Бөлім Педагогтың аты-жөні



бет1/17
Дата10.01.2023
өлшемі419,31 Kb.
#60820
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бөлім




Педагогтың аты-жөні

Омаров А.Е.

Күні

12.12.2022 ж.

Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.3 -Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды



Сабақтың мақсаты



Барлық оқушылар-Дүниежүзілік мұхиттар туралы біледі.
Басым оқушылар- Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін анықтайды.
Кейбір оқушылар- Мұхиттардың бөліктерінің географиялық жағдайын түсінеді.

Бағалау критерииі

Білу: Дүниежүзілік мұхиттарға жататын мұхит түрлерін біледі.
Түсіну: 4 мұхиттың терең жерлері мен мұхит түбіндегі жер бедерітуралы түсінеді.
Қолдану:Мұхиттарды және оның бөліктерін картадан көрсете алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың жоспары
I.Ұйымдастыру кезеңі
1. «Шаттық шеңбері»
2.Оқушыларды 2 топқа біріктіру
II. Алдыңғы білім:
1. «Зымыран сұрақтар»
2. «Сандар сөйлейді»
III. Жаңа сабақ
1. Бейне үзінді «Мұхиттар қалай пайда болған?»
2. Дүниежүзілік мұхиттың географиялық жағдайы
3. Сергіту сәті
IV. Кері байланыс

  1. Постер қорғау.

  2. «Ғажайып ондық»

V. Бағалау

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Слайд 6-7
Дидактикалық материалдар №1



Ортасы

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1. Неше мұхит бар?
2. Қандай құрлықтар аралығында орналасқан?
3. Мұхит суы ішуге жарамды ма?

Дүниежүзілік мұхит. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді.


Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып жатыр.
Дүниежүзілік мұхиттың кез келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады (жарты шарлар картасынан байқап көріңдер).
Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлықты материктер немесе континенттер деп атайды. Дүние жүзінде алты материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида.
Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия, Мадагаскар, Исландия аралдарын табыңдар).
Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апеннин және Лабрадор түбектерін табыңдар).

Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады.


Тынық мұхит – Жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа парапар. 1520 – 1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді.

Мұхит пен құрлық аудандарының арақатысы


Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр.
Тынық мұхитта бүкіл Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м.

Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.


Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір - бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатынасына игерілген.

Үнді мұхиты оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км2). Бұл – ең жылы мұхит (жарты шарлар картасынан Үнді мұхитының қандай материктердің аралығында жатқанын анықтаңдар). Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де ерекше көзге түседі. Өйткені оның оңтүстік бөлігіне құятын өзен аз.


Солтүстік Мұзды мұхит – мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі – ол басқа мұхиттарға қарағанда тайыз болып келеді. Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м - ден аспайды. Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі аралдар көп.


2. Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады.


Теңіз – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Саргасс теңізі, Фиджи теңізі). Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.
Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (мысалы, Қара теңіз, Жерорта теңізі. Олар қай мұхиттың бөліктері болып табылады?). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер дейді. Шеткі теңіздерге – Еуразия жағалауындағы Баренц, Кара, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т. б. теңіздер жатады.
Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон, Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір - бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950 км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км) – Мозамбик бұғазы.
Ішкі теңіздер (Жерорта, Қара)
Теңіздер (Саргасс, Фиджи)
Шеткі теңіздер (Баренц, Кар, Охот, Жапон)
Мұхит бөліктері
Шығанақ (Гудзон, Мексика, Парсы)
Бұғаздар (Дрейк, Мозамбик)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет