Бөж тақырыбы :Әке болуды сот тәртібімен анықтау. Қабылдаған : Тұрлыбеков Қайратбек Орындаған : Сарсенбаев Али Тобы : ЗҚТ-111F



Дата17.03.2022
өлшемі57,22 Kb.
#28344

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Экономика басқару және құқықтану факультеті

Құқықтану кафедрасы




БӨЖ

Тақырыбы :Әке болуды сот тәртібімен анықтау.

Қабылдаған : Тұрлыбеков Қайратбек

Орындаған :Сарсенбаев Али

Тобы : ЗҚТ-111F

Түркістан -2022

Тақырыбы: Әке болуды сот тәртібімен анықтау

Жоспары:

Негізі бөлім:

1.Әке болуды сот тәртібімен анықтау.

2.Соттың әке болуды тану фактісін анықтауы.

3.Баланың ата-аналары (ата-анасы)туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу.

4.Әке (ана) болуды даулау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әке болуды сот тәртібімен анықтау.

Бір-бірімен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-аналарының бірлескен өтініші немесе баланың әкесінің өтініші болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегі (әкесі) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының немесе қамқоршысының өтініші бойынша, сондай-ақ бала кәмелетке толмаған соң оның өз өтініші бойынша сот тәртібімен анықталады. Бұл ретте сот баланың нақты адамнан туу тегін дәйекті түрде айғақтарды назарға алады.

2.Соттың әке болуды тану фактісін анықтауы

Өзін баланың әкесімін деп мойындаған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты емес) адам қайтыс болған жағдайда оның әкес екенін тану фактісі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот тәртібімен анықталуы мүмкін.

Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әке болуды тану фактісін анықтау туралы шешім шығаратын сот осы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш күні ішінде оны тіркеуші органға электрондық түрде жіберуге міндетті.

3.Баланың ата-аналары (ата-анасы) туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу.

Баланың ата-аналары (ата-анасы)туралы туу туралы актілер жазбалары кітабына жазу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.

4.Әке (ана) болуды даулау.

1.Туу туралы актілер жазбалары кітабына ата-аналарды жазуы баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толған соң оның өзінің ,баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, сот тәртібімен даулануы мүмкін.

2.Баланың әкесінің өтініші бойынша немесе әке болудың күшін жою туралы сот шешіміне сәйкес әке мен ананың бірлескен өтініші негізінде баланың әкесі болып жазылған адамның талабы ,егер жазуы кезінде бұл адамға өзінің іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі болса,қанағаттандырылмауға тиіс.

Егер баланың тууы туралы акті жазбасында баланың анасының жұбайы немесе бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып көрсетілсе , сот туу туралы актілер жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы мәселені шешкенге дейін тіркеуші орган әке болуды анықтау туралы өзгерістер енгізуден жазбаша түрде бас тартуға тиіс.

3.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға жазбаша түрде келісім берген адамдардың әке ( ана) болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

Басқа әйелге эмбрионды ауыстырып салуға келісім берген адамдардың ,сондай-ақ суррогат ананың ана және әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

Пайдаланылған әдебиеттер:Неке (ерлі-зайыптылық)және Отбасы туралы кодекс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет