БоөЖ 10. Өсімдіктердің өсуі мен даму физиологиясы



бет1/6
Дата14.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#25522
  1   2   3   4   5   6

БОӨЖ 10.

Өсімдіктердің өсуі мен даму физиологиясы
    • Өсімдік өмірі туралы ұғым
    • Өсімдіктердің көбею физиологиясы. Фотопериодизм
    • Өсімдіктердің вегетативті жолмен көбеюі.

    • Өсімдіктердің өсуі мен дамуына ішкі, сыртқы

      жағдайлардың әсері



Жоспар:

Өсу жөнінде жалпы түсінік

Өсу — өсімдік организміндегі тіршілік процесінің айқын бір бейнесі болып саналады. Өсу — өсімдіктегі барлық зат алмасу процесімен тығыз байланысты, жинақгаушы, нәтижелуші қызмет атқарады. 



Өсудің көптеген белгілері бар:

1.


1.

2.


2.

3. Клетка

3. Клетка

4. Клетка

4. Клетка

5.


5.

6.


6.

Бірақ бұл белгілер жеке күйінде өсімдікте өсу процесінің бар екендігін нақтылы көрсете алмайды. Мысалы: клетка көлемінің үлғаюы су copy нәтижесінде ісіну салдарынан, қант қызылшасының тамыр жемісінің салмағының артуы клеткада тек қант заттарының жиналу салдарынан болуы мүмкін. Бұлардың жеке өзі әлі де өсу емес. Тек құрғақ зат салмағының артуына қарай да өсу бар деп айтуға болмайды. Мысалы: ұрық толық қараңғылықта өнгенде қүрғақ зат артпаса да өсу процесі белсенді түрде жүргенін көруге болады. Қараңғы жағдайда үзақ уақыт өнген өркеннің ұрықтағы қор затының мол тарауының нәтижесінде, оның қүрғақ салмағы алғашқы ұрықтың құрғақ салмағынан 50 % кем болады. Яғни қор затты жүмсау, жарату мен жаңа үлпаларды құру (бұл екі қарама-қайшы процесс) — өнудің де, өсудің де жалпы бейнесі. Сондықтан өсу деп мүшелердің, клеткалардың және олардың элементтерінің жаңадан пайда болуы процесі негізінде өсімдік мүшелерінің кері қайтпастай ұлғаюын айтады.

 Мәселен, бұршақтың тұқымын суға салатын болсақ, бірнеше сағаттан кейін оның көлемі 2-3 есе артады. Бірақ бұлай көлемінің өсуіне, артуына қарай өсу бар деп айтуға болмайды. Бұл жерде тұқым құрамындағы гидрофилді коллоидтардың суды қабылдап, соның салдарынан көлемінің артуы. Ал егер осындай өңделген түқымды кептіретін болсақ, көлемі бастапқы қалпына қайта келеді. Сөйтіп тұқымның суға қанығып, ісінуі нәтижесіндегі көлемінің ұлғаюы сияқты кері қайтатын жағдайларды өсу деп айтуға болмайды. Өсімдіктің жеке үлпаларының да барлығы бірдей (біркелкі) өспейді. Өсу процесі өсу нүктелерінде белсенді түрде жүреді. Өсу нүктелерінде жасаушы үлпа — меристема бар. Өзінің орналасуына қарай меристемалар төбелік, бүйірлік, қыстырмалы болады.

Төбелік меристема негізгі және бүйірлік сабақтардың ұшында, көптеген тамыр тармақтарының ұшында орналасады. Төбелік меристемалар бөлінуі нәтижесінде өсімдіктің бойы өсіп, бүтақтанып, бүйір сабақтары, жапырақтар, гүлдер пайда болады. Төбелік меристема өсімдіктің бастапқы қүрылысын қамтамасыз етеді. Ал бүйірлік меристема (камбий) — өсімдіктің жуандауын қамтамасыз етеді. Қыстырмалы меристемалар сабақтың, жапырақтың кей бөлімдерінде ғана орналасып, олардың үзаруын қамтамасыз етеді (мысалы, астық түқымды өсімдіктің, традесканцияның буын аралықтарының ұзаруы). Өсу — көп кезенді процесс. Клетканың өсуінде үш кезеңді байқауға болады: 

  • Эмбриональды, 
  • Созылу, 
  • Ішкі жіктелу (дифференциялану). Бірінші кезеңде меристемадан пайда болған эмбриональды клеткаларда вакуольдар болмайды, олар протоплазмаға толық қор заттары да (белок, крахмал) болады.

Ағзалардың көпшілігіне жарықтың тәуліктік ырғағы, яғни жарық (күн ұзақтығы ) мен қараңғы (түннің ұзақтығы ) арақатынасындағы тәулік кезеңдері тән қасиет. Өсу және даму үдерістерінен керінетін ағза жауабы жарықкезеңдік немесе фотопериодизм (грекше «рһоіоs» - жарық, «регіосіоs» - айналым) деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет