Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Сегізінші тарау
ЖАҢА АСТАНА - ЖАҢА МЕМЛЕКЕТ -
ЖАҢА ҚОҒАМ
Қазақстан Елордасы - Астана қаласының
тұсаукесер рəсімі салтанатында
1998 жылғы маусымның 10-ында сөйлеген сөзі
Қадірлі қауым!
Қымбатты меймандар!
Ханымдар мен мырзалар!
Баршаңызды  Қазақстан  Республикасының  жаңа  орталығы  -  Астана
152

каласының тұсаукесер салтанатына қош келулеріңізбен кұттыктаймын.
Биік  мəртебелі  Əзірбайжан  Халық  Республикасынын  Президенті
Гейдар Əлиев мырза,
Биік  мəртебелі  Қырғыз  Республикасының  Президенті  Аскар  Ақаев
мырза,
Биік мəртебелі Турік Елі Президенті Сүлеймен Демирель мырза,
Биік  мəртебелі  Өзбек  Республикасы  Президенті  Ислам  Кəрімов
мырза,
Биік  мəртебелі  Украина  Президенті  Леонид  Кучма  мырза,  бүгінгі
қуанышымызға  қатынасып,  халқымыз  бен  елімізге  көрсетіп  отырған
достық құрметтеріңізге шын жүректен алғыс айтуыма рұқсат етіңіздер!
Сондай-ақ,  Армения  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап
келген Премьер-министр Армен Дарбинян мырзаға,
Беларусь Республикасы ресми делегациясын бастап келген Премьер-
министрдің орынбасары Геннадий Новицкий мырзаға,
Қытай  Халық  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап  келген
Коммуникация  министрі  Хуан  Чжəньдун  мырзаға,  Грузия  Республикасы
ресми  делегациясын  бастап  келген  Мемлекеттік  Министр  Николай
Лекишвили мырзаға,
Молдова  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап  келген  Вице
Премьер-министр Николай Андронник мырзаға,
Ресей  Федерациясы  ресми  делегациясын  бастап  келғен  Ресей
Президентінін ТМД-дағы Өкілетті өкілі Иван Рыбкин мырзаға,
Тəжікстан  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап  келген
Премьер-министр Яхия Озимов мырзаға,
Түрікменстан  ресми  делегациясын  бастап  келген  Парламент
Мəжілісініц төрағасы Сахат Мурадов мырзаға,
Ингушетия  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап  келген
Президент Руслан Аушев мырзаға,
Саха  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап  келген  Президент
Михаил Николаев мырзаға,
Татарстан  Республикасы  ресми  делегациясын  бастап  келген
Президент Мыңтемір Щəймиев мырзаға,
Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  Аткарушы  Хатшылығының
Аткарушы Хатшысы Борис Березовский мырзаға,
Экономикалык Ыкпалдастық Ұйымының Бас хатшысы Ондер Озар
мырзаға,
Ислам Конференциясы Ұйымының Бас Хатшысы Изад-Дин Лараки
153

мырзаға,  сонымен  бірге  Мəскеу,  Санкт-Петербург  қалаларының  жəне
Кемеров  облысының  делегацияларына  шын  пейілмен  рахмет  айткым
келеді.
Бұл салтанатқа байланысты құттықтау жолдап, Қазақстан мемлекеті
мен  халқына  ізгі  тілектерін  білдірген  барлық  мемлекеттер  мен
Халықаралық Ұйымдарға шексіз ризашылығымызды білдіремін.
«Болар істің басына жаксы келер касына» деген осы. «Жаксылығыңа
алыстағы  дос  та  куанады,  жамандығыңнан  жанындағы  бауырың  да
безінеді»,  -  деген  халкымыз.  Игі  қадамымызды  ізгілікпен  түсініп,  біздің
елімізге  деген  үлкен  кұрметін,  достық  ниетін,  ынтымақтастығын,
тілеулестігін
білдірген
мемлекеттерге,
ұйымдарға,
қадірменді
меймандарымызға  қазақ  халкының  атынан,  Қазақстанды  мекендеген  көп
ұлттар  өкілдері  атынан,  өзімнің  атымнан  достық,  туысқандық  мың  да  бір
алғысымды айтамын. Хош келдініздері Ықыластарыңыз Алладан қайтсын!
Өздеріңізге, Елдеріңізге Жасағанның нұры жаусын!
«Жігітке  ерлік  те  оңай,  билік  те  оңай,  қажытпас  кабырғалы  болса
халқы»,  -  деген  ақын  бабамыз  Əбубəкір  Кердері.  Төуекелге  бел  байлатып,
назарымызды  сындырмаған,  ізгі  ниеттің  ізгі  нəтижеге,  асыл  арманның
абыройлы  іске  айналуына  кеңінен  колдау  көрсетіп,  кысылғанда  тірек,
киналғанда  медет  болған  туған  халкыма,  барша  отандастарыма,  күллі
казақстандыктарға  басымды  иіп  адал  перзенттік  жүрегіммен:  «Садағаң
кетейін, айналайын халқым! Сенін мүддең жолында бойда куат, ойда нəр -
бөрін аянбай сарп етуге пейілмін», - дегім келеді.
Иə,  біз  бүгін  төнір  мен  тарихтын  ерекше  бір  шапағатты  нұрына
бөленіп  тұрмыз.  Бүгін  -  тірінін  шындап  тебіренетін,  өлінің,  расында  да,
жатқан  орнынан  аударылып  түсетін  күні.  Жан-  жағымызды  шыр  айнала
коршап  жаткан  ұшы-киырсыз  ұлан  кеңістік  -  Сарыарқа  талайды  көрді,
талайға  төзді.  Бағзы  бабаларымыздың  ақ  найзаларын  аспанға  атқан
айбарлы  женістерін  де  көрді.  Бергі  бабаларымыздың  еңселері  түсіп,
кабырғалары  қайысқан  касіреттеріне  де  куə  болды.  Енді,  міне,  екі  ғасыр
тоғысында, жана мыңжылдық табалдырығында ешкен жанып, өлген тіріні,
кеткен есе түгенделіп, жынылған ту қайта желбіреп, жоғалған  елдік кайта
оралып,  кұлаған  орда  кайта  бой  көтергеніне  де  куə  болып  отыр.  Бұл  да
ұзағынан болғай, кайырымен келгей, кадірлі халқым!
Бұл - əрине, ежелден бергі атамекенімізді сұғанак басқыншылардың
сұкты  көзінен  сактап  қалу  жолында  сарп  етілген  талай  ұрпактын  пəк
канының, асыл арманының, өршіл күресі мен өжет өміршендігінің арқасы.
Сонымен  коса,  жалпы  адамзат  қоғамындағы  саяси  күштерінің  түбегейлі
154

жаңа  ара  салмағының  арқасы.  Біздің  бүгінгі  ұрпақ  тарихтын  бір  орнында
тұрмайтынын,  заман  өзгеретінін,  заманмен  бірге  коғам  да  өзгеретінін  өз
кшімен  көріп  отыр.  Өз  жүрегімен  сезіп  отыр.  Қазір  бүкіл  əлемде  жасампаз
ынтымактастык,  тату-тəтті  ыкпалдастық,  бейбіт  бəсеке  дəуірі  басталды.
Коғамның,  мемлекеттің  дамуы  аса  күрделі  сипатқа  ие  болды.  Сондыктан
мемлекеттік  дəрежедегі  кай  мəселенің  де  шешімі  аса  ыждағаттылық  пен
табандылықты,  əлемдік  дамудың  болашағын  алыстан  аңғарып,  мұқият
ескеретін  тарихи  дəйектілік  пен  ғылыми  дəлелділікті,  барлык  іске
тəуелсіздігіміз бен елдік болашағымыз тұрғысынан карай білуді қажет етеді.
Бұл  реттен  келгенде,  біздің  тəжірибеміздің  жалпы  алғанда,  əлемдік
тəжірибемен  қабысатын  да,  қабыспайтын  да  тұстары  көп.  Өйткені,  күні
кеше  біз  бастан  кешкен  қоғамдық  үрдіс  жалпы  адамзаттың  даму  үрдісінен
атымен  оқшау  тұрды.  Соған  лайық  саяси-аумақтық  құрылым  түзді.
Тəуелсіздік  алған  аз  жылдың  ішінде  оның  тек  тұтастығымызға  да,  қалған
адамзатпен  қоян-қолтық  араласуымызға  да  кол  байлау  болатынын  сезе
бастадық. Жиырмасыншы ғасырда пайда болған жаңа астаналардың басым
көпшілігінін  жер  шарында  жаңадан  қалыптасып  отырған  геостратегиялык
соны  ахуалдан  туындап  жатқанын  ескердік.  Бұл  тұрғыдан  бізге  қалай  да
назар аудармай болмайтын факторлар өте жеткілікті. Қазақстан жер аумағы
жағынан  əлемдегі  ең  ірі  он  мемлекеттің  санатына  кіреді.  Ол  иемденетін
миллиондаған  шаршы  километр  кеңістікте  бірнеше  уакыт  бойлығы
ұшырасады.  Мұндай  ұлан-  ғайыр  аймакта  баскару  орталығының
географиялык орталықпен мейлінше дөп түсуіне ұмтылуы кай тұрғыдан да
түсінікті  кұбылыс  деп  білеміз.  Бұл  тек  өзіміз  үшін  ғана  емес,  шектес
көршілеріміз бен алыс аймақтардағы ықпалдастарымызға да колайлы екені
даусыз.  Өйткені,  жаңа  Астана  тек  өз  аумағымыздың  ғана  емес,  Еуразия
кұрлығынын  да  қақ  ортасына  орналасқан.  Ендеше,  бұл  өз  тəуелсіздігінің
кепілін  аталмыш  екі  кұрлықтың  өзара  жəне  калған  дүниелермен
жарастықты  карым-қатынасынан  іздейтін  жас  мемлекет  үшін  мықтап
ескермей  болмайтын  ерекше  фактор.  Тоғыз  жолдың  торабында,  кай
тараппен байланыс жасауға да ең төте бағытта тұрған Астана ішкі қарым-
катынасты  да,  сырткы  қарым-катынасты  да,  жер  шалғайлығы  мəселесін
өзіміз  үшін  де,  ыкпалдастарымыз  үшін  де  тиімді  шешуге  қолайлы  жағдай
жасайды.  Оның  үстіне  жана  Астана  сəулетшілік  қиялға  мол  мүмкіндік
береді.  Экологиялық  кауіп  атаулыдан  атымен  ада  аймакқа  орналасқан.
Табиғи  алат  каупі  де  аз.  Құрылыс  жүргізу  ескі  астанаға  карағанда  екі  есе
арзанға  түседі.  Əрине,  Бұл  шешімді  кабылдарда  өлгіндей  тиімділіктердің
ескерілмей  қалмайтындығы  белгілі.  Оларға  бүгінгі  біз  түгіл,  ежелгі
155

бабаларымыз  да  ерекше  мəн  берген.  Археологиялық  зерттеулер  күллі
планетамыздың адамзат коғамының тұтас мекенге айналуынын ең шешуші
оқиғаларының  осы  далаларда  өткенін  дəлелдейді.  Аңыздағы  Олжай  мен
Өгіз  хандар,  нақты  тарихтағы  Жошы,  Бату,  Орда-Ежен,  Тайбүғы,  Көшім,
Орыс, Əбілқайыр Шайбани осы маңдағы Ортак пен Кертақта, Ұлытау мен
Кішітауда,  Ордатау  мен  Өскерде  хан  сайланғандары  тегіннен  тегін  емес
шығар.  Екі  кұрлық  тоғысындағы  бұл  кеңістік  тек  жаһанды  жаулап  алар
жойқын  жорықтардың  ғана  емес,  дін  мен  дінді,  мəдениет  пен  мəдениетті,
ұлт  пен  ұлтты  ұластырар  тарихи  тамырластықтың  да  ұлы  арнасы  бола
білді.  Атакты  «Жібек  жолынан»  көп  бұрын  біздің  дəуірімізге  дейінгі
мыңжылдыктарда  Ежелгі  Элладакы  Қиыр  Шығыс  халықтарымен
жалғастырған  даңкты  «Дала  жолы»  тап  осы  өлкенің  үстімен  өтті.  Ежелгі
Геродот  пен  Аристейлерден  бастап  əлемдік  ғылыми  ой  түгел  білетін  бұл
ақиқатты кейінгі ғасырлардың геосаяси ақыл-ойы да аттап өте алмады, Бұл
кеңістіктегі  мемлекеттілік  тарихының  ең  шешуші  бетбұрыстарында  қайта-
қайта  еске  алынып,  қайта-қайта  талкыға  түсті.  Ұлттық  тұтастығымыздын
мəселесі  ең  өткір  койылған  арғы  Тоқтамыс  пен  Едіге,  бергі  Тəуке  мен
Абылай  замандарында  билік  ордасының  бұл  маңайға  кайта-кайта  көшіп
келіп,  көшіп  кетуінде  көп  сыр  бар.  Үстіміздегі  ғасыр  басында  алғашкы
қазақ либералдары - Алаш партиясы кесемдері де саяси орталықты еуелден
зор  стратегиялық  маңызға  ие  осы  аймаққа  көшіріп  əкелуге  куш  салды.
Кейін алпысыншы жылдары Қазақстан эконошікасының қауырт дамуында
шешуші  маңызға  ие  бола  бастаған  бұл  өлкенің  саяси  мүмкіндіктері
кайтадан талқылана бастады. Бірақ əлемдік тайталастар заманының шөлкес
тарихы  толғағы  жеткен  мəселенің  түбегейлі  шешілуіне  мүмкіндік  бермеді.
Əлемдік  мұхиттардың  бəрінен  де  бірдей  кашыктыңтағы  киян  түкпірде
жатқан Сарыарқа талай жылдар бойы əскери стратегтердің ғана назарында
болып, баллистикалық нысана ретінде ғана ерекше маңыз иемденді. Ежелгі
өркениет  əлемінің  дуалы  ауыздары  таңғажайып  кұбыжыктар  мекеніне
сайыған шыған дала əлемдік ақпарат мейлінше дамып, қиядағының өзі дəл
іргеңдегідей  еш  таңсың  болмайтындай  осы  заманың  өзінде  ұзак  уақыт
тылсым  кұпияға  толы  «жабық  өлке»  саналып  келді.  Əіресе  адам  көрмеген
саяси  озбырлықтың,  біресе  ауыз  айтып  жеткізе  алмас  қырып  жойғын
қарулардың  сынақ  алаңдарына  айналып,  калған  дүниенің  жағасын
ұстататың катерлі конысқа баланып келді.
Тіпті  соны  пайдаланып,  көне  тарихты  көпе-көрінеу  түгел  сызып
тастап, дүние жаратылып, су арқалы кұлазып иесіз жатқан иен кеністік деп
ұғындырғысы келетін ақылға сыймас сандырактар да айтыла бастады. Бұл
156

өлкенің мынжылдықтар калыптастырған табиғи байлығы, талай ұрпак үлес
қоскан  рухани  казынасы,  тарихи  жүйеленген  саяси  мүмкіндіктері  жан-
жакты  есепке  алынып,  жарасымды  игерілер  дəурені  біздін  тұсымызға,
жиырма  бірінші  ғасыр  табалдырығына,  онын  тек  масштабты  өскери
карталар құпия кескіядей алған үлкен манызын экономикалық жəне рухани
ыкпалдастыктың
өркімге
түсінікті
ұғымдарына
нактылай
көшіру
жауапкершілігі  біздің  заман-  дастарымызға  тап  келіп  отыр.  Тəңірге  бұл
үшін де мың мəртебе тəубе дегеніміз жөн шығар.
Қысқасы,  тəуелсіз  мемлекетіміздін  саяси  орталығының  Астана
каласына  ауысуы  бір  адамның,  бір  топтың,  немесе  бір  кезеңнің  кездейсоқ
күш салуымен кара дүрсін алынған келеңсіз ұйғарым емес,  талай ғасырғы
ізденістердің  заңды  нəтижесі,  тамыры  терен,  мақсаты  биік,  келешегі  зор
тарихи  тандау.  Оны  жүзеге  асыруға  да  ойланып-толғанып,  қажет  десеңіз,
кызу талас-талқыны бастан өткізіп барып кіріскенімізді ел біледі. Алғашкы
шешім  1994  жылы  Парламентте  кабылданды.  Сол  уақыттан  мемлекеттік
билік  институттары  жаппай  жана  орынға  коныс  аударған  кезеңге  дейінгі
үш  жыл  ішінде,  кейбіреулер  айтып  баккандай  көп  сөз  ғана  болып  калмай,
жан-жақты  камдас-  тырылған  үлкен  езірлік  жүргізілді.  Құқықтың  жəне
нормативтік  негіз  жасақталды.  Бюджеттен  тыс  «Жаңа  астана»  арнайы
қоры,  астананы  əкономикалық  дамыту  қоры,  еркін  экономикалық  аймақ
құрылды.  Астананы  жаңа  орынға  көшіруді  езірлеп,  жүзеге  асыруға
байланысты  ұйымдастыру  шараларын  жүргізген  мемлекеттік  комиссия
кызмет  етті.  Мұндай  кең  аукымды  іс  қоғамдағы  əлеуметтік-экономикалык
жағдай  тым  күрделі  тұста  жүзеге  асты.  Тідті  жұртшылықтың  саясатшылар
шешіміне  деген  сенімін  шындап  бəске  тігуге  тура  келді  десе  де  болады.
Өтпелі  кезең  екен  деп,  болашакты  ойламай,  күнделікті  күнкөрістің  əлі
түзеліп  кете  қоймаған  күйкі  меселелерімен  шектеліп  қалсақ,  замана
үлесінен  шыға  алмай,  тəуелсіздігіміздің  ірге  тасын  уактылы  бекемдей
алмаған болар едік. Ондай бейқамдыкты бізге кейінгі ұрпақ кешпес еді. Бұл
арада,  қанша  қиын  дегенмен,  Қазақстанда  зейнетақының  уақытылы
теленетінін,  тау-кен  жəне  металлургня  өндірістерінің  негізінен  ырғакты
жұмыс  істеп  тұрғанын  айткан  жөн.  Былайғы  жұрт  не  десе,  о  десін,
отандастарымыздыңбасым  көпшілігі  мəселені  дұрыс  түсінді.  Халықаралық
қауымдастық  тарапынан  да  тиісті  қолдау  тапты.  Орайы  келгенде,  Астана
құрылысы  мен  көркеюіне  қолма-кол  ұлес  коскан  шетелдік  компаниялар
мен  фирмаларға,  инвесторлар  мен  құрылысшыларға  пəрменді  көмектері
үшін  үлкен  алғыс  айтамыз.  Бұл  істе  берік  желі  салған  экономикалык
ыкпалдастығымыздың  одан  əрі  де  жемісті  жалғасатындығына  сендіргім
157

келеді.
Енді,  міне,  бүгін  ежелгі  қазақ  жерінде  естен  кетпес  тарихи  оқиғаға
куə  болып  тұрмыз.  Жана  ел  Ордамыз  -  Астана  каласының  -  тұсаукесері
шын  мəнінде,  жас  тəуелсіз  мемлекетіміздің  беташарындай  болып  отыр.
Сондыктан  бүгінгі  отандастарымызға  олардың  ертеңгі  ұрпактарына  əсем
астана  тарту  етіп,  оның  тұсаукесерінің  сəнді  де  салтанатты  болуына  жан
аянбай  еңбек  етіп,  баға  жетпес  үлес  коскан  құрылысшыларға,
сəулетшілерге, безендірушілерге, Астана қаласының барлық тұрғындарына
аскан ризашылығымды білдіремін.
Біз  жаңа  Астанаға  көшудің  бірінші  кезеңін  ғана  артқа  салып
отырмыз. Соның өзінде байырғы қазақ даласында атымен жаңа сипаттағы
жана  шаһар  пайда  болғанын  көздеріңіз  көріп  отыр.  Бүгін  екінші  кезеңді
аяктаймыз.  Астанаға  лайық  инженерлік  инфрақұрылымның  негізгі
элементтері салынып бітеді. Алдағы үшінші кезенде Астананың əлеуметтік,
мəдени  жəне  əкімшілік  инфрақұрылымы  түпкілікті  калыптасады.  Бүгіннін
өзінде  ол  инвестициялық  белсенділікті  қарқындатып,  іскерлік  қауымның
жаңа  легін  іске  тартып  отыр.  Аз  уақыт  ішінде  жаңа  Астана  сынды  үлкен
шаһардын  салынып  бітуі  реформаның  өміршеңдігі  мен  болашағына  деген
сенімді  нығайта  тусері  сөзсіз.  Бүкіл  халық  болып  жабыла  жұмылса,
жақсармайтын жағдай, шешілмейтін мəселе, алынбайтын қамал жоқтығына
көзімізді  айқын  жеткізе  түседі.  Тек  осынын  өзі-ақ  бұл  шешімнін  тек  һото
еkonomicus- тарға тəн барлық нəрсені аз күндік күнкөрістін тар аукымы мен
қалтасындағы  əмиянның  қаншалықты  қомакты  екендігі-  мен  өлшеп-
пішетін  күлді-көмеш  пайдакүнемдік  есептен  тумағандығын  дəлелдей  алса
керек.
Бізге  қалай  да  астана  көшіріп,  ат  шығару  мұрат  болған  жоқ.
Ақикатына келсек, сұлулығына сағат сайын еріксіз сұктанып отыруға тура
келетін ару қала Алматыны, жер ұйығы Жетісуды киып кету бізге де оңай
тиген  жоқ.  Біздің  далалық  мемлекеттілігіміздін  бірнеше  мыңжылдықтарды
камтитын  тарихы  бар.  Оның  əрқилы  кезеңінде  əркилы  өлкемізге  орда
қонып,  ту  тігілген.  Біреулерінің  саяси  дəурендеуі  əлденеше  ғасырларға
созылса,  біреулерінікі  бірнеше  айлармен  шектелген.  Соған  карамастан
оның  кай-кайсы  да  біздің  ұлттык  тагдырымыздызд  ең  түйінді  мəселелерін
шешіп, рухани тағдырымыздың ең талма кезеңдерін иемденеді. Сондықтан
да,  батыс  бетіміздегі  Сарайшық,  Астана,  Байтак,  Орынбор,  күнгейіміздегі
Суяб,  Баласағұн,  Тараз,  Сайрам,  Созак,  Түркістан,  Сығанақ,  Сауран,
Жаңакент,  Қозыбасы,  Ак-  мешіт,  Сарыаркадағы  Ұлытау  мен  Ордатау,
Көкшетау мен Алаштын аттары аталғанда, ет жүрегіміз еріксіз елжірен коя
158

береді.  Алматының  ондай  сикыры  бəрінен  де  асып  түседі.  Рухани
кемелденуіміздің,
саяси
мерейленуіміздің
ыстык
ұясы,
балаң
тəуелсіздігіміздің алтын бесігі, бүгінгі көзі тірі ұрпақтың қай-қайсының да,
солардың  ішінде,  осы  шешімді  кабылдап,  жүзеге  асыруға  тікелей
атсалысып  жаткан  жандардың  да  жеке  тағдырында  ол  ерекше  орын
иемденеді.  Бəріміздің  де  жастық  дəуреніміз,  дегендерімізге  жетуіміз,
кемелімізге  келуіміз  сол  бір  ғажайып  қалаға  етене  байланысты.  Жаңаша
дөрендеуіміздің  дəл  бір  осы  шырайлы  шағында,  шапағатты  сағаты  мен
мерейлі  минуттерінде  азаттығымыздың  ақ  кұсын  өз  бауырынан  аспандата
самғатқан  аялы  Алматы  мен  өзіз  Алатауға  бəріміз  де  тікемізден  тік  тұрып,
басымыз  жерге  жеткенше  иіліп,  қанша  мəрте  тағзым  етсек  те,  артыктығы
жоқ деп білем. Дүние тұрғанша тұр, жөннат қалпыңнан жазбай, жасай бер,
жайнай  бер,  кыдыр  қонып,  құт  дарыған  киелі  қоныс,  мүбарак  мекен  -
Алматы!..  Биікке  самғап,  киырды  шарлау,  заманнан  қалмай  зымырай
заулаумына  біздерге  өзің  берген  тəрбие,  өзін  көрсеткен  өнеге,  өзің
тапсырған тарихи аманат!
Міне,  өсиетіңе  көніп,  өнегеңмен  жүріп,  аманатыңды  актап  шығуға
кірістік.
Өйткені,  алдымыздағы  жана  ғасырда  жаңа  мемлекет,  жана  қоғам
орнатып, жанаша даму міндеті тұр. Жаңаша шарықтауға жана өріс пен жаңа
үрдіс керек. Қалған адамзатпен қатар адымдап, озғын өркениетпен өзектес
даму кажет. Астана ауыстыру тек ішкі мақсаттардан ғана өрбіп жатқан жоқ.
Қазақстан-Еуразия  елі,  мемлекет  астанасының  аумақ  ортасына  жылысып
көшуі  біздің  ыкпалдастык  жайлы  ез  көзқарасымыздан  өрбиді,  сырткы
саясатымыздың  көп  багыттарынан  туындайды.  Ол  біздін  сырткы
саясаттағы  стратегиямызды  өзгеріске  ұшыратпайды.  Қазақстан  дамуының
2030-жылға  дейін  жасалған  стратегиясы  бойынша,  жеріміз  шектес  жакын
көршілесіміз - жанару, демократиялану үсгіндегі Ресей, осы заманғы кайта
жаныруға ұшырап жаткан шығыс көршіміз Қытай, Қазақстан бастан кешіп
жаткан
өзгерістерді
бастан
кешіріп
жаткан
Орталық
Азиядағы
бауырластарымыз  бұрынғысынша  басым  маңызға  ие  болып  қала  береді.
Бірак, біздің ендігі дамуымыз ықпалдастың аясын мейлінше кеңейте беруді,
дəстурлі  ықпалдастығымызбен  ғана  шектеліп  калмауды  талап  етеді.  Жан-
жағымызбен  бірдей  тату-тəтті  карым-қатынас  орнатып,  есігімізді  ашық,
пейілімізді  кең  ұстау  мұрат  боп  тұр.  Меймандос  бабаларымыз  өзгелердің
төріне  шығу  үшін  өзі  де  меймандарына  как  төрінен  орын  беріп,  кұрмет
көрсеткен. Ол үшін бізді талай уакыт адамзат кауымдастығының бесігінен
аттатпай  қойған  топас  тоталитарлық  жүйе  жағалай  қымтап  тастаған
159

іргемізді  түріп,  былайғы  дүниені  қаралай  шошытқан  жабық  кеністікке
айналдырып жіберген киелі төріміздін қадірі мен салтанатын кайта асырып,
алыспен  де,  жакынмен  де  бірдей  татулықпен,  бірдей  ықпалдастықты
калайтын  көп  векторлы,  көп  қарымды  сыртқы  саясатымызды  жана
Астанадан жалғастыру - біз үшін уақыттың өзі алға тартып отырған шекті
талап. Олай болатыны - астанасына карап елін таниды. Астанасынын кайда
орналасып, калай өркендеп жатканыңан əр елдің өзінің өткені мен ертеңіне
деген көзкарасың анғарып, өзгелерге дəйім пейілін сезінеді. Сондыңтан да
Ас- танакелбеті - ұлт келбеті. Мемлекет дидары. Халық мерейі. Күллі əлем
атын  енді  жаттай  бастаған  жаңа  Астана  біздің  жас  мемлекетімізге  деген
назарды екі есеарттыра түсері сөзсіз. Оның біз жетпек биіктердей өрелі, біз
орнатпақ  коғамдай  тартымды  болып,  көркейіп  өсуі  жолында  күш-жігерді
аямаймыз.  Біздің  жаңа  Астананы,  жаңа  Астананың  бізді  ұятқа
калдырмайтынына нық сенімдіміз.
Жана мемлекетіміздін жаңа Астанадағы кызметін Халық бірлігі мен
ұлттың тарих жылында бастауында да ерекше мəн бар. Өткен жолын жетік
білетін  кауым  алар  асуларын  да  айқын  елестете  алмакшы.  Бабаларын
калтқысыз  кастерлей  алған  халык  балаларынын  болашағын  да  қапысыз
қамдай  алмакшы.  Біз  де  аруақ  ырза,  ұрпак  мерейлі  болар  берекелі
дамуымыздың беташарын осы жылдан, осы арадан бастағанды жөн көрдік.
Мандайың ашық, жолың кең, қадамың кұтты, аларың асқар, жетерің
жемісті, сапарың жемісті болсын, жас Астана!
Талабымызды тəңір қолдап, ісіміз оңға баса бергей, ағайын!
160

ЕКІНШІ БӨЛІМ ЕЛДІҢ ҚУАТЫ-
РУХЫНДА
Тоғызыншы тарау
БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІК
XVIII ғасырдың аса ірі мемлекет
қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді
жəне Əйтеке биді еске алуға арналып,
Ордабасыда 1993 жылғы мамырдың
28-інде болған салтанатта
сөйлеген сөзі
Ардакты ағайын! Қадірлі меймандар!
Бүгін  біздің  бəрімізді  осынау  касиетті  биіктің  басына  бір  ой,  бір
тілек,  бір  мақсат  жетелеп  əкеліп  отыр.  Өскісі,  өркендегісі  келетін  елдердің
қай-қайсысы  да  қадым  замандардан  бергі  тарихын  айрықша  қастерлеп,
ондағы  дара  тұлғаларды,  ел  болып  еңсе  көтерулеріне  ерекше  еңбек  еткен
асыл  азаматтарын  айрықша  ардақ  тұтатынын  жақсы  білеміз.  Шүкір,  біздің
тарихымызда  да  елім  деп  еңіреп  өткен  ерлер,  халық  қамын  жеген
қайраткерлер аз болмаған.
Дешті  Қыпшақты  билеп  тұрған  Шөйбан  тұқымымен  ат  кұйрығын
кесісіп,  қол  астындағы  ұлыстарын  Шу  бойына  алып  келіп,  Қазақ  деген  ел
еткен  Керей  мен  Жəнібектің  орны  бөлек.  Бұрын  бір-біріне  тəуелсіз  үш
мемлекеттің құрамында жүрген көпшелі тайпалардың үш жүз аталып, жаңа
саяси одакқа бірігудің тиянақтап берген Ақназар ханның аты алты алашқа
мілім.  Өз  тұсында  жана  бой  көтерген  елдің  есесін  ешкімге  жібермей,  бір
жорықта  екі  жүз  мың  кісіні  атқа  қондыра  алған,  өзінен  кейін  касқа  жол
калдырған  Қасым  ханнын  да  қасиеті  ерекше.  Мықты  білегімен  де,  түкті
жүрегімен  де  айбынды  атқа  ие  бола  білген  Еңсегей  бойлы  ер  Есім  мен
Салкам  Жəңгір  де  ел  есінен  мəңгілік  орын  алды.  Есімнің  немересі,
Жəңгірдің бел баласы Тəуке хандық кұрған XVII ғасырдың аяғы мен XVIII
ғасырдың  басы  -  қазақ  елінің  абыройы  асып,  көсегесі  көгерген  ерекше  бір
кезеңі  болды.  Бұл  жайында  белгілі  тарихшы  А.И.Левшин  былай  деп
жазыпты:  «Тəукенің  атын  атасақ-ақ  бар  қазақтың  жүрегін  алғыс  кернеп,
161

мактаныш билейді. Қазақ ордасынын Ликургы, Драконты - сол адам. Тəуке
ала  ауыз  болып,  қырғынға  бөккен  елді  сабаға  тусіріп,  ру  мен  рудың
арасындағы  талай  жылғы  кантөгісті  тоқтатты,  ақылы  мен  ділдігінің
арқасында  жұрттың  бəрін  өзіне  мойынұсындыра  білді,  өлсіз  рулардың
басын  косып,  əлуетті  дұшпанға  қарсы  қоя  алды,  күштілерді  тізеге  салып,
тəубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол бойынша билік айтты».
Тəуке  Қазақ  хандығын  бір  орталықтан  баскарудың  накты  тетігін
тапты. Жыл сайын атақты Мертебеде үш жүздің игі жақсыларының басын
қосып, ел өмірінің келелі мəселелерін талқылады.
Қазақ
қоғамына
осындай
біртұтастық
дарытып,
ынтымақ
орнықтырған ежелгі ереже-кағидалардың үлгілі нұсқасы, халықтың тəртіп -
низамының, салт-дəстүрінің жүйелі жиынтығы - атакты «Жеті жарғы» еді.
«Жеті  жарғы»  -  дана  бабаларымыздың  «Қасым  ханның  касқа  жолы  »,  «
Есім  ханның  ескі  жолы»  деп  аталатын  мемлекет  баскару  мен  халық
билеудің қалыптаскан жосықтарын негізге алып, сахараның сол замандағы
тұрмыс-тіршілігін,  коғамдык,  əлеуметтік  ахуалын  ескере  отырып,
келешектін  қамын  ойлап,  жан-жақты  байыпталған  заңгерлік  ұлы  мұрасы
еді.
Əрине, тарихтың талай сокталаңың басынан кешкен дала жұртынын
кабырғалы халык, іргелі ел болып кетуі оңай шаруа емес еді. Ол екі тізгін,
бір  шылбырдың  кореген  көкірек,  қайратты  қолға  тигенінін  аркасы  еді.  Ел
мен  ер,  тəуекел  мен  парасат  бірге  қимылдап,  бірлесе  кайрат  көрсеткеніқің
аркасы  еді.  Ендеше,  сол  бір  жан-жактан  жау  анталап,  іргеден  қиқу  кетпей
тұрған  тұста  күллі  ұлтты  түгел  ұйытып,  ұйымшылдыққа  бастаған  рухани
ізденіске мұрындық болғандар кімдер еді?
Сондай  даналардың  ішінде  дəуірдің  үш  кемеңгері  деп  танылған
Əлібекүлы  Төле  бидің,  Келдібекұлы  Қазыбек  бидің,  Бөйбекұлы  Əйтеке
бидің  орны  бөлек.  Барша  қазақ  баласы  аттарын  ардақтап,  айтқандарын
жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген
қасиетті ісіне сөз жеткізіп баға беру қиын-ақ. Халық болып сақталғанымыз,
міне,  бүгін  егемен  ел  атанып,  тəуелсіздік  туын  тігіп  отырғанымыз,  тіпті
баскасын былай қойғанда, ата-баба жерінде баымыз аман, бауырымыз бүтін
жүріп  жатқанымыз  үшін  бүгінгі  ұрпак  осы  аталарымыздың  аруағының
алдында бас иеді.
Үш  данагөйдің  өнегелі  өмірі,  ел  қамын  жеген  адал  еңбегі,  топ
бастаған  көсемдігі,  от  ауызды,  орақ  тілді  шешендігі,  мүлтіксіз  өділдігі
жөніндегі  айтар  өңгіме  аз  емес.  Олардың  аузынан  шыққан  бітІмді  бата,
кесімді  баға,  ордалы  ой,  бейнелІ  тенеу,  төрт  аяғы  тен  жорға  толғаулар
162

ғасырдан-ғасырға  жұрт  жадында  жатталып  бүгінгі  күнге  жетті.  Осынау
асыл  мұра  -  билер  сөзі  -  кім-кімді  де  таңдандырмай,  тамсандырмай
қоймайды.  Билер  данышпандығының  бір  ғана  сəтін  бүгінгі  жиында  еске
түсіре кетейік.
Қалмак  Контажы:  «Датыңды  айт»  дегенде,  Қаз  дауысты  Қазыбек
бабамыз:
-  Біз  қазақ  деген  мал  баққан  елміз,  бірақ  ешкімге  соқтықпай  жай
жатқан  елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін  жау
баспасын  деп,  найзаға  үкі  тақан  елміз.  Ешбір  дұшпан  басынбаған  елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз, дəм-
тұзды  ақтай  білген  елміз,  асқақтаған  хан  болса,  ордасын  таптай  білген
елміз.Атадан  ұл  туса,  құл  боламын  деп  тумайды,  анадан  қыз  туса,  күң
боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен
қалмақ  болсаң,  біз  -  қазақ,  қарпысқалы  келгенбіз,  сен  темір  болсаң,  біз  -
көмір,  еріткелі  келгенбіз,  қазақ,  қалмақ  баласын  теліткелі  келгенбіз.
Танымайтын  жат  елге  танысқалы  келгенбіз,  танысуға  көнбесең,
шабысқалы  келгенбіз.  Сен  қабылан  болсаң,  мен  -  арыстан,  алысқалы
келгенбіз.  Жаңа  үйреткен  жас  тұлпар  жарысқалы  келгенбіз,  тұтқыр  сары
желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын
жеріңді айт! - деп тегілткен екен.
Сонда Қонтажы не дерін білмей сасып калған дейді.
Елім деп, жерім деп жанұшырған асыл аталарымыздын мұндай жан
айкайын  бүгінгі  ұрпақ  -  біз  айрықша  айқын  ұғынып,  айрықша  терең
түсінеміз.
Сол  бір  халық  тағдыры  таразыға  тускен  тар  кезеңге,  елдің  есінде
«Ақтабан  шұбырынды,  алкакөл  сұлама»  деген  атпен  қалған  касіретті
окиғаға түп-тура 270 жыл толып отыр.
1723 жылдын ерте көктемінде бейқам жаткан Қазақ еліне жонғарлар
бұрын-сонды болып көрмеген жойқын шапкыншнылық жасады. Ел еңсесін
езген  катал  кыстан  шығар-шыңпаста,  көтерем  мал  əлі  шыр  жимай  жаткан
кезде  Шу  мен  Талас  бойына  тұткиылдан  тан  берген  дқшпанға  карсылық
көрсетер  кауқар  болмай  қалды.  Бас-аяғы  екі-үш  айдың  ішінде  исі  қазақ
баласының  басына  қара  түнек  орнады,  қазақ  аспаный  касірет  Бұлты
торлады.  Желдің  өтіндегі,  жаудың  бетіндегі  өзге  өнірлер  тұрмак,  қасиетті
Қаратаудың  өзінен  ел  көшті.  Сол  кезде  дүниеге  келген  атақты  «Елім-ай»
əнінін  зарлы  үні  қазақтын  ұлан-ғайыр  кең  даласын  түгел  шарлан  кетті.
Бүкіл дала:
«Мына заман қай заман, бағы заман,
163

Баяғыдай болар ма тағы заман-
Қарындас пен кара орман қалғаннан соң,
Көздін жасын көл кылып ағызамын», -
деп  «елім-айлап»  күніреніп  жатты.  «Елім-ай»  елдікті  жоктады.
«Елім-ай» ерлікке бастады. Дана халық өз бойынан елдікті де тапты, ерлікті
де  тапты.  Еңсесі  түскен  елдің  есін  жиғызған,  жапа  шегіп  зар  жылаған
халықтын  көзінің  жасын  тыйғызған  кімдер  еді?  Азаматынан  айырылған
арғымаққа кайтадан ер салдырған, тұтастық туын колға қайтадан алдырған
кімдер еді?
Иə,  ағайын,  бəріңіз  білесіздер,  олар  да  жаңа  ғана  аттары  аталған
қасиетті бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би еді.
Үш  ұлы  бір  тарихтың  дəл  мұндай  тар  өткелінде  бірліктен  калған
жүрттың тірліктен де үміті үзілетінін ашық көрсетті. Қазақ батырларына үш
жүзге  сауын  айтқызып,  халықты  алкалы  жиынға  шакырған  да  сол  ұлы
бабаларымыз болатын.
1726  жылы  дөл  осындай  кезде,  көктемнің  жазға  ұласар  жайсаң
шағында,  Қаратаудың  күнгей  бетіндегі  оқшау  биік  Ордабасыда  үш  жүздің
игі  жақсысының,  биі  мен  бегінің,  батыры  мен  бағланының  басын  қосқан
ұлы жиын өтіпті.
Ауыздан-ауызға  тарап,  ұрпаққа  жеткен  еңгімеде  сол  жиында  сөзді
Төле би алып, сөзін Болат ханға арнапты дейді.
-  Уау,  Болат  тақсыр!  Тыным  тапқан  ел  көрмей,  шыгын  тапқан  ел
көріп қабыреам қайысып барады. Бұлаң кердей Бұлыцсыган еліңнің бугінгі
шерін  тыңдар  щілақ  бар  ма?  Шаңырағың  күйреп,  аңырауың  жиілеп  бара
жатқан  мынау  еліңнің  бірлігін  шыңдар  шырақбарма?  Тақсыр!  Бапгқан
күнге, туган айға бата ғып өткен халқың бауырын жаралап, жанын қаралап
алдыңа  тізіліп  келіп  отыр.  Тынышын  алган  ойраттан  намысьш  қайтарар
шақты  кутеді.  Зар  тілегіміз  -  бірлік.  Соган  қулай  уйысаң,  бейіл  болсаң,
жақыным, барым, бауырым деп қулшынган ықыласыңды тугел бер. Ортага
улкен  сыбага  трсіп  тур.  Бөліп  алып,  таласып,  жрлмалап  əкетпе.  Жумыла
кірісіп, кеңесіп шешіп, шын иесіне қус қылып цондыр. Ыргасып кіріспейік,
жалшсып  келісейік.  Ол  -  бас  сардарды  ташйындау.  Үш  жуздің  қолын
басқарар бір білекті бетке устау, қауьім боп қауқылдасып, іріленіп шоқтьіқ
көтеру. Келелі тобыңа кеңесімді салдым, кірісіңдер де келісіңдер, ашйын! -
деп бір тоқтапты дейді Төле бабамыз.
Осы Ордабасыда үш жүздің баласы бəтуага келіп, ата жауға аттануға
анттасқаны, Қаз дауысты Қазыбектің үсынысымен қазақ колына бас сардар
етіп Əбілқайырды сайлағаны бүгінде баршаға белгілі тарихи шындық. Бас
164

біріктіріц, күш қосқан соң-ақ халқымыздың жалы күдірейіп шыга келдІ.
Дəл сол жылы үш жүздін қолы жаз бойы қаруланып, соғыс өнерін үштап,
күзге салым Сарысу бойындағы Бұланты өзенінің жагасында жонғар
колын қирата жеңгені де тарихтан мөлім. Сол жеңіс елдің еңсесін көтерді,
өз күшіне сенімін арттырып, бірлікке ундей түсті. Қазақ сарбаздарының
кұрамында коңсы жаткан өзбек, кырғыз жұртының жаужүрек жігіттері де
қолдарына найза ұстап, ортак жауға тойтарыс беруге үлес қосты.
Халқымыздың  жоңғар  шапқынціылығына  қарсы  күрестегі  ең  ірі
жеңісі  -  Балкаш  бойындағы  Аңырақай  айқасы.  Ойраттардың  аныраған
даусын  күллі  қазақ  түгел  естігендей  болған  соң  шайқастан  кейін  үрыс
даласы  Аңыракдй  аталыгг  кеткені  де  белгілі.  Бұл  жеңіс  те  ұлы
бабаларымыздың  бастамасының,  халықтың  бірлігінің  жемісі  еді.  Амал
қанша, қазақ ол жеңістің кызығын ұзак көре алмады.
Бұл кезде Орталық Азиядағы саяси жағдай бүрынғыдан да қиындай
түскен еді. Патшалык Ресей бір жағынан, Цин империясы екінші жағынан
қазақ даласына кос өкпеден катер төндіріп тұрған болатын.
Үш  үлы  бабамыздың  даналығы,  даралығы,  міне,  осындай  қысталаң
шақта  ерекше  білінді.  Олар  елдін  ертеңін  дəл  болжап,  ұрпакты  сақтап
қалудың,  туып-өскен  жерді  сактап  қалудың  жолында  аскан  кемеңгерлік
көрсетті.
Міне, осы сияқты бір мақсат жолында бірге күрескен үш ұлы бидің
өмірінен бүгін де біз алатын тағылым толып жатыр.
Күрметті  қауым!  Ғасырлар  бойы  халқымыз  бойына  жинақгап  келе
жатқан  рухани  бірлігіміздің  тарихында  кейде  акаулықтар  да  болып,
өкіндіріп  жүретіні  рас.  Соның  бір  дерті  -  Ресей  империясының  түсында
казақ  даласын  отарлау  барысында  жүргізілген  сүлтан,  болыс  сайлаулары
кезінде  ағайын  арасына  өдейі  араздық  дарытып,  бір-біріне  қарсы
қоюшылык  саясаты,  сол  арқылы  бүкіл  елдің  ішіне  іріткі  салу  өрекеттері.
Бұл  зымиян  саясатты  Кеңес  Одағының  түсында  да  орталық  баскару
жүйелері  асқан  жымысқылықпен  пайдаланды.  Осы  дерттен  арылу-
арылмауымыз  бүғінгі  таңда  бүкіл  үлт  тағдырын  шешеді.  Мұны  өрдайым
есте үстауға тиістіміз.
Біз мына дүниенің ең қуатты қорғаушы күші - мүдде екенін, негізгі
тарихи кадамдарымыздың сол мүдде ортактастыгы кағидасына сай жасалу
керектігін де ерте ұғып, ерте жүзеге асыра алдык. Бұл акикат кагиданы да
санамызға ерте еінірген осы дана билеріміз еді.
Жер  жакындығы  тағдырың  мен  тарихыңды  жақын-  дастырмай
ңоймайды.  Тағдыр  жакындығы  мүдде  жакындығын  туғызады.  Мүдде
165

жақындығы жок жерде жер жакындығы мен шекараластықтың да бакастык
пен  дүрдараздық  өрбіткеннен  баска  бітірері  шамалы.  Адам  мен  адамды,
халык  пен  халыңты,  мемлекет  пен  мемлекетті  жалғастырар  ен  берік
дəнекер - мудде жакындығы. Бүгінде Орталык Азияда коян-қолтык жаткан
бауырлас елдердің бөрінін мүддесі біреу. Ғасырлап күтіп, өзер қолы жеткен
азаттықтан  айырылып  калмау.  Ол  үшін  ішкі  татулықты  да,  сырткы
татулыңты  да  көздін  қарашығындай  сакгай  білу.  Бауырлас,  тағдырлас
өзбек,  қырғыз,  төжік,  түрікмен  ағайындармен  өуелден  де  тату-төттіміз.
Оның бір дөлелі - Өзбекстан басшылығының шақыруы бойынша, мен осы
жиын  алдында  басына  барып,  тəу  етіп  қайтқан  Төле  би  бабамыздың
туысқан  елдің  астанасы  -  Ташкентте  жерленгені,  бейітінің  қадірленіп
күтілетіні.  Осы  риясыз  достық  сезімі  үшін  де  біз  өзбек  бауырларымызға,
осы  елдің  тұңғыш  Президенті  Ислам  Каримовке  шын  ризашылығымызды
білдіреміз.  Мүдде  жақындығы  біздерді  баяғыда  іргедəн  кол  салған
басқыншы дұшпандарға карсы бірге күресуге шакырды, мүдде жақындығы
кеше ортақ тағдырымызды фашизмнен бірге қоргатты. Ежелден ағайын-дос
қырғыз еліне, оның Президенті Асқар Ақаевқа игілік пен баянды болашақ
тілейміз.  Тарихта  біздін  елдеріміздің  арасына  от  жағып,  сырттан
кактығыстыру  əрекетін  жасағандар  аз  болған  жоқ.  Дегенмен,  бірге  болған
кезде  кандай  жаудан  да  басым  түсіп  жаттық.  Дөл  қазіргі  кезенде  де  біздік
халық-  тарымыздың  бірлігі  егемендігімізді,  тəуелсіздігімізді  сактап  қалу
үшін өте кажет деп санаймын.
Бүгінде  Қазақстан  айдай  əлем  алдында  экономикалық  куаты  үлкен,
болашағы  зор  республика  ретінде  ғана  емес,  коғамдык-саяси  ахуалы
тұрақты,  келешегі  сенімді  мемлекет  ретінде  де  абыройы  асып  тұрса,  ол  да
ең  алдымен  сол  тағдьгр  ортактастығын,  мүдде  ортактастығын  қастерлей
білуіміздін аркасында мүмкін болып отыр.
Сондыктан,  да  біз  жақында  өткен  республикалык  кеңесте  таяу
жылдардағы ең басты міндетіміз - ынтымактастың идеолоғиясын түпкілікті
орныктыру  деп  белгіледік.  Қазақстан  -  осы  ұлан-байтақ  өңірді  мекендеп
жатқан барша ұлт пен ұлыстың ортак Отаны деген қарапайым да кастерлі
қағиданы  бүгінгі  адамдардың  да,  келер  ұрпақтың  да  санасынан  бір  сөтке
шығармауымыз керек.
Осындай татулықтың үлгісін барша жұртқа ең алдымен бұл жердхң
ежелгі  иесі,  біз  -  қазақ  халқы  көрсетіп,  бүкіл  Ңазакстан  халкының  тату
тұруының ұйытқысы болатынымызға сенемін.
Тəуелсіздік туын қолда берік ұстау - өрбір қазақтың, Қазақстанды өз
Отаным  деп  санайтын  əр  адамнын  ен  бас-  ты  борышы,  ең  биік  мақсаты,
166

Кұкыктык мемлекетке, де- мократиялың коғамға төн зандылык қағидасын
катан  сақтай  ал-  сақ  кана,  ол  борышты  адал  актап,  ол  максатқа  капысыз
жете аламыз.
Конституцияны  білу,  заңдылыкты  сактау  -  күкыктық  мемлекет
кұрудын  бірінші  шарты.  Өз  Тəукенің  тұсындағы  казақ  кауымының
дəуірлеуі  ең  алдымен  осы  занға  жүгінуге  байланысты  болғанын
ұмытпағанымыз  жөн.  Занды  жетік  білмейінше,  оны  сыйламайынша,  берік
ұстанбайыяша,  біз  өмірдің  қай  саласында  да  қиыншылықтан  арыла
алмаймыз.
Біздің  болашағымыз  -  жастар.  Біз  жастарды  жаңа  өмірге  бейімдей
білуіміз  керек.  Келмеске  кеткен  кешегі  күнді  көксен,  «бұрын  жаксы  еді,
арзаншылык  еді»,  «бұл  нарың  қазаққа  кол  емес,  бұл  бізді  кедейлеткеннен
баска  ештене  бермейді»  дегендей  арзан  сөзді  жөнді-жөнсіз  айта  беретін
кейбір  ағаларымыз  өз  балаларының  обалына  өздері  калуы  мүмкін.
Қазақтың  ұл-  кыздары  өмірдің  қай  саласында  да  кабілетті  екендігін  көріп
жүрміз,
қазірдің
өзінде
жастар
маркетингтің,
менеджменттін,
коммерцияның,  компьютерлі  техниканың  қыр-сырын  жақсы  меңгеріп
ңалды.  Жастарымызды  заңды  игеру,  кұкықты,  өркениетті  мемлекет  кұру
жауалкершілігін арттыру бағытында бейімдеу ага ұрпактың борышы болса,
жас  ұрпагымыз  XXI  ғасырдың  ауыр  жүгі  өздерінің  иыгына  түсетінін
сезінгені  абзал.  Қьірандар  түлегін  кияға  баулитыны  аян.  Біз  де  жеткіншек
ұрпагьшызды  босбелбеу  тірлікке  емес,  баскапармен  бірдей  бағын  сынап,
есесін жібермейтіндей нартөуекел мен іскерлікке тəрбиелегеніміз лазьш.
Қазақ  тарихында  тұңгыш  рет  тұракты  əскер  кұрдың.  Елімізді,
жерімізді,  бостандығымызды  сактау  үшін  бұл  бізге  қажет  болды.  Кезінде
қазақ даласының əр түкпірінен осы Ордабасыга жиналып, елім, жерім деп
еңіреген, бастарын ажалға байлап, кан төккен ата-бабаларымыздың аруагы
разы  болсын  десек,  біз  елімізді  корғауды  азаматтык  та,  перзенттік  те
борышымыз  деп  санауымыз  керек.  Төуелсіздігімізді,  егемен-  дігімізді
алдымен  өзіміз  коргамасак,  кім  корғайды?!  Біздің  туган  жер  ұғымының
аясын өбден тарылтып жібергеніміздің салдарынан талай адам өз облысын,
өз  ауданын  гаиа  туган  жерім  деп  танитын  таяз  түсініктен  əлі  арыла  алмай
жүр.  Оку  бітірген  жастардын  кайткенде  де  ауылына  оралуға  тырысып,
мамандыгы  бойынша  жұмыс  табылмаса  да  ата-анасынын  жанынан  шык-
пайтын психологиясын кұнтай беру киын.
Табигаты сұлу, топырагы кұнарлы небір шұрайлы өлке, өңірлеріміз
отаншыл  жастарымыздық  перзенттік  жүрегі  мен  қуатты  білегін  күтін
жатыр,  агайын.  Бір  шаңырақтын  түлектері  Қазақстан  дөулетін  асырар  сан
167

салада  еңбек  етсе,  бір  атаның  отаулары  кен-байтақ  даламыздың  кай
тарабынан  да  табылып  жатса,  жаман  ба?!  Ендігі  жерде  біз  бөріміз  бір
атаның - қазақ халқының - ұлымыз. Ендігі жерде бəріміздің де туған жеріміз
біреу,  ол  -  жалпак  Қазақ  даласы.  Оның  қай  атырабының  да  тілегін  бірге
тілеп,  таукыметін  бірге  көтеруге,  өзімізді  өзіміз  көкіректен  кері  итермеуге,
сен  анаусын,  мен  мынаумын  деп  алаламауға  үйренуге  тиіспіз.  Осыдан  үш
ғасырдай  бұрын  бас  қосқан,  қазақ  даласын  корғау  жолында  шəйіт  болған
бабаларымыздың негізгі аманаты осы.
Қазақстандықтар  бұрынғы  құқықсыз  өмірден  біржола  бас  тартты,
өзінің  өлеуметке  бағдарланған  нарыңтық  экономикасы  жəне  жаңа
қоғамдық  қарым-қатынастары  бар  күшті  егемен  мемлекетін  құруға  кірісті.
Қоғамымыздың ең кастерлі қазынасы адам болып табылады, оның құқығы
мен  бостандығына  кепілдік  беріледі  деп  заң  жүзінде  жарияладық,
республикадағы  барша  халықтың  тең  қүқылығы  қамтамасыз  етіледі  деп
кеділдік бердік.
Мен бұл арадағы сөзімде республикадағы əлеуметтік- экономикалық
жағдай,  өтпелі  кезеңнің  күрделі  маселелері,  оларды  шешудің  жолдарын
табу  бағытындағы  ізденістеріміз,  іркілістеріміз  туралы  баяндаудан
тартынғалы  тұрмын.  Олар  жөнінде  айтып  та,  жазып  та  жүрміз.  Өздерініз
теледидардан  көріп,  газеттерден  оқып  жатырсыздар.  Сөз  орайы  келгенде,
қымбатты  ағайындар,  осындай  қиын  шақта  Президенттің,  укіметтің
саясатына қолдау көрсетіп, ұстамдылык, сабырлылык таныта білгендеріңіз
үшін,  біздің  бүгінгі  таңдағы  басты  байлығымыз  тыныштық,  үлтаралық
жарасым  екенін  терен  түсінгендеріңіз  үшін  шын  жүректен  разылық
білдіруді  парыз  санаймын.  Осы  өрекеттің  барлығы  ең  алдымен  казақ
халқының  болашак  үлы  мүддесіые  бағытталғанын  түсінгендеріңіз  үшін
тағы да разылығымды білдіремін.
Республика  үкіметі  жақында  дағдарыстан  шығу  жолындағы  нгұғыл
шаралардың бағдарламасьш белгіледі. Шетелдердің іскер топтарымен ірі-ірі
келісім-шарттар жасалып, инвестициялар келе бастады, өнім кəлемін сақтап
қана  қоймай,  бұрынғыдан  да  өсіруге  қол  жеткізіп  отырған  кəсіпорындар
катары  көбейіп  келеді.  Ең  бастысы  -  халықтың  нарыққа  көзқарасы  аздап
болса  да  өзгере  бастады.  Көзін  тауып  еңбек  ете  білсе,  ерінбесе,
бойкүйездіктен,  масылдық  психологиядан  арылса,  адамша  лайыкты  өмір
сүруге, тіпті дəулетті тұруға да мүмкіндік ашылғанын қазірдің өзінде талай
жұрт  түсініп  калды.  Ал  алаңсыз,  өнімді  еңбек  етудің  негізгі  кепілі  -
қоғамдық-саяси ахуалдын тұрақтылығы. Мұны мен республика Президенті
ретінде ең басты мақсат деп санаймын.
168

Осы  мақсат  жолында  жаңа  накты  қадамдарды  да  ойластырып
жатырмыз.  Казақстан  халыңтарының  ассамблеясын  құру  идеясы  көптен
айтылып  жүр.  Бұл  ұсыныс  республика  халықтарының  форумында  да
қолдау  тапкан  болатын.  Үкіметтен  тыс  тұратын,  қоғамдық  ұйым  ретінде
ойластырылтан  мұндай  ассамблея  біздей  көп  ұлтты  мемлекеттің  бітім-
болмысына сөйкес келер еді.
Ардақты ағайын!
Үш  ұлы  бабамыз  сонау  бір  қилы  кезеңде  осы  Ордабасының  биігіне
шығып,  терістіктегі  Арыс  пен  Бөгенге,  күншығыстағы  Қазығұртқа,  Арқа
жақтан  мұнартқан  Қаратауға  қарап  тұрьш,  ел  бірлігі,  халық  ынтымаіы
туралы  кезек-кезек  ой  толгаган  екен.  Осы  Ордабасы  биігінде  киіз
туырлықты  қазақ  атаулы  ауыз-  бірлікшіл  болуға  серттескен  екен,
Өбілқайырдай  бас  сардарын  сайлап,  ата  жауға  аттандырып  салған  екен.
Кейін  айбынды  Абылай  хан,  Бөгенбай,  Қабанбай,  Жөнібек,  Наурызбай,
Райымбек,  Есет,  Бөкенбайлардай  талай-талай  мыкты  білек,  түкті  жүрек
батырлар  сонда  айтылған  армандарға  түгел  жетіп,  қазақ  даласының  төрт
тарабын да басқыншы жаудан түгел арылтып алғанын білеміз.
Енді  сол  бабалар  алып  берген  кең-байтак  өлкемізді  түгел
қүлпыртьш,  түгел  көркейту  -  бугінгі  біздер  мен  ертеңгі  жет-  кіншектердің
үлесіне тиіп тұр. Азаттықка жетер жолдың каншалыкты ұзақ, каншалықты
таукыметті екенін көрдік. Ал, азаттыкты баянды ете білудің де оңай шаруа
емес  екенін  түсіне  бастадык.  Осы  арада  тағы  да  ұлы  бабалар  даналыгын
еске  аламыз:  «Елдің  бағын  айтпаса,  ер  мұратқа  жетер  ме?!  Ерінің  сағып
сындырса,  ел  мұратқа  жетер  ме?!  Ел  тірегі  -  ері,  ер  тірегі  -  елі  бола  білген
қауымның  басынан  бағы  кетер  ме?!  Есті  еріңді  ез  тртсаң  -  өзіңді  өзің
қорларсың, есеріңді ер тұтсаң іргеңізден жау кетпей, төріңізден дау кетпей,
сойцаннан сойцан жолыгът, сорларсың да зарларсың. Ез мұраты - көрешек,
ер  мұраты  -  келешек.  Көрешегін  күйттеген  қоймас  сурінбей,  келешегін
күйттеген - түбі сүйінбей. Жетелі ер адаспас - багзыдан қалған із бар юй», -
деген екен Əйтеке би Күлтөбедегі бір жиында.
Кешегі келеңсіз күндерде бабадан қалған сөзден жаңылып, бағзыдан
қалған  ізден  адасып  қала  жаздаппыз.  Талай-талай  алкалы  кеңес  өткен
атақты Күлтөбе баяғыда жыртылып кетіпті. Сайрам түбіндеіі Мөртөбе күні
кеше  күртылып  кетіігті.  Касиетті  орьганан  калтаны  -  Үлытау  мен  осы
Ордабасы  бауырында  бабалардан  түс-  кен  із  өлі  сайрап  жатыр.  Басында
бабалар  дауысы  алі  санқылдал  естіліп  түр.  Енді  сөзден  жаңылып,  ізден
адасар еш ретіміз жок.
Бүгінгі
жиын
-
сол
жанылмағандығымыздын,
адаспаған-
169

дығымыздың куөсі.
Бізді  де  бұл  киелі  терге  арманды  тілек,  елім  деген  перзенттік  жүрек
алып  келіп  отыр.  Біздің  де  ойлағанымыз  -  бірлік.  Біздін  де  аңсарымыз  -
еліміздің  көсегесінің  көгергені,  дөулетті  де  сəулетті  өмір  сүргені.  Төле  би,
Қазыбек би, Өйтеке би зама-  нындағы басты мақсат - бар қазақтың  бірлігі
болса,  бүгінгі  басты  максат  та  дəл  сол.  Жалғыз-ак  айырмасы  -  қасиетті
бабаларымыз  басын  косып  берген  қазақ  халқы  енді  бүкіл  Қазақстан
халқынын  бірлігіне  ұйытқы  болуға  тиіс.  Осы  мақсат  жолында  рес-
публикадағы  барлық  ұлт  өкілдерінің  бір  кісінің  баласындай,  бір  қолдың
саласындай  күш  біріктіргені  лазым.  Болашағымыз  баянды  болсын,
балаларымыз  бен  немерелеріміз  де  ата-  бабаларындай  тату  тұрсын  десек,
осындай  алмағайып  уакытта,  жоқшылық  жүйке  жұкартып  тұрған  жіңішке
шақта баршамыз саналылык пен нарасаттылық көрсетіп, байсалдылық пен
ұстамдылык
танытуға
тиіспіз.
Мен
мемлекет
басшысы
ретінде
Казақстанның  көп  ұлтты  халқы  осынау  сөтте  тарихи  жауап-  кершілік
керсете біледі деп көміл сенемін.
Береке басы - бірлік.
Бірлігіміз берік болса, болашағымыз баянды болары даусыз.
Лайым, ынтымағымыздан айырмасын!
Толык  тəуелсіздікке  жетудін  ұлы  жолында  бізді  хал-  кымыздын  үш
данасы,  үш  көсемі,  касиетті  бабаларымыз  -  Төле  бидін,  Қазыбек  бидің,
Əйтеке бидің аруағы колдап жүрсін!


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет