Бұлтты технология



бет1/3
Дата13.10.2022
өлшемі26,72 Kb.
#42797
  1   2   3

Бұлтты технология


Бұлтты технология (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт,
technology – технология) — қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама және деректерді өңдеу немесе сақтауды қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бірі.
Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұлтты технологияның идеясы келесідей. Компьютерде ешқандай арнайы бағдарламалардың орнатуының қажеті жоқ. Тек Интернетке кіру мүмкіндігі болу керек. Ал барлық өңдеу,жүктеу және сақтау операцияларын интернет арқылы жүргізіледі. Бұлтты технологиялар — компьютерлік техниканың тұтас саласы.


Айырмашылық:
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.


Пайдаланудың тиімді жақтары, артықшылықтары:

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.

  • Қолжетімділік. Интернетке қосылған компьютер, планшет, кез-келген мобильді құрылғылардың барлығы бұлттық технологияға қол жеткізе алады.

  • Пайдаланушының бір жұмыс орнында тұрақты тіркесі жоқ. Әлемнің кез-келген жерінен менеджерлер есептерді алады, өндірісті бақылап отырады.

  • Үнемділік. Маңызды артықшылықтардың бірі — шығынның төмендеуі. Пайдаланушыға қымбат компьютерлер мен IT-технологиясының маманы керек жоқ.

  • Икемділік. Бұлтты технологияда барлық қажетті ресурстар автоматты түрде қамтамасыз етіледі.

  • Сенімділік.Кейбір сарапшылар қазіргі заманғы бұлтты есептеуді қамтамасыз ететін сенімділіктің жергілікті ресурстардың сенімділігіне қарағанда әлдеқайда жоғары екендігін дәлелдейді.Бұл бірнеше кәсіпорындардың толық деректер орталығын сатып алуға және сақтауға мүмкіндігі бар екенін дәлелдейді.

  • Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқарылады;

  • көптеген программалар тегін (немесе қолжетімді бағада) және
    үнемі программалардың ең соңғы нұсқасымен жаңарып отырады;

  • арнайы операциялық жүйелерді талап етпейді;

  • кез келген жерде, кез келген уақытта ақпарат қолжетімді;

  • егер құрылғы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) істен
    шықса, маңызды ақпарат жоғалмайды, себебі ол құрылғы
    жадында сақталмайды;

  • ақпараттар автоматты түрде бұлтта сақталып отырады және
    резервті көшірме жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет