Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Үшінші тарау
БІРЛІК - БІЗДІҢ ҚАСИЕТТІ ТУЫМЫЗ
Дүниежузі қазақтары қауымдастығы
төралқасының 1995 жылғы сəуірдің
22-сінде өткен мəжілісінде сейлеген сөзі
Ардакты бауырлар!
Алыстан келген ағайын!
Біз  сіздерді  атамекендерінізде  -  тəуелсіз  Казақстанның  астанасы
Алматыда  құшақ  жая  карсы  алып,  «Хош  келдіңіздер,  бауырлар,
төрлетіңіздер!»  дейміз.  Дүниенін  қай  түкпірінде  журсеңіздер  де  елім  деп,
жерім  деп  лүпілдеп  соғатын  жүректеріңіз  үшін,  жер-жаһандағы  жалғыз
Отанымыз  -  Қазақстанымыз  аман  болсын,  қазағымыз  аман  болсын  деген
перзенттік  тілектеріңіз  үшін  баршаңызға  шын  көңілден  шыққан
алғысымызды айтамыз!
Осыдан  үш  жылдай  бұрын  бүкіл  дүниеге  тарыдай  шашырап  кеткен
26

қазақтың  басып  тұнтыш  рет  косып,  Құрылтай  өткізгенбіз.  Ол
халқымыздың  баянды  бірлігінің,  ұлтымыздың  ұйыған  татулығының  көңіл
толқытарлық  келісті  көрінісі  болып  еді.  Кұрылтайға  елемнің  отызға  жуық
елінен  жеті  жүзге  жуың  адам  қатысқан  болатын.  Құрылтай  күндеріндегі
алыстан  келген  агайыннын  жүрекжарды  тілектері  құлағымда  жаңғырып
тұр, туған жерге табаны тұңғыш тиген жандардың жасқа толы жанарлары
көз алдымда.
Осы  күнге  жеткізгені  үшін  кұдайға  тəубе  дегеніміз  есімізде.
Кұрылтайға
жиналған
жұртшылық
мені
Дүниежүзі
казақтары
Қауымдастығының төрағасы етіп сайлаған болатын. Сонан бергі өткен үш
жылдай  уақыт  ішінде  күнделікті  жұмысына  менің  бірінші  орынбасарым,
белгілі
каламгеріміз
Қалдарбек
Найманбаев
жетекшілік
ететін
Қауымдастың  баскармасы  талай  игілікті  шаруа  атқарғанын  айтуымыз
керек.  Ең  бастысы  Қазақстаннан  тыс  жерде  тұратын  төрт  миллиондай
қазақтың  мүддесін  ұдайы  есте  ұстап  отыратын  ұйым  кұрылды,  ол  қазақ
диаспорасымен  байланысты  жолға  қоя  алды.  Рас,  казірше  ойдағы
жоспардың  көбі  орындала  қоймай  тұр.  Оның  себебін  де  жақсы  білесіздер.
Еліміз  тəуелсіздік  жолына  жаңа  ғана  түсіп  жатыр.  Қиындық  көп,  қаржы
жетіспейді.  Соған  қарамай,  шеттен  келген  ағайынға  төрімізді  ұсынып,
сығылысып  орын  бергендей  көмек  көрсетіп  жатырмыз.  Соңы  жылдарда
Қазақстанға  Монғолиядан,  Ираннан,  Түркиядан  жүз  мыңнан  астам  қазақ
көшіп келді. Ресейден, Тəжікстаннан, Түрікменстаннан келіп жатқандар да
баршылық.  Олардың  бəріне  үй  тауып  беру,  пəтер  салуға  несие  бөлу
мəселелері  шешіліп  жатыр.  Əрине,  елмен  араласудың  жалғыз  жолы  көшіп
келу емес. Осында келіп, оқып жүрген іні- қарындастарымыз да көп. Келіп,
кетіп, əртүрлі кəсіппен айналыса бастаған бауырларымыз да баршылық.
Мен  бүгін  Қауымдастықтың  жұмысына  толық  тоқтапмақшы
емеспін. Ол жөнінде шет елдердгы келген ағайындар, осындағы іс басында
жүрген  азаматтар  айта  жатар.  Алыстағы  ағайыннын  алдында  біздің
Қазақстанымызда,  баршамыздың  ортақ  Отанымызда  не  істеліп  жатқанын
өкгіме етемін, Өйткені, сіздерді бəрінен де қазақ елінің бүгіні мен болашағы
көбірек толғандыратынына сенімдімін.
Негізгі  мəселелерге  ауысканда  алдымен  айтарымыз,  əрине,
тəуелсіздіктін  тағдыры  болмақ.  Соңы  төрт  жылда  жүріп  өткен
жолымыздың  ең  басты  нəтижесі  не  дегенде,  мен  алдымен  тəуелсіздігімізді
сақтап қалғанымызды, оны саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да
баянды ете алғанымызды айтар едім.
Тəуелсіздік  -  қазақ  халқының  сан  ғасырлык  асыл  арманы-  Əлем
27

халыктарының  арасында  дүниенің  бір  қиырынан  бір  қиырына  өтіп  барып
ел  болғандары  да,  сан  түрлі  ұлт  пен  ұлыстьй  араласуы  нəтижесінде  жаңа
этнос  ретінде  калыптасқандары  да  баршылық.  Қазақ  халқы  -  тамырын
тереңге  жіберген,  осынау  касиетті  даласынан  табан  аудармаған  халық.
Көне дəуірдегі сактардын, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы,
ата жұртта кара шаңыракты сақтап калған халық. Қазақтың көшпелілігі тек
өзінін  атамекенінің  аумағында  өткен.  Сондықтан  да  біздің  ұғымымызда
туған жердін кадір-қасиеті белекше. «Туған жерге туың тік» дейді қазақ.
Əлемдегі  талай  ел  өз  тəуелсіздігіне  қанқасап  соғыспен,  қыруар
шығынмен  жеткен.  Казақстанның  тəуелсіздігі  бейбіт  жолмен  келді.  Бұл  -
азаттық  үшін  алысқан  мың-мыңдаған  азаматтардың  қасиетті  қанының
өтеуі.  Бұл  -  бүкіл  тарихында  өзгелерге  қиянат  жасау  дегенді  білмеген
халықтың пейілінің қайтарымы.
Казақстанның
мемлекеттік
егемендігі
туралы
Декларация
қабылданғалы  бері  өткен  бес  жылға  жуық  уақыт  ішінде  жалпы  дүниенің
дидарында  да,  біздің  туған  жерімізде  де  орасан  өзгерістер  болды.  Жер
шарының алтыдан бір бөлігін қамтып жатқан КСРО-дай алып мемлекеттің
тарауы  оңайға  түскен  жоқ.  Жетпіс  жыл  бойғы  қалыптасқан  шаруашылық
байланыстар үзілді, əр республикада белініп қалған кəсіпорындар бір-біріне
өнімін  қаласа  беретін,  қаламаса  бермейтін  болды.  Өмірдін  қай  саласында
болса  да  төртіп  босаңсыды.  Жауапкершілік  азайды.  Қоғамның  өтпелі
кезеніндегі  қиындықтарды  пайдаланып,  енбек  етпей-ақ,  байлыққа  кенеліп
шыға  келгендер  көбейді.  Қылмыс  етек  алды.  Талай  уақытқа  дейін  баға
ауыздықтауға  көнбей,  бой  бермей  қойды.  Қымбат  киім,  сөнді  бұйым
тұрмақ,  күнделікті  кажет  заттарын  ала  алмай,  қысылып  калғандар  аз  емес
екенін жақсы білемін.
Иə,  жағдай  қазірше  қиынақ.  Бірақ  бəрін  айтқанда  біз  мынаны  Да
ұмытпауға  тиіспіз.  Бұл  айтылған  қиындықты  жиып-теріп  келгеңде  «Азат
елміз!» деген бір ауыз сөздің өтеуіне беруге болады.
Осы жылдарда қолымыз жеткен нəрсе аз ба?
Қазір  өз  тағдырымызды  өзіміз  шешеміз.  Өзіміз  өндіргенді  өзіміз
пайдаланамыз. Бір елдің басшысы кім болуы керектігі
Мəскеудегі  үлкен  кабинетте  шешіле  салып,  бұрын-соңды  қазақ
жеріне  аяқ  басып  көрмеген  көлденең  көк  аттылар  ойына  келгенін  істей
алмайды.  Қазақ  елін  бүгінде  бүкіл  əлем  таниды,  əкономикасының
болашағы мол, саяси ахуалы тұрақты, сан түрлі ұлттың баласы тату тұрып
жатқан  өркениетті  ел  деп  біледі,  кұрмет  тұтады.  Ел  басшысын  дүйім
дүниенің
президенттері,
императорлары,
корольдері,
монархтары,
28

премьерлері  сəн-  салтанаты  жарасқан  рəсіммен  қабыл  алады.  Алуан-алуан
компаниялар мен концерндер, фирмалар мен корлар инвестициясын бөліп,
сенім  көрсетеді.  Ең  бастысы  -  қазақ  халкы  егемен  елі  бар,  төуелсіз
мемлекеті бар, өзгелермен тен тұрып, иық тірестіре алатын ұлтқа айналды.
«Шығасы  шықпай,  кіресі  кірмейді»  дейді  халкымыз.  Біздін  осы
өзгерістерден тек кана пайда тауып, ешқандай киындык көрмеуіміз мүмкін
емес еді. Бұл тұрғыдан қарағанда, егемендік алғалы бергі тапқанымыз бен
айырылғанымызды таразыға тартар болсақ, безбеннің басын олжамыз жағы
бірден-ақ басып кететіні күмəнсіз.
Мен солардың кейбірін ғана тілге тиек етейін.
Шаруашылық  реформасы  алғашқы  онды  нəтижелерін  бере  бастады.
Ең  алдымен  айтатын  жетістік  -  экономиканы  мемлекеттік  баскарудың
бүгінгі  заманға  сай,  біртұтас  жүйесі  жасалғандығы.  Ұлттык  валютамызды
енгізіп,  каржы  жүйесінін  белгілі  бір  дəрежеде  калыпқа  тусуіне  кол
жеткіздік,  Инфляция  бірте-бірте  ауыздыкталып  келеді.  Өткен  жылдың
ортасынан  бері  оның  каркыны  бəсеңдеді.  Желтоқсанда  10  процент  еді,
өткен  наурыз  айында  5  процентке  төмендеді.  Теңге  кұнының  түсуі
токтағаны  валютамен  алыпсатарлык  жасаушылардың  жолын  кесіп,  қолын
байлап отыр.
Қоғамдық-саяси
ахуалыңыздың
тұрактылығының
аркасында
республикамызға шетел инвестициялары мен несиелері еркін келе бастады.
Бұл көрсеткіш бойынша ТМД елдерінің арасында Қазақстан Ресейден ғана
кейін тұр.
Нақты  қайтарымы  болуы  күмəнді  деген  жобаларға  үкімет  атынан
кепілдік  беруді  койдырдық.  Бұрынғы  үкіметтің  екі  миллиард  доллардан
астам акшаға берген кепілдігі қайтарылды.
Кейінгі  кезде  өнеркəсіптегі  өндіріс  кəлемінің  кұлдырауы  тоқтады.
Былтырғы  қараша  айынан  бері  өнеркəсіп  өнімінің  кəлемі  аздап  болса  да
көбейе  бастады.  Атап  айтатын  жай  -  өнеркəсіп  кешенінің  белді
салаларында,  мысалы,  химия  өнеркəсібінде,  ағаш  дайындауда,  мəшине
шығаруда едəуір ілгерілеу бар. Соңғы айларда тұрғын үйдің көбірек салына
бастағаны да қуантады. Əсіресе, жеке үй салу кəлемі арта түсті.
Мұнын  бəрі  тəуелсіздікті  баянды  ете  алғанымыздың  арқасы.  Олай
болса,  ағайын,  біз  осы  ұстанған  бағытымыздан  таймауымыз  керек.  Осы
залдағы  шет  елдерден  келген  бауырларымыз  жаксы  тұрудың  нарықтан
басқа  жолы  жоқ  екенін  əбден  біледі.  Барлық  елдер  ауыртпалықты  өткерін
барып,  не  түрлі  киындықты  көріп  барып  тұрмысын  түзеген,  жағдайын
жақсарткан.
29

Қазақстанның басты байлығы - тыныштығы, ынтымағы.
Əрине,  бұл  байлық  та  өзінен-өзі  келіп  тұрған  жоқ.  Төуелсіз
Мемлекеттер  Достастығындағы  біркатар  елдерде  ұлт  пен  ұлт  жаға
жыртысып,  кей  жерде  тіпті  бір  халыктың  өзінің  ішінде  кешіп  жүріп,
касиетті  туған  жерді  ақ  найзанын  ұшымен,  ақ  білектін  күшімен  корғап
қалған.  Бірақ  жиырмасыншы  ғасырдың  күрделі  сипаты  елдін  іргесін  бүтін
сақтау үшін білекпен ғана емес, ең алдымен акыл, білім аркылы да күресу
керек екенін көрсетіп отыр.
Өткен төрт жылда тынган жұмыстардың катарында алдымен аталар
шаруаның  бірі  -  қазақ  елінің  территориялык  тұтастығының  заңды  негізін
калағанымыз,  Ең  алдымен  Конституцияда  Қазақстан  бөлінбейтін,  біртұтас
мемлекет  екені  басын  аща  айтылды.  Сол  аркылы  еліміздің  кұрылымында
федерализмге  жол  берілмейтін  болып  біржола  шешілді.  Күні  кеше  ғана
кабылданған
референдум
туралы
Жарлыкта
да
Қазақстан
Реслубликасының  статусы,  елдің  шекарасы,  əкімшілік-  территориялық
кұрылымы  туралы  мəселелер  референдумға  салынбайтындығы  кадап
көрсетілді.
Қазақстанды бөлшектеуге ешкашанда жол берілмейді!
Сонан  кейінгі  айрыкша  атап  айтатын  жетістік  -  ұлы  көршіміз
Қытаймен арадағы мемлекеттік шекараның заңды түрде, казақша айтқанда,
шегеленіп  бекітілгені.  Сонау  Абылай  заманынан  бері  шешімі  табылмай
келе  жаткан,  Ресей  дипломатиясының  шамасы  келмеген,  ал  Кеңес  өкіметі
жылдарында шешілмек тұрмақ кайта бұрынғыдан да шиеленісіп кеткен бұл
түйінді  біз  төрт  жылда  тарқата  алдық.  Ендігі  жерде  болашақ  ұрпақ  бір
миллиардтан  артық  халқы  бар  ұлы  елдің  достас,  сенімді  көрші  екенін
сезініп, еркін өмір сүретін болады.
Келешекте  көп  пайдасы  тиетін  тағы  бір  аса  үлкен  ісіміз  -  əлемнін
ұлы  мемлекеттерінен  кауіпсіздік  кепілдігін  алғанымыз.  Қазақстанның
ядролық  қарудан  бас  тартқанын,  ішкі  жəне  сырткы  саясатының
ұстамдылығын,  сенімділігін  ескере  келіп,  Америка  Құрама  Штаттары
бастаған  бес  мемлекет  ешуакытта  Қазақстанға  соғыс  ашпайтындығына
кепілдеме берді. Оның бел ортасында екі ұлы көршіміз - Ресей мен Қытай
бар.  Бұл  кепілдік  аркылы  Қазақстаннын  халыкаралык  аренадағы  кимылы
əлдекайда сенімді бола түсетіні, мұның өзі, түнтеп келгенде, армияға, қару
жараққа,  шекараға  жұмсалатын  шығынды  шектеуге  мүмкіндік  беретіні
сезсіз. Ал ол каржы халықтың өл-ауқатын жақсартуға ауадай кажет.
Бұл  шешімдердін  территориялык  тұтастық  тұрғысынан  қарағанда
тарихи  мəні  бар.  Замана  өте  келе  тəуелсіз  Қазақстанның  іргесі  онын
30

тұнғыш  Президентінің  тұсында  тұнғыш  рет  заңды  түрде  бекітілгенін,
бейбіт  өмірінің  негізі  сол  жылдарда  каланғанын  болашақ  ұрпақтар
разылыкпен  еске  аларына  мен  сенемін.  Оны  мақтаныш  ететінімді
жасырмаймын.
Біз мемлекет кұру барысында идеологиялык жұмыс мəселесін ұдайы
есте  ұстауымыз  керек.  Мұның  үлкен  бір  саласы  -  халықтардың  достығын
насихаттау.
Бес арысымыз - Тұрар Рыскұловтың, Сұлтанбек Қожановтың, Сəкен
Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің жұз жылдығына
арналған  Тарихи  зерде  кешінде  мен  қазақстандық  отаншылдық  сезімін
тəрбиелеуге  көңіл  бөлген  едім.  Қазақстанда  тұратын  əрбір  адам  өзін  осы
елдің  перзенті  сезінбейінше,  оның  өткенін  біліп,  болашағына  сенбейінше
біздің  жұмысымыз  ілгері  баспайды.  Нарыктын  қиындығы  деп  жүріп
басқаларды  бауырымызға  тартатын  кең  мінезімізден  айырылып  Калмауды
қатты құпттау қажет.
Егемен ел атанып, тəуелсіздік туын тіккелі бері рухани бостандыққа
кол  жеткізіп,  бұрын  жабык  калыл  келген  тақырыптарды  еркін  талқылай
бастағанымыз белгілі. Қазақ ғалымдары мен публицистері еліміздің тарихы
туралы  талай-  талай  тағылымды  ойға  толы  енбектер,  мақалалар,  хабарлар
Даярлап  үлгерді.  Олардың  арасында  бүгінгі  ұрпақтын  тарихи  зердесін
оятуға,  ұлттық  сана-сезімін  ұштауға  септігін  тигізетін  дүниелер  кыруар.
Арғы-бергідегі  атақты  батырларымызды,  акын-жырауларымызды,  əнші-
күйшілерімізді еске алып, ат шаптырып, ас беріп жататынымыз да-, түптеп
келгенде,  жастардың  санасына  «Бабаларымызға  лайықты  болып  өсейік»
Деген ойды ұялатуға, өзінің халкы үшін мақтаныш сезімін калыптастыруға
жəрдемдеседі.
Бірақ  тек  өткенімізді  айтып  қана  қоюмен  шектелсек,  дұрыс  болмас
еді.
Казақ  баспасөзінде  отаршылдык  саясаттын  зардабы,  бүгінгі
демографиялық  ахуал  жайында  айтқанда  сол  үшін  нақты  адамдарды
кінəлап  сөйлегендей  сарын  байқалып  калатыны  бар.  Кей  газеттерде
Казақстанда  қатар  өмір  сүріп  жатқан  өз  азаматтарымызды  «келімсектер»
деу  қалыпты  нəрсеге  айналып  барады.  Бұлайша  кемсітуге  ешқандай  жол
беруге  болмайды.  Патшалык  Ресейдін  отаршыл  зорлығы  үшін,  Кенес
өкіметі  жылдарьындағы  белден  баса  жүргізілген  ұлт  саясаты  үшін  біздегі
орыстардың, украиндардың, немістердің, көрістердің, кысқасы, ешкімнін де
накты кінəсі жоқ. Олардың ата-бабалары, негізінен алғанда, бір кезде Ресей
империясының  шет  аймағына  тағдыр  айдап  келгендер,  тың  көтеру,  елді
31

индустрияландыру  науқандарында  партиянын  нұскауымен  осы  жаққа
жіберілгендер.  Отаршыл  халық  болмайды.  Отаршыл  саясат  болады.
Саясатты  халық  айқындайтын  заман,  демократия  заманы  жаңа-жаңа
орнығып жатыр.
Өткеннің  өкінішін  айтқанда,  елдін  еңсесін  езе  түсетіндей  етіп  емес,
тарихтан  тағылым  алатындай  етіп  айту  керек.  Қазақтын  күллі  адамзаттан
алабөтен  тағдыры  жоқ,  болуы  да  мүмкін  емес.  Отар  болу  тек  қазақтың
маңдайына  жазылмаған.  Бізден  алып,  бізден  халқы  көп  елдер  де
отаршылдықта болған. Білегі мықты елдің бəрі күші басымдығын жасап, əлі
жеткен  жерді  басып  ала  берген  өткен  дəуірлерде,  əсіресе,  он  сегізінші,  он
тоғызыншы  ғасырларда  бүкіл  əлемнің  тең  жартысына  жуығы  отарларға
бөлініп біткен болатын. Бұл апаттың дауылы дүниенін бір қиырында емес,
Еуразия  қүрлығының  кақ  ортасында  орналаскан  қазақ  даласын  айналып
өтуі тіпті де мүмкін емес еді.
Əлем  тарихын  қарап  отырсаңыз,  ешкашан  да  ешкімге  бағынышты
болып  көрмеген  елді  табу  киын.  Бірақ  тарихы  дамудын  өзіндік  қисыны,
логикасы  болатынын  ескеретін  өркениетті  мемлекеттерде  өткенді  кек
тұтып,  бүгінгі  өмірді  қолдан  киындату  ойға  да  келмейді.  Өткен  -  өтті,
кеткен  -  кетті.  Ендігі  мəселе  басқада.  Келешекте  қандай  өмір  сүреміз,
қайткенде өркениетті əлемдегі өзге елдермен тереземіз тең болады - мəселе,
міне, осында.
Өркениетті елдерге тəн жолмен дамудың басты бір шарты - өзіміздін
ұлттық бірлігімізді нығайту.
Келешегін ойлаған ел тарихтан тағылым алады.
Келесі жылы бір кезде Көк Орданың кұрамында болған ру- тайпалар
Керей  мен  Жəнібек  сұлтандардын  бастауымен  Əбілхайыр  хандығынан
бөлініп  шығып,  Шу  бойына  келіп  жаңа  хандық  -  Қазақ  хандығын
құрғанына  540  жыл  толады.  Кейбір  ғалымдар  530  жыл  деп  жазып  жүр.
Бірақ қалай болғанда да біз бұлдатаны атаусыз қалдырмауымыз керек.
Тарихи зерде кешіндегі мына бір ойымды қайталап айтпақпыз. Осы
бес  жарым  ғасыр  ішінде  қазақ  елінің  озып,  үдеген  кезі  де  аз  болмаған.
Соның бөрінде де үдеудің сыры - бірлікте, жүдеудің сыры - ала ауыздықта
екен.  Қашан  да,  кай  істе  болсын  ханы  мен  халкы  бір  болып,  тұтастык
құрғанда  мемлекет  нығайып,  ел  ырысы  тасады  екен,  ал  халқы  ханын
колдамай,  ханы  халкын  қорғамай,  өзімшілдік  өктемдік  алып,  өзара  талас-
тартысқа түскенде мемлекет əлсіреп, ел ырысы қашады екен.
Кəрі  тарихтың  куəлігіне  жүгініп,  бабалардың  өткен  жолын  бүгінгі
ұрпақ мүддесімен пайымдар болсақ екі мəселе екшелід алға шығады.
32

Оның  бірі  -  халықтығына  қатер,  мемлекеттігіне  қауіп  төніп,
аидарлысы  құлға,  тұлымдысы  күңге  айналғалы  тұрған  сын  сағатта  біздің
бабаларымыздың  ағайын  арасындағы  бұрынғы  өкпе-  назды  сыртқа
ысырып  тастап,  намыс  туын  көтеріп,  ардақ  тұтқан  азаматының  төңірегіне
топтаса  білгендігі.  Арғы-бергі  тарихымызда  оған  мысал  көп.  Əріден
тартсақ, сонау көне заманда түп-тегіміз түріктер бастарына қатер төнгенде
бəрілі  байрағын  көтеріп  Бумын  қағанның  төңрегіне  топтасып,  жұдырық
болып  түиілген  екен.  Сонда  жауын  жеңіп  каяа  коймай,  құдірет  күшке
аиналып шыға келген екен. Одан беріге келсек, кешегі Керей мен Жəнібек
шаңырағын  көтерген  Қазақ  хандығы  ұрпақ  ауыспай  жатып,  босагасы
босап,  кабырғасы  қақырап,  ханы  халқынан  қашып,  кұлауға  айналғанда
қазақтар  «қасқа  жолды»  Қасымның  касынан  табылып,  хандығын  кайта
калпына келтіріп, заманындағы куатты елге айналған екен. Одан де беріге
түссек, осыдан екі жарым ғасыр бұрын ғана калмақтар камсыз жатқан елді
қара
орманынан
айырып,
«ақтабан
шұбырындыға»
ұшыратып,
жұртымызды  жоқ  кылуға  айналғанда  үш  жүздің  баласы  Абылайдай
арысының төңрегіне топтасып, елдігін сақтай калған.
Аталарымыздың  өнеге  тұтып,  үлгі  аларлық  осынау  тірлігі  «Береке
басы  -  бірлік»,  «Бірлікте  болсаң  -  биікте  боласың»  деген  өмірлік
кағидаларды алға тартады, кісілікке, парасатқа шақырады.
Алайда,  атадан  қалғанның  бəрі  бірдей  алтын  емес,  «Бабамыздың
шоқ басқан табанымен, бірдей екен жаксысы жаманымен» деп Қадыр ақын
айтқандай,  аталарымыздын  тар  кезеңде  табысып,  бірлік-берекесін
көрсеткен  жақсылығымен  қатар  кеңшілікке  шыққанда  кесірлік  танытып,
ала  болын  ауыздағыларынан  айырылып,  өзара  қырқысып  кететін
жаманшылығының  қабат  жүретіндігі  де  өзекті  өртейді.  Акиқатын
айтайықшы:  алапат  бейнет,  кымбат  кұрбандыкнен  келген  тəуелсіздігін
барынша  баянды  етудің  орынына,  еркіндік  еншісіне  тиісімен  кейде
бабаларымыздың  билікті  бір-біріне  қимай,  өзара  тіресіп  шыға  келген
кездері  тарихта  аз  емес  қой.  Мысалы,  Ақтабан  шұбырындының  азабынан
кейін  атойлап  ұран  шақырып,  Алаш  туының  астына  біріккен  аталарымыз
ата  жаумен  айқастағы  атақты  жеңісін  аяғына  дейін  жеткізе  алмай,
басшылары  бас  хандыққа  таласып,  тарасып  кетпеп  пе  еді.  Оның  аяғы  не
болғаны  баршаңызға  белгілі.  Акырында  келіп  бодандық  қамытын
мойнымызға  іліп,  отар  елге  айналдық.  Ең  жаман  жері  сол  -  бауырына
кимаған  билігі  басқанын  қолына  көшкенде  əлгі  ежірейіскендердің  ентігі
басылып,  баяғы  өрлігінен  түк  қалмай,  жатқа  жағынып,  жалпандап  шыға
келген кездері де аз емес.
33

Жаксысы  мен  жаманы  алма-кезек  алмаскан  аталар  өмірінің  бір  ащы
сабағы осындай.
Адам  ата-бабасын  жамандап  абырой  таппайды.  Бірақ  еткеннің
жақсысынан  үйреніп,  жаманынан  жирене  алмаған  ұрпактың  да  көсегесі
көгере  қоймасы  белгілі.  Несін  жасырамыз,  ғасырлар  бойы  бірде  ерлікке,
бірде  ездікке  тартып  келген  осы  екі  мінез  бүгін  де  бойымызда  бар.  Жақсы
жағын  ойдағыдай  жалғастырып  кете  алмадық.  Жаман  жағынан  біржола
безіне алмадық.
Күні кешеге дейін калай жүріп, қалай тұратынымызға дейін Мəскеу
белгілеп келген кезде қазақтын қазақты жамандыққа оп-оңай кия беретінін
көзіміз талай көрді ғой. Бір-біріміздің үстімізден арызды қардай боратпасақ,
тасада тұрып тас атпасақ, өз сыбағамызды басқаға асатпас едік қой, елімізді
көрінген  біреуге  билетіп,  екі-үш  жылға  болса  да,  ұлттық  рухымызды
жасытпас едік қой. Рас емес пе, ағайындар?
Тарих  тағы  да  қазаққа  кезекті  сынын  тосып  тұр.  Тағдырдың  өзі
берген  осы  бақытымызды  бағалай  білуіміз,  осындай  ұрымтал  тұста  бір
жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығарып  қимылдауымыз,  сөйтіп,  елдіктің
іргетасын  берік  қалап  алуымыз  керек.  Бізді  əлсіреткісі  келетіндер,  аңысын
аңдып  отырғандар  табылуы  мүмкін.  Онсыз  да  алуан-алуан  адамдар:  «Бұл
өзі  ежелден  басы  бірікпеген  ел  екен,  қазірге  дейін  жүзге,  руға  бөлінеді
екен»,  дегендей  əңгімені  ауың-ауык  бықсытып  коятынын  естімей  жүрген
жоқпыз.
Бұл - біздің бірлігімізді каламайтындардың мысық тілеуі.
Бұл  -  қазақ  тарихынан  хабарсыз,  казақ  қауымыньщ  өзіндік  сипатын
білмейтін адамдардың жел сөзі.
Кез келген этнос тайпалардан құралады. Басқасын айтпай- ақ өзіміз
қоян-қолтық  өмір  сүріп  жатқан  орыс  халкын  алсақ  та  ұлт  ретінде  кезінде
радимичи,  уличи,  вятичи,  дреговичи,  тиверцы,  кривичи,  древляне,
волыняне  деген  сиякты  сан  түрлі  тайпалардан  кұралғанын  көреміз.
Олардың  князьдықтарының  арасыңда  талай-талай  қанды  айқастар
болғанынан да мектеп  оқулығынан  хабардармыз.  Кейін  ортақ  мүдде
турғысынан  ортаң  əтносқа  біріккен.  Қазір  жанаты  тайпалардың  атын
тарихшылар болмаса басқалар онша біле де коймайды.
Қазақтың да бүкіл тарихы - бірігу тарихы.
Халқымыздың  туыскандық  негізі  бойьнша  атаға  бірігу,  өмір
салтына,  шаруашылық  жүргізу  талабына  орай  руға  бірігу,  жер  ыңғайына
қарай
тайпаға
бірігу,
шетсіз-шексіз
даланың
жағдайына,
саяси
институттарды қалыптастырудың, əкімшілік басқарудың қажеттігіне қарай
34

жүзге  бірігу,  мемлекеттік  мүдде  тұрғысынан  ұлтқа  бірігу  процесі  кезең-
кезеңімен  эволюциялық  жолмен,  əлеуметтік  сілкініссіз,  қақтығыссыз  өтті.
Бұл - біздің бақытымыз. Оны бағалай білуіміз керек. Ата-бабаларымыз бізге
бірліктің,  ынтымактын  ұлы  үлгісін  көрсетіп  кетті.  Ойлап  қараңыздаршы,
Атырау  мен  Алтайдың  арасындағы  алып  даланы  жайлап  жатқанда,
мемлекеттің  реттеуші  тетіктері  толык  іске  қосылмай  тұрған  кездін  өзінде
ешқашан да, еш жерде қазақта жүз бен жүз, тайпа мен тайпа тұрмақ, ру мен
ру  соғысып  көрмеген!  Өмір  болған  соң  кездеспей  қоймайтын  жер  дауы,
жесір  дауының,  барымта  мен  сырымтаның  аяғы  ат-тон  айыппен,  əрі
кеткенде  билер  кеңесінде  кұн  төлетумен  бітім  тауып  отырған.  Тек  кейінгі
екі-үш ғасырдағы отаршылдык камыты мойнына салынғанда, басқага күні
түсіп,  жалтақтап  калған  тұста  ел  азаматтарын  шен-шекпенге  таластырып,
ұлттын  ұйыған  татулығын  қолдан  бұзды.  Əлі  күнге  анау  жүзден,  мынау
рудан  деген  бықсық  əңгіменің  бəрі  негізінен  креслоның  немесе  лауазым
маңайында қозғалатыны да сондықтан.
«Алтау  ала  болса  ауыздағы  кететінін,  төртеу  түгел  болса  төбедегі
келетінін» ұмытпайық.
Мен  қазақ  елінің  Президенті  ретінде  де,  ез  халкымнын  бір  перзенті
ретінде  де  ұлтымыздын  тұтастығын,  ынтымағын,  бірлігін  көзімнің
қарашығындай  сақтауды  қасиетті  парызым  ден  санаймын.  Президент
антын  кабылдаған  күні  маған  халкымыздың  кадірменді  қариясы  -  Шəкір
Əбенов  ақсақалдын  берген  батасы  кашан  да  көңілімнің  төрінде  тұрады.
Ақсакал  дүнйе  салғалы  бері  ол  мен  үшін  əрі  бата,  əрі  аманат.  Иманы
саламат болсын.
Ал жалпы жұртымыз үшін аманат боларлық сөз бар ма?
Бар. Ол сөз - Абай сөзі. Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары.
Ұлы  Абайдың  бір  жарым  ғасырлық  тойы  біздің  елдігімізге  үлкен
сын  болатынын  ұмытпауымыз  керек.  Абай  -  мерейтойы  дүние  жүзі
кəлемінде аталып өтетін тұңғыш қазақ. Оған кол жеткізу де оңайға түскен
жоқ. ЮНЕСКО-нын төртібі бойынша кем дегенде екі нөлі бар даталар ғана
каралады  екен.  Мысалы,  жүз  жыл,  екі  жүз  жыл,  бес  жүз  жыл,  мың  жыл
деген  сиякты.  Əйтеуір  елдің  беделін,  өзімнің  беделімді  салып  жүріп,  Абай
атамыздың  150  жылдыгын  ЮНЕСКО-ның  ресми  календарына  енгізе
алдық.
Сол ұлы тойға бүкіл халық болып əзірленуіміз керек. Мен Бұл сөзді
əдейі ерекше қадап айтып тұрмын. Мəселе тойдың өзің өткізуде ғана емес.
Қазір  бұл  мəселені  мен  өзім  тікелей  бақылап  отырмын,  істі  жігерлі  жас
кадрлар  қолға  алып  жатыр,  ойдағыдай  өтетініне  сенеміз.  Осы  тойдың
35

алдында əрбір азамат езіне-өзі іштей есеп беріп, Абай атам шакырған биікке
ұмтылдым ба, Абай атам берген насихатты бойыма сіңірдім бе, Абай атам
айтқан сыннан қорытынды шығардым ба, қысқасы, калың еліме, қазағыма
иненін  жасуындай  болса  да  жаңсылык  жасай  алдым  ба,  алмадым  ба  деп
толғанысқа түссе деймін. Сонда Абай тойы ұсында біздің халқымыз рухани
жағынан бір түлеп, жаңа биікке Қотеріліп калар еді.
Йə, ардақты ағайьш, жаңадан мемлекет кұру дегеннің қандай Қиын
міндет  екеніне  бəріміздін  де  көзіміз  жетті.  Оның  үстіне  біздің
тəуелсіздігіміздің  алғашкы  кадамдары  дүниенің  дидары  өзгерің,  қоғам  бір
сипаттан бір сипатқа ауысып жаткан ала- сапыран кезеңге тұсда-тұс келді.
Бір  жағынан,  демократия  принциптері  орнығып,  халықтын  пікірі  ескеріле
бастады,  екінші  жағынан,  демократияны  ойына  келгенді  істеу,  аузына
келгенді  айту  деп  санайтындар  шықты.  Бір  жағынан,  нарық  катынастары
өмірге  еніп,  əкономикалык  реформалар  жүзеге  аса  бастады,  екінші
жағынан,  нарыктың  алғашқы  қадамындағы  қиындықтарды  пайдаланып,
еңбексіз  пайда  табатындар,  қымбатшылық  дегенді  жамылып,  қарапайым
халыкты сүліктей соратындар шыкты.
Өзіміздін де қателіктеріміз аз болған жоқ. Ал бірақ қателік жібермеу
мүмкін бе еді? Меніңше, мүмкін емес еді. Ойлап қараңыздаршы, бізге дейін
кім  жаңа  мемлекет  құрып  көріпті?  Алдымызда  нақты  үлгі  болды  ма?
Мемлекетінің талай ғасырлық тарихы бар, оны айтпағанда КСРО-дай алып
елдің  негізі  болып  келген  Ресейдің  өзі  де  əлі  күнге  аяғын  əрпіл-тəрпіл
басып, кең адымдап кете алмай жатыр. Украина қандай қуатты республика
еді, олар да дағдарыстан шыға алмай тұр. Басқалар да солай. Демек, бүгінгі
қиындықтардың тереңде жатқан себептері болғаны.
«Жаңылмайтын  жақ  жоқ,  сүрінбейтін  тұяқ  жоқ»  дейді  аталарымыз.
Дер  кезінде  алдын  алмаудан,  артықша  сактанудан  біраз  кемшілік
жіберілгені  рас.  Ұлттық  валютамызды  сəл  ертерек  енгізгенде  жақсырақ
болатын  еді.  Аса  кұпия  жағдайда  даярлатканша  үлгергеніміз  сол  болды.
Нанның  бағасын  1993  жылдың  өзінде  босату  керек  еді.  «Нанның  бағасы
босатылса,  ашаршылык  басталады»  деп  сол  кездегі  парламент  отырып
алды. Жалақы төмен болған соң бұл шешімге тəуекел етпедім. Жаяа үкімет
өз  жұмысын  бірден  нанның  бағасын  босатудан  бастады.  Дүние  төңкеріліп
түскен  жоқ  қой.  Соның  арқасында  үкімет  алғаш  рет  ауыл-селомен  есеп
айырыса алды. Егінді сырттан көмек сұратпай, толық өз күшімізбен жинап
алатын
болдық.
Қазақстанның
шекаралас
облыстарынан
Ресейге
мəшинемен ұн тасып əкету токталды.
Ең негізгі мəселе - экономикалык реформаның басты бағыттарында,
36

саяси  тəуелсіздігімізді  нығайтуда,  елде  демократиялық  процестерді
орнықтыруда,  ұлтаралық  татулық  саясатын  жүргізуде  жаңылыс  баскан
жоқпыз  деп  кəміл  сенемін.  Баскаша  айтқанда,  тактикалық  тұрғыда  кателік
жіберілмеді деп ойлаймын.
Осы  қиын  да  касиетті  істе  өздеріңіз  сайлаған  Президентке  үнемі
сенім  білдіріп,  қолдап  келгендеріңіз  үшін,  уақытша  ауыртпашылықтарды
біздің халқымызға ежелден тəн сабырмен, көнбістікпен көтере білгендеріңіз
үшін шын жүректен алғысымды айтамын!
Мұндай  халык  үшін  кандай  сынға  да  шыдауға,  қандай  іске  де
тəуекел етуге болады! Мен оның бəріне дайынмын.
Дүниежүзі  қазақтары  кауымдастығының  бұл  жиыны  ел  өміріндегі
аса  маңызды  окиғаның  қарсанында  өткелі  отыр.  Өздеріңіз  білесіздер,
жақында  өткен  Қазақстан  халыктарының  ассамблеясына  катысушылар
республиканың  көп  ұлтты  халкына  Президенттін  өкілеттігін  2000  жылға
дейін  ұзарту  туралы  ұсыныс  енгізді,  Енді  бір  аптадан  кейін,  сөуірдің  29-ы
күні  қазақстандықтар  бүкілхалыктық  референдумға  катысып,  елдің
болашақ  тағдырына  катысты  шешім  кабылдайтын  болады.  Бұл  оқиға
Қазақстан Конституциясы мен зандарына сəйкес өткізілмек.
Бүгін орайы келіп тұрғанда, мен референдумға қатысты ойларымды
да ортаға салсам деймін. Туған Отанының тыныс- тіршілігіне кұлақ түріп,
бұл  жақтағы  жаңалықтың  бəріне  елеңдеп  отырған  отандастарымыздын  да
талайын бұл мəселелер толғандыратыны талассыз.
Референдум  не  үшін  өткізілмекші?  Біреулер  бұл  референдумның
мəні Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартып, билігін күшейту
деп ұғатын сиякты.
Мəселе  менің  жеке  өзіме  тіреліп  тұрған  жок.  Бүкіл  əлемде  халық
өмірінің  ең  маңызды  мəселелері  референдум  арқылы  шешіледі.  Қазір
еліміздің  азаматтарының  талкысына  мемлекеттің  тағдырына  тікелей
катысы бар сауал ұсынылып отыр.
Президент  сайлауы  өткелі  төрт  жылдай  болды.  Экономикалық
реформаны  жүзеге  асыру  үшін  талай  шаруа  атқарылды.  Нарыктың
қатынастар  орныға  бастады.  Ең  бастысы  -  Қазақстанның  мемлекеттігін
калыптастырудың алғашқы белесінен өттік. Осы тұста «Алған бағытымыз
қалай?  Осы  жасап  асатқан  ісімізді  халық  колдай  ма?»  деген  мəселенін
басын  ашып  алу  керек  болып  тұр.  Егер  халык  колдаса,  осы  колға  алған
шаруаны  жерше  жеткізу  керек  десе,  мен  казіргіден  гөрі  сенімді,  еркін
кимылдаймын. Жалпы, өз басым халыктын бүгінгі саясатты колдайтынына
кəміл сенемін.
37

Біздің  оппозиция  өкілдерінін  көбі  сынап  сөйлегені  болмаса,  накты
жұмысқа қыры жоқтар. Кейбіреулері сайлауда дауыс жинау үшін қазақтың
жерін,  халқынын  тілін  саудаға  салудан  да  тайынбайтындар.  Сондықтан,
тағы  да  айтамын:  мəселе  Назарбаевта  емес.  Мəселе  -  халықтын
болашағында. Халыктын болашағымен ойнауға болмайды.
Оның үстіне, жасыратын несі бар, халық саясаткерлердің сайысынан
шаршады.  Екі  рет  өткізілген  парламент  сайлауының  өзі-ақ  елді  əбден
дурліктіріп, əуре-сарсаңа түсірді. Егер казір жаяу көкпарды бастап жіберіп,
онсыз  да  жағдайы  ауыр  елді  енді  кемі  бір  жарым  жылға  созылатын
Президент
сайлауының
дау-дамайына
салып
қойсақ
бастаған
шаруаларымыздың  көбі  жайына  калады.  Айналып  келгенде,  мұнын
зардабы халыққа тиеді.
Міне,  осының  бəрін  ескере  келіп,  мен  Қазақстан  халыктары
Ассамблеясының  бүкілхалықтың  референдум  өткізу  жөніндегі  ұсынысын
қабыл  алдым.  Референдумнын  кажеттігін  еліміздегі  саяси  күштер,
коғамдық бірлестіктердің бəрі де айтып отыр. Оларына рахмет.
Біз  референдум  аркылы  төуелсіздігіміздің  тағдырын  түбегейлі
шешуге  тағы  бес  жыл  уакыт  косып  алғалы  тұрғанымызды  ұмытпайық.
Қазақстандағы казіргі тыныш ахуалды сактай алсақ енді бес жылда ойдағы
талай шаруамыз реттеліп қалатынына сенімдімін.
Болашақта  колға  алынатын  аукымды  істерді,  кеңінен  жоспарлап,
жүзеге асыратын шаруаларды дел қазір айтып жатқым келмейді. Дегенмен,
таяу арадағы бірқатар жоспарларды ортаға салған орынды сияқты.
Алдымен  аткарылар  шаруаның  бірі  -  болашақ  парламенттін
кұрылымын,  сипатын  анықтау.  Президенттік  республика  жағдайында
парламент  зан  шығарушы  орган  ретінде  өз  міндетімен  шүғылдануы  керек.
Тегі,  болашақ  парламент  екі  палаталы  болғаны  жөн  сияқты.  Бұл  заңдарды
тереңдеу талкылауға, алдын-ала сүзгіден откізуге мүмкіндік береді.
Парламент керек пе өзі? - деген сөздерді естіп каламыз.
Əрине,  парламент  керек.  Бірақ,  ол  өзінше  тұрған  бір  билік  түрінде
емес,  биліктің  бір  тармағы  түрінде  болуы  керек.  Парламентті,  үкіметті,
сотты «үш билік» деп сөйлейтіндер бар.
Билік - біреу. Тармактары - бірнешеу.
Осыны  есте  ұстауымыз  шарт.  Мемлекетіміз  қалыптасып  кеткенше
біз елдігіміздің негізін, биліктің мүмкіндігін күшейтуіміз керек.
Маған берілген қосымша өкілеттікке байланысты кезек күттірмейтін
зандарды алдымен кабылдау кажет. Бəрінен бұрын Салық кодексін бекітуді
ойлап отырмын. Жакында Салык кодексін өзірлеуге байланысты мəселелер
38

бойынша кеңес өткіздім. Бұл кұжаттың елдің тыныс-тіршілігі үшін маңызы
зор,  ол  əрбір  салық  төлеушінің  алдында  жататын  кітабына  айналуы  керек.
Ол  табысты  адал  мəлімдеуге  ынталандыруға,  өндіріс  кəлемін  арттыруға,
шаруашылықтың  ұкыпты  жүргізілуін  көтермелеуге  тиіс.  Біздін  бүгінгі
қиындыктарымыздың
көбі
осы
салық
жүйесінің
жете
ойластырылмағанынан.  Бүкіл  əлемде  мемлекет  саясаты  салык  арқылы
жүргізіледі.
Табысын
жасырғандар,
салықты
толық
тəлемегендер
əшкереленіп,  жазаланып  жатады.  Ал  бізде  қазірше  кімнің  не  тауып
жатқанын, калай тауып жатқанын адам біліп болмайды.
Қазірдің  өзінде  қолға  алынған,  референдумнан  кейін  түпкілікті
шешілуге тиіс тағы бір шаруа – жалақыны, зейнетақыны  уақытылы төлеу.
Ендігі  жерде  бұл  үшін  кінəлілерді  нақты  атап,  жеке  жауапкершелігі
қаралатын болады.
Инфляцияның
аяқ
астынан
шарықтап
кетуне
байланысты
жұртшылықтың  жинақ  кассаларына  салған  ақшасы  құнсызданып  қалғаны
белгілі.  Бұған  дейін  біз  бұл  проблеманы  көріп,  біліп  отырғанымызбен,
оның  орынын  толтыруға  мүмкіндік  таба  алмаған  едік.  Жұртшылықтың
1992  жылғы  1  қаңтарға  дейінгі  ақшасы  есептеліп,  бүгінгі  бағаға
байланысты өтеуі берілетін болады. Бұл істі биыл бастауға мүмкіндік жоқ,
оны тек келесі жылдан колға аламыз.
Йнфляцияны  ауыздықтаудың  сəті  түскенін  айттым.  Ендігі  міндет  -
оны  тоқтату.  Бұл  үшін  тұтыну  бағаларының  өсімі  алдағы  кезде  айына  бір,
бір жарым проценттен аспауы керек.
Экономикалық  қылмысқа,  əсіресе,  коррупцияға  тоскауыл  қоюымыз
қажет.  Жекешелендіру  ісіне  де  тəртіп  керек.  Енді  ол  тек  ашық  конкурс
бойынша, азаматтардың бакылауымен жүргізілетін болады. Жер реформасы
жүзеге асырылады. Басқа да жоспарлар бар.
Елде тəртіп орнатуды түбегейлі міндет етіп кою керек. Бұл арада мен
кылмысқа  карсы  күресті  алдымен  айткым  келеді.  Біздің  қоғамдык  тəртіп
пен  зандылықты  нығайтуға  бағытталған  жұмысымыз  бүкіл  ел  тарапынан
толык  қолдау  тауып  отыр.  Қазақстанда  əрбір  адам  емін-еркін  өмір
сүретіндей,
қылмыскерлер
əділ
жазадан
құтылмайтындай
жағдай
жасамайынша,  бірде-  бір  салада  табысқа  жетуіміз  мүмкін  емес.  Керек
десеңіз,  бұл  істің  маңызын  экономикалық  реформаларды  жүзеге  асырудан
бір де кем болмайды. Өйткені, адамның өміріне ұдайы қауіп төніп тұратын
болса,  еңбекпен  тапқан  дəулет  кез  келген  күні  қарақшының  қолына
түсетіндей  болса,  адамдар  зандылыққа,  əділдікке  сенбесе,  басқа  шаруаның
ешкандай құны калмайды.
39

Төртіл  орнату  елдін  елдігіне,  ұлттын  жауапкершілігіне  сын.  Қатты
алаңдатарлық  нəрсе  -  өзіміздің  қазақ  жастарының  арасында  қылмыс
жасаушылар  көбейіп  бара  жатқандығы.  Мен  сіздерге  бір  ғана  нəрсені
айтайын.  Сексенінші  жылдарға  дейін  сотталғандардың  ширек  бөлігі  ғана
қазақ  жастарының  өкілдері  болып,  қазір  олардың  саны  алпыс  проценттен
асып отыр. Демек, орта есеппен алғанда əрбір сотталған он адамның алтау-
жетеуі өзіміздің жастарымыз. Бұл - айрықша дабыл қағатын, бұкіл халыққа
естірте  айтып,  алдын  алатын  аса  қауіпті  кұбылыс.  Əдетте,  заңды  кұрмет
тұтатын, айтқан тілді алатын, салт-дəстүрді сақтайтын қазақ жастары ауыр
кылмысқа бара беретін болды ал ұйымдасып қылмыс жасауда басқалардын
алдына шыкты.
Қалаларда  қаптап  кеткен  əрекет,  үй  тонау  дегеннің  көбі  ауылдан
келген  жастардың  қолымен  жасалады.  Біздің  халықта  қыз  аланы  қандай
қадірлегенін,  аялап  ұстағанын  білесіздер.  Амал  не,  қыз  зорлау  деген
сұмдық  жастарымыздың  арасында  да  кебейіп  тұр.  Мен  Президент  ретінде
өлім
жазасына
кесілгендердің
материалдарымен
танысып,
шешім
қабылдарда  жап-жас  жігіттердін  соншама  қатыгездікке  қалай  баратынына
тан  қаламын.  Өткен  жылы  Талдыкорғанның  Жаркент  ауданында  тапа-тал
түсте бір үйден алты адамды бірден бауыздап кеткен, өрімдей балаларды да
аямаған.  Ал,  Шымкент  каласында  учаскелік  инспекторды  екі  баласымен
қоса  өлтіріп  кетті.  Тағы  да  сол  Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  Таев  деген
біреу басқарған қылмысты топ ұсталды. Он бір адамның басын қосқан бұл
топ 30-дан астам қылмыс жасаған, олардың біразы адам өлімімен аяқталған.
Мен  қылмысқа  қарсы  күресті  жеріне  жеткізбей  тоқтамақ  емеспін.
Бұл істі халық толық қолдайтынына сенімдімін.
Біздің  тікелей  өзімізге  қатысты  жайларға  коғамды,  елді,  мемлекетті
кінəлап  жататын  əдетіміз  бар.  Жоқ  көп  нəрсе  адамның  тек  өзіне
байланысты.  Егер  өркім  өзін-өзі  камшыламаса,  намысын  оятпаса,  жігерін
жанымаса,  онда  тұтастай  алғанда  халықтың  рухы  көтерілмек  емес.  Егер
əркім  өзінің  шаруасын  құнттап  жүргізбесе,  онда  елдің  де  дəулеті  таса
қоймайды.  Ашығын  айтайық:  біз  ғасырлар  бойы  батпандап  сіңген
жалқаулықтан  арылуға  тырыспайынша,  ісіміз  алға  баспайтын  болады.  Бұл
сөзге орынсыз шамданудың керегі жоқ. Қайта намыс көріп, сол мінімізден
құтылуға ұмтылуымыз керек.
Көсегесі  көгерін,  дəулеті  тасып,  сəулеті  асып  отырған  елдердің
қайсысына  қарасаңыз  да,  енбектің  қадір-қасиеті  бөлекше  ағаланады.
Адамның  ен  басты  қасиеті  енбекқорлығы  делінеді.  бүкіл  дүниенің  халқы
адам  қалай  жұмыс  істесе  солай  тұратынын  пайымдап  болған.  Расында  да,
40

біздегідей  жұмыс  істеп,  Жапониядағыдай  тұруға  болмайды  ғой...
Жапониядағыдай тұру үшін жапондардай жұмыс істеу керек.
Коғамдық  өндірісті  аңгіме  етпей-ақ  қояйық,  бақ  өсіру,  бақша  егу,
саяжай  салу  сиякты  əркімнің  өзіне  кажетті  істерде  біздің  казекеңнің
өзгелерден  көп  кейін  тұратыны  рас  кой.  Баға  аспандаи  өсіп,  күнделікті
тамақка  керек  көкөністің  бəрі  қымбаттап  кеткенін  көріп  отырсақ  та,
саяжайдан, тіпті есіктін алдындағы бақшадан жөндеп ештеңе ала алмайтын
қырсыздардын,  əсіресе,  біздің  арамызда  көп  екендігін  несіне  жасырамыз.
Онымен  қоймай,  сонымызды  тап  бір  қазақтың  ер  көңілділігінің,  дүниенің
ұсақ ісіне онша көңіл бөле коймайтыңдығынын белгісіндей сөйлейтінімізді
қайтесіз!..  Мұның  бəрін  баяғыда  Абай  атамыз  айтып  кеткен.  Жанымызды
жеп,  көзге  шұкып  тұрып  айтқан.  Өткен  жолы,  Тарихи  зерде  кешіндегі
баяндамада  Сұлтанбек  Кожановтың  1924  жылы  жазған  «Жас  буын,  жаңа
жұрт жолға түссін» деген мақаласындағы бір ойды келтірген едім. Шеттегі
отандастарымыз  ұшін  тағы  қайталай  кетейін.  Ол  кісі  мақаласында  былай
депті:  «Қырғыз-қазақ  тұрмысының  ен  үлкен  кемшілігі  -  шаруа  түрінің
орныксыздығы, олардың еркіндікте бола алмай, табиғи жолмен ілгері баса
алмағандығы.
Қазақ-
қырғыз
үдесінен
шығып,
бірте-бірте
мəдениеттендіріліп,  не  мал  шаруашылығын  өркендете  алған  жоқ  не
орнығып  отырып,  алаңсыз  егіншілікпен  айналысқан  жоқ,  не  қолөнерін
дамытпады,  не  сауда  үдесінен  шыкпады.  Жаз  болса  сазға  аунап,  салқынға
төсін  тосып,  жоқ  дəулетке  мəз  болып,  құрғақ  серілікке,  кедейсалдыққа
салынып, қыс болса үкідей ысылдап, отбасынан шықпай қақталып, жазды
жаз  деп  бейнетсіз  еткізу,  қысты  қиын  деп  қимылсыз  өткізу  казақ-
кырғыздың  көпшілігіне  салт  болып  кеткен».  Бұл  мінездерімізден  өлі  де
арыла  алмай  келеміз.  «Жоқ  дəулетке  мəз  болу»,  «кедейсалдықка  салыну»
деген  сөздердін  мағынасына  ой  жіберіп  қарайықшы.  Бір  жерден  алған
арағын басқа жерге сатып, сауда маңындағыларды қорқытып-үркітіп жүріп
акша тауып, сонысымен ресторандарда сайрандайтын қазақ жастарына осы
сөзді айтуға болар еді.
Бүгінгі  экономикалык  қиындықтар,  түрмыстың  ауырлығы  туралы
сөз  болғанда  осындай  күнге  жеткізді  деп  бұрынғы  қоғамдық  құрылысты
сынап сөйлейміз. Ал, немқұрайдылы еріншектік, іштарлык, мақтаншактық,
паидакүнемдік,  бейкамдык,  надандык  сиякты  толып  жаткан  міндерді
жоюға ең алдымен адамнын өзінің жігері керек. Материалдык кедейлік пен
рухани жұрдайлыктың жөні бөлек. Кедеймін деп басқаны кінəлауға болар,
бірақ  жаның  жұрдай  болса,  тек  өзінді  кінəлауың  керек.  Қазір  еліміз  азат,
жеріміз азат. Енді бойымыз да, ойымыз да азат болуы керек. Солай десек те,
41

біздің  көптеген  азаматтарымызда  баяғы  енжарлық,  баяғы  немкұрайдылық
бар. Заман өзгергенін, қоғам өзгергенін, адам өзгергенін ескере бермейміз.
Енді  «Мен  осы  неменеге  жанымды  саламын?»  дейтін  кез  емес.
«Коммунизм  өзі  орнайтын  нəрсе  ме,  орнамайтын  нəрсе  ме,  мына
социализмнін  өзін  дұрыстай  алмай  жатырмыз.  Текке  арамтер  болып
кайтемін»  дейтін  кез  келмеске  кетті.  Енді  не  істесең  де  ізгіліктің  ізі  туған
жерінде  қалады,  не  жасасаң  да  ырыздығы  ең  алдымен  туған  халкына  -
қазағыңа бұйырады. Айналып келгенде өзіңе бұйырады.
Қазір өмір сүрудін мəні нақтылана түсті, максаты биіктей түсті.
Осыны ұмытпайыкшы, ағайндар!
Алдағы  жиырма  бірінші  ғасыр  қазақ  халқының  жұлдызы  жанатын
ғасыры болатынына сенемін. Құдай қазақка кырын карамаған: пейіліне сай
етіп  ұлая-ғайыр  жер  берген,  астын-үстін  толтырып  кен  берген,  мейірбан,
ақкөңіл,  адал  ел  берген,  жаны  үшін  малын,  ары  үшін  жанын  садаға  ететің
ер  берген.  Қазақтың  жерінде  дəулетті  де  саулетті  өмір  орнауына  қажетті
жағдайдың  барлығы  бізде  бар.  Бұл  үшін  біз  ен  алдымең  елдегі
тыныштықты  сактай  алуымыз  керек,  ерінбей-талмай  еңбек  етіп,
экономикалық  қуатымызды  арттыру  арқылы  мемлекетімізді  ешкімғе
тəуелсіз  ел  етуіміз  керек,  халқымызды  жаңа  заманға  сай  кайрап,  шыңдап,
ширатып  шығаруымыз  керек.  Мұның  барлығының басты шарты  əрбір
казақ  баласы  тағдыр  сыйлаған,  тарих  сыйлаған  осы  ақыттың  бағасын
білуге  тиіс.  Бакыт  бағасын  білгеннің  ғана  бсында  тұрады.  Қастерленбеген
нəрсенің қасиеті кеми береді.
Əрбір  қазақ  азаматы  өз  мандайына  төуелсіз  Қазақстан  мемлекетін
кұру  бакыты  бұйырғанын  ұмытпауы  шарт.  Мен  де  қазақтың  бір
баласымын.  Менің  маңдайыма  осы  касиетті  істің  басында  тұру  бакыты
бұйырыпты.  Бұл  үшін  тағдырыма  мың-  мың  мəрте  разымын.  Осы  істін
жолында бар күш-кайратымды да, білімімді де, білігімді де, төжірибемді де,
ақылымды да, кажет болса жанымды да аямаймын.
Сөзімнің  соңында,  сіздерге,  сіздер  аркылы  туған  халкыма  мына
жайды айтпақпымын.
Мен  бұл  референдумды  өткізуге  халық  осы  саясатты  колдайтын-
қолдамайтынын  аныктау  максатымен  келісім  бердім.  Осы  саясатты
қолдасаңыздар,  Қазақстанды,  демократияны  ардақ  тұтатын,  заңды
құрметтейтін,  ұлттары  мен  ұлыстары  бір  үйдің  баласындай,  бір  колдың
саласындай тату тұратын, азаматтары ертеңгі күніне сеніммен өмір сүретін,
қазақ  халқы  өзін  ел  иесі  сезінетін  мемлекетке  айналдыруға  батыл  бет
бұрамын.
42

Біздің  алдымызда  тəуелсіздік  тағдыры  таразыға  тартылар  сын  сағат
тұр. Референдум бізге елімізді нығайта түсу үшін керек.
Екінің  бірі:  біз  не  таяу  жылдарда  шын  мəнінде  төуелсіз  мемлекет
құру ісін аяктаймыз, немесе тағдырдың өзі колға əкеп берген мұмкіндіктен
айырылып, болашақ ұрпактың обалына каламыз.
Мұны əрбір азамат айкын ұғынуға тиіс.
Ардақты бауырлар!
Құрылтайдағы  сөзімді  түйіндерде  былай  дегенім  бар  еді:  «Орнында
бар оңалар » дейтін еді халкымыз. Шүкір, ел орнында, жер орнында. Жерге
жетер  ештеңе  жоқ  жерден  өтер  байлық  жоқ.  Жер  болса  -  ел  болады.  Ел
болса  -  ер  болады.  Осындай  жеріміз  барда,  осындай  еліміз  барда,
өздерікіздей еріміз барда біз ешкімнен кем болмаймыз!»
Сол сөзімді бүгін де кайталаймын.
Атамекенімізде тек жаксылықпен жолығуға жазсын!
Қиын-кыстау  заманнан  аман-есен  шығып,  келер  ұрпактын  қолына
бакыт жұлдызын ұстатуға жараткая жар болсын.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет