі.  Содан  кейін  егемен  мемлекеттердің  межесінде  шекара
бағандары  койылып,  кеден  байналары  пайда  болды,  жүріп-тұру  тəртібі
қатая  түсті,  бұған  біз  Казақстанда  шамамыз  келгенше  қарсыласып  бактық.
Енді  бұған  сол  кезде  жаппай  жайлаған  экономикалық  жəне  саяси
берекесіздікті  қосыңыз,  қоғамның  ішінде  тараған  адам  сенбейтін  қауесет
пен  өсек-аянды  қосыңыз,  демек,  адамдардың  мазасызданатын  да,  көшіп
кететін де себебі болған еді деуіме келісетін шығарсыз.
Мына бір қызық заңдылықка назар аударыңыз: қазақстандықтардың
екінші  жəне  үшінші  буынына  айналғандарды  бұл  көші-қон  толқыны  тіпті
шарпыған  емес.  Негізінен,  сандықтарын  алдымен  кезінде  Қазақстанға  жер
аударылып
келгендердің,
соғыс
кезінде
осында
көшірілген
кəсіпорындармен  бірге  келгендердің,  комсомолдық  шакырумен  жəне
ұйымдаскан  іріктеумен  тын  игеруге,  əскери  полигондар  мен  индустрия
объектілерін  салуға  іссапармен  келгендердің  отбасылары,  осндай-ақ
«жабық» қалалардың тұрғындары сайлай бастады,
Бұл  адамдардын  көпшілігінің  республикаға  бауыр  басып,  тамыр
тартып,  нағыз  казақстандықтарға  айналған,  біздің  қонақжай  жеріміздің
нағыз  патриоттарына  айналған  жандар  екенін  сөз  орайы  келгенде  айтуым
керек.  Əрине,  бұлармен  қоштасу  киынға  түсті,  алайда,  мұндай  байлам
жасағаны  үшін  оларға  кінə  коюға  моральдық  кұкымыз  жоқ  еді,  мемлекет
мүддесі үшін олар тындырған іс өлшеусіз.
Олардың  кетуіне  кедергі  келтірмесек  те,  біз  үйреншікті  мекенінен
кетуге  итермелейтін  себептерді  болдырмайтын  жағдайлар  туғызуға
тырыстық.  Мəселен,  Ресеймеы  арада  Ресейде  тұрып,  жұмыс  істеуге  тілек
білдірген қазақстандыктарға, тиісінше елімізде тұрып жұмыс істеуге келген
ресейліктерге азаматтық беру рəсімін едəуір онайлататын келісім жасастық.
Бұл  келіп-кетуді  ғана  реттейтін  келісім  емес.  Қайта  келешекте  кетуіме
рұксат  етпей  коя  ма  деген  кауіппен  асығыс-үсігіс  Ресейге  кайтуға  əрекет
жасаған  орыс  тілді  жұрттын  кейбір  бөлігінің  қаупін  сейілтуге
жəрдемдесетін еді.
Үкімет  алдағы  уакытта  да  көші-қон  мəселесі  мен  ұтымды
демографиялық  шараларды  іске  асыруға,  Қазақстанда  тұратын  барлық
халықтардың өкілдеріне колайлы тұрмыс жағдайларын тұғызуға баса назар
142

аударатын  болады.  Мұндай  саясаттың  мемлекетіміздің  өмірлік  мүддесіне
сай келетініне күмəнім жоқ.
Көші-қон  жайлы  əңгіме  қозғалған  сайын  Израильдің  бұрынғы
премьер-министрі  Шимон  Переспен  арамызда  болған  əңгіме  есіме  түседі.
Ол сол жылы жеті жүз мыңға жуық еврейдін Ресей Федерациясынан көшіп
келгенін  тілге  тиек  еткен  еді-  Сондай-ақ,  Ресейден  басқа  алыс  шетелдерге
аттанып  жатқандары  каншама!  Бұл  басқа  ұлттар  өкілдерінің  де  басындағы
жағдай:  кейбір  деректерге  қарағанда,  кенестен  кейінгі  кезеқке  бір  жарым
миллион  шамасында  немістер  ғана  кеткен  екен.  Алайда,  осындай  үдере
көшу  үшін  Кремльге  кінə  тағу  кімнің  ойына  келген  екен?  Əр  адамның
тұратын  мекенін  таңдауға  ықтияры  бар,  миллиондаған  ресейліктердін  өз
еркімен отанынан тыс жерлерде орнығып калып жатқанына ешкім де кінəлі
емес.  Əлбетте,  «казақстандық  орыстардың»  кейбіреулерінің  Ресейді
мекендеуді  калап  алғаны  үшін  казақтардың  титтей  де  кінəсі  жоқ  екені
бесенеден белгілі.
Көші-қон  мəселесінің  мүттəйім  саяси  ойындардың  тұсында  басып
салар  ойын  картасына  айналатын  кездері  жиі  екенін  атап  айтуым  керек.
Сайлаулар  мен  референдумдарға  əзірлік  барысында,  үкіметтің  іргесін
мықтап бір шайқап алар немесе Парламентке ат ойлап  шабуыл жасалатын
кездерде Ресейдің кейбір қоғам кайраткерлері мен мемлекеттік істе жүрген
мықтыларының  кенеттен  елден  жырақта  жүрген  20  миллионнан  астам
отандастарын  еске  алатын  əдеті  бар.  Сол  сəл-ак  екен,  отандастарымыз
кұкықсыз  күйге  түсті  деген  шу  шығарып,  іргелес  мемлекеттердің  басына
«бетке  ұстар  ұлт  өкілдері»  емес  адамдарға  құкай  көрсеттің  деген  кінə
жаудырады,  бауырларымызға  қысым  жасалуына  жол  бермейміз,  олардың
отбасыларын  кеуде  тосып  корғаймыз,  деп  оңды-солды  уағда  бората
бастайды,  Науқан  бітісімен,  заматында  шу  да  толастайды.  Əлбетте,
отандастар  жөніндегі  мұндай  дабыра  камқорлықтың  орыс  шығайлары  бар
елдердің
ішіндегі
ахуалды
тұрақсыздандырып
қана
қоймай,
мемлекетаралық  байланыстарды  шайқалтатыны  да  табиғи  жəйт.  Мұны
іргелес мемлекеттер мен оларды мекендейтін халықтарға көрсетілген оңды
қызмет  деуге  келмейді,  бұл  жайында  Ресей  басшылығына  талай  мəрте
айттым.
Кезінде  ресейлік  кайраткерлердің  аузынан  Ресейден  тысқары
тұратын  отандастарын  елді  күйзелістен  көтеру  ушін  туған  топырағына
кайтып  оралуға  үндеген  шақыру  шықканы  да  мəлім.  Алайда,  бүгінгі  куні
үлкен  экономикалык  киындыктарды  бастан  кешіріп  отырған  Ресей
Федерациясынын  өзі  бір  мезгілде  осыншама  коныс  аударушыларды
143

кабылдап  алуға  əзір  ме,  жок  па?  Əрине,  жоқ.  Тіпті,  дəулеті  шалкыған
Германияның
өзі
өз
бюджетінін
мүмкіндіктерімен
жəне
салык
төлеушілердің  көңіл-күйімен  санасуға,  ендігі  жерде  елге  кандас
ағайындарының келуін шектеуге мəжбур.
90-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстаннан кетіп жаткан орыс
тектілер  санының  күрт  азая  бастағанын  канағат  сезімімен  атап  көрсетуге
тиіспін. Немістердің кетуі де өз арнасына түскен секілді. Осындай жауапты
қадам  жасамас  бұрын  адамдар  ендігі  жерде  оның  себептері  мен  салдарын
мүкият  салмақтауға  көшті.  Экономикалык  түрактылық  орныққан  сайын
теріс көші-қон көрсеткіші кыскара түседі деп күтіліп отыр.
Бұл  сындарлы  үрдісті  кері  көшіп  келу  көрсеткіштері  куаттай  түседі.
Əңгіме  өзінің  тарихи  отанынан  тұрақ  таба  алмай,  Қазақстанға  оралған
орыстар,  украиндар,  басқа  ұлттардың  өкілдері  жайында  болып  отыр.
Оларға, əрине, біздің экономикамыздағы оңды өзгерістер, өндіріс кəлемінің
өсуі,  валютамыздың  нығаюы,  жалақы  мен  зейнетақы  кəлемінің  өсуі
тартымды көрініп отырғаны да жасырын емес. Мұнын бəрі де өзіміз даусыз
деп  танитын  шындыкқа  жақсы  дəлел:  көші-қонға  саяси  сипаты  бар
себептердін  ғана  емес,  негізінен  алғанда,  психологиялық,  сондай-  ақ,
экономикалық  сипаттағы  себептердің  ыкпалы  үлкен.  Адамдар  дəулетті,
тыныш  өмір  сүруге  құштар.  Қазақстанда  бұл  үшін  нактылы  мүмкіндіктер
пайда бола бастады.
Айналып  келгенде,  мұнын  бəрі  республикамызды  тұрлаулы  да
байсалды коғамдық-саяси ахуал калыптаскан аздаған жаңа мемлекеттердің
катарына косып отыр. Өтпелі үлгідегі экономикасы бар көп ұлтты елдердің
көпшілігінің  коғамдық  катынастардың  осынау  маңызды  саласындағы
тұраксыздыққа тіреліп жүргені мəлім.
Мен бұл арада Қазақстан халықтары Ассамблеясынын жəне ұлттык
мəдени
орталықтардың
кызметіне,
толып
жатқан
ұлттык
қауымдастықтардың
көш
бастар
топтарының,
сондай-ак
діни
қауымдардың,  ең  алдымен  мұсылман  мен  православие  қауымдарының
қызметіне  талдау  жасал  отырғам  жоқ,  ейткені,  олардың  ұлтаралық
шиеленісті  еңсерудегі,  азаматтық  жарасым  мен  коғамдық  тұрақтылық
туғызудағы  сындарлы  қызметі  баршаға  аян.  Осы  ізгі  мұратқа  жету  үшін
колымызда көптеген мүмкіндіктердін бар екенін, ел басшылығының соның
кай-қайсысына болса да ықыласты екенін атап көрсеткім келеді.
VII. ТАРИХИ ƏДІЛЕТТІЛІКТІ ҚАЛПЫНА
КЕЛТІРУ ЖОЛЫНДА
144

Осынын  алдында  айтқанымдай,  хрущевтік  іжылымық»  кезінің
өзінде  де  ел  азаматтарын  куғын-сүргін  сарсанына  салу  тыйылған  жоқ.
Əрине,  олардын  ауқымы  мен  іске  асыру  тəсілі  өзгерді,  алайда  мəні  бөз-
баяғыша  калды:  жүйе  бұрынғысынша  өктем  идеологияның  аясына  сыя
бермейтін  жаңалық  атаулының  жас  өскіндерін  өсірмей,  талтап  жаншумен
болды.  Өмірдің  барлық  саласы  -  саясатқа,  экономикаға,  қоғамдық  карым-
қатынастарға дерлік жаппай бакылауға алынған еді.
60-шы  жылдардың  аяғында  Алматы  облысының  Ақши  кентінде
орналаскан  шөптік  витамин  үнын  өндіретін  кеңшардың  директоры  Иван
Худенко жəне оның серіктері Михаил Ли мен Владимир Филатов өздерінде
шаруашылық есепті енгізе бастады. Банктен несие алып, адамы көп басқару
аппараты мен басы артық өндірістік буындарды таратып жіберген олар істі
ілгері  бастырғаны  сонша,  айналасы  үш  жылдың  ішінде  шығынға  шаш
етектен
батқан
шаруашылықты
пайдалы
кеңшарға
айналдырды.
Шаруашылық  кызметкерлерінің  шағын  тобы  егіннен  естіп  білмеген  түсім
алды,  сүт  бұлағын  ағызып,  малдың  салмақ  косуын  еселеп  арттырды.  Ақы
төлеу  катаң  түрде  еңбекке  қосқая  үлесімен  өлшенетін  болған  соң,
механизаторлар  мен  сауыншылар  сол  кезде  қолға  түспейтін  кəлемде  ақша
тапты. Іс жүзінде бұл Одақтағы алғашкы ұжымдык фермер шаруашылығы
еді.
Алайда,  өкіметтің  пікірінше,  еңбекті  Бұлайша  ұйымдастыру
социалистік  өндірістің  принциптеріне  сай  келмейтіні  былай  тұрсын,
мүсəпір  күйдегі  көрші  кеңшарларға  «өнбес  өнеге»  көрсетпек.  Бұл
тəжірибені  зерделеп  таратудың  орнына  жүйе  оны  түп  тамырымен  отап
тастауды
ұйғарды.
Алайда,
бірде-бір
тексеріс
аңшиліктердің
іс-
тəжірибесінен  бұрмалаушылыкка  ұқсас  бірдеңе  тапса  бүйырмасын.  Соған
карамастан  1974  жылдың  тамызында  бұған  дейін  бірнеше  жылын  темір
тордың  ар  жағында  өткізген  үлкен  істің  жакатшыларынын  əркайсысы  үш
жылдаң  алты  жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыруға  кесілді,  Сот
шығарған
үкімнің
жолсыздығы
жағанды
ұстатады:
«Лауазымды
адамдардың  билікті  өз  еріктерімен  иемденіп  кеткені,  қолдан  құжат
жасағаны  жəне  аса  үлкен  мөлшерде  қаражат  ұрлауға  əрекет  жасағаны
үшін», - делінген мұнда.
Мұндай  жүгенсіздік  көз  алдымызда  өткен  күні  кешегі  кезеңді
боямалап  көрсетуге  тырысушылар  демократия  мен  əділеттілік  салтанат
кұрған  уақыт  деп  жар  салатын  жетпісінші  жылдары  жасалып  отырғанына
не жорық!
1986  жылғы  желтоқсан  окиғаларына  тікелей  қатысушыларға
145

қатысты  жүргізілген  куғын-сүргін  туралы  бұған  дейін  айтқан  едім,
Солармен  бірге  зардап  шеккен  «атқара  білмеген»,  «камтамасыз  етдеген»,
«орындай алмаған» адамдар каншама... Мəселен, 18 профессор мен ғылым
докторы  кызметінен  алынды.  ҚазМУ-дын  сол  кездегі  ректоры,  профессор
Өмірбек  Жолдасбековтың  тағдыры  назар  аударарлық,  ол  жұмысында
«желеп-  жебеушілікке»  жол  бергенмыс,  студенттер  қабылдаудағы
қиғаштықтары, сөйтіп, патриоттық жəне интернационалистік тəрбие беруді
əлсіреткені,  оқу-тəрбие  ісін  нашарлатханы  үшін  қызметінен  босатылып,
партиядан шығарылды.
Қазақ
акпарат
агенттігінің
бұрынғы
директоры
Жұмағали
Ысмағұлов, ресіпубликалық «Коммунизм туғи» ұйғыр газетінін редакторы
Турдахун Назаров, Алматы облыстык «Огни Алатау» газеті редакторынын
орынбасары  Сергей  Скороходов  жəне  басқа  бірсыпыра  журналистер
жазықсыз  жаза  тартты.  Бір  ғана  ишарамен  олар  қызметтерінен  алынып,
есед  кəртішкелеріне  катаң  партиялық  жаза  беру  жайында  жазу  түсірілді,
мұның  өзі  сол  кезде  маңдайға  жағылған  кара  күйеге  парапар  еді.  Ал  бұл
адамдардың  «бар  кінəсі»  оқиғаға  қатысушылардың  ісі  бойынша  өкімет
орыңдары  ұйымдастырған  сотта  түсірілген  фотосуретті  жариялағанында
еді...
Бұл жазалаулардың бəрі де идеологиялық қысым жасауды токтатуды
ғана емес, сонымен бірге бұрын куғын-сүргінге ұшыраған отандастары мен
тұтас  халықтарға  қатысты  əділеттілікті  калпына  келтіруді  талап  еткен
азаматтардың  коғамдық  белсенділігі  оянуының  оябында  тағылық  болып
көрінді.  Алайда,  өкімет  орындары  адамдардың  ақылы  мен  ойына  жасап
келе  жатқан  бақылауын  уысынан  шығарып  алмауға  тырысып  бақты,
дегенмен,  бел  ала  бастаған  кеңіл  ауанын  көзге  ілмеуге  ендігі  жерде
болмайтын  еді.  Батыл  əрекетке  көшкен  зиялылардың  талап  етуімен  1987
жылы  колбиндік  орталың  комитет  республика  Ғылым  академиясының
вице-президенті  Жабайхан  Əбділдиннін  төрағалық  етуімен  комиссия
кұруга мəжбүр болды. Комиссияға айтулы ақын, ұлы Абайдың немере інісі
əрі шəкірті Шəкəрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасын зерделеу
тапсырылды.
Магған  комиссия  мүшелеріне  жұмысты  кем  дегенде  бір  жылға  созу
қажет,  аржағында  тағы  көре  жатармыз,  уақыт  өзгерер,  ақтау  шешімін
шығарудың  керексіз  болып  қалуы  мүмкін  дегендей  жасырын  тапсырма
берілгені жақсы мəлім.
Қуғындалған  ақынға  койылған  кінəнің  ойдан  шыгарылғаны,
«құзыретті органдардың» колымен берілген анықтамалардын өзінен айқын
146

көрініс  берді.  Айталық,  сол  аныктаманың  бірінде  қолында  қаруы  бар
жетпіс  үш  жасар  Шəкəрім  «Қытай  жакқа  қашуға  əрекет  жасаған  кезінде
өлтірілді»  деп  көрсетілген.  Дімкəс,  қарт  адамның  қолындағы  қару  жайлы
жазуды  анықтама  авторының  арына  жүктейік,  өйткені,  ақсақалдың
асынған  ескі  аңшы  мылтығы  болған  деген  сөз  бар.  Алайда,  шекарадан
жүздеген  шақырым  қашықта  жатқан  жерде  адамды  окқа  жыққан
«органдардың»  оның  Қытайға  қашып  кеткісі  келгенін  сезіп-білген
«көрегендігі»  қайран  қалдырады.  Егер,  Шəкəрім  оңтүстік  шығысқа  қарай
келе  жатса  Үндістанға,  оңгүстік  батысқа  беттеген  болса,  Парсыстанға
қашып кетуге əрекеттенді дер ме еді, кім білсін...
Шындығын  айту  керек,  комиссия  өкімет  орындарынын  «тілегіне»
құлақ  түрмей,  өз  тұжырымын  тура  үш  айдан  кейін  ОК  Бюросының
қарауына  ұсынды.  Мен  ол  кезде  республика  Министрлер  Кеңесінің
терағасы  едім,  «лауазымым  бойынша»  осы  органның  мүшесімін.  Ж.
Əбділдиннің  сөзінен  кейінгі  ОК-  ның  идеология  жөніндегі  хатшысынын
ашулы көзқарасы, МХК төрағасынын ызалана мырс еткені, кенеттен орнай
калған тылсым тыныштық есімде калыпты. Шындығында, жиналғандарды
дəл осындай күйге түсірерлік себеп те жоқ еместін: қорытындыда айтылған
тұжырымдар  тым  мығым  жатыр,  қазақ  əдебиетінің  осынау  аса  көрнекті
өкіліне  буржуазияшыл-ұлтшыл  жəне  халық  жауы  деп  қарайтын  ресми
көзқарасқа мүлде ұқсамайтын төтен тұжырым.
Алдымен  маған  сөз  берілді.  Мен  академиктің  тұжырымдарын
құптауды,  жазықсыз  жазаланған  акынды  актау  жөніндегі  нақты  жұмысты
қолға  алуды  ұсындым.  ОК-нын  баска  да  мүшелері  де  жарыссөзге  шықты.
Сөл ғана басым дауыспен бұл ұсыныс қабылданды.
Сөйтіп,  алдағы  уакытта  тоталитарлың  жүйе  куғын-сүргінінің
құрбандарын ақтау жөніндегі кең аукымды жұмысты өрістетуге мүмкіндік
беретін  сүрлеу  салынды.  Сөйтіп,  кезінде  шығармашылыты  мен  есімдерін
ауызға  алуға  қатаң  тыйым  салынған  Мағжан  Жұмабаев,  Ахмет
Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов жəне басқа қуғын-
сүргінге ұшыраған жазушылар мен ақындар акталды.
Республиканың  бірінші  басшысы  қызметінде  жүрген  кезімде  жер
аударылған  халықтарға  қатысты  тарихи  əділеттілікті  қалпына  келтіру
жөніндегі  мəселе  өткір  қойылды.  Əрине,  бұл  бұдан  бұрын  да  сан  рет
көтерілген,  бірақ  лайықты  шешімін  таппай  келген  мəселе.  Айталық,  50-ші
жылдардың  ортасында,  хрущевтік  жылымық  кезеңінде  чешендер  отанына
оралу  жөнінде  мəселе  көтерген.  Оларға  рұксат  берілген  еді.  Кенестік  іс-
тəжірибеде  жиі  кездесетіні  сияқты,  оларды  отанына  оралтудың  кандай  да
147

бір  жоспары  немесе  бағдарламасы  болған  емес.  Соның  салдарынан
отанына оралған көптеген адамдар қуаныштын орнына кайғы жұтты, туған
топырағына оралған олар өздерін тосқан жан таппады. Үйлері мен жерлері
баяғыда басқалардын иелігіне көшіпті. Мəселе ушығып, қанды қактығысна
дейін  барды.  Сол  кезде  кеткен  көптеген  чешен  отбасылары  көп  ұзамай
Казақстанға кайта оралды.
80-ші  жылдардың  соңына  таман  бұрын  жер  аударылған  халыктар
кұрған  барлың  ұлттык  қауымдаетықтар  ақтау  мен  тарихи  топырағына
оралу  туралы  мөселені  қозғай  бастады.  Бұл  адамдарды  іштей  жақын
тартып,  шын  көңіліммен  көмектесуге  тырыстым.  Осы  мəселені  кеңес
басшылығының  алдына  сан  рет  қойьш,  оны  дұрыстап  шешуді  ұсьшдым.
Менің  пікірімше,  үкімет  жазықсыз  жазалаңған  халықтарды  ақтап  ңана
коймай,  жалпак  жұрттың  алдында  олардан  кешірім  өтінуге  тиіс  болатын.
Мəскеу  мені  түсінген  сияқты,  тіпті,  қолдау  көрсетуге  ыңғай  танытты,
алайда,  ақыр  аяғы  кайдағы  бір  саяси  дабыраға  айналып  кетіп  жүрді.
Қабылданған  шешімдерде  көпірме  сөз,  кұрғақ  айғай  көп,  жақсы  деген
шараларының  өзі  де  жартыкеш.  Адамдарды  көшіру  мен  орналастыру
жауапкершілігі аумақтық өкімет органдарына жүктеледі, олар болса, дереу
өз шарттарын кояды.
Мəселен,  Қырым  татарлары  осындай  күй  кешті,  олардың  көпшілігі
əлі күнге дейін Қазақстан мен баска да Орталық  Азия республикаларында
тұрып  жатыр.  Олар  Қырымға  оралуға  рұксат  беруді  талап  еткеннен  кейін
Мөəскеу  Украинаға  тиісті  нұскау  берді.  Украина  өкімет  орындары  қарсы
емеспіз  деді,  алайда  көп  ұзамай  СОКП  ОК-не  қоныстанушылар  көшетін
республикалардан  олар  келетін  жерлерде  тұрғын  үй  салуға  жетерлік  өтем
берілуін жəне жол шығынын төлеттіруді көздейтін шешім шығару жөнінде
ұсыныс енгізе бастады. Мəскеу дəл солай істеу керектігіне бізді иландыруға
тырысып бакты.
Мен  үзілді-кесілді  қарсы  шыктым.  Осы  адамдарға  баспана  берген,
тұрғын үймен қамтамасыз еткен, жұмыс берген, оларды көшіру жөнінде өзі
мəселе  көтермеген  Қазақстанның  кандай  да  бір  өтем  төлейтіндей  жазығы
не?  Керісінше,  кезінде  миллиондаған  еріксіа  қоныс  аударушыларды
кабылдауға  мəжбүр  болтан  Қазақстан  қайта  өтем  алута  тиіс  шығар?
Ендеше,  сталиндік  кылмыстар  үшін  моральдық  болмаса  да,  материалдық
жауапкершілік жүгі неге бізге жүктелуге тиіс? Осы шешімдерді қабылдаған
орталыктың  нақ  өзі  Отанына  оралған  адамдарды  орналастыру  үшін
каражат  табуға  міндетті  ғой.  Көшкісі  келетін  адамдарға  хал-кадерімізше
көмек  көрсетуге  біз  кет  əрі  емеспіз,  бірақ  барша  міндеттемені  толығымен
148

мойнымызға  алатындай  жайымыз  жоқ.  Олай  болса,  немістерге  де,
түріктерге  де,  чешендерге  де,  жер  аударылған  басқа  халықтардың
өкілдеріне  де  осындай  кызмет  көрсетуге  тиіспіз.  Ал  олар  дегенің,  талай
жүздеген мың адам, республикалық бюджет көтере алмайтын жүк.
Ақыры  бұл  іс  те  аяқсыз  қалды.  Қазақстаннан  тəуекелге  бел  буған
Қырым татарларынын ондаған отбасылары ғана көшіп кетті.
Қайтару  мəселелерін  Мəскеуге  соқпай-ак  өз  тарапымыздан  шешуге
де талай əрекет жасадым. Шамамен осы кезде болса керек, бірде Грузиянын
Түркиямен  шектесетін  ауданы  Месхетияға  оралу  мəселесін  соғыс  кезінде
Қазақстанға  жер  аударылған  месхеттік  түріктер  көтерді.  Түрік  қауымы
басшыларының  өтінішін  орындап,  мен  Грузия  басшылығына  хат  жіберіп,
жүздеген  месхеттік  отбасыларының  тарихи  отанына  оралу  мүмкіндігін
карастыруды  ұсындым.  Жауаптың  тез-ақ  келгенін  айтуым  керек.  Грузия
оралушыларды  қабылдауға  əзір,  алайда,  тек  ондаған  отбасылары  болмаса,
бəрін кабыл алу мүмкіндігі жоқ. Мен бұл уəжді түрік кауымына жеткіздім,
олар келген жауапты қорлау деп қабылдамай тастады. Қамқорлығым үшін
алғыстарын  жаудырып,  кауым  ақсақалдары  Қазақстанда  өмір  сүріп,  еңбек
ете бермек ниеттерін білдірді.
Месхеттік  түріктерге  орай,  есіме  бір  алабөтен  окиға  түсіп  отыр.
Билік  басында  Константин  Черненко  тұрған  кез,  Қазақстанға  түрік  жəне
курд  қауымдарымен  жұмысты  жаксарту  туралы  республикамен  бұрын-
соңды  келісілмеген  орталыктың  шешімі  келіп  түсті.  Онда  осы  ұлттық
топтарға  назар  аудару,  атап  айтқанда,  олардың  ана  тілінде  газет  ашып,
радиохабарларын  тарату  жөнінде  нұсқау  беріліпті.  Жергілікті  партия
органдары  жоғары  тұрған  орыннан  келіп  түскен  шешімді  жанталаса
орындауға  кірісті,  алайда...  бұл  ұлттық  топтардың  тілі  тұрмыста  ғана
сакталған да, жазба тілін бірнеше қарт адам ғана білетін болып шықты.
Алға  койылған  мұндай  міндетті  орындаудың  мүмкін  еместігіне
Мəскеуді  иландыру  киынға  түсті,  акыры  көндңрдік-ау.  СОКП  ОК
идеология  бөлімінін  басшылары  бұл  жайында  тіс  жармаңыздар,  халық
күлід жүрер деген бір ғана тілегін айтты.
Қазақстанға  жер  аударылған  Еділ  бойы  немістеріне  қатысты  саяси
ақтау мен əділеттілікті калпына келтіру жөнінде жүргізген келіссөздерімде
сан жоқ.
Олардың  тағдыры  шынында  да  аянышты  еді.  1941  жылдың
тамызында  туған  жерлерінен  Ресейдін  бірқатар  облыстарына,  Қазақстанға
жəне  баска  республикаларға  коныс  аударылған  олар  содан  кейінгі  жерде
жаппай  енбек  армиясы  деп  аталатынға  алынады,  ал  ондағы  жағдайдың
149

түрмедегіден  асып  тұрғаны  шамалы.  Сөйтіп,  ондаған  мың  адам  осындай
тауқыметтен  көз  жұмды.  Соғыс  жеңіспен  аякталғаннан  кейін  өкіметтен
азды-көпті  жеңілдік  жасалар  деген  үміт  бар  еді,  қайта  катыгездік  дүмеп
түсті-  1948  жылғы  карашада  КСРО  Жоғарғы  Кенесі  Президиумының
Жарлығы  жарияланып,  онда  баска  да  жер  аударылған  халыктар  сияқты
немістер  де  мəңгілікке  коныстандырылады,  əрі  қоныстанған  жерінен  Ішкі
істер  министрлігі  органдарының  айрыкша  рұксатынсыз  кеткені  үшін  20
жылға дейінгі мерзімге кара жұмысқа кесумен жазаланады делінген. Барып
тұрған  сұрқия  бұл  кұжат  елде  крепостниктік  құлдықты  қалпына  келтіріп
отырғандай еді.
Соңынан  одақтык  парламенттің  немістердің  кұкығын  қалпына
келтіріп, мекен тандауына жасалған шектеуді алып тастаған бірсыпыра заң
актілерін  кабылдағаны  рас.  Алайда,  1965  жылы  олардын  Еділ  бойындағы
автономияны  қалпына  келтіру  туралы  өтінішіне  жауабында  КСРО
Жоғарғы  Кенесі  Президиумының  сол  кездегі  төрағасы  Анастас  Микоян
тұп-тура  былай  деген  екен:  «Мəселенің  ең  оңды  шешімі  осы  екені  бізге
түсінікті.  Алайда,  Еділдегі  республиканы  калпына  келтіруге  біз  бара
алмаймыз,  өйткені  қазіргі  кезде  Тын  өлкесінде  тұрып  жатқан  жарты
миллион  неміс  ол  жерден  кетсе,  оларсыз  мұнда  ауыл  шаруашылығын
жүргізу мүмкін емес».
Горбачев  бастаған  қайта  құру  жылдарында  жəне  одан  кейінгі  кезде
де  қазақстандық  немістердің  өздерінід  болашағы  жайында  тоқталған
бірауызды  ұйғарымы  болмады,  мұның  өзі  мəселені  киындата  түсті.
Олардың  бір  бөлігі  Ресейдің  қазіргі  Саратов  облысындағы  аумағында
автономиялық  республиканы  қалпына  келтіру  жолындағы  күреске  қайта
жұмылды.  Бұл  ниеттің  іске  асатынына  сенімі  жоқ  келесі  бөлігі  өздерінің
Германияға  көшуін  жеделдетуге  жəрдемдесуді  талап  етті.  Өмірге  барынша
сергек  қарайтын  тағы  бір  топ  болды.  Олар  Қазақстаннан  өздерінің
дəстүрлерін,  тілін,  мəдениетін  жаңғыртуға,  тарихи  отанымен  неғұрлым
тығыз  мəдени,  білім  алу  жəне  іскерлік  байланыстарды  жолға  қоюға
жəрдемдесуді өтінді.
Əлбетте,  соңғыларының  азаматтық  айкындамасы  менің  көкейімнен
шықты. Соған қарамастан, Ресей мен Германияның басшылығымен кездесе
жүріп,  мен  осы  ұсынылған  барлық  бағытты  іске  асыру  жөнінен  карекет
жасап бақтым. Ахуалды терең пайымдауға тырысып, неміс қауымдары мен
мəдени  орталықтардын  басшыларымен  жиі-жиі  кездесіп  тұрдым.  Қанша
кұрделі  болғанына  қарамастан,  «неміс  проблемасының»  едəуір  бөлегін
шеше білдік деген ойдамын.
150

Ен  бастысы,  Ресеймен  іс  жүзінде  бір  мезгілде  біз  көңілге  қаяу
түсіретін  сталиндік  каулылардың  күшін  жоятын  бірқатар  заң  актілері  мен
үкімет шешімдерін кабылдадық, соғыс кезінде неміс азаматтары қатарында
болған  енбек  армиясы  ардагерлерінің  құқықтарын  басқа  да  соғыс
ардагерлерімен, тыл еңбеккерлерімен теңеңістірдік, сөйтіп оларға да тиісті
жеңілдіктер  колданылатын  болды.  Германия  басшылығымен  арадағы
уағдаластық  бойынша  қазақстандың  немістердін  осы  елге  тұрақты  тұруга
бару тəртібі реттелді. Қазақстанда тұратын немістердің мəдениеті мен тілін
жанғырту шаралары колданылып жатыр.
Дəл ойымыздағыдай тез болмаса да, дегенмен, Қазақстан - Германия
арасындағы
уағдаластықтарға
сəйкес
герман
несиелері
мен
инвестицияларының есебімен неміс жұрты шоғырланып тұратын жерлерде
орта жəне шағын бизнесті дамыту мəселесі де шешіліп келеді. Ал енді Еділ
бойында неміс автономиясын немесе басқадай əкімшілік бөлінісін қалпына
келтіруге келетін болсақ, бұл Ресейдің кұзыретіндегі мəселе.
Жазыксыз  адамдарды  актау  бір  жолғы  саяси  науқан  емес,  күнбе-
күнгі  атқарылатын  маңызды  жұмыс  əрі  оны  тұрақты  да  жоспарлы  негізге
қою  керек  екенін  пайымдаудың  өзі  республикада  Саяси  қуғын-сүргін
кұрбандарын  ақтау  туралы  заң  қабылдау  қажеттігінін  дəлелді  негізіне
айналды.  Содан  бері  еліміздін  прокуратурасы  жеті  мыннан  аса  іс  қарап,
солар бойынша он бір мыңнан аса сотталған адам акталды. Сонымен қатар
жүйе
жөн-жосықсыз
сенімсіздер
катарына
жатқызған
арнайы
қоныстанушылар  атанған  алпыс  мыңнан  аса  адамға  тағылған  айып  та
алынды.
Ақтау рəсімі кезіндегі əртүрлі андай-мұндай кедергілерді болдырмай
жəне  оны  барынша  жеңілдету  қамымен  мен  Қазақстан  халықтары
Ассамблеясының ұсынысы бойынша өз Жарлығыммен осы Заңға бірқатар
өзгертулер  аден  толыктырулар  енгіздім.  Мұнын  өзі  ақтау  барысын
анағурлым жеңіл детердеген ойдамын.
Қысқасы,  тарихи  əділеттілікті  қалпына  келтіру  көп  күш-  жігер
жұмсауды  талап  ететін  шаруа.  Дегенмен,  осы  қиын  жұмысымызды
қазақстандықтардын  басым  кепшілігі  кызу  макұлдап  отыр,  оны  болашак
ұрпақтың да лайықты бағалайтынына сенемін.
***
Сөйтіп,  Қоғамдық  татулық  пен  саяси  қуғын-сургін  қурбандарынн
еске  алу  жылы  да  артта  қалды.  Алайда,  еліміздің  қоғамдың  өміріндегі
жарқын  да  есте  қаларлқ  осы  оқиға  көп  ретте  біздің  бəріміздің  өз
тарихымызды терең тусініп, тұшынуымызға, бугінгі болмысымызды дурыс
151

пайымдаымызға,  ортақ  муратқа  жету  жолында  тығыз  топтасуымызға
жəрдемдесті.  Өлі  риза  болмай,  тірі  байымайды  дейді  қазақ.  Сол  ніейіт
болгандардың  əруағы  қолдар,  тір  қалеандардың  рахметі  қолдар  деп
ойлаймын елімізді.
Менің  атыма,  заң  шығарушы  жəне  атқарушы  биліктің  жоғары
органдары  басшыларыныңатына  қазақстандықтардан  мемлекетіміздегі
тұрақтылықты  нығайту,  өткенімізді  терең  зерделеу  жəне  тоталитарлық
жүйенің  царекетін  ашкерелеі  жөніндегі  жұмысты  одан  əрі  жалғастыру
қажет  деген  тілегін  білдірген  хаттар  мен  жеделхаттар  көптеп  келіп  тусіп
жатыр. Адамдар прокуратура қызметкерлерінің қарауға қолы тимей жатқан
мыңдаған мұрахаттық істерді тезірек саралап құғын-сургінге ұшырағандар
хақында тиісті шешімдер шығарылуын талап етуде.
Осы  орайда,  мұның  өзі  менің  жеке  өзімнің  ой-ниетімі  толығымен
сəйкес  келетінін  айтуға  тиіспін.  Үстіміздегі  1991  жылды  өз  Жарлығыммен
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жариялауым да сондықтан.
Мен  ушін  мұның  айрықша  мəні  бар,  өйткені  дəл  осы  биылдан
бастап, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын нақтылы іске асыру
қолға
алынатын
болгандықтан
да,
маңызы
айрықша
зор.
Қазақстандықтардың  өзінің  тарихі  өткенін  құрметтеу  мен  қастерлеу
жөніндегі, айтар едім, асс киелі сезіміне негізделген бірлігі, менің ойымша,
құатты  жасампаз  кушке,  курделі  əлеуметтік-экономикалық  міндеттерді
шешудің сенімді құралына айналуға тиіс.
Халықтың  кемеңгерлігіне,  бойындағы  сарқылмас  рухани  жəне
шығармашылық  əлуетіне  сенемін.  Сондықтан  да  барлы  ойға  алған
істерімізді іске асыратынымызға бір сəт те күмəнданған емеспін.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет