Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата31.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Төртінші тарау
ҚАЗАҚСТАН ТƏУЕЛСІЗДІГІ: ТАРИХ
ТАҒЫЛЫМДАРЫ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігіның
5 жылдығына арналып, 1996 жылғы
желтоқсанның 11-інде өткен салтанатты
жиналыста жасаған баяндамасы
Салтанатты жиналысқа катысушы кымбатты достар!
Құрметті отандастар!
Баршаңызды,  сіздер  аркылы  бүкіл  Қазақстан  халқын  біздін  кайта
туған  мемлекеттігіміздің  тұңгыш  мерейтойымен  -  тəуелсіздігіміздің  бес
жылдык мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау  Ұлыстың  ұлы  күні  -  ет  жүрегі  Отан  деп  соққан  əрбір
азаматтың қасиетті мерекесі, еліміздің ең басты тойы.
Тəуелсіздіктің  бес  жылы  -  тым  тереңдеп  тұжырым  түйіп,  барынша
байыпты  баға  беруге  аздық  ететін  келте  кезең.  Бірақ  Қазақстанның
төуелсіздігінің тарихы алдағы болашаққа карай зымырап бара жаткан біздің
ғасырдын соңы онжылдығына ғана тіреліп тұрған жоқ.
Біздің  халкымыз  тарихтын  қатпар-катлар  кыртыстарына  тамырын
терең  жіберген  киын  да  кызықты,  талайлы  тағдыр  кешті.  Ол  негізнен,
43

тəуелсіздік  жолындағы  күреспен  өтті.  Бүгінгі  Қазақстанның  алдына  уакыт
қойып  отырган  міндеттердін  ауқымы  мен  артар  жауапкершілік  жүгін
өлгіндей  окиғалардың  таңбалы  тарихи  тізбегін,  ата-бабаларымыздың
жүздеген  ұрпақтарының  жанын  жай  таптырмаған  азапты  ізденіетерін
ескермей тұрып бағалау да, бағамдау да қиын.
_  Қазақстаннын  тəуелсіздік  тарихы  аппақ  парақ  бетіне  күні  кеше
түсе  калған  жоқ,  оның  көне  дəстүрлері  бар.  Бүгінгі  күнді  түсініп-түйсіну
үшін  де,  болашактың  дидарын  көзге  елестету  үшін  де  кешегі  кезеңге  көз
жіберуіміз керек.
МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗДІҢ ТАРИХИ БЕЛЕСТЕРІ
Осыдан  бір  жарым  мың  жылдай  бұрын  біздің  ата-бабаларымыз
өздерінің тұңгғыш ұлы мемлекетін - Түрік кағандығын кұрды. Еуразиядағы
көптеген  мемлекеттер,  олардың  ішінде  біздің  еліміз  де  сол  кағандықтық
бүгінге келіп жеткен сілемі болып табылады.
Ұлан-ғайыр  аумақта  əрлі-берлі  жəнкіліп  күн  кешкен  Азия
көшпелілері  тұтас  кұрлықтардың  этностык  жөне  мемлекеттік  келбетін
талай  өзгеріске  түсірді.  Түркілердің  көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі
тайпалары  бүгінгі  көптеген  халықтардың,  ең  алдымен  түркі  тілдес
халықтардың  қалыптасуына  негіз  жасан  берді.  Олар  ұлан-гайыр  аймакқа
орналасты.  Бір  шеті  сонау  Саха  елінен  бастап,  екінші  шеті  сонау  Жерорта
теңізіне дейінгі аралықтағы 10 мың шақырым жерді жайлап жатты.
Бір елден кейін бір елді жаулап алып, жетінші ғасыр мен он үшінші
ғасырдын  аралығында  жер-жаһанға  канатын  жайғая  арабтарды,  ұлы
географиялық  жаналықтар  кезеңінен  кейін  ашылған  кұрлыктарды,
отаршылдыкпен  басып  алған  еуро  палыктарды  қоспағанда,  бұрын-соңды
бірде-бір халык немесе, тіпті, халықтардың тұтас бір тобы мұндай аса ұлан-
ғайыр аумақты қоныстанып көрмепті.
Осыншама  ұлан-байтақ  аумақты  басқалар  емес,  тап  көшпелілердің
игеретін  жөні  де  бар.  Өйткені  олар  қоғамдык  өндірістің  ерекше  табиғи
жағдайларға  бейімделген,  төрт  түлікті  бағын-күтуге  лайыкталған,  бітімі
бөлек  мəдени-шаруашылық  тұрпатын  жасақтады.  «Жылқы  ысқырса
желдікі, айдаса жаудікі» дейді қазақ. Сондықтан да көшпелілер малшы ғана
емес,  жауынгер  де  бола  білді.  Əскери  тұрғыдан  даусыз  басымдылығының
арқасында ғана көшпелі халықтар өлгіндей кең- байтақ аймактарға ие бола
алды. 
Түркі  көшпелілерінің  əлем  тарихында  алар  орны  ерекше.  Сан
ғасырлар  бойында  түркілер  кұрған  империялар,  о  баста  жаугершіліктің
44

аркасында дүниеге келгенімен, бара-бара едəуір дəрежеде өркениетті рөл де
аткарды.  Сондыктан  да  көшпелілерге  «жабайы  ордалар»  деп  карау  тарихи
əділеттілікке  жатпайды.  Онын  үстіне  əлемдегі  көптеген  мемлекеттердің  -
Қытайдын,  Үндістанның,  Мысырдың,  тағы  басқа  елдердін  дамуына
көшпелілердің қоскан үлесі комақты екені даусыз.
Түрік  қағандығы  тұсында  бастау  алған  мемлекеттігімізді  кешегі
тарихи  окиғалар  көп  өзгеріске  ұшыратты.  Еуразия  кұрлығының  келбетін
Шынғысханның
баскыншылығы
астан-
кестен
етті.
Монгол
шанкыншылығы  Қазақстан  аумағында  халықтың  калыптасуын  күрт
токтатып  тастады.  Ірі  тайпалар  тобы  сапырылысқа  түсіп  кетті.
Кыпшақтардың  бір  тобы  Қазақстанның  солтүстігі  мен  Батыс  Сібірдің  ту
сыртына  көшті.  Қуғынға  түскен  наймандар  мен  керейлер  де  солай  карай
жөнкілді.  Қыпшақтардың  талайы  Жерорта  теңізінен  Үнді  мүхиты  мен
Тынық  мүхитқа  дейінгі  аралықтағы  елдерге  тарап,  сіңіп  кетті.  Амалсыз
қоныс  аудару  монғол  билігі  орнағаннан  кейін  де  токтай  калған  жоқ.
Моңғол  билеушілері  Шығыс  Қазақстан  мен  Жетісудың  шұрайлы
жайылымдарын  басып  алды.  Сол  жерлердегі  тұрғылыкты  халықтың  тоз-
тозын шығарды. Өздері меншіктеген өлкелерді ұлыс-ұлысқа бөліп тастады.
Бұл  этностық  тұрғыдан  туыстас  тайпалардын  бір-бірінен  кол  үзіп,
бөлшектеніп  кетуіне  əкеп  соқтырды.  Басқыншылық  біткеннің  бəрі  де
катыгездікпен  тоқтатып  тастаған  процесс  -  халыктың,  мемлекеттің
қалыптасу процесі қайта өріс алды.
Қазақ  хандығынының  дүниеге  келуі  моңғол  баскыншылығы
карсаңында
казіргі
Казақстан
жерінде
бастау
алған
əлеуметгік-
экономикалық жөне этно-саяси процестердің занды нəтижесі болды. Қазақ
мемлекетінің  дүниеге  келуі  Жəнібек  пен  Керей  хандардың  есімдерімен,  ал
1480  жылдан  бастап  Бұрындық  ханның  атымен  байланыстырылады.  XV
ғасырдың үшінші бөлігінде Жетісудағы тайпалар мен рулардың бірте-бірте
Қазақ  хандығына  қосылуы  үдей  түсті.  Сырттан  қазақ  билеушілерінін
кысымы  жиілеп,  іштен  ала  ауыздық  күшейіп,  бір  кездегі  тегеурінді
Моғолстан  хандығы  бет-бетіне  бытырап  кетті.  Моғол  билеушілері
Солтүстік  Үндістан  мен  Шығыс  Түркістанға  ығысуға  мəжбүр  болды.  Осы
кезде  қазақ  хандары  Орта  Азияға  иелік  еткен  хандармен  Сыр  бойындағы
қалалар  үшін  күресті  өршітті.  ХV-ХVІІ  ғасырларда  Қазақ  хандығы
нығайыл,  шек-  шенбері  кеңи  түсті.  Енді  оның  аумағы  қазақтардын
этностык  жер-суларының  негізгі  бөлігін  тұтасқа  жуық  қамтитын  болды.
Шектес  жатқан  Орта  Азиямен,  Астрахан,  Сібір  хандықтарымен,  Орыс
мемлекетімен  алыс-беріс,  барыс-келіс  жиіледі.  Туған  жерді  түгендеуді
45

тездете  түскен  көрнекті  қазақ  хандарының  арасында  Қасым  ханның  орны
айрықша.
Қазақ  мемлекетінің  құрылуы  оның  құқықтық  негізін  сақтауға
мүмкіндік  берді.  Сол  дəуірдегі  заң  жəдігерліктері  деп  біз  бүгінгі  күнге
жетпей қалған «Қасым ханның қасқа жолын», осы дəуірге дейін сақталған
Тəуке ханның «Жеті жарғысын» айтамыз.
Қазақ даласына қай кезде де дұшпан көздің сұғы көп кадалған. XVIII
ғасырдын  басынан  бері  қарай  Қазақстаннын  сырткы  саяси  жағдайы  құрт
шиеленісіп  кетті.  Батыс  жақтан  Орал  қазақтары  қолтығына  су  бүріккен
Еділ  қалмақтары  шабуылдая  бастады.  Жайық  бойындағы  ен  шалғынға
башқұрттар  таласуын  қоймады.  Оның  үстіне  калмақтар  да,  башқұрттар  да
орыс  патшалығының  бодандары  еді.  Мұның  өзі,  айналып  келгенде  орыс-
қазақ катынастарының шиеленісе түсуіне себепкер болды.
Дегенмен,  басты  қауіп  Шығыстан  -  ойраттардың  бір  орталықтан
баскарылатын  қуатты  көшпелі  мемлекеті  -  Жоңғар  хандығы  тарапынан
төніп тұрды.
Орталык  Азия  тарихындағы  осы  бір  киын-кыстау  кезенде  қазақ
халкы  азулы  баскыншыға  карсы  екі  жүз  жылдык  күрестің  ең  ауыр  жүгін
жеке  өз  мойнымен  көтерді.  Бұл  жолда  елім  деп  еңіреген  ерлер  мен  кемел
колбасшыларды  алға  шығарды.  Бөгенбай,  Қабанбай,  Наурызбай,  Тайлақ,
Саңырақ,  Малайсары,  Есет,  Жəнібек  сияқты  көптеген  батырлар  сондай
тұлғалар  болды.  Олардың  ерен  ерлігін  халық  жырға  косып,  атын  аңызға
айналдырды.  Ер  есімі  -  ел  есінде.  Еркіндік  алған  елдің  бүгінгі  ұрпақтары
өзінін  батыр  бабаларына  тағзым  етіп,  өзіз  аттарын  ардақтайтыны  əбден
əділетті іс.
1726  жылы  Түркістанның  оңтүстік-шығыс  бетіндегі  Ордабасы
биігінде  казақтың  барлық  тайпалары  мен  руларының  жақсысы  мен
жайсаңының  басы  косылған  ұлы  жиын  өтті.  Сол  жиында  бүкіл  қазақ
қосынының  басын  біріктіру  жөнінде  тарихи  мəні  ерекіне  шешім
кабылданды. Халықтық үш ұл перзенті - Əлібекүлы Төле би, Келдібекұлы
Қазыбек  би,  Бөйбекұлы  Əйтеке  би  елдің  бірлікті  аңсаған  арманын  жүзеге
асырды.  Қазақ  əскершің  бас  сардары  болып  өзінің  жаужүрек  қолбасы
екенін талай танытқан Əбілқайыр сайланды.
Жонғар  колы  мен  казақ  жасағынын.  алғашкы  ірі  шайқасы  1727
жылы  Бұланты  өзенінің  бойында  болды.  Еуразияның  жаңа  тарихында
өзінін аукымы жөнінен де, кейінгі тарихка ыкпал- əсері жөнінен де кешегі
Кенес дəуірінің ғылымы жете бағаламай кеткен сол қанқасап кырғынға тен
келер  шайқас  болған  емес.  Ойраттарға  ойсырата  соққы  берілді.  Шайқас
46

даласын халық содан бері «Қалмақ қырылған» деп атап кетті.
Шыңғысханның  ұлы  жорыктарын  кайталауды  ниет  еткен  Жонғар
хандығына  карсы  күрестін  негізгі  ауыртпалығы  қазақ  халқына  түсті.
Бұланты  бойындағы  жеңіс  ұлтты  ұйытып,  тастүйін  жұмылдырды,  жоңғар
баскыншыларына  карсы  Отан  соғысы  барысындағы  бетбұрыс  кезешнің
басы болды. Содан бері карай стратегиялық басымдық қазақ колына көшті.
1730 жылы Аңырақай шайқасындағы жеңіс соның айкын айғағы еді.
XVIII ғасырдын 20-шы жылдарындағы жоңғар шапқыншылығының
Қазақстан  мен  Орталық  Азия  халықтары  үшін  касіретті  зардабы  өте  зор
болды.  Қалалар  қирап,  сауда  мен  колөнер  токырады,  халық  мың-мыңдап
боскындыкқа  түсті.  Көші-конның  дəстүрлі  реті  мен  бағыт-бағдары
бұзылды. Көшпелі тұрмыс пен отырыкшы өмір арасындағы экономикалық
байланыс  үзілді.  Аймақтағы  өндіргіш  күштер  əлсіреді.  Бұл  жылдар  қазақ
тарихында  «Ақтабан  шубырынды»  атанды.  Ел  өміріне  ұзақ  уакыт
жазылмайтын жара салды.
Жоңғар хандығымен күреске бел шеше кірісу үшін батыс таралтағы
елдермен  бейбіт  карым-катынас  орнату  кажет  болды,  оны  Ресейдің  патша
өкіметі де жақсы түсінді. Ол сол кездін өзінде халықтарды бір-біріне айдап
салу саясатын шебер жүргізе бастағады. Атап айтканда, мұндай əдістер екі
халыкты  да  қирату  мақсатымен  қазақтар  мен  ойраттар  арасында  соғыс
өртін  тұтату  үшін  пайдаланылды.  XVIII  ғасырда  мұнан  кейін  болған  аса
күрделі  окиғалардың  алғышарттары  осылай  болды.  Сонын  салдарынан
алдымен  батыс,  одан  кейін  баска  да  аймактар  төуелсіздігінен  айырылды,
ақыр аяғында Қазақстан Ресея империясының отарына айналды.
Осы тұста Қытайдың Орталық Азияға сұғына кіруі де өрістей түсті.
Сол кездегі Қазақстанның екі империяның арасында қалған халін Мағжан
Жұмабаев:
«Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Арты - ор, алдында - көр, жан-жағы жау,
Дағдарған Алаш енді қайда бармақ?!»
- деп күйзеле суреттеген болатын.
Ел  басына  ауыр  күн  туған  XVIII  ғасырдың  орта  тұсында  ұлы
ханымыз  Абылай  керемет  колбасы  ретінде  де,  ақылы  терей  дипломат
ретінде  де  таныла  білді.  Пекинмен  елшілік  жəне  сауда  байланыстарын
удете  дамыта  отырып,  Абылай  Ресеймен  немесе  Қытаймен  бірлескен,  яки
капталдаскан  түрде  олардың  бірде-  біріне  карсы  əрекет  етудін  қай-
кайсысынан  да  бойын  аулақ  сала  алды.  Дегенмен,  тарих  доңғалағы
47

тоқтамай  алға  жылжи  берді.  Көшпелі  мемлекеттердің  біртіндеп  басынан
бағы  тая  бастады.  Сан  түрлі  жағдаяттар  жинала  келіп,  Қазақстанның
тəуелсіздігінен айырылар күнін жакындата түсті.
Қазақстанның Ресейге косылуы бір жарым ғасыр уакытқа созылды.
Ол  бейбіт  жолмен  де,  əскери  күшпен  де  жүзеге  асырылды.  Қалай  дегенде
де  ол  басып  алу  болатын.  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының  əдіс-
тəсілдерінің  əр  килы  екендігіне  қарамастан,  оның  мəні  айналып  келгенде
біреу - отарлау.
Бұл  бір  жағынан  Қокан  мен  Хиуаның  басып  кіруіне  карсы  күресіп
жатқан қазақ халкының табанды қарсылық көрсетуіне тап болды.
Халықтың  тəуелсіздік  жолындағы  күресін  бастаған  Сырым  Датов,
Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов сынды талай-
талай  көсемдер  мен  батырлардың  айрықша  ардақты  аттары  дап  сол
жылдарда елдіғіміздің тарихына мəңгі-бақи жазылды.
Қазақ  даласында  тəуелсіздік  жолындағы  жалпы  ұлттық  козғалыс
басталды.  Оның  тізгінін  атақты  Абылай  ханның  немересі  Кенесары
Қасымов  ұстады.  Бас-басына  босып  жүрген  қазақ  рулары  қанкұйлы
көршілердін  оңай  олжасына  айналатынын,  сондықтан  да  коғамның
ұйысуы, қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіру өмірлік кажеттілік екенін
нақ  Кенесары  айқын  түсінді.  Кенесары  ханның  қазаң  даласын  біріктіру
əрекеті əбден пісіп-жетілген болатын.
Даланың  дəстүрлері  мен  құқыктық  негіздеріне  сүйене  отырып,  ол
езін  хан  сайлатып  алды  да,  патша  өкіметі  мен  Орта  Азия  Хандарының
басқыншылық  ниеттеріне  кесе-көлденен  тұрды.  и  Кенесары  Қасымовтын
қазақ  жерін  отарлауға  қарсы  10  жыл  бойы  жүргізген  соғысына  Қазақстан
халкының  көпшілігі  көтерілді.  Ол  күрес  тарих  шежіресіне  ел  рухының
қайта  өрлеген  кезеңі  жəне  ең  соңғы  көшпелі  Қазақ  мемлекетінің  біржола
күйреген  кезеңі  болып  енді.  Кенесары  хан  мерт  болғаннан  соң  қазақ
рулары отаршылдың баскыншылыққа карсы жеке-жеке қарсыласып жатты.
XIX ғасырдың екінші жартысында Кенесары Қасымовтың, басқа да
қазақ  сүлтандары  мен  батырларының  отаршылдыққа  жан  аямай
қарсыласканы  арқасында  Ресей  империясының  Орталық  Азияға  қарай
жылжуы едəуір кешеуілдеді.
XIX
ғасырдын
соңына
қарай
Қазақстан
аумағына
Ресей
империясының  еуропалық  бөлігінен  көшіп  келушілер  ағыла  бастады.
Ғасырдың алпысыншы жылдарында патша үкіметі Қазақстанды отарлауды
əскери  қазақтарға  қоса  шаруалардын  қолымен  де  қатыгездікпен  жүргізуге
көшті.  Отарлау  барысында  тұрғылықты  халықтың  жері  жаппай  тартып
48

алына бастады.
Патшалық  Ресейден  көшіріп  келтіру  саясаты  қазақ  қоғамының
шаруашылық  өміріне  аяусыз  соққы  болып  тиді.  Бұл  кезде  ең  шұрайлы,
шүйгін  жайылымдар,  егін  алкаптары  бастау-  Бұлақтарымен  қоса  тартып
алынды,  қазақ  елінің  мұң-мұқтажын  аяқ  асты  етудің  салдарынан  жұрт
атамекенінен  айырылып,  ежелгі  көш  жолдарынан  көз  жазып  калды.  Қазақ
ауылдары өсіп- өнген өңірінен аластатылып, үй-мүлкі қиратылды. Байырғы
жұртты  зорлап  жаппай  көшіріп  жіберіп,  олардың  жерін  жаңа  келгендерге
еншілей салу əдеттегі іске айналды.
Ендігі жерде азаттық козғалысының тізгінін ұлттың бірлесуін мұрат
қып ұстанған Алаштың білімді де, білікті асыл азаматтары қолға алды.
Ұлт-азаттық  қозғалысының  басшылары  Əлихан  Бөкейханов,  Ахмет
Байтұрсынов,
Міржақып
Дулатов,
Мұстафа
Шокай,
Мұхамеджан
Тынышбаев,  Бақытжан  Қаратаев,  Халел  жəне  Жанша  Досмұхамедовтер
жəне  басқалар  болды,  олардың  көпшілігі  Петербургтін,  Мəскеудің,
Варшаваның,  Қазаннын,  Омбы  мен  Орынбордың  жоғары  оқу  орындары
мен училищелерін бітіріп шыкқан, аса білімді адамдар еді.
1905 жылғы желтоқсанда Орал қаласында Бірінші жалпы қазактық
кұрылтай  болып  өтті.  Онда  ұлттық  саяси  партия  құру  міндеті  алға
койылды. Құрылтайға қатысушылар патша өкіметінің оның ішінде, əсіресе,
жер мəселесіндегі саясатын қатты сынға алды.
1906  жылы  ақпан  айында,  Өлихан  Бөкейхановтың  қамауға
шынғанына  карамастан,  Екінші  жалпы  ұлттық  кұрылтай  болып  өтті,  оған
150  делегат  қатысты.  Құрылтай  қазақтарға  барлық  тартып  алынған
жерлерін  қайтарып  беруді,  шаруаларды  көшіріп  желуді  тоқтатуды,
мектептер, медреселер мен университет ашу көнінде заң қабылдауды талап
етті.
Ресей  қатысқан  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  казақтарды  тіпті
татықтата  түсті.  1916  жылы  «бұратана»  халықтарды  тыл  жұмыстарына
шакыру  арқылы  үкімет  арзан  жұмыс  күпгін  пайдаланып  қалуды,  сонымен
қатар бұдан босаған орыс жұмысшыларымен, шаруаларымен əскер қатарын
толықтыруды көздеді.
1916 жылғы  шілденің  аяғы  мен  тамыздын  бас  шенінде
Қазақстанда  өз-өзінен  құрылып  жатқан  көтерілісшілер  жатақтарының
кəсіби əскермен қиян-кескі шайқастары жүріп жатты.
Олардын  арасында  Торғай  төсіндегі  кетеріліс  баскаларынан  ірі
ұйымшыл,  ұзағыраң  болды.  Көтерілісті  Кенесарының  жауынгер  серігі
Иман батырдың немересі Амангелді Үдербайұлы Иманов бастады.
49

1917 жылғы  акпан  революциясынан  кейін  өкімет  басына  келген
Уақытша  үкімет  империялық  ұлт  саясатының  салдарларын  жоюға,  сөйтіп
ұлттық бітім-бөтуа саясатын жүзеге кыруға əрекет жасап көрді. Сол жылғы
наурыздың 20-сында Уақытша үкімет Ресей азаматтарынын дінге, нанымға
жəне  ірітқа  қатыстылығына  байланысты  құқықтық  шектеулерінің
барлығын  да  алып  тастады.  Сəуірдің  7-сінде  Түркістан  комитетін  құру
туралы үкіметтін қаулысы кабылданды.
Осы  шешімнің  арқасында  Қазақстанды  басқаратын  ұйымдардың
құрамына  казақтың  озық  ақыл-ой  иелері  алғаш  рет  өнді.  Мұның  өзі  Алаш
қозғалысы  кайраткерлерінің  Дала  өлкесінің  саяси  өміріндегі  белді  орнын
мойындаудың белгісі болатын.
Патшаның
тақтан
түсуі,
елдегі
коғамдык-саяси
өмірді
демократиялануы козғалысты ұйымдык тұрғыда бекітіп, оны негізіне 1917
жылғы  шілдеде  Орынбор  каласында  өткен  Жалпы  қазақтық  кұрылтай
«Алаш»  партиясын  кұруға  мүмкіндік  берді.  Көп  ұзамай  партия
бағдарламасынын  10  тараудан  тұраты  жобасы  да  жасалды.  Партияның
негізгі  мақсаты  -  қазақтын  мемлекеттік  егемендігін  бастапкыда  Ресей
кұрама  демократиялы  республикасының  кұрамында  автономияны  жүзеғе
асыр болатын.
Қазақ  халкы  өзінің  басты  максатына  жетуге  -  ұлтты  мемлекеттігін
қайта  калыптастыруға  мүмкіндік  алды.  Алайда  Ресей  коғамындағы  жаңа
тығырық оқиғаларды одан əрі бейбіт түрде дамытпады, соның салдарынан
большевиктер
партиясыны
диктатурасы
орнатылып,
елді
азамат
соғысының өрті шарпыды.
Ұлттык  мемлекеттік  десе  аза  бойы  қаза  болатын  большевиктер
өздерінін  билігін  нығайту  үшін  оянған  Ресей  халыктарыны  ұлттык
мүдделерін  атымен  ескермей  тұра  алмады,  сөйті  ұлттык-мемлекеттік
құрылымдар  түзуге  көшуге  мəжбұр  болды  1920  жылы  құрылған  Қазақ
АССР-і дүниеге осылайша келді.
20-сыншы  жылдардың  екінші  жартысынан  бері  кара  большевиктік
мемлекет  жана  экономикалык  саясат  қисынына  бірте-бірте  аулақтап,  өз
саясатын,  халықты  жазалай  отырып  Қазан  революциясы  тұсында
межеленген алға жылжу бағытын бұра бастады.
Қазақтарды  күшпен  ортақшылдандыру  мен  отырықшыландыру,
ауылдағы қарама-қайшылыктарды қолдан ұшыктырұ қоғамның бір бөлігін
бір бөлігіне айдап салу акыр аяғында ұлтты апатқа ұрындырды.
Социалистік  утопия  идеяларын  қазақ  ауылында  жиырмасыншы-
отызыншы жылдардың өзінде жүзеге асырып тастайм деген епербақандык
50

бұрын-соңды  көрмеген  касіретке  өкелі  соқтырды.  Дəстүрлі  шаруашылық
жүргізудін  негізі  болу  табылатын  мал  шаруашылығы  толықтай  қирап
тынды. 
Демографиялык апаттың ауқымы бəрінен де сұмдық болып шықты.
1929-1933  жылдардағы  аштықтан,  соған  байланысты  індеттен  қайтыс
болған,  шет  жерге  көшіп  кеткен  қазақтардың  саны  əлі  күнге  онша  анық
болмай  тұр.  Айтушылар  бұл  жылдарда  опат  болғандар  санын  1  миллион
750 мың мен 2 миллион 200 мың деген сандардың арасынан іздейді. Демек,
ұжымдастыру  барысында  осы  елдегі  негізгі  этностың  42-49  проценті
кұрбан болған.
Аштық  жылдарында  1  миллион  30  мың  адам  республикаданя  шет
жерлерге көшіп кетті, олардың 616 мыңы қайтпай қалды.
Мемлекеттің  тізеге  салған  зорлықшыл  саясаты  халықтың  ашуызаға
толы  қарсылығып  туғызбай  қоймады.  Жұртшылықтың  арасында  режимге
қарсы  бой  көрсетуден  тайынбайтындар  көбейе  түсті.  1929-1931  жылдарда
шаруалардың  380  рет  бұрқ  ете  қалған  бүлігі  мен  көтерілісіне  80  мыңға
жуық  адам  қатысты.  Солардың  ең  ірілері  Созак,  Ырғыз,  Ақсу,  Абыралы,
Адай,  Қаракұм  жəне  басқа  да  көтерілістер  еді.  Бəрі  де  қызыл  армияның
қарулы ескерінің күшімен аяусыз басып жаншылды.
Бұған  сол  жылдарда  республикада  кеңінен  канат  жайған  сталиндік
жаппай  жазалауды  қосу  керек.  Оның  барысында  казақ  мəдениетінің,
ғылымы мен білімінің аса көрнекті өкілдері атып- асылды, лагерьлерде көзі
жойылды.
Тоқырау  жылдарында  мұны  ешкім  ауызға  алмады.  Кешегі  кезеңді
боямалап  көрсетуге  бейім  тұрғандар  казір  де  ол  күндерді  ұмытуға
тырысады.  Бірақ  ол  күндерді  ұмыту  дегеніміз  -  кан-  кұйлы  режимнің
миллиондаған кұрбандарының аруағын корлау деген сөз.
Социализмнің  бұдан  кейінгі  «ұлы»  құрылыстары  аса  ауқымды
экологиялық  апатка  -  Арал  касіретіне  əкеліп  соктырды.  Əскерилердін
əулекі  əрекеттері  Семейдегі,  Қазақстанның  өзге  де  аймактарындағы
касіретке ұласты.
Қазақ халқы мен қазақ жері XIX ғасырдын екінші жартысы мен XX
ғасырдың  90-шы  жылдарына  дейін  алдымен  Ресей,  содан  кейін  Кеңес
империясының отарлық шылауы болып келді.
Ондаған  жылдар  бойы  айтылмай  келген  тарихи  шындык,  тұжыра
айтсак, осындай.
КСРО-ның  батыс  бөлігі  жауда  қалған  екінші  дүниежүзілік  соғыс,
Батыспен  текетірес  түскен  «қырғи-қабақ  соғыс»  Кенес  үкіметін
51

экономикасын  бір  жерге  шоғырландырмай,  елдін  шығыс  бөлігінің  де
əлуетін  дамытуға  мəжбүр  етті.  Көбіне-көп  шикізат  өндіріп,  ұқсататын
көсіпорындар салынды.
Қазақстан  баска  аймактарға  минералдық  шикізат  шығарып,  жаппай
экологиялық зиянды өндіріс республикасына айналды.
Соғыстан  кейінгі  жылдары  екпінді  кұрылыстар  салғанда  да
коммунистік басшылық осындай жымысқы саясат жүргізді.
Біз  мемлекеттік  тəуелсіздікке  көп  ұлтты  жəне  көп  дінді  күрделі
кұрамда  жетіп  отырмыз.  Сондықтан  да,  тəуелсіздіктін  бірінші  күнінен
бастап,  барлық  ұлттар  адамдары  арасындағы  теңдікті,  туысқандықты,
достықты жəне бірлікті өз саясатымыздың өзегі қылып ұстандық. Ол « Біз,
ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деп басталатын біздің
Ата  Занымызға  да  жазылып,  болашақ  дамуымыздың  да  негізі  болып
саналады.
Біз өз халқымыздың тарихын шындықка адалдық тұрғысында айтып
отырмыз.
Бірақ
бұдан
косымша
астар
іздеудін
кажеті
жоқ.
Қазақстандыктардың  бүгінгі  көзі  тірі  ұрпактары  -  біздің  еліміздің
азаматтары. Осы бəрін де ұқтырады. 
Казіргі  Ресей,  патшалық  Ресей,  Кеңес  үкіметі  -  əркайсысы  əр
сипатты  мемлекет.  Қазақстан  көршілерінің  бəрімен  де,  оның  ішінде
Ресеймен де, достык жəне ынтымақтастық жөнінде келісім-шартқа отырды.
Оны бұлжытпастан орындаймыз.
Жана  Қазақстан,  өз  мемлекеттігін  орната  отырып,  күллі  адамзаттық
қауымдастықпен  тату-тəтті  өмір  сүруді,  өз  ішінде  ұлтаралық  ынтымакты
нығайтуды көздеді.
Бірақ,  біз  Бұл  туралы  тек  тарихи  əділеттілікті  қалпына  келтіру
мақсатында  ғана  емес,  Бұл  істе  белгілі  бір  өкімет  билігі  жүйесі
алпауыттарының  ерік-жігерін  атқарушы  болып  келген  карапайым
адамдардың  ешқандай  кінəсі  жоқ  болуы  себепті  де  айтып  тұрмыз.  Сол
жылдардың  қатынастарын  Қазақстан  достық  пен  ынтымақтастық
қатынастарын  орнатып  отырған,  демократияға  карай  қадам  басып  келе
жатқан бүгінгі Ресейге ойсыз, бейғам түрде ауыстыра салмауға тиіс.
Оның  үстіне  орыс  халқымен  қатынастарды  отарлау  кезеннің
өлшемдеріне  карап  кұруға  тиіс  емеспіз.  Қазақтардың  ол  халықпен
тарихтың  небір  аумалы-төкпелі  қиын-кыстау  кезеңдеріне  қарамастан
шынайы  туыскандық  пен  сенім  катынастары  қалыптаскан  болатын.  Осы
қатынастарды  казіргі  заманның  ақиқат  шындықтарын  ескере  отырып
нығайту екі халықтық түбегейлі мүдделеріне сай келеді.
52

Біз бүгін тағы да бір датаны - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының
10  жылдығын  да  атағалы  отырмыз.  Сол  бір  жазкүйзелтер  күндер  мен
түндерде болған оқиғалардың кездейсоқ еместігі əуел бастан-ақ айдан анык
еді.  Алайда,  ол  оқиғалардың  аукымы  мен  тарихи  мəн-манызын  біз  уақыт
өте  келе  ғана  толығырак  пайымдай  алдық.  1986  жылғы  желтоксанда
Алматы  ұлт  мəселесін  шешудің  социалистік  доктринасының  күлі  көкке
ұшканын  айдай  апемге  əйгіледі.  Біз  бүгін  таптык  сезім  ұлттық  сезімнен
басым  тұрады  деген  тұжырымға  арқа  сүйеген  кез  келген  доктринаның
түптің  түбінде  аяғы  аспаннан  келмей  коймайтынын  басын  аша  айтуымыз,
айкын  ұғынуымыз  қажет.  Кəдуілгі  айта  беретін  кеңес  халқы  дегенен  «аға
халықтың»  ерекше  орны  бар-мыс  дегенге  дейінгі  талай  аныздар,
шынтуайтқа  келгенде,  ұлттық  сезім  мен  үлттық  сананы  əзіл-  жаншудың
талай  жылға  созылған  жымысқы  саясатын  бүркемелеп  тұратын  бет  перде
ғана болатын.
Ұлт  мəселесін  шешудің  тоталитарлық  тəсілдері  тұңғыщ  рет
Қазақстанда  сыр  берді.  Шығыс  Еуропада  өз  алдына  мемлекеттер  құрып
отырған Венгриядағы 1956 жылғы, Чехословакиядағы 1968 жылғы ұлттық
бой көрсетулердін өзі дөрекі күш қолдану арқылы басып тасталған еді. 1986
жылғы  оқиғалардан  кейін  қазақ  халқын  ұлтшыл  деген  байбаламшыл
айыпты режимнің өзі алып тастауға мəжбүр болды.
Аңызбен  апталып,  қалыппен  қапталған  ұлттық  сана-сезім  соғыстан
кейінгі тарихта алғаш рет саяси іс-қимылға айналды. Ашықтан-ашық саяси
қарсы  шығудың  мұндай  жаңа  үлгісі  бүкіл  Кеңес  Одағындағы  ұлттық-
демократиялық  қозғалыстың  дамуына  орасан  серпін  берді.  Тбилисидегі,
Бакудегі, Киевтегі, Вильнюстегі, Мəскеудегі, елдің басқа да қалаларындағы
осы тектес оқиғалардың барлығы Алматыдан кейін болған еді.
Ескі  саяси  жүйенің  аясында  да  тізгін  үзуге  болатындығы  айқын
көрінді.
Əрине,  мемлекетте  демократиялық  процестердің  мұндайлык
карқынмен  өрістеуінің  басқа  сан  түрлі  себептері  бар.  Дегенмен,  Бұл  істегі
негізгі тетіктің бірін өздерін басқаның айтқанынан шықпайтын құлақ кесті
орындаушылар емес, азаттыққа жаны құштар ата-бабаларының мұрагерлері
деп сезінген қазақ жастарының козғап жібергендігі даусыз.
Сондықтан  да  өзінің  туған  мемлекетін  оңды-солды  сынап
сөйлейтіндердін  кейбірі  тəуелсіздік  өзі  келіп  колымызға  кона  қалды  деп
көкіп  жүрген  бүгіигі  күндерде  мен  тəуелсіздік  жолында  халқымыздың  сан
ғасырлар бойы күресіп келгенін, осыдан дəл он жыл бұрын өрімдей жастар
Тəуелсіз  Қазақстан  үшін  кан  төккенін  арамыздан  шықан  мəңгүрттердін
53

есіне əдейі сала кетпекпін.
Бүкіл
казақ
халкының
ұлттық
қадір-қасиетін
аспандатқан
азаматтардын аруағын, ең алдымен жастарымыздың батыл да қалткысыз іс-
өрекеттерін  ардаңтай  отырып,  мен  жастай  кыршынынан  қиылған  есіл  ер
Қайрат  Рысқұлбековке  біздін  еліміздің  ең  жоғары  наградасы  -  «Халык,
қаһарманы» атағын беру туралы жарлықка кол койдым.
Бүгін  бес  жылдығын  тойлап  отырған  біздің  төуелеіздігіміз  қазақ
халкынын  талай  ғасырлар  бойғы  тарихындағы  миллиондаған  жандардың
еркіндік  жолындағы  күресінің,  төгілген  қанынын  өтеуі.  Біз  екінші
дүниежүзілік  соғыста  Отан  мүддесі  жолында  қаза  тапқан  жүздеген  мың
отандастарымызды  да  ұмыта  алмаймыз.  Сол  жолда  шейіт  болған
бабаларымыздың аруағына бас иіп, колдай гөр деп орындарымыздан тұрып
еске алайық!
Сталин  жүргізген  кайғылы  жаппай  жазалауға  1997  жылы  60  жыл
толады.  Осы  алдымыздағы  жылды  тоталитарлық  жүйенің  кұрбаны  болған
барлық  бабаларымызды  еске  алып,  елдің  басын  біріктіретін  жыл  ретінде
атап өткен дұрыс деп санаймын.


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет