Бөж тақырыбы: Сана философиясы Қабылдаған: Досалиев т орындаған: Мұханбетияр н тобы: ФҚӘ-111 Түркістан-2022 Жоспар



бет1/4
Дата16.10.2022
өлшемі43,5 Kb.
#43516
  1   2   3   4

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филология кафедрасы
БӨЖ

Тақырыбы: Сана философиясы

Қабылдаған: Досалиев Т


Орындаған: Мұханбетияр Н
Тобы: ФҚӘ-111

Түркістан-2022



Жоспар
Кіріспе
1.Сана ұғымына анықтама
2.Менталды қабілеттер
3.Сана мазмұны
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін әдебиет, философия ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың болмысы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Сонда сана дегеніміз не? Ол қайда, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болады? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс па, әлде іштен шыққан дүние ме? Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін қабілет те емес. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р. Авенариусты В.И. Ленин «Материализім және эмпириокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбығын балаған. Халқымыздың «шыбын-жан»деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтаған шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын-жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу, бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қонып жүретін рухани дүние – жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда, өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл - өте ертедегі дәуірде туған түсінік.
Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана балық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule – материя, zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт, Бюхнер, Молешотг деген немістің жаратылыстану зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетінімен қатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс, туынды, бірақ ой – мидың рухани жемісі де, өт – бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет