5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;
5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білім алушылар лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылық-тарын мәтіндер арқылы таниды.
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолданады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 мин.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
Оқулық, жұмыс дәптерлері
Жаңа сабаққа кіріспе 7 мин
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыс-тыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды.
.
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
Омоним, синоним, антоним дегеніміз не?
Түбір дегеніміз не?
Негізгі түбір дегеніміз не?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады.
Тілдік бағдар
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.Егер түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз жеке тұрып, белгілі бір мағынаға ие болса, оны негізгі түбір деп атайды. Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан түбір сөз жасалса, онда оны туынды түбір деп атайды. Ал осы туынды түбірден әрі қарай тағы да екінші бір сөз жасалса, онда мұны туынды сөз деп атайды. Мысалы: мал (негізгі түбір) мал-шы (туынды түбір), мал-шы-лық (туынды сөз).Сондай-ақ, сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі (құрама), қысқартылуы арқылы жасалған сөздер күрделі сөздер делінеді. Тек қана түбірдің өзінен болған сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбірлер және туынды сөздер жалаң сөздер деп аталады.Ғылыми грамматикада жеке түбір сөздерді, сөздің мағыналы бөлшегін негізгі морфема дейді де, қосымшаны көмекші морфема дейді.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
1-тапсырма: Мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән
белгілерді анықтау.