«Бұл айтыста Сара жоқ, кілең Біржан» Қазақтың арда өнерінің бірі де, бірегейі – айтыс. «Аламан бәйге»



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі1,15 Mb.
#19964
  1   2   3

«Бұл айтыста Сара жоқ, кілең Біржан»
Қазақтың арда өнерінің бірі де, бірегейі – айтыс. «Аламан бәйге», «Балуан күрес», «Көкпар», «Қыз қуу», «Айтыс» десе арқасы қозбайтын қазақ жоқ. Тіпті ішіп отырған асын тастап делебесі қозып, қиқу салып, кімінің аты жүйрік, қай балуан алымды, қайсы айтыскер сөзге шешендігін де, осы көрермен сүзгісінен өтеді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қанатын кеңге жайған осы төл өнердің барлығы қазір шарықтау шегіне жетті. Солардың қатарында айтыс жанрын айшықтап айтуға болады. Жасы да, жасамысы да, айтысқа құмар. Айтыстың ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның айтуынша Қазақстанда қазір 200-ден астам айтыскер бар дейді. Ақынның көп болғаны жақсы. Айтыстың жиі-жиі болып тұруы осы өнердің өркендеуіне кең мүмкіндік берді. Айтыстағы көркемдікке таңқалған жазба ақындардың өзі таңдай қағып жүр. Алайда, соңғы жылдары бұл айтыстың да этикасы бұзылды. Шоуға айналды. Таза суырып-салмалық үрдістен жаңылып, жаттандылыққа бейімделіп кетті.
Жүрсін Ерман айтып жүрген 200 айтыскерді таза сұрыптайтын болсақ, соның ішінде 50-60-ы ғана шынайы таза суырып-салма ақындар. Ал, қалғандары халық театрының әртістері сияқты. Алдын-ала келсіп алып, сахнада қойылым қойып жүргендерін елдің бәрі біледі. Тіпті, айтыскерлерді сұрыптау үшін сахнада да жеребе тартылған кездер болды. Оның да қитұрқы тұстарын көзіміз шалған-ды. Содан көп айтыскердің бір-екі айналымнан кейін 100 метр қашықтыққа жүгіретін ұшқыр ат құсап, ары кетсе екі айналыммен айтыстан алқынып шығатындарын байқап жүрміз. Айтыстың ақтаңгері, Құлманбеттің құлыны бір күнде бес ақынмен қатар айтысқан Оразалы Досбосынов, айтыстың өсіп-өркендеуіне, қабырғасын қалап, өзіндік қолтаңбаларын қалдырған халық ақындары Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілов, Әсия Беркенова, марқұм Есенқұл Жақыпбеков, Әзімбек Жанқұлиевтардың айтыстарын бүгін ел аңсайды. Қазіргі айтыскерлердің ішінде де саңлақтар, ертеден салсаң кешке озатын жүйріктер бар. Бірақ, айтыстың әу бастағы суырып-салмалық қалыбы бұзылды. Бұл бөлек әңгіме.

«Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ, Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің» ұйымдастыруымен «Біржан мен Сара» (Ақиқат, салмақты сөз-айтыстан туады) атты облыстық жас ақындардың айтысы өтті. Оған аудан қалалардан 18 айтыскер қатысты.

Айтыстың басты тақырыбы «Біржан мен Сара» болғанымен, жалпы ережеге сай Абай Құнанбаевтың 175, әл-Фарабидің 1150 жылдығы толық қамтылды. Басты гәп, әлемді алаңдатып отырған COVID-19 бен пандемияға қарсы енгізілген карантинге байланысты айтыс интернет желісінде «Онлайн» бағытында өтті.

«Онлайн» айтыс оңбады. Оған ұйымдастырушылардың титтей де кінәсі жоқ. Ауыл-аймақтарда интернеттің қалай дамығанын осы жолы толық көз жеткіздік. Айтыскерлер бір-бірінің сөзін анық ести алмады. Кейбір ақындар автокөлік ішінде интернетке қосылды. Қысқасын айтқанда, қашықтықтан оқып жүрген оқушылар мен ата-аналардың бозторғайдай шырылдап жүргені рас болып шықты. Үйдің шатырына, одан қала қыр-жотаға шығып, мұғаліммен байланысқа шығалмай, шықса да шала-шарпы білім алып жүргендерге обал-ақ. Отыз елдің қатарына кіреміз деп отыз қадам жерден байланысқа шығалмаған интернеттің иттігін айтам да. Үзіліп -жұлынып көрген айтысқа айызымыз қанбады. Ақындардың қаншалықты айтыскер екенін анықтау үшін айтыс басталар алдында қазылар құрамның шешімімен жеребе тартылды. Алғашқы жұп болып Кеген мен Қарасай ауданынан шыққан Ділмұрат Рақымқожа мен Ерубай Барат арасындағы сөз жарысында кегендік айтыскер Ділмұрат басым түсті. Ділмұраттың әу баста айтқан мақамы ешкімге ұқсамайды, өзіндік сарыны бар екен. Алайда, сөз арасында әртүрлі мақамға ойысып, айтысының мәнін түсіріп алды. Ал, қарасайлық Барат ақын домбырасыз қара-жаяу айтысты. Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарының намысын қорғаған Нұрислам Әбитилда мен Ринат Нархановтың сөз сайысында талғарлық Нұрислам оқ бойы озық болды. Түп төркіні сыр елінен келген Нұрислам және Дінислам деген екі ағайындылар айтысқа шығып жүр. Сөз саптасы, өлең құрылымында Нұрисламда суырып-салып айтуда шеберлігі бар. Текелі қаласынан Айқып Бақберді мен Райымбек ауданынан шыққан Аят Жәнібек арасында бәсекеде Аяттың шоқтығы биік болды. Сарқан және Панфилов ауданынан шыққан Исламхан Мұхамедхан мен Қанат Нұрберген айтысында жарысқа түсіп, төселіп қалған сарқандық Исламхан озды. Балқаш пен Ақсу аудандарынан шыққан Асхат Нұраслан мен Қанат Боқанның сөз додасында, екі ақынның да айтыс айшықты болмауына байланысты қазылар құрамы тоқтатуға мәжбүр болды. Жамбыл және Іле аудандарынан Сатыпалды Әмір мен Әбілқасым Қанат, Көксу, Ескелді, Ұйғыр аудандарынан және Қапшағай, Талдықорған қаласының атынан шыққан ақындар арасында жартылай финалға көксулық Дархан Серікұлы шықса, кербұлақтық Дастан Ақытұлы мен Талдықорған қаласынан Жанатбек Айдаралы тең дәрежеде өнер көрсетті. Айтысқа алғаш түсіп отырса да Ақыт ақынның сөз саптасы, қарсыласқа қарымта жауап қайтаруы көңілден шықты.

Ақыт: Жырлайын осы ойымды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет