Бм тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні 2-тапсырма Кестені толырыңыздар Оқушылар ұжымының дамуы



бет1/2
Дата12.12.2022
өлшемі17,27 Kb.
#56564
  1   2

БМ тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәні 2-тапсырма
1. Кестені толырыңыздар
Оқушылар ұжымының дамуы
Оқушылар ұжымы
Анықтамасы: Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан — жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Оқушылар ұжымы — баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.
Белгілері:
- Оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыруы мүмкіндігінің болуы;
- Дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;
- Сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;
- Ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.
Құрылымы: Ұжым құрылымының негізін де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Осы сыныптық; ұжымда оқушылар арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады.
Даму кезеңдері: Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің
мазмұнына,тәртібіне,балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады
• Бірінші кезең – оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Бұл
кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс- әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға
ықпал жасайтын құралға айналдыру.
• Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен
жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни
балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын
қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға барлық оқушылардың күш-қуатын
нығайту. Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
• Үшінші кезеңде –қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда
ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық
пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды,
пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау, әрекеттілік –
қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет