Бжб тжб жұмыстарын саралау және зерделеуін ұйымдастыру



Дата28.12.2022
өлшемі18,19 Kb.
#60123
түріМазмұндама

Анықтама
БЖБ ТЖБ жұмыстарын саралау және зерделеуін ұйымдастыру
Бір тоқсанда бірнеше бөлім бар. Әр бөлім бойынша оқушының білімі мен біліктілігін тексеру үшін БЖБ алынады. Ол бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу түрінде болуы мүмкін. БЖБ қандай форматта болатынын және тапсыру уақытын педагог өзі шешеді.
БЖБ үшін максималды балл:

  • 1-4 сыныптарда: кемінде – 7 балл, ең көп дегенде – 15 балл;

  • 5-11 (12) сыныптарда: кемінде – 7 балл, ең көп дегенде – 20 балл.

Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болса, БЖБ тоқсанына екі реттен артық болмайды. Ал қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Негізінен БЖБ бір тоқсанда үш реттен артық өткізілмейді. Бір тоқсанда төрт және одан да көп бөлімдер мен ортақ тақырыптар өтсе, олар біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
ТЖБ әр тоқсан аяғында алынады, бірақ тоқсанның соңғы күні өткізілмейді. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. Бір пәннен БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.
БЖБ және ТЖБ жұмыстары барлығы талаптарға сай құрылған, тапсырмалар 1 тоқсанда қарастырылған сабақ мақсаттарына сай. 2022-2023 оқу жылының 1 тоқсан бойынша ТЖБ жұмыстары 18-25 қазан аралығанда жүргізіледі. Әр тапсырманың дискрипторлары берілген, белгілі критери бойынша бағалану қарастырылған.
Ұсыныс
БЖБ және ТЖБ тапсырмалары тоқсан басында алдын ала құрастырылсын, мақсаттары бойынша тапсырмалар қарастырылсын. ТЖБ соңында модерация, анализ жасалсын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет