Біздің қазақтың ұлттық ерекшелігі мен өмір сүру дағдысына байланысты оң жамба



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі255,82 Kb.
#10359

•Спорт

Біздің қазақтың ұлттық ерекшелігі мен

өмір сүру дағдысына байланысты оң жамба-

сына түсіп тұрған спорт түрлері аз емес. Со-

ның ішінде таза ұлттық сипат алып кеткені -

күрес, бокс, каратэ және олардың ағайындас

түрлері. Өйткені қазақ жекпе-жек өнерінің

әліппесін жастайынан оқып шығады.

Кішкентай балдырғандар тіпті аяғынан қаз

тұрып, тәй-тәй баса бастағанның өзінде-ақ

өзі тұрғыластарымен жармаласып, күресіп

өседі. Әлгі ауыл шалдарының бала біткенді

жинап алып күрестіретіні бар ғой, сол нағыз

ұлағат. Қазақтың қанына сіңген бұл қасиет

жас өскіннің бойына қайсар мінез қалыптас-

тырып, күшін толыстырады, шымырлығын

шындайды. Осыдан болар ауылдан шыққан

талай қарадомалақ жекпе-жек күрестің қай

Алғашқы рейтингі кездесу 57 келі салмақ

дәрежесі бойынша тараздық Рустам Абдулла-

ев пен қарағандылық Әсет Төлеуовтің арасын-

да өтті. Екеуі де кикбоксингтің спорт шебері,

жеткіншектер арасында Әлем чемпиондығын

бір жылы (2004 ж. Италия) жеңіп алған, Қазақ-

стан құрамасы-Әлем құрамасы матчтық

кездесуін (2005 ж. Астана) бірге ұтқан. Соны-

мен бірге Әсет 2003 жылы Әлем чемпионаты-

ның қола, 2004 жылы Азия чемпионатының

күміс жүлдегері атанған. Байқап отырсыздар,

екеуі де осал қарсылас емес. Күш, тәжірибе

жағы да шамалас. Осы жайт рингте де анық

байқалды. Қос қарсылас бес раунд бойы бір-

бірін кезектесе соққылап, әбден ішек сілесі

қатты. Тек кездесу соңына қарай қарағанды-

лық кикбоксшының аздаған басымдылығы

түрінен болсын алты құрлықтың шаңын қағып,

әлемнің менмін деген талай мақтаулы ұлда-

рын қуып жүріп сабайтын дәрежеге жеткен.

Жігіттің жігіті-ақ шыдас беретін хас спорт-

тың бірі - бокс. Бокстан атын айдай әлемге

әйгілеген Әбсалан, қос Серік, Кәрімжан, Ер-

махан, Бекзаттардан жеткен тас жұдырық,

жау жүрек жігіттердің легі бір үзілген емес.

Шаршы аланда атағы дүрілдеп тұрған жігіттер

құдайға шүкір қазір де баршылық. Енді осы

бокстың жетілдірілген түрі, яғни, аяқ-қол соқ-

қысы қатар жүретін спорт -кикбоксинг. Ал

тайбокс аяқ-қолмен бірге тізе де қосылатын

қып-қызыл төбелес десе де болады.

Кикбоксинг Қазақстанға сексенінші жыр-

лардың аяғында жетті. Әрине, рұқсат

етілмеген спорт ретінде жұрт онымен жасы-

рын шұғылданатын. Тек 1990 жылы КСРО

Спорт комитетінің мақұлдауымен ғана кик-

боксинг көлеңкеден жарыққа шықты. Біздің

кикбоксшылар сонда салған жерден алдымен

КСРО, сосын ТМД елдерін түгел жеңетін. Әри-

не, оған қазақ кикбоксингінің іргетасын қала-

ған, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Сабыр-

жан Махметовтің еңбегі зор. Қазақ

кикбоксингі қазір де дүрілдеп тұр. Анау-мы-

нау емес Бүкіләлемдік WAKO ұйымының

рейтингілік көрсеткіші бойынша алғашқы

орындардың бірінде. Ал бұл ұйымның құра-

мына әлемнің жүзден астам елі мүше екенін

естен шығармайық. Айтты-айтпады өткенде

Қарағанды қаласында кәсіпқойлар арасында

кикбоксинг пен тайландық бокстан Азия және

Әлем чемпионатының болуы сөзімізге дәлел.

Ал WAKO кез-келген жерде мұндай жоғары

дәрежелі кездесу өткізуге рұқсат бере

бермейді. Сондай-ақ, «Жастар-Қазақмыс»

спорт кешеніндегі матчты көруге Бүкіләлемдік

кикбоксинг федерациясының президент

Энио Фальсонидің өзінің келуі де көп жайды

аңғартса керек.

байқалып тұрды. Сөйтіп, Ә.Төлеуов алғашқы

жеңісті олжалап кетті.

Екінші рейтингілік сайыста 77 келілік алма-

тылық Станислав Коваленко мен қарағанды-

лық Азамат Белгібаев қолғап түйістірді. Айта

кету керек, әлемдік дәрежедегі спорт шебері

А.Белгібаев өз әріптесіне қарағанда көп

тәжірибелі. Жеткіншектер арасында 3 жыл

қатарынан (2001, 2002, 2003 жылдар, Греция)

әлем чемпионы атанса, 2004 жылы Әлем чем-

пионатының күміс жүлдегері болып (Италия),

2005 жылы Венгрияда Әлемнің чемпиондық

белдігін қайта жеңіп алды. Ал С.Коваленко бар

болғаны 2004-2005 жылдары Қазақстан чем-

пионатын ғана ұтқан. Осыдан болар қараған-

дылық кикбоксшысы бірден шабуылға шығып,

қарсыласын ықтырып тастады. Және жай ғана

ықтырмай, төпегеннен төлеп, 5 раунд бойы

әбден сабады-ау дерсің. Әрине, Станиславта

су бетіне қалқып шыққан жаңқа емес. Төртінші

раундта қарсылық көрсетіп бағып еді, онысы

табанды болмады. Азамат мүмкін оны атағы-

мен үркіткен шығар, әйтседе, біздің білуімізше

бұл айқын жеңіс болды.

Қызықты айқастың да, қызулы айқай-

қошеметтің де көкесі кикбоксшылардың

Қазақстан чемпиондығына таласында болды.

61,8 келі салмақ дәрежесі бойынша шаршы

алаңға шыққан әлемдік дәрежедегі қос спорт

шеберлері астаналық Айдын Тасыбеков пен

қарағандылық Медет Әбжанов әдемі ұрыс жа-

сады. Қос спортшы да кикбоксингтен Қазақ-

стан чемпионы, ал Айдын тіпті Қазақстанның

үш дүркін чемпионы, 2005 жылы Әлем чемпи-

оны атанған. Кикбоксингпен шұғылданғанына

6 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде кәсіпқойлық

рингте 120 кездесу өткізіп, соның 110-нда

жеңіске жеткен, 20-сы нокаут. Бұл өте тамаша

көрсеткіш. Жасы 30-ға тақап қалған сақа жігіт.

Ал, қарсыласы Медет төк Әлемнің қола

жүлдегері, әрі кәсіпқойлық рингте өткізген

кездесулері де А.Тасыбековтен екі есе аз (60

кездесу, 43 жеңіс). Оның үстіне жас шамасы

әжептәуір кіші көрінеді. Бірақ күш атасын та-

нымайды емес пе, қарағандылық кикбоксшы

қарсыласынан еш қаймыға қойған жоқ. Қайта

туған жердің топырағы дем берді ме, ұрысты

бірінші номер болып өзі бастап жүрді. Жастық

қуат қойсын ба, М.Әбжанов сақа әріптесіне

қарағанда әбжіл қимылдап, раундтан раундқа

өткен сайын ұпай санын өсіре беріп, ақыр

соңы жеңіске жетті. Жас жігітке чемпиондық

белдікті облыс әкімінің орынбасары Серікжан

Қанаев тақты.

Мұнан кейін Азияның чемпиондық тәжі

үшін 64,5 келі салмақта Қырғызстанның кик-

боксингтен әлемдік дәрежедегі спорт шебері

Мейірлан Ибраимовпен тура осындай атақ-

тың иегері павлодарлық Мақсұт Ибраев тар-

тысқа түсті. Мейірлан Қырғызстанның және

Азияның чемпионы, Мақсұт Қазақстанның

және Әлем чемпионы. Сайыс үш минуттан он

раунд бойынша өтті. Мақсұт 19-ға енді толғ-

ан балғын жігіт екендігіне қарамастан, әкесі

Сансызбайдың қол астында кикбоксингпен

10 жылдан астам шұғылданып келе жатыр.

Шиырылып тартылған арықша бозбала нағыз

дер шағында екен, бабы өте келісті. Осыған

дейін кәсіпқойлық рингте 72 кездесу өткізіп,

60-ын жеңіспен аяқтаған, соның 20-сын но

каутпен аяқтаған. Ал Мейірлан 26-дан асқан,

сүйегі қатайған десек те, кәсіпқойлыққа кел-

ген тек он кездесу өткізіп, алтауында жеңіске

жеткен. Үшеуі нокаутпен ұтқан. Яғни, аяқалы-

сы керемет болмағанымен, тәп-тәуір. Кик-

боксшылар он раундқа да алқынбай

жеткенімен аяқ-қолымен қатар сауатты соға-

тын Мақсұт айқын жеңіске жетті.

Жеңімпаздың беліне Қазақстан кикбоксинг

федерациясының президенті И.Елекеев чем-

пиондық белдік байлады.

«Жастар-Қазақмыс» кешеніндегі спорт-

тық доданың ең бір қызған тұсы - тайбокстан

әлемдік чемпиондық тәж үшін тартыс. Оған

қатысқан қарағандылық Геннадий Папу мен

марокколық Әнуар Атигуи тайбокстың жілігін

шағып, майын ішкен нағыз майталмандар.

Мәселен, Атигуи Марокконың бірнеше дүркін

чемпионы, 2004-2005 жылдары қатарынан екі

рет Әлем чемпионы атанған, ал Г.Папу Әлем

чемпионы (2002ж.), Әлем чемпионатының

қолажүлдегері (2005ж.). Кәсіпқойлық рингтегі

кездесулері де көз үрейлендіреді. Ә.Атигуи 87

кездесуде 73 жеңіске жетсе, Г.Папу 120

кездесудің 107-сін жеңіп шыққан. Яғни,

екеуінің де тәжірибе білігі мол, жастары да

шамалас. Ә.Атигуи 26 жаста, Г.Папу 28 жас-

та.


Әрине, Әлем чемпионы атағын иелену

оңай емес. Қос жігіт те шаршы алаңды шыр

айналып, үш минуттық бес раунд бойы кезек

қойғыласты. Сыртқы көзге сайыс тең

дәрежелі өтіп жатқан сияқты болып көрінуі

мүмкін. Бірақ осындай шаппа-шап ұрыс

кезінде Геннадидің соққылары ұтымды тиіп

жатты. Әсіресе, қарағандылық тайбоксшы

тіземен жақсы соғады екен. Сөйтіп,

төрешілердің шешімімен Г.Папу қарсыласын

2:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Әлемдік

чемпиондық белдік біздің елде, Қарағанды-

да қалды. 2006 жылдың жаңа чемпионы Ген-

надий Папудың беліне Энио Фальсонидің өзі

чемпиондық белдікті тақты.

Дәулетқали АСАУОВ.

СУРЕТТЕРДЕ: Бүкіләлемдік кикбоксинг

федерациясының президенті Э.Фальсони,

Азия чемпионы М.Ибраев, Ә.Атигуи мен Г.Па-



пудың жекпе-жек сәті.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет