Болезни сопр. 2



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата04.05.2023
өлшемі159,14 Kb.
#89852
  1   2   3   4   5   6


Ауыз қуысының шырышты қабығының 
жұқпалы аурулардан зақымдануы.
Орындаған: Болат Арна 405 топ
Тексерген:Нурман.Г.М


Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар көбінесе вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың əсерінен дамиды. 
Олардың көбі организмге сыртқы ортадан (экзогендік инфекция) тағамдармен, ауамен бүтіндігі бұзылған 
тері жəне кілегей қабықтар арқылы түседі. Көпшілік жағдайда ауыз іші организмнің инфекциямен бірінші 
рет қатынасқа түсетін ортасы болып саналады. Сонымен қатар ауыз ішін жайлаған микроорганизмдер 
(сапрофиттер)- резиденттер де ауру тұдыруы мүмкін (эндогендік немесе аутоинфекция). Бұл микробтар 
иммундық жүйенің қорғаныс қасиеті төмендеген кезде патогендік қасиетке (ауру тұдырушы) ие болады. 
Инфекциялық ауруларға тəн ортақ белгілер:
∙ Ауру тұдырушы агент лабораториялық зерттеулердің көмегімен қалтқысыз анықталады.,
∙ Арудың жұқпалылығы немесе ауру туындатушы микробтың сырқат адамнан төңірегіндегі адамдарға 
берілуі.
∙ Ауру туындатушы микробтың өзіне тəн қасиеті немесе барлық адамда бір-ақ түрлі ауру тұдыруы.
∙ Клиникалық белгілерінің тек осы ауруға ғана тəн заңдылығы.
Жұқпалы агент организмге енгеннен кейін қабыну үрдісі дамиды жəне ол кезде көбіне жалқықтану 
(экссудация), өліеттену немесе кəрілік белгісіне ие болу (альтерация), көбею (пролиферация) белгілері 
орын алады. Тіндердегі дами бастаған қабынудың сипаты енген инфекциялық агент пен оған беретін 
организмнің иммундық жауабымен тығыз байланысты болады.


Ағым ерекшелігіне байланысты жедел жəне созылмалы инфекциялық аурулар деп бөледі. Көптеген 
жұқпалы аурулардың алғашқы белгілері ауыз кілегей қабығында көрініс береді жəне тек сол ауруға тəн 
ерекшелігімен сипатталады.
Көпщілік жағдайда жұқпалы аурулардың ауыздағы белгілері аса ерекшеліне қоймағандықтан, олардың 
диагнозын нақтылау қиынға түседі. Сонымен қатар олардың ауыздағы клиникалық белгілерінің өзгеруіне 
жергілікті ыңғайсыз ықпалдар (екіншілік инфекция, зақымдаушы факторлар, ауыз гигиенасы) сақтамау əсер 
етеді.
Жедел жəне созылмалы жұқпалы аурулар өз кезегінде организмнің жалпы жағдайын өзгертіп
иммунитет жəне витаминдер жетіспеушілігін туындатады. Ал осының өзі жұқпалы аурудың клиникалық 
көрінісінің өзгеруіне əкеліп соғады. Осының барлығы дəрігер-стоматологтың жұқпалы ауруды нақтылау 
мүмкіндігін төмендетіп, дəрігерлік қателік жіберуіне жəне емдеу шараларын тиімді жүргізбеуіне мүмкіндік 
тұғызады.
Диагнозы дұрыс нақтыналып, емі дұрыс жүргізілмеген кез-келген ауру əртүрлі асқынуларға əкеп 
соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет