БөЖ 3-14 апта Большевиктер



Дата25.04.2023
өлшемі20,17 Kb.
#86496
түріҚұрамы

БӨЖ 13-14 апта
2) Большевиктер - саяси ұйымы-1917 ж.ақпан төңкерісінен кейін құрылды.В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен ойдың ағымы.Құрамында солдаттар,жұмысшылар,шаруалар болды.Партия мақсаты капитализмге өтпей-ақ социализмді орнату. Кадет партиясы-1917 жылы ақпан революциясына кейін құрылды.Құрамында буржуазия мен помещиктер. Конституциялық монархияның қоныстандыру саясатын жақтаған партия.
Эссерлер партиясы-1917 ж.көктемінде құрылды.Құрамында социал-революционерлер болды.”Жер-бүкіл халықтың меншігі”,”жер өңдейтіндерге берілсін”- деген мақсатта құрылған. Бұл партиялардың барлығы 1920 жылы большевиктер таратып жіберді
 «Алаш» партиясы -1917—1920 құрылды. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
Үш жүз партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмәш Шәймерден Әлжанов,, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады. «Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уәлиди Тоган,, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды.


 
3) Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. 1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Қазан төңкерісінен кейін болған патша үкіметімен болған саяси шиеленістер нәтижесінде Алашорда құрылады

4) 1919 жылғы шілденің 10-ында В.И.Ленин “ Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет туралы” Декретке қол қойды. Онда Қазревкомрың өлкені жоғары әскери-азаматтық басқару ретінде құрылатыны айтылған. Декрет оның: контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдайлар туғызу, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай жиналыстарына дайындық жасау сияқты мақсаттары мен міндеттерін белгіледі. Ревкомның билігіне: Астрахань губерниясындағы қазақ аумақтары және Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді.


Қазревком басшылығына бірінші кеңес комиссары,ұлты поляк С.Пестковский тағайындалды.
1921 жылғы тамыздың 26-сында РКФСР-дің Бүкілресейлік Орталық Атқарушы комитеті (БОАК) және Халық Комиссарлар кеңесі “ РКФСР құрамында “Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” Декрет жариялады. Орталық Атқарушы комитетінің төрағасы болып- Сейітқали Меңдешев, Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы болып- В.А. Радус-Зенькович сайланды. Алғашқы астанасы Орынбор қаласы кейіннен 1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді. 1925 жылы V съезде Қырғыз АКСР-і Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республика деп өзгертілді. Қазақ Кеңестік ұлттық мемлекеттілігі жариялануының үлкен тарихи маңызы болды. Қазақ халқы бұл оқиғаны ғасырлар бойы отаршылдыққа қарсы жүргізілген күрестің нәтижесі, ұлттық қайта жаңғыру үшін жасалған алғашқы қадам деп қабылдады. Халық арасында мемлекеттің құн төлеу және ескі патриархалдық рулық сарқыншақтарын- әмеңгерлікті, қалым төлеуді жоюға қатысты декреттерді мен басқа құқықтық нормалары кең тарады. Қоғам өмірінде комсомол мен кәсіподақтар елеулі орын алып, солар арқылы республиканың қоғамдық-саяси өміріне шалғай аудандардан мыңдаған адамдар тартылды. Халыққа білім беру және мәдение-ағарту мекемелерінінң кең желілерінің құрылуы республиканың болашақта әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің жақсы алғышарты болды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет