Бөж ерітінділерден қатты еріткішті бөлу. Криоскопия. Осмотикалық қысым. Өзара араласпайтын екі сұйықтықта үшінші компоненттің таралуы. Химиялық кинетика. Кинетикалық қисықтарды алудың экспериментальдық әдістері. Фотохимиялық реакциялар



Дата20.05.2022
өлшемі3,36 Mb.
#35175

БӨЖ 4. Ерітінділерден қатты еріткішті бөлу. Криоскопия. Осмотикалық қысым. Өзара араласпайтын екі сұйықтықта үшінші компоненттің таралуы. Химиялық кинетика. Кинетикалық қисықтарды алудың экспериментальдық әдістері. Фотохимиялық реакциялар

Орындаған:бақытбек а.


Криоскопия (грек тілінен κρύο - суық және грекше σκοπέω қараймын) - ерітінділерді зерттеу әдісі, ол ерітіндінің қату нүктесінің төмендеуін таза еріткіштің қату температурасымен салыстырғандағы өлшеуге негізделген. Оны 1882 жылы Ф.Рауль ұсынған.
Фотохимиялық реакциялар деп химиялық реакцияға түсетін заттардың бірі сәуле квантын өзіне сіңіріп, нәтижесінде өзі активті бөлшекке айналып онан әрі жүретін реакцияларды айтады.
Фотохимиялық процестерді екі топқа бөлуге болады. Бірінші процестерде сәулелену себепші болады. Бұлар сәуле әсерінсіз де жүре алады (ΔGp,T <0). Сәуле энергиясы тек активті бөлшектердің пайда болуына себепші болып, процесс ағымын катализдейді. Екінші топқа берілген жағдайда өздігінен жүре бермейтін процестер жатады (ΔGp,T >0). Ол үшін сырттан жұмсалатын жұмыстын болуы шартты нәрсе. Бұған қажетті энергия сәуле толқынындағы электромагнит түрінде жеткізіледі. Затқа сіңген сәуле, бұл системадағы энергия қорын арттырып, тепе-теңдік константасын өзгертеді.
Фотохимиялық реакцияларға өсімдіктегі фотосинтез, бояулардың оңуы, сәуле әсерінен ыдырау реакциясы, суретке түсіру құбылысы және тағы басқа процестер мысал болады. Фотохимиялық реакциялар газдарда да, сұйықта да, қатты заттарда да жүре береді.
Алғашқы рет 1817 жылы К.Гроттус тек системаға дарыған сәуле ғана химиялық өзгеріс туғызатынын анықтады. Ал, 1855 жылы Р. Бунзен хлор мен сутек арасындағы реакциядан шығатын өнімнің мөлшері әрекеттесетін газ қоспасына түсетін сәуле жарықтығы мен сәуле түскен уақытқа пропорционалдығын көрсетеді. К. А. Тимирязев (1875) және Вант-Гофф (1904) сәуле әсерінек жүретін реакциялардағы химиялық өзгерістерге тап болатын заттардың және осы тұста жаңадан түзілетін өнімнің мөлшері оларға дарыған сәуле энергиясына тура пропорционал болатынын ашты. Сәуле табиғатының (1910) кванттық құрылымын анықтаған жақалық фотохимиялық процестердің негізгі теориялық жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік туғызды. Ал, 1912 жылы А. Эйнштейн ашқан фотохимиялық эквиваленттік заңы аса маңызды бетбұрыстың бірі: алғашқы фотохимиялық айналу актісіне кезіккен молекула саны осында дарыған сэуле квантыныц санына тең.
АВ молекулаларын сәулелендіру кезінде жүретін фотохимиялық процестердің жалпы схемасы:
АВ + hν↔АВ*↔А + В

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет