Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет15/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Он бірінші тарау
АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ
Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мəжілісте, 1995
жылгы тамыздңц 9-да жасаған баяндамасы
182

Ардақты отандастар!
Қадірлі меймандар!
Бүгін  -  ұлы  мереке.  Халқымыз  ең  аяулы  перзенті  мен  ең  дана
ұстазына  мəңгі  өшпес  махаббатын  білдіруге  жиылып  отыр.  Оның  дүниеге
келгеніне  өр  он  жыл  толған  сайын  осылай  бас  қосып,  өткеніміз  бен
кеткенімізді, жеткеніміз бен жешегенімізді бір сарапка салып алу əлдеқашан
əдетімізге айналған. Соның əрқайсысында Абайдың аты жаңаша аскактап,
халкымыздың  мəртебе-мерейі  жаңа  биікке  көтерілумен  келеді.  Бір  кезде
абзал  акынымыздың  асыл  мұрасының  таптык  идеология  табанында
тапталып  қалмай,  жаңа  ұрпактармен  бірге  жасайтын  мəңгілік  кұбылысқа
айналғанына  куандық.  Сосын  оның  қадір-касиетінің  өз  аумағымызбен
шектеліп  кана  коймай,  іргелес  халықтар  мен  елдерге  де  кеңінен  танымал
бола  бастағанына  масаттанып,  маркайдық.  Ал  бұл  жолғы  сүйінішіміздің
жөні  тіпті  бөлек.  Ол  үшін  бір-бірімізді  қуана  кұттыктап,  бір-бірімізден
шүйліге сүйінші сұрасақ та, ешкандай ерсілігі болмас еді.
Абайдың ежелден-ак өкенің баласы болмай, адамның баласы болуды
армандағаны  белгілі.  Бұл  жолғы  тойдың  төріне  сол  көксеген  мұратына
жетіп,  барша  əлемге  аты  кадірлі,  сөзі  өтімді,  пікірі  қымбат  адамзат  ардағы,
адамзат  ақыны,  адамзат  ақылманы  болып  көтеріліп  отыр.  Бұл  жолғы
салтанаттың Алматы мен Семейден, Қарауыл мен Жидебайдан басталмай,
Батыс  пен  Шығыстың  іргелі  елдерінен,  Еуропа  мен  Азияның  ең  беделді
мемлекеттерінен, Мəскеу мен Ыстамбұл, Париж бен Пекин сынды əлемдік
астаналардан  басталғаны  да  соның  айғағы.  Бұл  -  бүкіл  планетамыздын
мəдени-рухани тынысын жүйелеп отырған аса беделді халыкаралык ұйым -
ЮНЕСКО-ның  біздің  жеке  өтінішімізді  ыстық  ықыласпен  кабылдап,
мұндай  шаруаның  қалыптаскан  жылтізбелік  үрдісін  алғаш  рет  бұзып,  оны
дүниежүзілік  денгейде  өткізуді  өзінін  биік  кұзырына  алуға  шешім
қабылдағанының аркасы.
Біз  бұны  енді  ғана  тəуелсіздік  алып,  адамзат  кауымдастығының  тең
құкыкты  мүшесі  ретінде  енді  ғана  санатка  кіре  бастаған  ежелгі  халкымыз
бен  жас  мемлекетімізге  керсетіліп  отырған  үлкен  ықылас,  биік  саяси-
рухани  қолдау  деп  бағалаймыз.  Күллі  қазақстандықтардың  атынан
ЮНЕСКО  ұйымына,  соның  Бас  директоры,  бүгін  ортамызда  отырған  аса
сыйлы  мейманымыз,  көрнекті  коғам  қайраткері,  əлемге  мəшһүр  акын,  аса
кадірменді
Федерико
Майор
мырзаға
шын
жүректен
шексіз
ризашылығымызды  білдіруді  айрықша  парыз  санаймын.  Сондай-  ақ,  Абай
мерекесін  атап  өткен,  атап  өтпек,  мұрасын  насихаттауға  белсене  үлес
косып  жаткан,  бүгінгі  салтанатқа  өздерінің  беделді  өкілдерін  жіберіп
183

отырған  барлық  мемлекеттер  мен  халыкаралык  үйымдарға  шын  жүректен
алғыс  айтамыз.  Бұл  демократия  мен  гуманизм  мұраттарының  əлемдік
кеністікте  түбегейлі  жеңістерге  жетуінін  нəтижесінде  калыптаса  бастаған
жаңа  рухани  ахуалдың  айкын  айғағы  деп  білеміз.  Ағайын  бір  өліде,  бір
тіріде  деген  осы.  Қуанышы  мен  кайғысы  ортақ  рухани  бауырмалдыктың
əлемдік  деңгейде  орныға  бастауы  біздін  ертеңге  деген  сенімімізді  нығайта
түсері  хақ.  «Елдестірмек  елшіден,  жауластырмақ  жаушыдан»  дейді  қазақ.
Ақ пейіліміз бен адал ниетіміздің асыл көрінісіндей Абайымыздын əлемдік
татулың  пен  ынтымакка  өз  үлесін  косатын  рухани  мəмілегерлігіне
кіріскеніне  ерекше  тəнті  болып  отырғанымызды  да  жасыра  алмаймыз.  Ері
елінің  атын  шығарады,  елі  ерінің  атын  шығарады  деген  де  осы.  Біз
бүгінгідей  тарихи  кезеңде,  адамзаттық  кауымдастыққа  енді  танылып,
сенімді  ыкпалдас,  сертке  берік  серіктес  ретінде  алғаш  рет  бой  көрсете
бастаған кезімізде беделімізді асырып, рухани бедерімізді айқындай түсетін
Абайдай беліміз барлығына шүкірлік етеміз.
Сондай беліміздің атын аспандата ұлықтай алатын еліміз барына да
шүкірлік етеміз. Құдайдың бізді бұндай күнге жеткізгеніне де тəуба дейміз.
Сондай  кезеңде  өмір  сүріп,  сондай  ел  мен  сондай  коғамға  жан-тəнімізбен
қызмет ету мандайымызға жазылғанына да мың қайтара тəуба дейміз. Оны
сезіну  біздің  үмітімізді  нығайтып,  жігерімізге  жігер  қоса  түсетіні  анық.
өйткені,  Абайды  Абай  қылған  қилы  тарихтың  қырық  қатпар  шындығы
қазіргі  біз  бастан  кешіп  жатқан  заманалық  құбылыстармен  тікелей
жалғасып  жатыр.  Оның  тағдыры  мен  рухани  ізденістерінің  қиыры  мен
шиырын,  тұңғиығы  мен  тұтқиылын  жіті  пайымдап,  дұрыс  қорытынды
шығара  білсек,  басымыздағы  дəуренмен  талай  сабақтастықты  танып,
бүгінгі ахуалымызды да салиқаландыра түсетін талай мəн мен нəр таба алар
едік.  Абайдың  сол  заманда  осылай  толғанып,  осылай  жазбауы  қандай
мүмкін  болмаса,  біздін  бұл  заманда  осылай  қиналып,  осылай  əрекет
етпеуіміз сондай мүмкін еместігін түсінер едік.
Ерекше  жағдайдын  ерекше  ізденістер  мен  ерекше  əрекеттерге
бастайтыны  белгілі.  Ерен  талант  пен  ерен  жігер  де  сондайда  керек.
Əрдайым алға ұмтылып, биікке ұмсынған адамзат нəсілі.
Ешқашан  талас  таппаған  жəне  таппайтын  рухани  күресіне
адастырмас нысана, алжастырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем
тұлғаларды əрдайым сусай аңсаған, əрдайым төбесіне көтере құрметтеген.
Өйткені,  ақыл  табылмай  түрып,  ештеңе  табылмайды.  Ол  жетілмей
түрып,  ар-намыс  шыңдалмайды.  Ар-намыссыз  азамат  өзгелердің  көсегесі
түгілі,  өзінің  көсегесін  көгерте  алмайды.  Онсыз  үлттық  сана  мен  ұлттық
184

намыс  та  тұл.  Онсыз  коғам  дамудың  данғыл  жолына  түсе  алмай,
үйреншікті  үрдістің  солғын  соқпағынан  шьпа  алмай,  заманалар
шырғаланьанда  басы  айнальш,  дағдарыс  хал  кешеді.  Ондай  дағдарыстан
шығар  жолды  тарих  пен  табиғаттың  айрықша  пейілі  түскен  перзенттері
ғана сілтеп бере алады.
Абай  да  дəл  сондай  балагат  заманда  галамат  төуекелге  бара  алған
ерекше  парасат  пен  ерекше  рух  иесі.  Соның  арқасында  ол  бүтін  күллі
адамзаттың  абыройы  аласармас  рухани  сар-  дарларының  біріне  айналып
отыр.  Оны  туғызған  дəуірді  кеңінен  қарастырмайынша,  одан  қалған
мүранын тереңіне бойлай алмаймыз.
Ол  қазақ  тарихының  айрықша  ауыр  кезеңі  еді.  Жер  шарының
неғұрлым  көп  бөлігін  иемденуге  тырысқан  империя  Орталык  Азияны
көктей  өтіп,  шығыс  пен  күнгейге  тереңдей  енуді  көздеген-ді.  Сондай
стратегиялық  максаттың  дəл  етінде  тұрған  ел  Қазақстан  болды.  Баскадан
айырылса да, одан айырылмау еаясаты алғаш рет сол кезде бой көрсетті. Ел
бплеудің  тарихи  калыптаскан  ұлттық  жүйесі  біржола  мансұқталды.
Метрополияның өзіндегі төртіп күштеп енгізіле бастз,ты. Өуелі қазақтың əр
ұлысьшан  бірнеше  шағьш  хандықтар  құрылып,  этно-аумақтыд  тұтастьвд
бұзылды. Сосын əр хандыктың халқы мен жері ата-атаға, ру-руға балінетін
жіі’імен  ауыл-ауылға,  болые-болысқа  бөлінді.  Сөйтіп,  сойылған  тоқтыдай
ұшаланыл-  мүід.еленген  хандықтар  дербестіктен  айырылып,  көрші
губерниялардын  құрамына  күштеп  кіргізіліп,  кірме  күн  кешті.  Одан
хандыктар  дуаидарға  белініп,  бекзаттардың  орнына  патша  үкіметі
тағайындаған  «сенімді  қазақгарға»  баскартылды.  Солай  дəстүрлі  ішкі
жымдастың  өбден  жойылған  кезде,  ел,  ауыл,  болыс,  уезд,  облыстарға
бөлінетін  түзіліммен  кайта  кұрылды.  Ең  төменгі  ауыл  мен  болысты
жергілікті  атқамінерлер,  уезд  бен  облысты  патшаның  өскери  шонжарлары
биледі.  Осылай  қазақтар  өз  жерінде  өзі  кірме  болып  калды.  Үлттық  түгілі,
рулык-  тайпалык  тұтастықтан  ажырап,  ауызбірліктен  атымен  жұрдай
болды.  Солай  қожыраған  халык  пен  коныс  жоғарының  нұсқауымен  алты
облыска  бөлініп,  көршілес  Сібір,  Орынбор,  Астрахан,  Түркістан
губерниясына,  ал  Манғыстау  өуелі  Кавказ  сырты,  артынан  Каспий  маңы
облыстарына  бағындырылды.  Сөйтіп,  ңазактар  бет-бетіне  таратылып,  бір
халык,  бір  ұлт,  бір  ел  екенін  атымен  ұмытатындай  күйге  жеткізілді.  Жер
бетінде  отаршылдык  көрмеген  халык  кемде-кем  болғанымен,  бір  ғасырда
осыншама  көп  реформаға  ілініп,  тоз-тоз  болатындай  телкекке  ұшыраған
халық ешкайда да жоқ шығар.
Бұнын  бəрі  отарлық  кеңістіктің  тұрғындары  тарихи  қалыптасқан
185

мемлекеттіліғін  қайтадан  қалпына  келтіре  алмайтындай  қып,  оларды  жер
мен  судын  байырғы  иелік  құқынан  біржолата  ажыратуды  көздеп,  алдын-
ала ойлас- тырылған зұлым саясат еді. Қазір бізге өршелене өшігіп жүрғен
алтың  моншақты  саяси  қырғилар  мен  əншейін  айтакка  ерген  əулекілердің
жаңа  бағдарламалары  қай  кездегі  «саяси  макулатура»  екендігін  осыдан-ақ
айыра  беруге  болады.  Ондайлар  көршілерінің  жерін  тоз-тоз  қып  бвліп
өкетіп,  өзін  салпактатып  малға  салып,  атақонысынан  табылып  жатқан
байлықтан  соқыр  тиын  да  татырмай,  талтаңдап  қалған  дөуренді  өлі  де
көксейді. Сондай кейбір көкімелердің өзі ұлы мəдениет жасаган ұлы елдің
атын  малданьш,  өзгелерге  өнеге  көрсеттім  деп,  өз  абыройын  өзі  түсіріп
жататынын  қайтерсің!  Ондай  ұрдажыктар  ол  кезде  де  аз  емес  еді.  Ел  мен
жерді ойрандагандарын былай қойып, сананы да уландыра бастады. Тілін,
дінін, тұрмыс-салтын менсінбеуге, ата көсібі мен тарихын ұмытуға, өзінен-
өзі  корланып,  өзгенін  зорлыгына  бауыр  басуга  ынталандыратын  өзөзіл
саясат  ерекше  мүттөйімдікпен  жүзеге  асырыла  бастады.  Бүратаналану  деп
аталатын  жексұрын  құбылыс  солай  өрбіді.  Қармаққа  ілінген,  жемге
жугірген шабақтай шошаңдаған бұратана сана, өзін-өзі отқа түсіретін көзсіз
көбелек  дөурен  орнатты.  Тұтастық  пен  ынтымақ  ұмытылды.  Санап  алып
оқытып, санап алып қызметке іліктіру бір жағынан орыстандыруды, екінші
жагьшан  бакдстық  пен  ішкі  араздықты  кушейтуді  көздеді.  Басқаны  былай
қойғанда,  ағартушылықтың  өзіне  арамза  сипат  берілді.  Бір  гасыр  бойына
жантөсілім  жау  жағаласпен  келген  ереуілшіл  халыққа  енді  өлгіндей
қамкорсыған  айла-шарғынын  қакпаны  құрылды.  Кітаптан  гөрі  зеңбіректі,
мектептен гөрі өскери бекіністерді көбейтіп жаткан өкіметтен сескенгендер
аяк жетпес шөлдерге шегінді. Сескенбегендер саяси итаршылыңка жүгініп,
есіктегі  жалщылыққа  пейіл  болды.  ІЦұрайлы  жерлер,  шырайлы  кəсіп  пен
қызмет  орталықтан  өдейі  көшіріліп  өкелінгендерге  ғана  бұйырды.  Шет
аймактардың  дамуына  бөліяетін  қаржы  түп-  тұтасымен  сырттан
қоныстанушыларга  жұмсалды.  Ал  бұ-  ратаналарды  да  окуға  тартпак
болғандар, патша сарайы ұлықтарының біреуінің дала губернаторына ашык
жазғанындай, «шектев шыккан адам сүйгіштік» деп келеке етілді. Егер осы
ғасыр  басында  қазақтардан  да  санаулы  окығандар  шығьш,  орысша  сауат
ашкандар бір процентке жетсе, оған мансапкор дала дөулеттілері  мен оку-
білім аңсаған түздіктердің өз қаражаты жұмсалды.
Жан  иесі  жарыққа  талпынбай  тұра  алмайды.  Өз-өзінен  жойылып
кетуге  пейіл  еш  мақұлық  жоқ.  Халықта  солай.  Қанша  зорлык  көрсе  де,
зомбылық  көрсе  де  үмітін  үзбейді.  Өзіндей  жұрттардың  қолы  жетіп
жатқанға  өз  колын  да  жеткізбек  болып  тырысады.  Тап  сондай  дөме  бұдан
186

сегіз  ғасыр  бұрын  біздің  бір  жерлесімізді  ғылым  іздетіп,  Күнгей  Азияға
сабылтқан  еді.  Өгкен  ғасырда  да  тап  сондай  талап  тұлпарларын  ерттеп
мінгендер  шыға  бастады.  Бір  кездегі  Əл-Фарабидің  жанқиярлық  талабын
Араб  халифатьшың  əкелік  камқорлығы  деп  қалай  айта  алмасақ,  өткен
ғасыр  сонындағы  дала  азаматтарының  білім  жолындағы  нар-  төуекелін  де
патшалық самодержавиенің өкелік камқорлығьша жаткыза алмаймыз. Шет
аймақтағылардың  да  сауатын  ашып,  білімге  тартудың  жүйелі  саясаты
болды.  Бірак,  ол  біздің  даламызға  осы  ғасырдың  екінші  он  жылдығынан
баетап  ене  бастады.  Демек,  оған  дейінгі  оқу,  білімге  ұмтылу  -  ұлттық
болмысымыздын  етене  зөруліктерінен  туындаған  рухани  жанкиярлың.  Бір
экономикалык-қоғамдың  үрдістің  дөурені  əбден  таусыльш,  екінші
экономикалық-қогамдық  үрдістің  əбден  орныға  бастаганын  байқаган
ұлттык  сананың  тарихи  дамуды  өзінше  пайымдаган  етене  көрегендігі.
Ондай құбылысты айдалаға апарып телу əбестік болар еді. Үлттық рухани
өміршендігіміздін  тереніне  бойлай  пайымдаудан  əдейі  жалтару  болар  еді.
Ондай  көзкараспен  қарасак,  Абай  сынды  алып  тұлғалардың  кемеңгерлік
болмысына атымен маңайлай алмас едік.
Абайдың  адам  көрмеген  жанқиярлығы  мен  ерен  құбылыс
саналардай  ерекшелігі  -  отаршыл  кемсітушілік  бар  жерде  болмай
коймайтын  тайсалудың  орнына  тайталасты,  жиренудін  орнына  үйренуді,
жарамсаңтықтың  орнына  жарастыңты,  мансап  қуған  бакқұмарлықтың
орнына  білім  куған  бəсекені  сіңістіріп,  ұлтымыздын  рухани  қайсарлығын
атымен жаңа қасиеттерімен байкатканд ығы.
Өйткені,  халқына  жаны  шындап  ашитын  қайраткер  орға  жығатын
емес, өрге бастайтын жол сілтейді.
Абай  да  ақыл  айтпас  бұрын  қилы  заманның  бар  китұрқысын  өз
басынан  өткеріп  көрді.  Оның  сол  кездегі  еуропалық  саяхатшылардың
аузынан «Дала Цицероны» деген атақ алған шонжар əкесі ескі мен жаңаға
бірдей  жорға  болды.  Ел  жақсылары  мен  патша  өкімшілігіне  сөзін  бірдей
өткізе  білді.  Сондай  аса  акылды,  көреген  əке  баулыған  ұгымтал  жас
медреседе  мұсылманша,  мектепте  орысша  қатар  окып  жүрген  жерінен
ауылға  қайтарылып,  билікке  араласады.  Ру  мен  ру,  ескі  үрдіс  пен  жаңа
үрдіс,  рулық-тайпалык  психология  мен  само-  державиелік  отаршылдык
бетпе-бет  шарпысқан  тартыс  пен  таластың  ортасында  жүріп,  есесі  кетіп
жатқан  елінің  жогын  жоқтауга  күш  салды.  Бірақ  еңбегі  зая  кетті.
Қандастары  қызғанышпен,  отаршыл  ұлықтар  сенімсіздікпен  карады.  Қапа
болған  жігерлі  азамат  билікті  тастап,  акындықтың  соңына  біржола  түсті.
Қалған  жиырма  жыл  ғұмырын  тек  қана  оқып  білуге,  тек  кдна
187

шығармашылыкка  жүмсады.  Ол  еңбегі,  енді,  міне,  адамзат  ақыл-ойының
аскаралы тұлғасына айналдырып отыр. Ақын Абай қазақтын суырыпсалма
поэзиясын  шын  мөніндегі  реалистік  жазба  поэзияға  айналдырды.  Бұрын-
сонды  көтерілмеген  такырыптарды  көтерді,  бұрын-соңды  үрдіске  енбеген
жанрларды  үрдіске  енгізді.  Сырт  сипаттау,  сырт  дөріптеуді  қойып,
адамның  ішкі  жанына  үңзлетін,  болмыстың  тұңгиың  қалтарыстарын
ашатын  аса  мəнді  философиялык-  əлеуметтік  лирика  туғызды.  Шығыс
поэзиясына  тəн  нəзіктік,  əуезділік,  ойнақылың  Батыс  əдебиетіне  тəн  жіті
зерттеуші зердемен байыды.
Егер  Абай  болмаса,  осы  ғасырдың  басында-ақ  азаматтық
кемелділікке,  суреткерлік  салиқалылыңка,  стильдік  əр  алуандыққа,
заманмен  бірге  аттап,  замандаспен  мұңдас  бола  алатындай  əлеуметтік
пайымға  ие  болған  жазба  əдебиет  мектебі:  шын  мəніндегі  Абай  мектебі
калыптаспас  еді.  Мағжан  Жұмабаев,  Бернияз  Күлеев,  Шəнгерей  Бөкеев,
Шəкəрім  Кұдайбердиев  лирикасында,  Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет
Байтұрсынов,  Ғұмар  Қарашев,  Халел  Досмұхамедов,  Мұхамеджан
Сералиндердің саяси-ғылыми көсемсөздерінде, Сұлтанмахмұт Торайғыров,
Спандияр
Көбеев,
Міржақып
Дулатов,
Жүсіпбек
Аймауытов
шығармаларында бар бітімімен көрінген. Бұл мектеп Абай жүйелеген жана
ұлттық  эстетикалық  əлемнің  каншалықты  сындарлы  екендігін  айкын
танытты.
Туп бастауы осы кəусар бұлақтан басталған көп салалы, көп жанрлы
көркем əдебиетіміз XX ғасыр зобаландары тұсында өз халкына зор рухана
медет  болды.  Тек  өз  жұртын  ғана  емес,  бұрынғы  кеңестік  кеңістікте,  тіпті
əлемдік  деңгейде  талғампаз  кауымнын  сусынын  кандыра  алатын  рухани
нөр  тауып  бере  алады.  Біз  бұның  бəрі  үшін  де  бір  жарым  ғасыр  бұрын
эстетикалык  ойдын  тын  жазирасына  батыл  аттаған  Абайдын  кайсар
талантына карыздармыз.
Абай Құнанбайұлының əлемдік санадан өз орньш алатындай елеулі
кұбылыс  болуы  тек  оның  əдеби  ізденістерімен  шектелмейді.  Əдебиет  -
Абайдың  күллі  дүниелік  болмыска,  адами,  ұлттық,  кісілік,  тарихи,
заманалық  болмыстарға  бойлайтын  кəусар  дариясы,  ежелгі  дүниеден
мəңгілікке дейін көл-көсір көсіліп жатқан рухани əлемге, рухани ғарышқа,
универсиум деп аталатын ғалами дуниенін ғажайып қиырларына шегер бір
жағынан  азапты,  бхр  жағынан  лөззатты  сапарының  бастау  какпасы,  өрі
теренге  бойлап,  кемелге  ұмтылар  талпыныстарының  алтын  баспалдағы
болды.  Абайдың  ойшылдық  қарымы  мен  зерттеушілік  тегеурінін  де  өз
заманының  шым-шытырык  қайшылыңқа  толы  шындығы  белгілеп  берді.
188

Сол шытырманнан шығар жол іздеп жүріп, ол ез халқының ұлттык бітімін
жан-  жаңты  лайымдады.  Оның  басындағы  тақсіретті  егжей-тегжейлі
талдады.  Сөйтіп,  кеселіне  дауа,  келешегіне  багыт  қарастырды.  Халқына
камқор,  ұлтына  жанашыр  болам  деп  жүріп  күллі  адамзатқа  мейірбан
гуманистік  өреге  көтерілді.  Кісі  мен  кісінің  де,  хялык  пен  халыктың  да
арасында  бола  беретін  кшсілжщдердщ  бəрінен  жоғары  тұра  білді.
Ұлықтарды  ұнатпағанымен,  көрші  орыс  халкына,  басқа  да  халыктарға  зор
ілтипатнен  карады.  Патшалык  билікті  мансұқтағанымен,  ұлы  орыс
мəдениетінен
тəлім
алды.
Аз
халықты
да,
көп
халыкты
да
бауырластыратын  рухани  ыкпалдастык  деп  түсінді.  Адамға  адам
баласының  бəрія  дос  санады.  Оны  батыска,  шығыска,  алысңа,  жақынға
бөлмей,  біртұтас  кұбылые  ретінде  қарастырды.  Дала  омірін  түзету  үшін
толассыз жетіліп, толассыз шыңдалып жатқан адамзаттык кауымдастықтың
тыныс-тірлігіне үнілу қажет болды. Сөйтіп, ол өз дəуіріндегі өз жұртынын
əлеуметтік  болмысымен  шек-  телмей,  оны  қалай  сауықтыру  мен
сауаттандырудын  амалын  іздеді,  Өз  пайымын  ортага  салды.  Ол  қазақ
зиялыларының  осы  ғасыр  басындағы  өлеуметтік  прогреске  талпынысына
айта  қаларлықтай  ыкпал  етті.  Онымен  коймай,  қазақтың  жиырмасыншы
ғасырдағы  қоғамдық  санасына  тікелей  əсерін  тигізе  алды.  Абайдын
өлеуметтік  ойшылдығына  тереңірек  үщлетін  тұс  -  казіргі  кезең.
Қоғамымызда түбегейлі өзгерістер болып жатқан бүгінгі күндер.
Осы  тұрғыдан  келсек,  дала  философы  халкына  жаны  ашу  деген
онымен  косыла  жылау  емес,  оған  езін-өзі  шыңдаудын  сара  жолын
айқындал  беру  деп  түсінгені  ешқандай  күмəн  туғызбайтын  басы  ашық
мəселе.
Абайды  мұндай  нəр  тəуекелге  бел  буғызған,  оның  осыншалык
намысын  қайраған  қазақ  даласындағы  кемсітушілік  саясат  ден  оның
шашбауын  көтерген  өлеуметтік  көлгірлік  едІ.  Оларды  жагадан  алып,
жағаласа  кеткеннен  мөн  шықпайтынын  түсінді,  Кенесары  көтерілісі
аяқталар кезде дүниеге келген сəби бесіктен белі шықпай жатып, дербес ел
болудан  біржола  күдер  үзіп,  бөтеннің  көсеуін  көсеп,  дөреже  іздегендердін
кыркылжың  кыркысын  көріп  өсті.  Тəуелділік  мызғымастай  боп  орнығыл,
болары  болып  койғаннан  кейін  анғал  халықты  боска  арандату
парасаттылыққа  жатпайтынына  көзі  жетті.  Есе  кайтарудың  жолы  бар  ма?
Бар.
Абайға  айткызсаңыз:  «əуелі  мал  тап»  ,  -  дейді,  əйтпесе:  «карны  аш
кісінің  көңілінде  ақыл,  бойында  ар,  ғылымға  кұмарлық  қайдан  тұрсын?..
Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім, өнер керек екен...»
189

Өнер-білімді кайдан іздеген жөн?
Абайға айткызсаныз: «Орысша оку керек, хикмет те, мал да, өнер де,
ғылым да - бəрі орыста тұр... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенін кілті. Оны
білгенге дүние арзанырақ түседі».
Естір  күлақ  тосырқай  тындар  тосын  жауап.  Тым  пайда  куған,  бақ
куған  утилитарлық  көзқарас  емес  пе?  Мұндай  акылдың  патша  ұлықтары
таратып  жүрген  пікірден  несі  өзге?  Ұлық  жалба  тымақты  түз  адамын
кемсіте  беруді  көздейді.  Абай  тезірек  тең  етуге  асығады.  Оның  ұғымында
сол  астам  ортаның  «Зарарынан  қашық,  пайдасына  ортақ  болу  үшін  де
оқуын,  ғылымын  білмек  керек...  Сен  оныңмтілін  білсең,  көкірек
көзіңашылады.  əрбіреудің  тілін,  өнерін  білген  кісі  соныменен  бірдейлік
дағуасына  кіреді  де,  аса  арсыздана  жалынбайды».  Сонда  бұдан  шығатын
корытынды:  кемсінгеннен  мəдениетін  меңгеріп,  қомсынғаннан  білімінді
асырып қана есе кайтара аласың. Əйтпесе, аз бен көптің, күшті мен əлсіздің
арасында басқаша тендік болуы еш мүмкін емес екен.
Өншейін  қиқарлықтай  көрінетін  бұл  кағидасын  Абай  өз  өмірімен
дəлелдеп  шыға  алды.  Айдаладағы  киіз  туырлыкты  ауылда  жатып,  орыс
классикасын түгелге жуық оқып қана коймай, шетінен қазақшаға аударып,
ел арасына насихаттаумен шұғылданды. Ол аз болғандай, орыс тілі арқылы
Байрон,  Гете,  Шиллер,  Лесаж,  Дюма,  Мицкевичтерді  зерделеп,  қазақша
сөйлетуге  тырысты.  Тіпті,  көне  грек,  ежелгі  Рим  дəуірлеріне  тереңдеп,
Аристотель  мен  Сократтан  бастап,  Спиноза  мен  Спенсерге  дейінгі  аса
көрнекті ойшылдарды шұкшия зерттеді. Дарвинді актарып жаратылыстану
жетістіктерімен  танысса,  Нью-Йорк  университетінің  профессоры  Джон
Уильям  Дрепердін  енбектеріне  ден  койыд,  Еуропаның  акыл-ой  дамуының
тарихыша,  католицизм  мен  ғылымның  арасындағы  карым-қатынас
тарихына  канықты.  «Менің  қағбам  енді  батысқа  ауысты»,  -  деуі  де
сондықтан еді.
Сезімтал  ақын,  сергек  ойшыл  ғұлама  дала  тіршілігін  өзге  дүние
тіршілігімен  салыстыра  зерттеп  барып  түсінгісі  келді.  Бала  кезінен  таныс
араб,  парсы  тіліндегі  кітаптарды  қайта  ақтарып,  Шығыс  поэзиясына,
тарихына,  философиясына  соны  көзқараспен  қарап,  жаңаша  баға  берді.
Əсіресе  Табари,  Рабғузи,  Рашид-өд-дин,  Вабыр,  Абылғазы  еңбектеріне
ерекше  зейін  қойды.  Шығыстық  логика  мен  мүсылман  құқығын  үңіле
зерделеді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мөдени-рухани
өмірінен мейлінше хабардар отырды.
Абай  зердесі  тек  сыртқы  дүниеге  ғана  назар  аударып  қоймай,
ұлттық  болмысты  пайымдайтын  төл  мұраларға  да  көңіл  бөлді.  Қоркыт,
190

Асан  Қайғы,  Аталық,  Сыпыра  жыраулар,  Қодантайшы,  Қазтуған,
Доспамбет,  Шалкиіз,  Марғасқа,  Жиембет  акындар  жырларындағы  уайым
мен жігер, Бұқар, Төле, Қазыбек, Əйтеке өсиеттеріндегі өміршілдік -  Абай
дүниетанымынъщ ең терең жəне етене қабаттары еді.
Оған  тұрандық  ғұламалар  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Əл-Фараби,  Жүсіп
Баласағұн,  Махмұд  Қашқари,  Мұхамед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали
Жалайыр,  Мұхаммед  ибн  Қайс,  Хусан  Аддин  Бар-  шынлегінің  енбектерін
коссаңыз  -  қазақ  акынының  көп  кабатты,  көп  атырапты  дүниетанымына
еріксіз қайран қалар едіңіз.
Екі алып құрлықты алтын кіседей айқара қүшақтатып жатқан ежелгі
сахарада  қалыптаскан  ғұламалык  ой-сананың  каншалықты  терең,
қаншалықты  кең  карымды,  белгілі  бір  мəдениет,  мектеп,  ағым  ауқымына
тұтқымдалмайтындай қаншалықты бостан əрі азат болатынына көзіңіз жете
түсер еді.
Абайдың  көзшоласы  қандай  ұлан-ғайыр  кең  болса,  танданған,
қызыққан,  жиренген,  құмарткан,  алған  əсерлері  сондай  ұлан-  асыр,
байқаған-түйғен парасат-пайымы соншама терең еді.
Бірақ  оның  мұншалык  күрделі  рухани  əлеміне  ерекше  бір
сындарлылық  бітіріп  тұрған  өсер  мен  ой,  сезім  мен  зерде,  əуен  мен  бейне
ара-жігін  ажыратпай,  айқұшақ  қауышып  жататын  шынайы  адамилық,
шынайы  азаматтық  кемелділік.  Неге  де  болса,  даму  тұрғысынан  қараған,
диалектикалык  серпін.  Тоқмейіл  тоғышарлыққа  бой  бергісі  келмейтін
шыншылдық пен уайым...
Азияның  шеткакпай  түкпірінде  туып-өскен  түз  акынына  мұндай
рухани  рационализм,  адамгершіл  максимализм  қайдан  бітіп  жүр?..  Оның
шығармаларына ол кезде Еуропаның өзі түгел мойындай коймаган, адамды
-  басты  тұлга,  адамгершілікті  -  басты  қасиет  санайтын  кайта  өрлеу
мұраттары,  шын  мəніндегі  кайта  құрушылық  көзқарастар  кайдан  дарып
жүр?
Окыған  кітаптан  ба,  заманнан  ба,  ортадан  ба,  күнде-күнде  көз
алдында көлендеп тұрған көңілсіз болмыстан ба?
Дұрысы - соңғысы. Қара басының өзі ел бағам деп алыс- жұлыстан
мезі  болган,  мыңмен  жалғыз  алысып,  əбден  кажыған  сананы,  əсіресе,
сарғайткан - дүние тугел өзгеріп жатса да, өзгермей койған дала тірлігі, кыр
тұрмысы  еді.  Далиған  даланың  қай  киырынан  да  көзге  ұрып  тұрған  -
мелшиген мешеулік еді. Соны əлі ұғып болмағаң аңгал жұрт еді.
Күні кеше өзінен өзгенің бəріне күлетін ауылдастарын тыңдай жүріп
«бізден басканың бəрі антұрған, ең тəуір халық біз екенбіз деп ойлап калған
191

аңғал  үғыммен  айналасына  көз  тастай  барласа,  кешегі  келеке  қылып
жүргендердің  бөрі  озып  кеткен...  Біреулердің  «екпеген  егіні  жок,
шығармаған жеміеі жоқ», саудагеріне дейін «жүрмеген жері жок, кылмаған
көсібі  жоқ».  Біреулері  «солдаттыкка  да  шыдайды,  казаға  да  шыдайды,
молда,  медресе  сактап,  дін  күтуге  де  шыдайды».  Біреулерінін  «бізкұлы,
күщқұрлы  дажоқпыз»,  «біріміз  жалшы,  бірімізкош  алушымыз»,  «бағанағы
мақтан, күлген, куанған кайда?»
Абайдың акыл-санасын түгел жаулап алган осы сауал, бұнын бəрін
«  елемеген  кісінің  не  дүниеде,  не  ахиретте  басы  бір  ауырмай  калмаса
керек».  Кереңнің  басы  ахиретте  ауыра  ма,  жоқ  па?  Ал  кемелдің  басы  бұл
дүниеде  жүрін-ак  əбден  дал  болары  сөзсіз.  Бірақ  ондай  «үнемі  уайым-
қайғымен жүре аламыз ба? Үнемі кайғыға жан шыдай ма?»
Батыс  пен  Шығыс  ғұламаларын  ақтара-актара  келіп,  тапкан  түйіні:
құдайдын  өзі  де  рас,  сөзі  де  рас;  ол  ешкімге  арам  бол,  қанішер  бол,  масыл
бол  деген  емес;  ендеше,  кұдайға  кұлақ  аспай,  құлық  түзелмейді;  құлық
түзелмей  түрып,  кұлқын  арам  ішкенін  қоймайды;  адалға  жүрмей,  адам
түзелмейді;  адам  түзелмей,  қоғам  түзелмейді;  халык  түзелу  үшін  өркім
жеке-жеке  өзін-өзі  түзеуі  керек.  Ол  үшін  «куанбаска  куанып,  ұялмаска
ұялатынын»  коюы  керек.  Одан  арылтатын  жалғыз  дауа:  еңбек.  Абайдын
ұғымында:  «Еңбек  танымды  арттырады.  Еңбек  естіген  нөрсені  бекіте
түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні керексізден сұрыптап,
ақылды  болады».  Сондықтан  да,  ол  еңбекті  барша  игіліктің  негізі,  оған
деген  сүйіспеншілікті  адамдық  өмірдің  басты  мəні  мен  мақсаты  деп
санайды.  Ал  жалқаулыкты  барша  қырсыктың,  одан  туындайтын
жарамсактыкгы барша қиянаттың, мактаншақтықты түзелуден үмітін үзген
бейшаралыктын  түп  атасы  деп  түсіндіреді.  Халықты  «түзелмейтін
кайыршыға» айналдырмайтын амал: «Егін, сауда, кəсіп, ғылым» деп біледі.
Ол тек  ыждаһат пен ынта  бар жерде ғана жүзеге  асады. Абайдың:  «Күдай
саған  енбек  етуге  жеткілікті  күш  берді.  Бірақ  сен  еңбек  етпейсің.  Құдай
саған ғылым берді. Бірақ сен оқымайсың. Құдай саған сана берді, сен оны
жоғалттың.  Сен  ерінбей  еңбек  етсең,  шыдамдылықпен  іздеп,  пайдалы
жұмыс жасасаң - бай болар едің», - деп жазғыратыны да сондыктан.
Ол  тек  еңбек  етудің  аркасында  ғана  адам  моральдық  жағынан
кемелденіп,  от  басына,  жас  ұрпак  тəрбиесіые,  аталың,  аналык,  достық,
жолдастык,  туыскандык  парызға  деген  көзқарасты  өзгерте  алады  деп
санайды. Əйтпесе, атадан калған малға масаттанған масыл, ел үстінен күн
көрген  жымысқы  өзгедегіге  көз  сүзген  өлермен  бакастык  пен  ұрлықты,
жалкаулык пен жарамсақтықты, катіғездік пен найсаптыкты өршітпесе, үй
192

құлқын да, түз кұлкын да түзей алмайды.
Абай  барша  ұғымның  шын  мəнін  ашын  беретін  бірден  бір  өлшем  -
енбекке  көзкарас  деп  санайды.  «Алтыншы  сөзінен»  мына  бір  үзіндіні
келтірейікші:  «Қазақ  айтады:  «Бірлік  болмай  тірлік  болмайды»,  -  деп.
Сондағы айтып отырғаны қай бірлік?.. Қазақ ойлайды... ат ортақ, ас ортак,
киім  ортақ,  дəулет  ортак  болса  екен  дейді.  Олай  болғанда  байлықтан  не
пайда, кедейліктен не залал? Ағайын кұрымай мал іздеп не керек? Осы ма
бірлік? Жоқ, бірлік - акылға бірлік, малға бірлік емес... Бірлік малға сатылса,
ант  ұрғандық...  Ағайын  алмай  бірлік  қылсын...  сонда  өркім  несібесін
кудайдан тілейді, не шаруа іздейді... Əйтпесе, əуелі біріне бірі пале іздейді...
Мұның қай жерінен бірлік шыкты?
«Ырыс  алды  -  тірлік»  дейміз,  Қай  тірлік?..  Жаны  кеудеден
шыкпағандык па? Ондай тірлік итте де бар... Ол айтылған тірлік бұл емес.
Көкірек,  көзіңіз  тірі  болса,  соны  айтады.  Өзін  тірі  болсан  да,  көкірегін  өлі
болса,  акыл  табуға  сөз  ұға  алмайсың.  Адал  еңбекпен  ерінбей  жүріп  мал
табуға жігер кыла алмайсың».
Айтудай-ак айткан емес пе? Жалпы, біз қазір колға алып жатқан көп
бастаманың  дəйектемесін  басқа  жақтан  іздеудің  кажеті  жоқ.  Бəрін  де
Абайдан табасың.
Бүгінгі  халыкаралық  жағдайларға  байланысты  ұстанып  отырған
мемлекеттік ішкі-сырткы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға болады.
«Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» деген жолдардан халықтар достығы
акын  үшін  қатар  өмір  сүрудің  жалан  дипломатиясы  ғана  емес,  тіршіліктің
негізгі  мағынасын  айқындайтын  ұлы  мұрат  екені  көрінеді.  Акын
көзкарасын  қазіргі  тілге  салсақ,  өзге  елдермен  достык  карым-катынаста,
ынтымактастықта  болу  саясаты  -  біздің  ел  болып  катарға  қосылуымыздың
алғы  шарттарынын  бірі.  Өзге  өскен  ел  не  істесе  соны  істе,  ғылымын,
мəдениетін меңгер дейді Абай. Ол үшін езгелермен мəдени, экономикалық,
саяси араластық керек, оның аты, бугінгіше айтсақ, интеграция.
Ал  «Бірінді,  қазақ,  бірін  дос,  көрмесең  істің  бəрі  бос»  деген  сөздері
шын  мəнінде  ұлт  болып  үюымыздың  негізгі  шарты.  Өз  халкымыздың
мүддесі  үшін  күресте  достык,  татулық,  бірлік  керек  пе?  Керек.  Ендеше,
Абай сөзін тереңірек үғынып, онымен өзгелерді ұялтуға емес, өзімізді өзіміз
ұялтуға тырысайық.
Өзгеше  тарихи  жағдайда  өмір  сүрген  қазақ  халқына  бұдан  əрі
бүрынғыша  тіршілік  етуге  болмайтынын,  заман  талабына  сай  еңбек  етіп,
көсіпті,  сауданы  меңгеру  керектігін  де  бірінші  айткан  Абай.  Яғни,  қазақ
кауымына  əлеуметтік  реформаны  да,  экономикалык  реформаны  да  бірінші
193

ұсынған - Абай.
Жерінен,  суынан,  тəуелсіздігінен,  билігінен  айырылған  қазақты
кұткарудың  жалғыз  амалы  -  оның  рухани  əлемін,  елдік,  адами  ізгі
қасиеттерін  сактап  калу  екенін,  сонда  ғана  оның  ұлттык  сипатын  аман
алып қалуға болатынын акын жаксы түсінді. Сол үшін жан аямай күресті.
Абайды мұкият оқыған адам оның көзкарастары күні бүгінгі нарық
экономикасымен  де  тікелей  үндес  екенін  айкын  аңгарар  еді.  Абай  əлемі
бізді  жеті  түнде  адастырмас  Темірқазық  іспетті.  Соған  қарап  тірлігіміздің
дүрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп
сауалдың  жауабын  Абай  əлдеқашан  айтып  кеткен.  Абайды  оқып  отырьш-
ак, көштің басын баягыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда,
біреудід уакыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы
жок.
Əйтпесе,
көп
дүние
əуелі
сол
өркімнін
өзін-өзі
түзей
алмағандығынан өрге баспай жатыр емес пе?!
Өз  халқын  «жұрт  болсын,  өссін,  өнсін»  дейтін  өрбір  азамат  əуелі
Абайды  окысын,  Абайға  құлақ  ассын.  «Егерде  есті  кісілердің  катарында
болғың  келсе,  күнінде  бір  мəртебе,  болмаса  жұмасында  бір,  ең  болмаса
айында  бір,  өзіннен  өзің  есел  ал!  Сол  алдыңғы  есеп  алғаннан  бергі  өмірді
калай  өткіздің  екен,  не  білімғе,  не  ахиретке,  не  дүниеге  жарамды,  күнінде
өзің  өкінбестей  кылықпен  еткізіппісің?  Жоқ,  болмаса,  не  кылып
еткізгеніңді  өзің  де  білмей  қалыппысың?  »,  -  деген  ақын  сөзін  еске
алайықшы.
Егер өркім баяғыны қойып, өзгеріске ұшыраған он жыл, тəуелсіздік
алғаннан  бергі  төрт  жыл  ішіндегі  тіршілігін  оймен  шолып  көрсе,  қанша
мүмкіндікті  капы  жібергенін,  қаншама  нəрседен  ғапыл  қалғанын  айқын
аңғарар еді. Əуелде ағайынға, кейін өкіметке кол жайып калған, өз қамын
өзі жемей, өзгеден жөрдем күтетін əлеуметтік енжарлық көп азаматымызды
əліге  дейін  шұғыл  өзгеріп  жатқан  уакыт  талабына  икемделгізбей  келеді.
Соның  салдарынан,  бейкамдық  пен  бейкарекеттіктін  кырсығынан  сыртта
өндіріс пен шаруа, үйде тұрмыс күйзелуде. Біреуден нұсқау  күтіп, өркімге
кол  жайып,  айтпасан  білмеу,  акырмасан  түсінбеу  кесірінен  амалдьзд
орнына айла, істің орнына сөз, ұсыныстың орнына қолка, дəлелдің орнына
сылтау, ақыл- кенестің орнына өкпе-бопса бел алып барады.
Тарихтың берген мүмкіндігі мен табиғаттың бергея байлыгы, əлі де
болса,  орнын  таппай,  босқа  зая  болып  жатқаны  жанға  катты  батады.  Ол
үшін сыртқа өкпелейтін ештеңе жок. Тəуелсіздігімізді уактылы мойындады.
Қолкабыс-көмектерін
ұсынды.
Экономикамызды,
əлеуметтік-мəдени
194

дамуымызды  көтеру  жолында  бірлесе  əрекеттенуге  əзір  екендіктерін
білдірді.  Жан-жағымызбен  тату-тəтті  карым-катынастамыз.  Алыспен  де,
жакынмен  де  алысып-берісіп  жатырмыз.  Нағыз  іскер  ахуал  орнатуға  не
керектін  бəрі  бар.  Жетлейтіні;  Абай  айткан  ынта  мен  ыждаһат,  білуге
ыждаһат,  үйренуге  ыждаһат,  еңбектенуге  ыждаһат  күшеюдін  орнына
өлсіреп  бара  жатқаңцай.  Оның  орнына  Абай  айткан  қырсыздык  пен
киянкылың,  «өтірік  пен  өсекті  жүндей  сабаған»  дəукестік  пен  дангойлык,
«өз  елін  өзі  андыган»  ұрлык  пен  «жүз  қарага  екі  жүз  аларман  бар»
көрсекызарлык,  «козғау  салып  коздығыш»  жікшілдік  пен  «сөз  қыдыртқан,
жүрт  кұтыртқан  партияшылдық»  азаяр  емес.  Экономикалық  белсенділікті,
Абайша  айтсақ,  «өз  жерімен,  өз  елімен  ойрандасып,  ойсыздарға  койнын
ашып,  мал  шашумен»,  «халықка  кайыры  бар  іс  бітірмей»,  «кардың  суы
сықылды  тез  суалар,  еңбек  қылмай  табылар  мал-дөулет»  куумен,  саяси
белсенділікті  дау  жок  жерден  дау  іздеумен,  жау  жок  жерден  жау  іздеумен,
əлеуметтік белсенділікті ұрынарға кара таппай жүретін ұрдажыктыкпен, өр
нəрсеге  бір  тұмсык  тыгатын  тіміскілікпен  шатыстырып  алу  етек  алып
барады.  Бұган  ренжімегенде,  неге  ренжисіз?  Өзімізге  өзіміз  өкпелеуге
мөжбүрміз.  Соның  бəрі  «Шала  мейір  шала  байқайды»  демекші,
тəуелсіздігіміз бен бостандыгымыздың қадірін шала ұғып, шала бағалаудан
шыгып  жатқан  кеселдер.  Осы  тұста  ұлы  ақынның;  «бəйгеге  ат  қоссаң,
атыңды  тартыспайтын  ағайын,  атың  келсе,  бəйгесіне  өкпелейтіні  қалай?..
Тыныштык іздел, таба алмай жүрген жұрт тыныштык көрсе, еөтке тұрмай,
тыныштықтан  жалыга  калатұғыны  қалай?..  Кеселді  кісі  ер  келетұгыны
несі?  Кедей  кісінің  кер  келетүғыны  несі?..  Қазақтын  шын  сөзге  нанбай,
күлак  та  қоймай,  тыңдауға  колы  да  тимей,  пəлелі  сөзге,  өтірікке  серттей
ұйып,  бар  шаруасы  судай  акса  да,  соны  өбден  естіп  ұкпай  кетпейтұғыны
калай?»  деген  сөздері  ойга  келеді.  Осы  бір  жан  айкайының  бүгінгі  біздің
коғамга да қатысы бар екенін естен шыгармасақ болғаны.
Өздерініз  жақсы  білесіздер,  бас  қоскан  ұлы  жиындардың  бəрінде  де
мен  халкымыздың  бірлігі  мен  татулығы  туралы  айтпай  қалған  емеспін.
Өйткені, елімсақтан белғілі, ел болудың амалы - ішкі бірлік.
Тарихтын  барлық  кезеңінде  даудан  да,  жаудан  да  казақ  ұтылса,  тек
бірлік  пен  татулықтың  аздығынан  ұтылды.  Абайдың  да  өзегін  өртеген
қайғы осы болатын. Егер елде бірлік болса,
Абай:
«Бас басына би болған өңкей қиқым
Мінеки, бұзған жоқ па елдін сиқын?
... Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жок,
195

Сапырылды байлығың, бақкан жылкың.
Баста ми, қолда малға талас кылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шыркын», -
деп өкінер ме еді?
Бірақ  Абай  тағы  да  былай  дейді:  «...Бүрынғы  ата-бабаларымыздың
бұл  замандағылардан  артық  екі  мінезі  бар  екен.  Ол  екі  мінез  қайсы  десең,
əуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-конды
болса,  дау-жанжалды  болса,  билік  соларда  болады  екен.  «Екі  тізгін,  бір
шылбырды  бердік  саған,  берген  соң,  қайтып  бұзылмак  түгіл,  жетпегеніеді
жетілтемін»,  -  деп  жамандығын  жасырып,  жақсылығын  асырамын  деп
тырысады екен. Оны зор тұтып, əулие тұтып, онан соң жақсылары да көп
азбайды  екен.  Бөрі  де  өз  бауыры,  бəрі  өз  малы  болған  соң,  шыныменен
жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?!
Екіншісі  -  намысқор  келеді  екен.  Ат  аталып,  аруақ  шақырылған
жерде ағайынға өкпе, араздықка қарамайды екен, жанын салысады екен: ...
«Ағайынның  азары  болса  да,  безері  болмайды»,  -  деп,  «Алтау  ала  болса,
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» - десіп.
Кəнеки, осы екі мінез қайда?» (Абайдың «Қара сөздері», 39-сөз).
Ел болудың кағидасындай болған, пəтуа мен бірліктің көзі - осы екі
мінез  дəл  бүгін  ұлт  тағдыры  шешілер  тұста  біз  үшін  бұрынғыдан  да
керегірек секілді.
Рас,  мен  казір  Абайша  ашынып,  бұл  екі  мінез  бізде  мүлде  жоқ  деп
айта алмаймын.
Өйткені, отандастарым маған екі мəрте мəрттік жасап, екі тізгін, бір
шылбырды  сеніп  тапсырып  отыр.  Олар  үдесінен  шықты.  Мен  де  уəдемде
тұрам:  бəрі  де  бауырым  болғасын,  мен  де  қарап  қалмаймын,  камдарын
жеймін.  Олардан  белек  уайымым  да  жоқ  олардан  бөлек  кайғым  да  жоқ.
Нені  де  болса,  елмен  бірге  көремін,  елмен  бірге  төземін,  елмен  бірге
жеңемін.
Бұл  орайда  басын  ашып  айтатын  бір  мəселе:  біз  əкономикадағы
реформадан  кандай  бас  тартпайтын  болсақ,  демократиядан  да  сондай  бас
тартпаймыз. Өйткені, демократиялық бостандык жок жерде экономикалық
бостандық  та  болмайды  жəне  керісінше,  біз  сол  бостандыкка  колбайлау
болатын  тұстарды  ғана  түзетеміз.  Əйтпесе,  уакытша  киындықтарды
пайдалана  қойып,  жеке  үстемдік  кұратын  жер  тəңірі  болайын  деп  жатқан
ешкім  де  жоқ.  Ондай  байбалам,  шынында  да,  Абай  айткандай,  кейістікті
күндестікпен,  тыныш  отыра  алмаган-  дықпен  шатыстырып  алып
жаткандардың  аузынан  шығуы  мүмкін.  Біздің  далада,  арғы-бергіде
196

кьірсыздыкка көп төзгенмен, қиянатқа көп төзе қоймағанын жаксы білемін.
Өзім  үшін  емес,  елім  ушін  толғанамын:  бір  басыма  керекті  кай  кұнде  де
табармын.  Халқыма  керекті  калай  табам,  қайдан  табам  деп,  кам  жеп  жүру
тек қана  менің емес, əр  азаматтың ісі мен жадында  болуы қажет,  Онымды
алыстагы,  жақындағы  саясатшылардың  кейбіреулері  түсінбегенмен,
халқымыз жаксы түсінгеніне ризамын.
Қысқасы,  Абай  армандары  -  тек  бір  ғана  ұлт  ұстанатын  мұраттар
емес, күллі адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында оның орайын
келтіруге  мүмкіндік  енді  туып  отыр.  Мына  сіздер  мен  біздерге  үлес  боп
тиіп  отыр.  Өйткені,  біз  осы  далада  өмір  сүрген  үрпактардың  ішінде
өлгіндей  мүмкіндікке  кол  жеткізіп  отырған  ең  алғашқы  жəне  бірден-бір
үрпакпыз.  Сондыктан  үлы  ойшыл-демократ.  ұлы  рухани  реформатор
Абайға  ең  жақын,  ең  етене  ұрпақ  та  тек  біз.  Мұндай  жақындық,  мұндай
етенелік  бізге  тарих  алдында  үлкен  жауапкершілік  жүктейді.  Асыл  ұстаз
өсиет  еткен  абзал  мұраттардың  тек  қиял  боп  калмай,  нақты  шындыкка,
нақты  əлеуметтік  болмысқа  айналар-  айналмасы,  мына  біздерге
байланысты.
Оның шығармаларындагы шынайы гуманизм, адам мүддесіне деген
айрықша  ынта,  айрықша  қамқорлық,  өмірдің  көзіне  жалтармай  қарайтын
шыншылдық,  енжарлықты,  шалағайлыкты,  қиянатты,  сұғанақтыкты
жегідей  жек  көретін  рухани  максимализм  біздің  бүгінгі  жүзеге  асырмақ
бастамаларымыздың да басты сипатына, басты мазмұнына айналуға тиісті.
Абайдың  айтуынша,  адамның  бақытты  болуы  үшін,  оның  ынтасы
мен  сол  ынтаның  мақсатына  жетуіне  былайғы  жұрттың  ықыласы  керек.
«Достықты достық шақырады», - дейтіні де тегіннен тегін емес. Сондықтан
да,  ол  ұлттық  бүтіндік,  ішкі  татулық,  уыздай  ұйыған  ынтымакты  көп
аңсады.  Ал  халық  дегеніне  жету  үшін  оған  да  өзін  қоршаған  ортамен  дөл
сондай  ынтымақ  пен  ықпалдастық  керек.  Бұл  -  біздің  бүгінгі  таңда
тағдырымызды шешетін ең басты тарихи факторлардың бірі.
Біз  де  бүгін  ұлтішілік  татуластыққа  да,  ұлтаралық  татуластыққа  да,
əлемдегі  барлық  ел,  барлық  халықтармен  ынтымаққа  да,  мəдениеттер
арасындағы  сабактастыққа  да  Абайша  қарап,  Абайша  қастерлеуге  ерекше
мəн береміз.
Қорыта келсек, бүгінгі танда бəріміз ұлықтап отырған ұлы ақылгөй
осыдан  бір  жарым  ғасыр  бұрын  өз  тұсындағы  өркениеттен  атымен
шетқақпай жатқан аймақта жүріп-ақ, тек бүгінгі өркениет қана қамтамасыз
ете  алар  адамдар  мен  халықтардың  бостандығы  мен  жарастығына
негізделген,  ізгілігі  мен  игілігі  бірдей  биік  дамыған  азат  қоғамның  қандай
197

болмағы керек екендігін де дəл пайымдай алыпты.
Ал  бүгін  сол  асыл  жүрек,  абзал  акыл  дұрыс  сипаттаған  кемелділік
қоғамын  ойдағыдай  жүзеге  асырып  шыға  алатын  моральдық  мүмкіндік
бізде бар. Ақын армандаған ғылым да, өнер де, кəсіп те, білім де баяғыдай
таңсық  емес.  Халқымыз  сауатты,  мамандарымыз  білікті.  Еліміз  тату.
Қоғамның үштен бірі - отызта толмаған жастар. Тек сауаткд сəйкес кабілет,
білімге  сəйкес  сана,  жастыкка  лайық  жалын,  жігер,  жасампаздың  болса,
Абайдың  колы  түгілі,  аузын  байлаған  ізгі  мақсаттарды  іске  асыруды
уақыттың өзі талап етіп отыр.
Абай  жылын  өткізген  жақсы.  Абай  жырын  жаттаган  дұрыс.  Ал
оның терең ойы мен өжет пікірі тек айта жүрер əңгіме болмай, күнбе-күнгі
тірлігімізге  бір  кірпіш  боп  қаланып  жататын  нақты  іске  айналса,  тіптен
кұба-қүп.
Ол  үйреткен  тағылым  мен  ол  көксеген  мұраттарды  шын  кастерлей
білгеніміздің,  өділет  пен  абзалдык  ұстазы  алдындагы  перзенттік
қарызымызды  терең  түсініп,  өтей  алғандығымыздың  бірден-бір  белгісі  де
осы болып табылады.
Бүгінгі  елімізде  жасалып  жатқан  ұлы  істердің  нəтижелі  болуына  ең
қажетті нəрсе - сенім. Елге деген сатқындық ен алдымен оның болашағына
сенбеуден  басталады.  Ал  ұлы  Абайдың,  уайымшыл  Абайдың  болашаққа
деген  сенімін  өсте  жоғалтпағанын  мына  бір  сөздерінен  көруге  болады:
«Жамандықты  кім  көрмейді?  Үмітін  үзбек  -  қайратсыздық.  Дүниеде  еш
нəрседен баян жоқ екені рас, жамандык та кайдан баяндап қалады дейсің?
Қары  калын  катты  қыстың  артынан  көгі  қалың,  көлі  мол  жақсы  жаз
келмеуші ме еді», - дейді ұлы акын.
Айтқанын келсін, жан баба!
Ел  басына  түскен  бүгінгі  киын-қыстау  кезеңнің  баянсыздығына,
халкымыздың  көңілін  шаттыққа  бөлейтін  келісімге,  жарастыққа  толы
рыздықты,  молшылықты  күндердің  сарғайтпай  ертең-ак  келетініне  менін
де сенімім мол.
Абайды  бізбен  мəңгілік  бір  қылатын  да  осындай  ұғым,  осындай
сенім.
Ендеше, Абай өнегесі əрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де
Абай армандаған биіктен көріне бергей!
Рахмет!
198
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет