БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#9898
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СЫР  

Көлдің жайы бір басқа,   

Шөлдің жайы бір басқа.  

Сырымды айтсам сырласқа,   

Жүректегі жыр басқа.  

 

Теңіз деген теңіз ғой,   



Арман мен ой егіз ғой.  

Өзен жайлы өзектен,   

Өріледі негізгі ой.  

 

Дейді досым сыр ақтар,   



Өмірде сан сұрақ бар,   

Өзен көлге құйғанда,   

Ұмытылар бұлақтар.  

 

Түс артынан кеш келер,   



Тарихым бар дес берер.  

Қар мен жаңбыр тағы бар,   

Бұлақтарды ескер ел.  

 

 



ЕРАҒАМ  

(Еркеғали Рахмадиевке)   

Сырласып Мұқағалимен,   

Шыңды асып кеткен қыраным.  

Əлемдегі əр үйден,   

Естіліп қалар бір əнің.  

 

Сұңқарлары тік ұшқан,   



Саз-сахара гүлістан.  

Тұлғаңызды өзіңіз,   

Құйдыңыз əр дыбыстан.  

 

Иіле қарап сіздерге,   



Таңданамыз іздерге.  

Симфония,  опера,   

Тыңдауға қиын біздерге.  

 

Саз өрген сабаз қалпыңда,   



Жолдарың жатыр артыңда.  

Қазаққа ғана емес- ау,   

Адамзатқа ортақ нар тұлға.  

 


40

41

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

ҰСАҚТАР  

Күйкентай тышқан аулаған,   

Қыранмын дейді аумаған.  

Инелік қуып сонаны,   

Тауықтар құрытты жаулаған.  

 

Ұлыларсыз қайтер ек,   



(ұрпаққа кеңес айтар ек).  

Жел қуғанмен қаңбақты,   

Желпінер соған бəйтерек.  

 

Көтермес шыңдар бекер бой,   



Айтпайсың артық бөтенге ой.  

Неге өспейді десем ұсақтар,   

Ұсақты қуады екен ғой.  

Неге өспейді десем ұсақтар,   

Ұсақ сөз қуған екен ғой!   

                       2012. 7. 7  

 

ӨМІР МЕН КӨҢІЛ  

Кіршіксіз сəби санасы,   

Бүршіксіз болмас даласы.  

Сорлайды жерге түскен соң,   

Болмайды қардың қарасы.  

 

Өзіңмен болып жүр мейлі,   



Оныңды өзге білмейді.  

Шуағында жүрсе де,   

Күнді де біреу күндейді.  

 

Күз келіп қызыл гүл кетер,   



Солады дейсің кім бекер.  

Өмірді көңіл сүйгенмен,   

Көңілді өмір кірлетер.

                             2013. 2. 9  



АЛМАС- БҰЛАҚ  

(Алмас Ахметбекұлына)  

 

Ана жер жүрегінің ауыр жүгін,   

Ақтады алмас бұлақ дауылды күн.  

Мұзтаудың жанарының жасындай боп,   

Сел сезім жуып өтті сəуір жүзін.  

 

Жал-құздардың сəн беріп сауырына,   



Жалбыздардың нəр беріп тамырына.  

Шарапат шарбатындай сыр сыйлады,   

Ақ қайнар алмас-бұлақ ауылына.  

 

Алмас – тұма,  алмас – жыр,  алмас-– бұлақ,   



Талай бастау жолыңды жалғастырат.  

Елжіреген ерлерім аман болса,   

Желбіреген көк туың қалмас құлап.  

 

Ерегесте ешкімнен жасқанбаған,   



Ерімсің ел алдында асқан бағаң.  

Серімсің əн-жырыңмен əлдилеген,   

Атағың алты алашқа аспандаған.  

 

Қайнары қасиетті талмас тұма,   



Боздатып бозінгенін тауды асты ма?!   

Мұхиттың мұңын шертіп алмас-бұлақ,   

Ертістің арнасына жалғасты да.  

 

Алмас – тұма,  алмас-–ой,  алмас – сезім,   



Ашық айтты алашқа алмас сөзін.  

Отан десе бойында қалмас төзім,   

Алмас- жанар албаты салмас көзін.  

 

Алмас- есім əке ойы, алмас – арман,   



Алмас ақын жаралған алмас ардан.  

Алмас- тілек ананың ақ пейілі,   

Жақсылыққа жолдары жалғас алған.  


42

43

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Алмас ағып жеткенде Алатауға,   

Алматы- ару сыйлады бала сауға.  

Атын қойды ардақтап ақын Қасым,   

Туылған күн бүгін сол ақ отауда.  

 

Еркін есіп өмірде ескегіңді,   



Əлдилей бер əн-күймен кештеріңді.  

Елу жылдық ел-ана той қылғанда,   

Бірге қосып тойлайық сексеніңді.  

 

 



 ҮРІМШІ  

Өтінде өскен дауылдың,   

Көбін көрген ауырдың.  

Көзетіне ағаның,   

Ізетіне бауырдың.  

Куə болған бір ұлы ем,   

Алақандай ауылдың.  

Саған кеп аштым сырымды.  

Салиқалы Үрімші!   

 

Талай жерде тасып ем,   



Талай жерде жасып ем.  

Тосырқай,  толқып келгенде,   

Бауырыңа басып ең.  

Гүлімді сенде ашып ем,   

Нұрымды сенде шашып ем.  

Арнайын асыл жырымды,   

Айналайын, Үрімші.  

 

Талайменен алыстым,   



Талайменен таныстым.  

Сен сездірдің қадырын,   

Жақын менен алыстың.  

Талайменен салыстым,   

Талайменен жарыстым.  

Таныттың сонда пірімді,   

Айналайын, Үрімші.  

 

Көкірегімді күй қылдың,   



Сырларды ғажап сый қылдың.  

Кимегенді кидірдің,   

Сүймегенді сүйдірдің.  

Иімегенді идірдің,   

Тимегенді тидірдің.  

Шəйдің көңіл кірімді,   

Шарапатты Үрімші.  

 

Бала едім, келіп ержеттім,   



Сезімімді селдеттің.  

Бабамнан қалған бесікті,   

Бауырыңда тербеттім.  

Шалқұйрығын шабыттың,   

Төскейіңде терлеттім.  

Əнін салып ел-көптің,   

Дəмін білдім кермектің.  

 

Толқыта жүріп жыр-əнді,   



Таныдым ұра-жыраңды.  

Туған жердей сезілет,   

Аспаның мынау тұманды.  

Қылығы ғой түлкінің,   

Қыран қылар қыранды.  

Құр бақаға қор қылма,   

Жоңғарда жортқан құланды  

 

Ерентау, Боғда – дара шың,   



Саған артқан сағасын.  

Қан мен тердің табы бар,   

Қасиетті қаласың.  

Құшағыңда қуанттың,   



44

45

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Бар атаның баласын.  

Сияқтысың бір жұртым,  

Нарқымды ұғар нағашым.  

Жасырар ақын болмайды,   

Ішіне бүгіп аласын.  

Аяйтыным жоқ сенен,   

Қане немді аласың.  

Шындығым осы шырынды,   

Шырайлы қала – Үрімші.  

 

ƏКЕ  

Əке!   


Сен берген жалынменен,   

Ел берген дəріңменен.  

Асау бір арынменен,   

Сара бір сарынменен,   

Жолымды тауып келем,   

Жоқ ешбір қауып деген.  

Қаламға қамшы басып,   

Шаңдатып шауып келем.  

 

Əке!   


Жолыңды жаттап едім,   

Бетімнен қақпап едің.  

Балауса баптап едің,   

Шамамды шақтап едің.  

Үмітің қалмасын деп,   

Қиялың самғасын деп.  

Түсірмей тартып келем,   

Тірліктің шалмасын көп.  

 

Сенетін жалғызың ем,   



Шөлдесең жалбызың ем.  

Сайысты сан бұзып ең,   

Намысты нар құзым ең.  

Рухың өлмесін деп,   

Жасымды көрмесін деп,   

Алдымен бастым талай,   

Жарыстың көмбесін көп.  

 

Əке!   



Мен саған тартсам деймін,   

Ал кейде артсам деймін.  

Теріме разы боп,   

Тебіреніп жатсаң деймін.  

Күнің боп шығайын деп,   

Айың боп туайын деп,   

Бойлатар борышыма,   

Ойлатар уайым көп.  

 

Əке!   


Қайғыға жасымапсың,   

Қайратқа тасымапсың.  

Қағажып қажығанды,   

Қашанда қасыңа апсың.  

Өзіңдей болайын деп,   

Биікке қонайын деп,   

Мастыққа жеңдірмедім,   

Жастықтың орайын көп.  

 

Əке !   


Күйші едің күмбірлі едің,   

Шыншыл ең шың нұрлы едің.  

Мерейім менің бүгін,   

Сенің бір шын күлгенің.  

Жүрмейтін маған, сірə,   

Басқаға қатаңдығың.  

Қуанам жолым болса,   

Келгендей батаң бүгін.  

 


46

47

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Əке!   


Талабың шыңдайтынын,   

Түлегің тыңдайтынын.  

Сен ерте сезіппедің,   

Сағыңның сынбайтынын.  

Жүрегің қашандағы,   

Бір мен деп тулайтығұн.  

Кезді осы аңсадың- ау,   

Құлағың шулайтұғын,   

Қалайда дəлелдедің,   

Сұңқардан сауысқанның,   

Мəңгілік тумайтынын !   

 

ӨЗІҢДІ ҒАНА ТАБАМЫН  

 

Таң атты тағы күлімдеп,   



Хат бастадым күнім деп.  

Жақын жанның қадыры,   

Алыстағанда білінбек.  

Айтайын деген сырым көп,   

Жазайын деген жырым көп.  

Барасың- ау таң сайын,   

Табынатын пірім боп.  

 

Қарадым таңғы шолпанға,   



Көрінер ыстық сол таңба.  

Маған жыр боп жазылып,   

Аман жүр қайда болсаң да.  

Елесің еріп жаныма,   

Келесің ойға тоңсам да,   

Қанатым өзің қадырлым,   

Қай биікке қонсам да.  

 

Сағындым деген сөзден де,   



Табындым десем шынырақ.  

Жақын жүрген кезден де,   

Барасың ғой шын ұнап.  

Тұрсақ та дайым тілдесіп,   

Аңсадым тербеп жыр бесік.  

Сөз жеткенменен қол жетпей,   

Жүрміз-ау жетім күй кешііп.  

Алыс емес, аяулым,   

Қауышар күндер жүздесіп.  

 

Ауасын аңсап даланың,   



Көркіне көз сап қаланың.  

Жабырқау жалғыз күй кешіп,   

Сағыныш əнін саламын.  

Көкірек толы нала мұң,   

Сен жаққа жиі қарадым.  

Өткенді ойға салады,   

Сыңар ізді əр адым.  

Мен жаққа сен де қарағын,   

Бақыттымын деп санағын.  

Кермаралдай кеудеңе,   

Жырымды гүл қып қададым.  

Елесімді аңсап тұрғанда,   

Есігіңді қағамын.  

Бір көрсем-ау деп жүргенде,   

Бір күні жетіп барамын.  

Өмірде тағы айланып,   

Өзіңді ғана табамын.  

 


48

49

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

АНА ЕЛІМ  

 

Көрген жоқ ешкімге де есем кетіп,   



Төгейін сел сезімді нөсерлетіп.  

Келісім керек емес,  қажет кезде  

Ел үшін етікпен су кешем бекіп.  

 

Бағым да, бақытым да еліммен бір,   



Жазамын сезіммен жыр,  сеніммен жыр.  

Өзіңнің өр мінезді өркеніңмін,   

Қашанда қайта алмаймын тебіннен бұл.  

 

Өскемін іні аялап, аға сыйлап,   



Елімсіз керек емес дара сый бақ.  

Аттанғанмын ауылдан ақ бата алып,   

Артымда қасиетті қараша үй қап.  

 

Қомдаған қанатымды халқым жебеп,   



Ана елім салтың ерек,  даңқың бөлек.  

Ар алдында қоймайтын алтынды елеп,   

Найзағайдай намысшыл нарқың керек.  

 

Ана елім,  асыл елім,  ардақты елім,   



Саз елім,  сəлиқалы салмақты елім.  

Қыранды елім,  тұлпарлы жыр-əнді елім,   

Шалқар елім,  шат елім,  шаңырақты елім.  

 

Серт алдында сезімім сетер бүгін,   



Білдік бəрі өзіңсіз бекерлігін.  

Ойлағанда шыдамай кетем, күнім,   

Сенен асқан биік жоқ екендігін  

 

Ана елім айналайын ақ теңізім,   



Басыма ұялатқан бақ негізін.  

Жырдан гүлін ұсынған құрбандығың,   

Мен болайын қабыл ал - нақ лебізім!   

 АЛТЫН НЕКЕ - АЛТЫН ТАҢ  



(Жанəбіл аға мен Зүпира апайға арнадым)   

 

Шындығымды жасырайын несіне,   

Бір хат жазғым келді сізге көсіле  

Ұлы қорған төбесінде тұрғанда,   

Ұлылығың түсті, аға, есіме.  

 

Өз кезінде Сіз де осында болғансыз,   



Балалықтан даналыққа толғансыз.  

Нарқың үшін нар жолынан таймаған,   

Халқым үшін Сіз де ұлы қорғансыз.  

 

Ойлы жанға елмен жері егіз мұң,   



Халық үні қашандағы негізгі үн.  

Ақылыңды арнасына баладым,   

Тебіреніп жағасында теңіздің.  

 

Таулар қанша төсін жұртқа бермеген,   



Баулар қанша саясын жан көрмеген.  

Белдер қанша бетегесін қимаған,   

Көлдер қанша жағасында ел шөлдеген.  

 

Қырлар қанша гүлін берген есекке,   



Ұлдар қанша ұйықтап өткен төсекте.  

Жырлар қанша,  сырлар қанша айтпаған,   

Құлдар қанша алынбаған есепке.  

 

Ана қанша ауыл үйден аспаған,   



Аға қанша атаға ақыл қоспаған.  

Ерке қанша ел үмітін тастаған,   

Серке қанша сетерлерін бастаған.  

 

Аспан куə, құс біткенге самғаған,   



Халық бір-ақ, тек қыранын таңдаған.  

Кезде мынау белгілі ғой бəрі де,   

Дүниеде құпиялық қалмаған.  


50

51

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Жылдар жылжып, айлар анау аунаған,   

Шын биіктер елді əркез баураған.  

Ағалардың еңбегінің алдында,   

Тарыдай боп сезіледі тау маған  

 

Сараптаған өмір-өзен салмағын,   



Сан ақтаған аналардың арманын.  

Парақтаған парасат пен талғамын,   

Ардагерім,  асыл аға, ардағым.  

 

Таң асырып тарлан көңіл тұлпарын,   



Ертең не боп кетеді деп ұрпағым.  

Тəңір таудың оң-солына көз салып,   

Сұңғыла ойда отырсыз ба, сұңқарым.  

 

Елім депсіз елу жылдың бойында,   



Орда қамы орай бермей ойынға.  

Алтыннан да ардақтысыз, ағажан,   

Ақ таңдағы алтын неке тойыңда.  

 

Еске түсер елу жылдық жолыңыз,   



Ойлап-тағы үлгірмеспіз оны біз.  

Қанша ұрпақтың ақ сапарын ашты екен,   

Қалам алған қасиетті қолыңыз.  

 

Болсаңыз да шырайы нұр шың бүгін,   



Еске алғанда ескі күндер шындығын.  

Түске кіріп түлететін шығар- ау,   

Сұлубайдың əнін салған шіңгілің.  

 

Таңдар-таңдар, 



   

таусылмайтын талқы тың,   

Бірге депсіз елімменен бар құтым.  

Сағынатын кезіңіз де бар шығар,   

Қабадағы қара қостың сарқытын.  

 

Талай аңыз тағылым боп тарқаған,   



Ерен еңбек ісіңізді ел алқаған.  

Жоңғар төсін жүз айналған атпенен,   

Кезіңізге куə Үліңгір – қарт анам.  

 

Əшім ата күйін шертсе бір өрен,   



Кеудесінде тербелетін гүл ерен.  

Жүзіңізді жуып сұлу Сайрамға,   

Жүрдіңіз бе қайтқан кезде Іледен.  

 

Тарихқа тəлім болар талғамсыз,   



Майлы-Жайыр,  барлыққа да барғансыз.  

Десек-тағы, адам болмас армансыз,   

Салиқалы сара жолды салған сіз.  

 

Алтай,  Ақсу,  Қашқар,  Құлжа, Дəлəкең,   



Бəріне де бір көзбенен қарап ең.  

Маған егер бір күн тисе билігі,   

Тəңір тауды сыйға бере салар ем.  

Маған егер бір күн тисе билігі,   

Тəңір тауды сізге бере салар ем.  

 

Сақтап ерек “ел анасы “ есімін,   



Көп ойлатып көп істердің кесімін.  

Зүпира апай жүрген шығар зыр қағып,   

Ағайынға айқара ашып есігін.  

 

Тең көтеріп қиындықтар қинаса,   



Жұрт жүрегін сездіңіздер сыйласа.  

Елу жылда елге құйған шəйі да,   

Сары теңіздей болған шығар жинаса.  

 

Елу көктем,  елу күз,  қыс,  елу жаз,   



Шұғылаға шуақтаған елің мəз.  

Тебіндеген тер төгуші болғанмен,   

Сенімменен сертін берер сенімді аз.  


52

53

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Жарым ғасыр жаныма сыр құйғандай,   

Жарасып тұр шертсек-тағы күй қандай.  

Өзіңізге берекені белгі еттік,   

Сөзіңізге ұйығандай имандай.  

 

Ал, ағайын, жүрек сырын айтыңдар,   



Бүгінгі сөз кеңес емес жəй тыңдар.  

Елу жылдық шаңыраққа сəлем қып,   

Елу шыны қымыз ішіп қайтыңдар.  

 

Керегесі халқым менің керілген,   



Уықтары ұландары тебінді ең.  

Босағасын беріктеген сеніммен,   

Телегей ел айналайын тегіңнен.  

 

Ойыңыздың тереңдігін, кеңдігін,   



Биіктігін жырламасын енді кім.  

Нар жолында қалдырмай еш ел жүгін,   

Таныттыңыз ерлігін де елдігін!   

 

Жарқын жүзі жігер беріп ұрпақтың,   



Төр төсінде көсіліңіз нұр тақтың.  

Алтын неке жылдарыңызды тойлап,   

Астанадан жырымменен гүл тақтым.  

 

Ақыныңмын, жарасармын шарқ ұрсам,   



Ақылыңмын, адасармын тартынсам.  

Туған елім бар ағаның басына,   

Келе берсін алтын неке – алтын таң!   

Елім деген ерлерімнің басына,   

Келе берсін алтын неке – алтын таң!   

ЖАҒАДАҒЫ ЖАРТАСТА  

 

Келер дейсің оңына бар іс қашан,   



Өмір мəнсіз өзіңді сəл ұстасаң.  

Жақсы күндер кешуің қиын екен,   

Жақсы көрген жаныңнан алыстасаң.  

 

Жағадағы ақынға теңіз бүгін,   



Тіл қатқандай оқы деп лебіз жырын.  

Аунақшыған толқынға айттым сонда,   

Жүрегімнің өзіңмен егіздігін.  

 

Серік керек құлға да,  патшаға да,   



Бұлбұл мен Гүл сəн берген бақшаға да.  

Мені көріп сыңарын есіне алды-ау,   

Алысқа ұшты анау бір ақ шағала.  

 

Бақытымсың бастағы бал қыз-құсым,   



Сағынышым бір əнді салғызды шын.  

Жараспай-ақ тұрғанын жаным сезет,   

Жағадағы жартасқа жалғыз мүсін.  

 

Телміремін теңіздің толқынына,   



Малынғандай махаббат мол сырына.  

Гүлдей жайнап жанымда тұрармедің,   

Айқастырып қолыңды қолтығыма.  

 

Көкжиектен көсілген көзімді алмай,   



Күбірлеймін қасымда өзің бардай.  

Теңіздейін тербеліп сезім балдай,   

Телефонға қол салдым төзім қалмай.  

 


54

55

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

АЛТЫН  

 

Білмедім тəйір бақпа мұң,   



Таңдандырды тапқаным.  

Ит иіскеп кеткен дорбада,   

Кім білген алтын жатқанын.  

 

Көңілге тұрды келіп ой,   



Қайтер едім жеп қойса.  

Асап алар еді ғой,   

Егер мынау ет болса.  

 

Хаюуанға қадырсыз,   



Біз таласар алтының.  

Қоя алмаймын тағы үнсіз,   

Сенде толған, жарқыным.  

 

Түсім ғой, жəйін түнгі елес,   



Адамдар нарқын түсінем.  

Кеңессең,  көңіл кірлемес,   

Кісілігі бар кісімен.  

 

Сырым бар айтар, Қасым-ау,   



Орайы жүр ғой шын түспей.  

Зырлаған ғұмыр осынау,   

Ғасырлар көрген бір түстей.  

 

Алтынды кімдер жырламақ,    



Ажал есік қаққанда.  

Тамағыңнан бір қалақ,   

Сусын өтпей жатқанда.  

 

Қасиеттеп халқымның,   



Қастерлері еске ала.  

Артықтығы алтынның,   

Тазалығы тек ғана.  

Болмаса болды нан қайғым,   

Алтын ғой кені жерімнің.  

Алайда теңей алмаймын,   

Қадырыне елімнің.  

 

Тартынып көрген жерім жоқ,   



Талпынып келем бəріне.  

Тар ойлы қылар сезім жоқ,   

Тəлейлі болам əлі де.  

 

ЖАЗ КЕЛЕ ЖАТЫР ДЕГЕНМЕН...  

 

Көктемді тойлап жүргенде,   



Жаз да жетті-ау бірдемде.  

Боз бала бір күн білерсің,   

Қыз жатқанын іргеңде.  

 

Ойнап жүрмін дегенде,   



Ойлайтұғын шақ келер.  

Сен қызыққан қыз ғұмыр,   

Шаңырақты ап келер.  

 

Серуенде жүргенде,   



Керуенге қосылып.  

Күле жетіп күлгенге,   

Жол басарсың осыны ұқ.  

 

Жаз келе жатыр дегенмен,   



Қаз келе жатыр дегенмен,   

Сая болар бəйтерек,   

Іздеріме сенем мен.  

 

Жаз келе жатыр дегенмен,   



Наз келе жатыр дегенмен.  

Сахна боп кетер-ау,   

Сахарам аз ел емген.  


56

57

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Жаз келе жатыр дегенмен,   

Саз келе жатыр дегенмен.  

Айранға тойған ағайын,   

Ойлан да толған дер ем мен.  

 

Жаз дегенің ғасырдың,   



Шуақты сəл ойы ғой.  

Көктем қыздай асылдың,   

Қырық күндік тойы ғой!   

 

ЕЛІМ ДЕГЕН ЕГІЗІМ  

(Сұлтан Жанболатов пен Жақып Мырзаханов 

ағаларға арнау)   

 

Жанболатов жан аға,   

Сəуле құйған санаға.  

Ізіңді қуған інің ем,   

Ілессем деп қараңа,   

Тарих куə танаңа,   

Басыңдағы бағаңа.  

Артық болмас аспаннан,   

Жұлдыз тақсам жағаңа.  

Даңқың ерек далаңа,   

Қарада болсаң хан аға.  

Одан артық не керек,   

Балайды халқың данаға!   

 

Мырзаханов мырзаға,   



Тəн емессіз Құлжаға.  

Көп тарих көлісіз,   

Тайпаласыз сынға да.  

Таудың құны тарыдай,   

Сіздей сырлы тұлғаға.  

Ауылыңның таңымен,   

Тыныстаған тың дала.  

Кестеледің кешемді,   

Сіңіп кеткен құмға да.  

Елім ерек ерім дер,   

Тек сол ғана шын баға.  

 

Дəуір қалай шыңдасын,   



Сыраға – бал, сынға – сын.  

Сыйлай білген егізім,   

Шыққан екі шыңға шын.  

Басқа кімге шағынам,   

Алдымда Сіздер тұрғасын.  

Алтын кездік ішіне,   

Сақтамаса қынға сын.  

Ақын жоғы ақиқат,   

Ойлайтұғын бір басын.  

Сіздер ұқпай сырымды,   

Халайық қалай тыңдасын.  

 

Өзгеден биік өресі,   



Балаймын елдің төресі.  

Кезегі келген кезінің,   

Əйтеке мен Төлесі.  

Көзден жасы сорғалап,   

Сөгілгендей көбесі.  

Айналайын ағалар,   

Не боп барат ел осы.  

Маң даланың маңырап,   

Қалар мекен төлі осы.  

Ағайынның аңырап,   

Сарқылар ма көлі осы...  

 

Қайтерін білмей халық жүр,   



Жүректері налып жүр.  

Шекпен үшін шекіскен,   

Ұлдан көңілі қалып жүр.  

Егей деген ерлері,   



58

59

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Бірін-бірі шалып жүр.  

Айдаһардың аузына,   

Өзін-өзі салып жүр.  

Ағайын таз басынан,   

Тырнап өшін алып жүр.  

 

Керек болды ақыл шын,   



Керек болды батыр шын.  

Елім деген егізім,   

Қандай ойда жатырсың.  

Ақыныңның арманы,   

Ауызынан атылсын.  

Іріген жұрттың іріңін,   

Саналы жүрек сапырсын.  

Келекеге қалды жұрт,   

Берекеге шақыр шын.  

 

Қарғадай боқтық қарасып,   



Болымсызға таласып.  

Өз көзін шұқып өз інің,   

Жауыменен жанасып.  

Бірін-бірі аңдыуда,   

Тұлпарлары таң асып.  

Сабаздарым сөз алмай,   

Айтылмайды бəрі ашық.  

Беттей елдің бағдары,   

Сіздер екі қарашық.  

 

Егейі елің сөзге ерді,   



Жасыра алмас кез келді.  

Қубас айғыр құлынын,   

Мұжығанын көз көрді.  

Бір атаның баласы,   

Қалайша тозып өзгерді?  

Өзін аяй білмеген,   

Оңдыра ма өзге елді?  

Əкбəрлəрдің қанына,   

Зухалардың жанына,   

Башбайлардың малына,   

Келген күннің қадырын,   

Ұмыта ма ел тағы да.  

Ұрпақ азып атаның,   

Дақ түсер ме арына.  

Қыран қашан құйылар,   

Түлкілердің таңына.  

Мəстек мəңгі көмілер,   

Тұлпарлардың шаңына.  

Десек-тағы сол күнді,   

Еске аламын сағына!   

 

Емес бүгін нан қайғы,   



Ағайын ас таңдайды.  

Сіздер жазған тарих,   

Түсіндірген қандайды.  

Шаңырақты екі уық,   

Тіреп тұра алмайды.  

Жақ-жақ болған жартылар,   

Соны қашан аңдайды.  

 

Қанаттының барлығы,   



Сұңқар болып самғайды.  

Деген сөзге есті ел,   

Мəңгі бақи нанбайды.  

Есептескен еріңнің,   

Бағы тіпті жанбайды.  

Мүддесіне аздардың,   

Көптің жасы парлайды.  

 

Жалғыз ағаш орманда,   



Жалғыз кірпіш қорғанда.  

Бола алмасын тарих,   

Шын дəлелдеп болғанда.  


60

61



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет