Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Меншік иесі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#6683
  1   2

Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан

Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй.

Меншік иесі: “Төлеби туы кz” қоғамдық-саяси газетінің редакциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газет Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 2013 жылғы 20 маусымда тіркеліп, №13704-Г куəлігі берілген.

ЖШС директоры ─

бас редактор

Əбдімəлік

Түймебекұлы

РАХМАНҚҰЛОВ

Телефондар: Бас редактор 6-20-14, факс

(872547) 6-20-14, бас редактордың

орынбасары, секретариат 6-19-99, бөлім-

дер: қоғамдық-саяси өмір, мəдениет, тұр-

мыс жəне хаттар, аграрлық, тілшілер,

бухгалтерия  6-19-52.

Газет айына бір рет шығады. Редакция

материалдардағы фактілердің дұрыс-

тығына автор жауапты екенін ескертеді.

Газет редакцияның компьютер

орталығында теріліп, “АР-принт”

ЖШС-нің баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен-жайы:

Шымкент қаласы, Тəшенов

көшесі, №24 үй.

Газетке жазылу индексі 66745

Таралымы 1955 

Тапсырыс №

Áiëiì ´ëåìi

8

22-қараша 2014 жыл

Ауданымыздағы

«Шамшырақ» жастар қоғамдық

бірлестігі 2001 жылдан бері

жұмыс атқарып келетін

үкіметтік емес ұйым. Бірлестік

жергілікті билік органдарымен,

коммерциялық, үкіметтік емес

ұйымдармен, білім, мəдениет,

спорт, денсаулық сақтау

мекемелерімен, құқық қорғау

органдарымен байланыс

орната отырып, жұмыс жүргізіп

келеді. Сондай-ақ, аудандық

ішкі саясат бөлімі, аудандық

«Жастар орталығымен»

бірлесіп, жастарға патриоттық

тəрбие беру, діни

экстремизмнің, нашақорлық

пен құқықбұзушылықтың алдын

алу, неке жəне отбасы

құндылықтарын насихаттау

бағыттары бойынша іс-

шаралар ұйымдастырып

отырамыз.

Жақында бірлестік

белсенділері құқық қорғау

органдары өкілдерімен

бірлесіп, кешкі мезгілде

рейдтерге шығып,

профилактикалық жұмыстар

жүргізді. Мақсат –

құқықбұзушылықтың алдын

алу, жастар арасында

қылмысты болдырмау, ата-

аналар жауапкершілігін

арттыру. 

Рейдтер Көксəйек, Бірінші

Мамыр ауылдық округтері,

Леңгер қаласы аумағында

жүргізілді. Іс-шараға аудандық

ішкі істер бөлімінің кəмелеттік

жасқа толмаған

жасөспірімдермен жұмыс

жөніндегі бөлімше

инспекторлары Бақытжан

Жолтаев, Бердалы

Батырбеков, «Шамшырақ»

бірлестігі мен «Жастар

орталығынан» Мақсұт

Керімқұлов, Жасұлан

Бегайдаров, Азат Досымбаев,

Ердос Байсариев қатысты.  

Ф.ШАЙЛОВБЕКОВ,

«Шамшырақ» жастар

қоғамдық бірлестігінің

мүшесі.

Рейдтер


½йымдастырылуда

Тəуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп,

егеменді ел болған алғашқы күн-

дерден бастап-ақ елімізде тіл

саясаты Мемлекет басшысы  Н.На-

зарбаевтың тікелей басшылығымен

салиқалы да, сындарлы түрде

жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан

халқына арнайтын дəстүрлі

Жолдауларында да тіл саясатына,

оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік

тілдің мəртебесін көтеру мəселесіне

тоқталмай өткен емес. Қостілділік дегеніміз – бұл

тек екі тілде де сөйлеу қабілеті ғана емес,

сонымен бірге, бұл қос өркениеттің мəдени

құндылықтарын сіңірген ерекше ойлау қабілеті

болып табылады. Президенттік «Тілдердің үш

тұғырлылығы» бағдарламасының басты мақсаты

– қазақ тіліне қысым жасау емес, керісінше оның

бəсекеге қабілеттілігін орыс жəне ағылшын тілі

дəрежесіне дейін көтеру. Сондықтан, біздің аудан

мектептерінің  маңызды мақсаттарының бірі –

ағылшын тілін оқып-үйренуге барлық жағдай

жасалуда.  Білім мен ғылымның, экономиканың,

бизнестің, саясаттың, жалпы бəсекелестіктің

қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану

кезеңінде Елбасы алдымызға үш тілді білу

қажеттігін қойып отыр. Əсіресе, өскелең ұрпақтың,

жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл –

елдің бəсекеге қабілеттілікке

ұмтылуда бірінші бас-

палдағы. Өйткені, бірнеше

тілде еркін сөйлей де, жаза

да білетін қазақстандықтар

өз елінде де, шетелдерде де

бəсекеге қабілетті тұлғаға

айналады.

Осы  бағдарламаны жү-

зеге асыру мақсатында

аудандық білім бөлімінің

əдістемелік кабинеті оқушы-

лардың шығармашылық

қабілеттерін дамытуға, өз

ана тілін біліп, өзге тілдерді

құрметтеуге, қадірлеуге үй-

ретуде, оларды  ізденуге

дағдыландыру, сөздік қорын

молайту, көпшілік алдында

сөз сөйлеуге, өз пікірін дəлелді жеткізуге дағ-

дыландыру үшін бірқатар жұмыстарды атқарып

келеді. Тілдің үштұғырлығын дамытуда өткізілген

аудандық семинарлар, түрлі деңгейдегі байқаулар

мұғалімдер мен оқушылардың тілге деген құрметі

мен сүйіспеншілігін арттыруда.

Мынандай өркениетке қадам басқан заманда

көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны

хақ. Сондықтан қазақ, орыс жəне шет тілдерінің

ішінде көбіне көп қолданылып жүрген ағылшын

тілін жетік меңгерген ұрпақ өсіріп, оларға үлгі бола

білу -- бəсекеге қаблетті елдің берік іргесі мен

кемел келешегінің кепілі.              

С.БАКИРОВА,

аудандық білім бөлімі шет тілі пəні

мұғалімдерінің əдіскері. 

²øòiëäiëiê –

æàºà çàìàí

òàëàáû


Басылым беттерінде озық тəжірибе туралы

мақалалар көптеп басылып, тіпті арнайы

кітапша түрінде жинақталып шығарылып та

жатыр. Дегенмен, көпшілігінде, озық тəжі-

рибенің өзінен гөрі оның иесі жайлы, оның

жеткен жетістіктері туралы жалпылама

айтылады да, озық тəжірибенің  негізгі идеясы мен

тəжірибе иесінің  əдістемелік жүйесі (жоғары нəтижеге

жеткізетін əдіс-тəсілдер жиынтығы), осы озық тəжі-

рибенің дүниеге келуіне мұрындық болған жағдайлар,

осы озық тəжірибе арқылы шешілетін мəселелер жайлы

жеткіліксіз сөз болады. Осылайша негізгі нəрінен

айырылған “озық тəжірибе” көпшілік пайдаланатын

құнды құралдан гөрі, бір мұғалім туралы айтылған

өмірбаян деректеріне ұқсап кетеді. Мұның бəрі –

К.Ушинскийдің «Озық тəжірибені үйрену барысында бір

адамнан екінші адамның алатыны – тек қана оның

идеясы» деген сөзін ескермеу салдары. 

Мектептегі озық тəжірибені зерттеу бағытындағы

əдістемелік жұмыстарды қайта құрудағы маңызды нəрсе

мектепішілік бақылауды күшейту де емес, ашық

сабақтар мен семинар-конференцияларды жиі өткізу де

емес, бірінші кезекте педагогикалық ұжымда

ынтамақтастық қарым-қатынас қалыптастыру болмақ.

Сонымен бірге, əр ұстаздың өзіндік ерекшелігін ескере

отырып, мектепте тұлғалық бағыттағы жеке жұмыстарды

жолға қою өте маңызды міндет болып табылады. Бұл

жұмыстарды жүзеге асыруға мектептің аудан орта-

лығынан алыстығы емес, аудан бойынша ортақ

əдістемелік қызмет желісінің болуы көбірек əсер етеді. 

Педагогикалық озық тəжірибені мектептегі əдістемелік

жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде

қарастыру жақсы жолға қойылған озық тəжірибені

зерттеу ісі арқылы мектептегі əдістемелік жұмыстың

тиімділігін едəуір арттыруға болатынын көрсетеді.

Педагогикалық озық тəжірибені мұғалім мен əдіскердің

педагогикалық шығармашылығын дамыту құралы

ретінде қарастыру педагогтың озат тəжірибеге жүйелі

зерттеу жүргізуі  өз шығармашылығын дамытуына ықпал

ететінін байқатады.

Педагогикалық озық тəжірибені педагогикалық

үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеу əдісі ретінде

қарастыру ізденімпаз мұғалімдер үшін педагогикалық

үрдістер мен жүйелерді ғылыми зерттеуге жол

ашатынын білдіреді.

Педагогикалық озық тəжірибені педагогика ғылымы

мен практиканың өзара жүйелі байланысы ретінде

қарастыру озық тəжірибе шын мəнінде ғылым мен

практиканың сабақтастығы ретінде қарастырылатынын

көрсетеді.

Педагогикалық озық тəжірибені педагогикалық іс-

əрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыру əрбір ұстаздың

озық тəжірибені зерттеп, жалпылауы оның əдістемелік

қызметінің ерекше бір саласы болып табылатынын

байқатады.

Бұл қарастырулардың барлығы озық тəжірибенің

өзіндік мəнін аша отырып, оның өзге іс-тəжірибе

түрлерінен ерекшелігін ажыратып көрсетуге мүмкіндік

береді. Тəжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тəжірибе,

эксперименттік тəжірибе, озық тəжірибе жəне жаңа-

шылдық тəжірибе. Ұстаздан жоғары кəсіби жəне

əдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік

талаптарға негізделген тəжірибе оң тəжірибе, ал

қарапайым мектептегі қатардағы мұғалімнің, көпшіліктің

сұранысын қанағаттандыратындай дəрежедегі,  тиімді

жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген

тəжірибе озық тəжірибе деп аталады. Эксперименттік,

озық  жəне жаңашылдық тəжірибе озық тəжірибелер

қатарына жатады, тек оң тəжірибе ғана оған жатпайды.

Осылардың ішінде тек озық тəжірибе ғана оқу-тəрбие

үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал

бола алады. Қалған тəжірибелер озық тəжірибенің

құрамдас бөліктері болып табылады.

Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім,

тəлімді тəрбие беру -- əр мұғалімнің басты

арманы екені даусыз. Оған жету үшін

оқытудың мазмұн, мақсат, əдіс–құрал, жағдай

сияқты негізгі салалары бойынша көп тəжі-

рибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар:

бірі -- өзгелердің озат тəжірибесін зерттеп-

үйреніп, күнделікті тəжірибеде қолдану, екіншісі -- экс-

перимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптас-

тырып, өз тəжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші

жолды белгілі бір дəрежеде игеріп барып қана, екінші

жолға түсуге болады деп есептеледі. 

Жалпы алғанда, тəжірибелі мұғалім дегеніміз кез

келген педагогикалық мəселені практикалық  тұрғыдан

шеше   алатын,  өз  ісінің  шеберіне  айналған кəсіби бі-

ліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейінгі кейбір

түсініктер бойынша тек тəжірибелі мұғалім ғана шығар-

машылықпен жұмыс жасап, жаңашылдықпен айналыса

алады делінетін. Мектеп өміріне педагогикалық

инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін

көрсетіп берді. Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім

оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу,

өз тəжірибесінде əр түрлі жаңалықтар ашу арқылы ғана

озық тəжірибе жинақтайды. 

Тағы бір айта кетер нəрсе, озық тəжірибе иесінің педа-

гогикалық шеберлігі жоғары деңгейде болатындығы.

Педагогикалық шеберлiк – кəсiби педагогикалық

қызметтi ұйымдастырудың жоғары деңгейiн қамтамасыз

ететiн ұстаздың тұлғалық қасиеттерiнiң жиынтығы.

Озық педагогикалық тəжірибе – бұл шығармашылық

ізденіс, жаңалық, түп нұсқалық элементтерінен тұратын

əрекет, бұл жақсы нəтиже беретін мұғалімнің үлкен

шеберлігі.

Бүгінде мұғалімдердің іс-тəжірибесінде əр түрлі оқыту

технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау,

өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары

нəтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс бар екендігі

байқалады.

С.ТЕМІРБЕКОВ,

аудандық білім бөлімі 

математика пəні əдіскері.

Îçû° ò´æiðèáåíi òàðàòó — 

ìàºûçäû ìiíäåò


Áiëiì ´ëåìi

7

22-қараша 2014 жыл

Менің алтын ұям -- Леңгер қаласын-

дағы № 1 мектеп-гимназиясы. Осы

жерден мен білім алып, дүниені таны-

дым. Аянбай еңбек етіп, бар білгенін бізге

үйретуден жалықпаған, екінші анамдай

болған ұстаздарымның арқасында осы

алтын ұя мектебімді үздік аттестатпен

бітірдім. «Алтын белгі» иегері атандым.

Бұл менің өмірімдегі тамаша, қызыққа

толы сəттердің бірі болды. Енді, міне,

үлкен өмірге аяқ бастым. Алдыма қойған

басты мақсатым жоғарғы оқу орнына түсу

уақыты келді. Адам жақсы маман, өз

ісінің, жұмысының шебері болғысы келсе,

əлбетте ең алдымен мамандығын жəне

оқу орнын дұрыс таңдай алу қажет. Менің

мектеп кезінен арманым болған оқу орны

– Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

Университеті болатын. Бүгінгі таңда мен

осы алға қойған мақсатыма жетіп,

еліміздің алдыңғы қатардағы оқу орны,

Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

Университетінің Экономика жəне Бизнес

Жоғарғы Мектебінің бірінші курс студенті

атандым. Мен осы оқу орнын тандағаным

үшін мақтанамын.

Университеттің 80 жылдық тарихы бар.

Тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл əлемге

аты танылып отыр. ҚазҰУ өзінің білім

беру деңгейі, сапасы, өнер, спорт жөнінен

Қазақстандағы жоғары оқу орындарының

арасында  бірінші орын алады, ал əлем

бойынша 299-шы орында.

Қара шаңырық ҚазҰУ-дың негізі 1934

жылы қаланған болатын. Дəл осы жылы

ҚазҰУ-дың алғашқы студенттері қабыл-

данды. Осы жылы 19-шы қаңтарда

биология жəне физика-математика фа-

культеті ашылды. Қазіргі таңда универ-

ситетімізде 20000 адам білім алып

жатыр, оның 1000-ға жуығы шет елден

келген студенттер. Біз білім алып отырған

бұл университетте қазақтың тарихы мен

əдебиетінде үлкен орын алатын ата-

апаларымыз да білім алған. М.Əуезов,

Қ.Сəтбаев, Е.Бекмаханов, А.Бектұров,

Т.Тəжібаев білім алған осы универси-

теттің қарашаңырақ аталуы тегін емес. 

Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

Университеті – Қазақстан білімі мен

ғылымының ірі орталығы. Басқа да

жоғарғы оқу орындарының ішінде алғаш-

қы болып «Сапа саласындағы жетістік-

тері үшін» ҚР Президенті сыйлығының

лауреаты атанды. Университетте 137-ден

астам мамандық бойынша 102 кафедра

мен 14 факультет жұмыс істейді.

ҚазҰУ – еліміздің жоғарғы оқу орын-

дарының көшбасшысы. Қазақстандағы

жоғарғы оқу орындарының ішінде бірінші

болып 2000 жылы 16-шы қыркүйекте

Еуропадағы белгілі Болонья (Италия)

университетінің қабырғасында дүние-

жүзілік университеттердің хартиясына

қол қойды. ТМД елдерінің ішінде алғашқы

болып үш сатылы жүйеге көшті.

Университет аумағында 100 гектарға

жуық жерді алып жатқан -- Қазақстанда

теңдесі жоқ оқу – ғылыми «ҚазҰУ

қалашығы» кешені, мұнда оқу корпустары

мен зертханалар, жатақханалар, респуб-

ликадағы жалғыз О.А.Жолдасбеков

атындағы студенттер сарайы, спорт

кешені жəне стадион, тамақтандыру

комбинаты, кинотеатр, сонымен қоса

Ыстықкөлде спорт-сауықтыру лагері

орналасқан.

Біздің университетіміз «Арыстандай

айбатты, жолбарыстай қайратты, мен

жастарға сенемін» деген Мағжан

ағамыздың сөзін жерге тастамай, сенімін

ақтап жүрген жалынды  жастары бар оқу

орны екеніне кəміл сенемін. Мен осы оқу

орнында оқып жүргенімді мақтан етемін,

оны мына бір шумақ өлеңмен жеткізгім

келеді

ҚазҰУ-нің білімімен даңқы шықты,



Білім алып шықты мұнда талай мықты.

Атағы əлемге аян оқу орны,

Білім ордам баршамызға болсын құтты!

Сан мыңдаған студенттер тоғысқан,

Арман қуып келдік жақын-алыстан.

Бəрімізге арман болған ҚазҰУ-ым

Осы жерде тағдырымыз тоғысқан.

Ұстаздарым білікті əрі білімді,

Жан-жақты көрсете алар үлгіні.

Сапалы білім, тəрбие алып ұстаздан,

Мақсатымыз ілгерілеу бұл күні.

Мөлдір ҚЫРҒЫЗБАЙ,

Экономика жəне бизнес жоғары

мектебінің бірінші курс студенті.

«Атамекен -- алтын бесік» деп ата-баба-

ларымыз тегін айтпаған. Менің туған ауылым --

Əңгірата  шежірелі, тарихы мол, аңызға бай

өлке. Атамекен өз перзентіне барын, нəрін

береді. Төсінде тербетіп, əлпештейді. Əрбір

адам өз атамекенін мақтаныш етеді, қадір

тұтады. Атамекенге қызмет ету -- əрбір

азаматтың  игі арманы, мақсаты, мүддесі.

Қазақтың кең жазира жерін ата-бабамыз

қорғап, ұрпағына аманат етіп берді. Ол біздің

қасиетті мұрамыз.

Ауылымыз киелі Қазығұрт баурайында

орналасқан. Ауылымның өсімдіктері мен

жануарлары, тіпті əр үйден шыққан түтінінен

бастап, жерде жатқан ұсақ тастарына дейін

көзіме ыстық. Ауылымыздан ғажайып таңбалы,

бейнелі тастарды жəне сан алуан белгілері бар

табиғат көріністерін анық аңғаруға болады.

Өз үйім Қазығұрт басына тоқтаған Нұх

пайғамбардың кемесімен қатар айтылатын

Ғайып ерен қырық Шілтен əулиелі жерде

орналасқан. Үйге келген алыс-жақын қонақ-

тардың бəрі де осы əулиеге соқпай кетпейді.

Бұл жер жаныңды тазартып, рухани ризығыңды

арттырып, қауіп-қатер, пəле-жаладан сақтап,

аурудан сауықтырады деген сенім халық

санасында ерте заманнан бері сақталған. Сан

қилы сыры мен қыры əлі айқындалмаған бұл

табиғат орнында жан-жануардың жəне басқа да

құбылыстардың кейіпін көрсететін бейнелі

тастар: Кеме белгісі, Ойсыл қара белгісі,

Нəресте өтетін белгі, Дүкен жаятын белгі,

Дастархан белгісі т.б. бар. Олардың бəрі қолдан

қашалып жасалған емес, бір жаратушының

құдіреті екені бəріне белгілі.

...Қыдыр ата жар болып,                                                                            

Қырық Шілтен қолдай көр.                                                                     

Жолымды құдай оңдай көр, -- деп халқымыз

сыйынып келген.

«Алпамыс батыр» жырында батырдың қалың

жаумен шайқасқан сəтінде батырға Ғайып ерен

қырық Шілтен көмекке келгені көрсетілген.

...Сол уақытта батырға,                                                                 

Атса, мылтық өтпеді.                                                                                          

Шапса, қылыш кеспеді,                                                                                       

Ғайып ерен қырық Шілтен                                                                            

Қолтықтан сүйеп демеді, -- деген жолдар

жазылған.

Демек, ең көне жыр саналатын «Алпамыс

батыр» жырында Ғайып ерен қырық Шілтен

атының аталуы халықтың наным, сенімінің биік

екендігін көрсетеді. Тарихымызды тану арқылы

атамекенімді мақтан тұтамын. Атамекен -- ата-

бабамыздың қоныс тепкен жері. Біздің өткен

өміріміз, болашағымыз да атамекенмен

байланысты. Атамекенімізді ардақтау, туған

жерді қасиет тұту -- біздің бойымызға ана

сүтімен дарыған қасиет.

Қасиет ӨМІРЗАҚ,                                                   

Абай атындағы орта 

мектептің 6-сынып оқушысы.

Ìåíiº óíèâåðñèòåòiì — 

ìåíiº ìà°òàíûøûì

Àòàìåêåí —

àëòûí áåñiê

Бірінші мөлтекаудандағы “Дария”

балабақшасында да “Алтын күз”

мерекесі тойланды. Барлық топтарда

ертеңгіліктер ұйымдастырылды. «Өр-

кен» ортаңғы топта «Қош келдің,

Алтын күз!» атты мерекелік іс-шара

өте қызықты өтті. Тəрбиеші Қарлығаш

Абдулаева мен саз жетекшісі Кəмшат

Қожаева дайындаған бүлдіршіндердің

өнері іс-шара қатысушыларының

көңілінен шықты. Осы топтың тəр-

биеленушісі, іс-шара жүргізушісі, 5

жастағы Айзере Асқарқызының: 

«Келді міне, Алтын күз!,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз»,--деген

сөзінен кейін тəрбиеші «Армысыздар,

ағайын! Сəлеметсіздер ме, қадірлі

қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты

алтын күздің құрметіне арналған

мерекемізді бастаймыз», деді. Өнер

мен білімді үйренуге құштар кішкентай

Айзере болса: 

«Леңгерімде гүлдей жайнап,

Жарқырайды Алтын күз.

Береке мен мерекені,

Алып келді Алтын күз» деп тақ-

пақтай жөнелді. «Өркен» тобының

барлық балақайлары өнерлі, білімді

екен. Олар тақпақ айтып, жұм-

бақтардың шешуін тапты. Тəрбиеші

берген тапсырмаларды орындады.

Əдемі əуенге мың бұрала би билеп, əн

де шырқады. Əсіресе би де билеп, əн

де айтқан Альбина Исахан мен «Бала-

пан» тобынан қонаққа келген Асхат

Асқарұлы мен Арай Хусанның өнеріне

ата-аналар зор қошеметпен қол соқты.

Өнерлі балғындар «Балапан» əнін

шырқап, көрермендердің көзайымына

айналды. Топтағы 32 баланың да

əртүрлі өнері бар екеніне куə болдық. 

Ата-аналар атынан сөз алған

Динара Бимұрзаева тартымды ер-

теңгілікті ұйымдастырған тəрбие-

шілерге алғыс білдіріп, еңбектеріне

шығармашылық табыс тіледі.  

«Білім əлемі-ақпарат».

Леңгер қаласындағы №1 мектеп-

гимназияда аудандық «Жастар орта-

лығы» «Шамшырақ» жастар қоғамдық

бірлестігімен бірлесіп, оқушы жастар

арасында нашақорлықтың, құқық-

бұзушылықтың алдын алу мақ-

сатында «Нашақорлық пен қылмысқа

жол жоқ» атты тақырыпта кездесу

ұйымдастырды. Шараны аталмыш

орталық инспекторлары Ақбота

Əшірбекова мен Жасұлан Бегайдаров

жүргізіп отырды. Кездесу жастарды

қоғамның теріс ықпалынан аулақ

жүруге, жат əдеттерге үйір болмауға

шақыратын бейнеролик көрсетуден

басталды. Шəкірттер алдында

аталған бірлестіктің төрағасы Əлішер

Усманов, аудандық ішкі істер бөлімі

кəмелеттік жасқа толмағандар ісі

жөніндегі бөлімше инспекторы Қал-

дар Əшірбаев, аудандық «Нұр»

мешітінің өкілі, теолог Салахиддин

Мухиддинов сөз сөйлеп, сауалдарға

жауап берді. 

«Білім əлемі-ақпарат».

Àëäûí àëó ìà°ñàòûíäà

Êåëäi, ìiíå, “Àëòûí ê¾ç”



Áiëiì ´ëåìi

6

Áàëàëàð øûμàðìàøûëûμû



22-қараша 2014 жыл

ҰСТАЗЫМ

Ардақты менің ұстазым,

Өзіңнен тəлім аламын.

Білім алып, ер жетіп,

Үлкен адам боламын.

Бекнұр АҚМҰРАТ.

Менің асыл ұстазым,

Маған білім үйреткен.

Сізге рахмет айтамын,

Шəкірттік шын жүректен.

Н.ЕСМАХАН.

Ұстаз деген білімді,

Ұстаз дген мейірімді.

Ұстаз деген анамдай,

Ұстаздарды сыйлаймыз.

Бізге білім үйреткен,

Бəрінен де асыл жан.

Адам бол деп əрқашан,

Сыйпалайды шашымнан.

ТӘУЕЛСІЗДІК

Қазақстан тəуелсіз байтақ елім,

Əдемі асқар тауың, шалқар көлің.

Желбіресін туың мəңгі аспанда,

Орындалар арманым барлық менің.

Қарақат ӘБДІПАТТА,

№7 жалпы орта мектептің

оқушысы.

Қаладағы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Салтанат

Қоқашева өзі жетекшілік ететін 3 «б» сынып оқушыларының тырнақалды

өлеңдерін алып келіпті. Бұл ұстаздың шкірттерінің шығармашылығына

үнемі ден қоятынын байқатса керек. Талабы таудай балғындардың

туындыларын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Олардың бəрі өлеңдерін

сүйікті ұстаздарына арнапты.

Кешкілік сіркіреп қар

жауды да соңы жа-

палақтап жауған қарға

ұласты. Бірнеше минуттың

ішінде төңірек ақ ұлпаға

оранып шыға келді.Біз

таулы аймақта тұрсақ та

желтоқсан түсекенше қар

жауа бермейтін. Таби-

ғаттың бұл тосын мінезіне

қайран қалдым. 

Таңертең сыртқа шық-

тым. Баудағы бар ағаш-

тардың сарғыш тартқан жапырақтары

əлі де үзіліп үлгермен болатын.

Бұтақтары майысып сынып түсуге шақ

қалып тұр. Аяп кеттім. Барып алманың

бұтағын сілкіп қалғанымда мойныма қар

түсіп кетті. Мұздай қардан бойым

тітіркенді. Бар ағаштың бұтақтарын

сілкіп, қарын түсіріп шықтым. Қора жақта

жүрген əкем менің бұл ісіме сүйсіне

қарап тұр екен.

Көрші ауладан кішкентай балалардың

қуанып айқайлаған даусын есіттім. Олар

да алғашқы қарға шаттанып жүр. Кіп-

кішкентай бүлдіршін жалаң аяқ əжесінің

үп-үлкен кебісін киіп алып, ақ қарды

кешіп бара жатыр. Кебістің қоншына

құйылған ақ қарды тіпті елер емес.

Шіркін, балалық-ай, десеңші!

Алғашқы жауған қардың ғұмыры тым

келте болды. Бір күн жатты да еріп кетті.

Ал Алатауды жапқан қар ерімей əлі

жатыр. Қараған сайын қатал қыстың

аязды күндерін көзге елестетеді. Менің

есіме Абай атамыздың:

Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай,

Қыстың басы бірі ерте, біреуге жəй.

Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,

Ықтырмада бүрсеңдеп отырар бай..,

деген өлең жолдары түсті.

Нұрболат СӘБИТ,

Алатау жалпы орта 

мектебінің оқушысы.

Алμаш°ы °ар

Баяғы емес, болашақ заманда,

Болашақ болғанда,

Осыдан миллиард жыл

Алда,


Тарыдай болғанда

Алма.


Барлық ғаламда,

Динозаврлар аманда.

Қазақтар Айда өмір сүріпті,

Жетпіс жеті тіл біліпті.

Отыз тіл білгендерге,

Маубас деп күліпті.

Бірінші сыныпқа

Бесікте барыпты,

Қаз тұрғанда

Екінші сыныпқа алыпты.

Тəй-тəй басқанда,

Бастаушты бітіріпті.

Жүргенде Ұлттық бірыңғай тест

Тапсырыпты,

Бірақ артына

Бір жылдық,

Памперес жапсырыпты.

Барлық бала дарынды болыпты,

Бір тар сыныпқа жүз бала

Толыпты.


Əр баланы бір сабақта,

Жүз мұғалім оқытыпты.

Миына бар сабақты, 

Тоғытыпты.

Бір жасында үйленіпті.

Үш жасында

Немересін мектепке

Сүйретіпті.

Алты жасында шөбере,

Жеті жасында шөпшек

Сүйіпті.

Жұмыс деген

Атымен болмапты.

Сондай бір

Тамаша заман орнапты.

Орманда маймыл,

Ғұлама

Таутеке тауда,



Молдалық құрыпты.

Теңіздегі балықтың бəрі,

Аспанда тұрыпты.

Осының бəріне сеніңіз, 

Балалар сау болса, 

Мың миллиардыңа да,

Ереі-ақ жетер.

Қазақ деген біздің еліміз.



С.САҚТАПБЕРГЕН,

оқушы.

Қазақтың байтақ даласы,

Таулары асқақ ақ қарлы.

Өлкеме жасыл қарашы,

Арайлап атар ақ таңы.

Мөлдіреп өзен, көлдері,

Əн шырқар қызыл құмы да.

Жайқалар əлі-ақ шөлдері,

Жасаймыз қолмен мұны да.

Құлпыра берші аймағым,

Əлемге жетті атағың,

Желбіре көкте байрағым,

Мəңгілік менің Отаным.

“т⁄Ğы₣


¯òiðiê åðòåãi

Бар жақсысын сыйлауға

Туған жерге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Алмұрт пісті, алма да,

Үзіп алды бар бала.

Иісі қандай керемет,

Қауын да бар бақшада.

Жапырақтар сарғайды,

Құстар əнін жалғайды.

Сиқырлы күз сұлусың,

Қарасаң көз тоймайды.

Дана БАЯЛЫ,

Оңтүстік  бастауыш 

мектебінің оқушысы.

Анашым ай дидарлым,

Жаныма нұр сыйладың.

Қамқоршым сен ғанасың,

Ешқашан қартаймағын.

Өзіңмен бақ табамын,

Əн салып шаттанамын.

Мейірім нұрын төгіп,

Санамда жатталасың.

Жырладың шаттық жырын,

Түсініп өмір сырын.

Көтере білдің аға,

Тағдырдың талай сынын.

Еркіндік болды арманың,

Күрестің еш талмадың.

Заманың түлкі болса, 

Тазы боп сен шалмадың.

Алаштың мұңын мұңдап, 

Халықтың жоғын жоқтап.

Қиналдың түсіне алмай,

Бар шерді ішке сақтап. 

Диана АНАРБЕК, 

Т.Тоғысбаев атындағы орта

мектеп оқушысы.

Қараша төңірекке қар жамылған,

Бұлттар жөңкіп таулардың ар жағынан.

Сақылдаған сары аяз бет шымшыйды,

Қызара батқан Күн де таң қалдырған.

Қыр жақта бала біткен шанасымен,

Шалбарына қар суы шала сіңген.

Тоңғанын да ойынмен сезер емес,

Бар қызыққа шуылдап таласумен.

Тырнадай көкте қайтқан тізілумен,

Балалық өтер-кетер қызығымен.

Қыстың да тамашасы таусылмайды,

Балалық бар жүректің қызуымен.

Мен сенің мəпелеген балапаның,

Мен сенің атқан шуақ дара таңың.

Үмітіңді ақтаймын азамат боп,

Тұлпарыңмын бəйгеге жарататын.

Жігітке түсер ауыр салмақ дəйім,

Жүзіңде болмасыншы бармақтай мұң.

Дүниеде шуағым жалғыз өзің,

Асыл анам мен сені ардақтаймын.

Әсет ӘМІРӘЛИЕВ,

Б.Момышұлы атындағы жалпы 

орта мектептің оқушысы.

Àíàøûì



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет