Болмыс. Онтология және метафизика



Дата11.11.2022
өлшемі21,17 Kb.
#49546

Болмыс. Онтология және метафизика.
Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған. Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық дүниені білдіреді.Философия тарихинда болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні табиғатын айқындаумен айналысатын философияның бөлімі.
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.
Метафизика [гр. “Meta ta physіka” – “физикадан кейін” (Аристотельдің философиялық шығармасы осылай аталған)] –

  1. болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық “ғылым”;

  2. дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс.

Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе-сөз алғанда ол “физикадан кейін келетін” деген мағына береді. Аристотель оны “бірінші философия ” деп атады; ол барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизикада теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап “Метафизика” терминімен қатар сол мағынада “онтология” термині де қолданылды. Декарт, Либниц, Спиноза және 17 ғ-дағы басқа да ойшылдардың философиясында метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз байланыста қолданылды. Бұл байланыс 18 ғ-да, әсіресе Х.Вольф секілді философтар тұсында бұзылды.
Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында 17 – 18 ғ-лардағы ғылымға, әсіресе философияға қатысты алғаш қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасырда философиясында Метафизика жаңа идеяларды тудырды. Кибернетика мен генетиканың, ғылыми-техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен метафизиканы “қатаң ғылым” ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік зерденің мәнін ашуға бағытталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет