Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет16/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Он екінші тарау
АДАЛДЫҚ ПЕН АДАМГЕРШІЛІКТІҢ,
ƏДІЛЕТТІЛІК ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ АЛЫП ЖЫРШЫСЫ
Жамбылдың 150 жылдығына арналған салтанатты
жиналыста, 1996 жылғы тамыздың 23-інде
сөйлеген сөзі
Ардакты отандастар!
Қадірменді меймандар!
Бүгін  біз  өз  дəуірінің  ұлы  жыршысы,  қазақ  халкының  біртуар
перзенті  Жамбыл  Жабаевтың  дуниеге  келгеніне  150  жыл  толу  мерекесіне
жиналып  отырмыз.  Жəкең  сынды  алыпты  терең  ұғыну  үшін  өткен  жылы
ғана 150 жылдығы тойланып өткен халкымыздың кемеңгер ойшылы Абай
дəуіріне тағы да көз салып, тіпті одан арғы замандарды да зерделеу кажет.
Өйткені,  Абай  жаңа  калып  пен  соны  пішіп,  жаңа  мазмұн  мен  ізденімпаз,
өршіл  рухы  арқылы  қазақ  жазба  əдебиетінің  негізін  каласа,  Жамбыл
Жабайұлы  сан  ғасырлык  ақпа-төкпе  суырыпсалма  ақындық  өнердің,
жыраулык дəстүрдің көшін ілгері апарып, осы заманға жеткізген жəне небір
тарихи ұлы өзгерістерді сол үрдістен алшак кетпей-ак жырлай білген заңғар
кұбылыс екені мəлім. Олай болса, Жамбыл туралы айтылар сөздің мəдени-
рухани  өміріміздін,  саяси-əлеуметтік  тарихымыздың  ең  бір  көкейтесті
арналарымен ұласып жатуы заңды.
Жамбыл  ғұмыр  кешкен  аттай  бір  ғасырлык  уақыт  қазақ  халкының
тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірі еді. Мыңдаған жылдарға созылған
көшпелі  өмір  салтының  ішкі  кұрылымы  дəл  осы  кезенде  ыдырай  бастады.
Ұлы  жыраудың  көз  алдында  ғасырлар  бойы  үетемдік  еткен  жүйелер
алмасты, екі бірдей дүниежүзідік сұрапыл соғыстар өтті, ел өмірінде саяси-
əлеуметтік  түбірлі  өзгерістер  болды.  Ал,  түбірлі  өзгерістерге  алып  келетін,
тұтас  жүйелер  алмасу  кезеңінде  ғұмыр  кешкен  ұрпактың  өмірі  кашан  да
күрделі.  Əсіресе,  Жамбыл  секілді  ұлы  тұлғалардың  тағдыры  айрықша
шиеленіске  толы  болған.  Соған  карамастан  Жамбыл  өзінің  болмыс-
тағдырымен,  дарын-тегеурінімен,  біртуар  табиғатымен  өз  заманының
айнымас  айнасы  бола  білді.  Ол  өзінің  өлмес  өнерімен  тұтас  дəуірдін
шыншыл  шежіресін  жасай  білді,  өміршең  ойларымен  сол  дəуірді  саралап
берді.  Сондыктан  да,  біз  оны  қазақ  халкынын  ұлы  тұлғаларының  бірегейі
ретінде ұлағат тұтамыз.
Тарихқа ден қойсақ, ел-халык тағдырындағы саяси- əлеуметтік ахуал
199

мен  мəдени-рухани  өмірдің  арасында  ұдайы  сəйкестік  бола  бермегенін
анғаруға  болады.  Құлдық  коғамда  байырғы  гректердің  классикалык
мəдениеті  қалыптасса,  Европада  əлденеше  ғасырлық  діни  мистика
шенгелінен  Ренессанс  жаңғыру  заманы  гүлдеп  өсті.  Наполеон  өктемдігін
бастан  кешкен  кезде  Германиянын  классикалык  философиясы  мен  өнері
шарықтаса, крепоетниктік Ресейде XIX ғасыр əдебиет пен өнердің «алтын
ғасырына» айналды. Мұны кезінде Гегель «тарихтың төлкегі» деп атаған.
Осынау  «тарихтың  тəлкегі»  XIX  ғасырда  да  қазақ  елін  айналып
еткен  жоқ.  Бірақ  бояуын  жоғалтпастан  өзінің  мəдени-  рухани  келбетін
сақтай білді. Қазақ даласы Шоқан, Ыбырай, Абай, Махамбет, Мұрат, Дулат,
Шортанбай,  Сүйінбай,  Жамбыл,  Біржан,  Ақан,  Мұхит,  Құрманғазы,
Төттімбет, Қазанғап, Ыкылас сияқты біртуар перзенттерін тудырды. Бұлар
қазақ  халқынын  тарихи  тағдырында  шын  мəнінде  ренессанстық  рөл
атқарды.
Осы  тұрғыдан  келгенде,  Еуропа  Ренессансының  бастау  бұлағында
Дантенің  тұрғаны  сияқты,  XIX  ғасырда  қазақ  қоғамының  мəдени-рухани
дəуірлеу  кезеңінің  жуан  ортасынан  Жамбылдың  қайталанбас  тұлғасы
асқақтай  көрінеді.  Меніңше,  бұл  жай  ғана  өсіре  теңеу  емес,  жан
жүрегімізбен  сезіне  алатын  тарихи  ақиқат.  Біз  мұндай  тарихи  ақиқатты
неғұрлым  терең  таныған  сайын  соғұрлым  тарихи  тұлғаларымыздың
болмыс-бітімі  жан-жақты  ашыла  түседі.  Ең  бастысы,  ұлт  мəдениетінід
тарихи  жетілу,  шывдалу  жолдарының  диалектикасы  айқындала  түседі.
Демек,  біз  бүгін  рухына  тағзым  етіп  отырған  Жамбыл  кездейсоқ  құбылыс
емес,  халық  тағдырымен  тамырлас,  тарихтың  толғағы  дүниеге  келтірген
лайықты перзенттердің бірі деп нық сеніммен айта аламыз.
Ақынның:  «Асып  тұрған  ақылым  жок,  жер  түсіп  кеткендей
шешендігім  жоқ.  Біліп  тұрған  білімім  жок.  Менің  білімім  сол  халықтың
білгендері.  Мен  халықтың  сөзін  айттым»,  -  дейтіні  де  осыдан.  Ойлап
қарасақ,  осы  сөздерде  терең  мағына  жатыр.  Оның  осы  айтқандары
халықтың куанышы мен кайғысына, сүйінгені мен күйінгеніне ден қойып,
жалпак  елдін  көкейіндегісін  көре  білетіндігіне,  жатса-тұрса  соның  арман-
тілегін, зар-мұнын терен сезінетініне айқын дөлел емес пе! Ал, жалаң ақыл,
салкын  біліммен,  ділмар  шешендікпен  халыктың  алдына  кім  шығушы  еді,
халықтан кім биіктеп еді? Халқының барша касиетін бойына сіңіре білген
Жамбылдың да алдына ешкім шыға алмаған. Өйткені, ол елінін бел баласы
ретінде  халқының  мұңын  мұндап,  жоғын  жоқтады.  Өзекті  жан  болып
жаратылған сон кімнің де болсын басына бұлт үйірілмей, найзағай ойнамай
тұрмайды.  Ондай  жай  Жамбылдың  да  басында  болған.  Өйтсе  де,
200

қабырғалы жұртының ары мен намысы үшін Жамбыл мыктымсынған небір
бай,  шонжарлардың  үш  ұйықтаса  түсіне  кірмеген  аламан  тасыр  Дауға  да,
алыстан келер, іргеден шығар «жасағы жойқын жауга да» үнемі ту көтеріп,
жырымен  қылыш  сермеп  өткен.  Оған  елі  куө,  тарих  куə.  Небір  жан  беріп,
жан  алыскан  айтыстар  үетінде  ол  хал-  Кының  сөзін  сөйлеген  өр
мінезділігінен  айнымаган.  Тайсақтауды,  жағыну  дегенді  білмеген.  Бұл
оның  жалпы  ақындық  болмысы-  ның  тым  биік,  жалын  мен  оттан
жаралғандай аса қызулығын, айрықша айбындылығын айғақтай түееді. Бұл
тек, даңғайыр таланттардын ғана жаратылысына төн қасиеттер жəне оның
бойындағы халық деген алыптың асқаралы мінезінің сəулесі.
Жамбыл  ескі  дəуірді  де,  жаңа  қоғамның  сипатың  да  өз  тұрғыл
астарының  кай-кайсыная  да  кем  түсінбеген.  Оган  ақынның  80  жылдан
астам  халқына  көрсеткен  кызметі,  жырлап  өткен  жырлары  айғаң.  Ақын
қазақ жұртыныд елдігі үшін күрескен, бойында кісілігі, азаматтык айбыны
бар ерлерін басына бақ конбай жүрген кедей, кем-кетік кезінде де өспеттеп,
мадақтаудан  аянып  калмаған.  Əлсізге  болысу,  əлдіні  өділеттілікке  шакыру
Жамбыл  поəзиясының  өмірлік  қазығы,  айнымас  бағдаршамы  болды.  Елді
титыңтатңан,  бірлігін  ыдыраткан  берекесі  жок  іске  күйзелген  ақын  жыр
семсерін сермеуден жалыққан жоқ. Əсіресе, айтысқа түскен тұстарда айкын
ойы,  азаматтық  тұғыры,  өлеуметтік  нысанасы  ешбір  бұлтарыссыз,  ашық-
жаркын, өткір терең арна тауып жатты.
Жамбылдың  ақындык  өнерінің  биік  шыңы,  айтыс  өнеріндегі  іргелі
табысы  -  Құлмамбетпен  айтысы.  Əрине,  Жамбылдың  сөзбен  ұстаскан
ақындарының  бас-аяғы  бір  гана  Құлмамбет  емес  екені  əмбеге  аян.  Бірак
Құлмамбет  өлен  өлкесінде  сол  кездері  бүкіл  Жетісу,  Оңтүстік  аймағында
Сүйінбайдан өзгені мойын- дамайтын жыр дүлділдерінің бірегейі болатын.
Жеңгендері  көп,  жеңіліп,  опың  жеғең  жері  жок  айткыштардың  санатында
жүрген еді. Оның аса жүйрік өнер иесі екенін Жəкеңнің өзі де мойындаған.
Реті келген соң айта кету керек: атакты тарихи тұлғаларды Жамбыл
тек  айтыс  үстінде,  карсыласының  мысын  басу  үшін  ғана  дəріптеп,
насихаттаумен  шектелмеген.  Жай  ғана  бас  қоскан  алқалы  жиындарда
ежелгі  тарихтан,  өзінің  өмір  сүрген  дəуіріне  дейінгі  тұстың  елеулі-елеулі
жайларынан  сыр  қозғап,  сол  жайларды  айтылар  жырдың  негізгі  өзегіне
айналдырып отырған. Мөселен, Өтеген мен Сүраншы батырлардың ерлігін
жеке-жеке дастан етіп жырлаған,
«Адамдықты  айт,  ерлікті  айт,  батырлыкты  айт,  ел  бірлігін  сактаған
татулықты  айт»,  -  деген  Жамбыл  сөзі  айтыста  жекіске  жетудің  тетігі  ғана
болған жок, бұл ақын дүниетанымынын тұтас кредосы еді. Бұл сөз - уакыт
201

өтіп,  заман  өзгерсе  де  мəнін  жоймай,  қайта  аскактап  биіктей  беретін  жыр
абызының сəулелі сөзі. Бізге жеткен өсиет. Бұл өсиет сөз бүгін де маңызын
жоғалтқан жоқ. Егемен еліміздіи биік мүраттарының бірі болып отыр.
Уакыт  сынынан  өте  білген  қазақ  халқының  бай  да  күрделі  тарихы
бар.  Қазір  ол  Қазақстанда  түратын  барлық  халыктарға  біздің  бірлігіміздің
түп-тамырын  жақсырақ  түсінуіне  көмектесіп,  кез-келген  тарихи  кінə
артуларына  жол  бермеуге  тиіс.  Өйткені,  өткенге  көз  сала  отырып,
болашақты  көре  білген  жөн  дер  əдім.  Біздің  ұрпағымызға  жауапты
міндеттер  жүктеліп  отыр,  балаларымыздың  иғілігін  сақтау,  кайта  қалпына
келген  мемлекеттілігімізді  нығайту  жəне  өркениетті  дүниежүзілік
қоғамдастықтың талаптарына сай келетін сапалық жағынан жаңа деңгейге
көшу  міндеті  тұр.  Осы  тұрғыдан  келіп  айтарым,  біздің  əрқайсымыз  жəне
баршамыз  туған  еліміздің  болашағына  деген  жауапкершілігімізді  сезіне
білуіміз қажет. Ұлы Жамбыл атамыздың да арманы осы болатын.
Жамбыл қазақтың ақындық өнерінің қазанында қайнап, ежелгі ауыз
əдебиетінің  көусарымен  сусындап,  акындық,  жыраулық  дəстүрдің  XX
ғасырдағы туын биікке көтерген дана қарт, ұлы жырау. Ол - өз халқынын
сөз өнерінің ұстаханасында шындалған, туған топырағының төл перзенті.
«Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бүрқырап,
Қара дауыл қүйындай», -
деп  Жəкеңнін  өзі  жырлағандай,  оның  Сүйінбай  сынды  үлгі  алған
үстазының  ар  жағында:  Сүйекеңмен  тұстас  Майкөт,  Қабан,  Бақтыбай,
Құлмамбет,  өзімен  тұрғылас  Сарбас,  Қуандық,  Қожантай,  Өмірлер,  сонау
Сыпыра,  Асан  Қайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Бұқар,  Базар,
Актамберді,  Үмбетейден  басталып,  Шал,  Махамбет,  Дулат,  Мұрат,
Шортанбай,  Нысан-  байларға  келіп  ұласқан  акын,  жыраулар  мен
жыршылар мектебінің игі дəстүрі жатыр.
Жамбыл  атамыздың  елді  тандандырып,  өзін  көргендерді  де,  сөзін
естігендерді де сүйсіндіріп жүргені, мінеки, осынау ұлан- ғайыр мектептің
қайталанбас  қасиетін  бойына  капысыз  дарытқандығында.  Жамбыл  -
ғасырлық  ғұмырында  арыны  басылмаған  алып  жыршы,  шұрайлы  жырдан
өшпес  мұра  қалдырған  дүлдүл  ақын.  Ол  -  өзінен  кейінгі  əр  ұрпактың  ат
басын  арнайы  бұрып,  шөліркегеңде  тұнық  жырларынан  сусындар  тұма
202

бұлағы.  Сондықтан  да  бүгінгі  ұрпақтың  Жамбылдың  рухани  мұраларына
терең  таным-түсінікпен  қарап,  оның  шығарма-  ларының  казақ  халқының
ұлттық
сана-сезімін
қалыптастырудағы
орнын
зерек
көнілмен
бағалағанымыздың  бір  көрінісі  -  бүгінгі  өткізіліп  отырған  жыр  алыбының
мерейтойы.  Жамбылдың  туған  елі  мен  жеріне  деген  ыстык  ыкыласын
төгіле  жырлаған  арнау-толғауларынан,  хикаялары  мен  дастандарынан
іздееек,  онда  акынның  шығармалары  халык  рухының  кырмызы  гүліндей
екеніне көзіміз жетеді.
Жамбыл  жырларын  жастайынан  жаттап  өскен  əрбір  қазақ  баласы
ұлы акын шығармаларын етене жакын тұтыгі, болашак ұрпаққа ұсынар ең
бағалы аманаттардың бірі деп түсінеді.
Жамбыл  жүрегі  кашанда  халкым  деп  соқты.  Ол,  ең  алдымен,
халықтар  достығын,  терезесі  тен  елдердің  бірлігін,  ынтымағыя  жырлап,
шындық шуағын шарболаттай шыңдады.
Əрине,  мəдениет  болсын,  əдебиет  болсын,  оның  ұлттық  рухка
негізделген  дəстүрлі  мектебі  болмайынша,  ешқашан  өрге  баспак  емес.  Ал,
сол  мектептердің  абыройын  асырып,  мерейін  көтеретін,  сөз  жоқ,  оның
алып ойлы өкілдері. Ұлы жыршы Жамбыл, мінеки, осы біз айтып отырған
ауызша  үрдісте,  ғасырлар  бойы  өмір  сүріп  келген  казақтың  дəстүрлі
əдебиетінің  аса  дарынды,  аскак  жаратылған  алып  өкілі  болатын.  Оның
алыптығы сонша, өз басы халыққа берер иғіліктеріне имандай сенген Казан
төңкерісінің, Кеңес үкіметінің жетістіктерін сол ежелгі ақындык, жыраулық
дəстүрдегі  ауыз  əдебиетінің  мүмкіншілігі  аясында-ақ  жырлап,  өзін,  өзі
арқылы күллі қазақ əдебиетін дүние жүзіне танытты. Соның аркасында ол
өзінен кейінгі Кенен Əзірбаев, Нартай Бекежанов, Доскей Əлімбаев, Саяділ
Керімбеков, Орынбай Тайманов, Үмбетəлі Көрібаев секілді шашасына шаң
жүкпайтьш  халық  ақындарына  игі  ыкпалын  тигізген,  өнегесін  бойларына
сіңірғен ұстаз да бола білді.
Күрметті халайық, ардақты ағайын!
Қазір,  кеңес  дəуірі  артта  қалған  шакта,  Жамбыл  атамыздың  Кеңес
өкіметін,  оның  ішінде  сол  кездеғі  ел  басшыларын  жырлады,  «сонда  бұл
кдлай?» деген сұрақтар жиі көлденендейтін болды, Мөселенің осы жағына
арнайы тоқтала кеткен жөн сияқты.
Ұлы  жырау  жетпіске  жеткен  шағында  патшалык  Ресейдің  бірінші
дүниежүзілік  соғысқа  1916  жылы  қазақ  жігіттерін  ңара  жұмыска  алатын
тұсындағы  елдегі  дүрбеленді  өз  көзімен  көрді,  колдарына  қару  алып,
патшалық  зорлык-зомбылықтың  құрбаны  болуға  карсылық  көрсеткен
ереуілші топтың істеріне тілектес болды. Биыл 80 жылдығы аталып өткелі
203

отырған  ұлт-азаматтық  қозғалыстың  бел  ортасында  болмаса  да,  сонын
көшбасындағы ерлердің ерліктеріне төнті болды, жырларымен тілектестігін
білдірді, бір сөзбен айтқанда, рухани жағынан демеуші бола білді. Өйткені,
ол өзінің туған халкының теңсіздікте кешкен өміріне іштей назалы еді. Көп
ұзамай  дүниені  дүрілдетіп,  «халықтарға  теңдік,  бостандык  епереміз,
құлдың  езгіден  кұтқарамыз,  өмірді  жаңғыртамыз,  бүрынғы  билік  иелерін
орнъшан  алып,  əділдік  орнатамыз,  жарылкаймыз  деген  ұранмен  өмірге
келген  Кеңес  өкіметінің  сарбаздары  мен  сардарларын  да  көрді.  Бұлар,
өрине,  бұрынғы  «шынжыр  балак,  шұбар  төстерді»  жайпай  келді.  Қандай
дəрежеде  болса  да,  казақ  елі  Республика  атанып,  Кеңестер  елінің
кұрамында өз алдына отау тікті.
Қазақтың  зиялы  кауымы  бар,  карапайым  еябеккері  бар  бұл  өкіметті
қолын  теңдікке,  басың  бостандыққа  жеткізеді  деп  білді.  Жамбыл  да  солай
түсінді. Патша үкіметінің бұратана халыкты басып-жаншуы келмеске кетіп,
оның орнына ғасырлар бойы армандаған тəуелсіздік келді деп ұкты. Олай
болса,  сол  тəуелсіздікті  колға  ұстатқан  жаңа  коғамдық  құрылысқа,  оның
өділетті  аталып  жүрген  басшыларына  қол  соқпағанда  кімге  қол  соғады?
Мұндай  бір  жакты  көзқарастан,  бүкіл  елі  секілді  Жамбыл  да  алыс  кеткен
жок.  Сол  қоғамның  жетістігіне  желпініп,  жыр  толғады.  Қалған  өмірінің
бүкіл  саналы  тірлігін,  шығармашылық  қуатын  соның  көркеюі  жолына
жұмсады.
Біздің əрқайсымыз өз уақытымыздың, өз дəуіріміздің перзенттеріміз.
Біздің Жөкеңнің тар заманда, отаршылдық дəуірде, немесе кеңестік дəуірде
дүниеге  келген  шығармалары  арасындағы  алшактықтан  айып  іздеу,
жазғыру  орынсыз  деп  ойлаймын.  Заман  алі  талай  өзгерер,  бірақ  ұлы  акын
мұрасы  өзінің  құндылығын  ешқашан  жоймақ  емес.  Жамбыл  өз  заманын,
оның  ағы  мен  карасын,  бір  сөзбен  айтқанда,  өз  дəуірін  асқан  шабытпен
жырлаган сөз зергері. Ал зергерге шашасына шаң жұқпас асыл дүниені қай
дəуірде  кімдерге  арнады  деп  емес,  қалай  жасады  деп  баға  берген  орынды
болар,  сірө,  Өйткені,  Жөкеңнің  өрбір  дүниесі  -  өз  бойынан,  жүрегінің
тереңінен  шымырлап  шыққан,  бүкіл  əлемді  мойындатқан  шығармалар.
Жөкең
шығармашылыгы
халңымыздың
дүниетанымдық,
рухани
көзқарасының  калыптасып,  ұшталуына  ыңпал  жасағанын  да  ешкім  жоққа
шыгара алмас деп ойлаймын.
Сондыктан,  кімді  де  болсын,  соның  ішінде  ақын-жырау,  қаламгерді
өз  дəуірінің  деңгейімен,  соның  парңымен  бағалау  қажет.  Бұл  түрғыдан
келгенде,  біздің  қаламгеріміз  бен  халық  ақындарының  жиырмасыншы
жылдар  мен  кешегі  қайта  құру  дəуіріне  дейінгі  кезеңді  қамтитын
204

туындыларынан  заманның  ыгына  қарай,  кеңестік  ңұрылысты,  оның
өркилы  дөрежедегі  өкілдерін  адамгершілік  пен  қайраткерліктің  бірден-бір
үлгісі  ретінде  көрсеткен  авторлық  көзқарасына  кінө  қойып,  оны  бетке
салық қылу да қисынға келмейді.
Ендеше,  Жамбыл  Жабайұлына  да  осы  тұрғыдан  баға  берген  жөн.
Оның тұғыры биік заңғар халық жыршысы екендігінде ешкімнің де күмөні
болмауға тиіс. Ол XVIII ғасырдың тарихи қаһарманы Огеген батырды, XIX
ғасырда  елін  Қокан  хандығының  езгісіне  қарсы  көтеріп,  қол  бастаған
Саурық  Сұраншы  батырлардың  есімін  дөріптеп  жырлауніы  ғана  емес,
Кенес  кезінің  ұлы  окиғаларының  да  жалынды  жыршысы.  Алдына  жан
салмаған  акиық  ақыны.  Ол  кімді  жырламасын,  папаниншілерді  ме,  өлде
Хасан, Халхингол соғысында ерлік көрсеткен ел сарбаздарын ба, коршауда
калған  ленинградтықтарды  ма,  қай-кайсысын  да  селкос  кабылдаған  жан
болған  жок.  Оның  жалынды  жырларын  елі  күтіп  отырды.  Сол  себепті  де,
бірсыпыра ақын туындылары арнайы колка салумен дуниеге келетін, Бірак,
акын  өзінің  елге  тарайтьш  əр  сөзіне  зор  жауапкерінілікпен  қарады.
Хатшыларына  қағазға  түсірткен  əр  өлеңін  өзі  кайтадан  тындап,
ұнатпағанын кері ысырып, кайта толғайтын, кайта жаздыратын.
Сондықтан  да  акын  өлеңдері  əлеуметтік  мөні,  қоғамдық  салмағы,
бойындағы  кұдіреті  аркылы  уақыт  талабымен,  дəуір  тынысымен
телкозыдай  табысып,  миллиондардың  арман-  тілегімен  табиғи  табысып
жатты.
Орыстың  белгілі  ақыны  Александр  Прокофьев  былай  деп  жазады:
«Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры жарияланған кез - Ленинград
халінің  аса  бір  ауыр  шағы  еді.  Бұл  тұста  немістің  қоршауында  қалған
Ленинградта  азық  өте  аз  болды.  Күніне  жұмыс  істейтін  адам  250  грамм,
жай кісі 150 грамм нан алды. Ет, май дегенді халық өте аз жəне сирек көрді.
Басқа  азықты  көрген  жоқ.  Үйлерге  кіретін  су  тоқтатылып,  канализация
істемеді,  отын  атымен  болмады.  Жау  аткан  снаряд  пен  бомбалардың
салдарынан  шынысы  кирап,  терезе  біткен  аңырайып  ашың  тұрды...
Жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды.
Осындай  кезде  Жамбылдың  «Ленинградтык  өренім»  жыры
газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде ерекше күшті көрінген
бұл  жырды  Ленинград  радиосы  күніне  əлденеше  рет  окып  отырды.  Жыр
үлкен  əріптермен  басылып,  көшелерде  шіакат  болып  ілінді.  Сол  плакатты
үймелесіп  окысып,  көздерілен  жастары  сорғалаған  адамдарды  көрдім.
Немістердің самолеттері кұлдилай ұшып бомба тастап жүргенде, бомбадан
жасырнатын жерге тығылудың орнына Жамбылдың жыры басылған газетті
205

сатып алу үшін кезекте тұрған адамдарды талай көрдім».
Бұл сол кездің нағыз шындығы болатын.
Иə,  поэзия  құдіреті  деген  осы  болар.  Бірнеше  шумаққа  тұтас  бір
кезеңнің  жүгін  арта  білу  тек  Жамбыл  секілді  алыптардың  гана  қолынан
келетін құдірет. Ақын өзіне мөңгілік ескерткіштің негізін осылай қалады.
Қазақ  əдебиетінің  алыбы  Жөкеңді  көзінің  тірісінде  қай  елге  барса,
халық  зор  ыстық  ықыласымен  қарсы  алып,  қабылдап  отырды.  Акынның
1936 жылғы қазақ əдебиеті мен өнерінің Москвада өткен онкүндігіне, 1937
жылдың аяғында Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр»
дастанының  750  жылдығына  байланысты  Грузия  барған  сапары,  1938
жылы  май  айында  өзінің  шығармашылық  өмірбаянының  75  жылдығына
орай  Қазақстанда  өткізілген  мерекелер  тұсындағы  күллі  Кеңестер  атынан
көрсетілген  риясыз,  қуанышты  қарсы  алулар  тарих  парағына  жазылды.
Ақынды қай жерде де кездестірген халык «Жамбыл, Жамбыл! Жөке!» деген
ерекше шаттанған дауыспен ұрандата қошаметтеген.
Акынның сол шығармашылык мерекесіне Алексей Толстой, Микола
Бажан, Павло Тычина, Тоғалақ Молда, Ғафур Ғұлам, Қалык Акиев, тағы да
басқа  сол  кездегі  көрнекті  сөз  өкілдерінің  келуі,  өзіміздін  Мұхтар  Əуезов,
Сəбит  Мұканов,  Ғабит  Мүсірепов,  Əбділда  Тəжхбаев,  Тайыр  Жароков,
Қасым Аманжолов, Ғали Орманов, Дина Нүрпейісова, Күлəш Бəйсейітова,
Кенея  Өзірбаев,  Мəриям  Хакімжанова,  Қалибек  Қуанышбаев  секілді
əдебиет,  өнер  санлақтарының  сол  тойды  ұйымдаетыруы,  дүние  жүзінін
барша
елінен,
сол
елдердің
калам
кайраткерлерінен
құттыктау
жеделхаттардын карша борауы да Жамбыл есімінің төрткүл əлемге мөшһүр
болғандығының айғағы.
Жамбыл шығармашылығы, оның өмір жолы бір адамнын емес, бүкіл
қазақтың  ауыз  əдебиетінін,  сонын  акпа-төкпе  ақындық  өнерінің  жаңа
белесі,  XX  ғасырдағы  ен  ірі  серпілісі  ретінде  қабылдануы  лөзім.  Ұлы
Мұхтар Əуезовше айтқанда:
«миллион  жол  өленді  жатқа  білетін»  абыз  жыраудың  халыктың
қасиетін жанымен терең ұғынған замандас акын інілері - Əбділда Тəжібаев,
Тайыр  Жароков,  Ғали  Орманов,  Павел  Кузнецов,  Қалмакан  Əбдікадыров,
Қасым Тоғызаковтар оның əдеби хатшылары болып кызмет етті.
Бұл  үлкенге  тағзым  етіп,  егде  тартқан  адамға  кызмет  ететін
ұлтымыздың  тамаша  дəстүрінің  көрінісі  ғана  болған  жоқ,  өткен
ғасырлардың  то.чкынын  XX  ғасырға  өкеліп  толқытқан  карт  абыз
жыршыға,  ғажайып  кайталанбас  өнерге  деген  күрмет  пен  кейінгі  үрпак
парызы еді.
206

Жамбыл  жырларын  орыс  тіліне  аудару  аркылы  аңын  есімін  дүние
жүзіне  кеңінен  таратуға  үлес  косңан  Павел  Кузнецов,  Марк  Тарловский,
Константин  Алтайский,  Илья  Сельвинский,  Дмитрий  Снегин,  Алексей
Брагин  сынды  орыс  ақындарының  есімдерін  де  бүгінгі  күні  ерекше
ілтипатпен еске алуға тиістіміз.
Қүрметті қауым!
Қазақта «күн ортак, ай ортак, жаксы ортак» деген сөз бар. Бұл ретте
де  қазақтың  Жамбылын  адамзаттың  Жамбылы  деп  мақтанышпен  айта
аламыз.  Шын  мөнінде  Жамбыл  дүниеге  өкелғен  ғажайып  қазына,  сол
рухани казынаның өн бойындағы адамды шындауға арналған биік парасат
пен  қоғамды  шьгндауға  арналған  шабытты  серпінді  жалпы  адамзаттык
рухани  игілік  демеске  бола  ма?  Мұны  өмірдің  өзі  дөлелдеп  отыр.
Жамбылдың  қанатты  жырлары  əлемнің  елуге  тарта  тіліне  аударылыи,
миллиондардын  жүрегіне  ізгілік  нұрын  септі.  Біз  мұны  ең  алдымен
Жамбыл  атамыздын  өлмес  өнері  аркылы  əлем  жүртшьшығына  қазақ
халқының  рухани  болмысының  таиылуы  деп  білуіміз  керек.  Сондыктан
Жамбылдың мерейтойы казақстандыктар үшін зор мөртебе ғана емес, өзінід
де бүгінгі парасат кəлеміне сын. Дəлірек айтсақ, бір мақсат жолындағы көп
үлтты  дербес  мемлекет  ретінде  əлем  алдында  ой  мен  рухтың  өресін
танытатын кісілік пен парасаттың өнегесін көрсететін сөт туды. Қазақстан
Республикасы  осы  уакытқа  дейін  əлем  жүртшылығына  өзін  саяси-
өлеуметтік  ұмтылыстарымен,  демократияшыл  мұраттарымен  танытып
келсе,  енді  қайталанбас  рухани  болмысын  танытуға  мүмкіндік  алып  отыр.
Бұл  ретте  қазақстандықтар  ұлы  Жамбылдың  өлмес  өнері,  мөңгілік  тозбас
құндылықтарды  көксеген  биік  парасаты  жалпы  адамзатқа  ортақ  екенін
терең  сезінеді  деп  білемін.  Егер  біз  Жамбыл  даналығына  тəу  етіп,
ұлылыгын  ұлагат  тұтып  жатсақ,  оның  басты  себебі  Жамбыл  арманынын
адамзаттык  арман-аңсармен  ұласып  жатқандығында.  Сондыктан  да,
казақтын  Жамбылына  адам-  заттын  Жамбылы  ретінде  кұрмет  көрсетіп,
өлмес  рухының  алдында  басымызды  иеміз.  Сөз  жок,  ондай  арман-аңсарга
ден  қою  арқылы  біздің  кай-қайсымыз  да  пендешіл  күйкіліктен  арылып,
парасат-пайымымызды шындай тусеміз. Өміршең мен өткіншінің ара жігін
айырып, асыл адамгершілік жолында табысамыз.
Бүгінгі  жыр  дүлдүлінің  ұлан-асыр  тойы  -  егемен  елімізді
мекендейтін халыктар достығы ынтымағының тойы, хальвдтың өзінін ұлы
перзентіне деген зор кұрметі мен ыстык ыкыласының шынайы көрінісі.
Жамбыл мерейтойына дайындык осыдан төрт жыл бұрын бекітілген
мемлекеттік  бағдарламаға  сай  жүргізіліп,  республикамыздың  түкпір-
207

түкпірінде, облыстарда, аудандарда, елді мекендерде кең ауқымда өткізілді.
Үлы  ақын  кұрметіне  бой  көтерген  əртүрлі  ғимараттар,  архитектуралык
келбеті көз тартар елді мекендер, мəдениет, білім ошақтары халық игілігіне
кызмет  етуде.  Ал,  ең  бастысы,  Жамбыл  тағылымдары  ұрпақтар  зердесіне
сіңіріліп,  онын  жақұттай  жарқыраған  асыл  мұралары  рухани  өреміздің
биіктеуіне ықпал жасауда.
Жамбыл  мерейтойына  дайындык  ұлы  акын  шығарма-  шылыгына
терең  бойлап,  Жамбыл  поəзиясын  танумен  астасып  жатты.  Ал,  ұлы
бабамыздың басына барып, талантты өрендеріміздің акынның биік рухына
тағзым  етуі  қандай  суйінішті.  Осы  күндері  еліміздің  түкпір-түкпірінде
өткізіліп  жатқан  ұлы  Жамбылға  арналған  кештер,  поэзия  жиындары,
жастар  мен  өнерпаздардың  өнер  сайыстары,  акындар  айтысы  ертеңп
күыдері  жалгасын  тауып  жатса,  ұлы  аңынға  деген  күрметтің  шынайы
белгісі сол болар еді.
Үкімет  қаулысы  аукымында  Жамбыл  мұражайы  мен  мавзолейі
жаңғырыл,  мəдениет  үйі,  мектеп  құрылысы  жүргізіліп,  ақын  ауылының
архитектуралық  келбеті  өзгерді.  «Жақсыдан  -  шарапат»  дегендей,  Бұл
аткарылган істер халыктьш діттеген жерінен шығып, жұртшылык игілігхне
жарауда.  Сондықтан  да  ұлы  бабамыздың  торкалы  тойы  ұрпақтарының
бүгінгі  өміріне,  тыныс-тіршілігіне  тигізер  ыкпалы  зор  деп  ойлаймын.
Себебі  бұл  өтпелі  науқан  емес,  бұл  той  -  елдігіміздің,  рухани
кемелдігіміздің өлшемі.
Бүгінгі  той  -  көптікі,  абыройы  -  халықтікі.  Жамбылды  кұрмет  тұту
қазақ  халкының  биік  рухына,  Казақстан  халыңтарының  патриоттық
сезіміне деген құрмет деп ойлаймын.
Ардақты агайын!
Ұлы  өзгерістер  заманында  өмір  сүріп,  жұмыс  істеу  біздің  үлесімізге
тиіп  отыр.  Біз  атқарып  жатңан  істердін  өміршең  маңызымен  қатар  тарихи
да  мөні  бар  екенін  естен  шыгармайык.  Біздің  бүгінгі  ісімізге  карап
ұрпактарымыз бізге баға беретін болады. Қазақстанның XXI ғасырға қалай
кіретіні,  ұрпақтарымыздың  тағдыры  калай  калыптасатыны  осы  отырған
бізге байланысты.
Бүгінгідей  шалкыған  куанышты  кұнде  біздің  асылымызды  дөп
басып,  ұлы  жырауға  жоғары  баға  беріп,  Жамбыл  күндерін  атап  өткен
шалғай жəне іргелес бауырлас елдердің, туған еліміздің əдебиетсүйер зиялы
қауымыяа зор ризашылык сезімімізді білдіреміз.
Сез  сонында  айтарым,  қашан  да  дүйім  халык  қуанышы  мен
кайғысын  шығармашылыгына  үзілмес  арқау  еткен  өнер  иесі  халқының
208

зердесінен  мəңгілік  орын  алады.  Жəкең  -  туған  халқының  күнгейі  мен
көлеңкесін  тарихи  талғам  таразысына  салып,  шабыттың  шыркау  биігіне
көтерген ақын. Халық тағдырының күллі арналары мен тамырларын сөтті
ұштастыра  білгендіктен,  «халыктан  шыққан  дана  акьш»  деген  атка  ие
болган. 
Бұл  -  шындап  келгенде,  халыктын  дара  туган  перзентіне  берер  ен
жоғары бағасы.
«Жамбыл  менің  жай  атым,  халық  менің  шын  атым»,  -  деген  акиық
акын  ақтық  демі  біткенше  өз  халқының  мұңы  мен  мұратын,  үміті  мен
арманын,  тағдыры  мен  тарихын,  рухани  байлығы  мен  асқак  тұлғасын  өз
жырларына  өзек  етті.  Ендеше,  қазақ  халқы  барда,  оның  тілі  мен  діні  аман
тұрғанда,  адалдық  пен  адамдықтың,  əділеттілік  пен  ізгіліктің  жыршысы  -
Жамбыл да мəңгі жасай бермек. Бүгінгі ұлы той - халкынын Жөкеңе деген
шексіз  сүйіспеншілігінің  бір  көрінісі.  Ендеше,  кұрметті  халайық,
тойларыңыз тойға ұлассын!
«Сұлу  жер  -  береке,  елді  жер  -  мереке»  деген  макал  бар.  Біздің
тəуелсіз  Қазақстанда  əрқашан  береке  болсын,  достық,  ауызбіршілік,
тыныштық болсын! Жөкен жырлап кеткен осы асыл касиеттерді қастерлей
білсек,  еліміздегі  түрі  басқа  -  тілегі  бір,  тілі  басқа  -  жүрегі  бір  барлық  ұлт
өкілдерінін жарасымды өмірін қамтамасыз етсек, ежелден бергі елдігіміздің
каймағы бұзылмайтын болады.
Жөкеңнің биік рухы баршаңызды жебеп жүрсіні


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет