БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата15.03.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Арда туған ағалар,   

Кез ғой мынау желіккен.  

Берекесіз белгіні,   

Тарихтан көріппең.  

Сезімге ерік беріп кең,   

Осы жұрттың еріккен.  

Бас пен жақты айыра,   

Беретіні неліктен?!   

 

Құмайды салса түлкіге,   



Қалмай ма халық күлкіге.  

Рулық пен жерлестік,   

Айықпады-ау бұлты не.  

Тауып берші еліңе,   

Татулықтың кілті не.  

Айналайын, ағалар,   

Күн кешеміз күрсіне!   

 

Тұлпар түспей жарысқа,   



Сұңқар ұшпай алысқа.  

Жастар жайы байланды,   

Сүйем менен қарысқа.  

Білімдіге жол берген,   

Басқалар ұшты марысқа.  

Кезек күтіп біз жүрміз,   

Жақыныменен танысқа...  

 

Қос өркеші түйенің,   



Қос емшегі биенің.  

Секілденген сетерім,   

Егіз- екі киелім.  

Домбыралы халқыма,   

Басымды əр кез иемін.  

Қос ішегі сіздер деп,   

Аңсадым бір жүйелі үн.  

Ақиқатты жақтайтын,   

Ақындарың тиегің,   

Берекені сақтайтын.  

Күйге келтір күй елін,   

Қос тарланым, киелім!   

 

АСТАНА  

 

Нұрлы қала - Астана,   



Жырлы қала - Астана.  

Жақұтындай жаһанның,   

Сырлы қала - Астана.  

 

Сəнді қала жайнаған,   



Əнді қала сайраған.  

Өсер елдің өркені,   

Көшелерің қайнаған.  

 

Тақты қала - Астана,   



Бақты қала - Астана.  

Шарапатты, шуақты,   

Шаттық  ана - Астана.  

 

Биналары қаз-қатар,   



Бикешінде наз жатар.  

Отан жайлы ойласаң,   

Махаббатты маздатар.  

 

Егей елдің тілегі,   



Егей елдің жүрегі.  

Егей елдің тірегі,   

Əлем сені біледі  

 

Орманы нар –Астана,   



Қорғаны бар Астана.  

Жолдары бар əлемнің,   

Қормалы бар Астана.  


62

63

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Кеңістігі көлбіреп,   

Жеңіс туы желбіреп.  

Елім деген ерлерін,   

Еске алады елжіреп.  

 

Ерлік жыры - Астана,   



Елдік жыры - Астана.  

Жақұтымсың тас қала,   

Бақытымсың - Астана.  

 

Ата берсін таңың ақ,   



Жырға қосам жадырап.  

Шайқалмасын ырысың,   

Шарапатты шаңырақ.  

 

Күнім сенсің - Астана,   



Үнім сенсің - Астана.  

Рухым сенсің - Астана,   

Пірім сенсің - Астана.  

 

Салтанаты сардардың,   



Куəсі ақ таңдардың.  

Баспанасы жоқ болмас,   

Астанасы барлардың!   

 

ҚАЙРАТ АҒА  



(Досым, ағам Қайрат Нəбиұлына арнадым)   

 

Қалжыңын өткізе алар қайын атаға,   

Қастерлі қара тілді Қайрат аға!   

Сағындым сел сезімді шақтарыңды,   

Жүрушем айдыныңнан айбат ала.  

Сағындым қара тілді Қайрат аға!   

 

Еліңе жарасады еркелігің,   



Түбінде түсінеді тентек ұлын...  

Серік қып сезіміңді селдей жөңкіп,   

Жүрмісің жүзін жанып семсеріңнің.  

 

Сағындым сара тілді сөздеріңді,   



Сағындым күлімдеген көздеріңді.  

Сағындым кең көсілер кездеріңді,   

Өзіңдей көрінбейді өзге нұрлы.  

 

Аунаттың талайларды боқтыққа сан,   



Басқадан биік сендік шоқтық қашан.  

Жұтаған жүйке тозып жұқсыздарға,   

Сірə да тұра алмайсың соқтықпасаң.  

 

Сөз бастап Құнанбай мен Отырардан,   



Белең беріп шыңдармен шоқылардан.  

Саңқылдап сандуғаштай сен сайрасаң,   

Сорабын табатұғын соқыр арман...  

 

Күніне қиып беріп жыр некесін,   



Сиқырларға сыйлай сап сыр кекесін.  

Ербол мен Ғұмырбекті екі жаққа ап,   

Күйтіңде күлім қағып жүрмекенсің...  

 

Намыстың нарын мініп сайран көрген,   



Əділет үшін талай майдан жеңген.  

Қайратқа қатын болу қандай бақыт...  

– Деп шіркін ойлармекен, қайран жеңгем.  

 

Тізгінсіз тұлпарым-ау,  мақтаным- ау,   



Ерлікті ер жүректе сақтадың- ау.  

Жанымды жаралайды жалғыздығың,   

Мың Қайрат керек болған шақта мынау.  

 

Бұлбұлын ғұмырыңның сайрат, аға,   



Тіліңмен тексіздерді жайрат, аға.  

Шыңға шығып шындық деп шырылдаған,   

Сағындым мен өзіңді, Қайрат аға!   

Сағындым,  сағындым мен, Қайрат аға!!!   



64

65

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

ҚАДЫЛДЫ АҢСАУ  

Қадеке, жүр екенсің шіркін қайда,   

Сағындым сəттеріңді сыршыл майда.  

Кей кезде сенің-дағы есіңе кеп,   

Нағашың назын айтып қутыңдай ма?   

 

Бойында Бохай деген көк теңіздің,   



Өткелін көп ойлаймын өткен іздің,   

Жүруші ек боз дөненді бусандырып,   

Алды бар, арты жоқ боп өкпеміздің.  

 

Əн салып талай таңды бірге атырдым,   



Тамсанып талай кешті бір батырдым.  

Жырынды жиырма бестің жырын жаздық,   

Талаймен дəмін татып бір бақырдың.  

 

Бірге аттап радионың босағасын,   



Бір жүрдік жұмыстан қол босағасын.  

Бөтенге бөрік ішін сездірмедік,   

Секең де сыйлай білген дос ағасын.  

Кездік- ау келісінше жай шаманың,   

Күй тартып,  күлін тарпып сай-саланың.  

Қалайда қарамызға тоғытпадық,   

Есірген еру елдің тайыншаларын.  

 

Көрінгенді пір тұтып желікпедік,   



Қайни мен Мұратбекке еліктедік.  

Еркін де еркелетті ерік беріп,   

Сертке жеттік мінеки сеніп келіп.  

 

Сəл ғана болушы еді салақтығың,   



Бұрымын ұнатушы ең тарақтының.  

Үйрендік үлкендерден үлкен білім,   

Қасынан қалмай шауып сан аттының.  

Кеңдігің,  даралығың,  дарқандығың,   

Төсетті ауыр жүкке арқаңды мың.  

Шын жылап,  шын күлетін адамдардың,   

Ұнатушы ең шабытты шалқарлығын.  

 

Түрініп қос білекті жайылып пəк,   



Қалпақты артқа қарай қайырып сап.  

Көсілуші ең тұлпардай көмбе көрген,   

Сол күндер аңсадым- ау айырылып қап.  

 

Қалайда бізге бөлек арайың бар,   



Деуші едім кеңесіңнен алайын нəр.  

Жып- жылы кірпішіңмен биіктеп ап...  

Түскісі келмеуші еді ағайындар.  

 

Дастарқанға əні мен жырын дəн қып,   



Жымың қағып,  жымпиып сырыңды аңдып.  

Даму  мүмкін қасыңда жүрген шығар,   

Таңға жақын өзіңнен бұрын қалғып.  

 

Берік кеп ортамызға төксе күйін,   



Желік боп желпіндіріп өтсе құйын.  

Сезіміңнің басатын серіппесін,   

Бар еді- ау тамаша бір бөксе биің.  

 

Талғам басқа,  жол басқа,  арман басқа,   



Күндер кештік бір алла салған басқа.  

Амалы да қалмайтын кейде бізге,   

Ағиза мен Гүлденнің шамданбасқа.  

 

Берекеміз достыққа бастар берік,   



Аға болдық біз-дағы жастар келіп.  

Жүруші едік Морида егіз төлдей,   

Өлең оқып,  əн салып асқарға еріп.  

 

Қадеке, шіркін, қайда жүр екенсің,   



Ойласам ортамыздың гүлі екенсің.  

66

67

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Селдеген сезімдегі жыр екенсің,   

Сен деген жүректегі сыр екенсің.  

 

Қос қоңыр дауысымыз күмбірлеген,   



Бала едік,  балауса едік бір бүрлеген.  

Келмеске кеткен күндер көкейдегі,   

Еріксіз еске түсіп жырды үрлеген.  

 

Пəк сезім жүректегі алып ұшқан,   



Кешегі бал күндердің таңын құшқан.  

Ұлы қорған төсінде шығып алып,   

Ұлы достық деп салдым сағынышты əн.  

Достық жырын оқыдым сағыныштан!   

 

ЖЕҢІСҚАНҒА СЫР  

Жас жағынан ағасың,   

Достарымнан дарасың.  

Ерте оянған санасың,   

Ерке туған баласың.  

Елің берер бағаңды,   

Ертелі- кеш аласың.  

Момындардың қайтесің,   

Қасып қотыр-жарасын.  

Ойнатам деп оятып,   

Алма ағайын санасын.  

Əлі талай көрерміз,   

Бұл тірліктің таласын.  

Атаң тайған сан жолдан,   

Сен де бір күн танасың.  

Қай кеудеге өзіңнің,   

Шырағыңды жағасың?  

Көреген көп аңдиды.  

Іш пен сырттың аласын,   

Өз ойыңды кей шақта,   

Өзгелерге таңасың.  

Жаратар жас аз бүгін,   

Шаң көргеннің шарасын.  

Жүзігім деп жүрмей ме,   

Кейде қасаң тағасын.  

Шақтарында шалқыған,   

Кім ойлаған шамасын.  

Өз əлінше сүйретер,   

Əр кімдер де шанасын.  

Жақсы жігіт жауға да,   

Артпай өткен жаласын.  

Көңілге сай көздің де,   

Көрсетейік шарасын.  

Жалау болып тұра алсаң,   

Міндетің сол жанасың.  

Тұлпар болып туа алсаң,   

Шаң боратып шабасың.  

Қыран болып шыға алсаң,   

Қиянға қанат қағасың.  

Татып жүрміз талайдың,   

Тартқан алға бал асын.  

Ағайын кейде біз десе,   

Ұмытар өз баласын.  

Мейіріне еліңнің,   

Енді қайтып қанасың.  

Кезіміз келді əр істің,   

Айырар ақ- қарасын.  

Не іздесең тірлікте  

Осы жұрттан табасың.  

Тағдырыңның танасын,   

Əлі талай тағасың.  

Барлық тауда болмайды,   

Көк тіреген дара шың.  

Бізге берген ақ бата,   

Алтын Алтай анашым.  

Өткелі көп өмірде,   



68

69

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Біреу үшін шаласың,   

Біреу үшін данасың.  

Біреу үшін түк емес,   

Біреу үшін панасың.  

Кейде өзіңді ұмытып,   

Күнбағыс боп қаласың.  

Дегізбейік мына елге,   

Неге өзгеріп барасың.  

Берекемен ішейік,   

Бейбіт күнгі жар асын.  

Бауырларға үлгі боп,   

Жол бастайық жаңа шын,   

Ертең айтып жүрмесін.  

Алдыдағы ағасын.  

Ізге түсіп ілінер,   

Бізге көзін қадасын.  

Əлдилейік əнменен,   

Туған елдің даласын.  

Тіктейікші тірлікке,   

Жігіттің көз қарасын!   

 

АМАН БОЛ,  АҒА  



(Мұратбек Тесебаевқа)   

Мың тоғыз жүз тоқсан төрт,  мамыражай май айы,   

Бұл тірліктің төбемнен төгіліп бір арайы.  

Қазақ радиосына диктор болып мен келдім,   

Ашылғандай алдымнан салтанаттың сарайы.  

 

Аңдып басып аяқты ақ орданы аттадым,   



Елестерді ескірмес еске берік сақтадым.  

Аты таныс болғанымен түсі бөтен адамдар,   

Көрдім күнде  «күреспен» күн өткеріп жатқанын.  

 

Үрімшінің аспаны тұрады екен мұнартып,   



Үліңгірдің таңдарын аңсап жүрдім құмартып.  

Сары бинада сарғайып сағынамын ауылды,   

Жүдеп жүрген жүрекке жырларымнан жүк артып.  

 

Кейбіреулер қарайды қырыменен көзінің,   



Кейбіреулер түртеді істігімен сөзінің.  

Кейбіреудің аузы əрең жыбырлайды сəлемге...  

Бəрін қойшы сондайда сарқылады төзімің.  

 

Боз баласы ауылдың жүрегінің оты бар,   



Алғаш мұнда келгенде аңғарғаны осылар.  

Жардан асқан толқындар бірақ талдан асқан жөқ,   

Тауық құсап сезілді өзінше кей тотылар.  

 

Міне, осындай таңдардың талқысында жүргенде,   



Бір адаммен сырласып сергіп қалдым бірдемде.  

Өмір шіркін келбетті кездерімен тəтті ғой,   

Не жетсінші тірлікте түсінісе білгенге.  

 

Біздің алғаш аралас осы арадан басталды,   



Қолдайды екен өзі де қорғайды екен жастарды.  

Балдырғанға осыдан артық бақыт жоқ шығар...  

Таптым əйтеу əреңге асу бермес асқарды.  

Талайы да талғамы ұқсамайды басқаға, 

Мен де талай жайсаңмен жолыққам сан қасқаға...  

Əне соның бəрінен бөгенəйі бөлекше,   

Кейде тіпті мінезі сияқтанад жас бала.  

 

Бөліміне бас сұқсаң пейілімен қарсы алад,   



Өмір жайлы сыр шертіп,  өнер жайлы тамсанад.  

Қулық ойлап көрген жоқ,  саусағымен сан санап,   

Керісінше жыр жазып,  өлең оқып əн салад.  

 

Не келсе де ойына бетіңе айта салады,   



Көңіліне мен əйтеу балай бере даланы.  

Кеңесімен жазамыз жүректегі жараны,   

Бастықтығын ондайда өзі ұмытып қалады.  


70

71

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Қашан көрсең шынайы шырайынан жазбайды,   

Əйел жайлы əн тартып,  жыр оқыса маздайды.  

Өсек айтып,  өзгенің арғы жағын қазбайды,   

Мынау жалған өмірдің сырын аша жаздайды...  

 

Қапаланып,  түтігіп,  қысылмайды тарылып,   



Ақтарылып ағынан жүре беред жарылып.  

Əйтеу үзім əр уақыт əңгімеде болмасам,   

Кезіккім кеп қарадай сағынамын зарығып.  

 

Сая қылып осы алып бəйтеректің бұтағын,   



Сыйлай жүріп сырғалы сырларынан ұғамын.  

«Айтқан күні қайтар» деп жазып қояд тізімдеп,   

Өзгеде жоқ өзгеше алсаң бірер кітабын.  

 

Ғаламат бір сезіммен  «Ғайни»  əнін айтады,   



Көңіліңді сергітіп,  рухыңды байытады.  

Өзі жақсы көретін адамдардың тойында,   

Сахнаға сəн беріп ең соңынан қайтады.  

 

Жан ағаның бойында бар бөлекше бір дарын,   



Өзім ғана білемін өзге білмес сырларын.  

Ерлері жоқ ортада есептеспегенімен,   

Əйелдер жоқ ортада оқымайды жырларын.  

 

Ұнатады арақты градусы жоғары,   



Талғап ішіп тамақты майларынан соғады.  

Биік жастап жастығын қиялдарға батады,   

Ерте тұрып тəңертең кешінде жай жатады.  

 

Сөзге құлақ аспасаң сен егерде байқамай,   



Тəптіштейді тағы да əлгі жерін қайталай.  

Сүймегенмен мақтауды,  ұнатады баптауды,   

Өмірінің базары өтері хақ тарқамай.  

 

«Ойда болса бұл күнде алпыс жастың дарыны,   



Бойда жəне бар тағы жиырма бестің жалыны. . .»  

Өзі осылай айтады,  басылмайды арыны,   

Əйтеу қалай болмасын бар бөлекше салымы.  

 

Мұқағали, Мұхтардың жырын бірге жаттадық,   



Қадам бастым соңынан өзіме де бақ дарып.  

Кеттік тіпті кей сəттер сырлас болып,  дос болып,   

Алпысыншы жылдардан əңгімелер ақтарып.  

 

Сол кездерде еріксіз өткен күнге елітеміз,   



Серкеміздің алдында біз дегенің еркеміз.  

Қайникамал,  Гүлайша апайларды еске алып,   

Шекері бар кеңесті келістіріп шертеміз.  

 

Мұндай сəтте жан аға  бал-бұл жанып нұрланып,   



Маңайына қарайды қырланып та,  ұрланып.  

Сол шақтарда мен-дағы сұрақ қоям қуланып...  

Ал,  жауабын  «Дариға-ай» деп жазылған жырдан ұқ.  

 

Қиырлана тартылса қыран қиял дүрбісі,   



Өткен күнді кімдердің келмес дейсің білгісі.

Жүрегіне қамалған шыққанда ұшып жыр құсы,   

«Көп ғашықтың бірі екем»  деген еді бұл кісі.  

 

Несі қызық өмірдің берілмесең сезімге,   



Қаншалықты дегенмен шек болады төзімде.  

Тізгіндерім үзіліп əрең жүрем өзім де,   

Өткір бопты ағаның тістері де кезінде...  

 

Айтылмаған əлі,  бар қойылмаған сұрақ көп...  



Шəмші əндерін тыңдайды жүрегінен жылап тек.  

Əкемнен де артықтау көретұғын бұл кісім,   

Дарқан көңіл дана адам Тесебаев Мұратбек.  

 

Елпек тумас ездерден,  тентек туар тектіден,   



Ұлағатты із қалар ұлылардан тек кілең.  

Тоқсан ауыз сөзімнің түйіні сол тобықтай,   

Мен өзіңді өзгеше дара тұлға деп білем.  


72

73

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Бесігіміз тербелген жайлаудағы күркеде,   

Соны айтамын мен бүгін жүрегінен жыр төге.  

Күллі қазақ ішінде диктор жайлы сөз болса,   

Байжанбаев бір төбе,  Тесебаев бір төбе.  

 

Қырық жылда дауысың кетті тарап далаңа,   



Ізгілігің ізденіс ізіңдегі балаға.  

Сен дегенде бір сезім оралады санаға,   

Бəрін қойшы əуелі,   

Сен аман бол, жан аға,   

Сен аман бол, жан аға!   

БАРЫП ҚАЙТТЫМ АУЫЛЫҢА  

          

Барып қайттым, жандосым, ауылыңа,   

Ат шалдырып Ақарқа сауырына.  

Қорған болып тұр екен тауың елге,   

Қарағайын қондырған бауырына.  

Айдаһардай шұбалған там жамбылын,   

Айбарынан айырған тау жаңбыры.  

Айықтырып жіберді ауыр ойдан,   

Ауылыңда шырқалған аужар үні.  

 

Барып қайттым, ардақтым, ауылыңа,   



Жараспайды бос мінез тау ұлына.  

Не төзе алар, шіркін-ау, таудан басқа,   

Ғажабы көп ғасырдың дауылына.  

 

Той-думаннан əн салып қайтушы едің,   



Серігіңді сезімге байытушы едің.  

Асан қайғы айтқан сөз  «баркөл» емес,   

«бар,  көр» деген ұғым деп айтушы едің.  

 

Бардым,  көрдім ендеше бəрін-дағы,   



Туған елің түзепті əнін-дағы.  

Тау есімін, алайда, ұқпайды ұрпақ,   

Қорған болған Ақарқа жанындағы.  

 

Ұйып,  елтіп мəңгілік ырғаққа шын,   



Өскен өркен дəстүрге мін тақпасын.  

Келешектің келбетін кестелейтін,   

Өткендерді ұмыту ұрпаққа сын.  

 

Көріп қайттым, жан досым, еліңді өскен,   



Кез ғой мынау көңілден сенім көшкен.  

Тұрғандығы, дариға-ай, қандай ғажап,   

Қазақ таудан,  тауы елден бөлінбестен.  

 

ЕҢБЕК ЕРІ  

Буырылдатып көмір қара самайын,   

Құба белде өткізіп сан жаз айын.  

Шөлін басып,  елдің ашып сарайын,   

Тұма тауып халыққа арнап, аяулым,    

Сусындаттың мал мен бастың талайын.  

 

Балығың бал,  суың шəрбəт Үліңгір,   



Ойың орман,  далаңда дəн,  қырың гүл.  

Еліне арнап маңдай терін ұлың жүр,   

Сол ұлыңа арналар əн жырым бұл.  

 

Жетаралың - кеудеңдегі жұлдызың,   



Əсем əнмен əуелеткен ұл-қызың.  

Ақ далаңда аталардың ізі бар,   

Ақ шылауышты əжелердей шың- құзың.  

 

Тамырларын таба білген тамшының,   



Бастау болып бал татқызды Мансұрың..  

Шаңырағынан шаттық есіп малшының,   

Егей елге шертеді ері жан сырын.  


74

75

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Су бар жерде құлпырмай ма құр аңғар,   

Ту бар жерде асқақтайды ұрандар.  

Қанаттарың талмаса екен қырандар,   

Көбейсе екен міне осындай ұландар.  

 

     



МАРТ КҮНГІ МАДАҚ  

      (Тұрсын Жолымбетқызына)   

Амансың ба,  аяулы асыл апа,   

Жатыр міне алмасып ғасыр ата.  

Жігеріңіз жібін еш үзбес білем,   

Жарылса да найзағай жасын ата.  

 

Шығады ақыр түбінде батыр шыңға,   



Түсетұғын кез ғой бұл ақыл сынға.  

Өткен күннің ескірмес елестерін,   

Естелікке көшіріп жатырсың ба?!   

 

Көлгірсіген көзсізден сақтанайық,   



Қандай ғажап зат болу атқа лайық.  

Қыз өсірдің еліне көрік болар,   

Жанар үшін біз-дағы мақтанайық.  

 

Қыран қиял қиырды шолған шығар,   



Солдан шыққан жел бір күн оңнан шығар.  

Ұлан-асыр ұрпақтың тойын жасап,   

Сіздің жас та ғасырдай болған шығар.  

 

Іздегенім ізгілік сыны мінсіз,   



Біз дегенің келеміз тынығусыз,   

Сіз дегенің көненің көзісіз ғой,   

Түсінгенге алтынның сынығысыз.  

 

Тіршілік деп жəне де тілшілік деп,   



Анау орман ал,  мынау бір шыбық деп.  

Талайларды тіліңе тиек етіп,   

Отырсыз ба ақыры күрсініп тек.  

 

Қамы-дағы аз емес қасқа ұлыңның,   



Белгілі ғой жағдайы жас буынның.  

Жатсам-дағы басқадан басым биік,   

«Тілші сыры»  астында жастығымның.  

 

Арман аты көп менің жетегімде,   



Сенім серік,  серт берік,  жетемін де.  

Келем əйтеу өзімдік із салсам деп,   

Өзің шыққан биіктің етегінде.  

 

Бірі тисе болар ед батаңыздың,   



Алшы түспей жүргені-ай сақамыздың.  

Қайникамал,  Тұрсындай қызы болған,   

Арманы жоқ Жолымбет атамыздың.  

 

АҚ ЖАУЫН  



(Секен Тұрысбековке)  

 

«Ақ жауын»,  шіркін  «Ақ жауын»,   



Сезімнің тауып талмауын.  

Шымырлап бойға тарадың,   

Балқып бір қалды- ау бар қауым.  

Жалған- ай деген,   

Арман- ай деген,   

«Ақ жауын».  

 

Сазыңнан сенің сыр тыңдап,   



Шырын бір қиял шырқымды ап.  

Көңілдің көлі толқыды- ау,   

Айдында аққу сұңқылдап.  

Не керек тəйір мұндайда,   

Сыртыңа бітер сыр-сымбат.  


76

77

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Жүректі барад жыр шыңдап,   

Жауып тұр жауын сыртылдап.  

 

«Ақ жауын»,  шіркін,   «Ақ жауын»,   



Шабыттың түсін шарлауын.  

Сезімнің сезін самғауын,   

Жөн еді-ау,  саған қанбауым,   

Жазира жаным ақ жауын.  

«Ақ жауын»,  шіркін,   «Ақ жауын»,   

Отырмын тыңдап қозғалмай.  

Сезімді мұндай қозғарма-ай.  

Домбырам менің мол мұрам,   

Мұндайда босап боздар ма-ай.  

Тамсанып тұрмын, мінеки,   

Ойымнан шабыт озғандай,   

Жеткізіп айтар сөз қалмай.  

 

«Ақ жауын»,  шіркін,   «Ақ жауын»,   



Сездің бе,  тілін, құрбым- ау.  

Күй емес ғажап жыр мынау,   

Саз емес салқын сыр мынау.  

 

«Ақ жауын»,  шіркін,   «Ақ жауын»,   



Аяулым менің ақ маңдай.  

Болдым ғой бəрін тапқандай.  

Тыңдаған сайын тыңаям,   

Арайлап таңым атқандай.  

Жалғанның сыры жай ғана,   

Ашылып бара жатқандай.  

Қызылға қыран қызықса,   

Түбінде түсер шатқалға- ай.  

Секеңді Секең сезбесе,   

Шатылуға да шақ қалды-ай!   

 

«Ақ жауын»,  шіркін,   «Ақ жауын»,   



Төресі күйдің төгілген.  

Елім деп ерен егілген.  

Қайратым қайта тірілді-ау,   

Қабырғам бір кез сөгілген.  

Өзіңді тыңдап тұрғанда,   

Мүмкін бе лаулап жанбауым.  

Жиырмамды шалып құрбанға,   

Отызда орда таңдауым,   

Бəрі де сенің сезімің,   

Айналдым сенен,  «Ақ жауын».  

 

Жауған соң өзің сыртылдап,   



Айықты мұнар көктегі.  

Сазыңмен сұлу сусындап,   

Кейінгі толқын көктеді.  

Ал,  енді мүмкін емес- ау,   

Көштегі түйе шөкпегі.  

Кезінде туған кеңес- ау,   

Толқытттың əйтеу көп мені.  

 

«Ақ жауын»,  шіркін,   «Ақ жауын»,   



Жеткізе алмас жыр жазып,   

Сезімің сенің тым нəзік.  

Күңіреніп кетер көңілге,   

Күй тілі деген күнде азық.  

Бейнелеп бердің сен маған,   

Суретті ешкім сызбаған.  

Көңілге қонып кең далам,   

Жұмсайды жүрек сыздаған.  

 

Күйде бар құнды құдырет,   



Толқыды жаным жыр үдеп.  

Ақ жауын жауса апалар,   

Айтатын  «алла нұры» деп.  

 

Кем болмас ұққан кеңесті,   



Таланытқа ғажап таңданам.  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет