Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә. Бекейханов бас болып) мұндай екі ұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау ке-рек



Дата06.01.2022
өлшемі21,74 Kb.
#16761

2.1. 1916 жылғы көтеріліске ұлт зиялыларының көзқарастары.

Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» пат-ша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ни-язбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыкка шакырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бекейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асыкпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының кұрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «…Патшаның жарлығы – Акиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазак» газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — …жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уакыты, тәртіп катал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бақытсыздық әкеледі…» .[9] Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады.

Бұл орайда зиялылардың жоғары топтары (Ә.Бекейханов бас болып) мұндай екі ұдай жағдайда, балға мен төстің арасында қалғанын есте ұстау ке-рек.[10]

1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті аппа-раттың қызметкерлері жөне т.б. ретінде басқару жүйесіне тартылған бола-тын, екінші жағынан — ұлттық зиялылар, ең алдымен оның Ә.Бөкейханов және оның «Казақ» газеті редакциясындағы серіктері бастаған ең білімді бөлігі ол кезде күш пен ресурстарды Германиямен соғысқа жұмылдыруды жақтаған Ресей конституциялык-демократиялық партиясының (кадеттер) саяси бағытымен байланысты болатын. Осыны негізге алып және өзін жалпы ресейлік зиялылардың бір бөлігі деп сезінген Ә.Бөкейханов пен оның жақтастары майданға көмек керсетуге тырысты. Олар соғыс жағдайында көтеріліске қатысуды патша үкіметі, орыс жұртшылығы барлық туындайтын зардаптарымен коса алғанда орыс әскерлерінің ту сыртынан соққы беру деп бағалайтынын түсінді.[11]

Ұлттық-демократияшыл зиялылар тарапынан тағдырдың жазғанына көнуге, Қазақстан бір бөлігі болған соғысып жатқан державаға көмектесуге шақыруы осыдан. Бұл шақыруды халық бұкарасының көпшілігі түсінбеді және қабылдамады. Бұқараның іс-қимылын басқаруға, олардың саяси тәлімгерлері болуға қазақ зиялыларының батыл топтарының қолына шоғырлану себептері нақ осында болатын.

Тұрар Рысқұлов атап өткендей: «қазақтардың бұл ұлттык-либерал зиялылары… кадеттер сиякты, сол кезде өмір сүрген құрылыс пен патша өкіметінің жергілікті жерлердегі әкімшілігіне қарсы болды… Патшалык жер саясатына қарсы болды, бірақ Ресейдің буржуазиялық-демократиялык партияларымен ынтымақтаса жұмыс істеді. Бұл зиялылар қазақтардың көтерілісін мезгілінен бұрын жасалған керексіз көтеріліс деп сипаттап, барлық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен жөнге келтіруге болар еді деп көрсетті».[12]

Сонымен бірге ұлтгтык, қазақ зиялыларының жетекшілері қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды кейінге қалдыру жөнінде, шақырылғандардың құқықтарын қорғау және олардың майдан өңірі аудандарындағы тұруы мен жұмыс істеуі үшін кажетті жағдайлар туғызу жөнінде нақты қадамдар жаса-ды. Мұны Ә.Бөкейхановтың бастамасымен 1916жылғы 7 тамызда Орынборда шақырылған бес облыс (Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу) өкілдері жеке кеңесінің құжаттары дәлелдейді. Олар кеңесті шақыруға бастамашылар (Ә.Бөкейханов пен оның серіктері) жалпы алғанда тыл жұмыстарына шақы-рылғандарды қорғау мақсатын көздегенін, шақырушылардың тізімдерін жа-сау кезіндегі заңсыздык көріністерін және жергілікті өкімет орындарының ауыл тұрғындары мен казак әскерлерінің жазалау отрядтары арасында жан-жалды жағдайлар ұйымдастыру жөніндегі арандатушылықтарын әшкереле-генін көрсетеді. Осы кеңес хаттамасының қорытындысында былай деп атап көрсетіледі: «25 маусымдағы аса жоғары жарлық қазақтарға, сол жарлыктың өзі жарияланбаған кезде жергілікті өкімет орындарының хабарландыру ны-санында мәлім болды.[13]

Бұл халыққа ашық аспаннан жай түскендей әсер етті. Жергілікті өкімет орны аса жоғары жарлықты асығыс түрде орындауға кірісе бастады… Тізімге қазақтардың жасын ауылнайлар ез бетімен енгізеді… кейбір жазбаларды өкі-мет орындары біле тұра дұрыс жасамады: бай қазақтар өз балаларының жа-сын әдейі ересек етіп жазғызды… кейбір болыс басқарушылары өз жаулары-на мейлінше сенімді соққы жасағысы келіп, оларды адам алуға қарсыласты деп айыптап, бастықтарға жеткізді.

Жоғарыда аталған қиянат жасаушылықтар арқасында… өкімет орындарының қазіргі буыны казактардың отрядтарымен алғаш рет танысты… Дала өңірінде казак отрядтарының пайда болуы орасан үлкен ауданның бейбіт халқына қорқыныш ұялатты… Осы кезге дейін болғандардың бәрі аса жоғары жарлыкты орындауға өте асығыс кіріскендікпен түсіндіріледі. Халықты тыныштандыру үшін дереу шаралар қолдану қажет».[14] Кеңеске қатысушылар осы шаралар ретінде өкімет орындарына 17 тармақтан тұратын қарар ұсынды. Олардың ең бастылары мыналар болып табылады:

«1) …Солтүстік уездер үшін адам алу 1917 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал оңтүстік уездер үшін — 1917 жылғы 15 наурызға дейін кейінге қалдырылсын.

2) Бірінші кезекте 19-31 жастағылардың үштен бірі шақырылсын, шақы-ру жасы кішіден басталсын, өйткені бұл жастағылардың дені әлі шаңырак құрып үлгірмеген.

… 5) Алынғандар мүмкін болғанынша жергілікті жерлердегі мемлекет қорғау жөніндегі жұмыстарға қалдырылсын.

… 9) Қалалардағы мұсылман медреселерінің шөкірттері шақырудан босатылсын.

10) Бұрынғы асығыс жасалып, дұрыс берілмеген тізімдер… қайтарылсын; құрамына әрбір он шаңырақтан бір адам, қатысатын комитет сайланып, ауыл жиынының қатысуымен жаңа тізім жасау осы комитетке тапсырылсын.

… 14) Ауырып қалған жұмысшылар жараланғандармен бірдей медицина-лық күтімді пайдаланады.

15) Жұмысшы қазақтар қалалық және земстволық одақтар мекемелерінің қарауында болуға тиіс. Жұмысшы қазақтарды басқаратын мекемелердің құкықтары мен міндеттері туралы нұскау шығарылуға тиіс.

… 17) Қазақ жұмысшылары дәлелді себептер бойынша, қажет болуына қарай демалыс алатын болсын…»[15]

Патшалық өкімет орындарына табыс етілген бұл құжатқа Қазақстанның бес облысы өкілдері кеңесінің төрағасы Ә.Бөкейханов және оның хатшыла-ры О.Алмасов пен М.Дулатов қол қойған. Егер бұл құжатты мұқият оқып шықсақ, оның бірінші кезекте ұлттық-демократияшыл зиялылардың же-текшілері («Алаш» партиясының болашақтағы ұйымдастырушылары) өздерінің қолдан келген амалдарымен казақ халқының мүдделерін корғаға-нын, XX ғасырдың 30—80-жылдарында ресми тарихнамада үнемі айтылып келгеніндей, «ұлт мүдделеріне сатқындық жасаушылар» болмағанын бірінші кезекте дәлелдейтінін аңғару киын емес.



Оның көрнекті өкілдерінің бірі Міржақып Дулатов 1929 жылғы 7 қаңтарда ОГП У тергеушісіне берген жауабында былай деп мәлімдеді: «1916 жыл келді. 19—43 жасқа дейінгі қазақ халқын тыл жұмыстарына реквизициялау туралы 25 маусымдағы патша жарлығы кенеттен жарияланды. Қазақ халқы толқыды… Далаға зеңбіректері мен пулеметтері бар жазалау отрядтары ағылды. Губернаторлар жер-жерге барды, түрмелер батыл адамдарға лык толды. Ақтөбеге келген Торғай вице-губернаторы… тура былай деді: «Бірде-бір қазақ тірі қалмаса да патша жарлығы орындалады».[16]

Осының бәрін, ал ең бастысы — қазақ халқының дәрменсіздігін, қорғансыздығын көрген біз халыққа өкімет орындарына қарсыласпауға кеңес бермекші болып ұйғардық өйткені шайқастың тең болмайтынына, қазақ даласы қанға бөгетініне, қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырайтынына сенген едік, кейбір жолдастар қазір ұлттық қазақ зиялылары сол кезде көтеріліске басшылық ете алмады деп жүрді, бірлесе әрекет етіп, патша өкіметінің ізіне еріп кетті және т.б. деседі. Менің ойымша, сол кездегі мән-жаймен, шын жағдаймен жақсы таныс болған адам мұны айтпас еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет