Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру



Дата28.04.2023
өлшемі25,57 Kb.
#88096

МБ 13. Мемлекеттік қызметте, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін реформалау. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс көптеген елдерде экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар проблемалардың туындауына әкелді, саясаткерлер мен ғалымдардан қоғам мен әрбір адамның өміріндегі мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауды қажет етті. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, түрлі себептермен (нарықтың дамуы, демократиялық үдерістердің тереңдеуі және т.б) мемлекет рөлінің әлсіреуі дұрыс ұйымдастырылмауға, хаос, анархия, әлеуметтік қақтығыстар мен шиеленістерге әкеліп соғатыны белгілі. Бұны бірқатар елдердің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі сәтсіз тәжірибесінен көруге болады. Жаңа талаптар мемлекетті өмірдің жаңаша талаптары мен жаңа өзгерістеріне бейімделуін қажет етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды міндет болып табылады. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар күрделі қайта құрулар жүргізілді. Осыған байланысты, ҚР Президенті 1999 жылғы 22 қаңтардағы «ҚР Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 жылғы 13 қазандағы «Мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыреттерін нақтылау жөніндегі іс-шаралар туралы», 2000 жылғы 13 желтоқсандағы «Жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы» Жарлықтарға қол қойды. Бағдарламада ҚР мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды жүргізу барысында негізге алынатын қағидаттар бекітілді. Оның ішінде ең негізгілері: мемлекеттік басқарудағы тікелей және жанама басқарудың ара жігін нақты ажырату; құрылымдардың қайталануын болдырмау; мемлекеттік басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; бюджеттік мәселелермен бірге өкілеттіктерді бөлу мәселелерін шешу; мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту және және т.б. болды. Ол мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын айқындап берді, атап айтқанда: - орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру; - мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау. Шаруашылық субьектілерін тіркеу рәсімін жеңілдету, «бір терезе» тиімді қағидатын енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені ұсынылды; – мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру.


Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 2006 жылы 1 қыркүйекте Қ Р Парламенті палаталарының бірлескен отырысында әкімшілік реформа жүргізуді одан әрі дамыту идеясы ҚР Президентінің «Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы баяндамасында жалғасын тапты. Осы кезеңде әкімшілік реформа бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуына қарамастан, мемлекеттік басқару жүйесінде мынандай шешілмеген мәселелер қалды: сыбайлас жемқорлықтың болуы, ашықтық және айқындықтың болмауы, мемлекеттік органдар қызметінде қайталанудың болуы және және т.б. Осы міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның алдыңғы кезеңдеріндегідей, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, жетілдірілген іріктеу рәсімдері мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын жақсарту болды. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола алмайды. 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясының 33-бабы 4-тармағында, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бекітілген. Бұл тармақта мемлекеттік қызмет қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін сипаттайды. Осы нормаға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық мiндеттердiң сипатына негізделген. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың осы және басқа да мәселелері, талаптар Қ Рның қолданыстағы заңнамасында белгiленген. Осындай талаптардың бірі мемлекеттік қызметшілердің адал болуы. ҚР мемлекеттік органдарының практикасы мен барлық мемлекеттік саясаты бүгінгі күні аталған талаптарды іске асыруға бағытталған, олай болмаған жағдайда адалдықтың болмауы нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көбейіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төне бастайды. Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі функцияларының бірі болып табылады, 1999 жылдың 23 шілдесінен ҚРның мемлекеттік қызметінің құрылуының саяси- айқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы және жеке уәкілетті орган – ҚРның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Мемлекеттік қызметтің моделін құру бойынша белсенді жұмыс атқарылумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар да жүргізілді. Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтік- құқықтық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар қабылданды, ҚР Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты: - 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»; - 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «ҚР Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы»; - 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» және басқалар. Осы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген шаралар сол уақытта кең ауқымды сипатқа ие болған (өкінішке орай, осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталды. ҚР Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Елбасының жанындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған, консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Бұл консультативтік-кеңестік орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша уәкiлеттi адамдарға тәртіптік жаза қолдану, қызметтік тергеу жүргізу тралы ұсынымдар дайындауға құқығы бар. Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы – ҚРның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері болып табылады, ол ҚР Президентінің жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес, 2005 жылы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту үшін құрылды. Мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер, меритократия, адалдық және тиімділік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру міндетін жүзеге асыру басталды. Реформалау шеңберінде құрылған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға қатысты жаңа тәсілдерді талап етті. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту үшін жаңа тетіктер енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент күшейтілді. 2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру шеңберінде Қ Рның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚРның Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) бірігуі арқылы ҚРның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Жаңа Агенттіктің практикалық қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қ Р Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленді. ҚРның қабылдаған қадамдары әр мемлекеттің алдына мемлекеттілікті нығайту міндетін қойған жаһандық тегеурінді талаптары мен қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне сәйкес болды. Мемлекеттік қызметті жаңғырту шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі үшін конкурстық іріктеуге көшу, меритократия қағидатын күшейту, тұрақты оқыту жүйесін құру, сондай- ақ жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кешендік аттестаттау жүргізу жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады. Жоспар шеңберінде қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда бекітіледі. Тек бірлескен іс- шаралар векторы және қоғам мен мемлекеттің өзара түсіністігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес алаңын жасай алады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мақсаттар мен іс-шаралар кешенді болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды, таңдамалы немесе азаматтардың жекелеген санаттарына төзбейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Қ Рның мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметінің 138 тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік туралы және т.б. 2018 жылдан бастап ҚРның барлық азаматтары өз табысын ғана емес, сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек.
Мемлекеттік басқарудағы реформалар: нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау болады. Шет елдің озық тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесінде, тиісінше мемлекеттік жоспарлауда және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар дегеніміз бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және көптеген жағдайларда тек қаражатты игеруге бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тууына себеп болатын факторлар, жоспарлау процесінің күрделілігі, еңбек және қаржы ресурстарының шектеулігі, ақпараттардың қолжетімсіздігі және және т.б. болып табылады. Әкімшілік реформаны жүзеге асыру шеңберінде нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне көшу іске асырылды. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мемлекеттік экономикалық, индустриялық және әлеуметтік саясатты іске асыру үшін тиімді құрал болуы мүмкін. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру тиімділігін бағалау қажеттілігі, шығындарды бақылаумен ғана байланысты емес. Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді барынша азайтудың тиімді стратегиялық жоспарлау процесі мынадай өлшемдерді қамтиды: – миссия (мемлекеттік органның болу қажеттігін түсіндіру); – мақсаты (қоғамдық қатынастардың келешектегі жай-күйі, ол ведомство өзінің күш-жігерін жұмсайды); 141 – нәтижелілік көрсеткіші (салалар тұрғысынан емес, мақсатты топтардың параметрлері тұрғысынан); – көрсеткіштердің мақсатты мәні (мысалы, жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді 20%-ға арттыру); – орындалуын бағалау және бақылау. Сондай-ақ, кері байланыс тетіктері қажет (мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалау нәтижесінде алынған ақпаратты пайдалану). Бұдан өзге, стратегиялық жоспарлау азаматтардың мақсатты топтарын анықтауды және мемлекеттік орган қызметін сырттай бағалауды қамтиды. Мемлекеттік қызметтер ұсыну стандарттарын институцияландыру шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қарс мінез-құлық стратегиясына бағдарлай отырып, стимулдер құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бағалау жүйесін енгізуге қарағанда, мемлекеттік мекемелердің мәдениетін өзгерту арқылы алға жылжиды, оны азаматтарға ең үздік қызмет көрсету үшін «жарысу» деуге болады.
Онда төменгі деңгейдегі құжатты әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы аса жоғары деңгейдегі құжаттардан туындайды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттардың іске асырылуын бақылау мен бағалау, өз кезегінде, төменгі деңгейдегі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады; 142 – нақты мақсатты нәтижелерге қол жеткізу үшін бағдарламалық құжаттардың тиімді иерархиясын құру және құжаттардың тым артық түрлерін оңтайландыру және реттеу. ҚРндағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі Қазіргі уақытта, ҚРнда қалыптасқан мемлекеттік жоспарлау жүйесі декомпозицияланған, яғни еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаттары мен басымдықтары әрбір мемлекеттік орган үшін нақты міндеттер мен өлшемді көрсеткіштер түрінде ұсынылған. Сонымен қатар процестерді мониторингілеусіз, мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелерін бағалаусыз қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. ҚРнда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) жаңа моделін енгізу мынадай ретпен жүзеге асырылды: 1) 2007 жыл. 2008–2010 жылдар кезеңіне арналған стратегиялық жоспарларды үш пилоттық министрліктермен (әділет, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау) және екі басқармамен (білім беру және денсаулық сақтау) әзірлеу; 2) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама қабылданды. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы; 3) 2018–2019 жылдар. Орталық мемлекеттік мен жергілікті атқарушы органдарға МЖЖ элементтерін және нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу; 4) 2008 жылғы 4 желтоқсан. ҚРның Бюджет кодексін қабылдау; 5) 2009 жылғы 18 маусымда Қ Р Президентінің № 827 «ҚРндағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығының бекітілуі; 6) 2009–2010 жылдар. ҚР Президентінің Қ Р мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және қабылдау; 7) ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізудің кезекті кезеңі жергілікті атқарушы органдармен стратегиялық және жедел жоспарларды әзірлеу болды, бұдан әрі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды және жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту жоспарларын әзірлеуі жүзеге асырылды. Бұл, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық көріністерінің қатерлерін айтарлықтай азайтады. Аталған жүйе стратегиялық жоспарлау – тактикалық жоспарлау – жедел басқару тізбегін құруға мүмкіндік береді. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» Стратегиялары мен елдің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, мемлекеттік бағдарламалар мен Президент Жолдауларында көрсетілген стратегиялық міндеттерді бюджеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыруға арналған нақты іс-шараларда көрсету тетіктері құрылды.
Нәтижеге бағдарланған басқаруды жаңғырту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында мыналар қамтамасыз етіледі: – ведомстволық және ведомствоаралық жоспарлау мен қызмет нәтижелері мен мақсаттары бойынша жобалық басқарудың кешенді жүйесін құру және енгізу; – ресурстардың мемлекеттік органдар арасында бәсекелі бөлінуі мен олардың қызмет нәтижелеріне қол жеткізуін бақылау; – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау субъектілерінің қызмет нәтижелілігі мен тиімділігінің негізгі өлшем көрсеткіштерін әзірлеу; – мақсаттарды нақты орындаушыларға бекітуді қамтамасыз ететін технологиялар мен рәсімдерді мақсатты тұжырымдау; – қойылған мақсаттар мен оларға қол жеткізуде қызмет атқарған орындаушылар әрекеттерінің деңгейін саналы түрде бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді бекіту. Бюджеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаражат мемлекеттің өз қызметтерін толық орындауы үшін жеткілікті болу керек екенін ескерген жөн. Осыған сәйкес, мемлекет өзінің қаржылық саясатын мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдаланатындай етіп ұйымдастырады. 2009 жылы ҚРның жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының теңдестірілген және толық жүйесін құруға, олардың мәртебесі мен әрекет ету мерзіміне қарай бағдарламалық құжаттардың сатыларын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу мен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін анықтауға септігін тигізді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Қ Р Президентінің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспармен тығыз байланысты. Ол Қ Р Президентінің елдің 2020 жылға дейінгі стратегиялық көрінісі туралы Қ халқына Жолдауы негізінде құрылған болатын. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі міндеті 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды және барлық басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді орындауды толық көлемде қамтамасыз ету болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшелігі әрбір мемлекеттік органның өз стратегиялық жоспары негізінде жұмыс істеуі болып табылады және елдің негізгі құжаттары 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар мен мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарымен тікелей байланысты нақты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу үшін тікелей жауапты болады. Аталған жүйе әрбір мемлекеттік орган мен оның басшысының қызмет нәтижелілігін жіті қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға бюджеттік қаражат тек стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттар үшін бөлінеді. Бұл стратегиялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды шоғырландыруға шынайы жағдайлар мен алғышарттар жасайды. Министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық жоспарларының пайда болуы, ең алдымен, ведомство басшыларының жоғары деңгейдегі түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін қоғамның шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін шешудегі тұлғалық жауапкершіліктерін арттыру мен бюджет қаражатын бөлудегі жемқорлық қатерлерінің алдын алу қажеттілігімен байланысты болды.
Мемлекеттік жоспарлау саласында орын алған ағымдағы жағдай қалыптасқан негізгі мәселелерді көрсетеді. Аталған тұжырымдама мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға арналды: 1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын тексеру және оңтайландыру; 2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы мен олардың жүзеге асырылу деңгейін жетілдіру; 3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік органдар қызметі мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру нәтижелілігін бағалауды жетілдіру; 5) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы кадрлар біліктілігінің деңгейін жоғарылату. Қның демократиялық негіздер құру мен нарықтық қатынастарды дамытуға бағдарлануы мемлекеттік қолдау шаралары мен құралдарының бірыңғай жүйесін қалыптастырудың бастамасы болды. Елімізде енгізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесі болжамдау, бағдарламалау, ұзақ мерзімді стратегиялық және орта мерзімді индикативті жоспарлау элементтерін қамтиды. Мемлекеттік бағдарламалау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдірудің рәсімдері мен технологияларының мазмұны негізгі әрі маңызды мәселерді шешумен байланысты нақты мемлекеттік бағдарламалармен анықталады. Мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу дегеніміз – азаматтық қоғаммен және бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып мақсатты түрде жұмыс жүргізу. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалау мемлекет пен қоғамның идеяларды қалыптастыру кезеңінде, сондай-ақ іс-әрекеттің бағдарламалары мен нақты болжамдарын қалыптастыру кезеңінде өзара тиімді әрет етуін қамтамасыз ететін тетік ретінде түсіндііледі. Бұл тетіктің көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянды өтеп, жауапкершілік пен бұлтартпау шараларының жоғарғы нәтижелілігіне қол жеткізуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де шаралардың үйлесімді қолданысы қамтамасыз етіледі. Бағдарлама негізінде болжамды қызмет жоспары әзірленеді. Жоспарлау (және бағдарламалау) талданып отырған әлеуметтік- экономикалық және құқықтық құбылыстың болашақта белгіленген параметрлерден өзгеруі мен ауытқуының ықтимал нұсқаларын анықтау тетіктерін бекітуді талап етеді. Болжамдау бағдарламалаудың ғылыми негізі болып табылады. Болжамдау ауытқуларды айқындау мен олардың алдын алу стратегиясын белгілейді. Мақсатты-бағдарламалық тәсіл – бұл мемлекеттік билік және басқару органдарының қалыптасқан мәселені шешуге, мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған жүйелі бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу мен ұйымдастыруы арқылы әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешудің негізгі тәсілі болып табылады. Қ өзінің геосаяси ұстанымы мен әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуына байланысты әлемдік жаһандану процестеріне белсене қатысатындықтан, бүгінгі заман жағдайындағы басқарудағы бағдарламалық тәсілдер мен мақсатты кешенді бағдарламалардың рөлі арта түсуде. Себебі, аталмыш процестерді ұлттық экономика деңгейінде реттеу және үйлестіру тек бағдарламалау әдістемесі арқылы ғана мүмкін болмақ. Өндірістік саясатты кезең-кезеңімен дамыту мақсатында Қ Р Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен 2015–2019 жылдарға арналған индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама ҚРның үдемелі индустриялық- инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып саналады және оны жүзеге асырудағы тәжірибені ескереді. Негізі әкімшілік кедергілерді азайтуға, еркін бәсекелестікті дамытуға жағдай жасауға, Қазақстандық мазмұнды кеңейтуге, тиімді тарифтік саясатты жүргізуге, ірі өндіріс өндірушілері айналасында шағын және орта бизнес кәсіпкерліктері жүйесін мақсатты қалыптастыруға арналған шаралардан тұратын индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларының көмегімен, соңғы жылдары елімізде серпінді өзгерістер орын алды, жаңа салалар ашылып, жемқорлықтың орын алуын азайтудың қолайлы ортасы қалыптасты.
Бағдарламаның алғашқы міндеті аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар жүргізілуде: 1) қолданылмайтын шаруашылық активтері мен қолда бар резервтерді (оның ішінде қаржылық) айналымға енгізу арқылы өңір экономикасының әртараптылығын қамтамасыз ету; 2) отандық және шетелдік инвесторларды тартуда жүйелі жұмыстар жүргізу; 3) инновацияларды дамытуда оңтайлы жағдайлар жасау (шағын инновациялық компаниялар мен жоғарғы технологиялы өндірісті дамыту); 4) өңір экономикасының барлық саласында шағын кәсіпкерлікті дамытуға атсалысу (әкімшілік шараларды, рұқсат жүйелерін және т.б. жеңілдету); 5) өңір әкімдерінің жүйе құрушы ірі кәсіпкерліктердің шаруашылық қызметін тиімді экономикалық қадағалауы; 6) өңір экономикасының барлық саласында энергия мен ресурстар үнемдеу технологияларын енгізу және энергияның баламалы көздерін қолдану; 7) республика қалаларының айналасында азық-түлік аймақтарын құру. 147 Бағдарламаның екінші міндеті екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: 1) экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру және оларды дамыту; 2) Қ өңірлерінің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға атсалысу [8]. Мақсатты-бағдарламалық тәсілдің жетістігі мен нәтижелілігі жұмыс сапасына ғана емес, жүзеге асыру тетіктеріне де байланысты болатыны сөзсіз. Бұл – дамудың мүмкін нұсқаларын, жақсы ұйымдастырылған кері байланысты және ішкі факторлар мен сыртқы факторлардың арақатынасындағы өзгерістерге икемді жауап беруді ескеру қажеттілігі. Бұл жетік басқару мен тиісті мамандардың жоғары кәсіби дайындығын талап ететін күрделі обьектілер. Шын мәнінде, мақсатты кешенді бағдарлама қатысушылардың уақытпен үлестірілген, ресурстар бойынша негізделген және белгіленген мақсатқа жеткізуге бағытталған өзара келісімді ес-әрекеттердің жүйесін құрайды. Бағдарламалар бір жағынан, жоспарлардың мақсатты қойылуын жүзеге асыру құралы ретінде көрініс тапса, екінші жағынан, қолда бар ресурстарды мақсатты бөлу саласындағы жоспарлы шешімдерді негіздейтін жоспар алды құжат болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалар соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әртүрлі шаруашылық қожалық етуші субьектілердің, әлеуметтік-саяси күштердің іс-әрекеттерін үйлестіру нысаны болып табылады. Мемлекеттік бағдарламалардың жоғарыда аталған барлық функциялары мынада шарттар сақталған жағдайда ғана орындалары сөзсіз: олардың әзірлеу мен жүзеге асыру барысында ғылымилық, икемділік, уақытылылық, кешенділік, жүйелілік талаптары, басқарудың ақпараттық базасының қоғамда қалыптасқан және кеңінен бөлінетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы медениетке, адамгершілік және моральдық нормаларға, мәдени дәстүрлер мен құндылықтарға сайма- сай болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту мақсатында бюджеттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейту қажет.
Сыбайлас жемқорлық – Қның ұлттық қауіпсіздігіне қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады [1]. Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап, инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді. Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған өзгерістер енгізді.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлық жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады. Әлемдік экономикалық форумында жарияланған 2013 – 2014 жыл- дары Жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы есеп нәтижелері көрсеткендей, Елімізде бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс көреді.
Әрқашанда заңды бұзу кәсіпкерді өз көзқарасы бойынша және өзінің жеке мақсаттарына сай қолдануға тырысатын мемлекеттік шенеуніктерге тәуелді болуға әкеледі. Бизнесте мәселені сыбайлас жемқорлық арқылы шешуге мүдделі болатын мынадай жағдайлар бар: – компанияға заңды әрекеттер заңсыз әрекеттерге қарағанда қымбатқа түссе (талаптардың дұрыстығын сот арқылы шешкеннен пара беру арзанға түседі); – міндетті талаптарды орындау компанияның табысына немесе оның қызметіне қауіп төндірсе (сот шешімі бойынша өндіріс жабылса, үлкен сомадағы айыппұл белгіленсе және т.с.с.); – мәселені заңды жолмен шешу мүлдем мүмкін емес болған жағдайда (мысалы, активтерді немесе мүлікті жекеменшік иелерінен заңсыз тартып алу); – жауапты тұлғаның қолында сыбайлас жемқорлық рентасы үшін қолданылуы мүмкін аз кездесетін ресурс болғанда (мысалы, жүйелерге қосылу мүмкіндігі, жылжымайтын мүлікті жалға беру, әсіресе ол жеңілдетілген бағамен жалға беріліп жатса); – заңсыз әрекеттер заңды әрекеттерге қарағанда анғұрлым көп табыс келтіретін болса (мысалы, әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, жаңа нарыққа ие болу немесе оны бәсекелестер үшін жабу, мемлекеттік тапсырыс аясында тауар жеткізу немесе қызмет көрсету, жұмыстарды орындау). Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық» әсер ету таралады. Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде оны белсенді қабылдамауды, адал бәсекелестік пен адалдық беделін басымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік қатынастарды дамыту өте маңызды. Елімізде сыбайлас жемқорлық экономикалық міндеттерді шешудің анағұрлым тиімді тәсілі ретінде таралуы лоббизмге теріс көлеңкесін «түсірді».
Лоббизм батыс елдерінде кәсіпкерлердің мүдделерін алға тарту үшін белсенді қолданылады. Елімізде болса, лоббизм қандай жолмен болса да, заңды бұзу арқылы болса да компанияның мүдделерін жүзеге асыру дегенді білдіреді. Тіпті, мұндай әрекеттер компанияның ортақ иелерінің, әріптестерінің, сол саланың не ел экономикасының мүдделеріне сай келмесе де жүргізілуі мүмкін. Лоббизмді мүдделерді заңсыз жылжыту ретінде қабылдауды өзгерту сыбайлас жемқорлық көріністерге қарсы белсенді тиімді күрес жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастырған кезде өзгеруі мүмкін. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттары мен шаралары. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл экономикалық қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесі. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бизнес-ортада қаншалықты дәрежеде белең алғанын ескергенде, айтарлықтай қиын процесс. Компаниялардың менеджерлері өз құзыреттерін пайдалана отырып, «тойтарыс» береді және олар ресурсқа қол жеткізу үшін ақша беру және т.с.с. қажеттіліктерін тудырады. Дегенмен, бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністері жөніндегі ақпарат, мемлекеттік органдарда көрініс табатын жемқорлыққа қарағанда толық болмайды. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері: – компаниялардың ішкі регламенттері мен рәсімдерінің анық болмауы; – әлсіз мониторинг пен бақылау; – компанияның басқару органдары қабылдайтын түпкі шешімдердің айқындығының жеткіліксіздігі; – компания басшыларының жұмыста әдеп қағидаларын сақтамауы. Компания басшылығы қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік тәрбиелеуде үлгі болуы тиіс. Егер басшылық мәселені пара алу арқылы шешуді қаласа, компания қызметкерлері де мәселе шешудің осындай жолынан бас тартпайды. Шетел компанияларының тәжірибелері көрсетіп отырғандай, Елімізде кәсіпкерлік қызметті парасыз жүргізуге болады. Жемқорлық орын алған жекелеген жағдайлармен компанияның ішкі рәсімдері арқылы күресуге болады.
Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресіп, оның алдын алу үшін негізгі екі шараны орындау қажет деп есептейді: 1) пара үшін қомақты (еселенген) айыппұл салу, бұл пара алушылардың жауапкершілігін арттырады; 2) заңнаманы оның «сыбайлас жемқорлықтан таза» екендігіне қоғамдық сараптама жүргізу, оны жасаудағы нақтылық. Сондай-ақ бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шараларға мыналар жатады: – заңнаманың айқындығы мен толықтығы; – мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту; – мүдделер шиеленісін жою; – мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау; – мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы. Әртүрлі қызмет салаларын нормативтік құқықтық реттеудегі кемшіліктер – сыбайлас жемқорлыққа апаратын негізгі себеп. Бұл еліміз үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді мәселе болып отыр. Бұл мәселенің шешімі тек мемлекетке ғана емес, «қоғам-билік-бизнес» диалогының қаншалықты нәтижелі болуына байланысты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру құралы. Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік жауапты әрекетінде жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл кәсіпкерлердің осындай саясат жүргізіп, осындай шешім қабылдауға және қоғам мақсаттары мен құндылықтары жағынан ерікті болып саналатын қызмет бағыттарын таңдауға ерікті түрде міндеттелуі болып табылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аумағы мен бағыттары белсенді түрде кеңеюде. Ол қайырымдылық шараларымен шектеліп қана қоймай, мынадай шараларды да қоса орындайды: – бизнес жүргізу процесінің құқықтық нормаларға сай болуы; – кәсіптік және іскерлік этика қағидаларын сақтау; – экологиялық нормаларды сақтау; – компания қызметкерлері алдында өз міндеттерін орындау; – тұтынушылар алдында өз міндеттерін орындау және т.б Кәсіпкерлік құрылымдары мен мемлекеттік билік өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет