Бөж тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі. Тіл мен сөз функциялары. Тіл жүйесі мен сөйлеуәрекеті



бет1/3
Дата12.10.2022
өлшемі352,64 Kb.
#42667
  1   2   3

бөж тіл біліміндегі «тіл-сөз» мәселесі. Тіл мен сөз функциялары. Тіл жүйесі мен сөйлеуәрекеті.

ОРЫНДАҒАН:ҚАЛИХАН АЙЖАН

ТОБЫ:КЯЛ-205

ТЕКСЕРГЕН:

Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері: 1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. 2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар,

Тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттері. Тіл белгілі бір құрылымы және қызметі бар, бір бүтін (тұтас) жүйелі құбылыс ретінде өмір сүреді. Құрылым мен жүйе тілге ғана емес, сонымен бірге басқа да құбылыстарға тән болуы мүмкін. Сондықтан да, ең алдымен, жалпы «жүйе» және «құрылым» (структура) деген ұғымдардың мән –мәнісі айқындап алу қажет. Жалпы «жүйе» «құрылым» туралы ұғымдарды айқындау тілдің жүйелі сипаты менқұрылымдық қасиетін танып білуге көмектеседі. Құрылымдық қасиет пен жүйелік қасиет тілге де тән. Құрылым мен жүйе ұғымдары тілге қатысты мынадай мазмұнға ие болда: құрылым бүтіннің бойындағы әртектес элементтердің арақатынасынан және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар: а)дыбыс (фонем) , ә)морфема, б)сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердің арасындағы айырмашылықтар-сапалық айырмашылықтар. Демек, аталған элементтербір-бірінен сапасы жағынан ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның қызметі айқындап белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет