Бөлім тақырыбы: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақ тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды?



Дата25.01.2023
өлшемі2,04 Mb.
#62829
түріСабақ

Бөлім тақырыбы: Отарлау және ұлт-азаттық күрес Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы


Оқу мақсаты:
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау;
7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Бағалау критерийлері:
  • Ресей империясының Ұлы жүз аймағы үшін Хиуа, Қоқан хандықтарына қарсы соғыс әрекеті қалай жүзеге асқандығын түсінеді.
  • Ресей империясының Қазақстанды отар етіп басып алуының салдарын анықтайды.


1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс


1.Сырдария бойындағы қазақтарға қай ханның ықпалы жоғары болды?
2.Қай жылы және неліктен «пристав» лауазымы енгізілді?
3.Ресей империясы қазақ жеріне қандай әскери бекіністерді салды?
4. Тоқмақ, Пішпек бекіністерін басып алған орыс офицері?
5. 1854 жылы қандай бекініс салынды? Алдымен бекініске кімдерді орналастырды? Кейін отбасылар Ресейдің қай аймақтарынын көшірілді

66. 1860 жылы Ұлы жүз аймағы үшін Ресей мен қоқандықтардың арасында болған ірі шайқас қай жерде болды?Нәтижесі?
7. Черняев отряды 1864 жылы қандай бекіністерді жаулап алды?
8. Қоқан хандығы мен Қазақстанның оңтүстік бөлігі қай генерал-губернаторлыққа бағындырылды?
9. Қазақстан Ресейге толығымен қай жылы қосылды?

Интерпретация Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері қандай?

  • Үлгі
  • Қазақстанның оңтүстік аймақтарының Ресей империясына қосылуының ерекшеліктері мынадай
  • 1шіден.................
  • 2шіден..................
  • 3шіден......................

Сырдария әскери шебінің құрылуы
Ресей әскерлері Сырдария өзенінің сағасын басып алып, онда 1847 жылы Райым қамалын, 1848 жылы Қазалы бекінісін салды. 1853 жылы Қоқанның ірі бекінісі Ақмешітті басып алғаннан кейін Сырдария бекініс шебі пайда болды.

Жауаптар

  • 1.Арынғазы
  • 2.1848жыл
  • 3. 1847 жылы Райым қамалын, 1848 жылы Қазалы бекінісін салды
  • 4 подполковник Циммерман
  • 5.Верный.Орыс офицерлері,сібірден 400ге жуық отбасы
  • 6.Ұзынағаш
  • 7.Қоқандықтар жеңілді
  • 8.Түркістан генерал губернаторлығы
  • 9.1873жылы Хиуа хандығы жаулап алынғаннан кейін.

Ұлы жүздің Ресей құрамына қосылу кезеңдері:
Ұлы жүз руларының өз еркімен Ресей билігін мойындауы
Ресейдің Ұлы жүз аумағында бекіністер тұрғызуы
Ресейдің Ұлы жүздегі Қоқан, Хиуа бекіністерін жаулап алуы
Қоқандық бекіністерді Ресей империясының басып алуы
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының екінші жартысынан бастап орыс әскерлерінің соғыс қимылдары толығымен Орта Азия мемлекеттерінің (Қоқан, Хиуа, Бұхара) аумағында өтті
1860 жылы полковник Циммерман бастаған әскер Қоқан хандығының Тоқмақ, Пішпек бекіністерін басып алды.
1860 жылы 21 қазанда Ұзынағаш бекінісі түбінде шешуші шайқас болып, Қоқандық әскер саны көп болса да жеңілді
1864 жылы Ресей әскері Меркі әскери бекінісін қарсылықсыз алды. Одан кейін Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларына шабуыл жасады.
1865 жылы Черняев отряды Ташкентті басып алып, Қоқан хандығын бағындырды.
1865 жыл
Қоқан хандығы жойылды
1866 жыл
Бұхар хандығы жойылды
1873 жыл
Хиуа хандығы жойылды
1865 жылы Ресей әскери министрінің бұйрығымен Түркістан аймағы құрылды. Ол Орынбор-генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1867 жылы орталығы Ташкент қаласында орналасқан Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы жарлық шықты.
Ресей империясының Қазақстанды отар етіп басып алуының салдары
  • Ресей империясы Қазақстанды өзіне қосып алу үдерісін аяқтады.
  • Алым-салық көлемі артты, еріксіз жұмысқа тарту күшейді. Бұндай отаршылдық езгіге наразы болған қазақ руларының бір бөлігі көрші уездер мен мемлекеттердің аумағына көшіп кетті.
  • Соғыс қимылдары салдарынан көптеген қалалар қирады, әлемдік деңгейдегі мәдени ескерткіштерге зақым келді.
  • Ресей империясы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу аймағын өзіне қосып алумен 1868 жылдан бастап Жетісуға орыс шаруаларын көптеп қоныстандыра бастады.

Қазақстанның Ресей империясы құрамына толық қосылған уақыты?
Бекіту тапсырмасы
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының соңында
Ресей империясының Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Қоқандық бекіністерді жаулап алуының нәтижесі?
Жетісу және Оңтүстік Қазақстан тұрғындары Орта Азия хандықтарының езгісінен құтылды
Ресей империясының Қазақстанды толық басып алу саясатының салдарларын анықтаңыз?
  • Қазақстан жері толық Ресейдің меншігіне айналды;
  • Алым-салық жүйесі өзгеріп, салық көлемі артты;
  • Орыс шаруаларының жаппай қоныстануы басталды;
  • Қалалар, мәдени ескерткіштер қирады.

Үй тапсырмасы
«Қазақстанның Ресейге қосылуы елге қандай өзгеріс әкелді?» тақырыбында 200 сөз көлемінде эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет