Бұл күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Әлемнің көптеген елдерінде спорт


-тақырып Спорт психологы және бапкер



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата22.12.2016
өлшемі0.55 Mb.
1   2   3   4

22-тақырып Спорт психологы және бапкер 

 

Бір 


қарама-қайшылық 

 

бар: 



бапкерлер 

спортшылардың 

сәтсіздіктерін  жиі  психологиялық  себептермен  түсіндіреді  және 

сонымен  қатар  спорт  психологтарымен  өте  сирек  бірлесіп  жұмыс 

жүргізеді.  Іс  жүзінде  психологиялық  ықпалдарды  ескеру  көп 

жағдайда  бапкерлерге  байланысты.  Түрлі  мемлекеттерде  осы 

мәселеге байланысты көзқарас та түрлі сипатта болады. 

 

 



Шынымен  де,  Сиднейде  Өткен  Олимпиадаға  Ресей  құрама 

командасында  бір  де  бір  спорт  психологы  болған  жоқ.  Бірақ 

Грециядағы Олимпиадаға 2 (екеу ғана) спорт психологы барды.  

         Осындай  қарама-қайшылықтың  себебтері  қандай?  Р.М. 

Загайновтың көзқарасын қарастырайық /7/. 

 

  



Бірінші  –  бапкердің  қаламауы.  Солайша,  хоккей  бойынша 

жоғарғы  лиганың  бір  бапкері  психологиялық  көмек  көрсетуге 

берілген  ұсынысқа,  ол  спорт  факультетінде  психология  пәні 

бойынша  «үздік»  баға  алғанмын,  сондықтан  оған  психологиялық 

көмек  керек  емес  екендігін  айтады.  Шындық  керек,  спорт 

факультетінде  спорт  психологиясы  60-80  сағат  көлемін  құрайды, 

және  де  бұл  білімдер  10-15  жылғы  ескі  білімдер,  әсіресе  бәріміз 

әрекеттегі  спортшылар  ол  сабақтарға  қалай  қатысатындарын 

білеміз.   

          Екінші  себеп  -  спортта  жұмыс  істеген  және  істеп  жүрген 

спорт психологтарының кәсіби біліктіліктері жеткілікісіз. Солайша, 

жоғарғы  лигадағы  бір  хоккей  командасында  психолог  ретінде 

нарколог  жұмыс  істеген.  Оның  жұмысын  еске  алғанда,  бапкерлер 

мен спортшылар әрқашан күлетін. 

 

 

 



 

 

        23-тақырып  Үстел  теннисі  бойынша  бір  қазақстандық 



бапкермен  әңгімемізді  мысал  ретінде  келтірейік.  Жасөспірімдер 

Сәтсіздіктердің себебі неде? 

 

жаттығулар  барысындағы  ойынның  жоғарғы  деңгейін  көрсетумен 

барлығын  таңдандырады,  бірақ  жарыстарда  нашар  ойнайды, 

командасына  қажет  ұпай  әкелмейді,  олардың  ойындары  тұрақты 

емес.  Осындай  жағдайдың  себебі  психологиялық  ықпалға 

байланысты  шығар  деп  ұйғарған  бапкер  психолог  шақырады. 

Бапкердің  психологтан  күткен  үміті  зор  екендігі  түсінікті  ғой! 

«Міне, психолог келеді де, бұл мәселені шешеді!». Психолог келді, 

жарты жыл жұмыс істеп ешқандай нәтиже шығара алмады. Бапкер 

мен 

спортшылардың 



психологтардан 

көңілі 


қаншалықты 

қалғандығын айту қажет пе осы жағдайда? 

         Спорт  психологтары  ретінде  медициналық  психология 

саласының  мамандары,  психотерапевттер,  психоконсультанттар 

шақырылады. Олардың жұмыстарының тиімді болмауы  - спортшы 

олар  үшін  ұзақ  мерзім  барысында  коррекциялық  жұмыс  жүргізуді 

талап  ететін  «пациент»  ретінде  қарастырылады.  Көп  жағдайларда 

бұл мамандар жеке спорт түрлерінің, жалпы спорттың, ең бастысы - 

жарыс  әрекетінің  психологиялық  еркешеліктерін  түсінбейді. 

Релаксацияға ғана бағытталған жұмыс жүргізу мұндай жағдайларда 

орынсыз  болар  (дегенмен,  белгілі  бір  нақты  жағдайларда  тиімді 

болуы мүмкін) /6/. 

 

Спортта  әсері  іс-әрекет  барысындағыдай  белсендірудің 



деңгейін көтеру, «форма шыңы» күйіне ене білу дағдылары қажет. 

Бапкердің,  спортшының  басқа  мамандармен  кездесуі  тек  сол 

маманның  ғана  емес  бүкіл  спорт  психологиясының  беделін 

төмендетеді. 

 

 

 



 

 

24-тақырып 

Спорттағы 

психологтың 

қызметінің 

психотерапия кезінде жүзеге асыратын қызметінен айырмашылығы 

болып  психологтың  тәжірибелік    жұмысына  және  өзіне  сипаты 

мүлдем  басқа  және  өте  қатаң  талап  қоя  білуі  табылады.  Спорт 

психологтан  нақты  нәтижелерді  жиі  нақты  мерзімде  көрсетуін 

талап етеді. Спорт психологы өзінің физикалық келбетін қадағалап, 

спортшылардың  жаттығуларына  және  белсенді  демалыстарына 

міндетті  түрде  қатысуы  қажет.  Өзінің  шексіз  тесттерін, 



 

                 

 Спорт психологына қойылатын 

талаптар 

зерттеулерін  өзімен-өзі  жүргізіп  жүрген  «психолог-профессор» 

командада күлкілі көрінеді.  

          Бапкер  сияқты  спорт  психологы  да  бірнеше  рет  «жеңіліске 

ұшырағанға» дейін жұмысын жалғастырады, сондықтан күнделікті 

өмірде  қолданылатын  белгісіз  нәтижелерге  бағытталған  ұзақ 

мерзімді  жұмысқа  деген  ұмтылыс  бұл  жерде  орынсыз.  Ол 

алғашқыдан  физикалық  және  қызметтік  дайындыққа,  техникаға, 

тактикаға  арналған  нақты  көрсеткіштерге  негізделе  отырып 

жаттықтырушының 

жұмысын 


нақты 

жоспарлайтын 

және 

болжамдайтын бапкер тарапынан қабылданбауы мүмкін.  



         Орындау  уақыты,  қайталау  саны,  жүктемелердің  көлемі  және 

күші  –  бапкер  осындай  сөздерді  қолдана  отырып  сөйлейді, 

сондықтан  психолог  баркермен  біріге  отырып  жұмыс  жүргізгісі 

келетін  болса,  кемінде  оның  тілін  түсіне  білуі  қажет.  Психолог  өз 

жұмысының  нақты  жоспарлануын  жасауға    және  психологиялық 

ықпалдарға  қатысы  бар  (психологиялық  тұрақтылық,  сенімділік, 

өзіне  сенімділік,  жарыстарға  дайындық,  т.с.с.)  нақты  ұсыныстар 

мен  болжамдар  беруге  дайын  болса,  бұл  жұмыстың  нәтижесі 

тамаша  болатындығы  сөзсіз.  Әрине,  ақырғы  нәтижені  қамтамасыз 

ететін  барлық  ықпалдар  спорта  бір-бірімен  байланыстырылып, 

ұштастырылып жатады.   

          Бапкер  мен  спорт  психологының  ынтымақтастық  аясындағы 

жағымсыз  жағдайдың  үшінші  себебі  олардың  бір-бірін  түсінбеуі 

және  бір-біріне  сенбеуінде  жатыр.  Соның  салдарынан  олар 

ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізе алмайды. Француз спорт 

психологы жүзушілермен жұмыс жүргізуде бапкерлермен тек қана 

жыл  бойы  өткен  1-2  күнгі  семинарлар  топтамасын  жүргізгеннен 

кейін  ғана  бапкерлердің  шүбәланып  қарауын  және  сенбеулерін 

жеңе алғанын айтады. Содан кейін ғана нәтижелі бірлескен жұмыс 

басталды,  психолог  пен  бапкер  бір-бірін  түсіне  бастады.  Кейде 

бапкер  психологты  өзінің  бәсекелесі  ретінде  бағалауы  мүмкін, 

әсіресе, егер ол басшылар атарапынан шақырылған болса.  

 

Бәлкім, 


зара 

сенімділікті 

және 

ынтымақтастықты 



жоғарылататын  арнайы  семинарлардың  ұйымдастырылуы  қажет 

шығар.  Сонда  да  осыған  орай  соншалықты  қарапайым  емес  бір 

сұрақ  туындайды  –  мүмкін  бапкерлердің  психологиялық 

дайындығын  жоғарылату  қажет  шығар?  Спортшы  жаттығу 

әрекетінің түрлі бөліктеріне байланысты бапкерлердің бағдарларға 

бағғытталғандығы да болады. 



25-тақырып  Егер  бассейн,  уқалау  сияқты  психологиялық 

жұмыстың бөлігі жаттығу тәртібіне енбейтін болса, онда  спортшы 

бұл  дайындықтың  бұл  бөлігін  маңызды  деп  санамайды.  Мәселені 

осылай  қоюдың  жөні  бар,  өйткені  ресей  мамандарының  айтуына 

қарағанда,  қазіргі  кезде  бүкіл  Ресейде  спорта  нәтижелі  жұмыс 

жүргізе  алу  тәжірибесі  бар  және  қажет  білім  деңгейі  бар  спорт 

психологтарының  саны  20-дан  аспайды.  Оларға  спортшыларға 

белгілі  бір  пайдасын  тигізе  алатын,  бірақ  толығымен  спорт 

психологтары  деп  атауға  болмайтын  15-20  психологтарды  қосуға 

болады. Осындай мамандарды жаппай дайындаудың жеткіліксіздігі 

бапкерлер  мен  спортшылардың  психологиялық  білімдерін 

жетілдіру  қажеттілігі  мәселесінің  өзектілігін  арттырады.  Мәселе 

осындай оқытуды ұйымдастыруға байланысты. 

        Өмір  осы  мәселені  шешудің  күтпеген  мысалдарын  ұсынады. 

Психолог спортшыға қашан келетінін сарғая күтіп, спортшының өзі 

психологияға  келеді.  Бір  кіріспеде  шахматшы  Н.Н.  Крогиустың 

тәжірибесін 

айтқанбыз. 

Әл-Фараби 

атындағы 

ҚазҰУ 

психологтарды  дайындауға  қатысты  да  бүгінгі  күн  мысалдары  да 



бар.  

         Осылайша, 

қазақстандық 

«Локомотив» 

атты 

футбол 


командасының 

ойыншысы 

Е. 

Бегімбетов, 



командада 

психологиялық  жұмыстың  маңыздылығын  түсіне  отырып,  бірақ 

оны  қалай  атқаруды  білмегеннен  кейін  Әл-Фараби  атындағы 

ҚазҰУ-нің  психология  бөліміне  түсуді  ұйғарып,  2007  жылы 

психолог  маманындығын  меңгеріп  шығады.  Психолог  ретінде  ол 

спорттағы  жоғарғы  жетістіктер  –  бұл  халық  генофондының 

объективті  көрсеткіштері  екендігін,    спорт  –  әлемдік  тайталас,  ал 

спортшы  –  әлем  дипломатиясының  иеленушісі  екендігін  атап 

көрсетеді. Әрине, бұл жағдайда спортшының мотивациясы тек қана 

жүлдеге ие болу емес.  

 

Сол  сияқты  үстел  теннисі  бойынша  СШК  М.  Абуалина 



психологиядан  бітіру  жұмысын  «үздік»  бағаға  қорғап  шықты.  Ол 

жарыстарда өзін сәтті көрсете білуге жағымды әсер ететін өзін-өзі 

бағалау,  бақылау  локусы  және  басқа  да  психологиялық 

мінездемелердің  өзара  байланысын  зерттеген.  Психология 

бөлімінің  соңғы  жылдарғы  түлектерінің  арасында  халықаралық 

жарыстарда  елімізді  көрсете  білген  түрлі  спорт  саласында 

маманданған  спортшылар  бар  (сырықпен  секіру,  су  астында  жүзу  


26-тақырып  Қазақстан  рекордсмені).  Қазіргі  кезде  де  психология 

бөлімінде спортшылар оқып жатыр.  

      Көп  жағдайда  психологтың  жұмысы  спортшының  кейбір 

психологиялық  мінездемелерін  (жиі  өзінің  таңдауы  бойынша) 

тесттілеу,  одан  әрі  қарастыратын  болсақ,  психолагиялық  бағыт-

бағдарлау  сабақтарын  жүргізумен  шектеледі.  Мұндай  жұмыстын 

әлсіздігі неде? Бапкер алғашқыда 2-3 рет осындай диагностиканың 

нәтижелерін  қызығушылықпен  қарайды,  кейін  қызығушылығы 

жойылады. 

Бапкерге 

спортшының 

қандай 


да 

болмасын 

психологиялық  қасиеттерінің  деңгейін  білу  жеткіліксіз,  оған 

спортшыны  нақты  жарысқа  болмаса  да,  жалпы  жарысқа 

дайындауда  нақты  көмек  беру  қажет.  Мұнда  бапкер  мен  спортшы 

бүгін,  ертең,  бір  аптадан  кейін  жұмысты  қалай  ұйымдастыруы 

қажет және бұл жұмыста психолог қандай көмек бере алатындығын 

білуі маңызды.  

      В.Р.  Малкиннің    /7/  көзқарасы  бойнша,  спорт  психологы  өз 

жұмысын 


бапкердің 

психологиялық 

жұмысты 

жүргізуге 

мотивациясын  қалыптастырудан  бастағаны  жөн.  Ол  үшін  

жұмыстың нақты бағдарламасын ұсынып, оның ішінде нақты немен 

айналысатынын, бағдарламаның тиімділігінің көрсеткіштері қандай 

екендігі  анықталған  болуы  қажет.  Бұл  бағдарламаға  бапкердің  өзі 

жүргізетін  немесе  қатысатын  жұмыстарының  еңгізілуі  тиімділік 

деңгейін  арттырады.    Психологиялық  жұмыстың  жаттықтыру 

тәртібіне  жаттығу  үрдістерінің  бір  бөлігі  ретінде  енуі  (мысалы, 

психологиялық өзін-өзі бағыт-бағдарлау сабақтары) психологиялық 

жұмыстың 

нәтижелілігін 

немесе 

түрлі 


психологиялық 

көрсеткіштерін  өлшеумен  және  ақпаратты  бапкер  мен  спортшыға 

жеткізумен толықтырылуы тиіс.   

   


Алайда,  жұмыстың  жоспарын  құру  және  бекіту  бұл  бірінші 

және  ең  оңай  жұмыс  (олай  болса  да  ондай  жоспар  жоқ  болса, 

жоғары  деңгейде  жұмыс  атқару  туралы  және  бапкердің 

мотивациясы туралы айта алмаймыз). 

   Бапкердің,  спортшының  мотвациясын  жоғарылатудың  екінші 

ықпалы  әр  спортшыны  дайындаудың  жеке  бағдарламасын 

дайындау және бұл бағдарламалар мен жоспарланатын нәтижелерді 

бапкерлермен,  спортшылармен,  психологтармен  талқылау  болып 

табылады.    Бұл  жағдайда  бапкер  өзі  жоспарлау  үрдісіне  және 

жүзеге  асыруына  және  осы  жұмыстың  нәтижелерін  қадағалауға 

қатысуға мәжбүр болады. 


27-тақырып  Сол  кезде  оның  психологиялық  жұмысқа  деген 

мотивациясы,  қызығушылығы  айтарлықтай  жоғарылайды.  Егер 

бапкер  бастапқы  кезеңде  қызығушылық  танытып,  кейін  бұл 

қызығушылығын  жоғалтса,  онда  бұл  алғашқыдан  психолог 

жұмысының дұрыс болмауына, командамен жұмысты ұйымдастыра 

білмеуіне әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда өзінің қателігін түсініп, 

болашақ сәттілікке жол таба білу қажет. Ең тәжірибелі және әйгілі 

психологтар  өз  жұмыстарының  барысында  осындай  сәтсіздіктер, 

қателер көп болған деп жауапкершілікпен айта аламыз демек. Олар 

тек  өзінің  қателерінен  сабақ  алып,  осы  қателерді  қайталамауға 

қабілетті  болды.  Ал  өзінің  қателерінің  себептерін  бапкерлерден 

іздегендер нағыз спорт психологы бола алмады /7/. 

 

«Бапкер-спортшы», 



«спортшы-спортшы» 

қарым-


қатынастарының  жүйесін  қайталап  тексеру  өте  пайдалы.  Бұл 

тексеру  спортшының  жаттықтыру  жұмысына  қатынасы  туралы, 

ұжымдағы  психологиялық  көңіл-күй  туралы  ақпарат  алуға, 

спортшылардың  жарыстарға сәтті қатысуға кедергі болатын  түрлі 

психологиялық  мәселелерінің    себептері  туралы  өз  көзқарастарын 

түсінуге  көмектеседі.  Тәжірибеден  байқағанамыздай,  басым 

жағдайда  осындай  мәселелерге  бапкерлер  мен  спортшылардың  

көзқарастары  өзгеше  болады.  Ал  бұл  болашақта  спортшы  мен 

бапкер  арасында  өзара  түсінбеушілікке  және  қатынастардың 

қиындауына әкеліп соқтыруы мүмкін.   

       Сондықтан  бапкерге  дұрыс  берілген  психологиялық  ақпарат 

көптеген  психологиялық  мәселелердің  алдын  алуға  мүмкіндік 

береді  және  мұндай  ақпараттандыру  спортшы  үшін  бір  жағынан 

маңызды,  ал  басқа  жағынан  қарағанда  маңыздылығы  жоқ  сияқты 

болып  көрінетін  жағдайлар  туралы  ойлауға  мәжбүрлейді. 

Ақпаратты талдауды хат түрінде берген тиімді. 

Мұнда  талдау  барысында  психолог  нақты  білмейтін 

жағдайларды  қозғамауы  өте  маңызды,  өйткені  бұл  мәселелерде 

психологтың  нағыз  маман  емес  екендігін  бапкер  мен  спортшы 

бірден  байқайды.  Ал  ол  психолог  беделін  төмендетеді,  әсіресе  

техникада,  тактикалық  дайындықта  кәсіпқойлықтың  жоқ  болуы   

психологтың   жалпы   біліктілігіне   ауыстырылады.  

Бұл  

жағдайда  психологтың  бапкер  ретінде  тәжірибесі  өте  құнды 



болады, әрине, ондай тәжірибе бар болса. 

Бапкердің 

мотвациясын  қалыптастырудың  үшінші  әдісі  –  онымен  және 

спортшымен 

психологиялық 

қасиеттерді 

қалыптастыру 


технологиясы  бойынша  талқылаулар  жүргізу  және  өзгерістер 

еңгізу,  жүйелі  түрде  осы  қасиеттердің  қалыптасу  динамикасын 

тексере отырып және осы динамиканың сапасына қарай (жағымды 

немесе жағымсыз) ортақ талқылаулар жүргізу.  

 

    


Бапкерді  қызықтыратын  (мотивациясын  қалыптастыратын) 

төртінші ықпал - егер психолог бапкердің сұрақтарына жауап беріп, 

жай  ғана  түсіндірумен  шектелмей,  оларды  шешудің  жолдарын 

тапса,  жұмыстың  тиімділігінің  жоғарылауы  сөзсіз.  Сұрақ 

қойылғанша  күтпей,  белгілі  мағыналы  сұрақтардың  болуын  алдын 

ала болжай білген дұрыс болар /7/. 

 

 

 



  28-тақырып 

Психологқа  бапкерлерді  жиі  қызықтыратын 

сұрақтарды білу қажет. Мұндай негізгі екі сұрақ бар: спортшының 

мотвациясын, оның жауапкершілігін, спортқа жан-тәнімен берілуін 

қалай  жоғарылатуға  болады?  Спортшылардың  жарыстарда 

сенімділік,  тұрақтылық  көрсетуін,  психологиялық  тұрақтылығын 

қалай  қалыптастыруға  немесе  жоғарылатуға  болады?  Бірінші 

сұраққа жауап шамамен келесі мазмұнды болуы мүмкін. 

Психологиялық 

ғылымда 


нақты 

әрекет 


түрлерінде 

мотивацияның  әсері  қандай  болатындығы  туралы  сұрақ  көп 

уақыттан  бері  қарастырып  келеді,  осы  сұрақ  төңірегінде 

мотивациялық  себептердің  кестелері  қолданылады.  Бұл  кестелер 

адамның  жүріс-тұрысын  және  іс-әрекетін  талдауда  қозғаушы 

күштер  туралы  түсінік  береді.  Өзінің  сәттілігін  немесе  сәтсіздігін 

адам 4 себеп арқылы түсіндіретіні анықталды: 

1.

 



Жолының болуы/болмауы 

2.

 



Тапсырманың жеңіл/ немесе ауыр болуы 

3.

 



Осы іс-әрекетке қажет қабілеттердің бар болуы/ болмауы 

4.

 



Күш-қуатының  жұмсалуы/жұмсалмауы   

Ол  уақытта  спортшы  басқалар  тәрізді  жаттығатын,  спорттық 

бозбалалық кезеңдегіндей тапсырма алып, орындайтын. Бірақ, егер 

бозбалалық  шақта  бұл    түрлі  құрама  командаларға  ену  үшін 

жеткілікті болса, ересек жаста мұндай әрекеттер жеткіліксіз болып 

бағаланады. Жұмысқа деген басқа ынта талап етіледі, өз шеберлігін 

жоғарылату үшін жауапкершілікті өзіне жүктеуі қажет болады (оны 

мұндай жауапкершілікке үйретпеген), яғни спортшы қосымша күш 

салмай,  бар  қабілеттерін  пайдалану  кестесі  бойынша  өмір  сүрген, 

 

Бапкерді не қызықтырады? 


бұл  үлкен  спортқа  келгенде  нәтижелі  болмайды.  Салдарында 

спортшы мен бапкердің өзара наразылығы пайда болады. 

     

29-тақырып  Жиындардың  бірінде  спортшыға  қазіргі  спортта 

қолданылып жүрген кесте жарамайтындығы, болашақта шеберлікті 

арттыруға  әкелмейтіндігі  туралы  айтылды.  Бұл  әңгіме  оны 

ойландырды  және  келесі  маусымда  спортшы  өзгеріп,  шеберлігін 

айтарлықтай  арттырғанын  команда  дәрігері  байқады.  Кейін  ол 

қайтадан мемлекет құрамасына енгізілді /6/. 

    

Бапкер  мен  спорт  психологының  өзара  түсіністіктеріне  және 



өзара  тиімді  әрекеттеріне  бапкерлерді  мазалайтын  маңызды 

сұрақтарға  (спортшының  мотивациясын,  оның  жауапкершілігін, 

спортқа  жан-тәнімен  берілуін  қалай  жоғарылатуға  болады? 

Спортшылардың  жарыстарда  сенімділік,  тұрақтылық  көрсетуін, 

психологиялық  тұрақтылығын  қалай  жоғарылатуға  болады?) 

жауаптардың  табылуы  себін  тигізеді.  Бұл  сұрақтарға  жауап  іздеп, 

біз адамның спортта тұлға ретінде даму мәселесіне келіп жеттік. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

30-тақырып 

 

Спорт күшті адамның бірінші болуға деген ежелгі, тереңнен тамыр 

алатын  талпынысы.  Сондықтан  спорт  өзінің  мәні  бойынша 

психологиялық  болып табылады.  Бірақ адам тек  қана басқалармен 

жарысып  қоймайды,  ол  бүгін  мен  кешегіден  артықпын  деген 

ойының айғағын көру үшін өзімен де жарысады. Бірінші жағдайда 

алғашқыдан  адам  мінезінің  чемпиондық  жағы  қалыптасады, 

екіншісінде – рекорд қойғыштық жағы. Олардың оңтайлы қоспасы 

спорттағы  беделге  жеткізеді.  Өзін  жеңу  және  басқаларды  жеңу  – 

бұлар  нағыз  мақсатқа  –  өзін  тануға,  қанағаттандырылған 

атаққұмарлық сезіміне бөленуге, өз біліктілігіне, маңыздылығына - 

жеткізетін  бір  тізбектің  буындары.  Спорт  өмірінің  өзі  қоршаған 

орта  тәрізді,  әсіресе,  ол  адам  психикасының  қалыптасу  кезеңінде 

күшті  әсер  етуші  фактор  болып  табылады.  Ал  жоғары  жетістіктер 

спорты мүлде басқа, ерекше әлем, онда кез келген тәрбие мен өзін 

өзі тәрбиелеу ерекше болады.    

 

Спорт  –  өркениеттің  сүйікті  істерінің  бірі  –  өзінің  пайда 



болған  сәтінен  бастап  апологеттері  ғана  емес,  сыншылары  да  бар. 

Өзінің  сөзсіз  орасан  зор  әлеуметтік  мағынасына  қарамастан, 

жоғары  жетістіктер  спортымен  шұғылданудың  ынталандырушы, 

ниеттеуші  негізі  басым  жағдайларда  эгоцентристік  салада  жатыр. 

Әлем,  кең  және  алуан  түрлі  болғанына  қарамастан,  ол  тек  қана 

«мен спортшыны, оның қажеттіліктерін, мақстаттарын, мотивтерін, 

қызығушылықтарын,  ұстанымдарын,  тілектерін,  көзқарастарын, 

нанымдарын және т.с.с.» қоршайды.  

 

Өздігінен  ғұмыр  кешетін  әлем,  -  бұл  кез  келген  адам  үшін 



абстракциядан  артық  емес.  Әр  субъектінің  бейнелеуі  мен  қарым-

қатынасында әлем ол үшін ғана бар сияқты көрінеді. Оның ішінде 

спортшы  мен  бапкері,  спорттың  басты  кейіпкерлері,  осы  әлемде 

сырттай  басқаларға  арналған,  бәрақ  мәні  бойынша  өзі  үшін. 

Адамзат  сыпайлығы  осыны  айналадағылардан  таса  қылуға 

бағытталған. Адамгершілік  - бұл инстинкт деңгейіндегі, тұлғаның 

биологиялық  негізіндегі  тежеуіш,  онсыз  адам  жануарлар  әлемінен 

ерекшелен қоймас еді.  



31-тақырып  Сонымен  қатар,  кез  келген  адамгершілік  ережелері  – 

бұл бір есептен қулық, себебі ол негізделгендігіне  және баршамен 

қабылданғанына  қарамастан,  бірақ  жүріс-тұрыстың  түпкілікті 

табиғи  бастауларының  нағыз  мәнін  тасалау.  Өзін  осы  әлемдегі 

субъективті  бейнелеуінің 

шын  мәнісі  спортшыны  оның 

міндеттерімен  қоса  эгоцентрист  ретінде  көрсетеді.  Және  ол  өз 

инстинкттерін 

айналадағылардың 

және 


жалпы 

қоғамның 

талаптарына  сәйкестендіреді,  себебі  ол  –  саналы  жан,  ол    -  Homo 

sapiens.  Ол  оны  жиі  қызығушылықпен  және  ұтымды  орындайды, 

себебі,  ұсақ-түйектерден  бас  тарта  отырып,  ол  қомақты  ұтым 

алады. Сәттілікке жете отырып,  спортшы,  бапкер өздерін олардың 

айналасында  болып  жатқан  оқиғалардың  орталығынан  көреді, 

сезінеді.  Және  спортта,  құндылықтар  жүйесінде  орын  алған 

көптеген тұлға типтері үшін бұл бәрінен де жоғары болады.  

 

Спорттағы  құрмет  тұғыры  –  өзінің  «Мен»  сезімін  анықтау 



белгісі.  Құрметтің  жоғарғы  сатысында  болғанда,  спортшы  өзін 

спорттың  жасанды  әлемінің  орталығында  жалғыз  тұрғандай 

сезінеді. Оның бапкері де дәл солай сезінеді. Бірақ құрмет тұғыры – 

бұл спорттың көптеген белгілерінің бірі ғана.   

 

Жоғары  жетістіктер  спорты  –  бұл  ерекше  өмір  аралы.  Ол  дін 



сияқты:  мұнда  өз  хибадатханасы,  әнұраны,  киімі,  салттары, 

айрықша  белгілері,  ережелері  және  т.б.  бар.  Мұнда  спорттық 

нәтиже  туралы  намаз  оқиды.  Және  үлкен  спортшылардың  өмір 

салты, олардың қшкі  дүниесі толықтай спортшы емес адамдардың 

өмірінен  ерекшеленеді,  олардың  тқлғасы  мен  іс-әрекетін 

бағалайтын  стандартталған  бағалаулар  жиі  қолданысқа  да 

жарамсыз  болады.  Өз  табиғи  күшін  жүзеге  асыруға  бағытталған 

алып  күш  спортта  өзінің  жағымды  негізін  табады.  Және  спорт, 

әрине,  өзінің  сенімді  қызметкерлері  ретінде  өзін  танытуға,  атаққа, 

басқадан 

артықшылыққа 

талпыныстары 

күшті 

адамдарды 



таңдайды.  Осы  жолында  олар  жиі  ұқсассыз  ерлік  пен  өз 

әлсіздіктерін,  шаршағанын,  сыртқы  тосқауылдарды  және  т.б.  жеңе 

білу  қабілетін  танытады.  Бұл  көп  жылдар  бойы  жаттығу  мен 

жарыстарда  көрсетілетін  жүйелі  күш  салу,  және  көптеген 

«қауымдық» қуаныштардан бас тарту, денсаулығынан айрылу қаупі 

және  болашақта  өзін  басқа  іс-әрекет  түрінде  жүзеге  асыра  алмай 

қалу қаупі. 

 

Егер  тұлғаның  мінездемелерінің  бірі  ретінде  оның 



көлемділігін  атап  айтатын  болсақ,  онда  спорт  оның  дамуы  үшін 

жақсы  мүмкіндік  ұсынады.  Өз  дарындылығын  зор  күш  сала 

отырып,  олимпиадалық  биіктікке  көтергенде,  спортшы  өзінің 

ерекшелігі және қайталанбастығы туралы сезімге бөленеді. Мұндай 

қуанышта  жалғыз  болу  мүмкін  емес.  Спорттық  атақ  ешкімді 

немқұрайлы 

қалдырмайды: 

спортшының 

өзін 


де, 

оның 


жанкүйерлерін  де.  Адамның  қарапайымдылығы  даңққа  бөленген 

сәттерде өзінің бағдарлаушы қызметін жоғалтады. Және алғашқыда 

жақсы  жасырылатын  спорттағы  іс-әрекеттің  эгоцентристік 

негіздемесі  нәтиже  мен  жетістіктер  биіктеген  сайын  өзінің 

адамгершілік 

тежеуішін 

жоғалта 

бастайды. 

Дандайсу, 

менменшілдік,  менсінбеушілік,  өркөкіректілік,  еріктілік  –  мұның 

барлығы  спорттағы  тұлға  көлемділігінің  жағымсыз  жақтары,  олар 

міндетті  түрде  байқала  қоймайды,  бірақ  болуы  мүмкін, 

қстаздардың,  психологтардың,  спорттағы  басқарушылардың 

тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін құбылыстар. Себебі 

әр  жарқын  істің  өз  көлеңкелі  жақтары  болады,  олар  туралы  біле 

тұра және алдын ала тұра, тұлғаны жетілдіру үрдісін жүргізу және 

бағдарлау  жеңілдеу  болар.  Рекордтық  нәтижелерге  тек  неғұрлым 

көп  күш  салу  мен  қолданылатын  әдістемелер  мен  құралдарды 

әрдайым жетілдіруді қатарластыра отырып, жетуге мүмкін екендігі 

анық. Жаттығу барысында және одан тыс мезгілде жаңа жолдарды, 

шығармашылықты  іздестіру  бапкердің  және  спортшының  арнайы 

батылдығы  мен  табандылығын  талап  етеді,  онсыз  биіктікке  жету 

әркімнің қолынан келе бермейді. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы 

жиналуларда,  жарыстарда  үйреншікті  ыңғайлықтарсыз,  отбасынан 

алыста  болу,  қалыптасып  қалған  өмір  салты  бұзылғанда;  айлар 

бойы  жүргізілген  жұмыс  зая  кеткенде,  сәтсіздік  кезеңдеріндегі 

уайымдарды,  ерекше  көп  жоспарлы  жұмысты  және  басқа 

жағдайларды  ерекше  психикалық  тұрақтылығы  бар,  тек 

психологиялық  дайындығы  бар  адам  ғана  көтере  алады.  Спорт 

өмірінің бақыты мен қиыншылықтары әрдайым қатар жүреді және 

соншалықты барабар бағаланады.        

 

Спорт өмірінің ұйымдастырылуы әлі де мінсіз болудан алшақ, 



және спорттың мәні де  сол мінсіздікке  жету  мүмкін емес  болуына 

сай. Қаншама дарындылар қолайсыз, тіпті жиі психологиялық және 

гигиеналық тұрғыдан үйреншіксіз жағдайларға төзе алмай, өз ісінің 

сипаты мен бағытын өзгерткен.  



32-тақырып  Спорттың  екі  басты  тұлғасы:  спортшы  және,  әсіресе, 

бапкер,  үйреншікті  бейне  стандарттарынан  алшақ  тұлғалық 

қасиеттерімен ерекшеленген жағдайда ғана сәттілікке жете алады.  

 

Дарынды бапкердің өзін таныту жолында өзін ниеттеу қасиеті 



болуы  тиісті.  Кемеңгер  тұлға  ерекшеліктерінің  бірі  болып  жүріс-

тұрысының 

жалпы 

кенеттілігі 



табылады. 

Кейде 


бұл 

данышпандылықтың  көріністері,  әрдайым,  былайша  айтқанда, 

жалаушамен  белгіленген,  стандартты  жолдардың  шегінен  тыс 

жерде болады. Нұсқауларды, нұсқамаларды, әдстемелерді мүлтіксіз 

орындау  қалыптасқан  тәртіпті  сақтауға  себін  тигізеді,  бірақ 

ғылымдағы,  өнердегі,  спорттағы  жаңа  жолдарды  аша  қоймайды. 

Аса  өренлі  бапкердің  жүріс–тұрысындағы  «оғаштықтар»  әрқашан 

айналадағыларды абдыратады.  

 

Оның  атына  түрлі  жағымсыз  эпитеттер  айтылмайды,  әсіресе, 



көзінен  таса  жерлерде.  Сыпайы  мінез  немесе  тіпті  қарапайым 

сыйластық  оның  жүріс–тұрысынан  байқалмайтын  кездері  де 

болады.  Ақиқат  та  оның  жағында  міндетті  түрде  бола  қоймайды. 

Бірақ  ол  іздеу  үстінде.  Ол  есептейді,  тырысып  көреді,  тексереді, 

ұрындырады;  актер  ретінде  ойнайды,  маскаларын  ауыстырады:  өз 

интуициясын  түрткілей  және  еркелете  отырып,  оны  аспапты 

ырғаққа келтірген сазгер сияқты тыңдайды. Кенеттен өзі де аяғына 

дейін түсіне алмаса да, бір амалын табады.  

 

Әрине,  ол  қателеседі,  қателердің  оны  мазалауы  басқадан  кем 



емес,  бірақ  ол  қорықпайды,  олар  оны  тоқтатпайды,  тек  оның 

ізденістеріне  жаңа  қуат  беріп,  жандандыра  түседі.  Ол,  дұшпандар 

қоршауға  алған,  күрескер  секілді,  әр  соққыдан  қаһарлана  түседі 

және әр тұйықталған тәрізді мәселер ортасынан жол тауып шығады. 

Табиғатынан  ол  «осал  емес»  рефлексі  бар  тұлғадай  жаралған 

тәрізді,  онсыз  жетістіктер  шыңында  тұрып,  алға  қарай  ұмтылу 

мүмкін  емес.  Жүздеген  мәселер  мен  міндеттердің  арасынан 

маңыздысын  көре  білу  іскер,  озық  тұлғаның  негізін  құрайды. 

Көптеген  зерттеулердің  нәтижелері  бойынша,  басқалармен  тіл 

табыса  білетін  адам  сәттілікке  жете  алады.  Бірақ  кемеңгер  бапкер 

бұл парызды да ерекше орындайды, мұнда «осал емес» рефлексі кез 

келген заңдылықтардан күшті болып шығады. Бұл басты жағдайда 

бапкер  алдымен  тәртіпке  келтіреді,  содан  кейін  оны  бұзады  да, 

барлығын  қайта  орнатады.  Ол  –  қатып  қалушылыққа, 

стандарттылыққа қарсы.  


33-тақырып Кейде ол өзінің жұмысындағы, осыған дейін зор күш–

қуат  жүмсап  өзі  салған    құрылымдық–жүйелік  ғимараттың 

қабырғаларын  өзіне  жаңа  қимарат  салу  үшін  алаң  босатып 

жатқандай  бұзғаннан  ләззәт  алатын  секілді  болып  көрінеді.  Егер 

жаңа маусымда бапкер ескі кесте бойынша жұмыс жүргізетін болса, 

тәжірибелі  спортшы  сәттіліктен  күдіктене  бастайды.  Жұмыстың 

мұндай  стилінен  авантюристік  үлесін  де  аңғаруға  болады.  Бірақ 

авантюризмнің  психологиялық  негіздері  жағымды  және  жағымсыз 

болуы мүмкін, сол сияқты оның нәтижесі де сондай болмақ. Және 

мұндай стилі бар бапкердің іс–әрекетінің жақсы мен нашар жағын 

көзге  көрінгісіз  шекара  ғана  анықтайды.  Жасампаздарға  жалпы 

тәуекелге әзірлік тән.  

  

Жағымды  авантюризмнің  негізінде  соңғы  мақсатты  көзден 



таса қылмау, оны әрдайым елестету, сезіну бар, мақсат өте жоғары, 

бірақ қол жетерліктей.  

 

Дамудың озық болашағына емес, ойдан шығарылған қиялдық 



мансапшылдыққа  негіз  болатын  авантюризм,  әрине,  көп  зиян 

келтіруі  мүмкін.  Бапкер–жасампаз  өзіне,  өз  мүмкіндіктеріне 

сенімді, бірақ  ол  өзінің жоғары талпыныстарына да сенімді болуы 

тиісті.  

 

Жарыстар  –  бұл  спорттың  маңызды  жағы.  Бірақ  осыған 



қарамастан  тек  емтихан,  спортшының,  былайша  айтқанда, 

бақылауы, дайындығының өлшемі.  

Жарыстар,  жарқын,  көрнекі,  жарнамалы  бола  тұра,  осы  жарысқа 

дайындықтың өлшемсіз ұзақ жолын тасалайды, бұл жол қарапайым 

ұзақ  жол  емес,  ол  жиі  ауыр,  бір  қалыпты,  тіпті  қалжырататын, 

шаршататын болады.  

 

Секундтар немесе минуттар ішінде анықталатын спорттық 



жетістіктерге біртіндеп, ұзақ жылдар бойын күннен күнге қарай 

келеді. Оның құрбандығына алғашқыда балалық ойында, кейіннен 

уайымсыз жасөспірімдік уақыт өткізу, жиі алғашқы махаббатты

кейде жүйелі білім алуды және әрқашан кқптеген майда  

қуаныштарды шалады, себебі жоғары жетістіктер спорты мұның 

барлығына орын қалдырмайды. Көптеген адамдар спорттық 

рекордтан, жеңістен тек қана жарқыраған жарқын ракетаны ғана 

көреді, ал ол онда қалай көтерілгені тек шағын топқа ғана белгілі. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет