Бөлім: Парасат пайымы Педагогтің Т. А.Ә.



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі24,94 Kb.
#82317
  1   2   3


Бөлім:

3. Парасат пайымы

Педагогтің Т.А.Ә.
(болған жағдайда)

Кабылова К.Т.



Күні:25.01.2022




Сынып:10А № 35

Қатысушылар саны:27

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, даралайды. Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына өзіндік көзқарасымен баға береді.
Оқушылардың көпшілігі: Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, даралайды.
Оқушылардың кейбірі: Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына өзіндік көзқарасымен баға береді.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Баға-лау

Ресурс-тар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру.
Қызығушылығын ояту.
А.Кемелбаева туралы не білдіңдер? «Шашты» әңгімесі не туралы? Оқиға қашан және қай жерде болды? Неліктен Кенжебек түрікпендердің арасында жүрді? Қалай еліне оралды?



Сабаққа назарын аударады. Үй тапсырмасына жауап береді. Сұрақтаға талдау жасайды.

1




Ортасы

Есіңде сақта!
Жинақтау – әдеби тип жасау әрекеті. Көркем шығармадағы жинақтау-тип, даралау-мінез.
«Типтендіру» деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады». З.Қабдолов



ТЖ. І топ. «Концептуалдық кесте» стратегиясы

Кейіпкер

Іс- әрекеті мен мінезі

Шығармадан дәлел келтіріңдер.

Кенжебек







Тасқұл







Атажан







ІІ топ.
«FILA толтыру» әдісі. (Тасқұл )
F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I /Пікір/ – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;
L /Сұрақ/ – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .



Дерек (Ғ)

Пікір (І)

Сұрақ(L)

Іс – әрекет
(А)














ІІІ топ. «Үшжақты күнделік» әдісі

Кейіпкерлер

Кенжебек

Тасқұл

Атажан

Ерекшеліктері










Өмірлік мақсаттары










Шығармадағы көтерілген мәселе




Дескрипторлары:

І топ

- Кейіпкердің іс-әрекеті мінезін сипаттайды.
- Автордың кейіпкерге көзқарасын дәлелдейді.

ІІ топ

- Кейіпкер бейнесін ашады;
- Кейіпкер туралы пікірін білдіреді;
-Кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды.
-Автордың кейіпкерді суреттеудегі тәсілін анықтайды.

ІІІ топ

-Кейіпкердің өзіне тән ерекшелігін сипаттайды;
-Өмірлік мақсатын анықтайды;
-Шығармадағы көтерілген мәселені талдайды.


2-тапсырма. ЖЖ. «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
1-жұп
Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз
2-жұп
Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және жылқышы шалдың неге қкініп неге үміттенетініне өзіндік көзқарарсыңмен 3 -4 сөйлеммен баға бер.

Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін».


3-жұп.
Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол» деген үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайсың? Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлем көлемінде талдау жаз7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет