БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата15.03.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ХАНЗУДА БІР АҢЫЗ БАР. . . 

(Назиралық поэма)   

Ойламсыздың олқылығы түбінде бір көрінер,   

Қанша жасар арадағы қарттарымыз көз ілер.  

Соларменен бірге біздің тарих та көмілер,   

Терең ойлап түсінгенге,   

Кейде қате ісіңнен де,   

Оны қайта түзетуің əсерлі боп сезілер.  

 

Ер жігітке қашандағы өзін сүйер табылады нағыз жар,   



Алайда ол екіталай тек сүюмен ақылды боп кетуі.  

Мүкін емес пенделердің бар арманға жетуі,   

Бұл туралы ханзуларда мынадай бір аңыз бар:   

 

Бір жас жігіт сүйгенін ап басына бақ қоныпты,   



Сүйкімді бір ұлдары да болыпты.  

Үндескендей жүректер,   



96

97

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Орындалып тілектер.  

Күн кешкендей болғанымен түлектер,   

Келін бірақ атасына шайпау болып жолықты.  

Мұны көрген қаусаған қарт ертеңінен қорықты,   

Бір тиянақ таба алмай тірліктен де торықты.  

«Кəртейгенде бір бала,  жас күніңде бір бала»  

Деген тəмсілді есіне алып,   

Күні кеткен есіл алып,   

Отырады үй ішіне үнсіз қарап ұрлана.  

Осылардың кетсем екен алдында,   

Деген нағыз тілекпенен бір ғана.  

Қарттың мынау табылғандай болғанымен Қайраңнан,   

Талай-талай топты ортада бой көрсетіп майданнан.  

Өз кезінде ортасынан мықты болып сайланған.  

Ал,  ендеше міне бүгін,   

Киім киіп,  тамақ ішудің өзі  

Үлкен жұмысқа айналған.  

 

Қан тамырдай қайшалысқан өмірдің бұл жолдары,   



Əне содан қалыңдайды пенделердің сорлары.  

Айрылған қарт күшінен де,  тісінен,   

Сондықтан да ағаттықтар кезігеді ісінен.  

Тіпті қалтақ болып қалған қолдары,   

Ойланасың мұндайда,   

Кең жайылған екен-ау деп тіршіліктің торлары.  

 

Кең пейіл қарт іштей налып келінін көп сынады,   



Ал,  бұл үйде небары сол төрт-ақ адам тұрады,   

Төрт жастағы немересі ол да тəртіпті ұғады.  

Əйелінің сөзін бұрмай,   

Жорғалайды ұлы құрдай.  

«Сүйген жүрек кешірімді», дегенмен,   

Əке алдында сағы қатты сынады.  

Бір күн келін шалдың көне ауыруы баламызға жұғады,   

Дейді-дағы ас ішуде қартты бөліп шығады.  

«Асқанның да тосқаны» дейтін болады-ау деп тұрағы.  

Бұл қорлықтың барлығына көне көзің шыдады.  

Тірісінде түсінбеспіз адамдардың асылын,   

Өмір солай өкініште өтіп жатты ақырын.  

Өлмеді ғой мына мыстан,   

Қалтақ қолы кіші ыдыстан  

Тамақтарды төгеді екен,  айтар болсам ашығын  

Деп келіні ағаш тегенемен,   

Атасына тамақ берді көрдіңіз бе асуын,   

Арсыз адам осылай да жеңеді екен ақылын.  

Балапандар ұясында нені көрсе соны алады ұшқанда,   

Деген бізде тəмсіл бар,  мысал алған құстан да.  

Күз сүркейлі сезіледі кейде тіпті қыстан да,   

Əне сондай өмір кейде өрнегімен ой салады 

дұшпанға.  

Келін бір күн қызметтен ерте түсіп келеді,   

Келісімен пышақ алған қолына сəби ұлын көреді.  

Даярлапты қасына атасының балтасын,   

Бір ағашқа мініп алып ойып жатыр ортасын.  

Сыр сыйлайды адамға кей істердің дерегі,   

Мұның не деп сұрап еді шешесі,   

Мынау екен себебі:   

Ана,  мен бұл ағашымның ішін жақсы оямын,   

Бар ойымда жəне де келістіріп бояғым.  

Ертең өзім ержеткенде,   

Еңбек етем ел деп мен де,   

Бойымдағы жалқаулықты жоямын.  

Əкем екеуіңді де атама ұқсас бағамын,   

Төгілмейді сол кезде ішетұғын тамағың,   

Сондықтан да ертерек ыдыс жасап қоямын.  

 

Сəбиінің мына сөзін естігенде анасы,   



Жасқа толды жанарының шарасы,   

Ал,  бұл кезде босағада  

Бəрін тыңдап отырған-ды бабасы.  

Өзі өткізген қателіктің бəрін-дағы ұғынды,   

«Кешір ата,  кеш мені» деп алдына кеп жығылды.  

Аяқ асты тұруға да келмегендей шамасы,   



98

99

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

«Келсе алдыңа əкеңнің де құнын кеш» 

Деген ғой ер данасы,   

Соныменен қартыңның да жазылды жан жарасы.  

 

Ержігітке табылады қашандағы өзін сүйер нағыз жар,   



Алайда ол екіталай тек сүюмен ақылды боп кетуі.  

Оңай емес адамдардың ойлағандай арманына жетуі,   

Бұл туралы ханзуларда міне осындай аңыз бар.

ҒАСЫР ТОЛҒАУЫ 

Келер уақыт- болашақта өткен уақыт тарих,   

Ал,  ендеше,  тарихқа жол алайын,  қал ұйып.  

Қожыр-қожыр тастарда бар ғасырлардың таңбасы,   

Тентек ұрпақ сол таңбадан тегімізді таниық.  

 

Ай-жылдардың артық-кемін саусақпенен санайық,   



Елде де емес,  сенде де емес бар бақыт пен бар айып.  

Тұрған шақта жер шарындай алып анаң тарайып,   

Екі ғасыр қадамына екі көзбен қарайық.  

 

Бабамызға,  баламызға болмайық біз ұятты,   



Жалғандықтан жанарлардың жасы-дағы жиі ақты.  

Кешегі мен бүгінгінің келбетіне қарасақ,   

Қара таудың күнгейі мен теріскейі сияқты.  

 

Қарттарыңа мынау тынбай жылжып атқан таң қайғы,   



Жастарыңа дəл қазірше болғаны жоқ нақ қайғы.  

Бірақ қарыны ашпағандар қандай айтсаң нанбайды,   

Қаршыға да,  қарға-дағы өз əлінше самғайды.  

Уақыт -  өмір,  өмір - уақыт бəрі-бəрін өлшеді,   

Ғасыр деген міне осы ғаламаттың бөлшегі.  

Сəбиіңді əлдименен ержеткізіп,  ерсалып,   

Келмес ғұмыр керуеніне тізбектейді ол сені.  

 Я,  ғұмыр керуені тынбай алға көшеді,   

Атам айтқан  «жарлы байып,  жас ержетіп өседі».  

Кер заманның кескіндерін еске алсақ кешегі,   

Уақыт жəне жауап беріп барлығын да шешеді.  

Кеше біздер қандай едік,  кеше біздер кім едік?   

Қарлы қыста,  қара қоста,  қара белге түнедік.  

Талғамсыздық бұлты торлап төбемізден түнеріп,   

Кең даланың кереметін түсіне алмай жүдедік.  

 

Сондықтан да бұл күндері тесілеміз тастарға,   



Бабам əйтеу атқа мініп мал баққан деп асқарда.  

Менің өкпем тарамайды,  дастарқаны даладай,   

Қымыз ішіп,  қызып алып,  қызын сатқан мастарға.  

 

Ендеше мен бұл ғасырды қақ екіге бөлемін,   



Екі елуге арналады егіз ойлы өлеңім.  

Алдыңғы елу ғасыр басы шерімді бір төгемін,   

Қалғандары ғасыр соңы сетер сезім себемін.  

 

Бүгінгі ұрпақ кешесіне ойлы көзбен қарайды,   



Аққа тойған аталарын ақ ниетті санайды.  

Бұл ғасырдың басында біз сан алыптан айырылып,   

Ал,  соңында қайта танып тірілттік-ау талайды.  

 

Ғасыр басы біз ұшаққа шалма тастап мақтандық,   



Жаудан емес жау шығатын жардан əрең сақтандық.  

Ғасыр соңы теңдік алып заманаға үн қосып,   

Алғы буын ағалардың тек арманын ап қалдық.  

 

Ғасыр басы біз қыранға қызыл көзбен қарадық,   



Ал,  жыланға ақ тамызып жаутаңдадық қадалып.  

Ғасыр соңы ақ таяқты  «А» деген бір əріп деп,   

Түсінгенге өзімізді сəл саналы санадық.  

 

Ғасыр басы демесек те қарнымыз тоқ еді,   



Ғасыр соңы сияқтанған қарнымыз жоқ еді.  

100

101


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

«Ей, ағайын, алдыменен тер шығарып көрші бір»,   

Көптен бері көңіліңе алған бір айтарым сол еді.  

 

Ғасыр басы демесек-тағы айналмайды мақтанға,   



Аталарым жол бермепті арын елге сатқанға.  

Бұрынғылар бір күн өтсе жылайды екен деуші еді,   

Бір ғасыр да өте шықты біз мимырттап жатқанда.  

 

Өлең ойы қайшылықты бейне нағыз өмірдей,   



Көңіл шері тарқамайды көздің жасы төгілмей.  

Селт ететін кезің келді, сезімге бай серілер,   

Кеңсің деген керегі жоқ кері сөзге семірмей.  

 

Ауыз күште жүректерге түк бітірер батырмыз,   



Аққа тойып,  атқа мінсек шетімізден ақынбыз.  

Біздер толық оянбадық, ұйқысырап жүріп тек,   

Оянғанның ойынын ойнап,  тамағын жеп жатырмыз.  

 

Өзгеге ұқсас өзіңде де болғаннан соң сай тұлға,   



Дəуір даңғыл жол көрсетті далалықты байытуға.  

Бірақ, бүгін ғасыр соңы ұят болып тұрғаны-ай,   

Миллионнан миллионер шыққан жоқ деп айтуға.  

 

Атақ салған қоржынымыз сыйған жоқ деп қақпаға,   



Маңғазсынып масайрадық,  өлең жазып мақтана.  

Біз келмеске кетіп бара жатқан жолда сақтана,   

Жүргеніміз жөн-ау шіркін,  шалқи бермей шаттана.  

 

Жалқаулығың жан төзбейтін кезге келді бұл күнде,   



Шаш-тырнақты алу-дағы қиын ғой біз шіркінге.  

Өз кимін өзі тігіп киеді екен ағайын,   

Ғасыр басы бабаларың жүрсе-дағы үркінде.  

 

Ғасыр соңы,  тамақ дайын,  киім дайын бəрі бар,   



Айран ішпей арақ ішіп ауырғанға дəрі бар.  

Əр пенденің əліне сай салатұғын əні бар...  

Бірақ біздің арамызда арамзалар əлі бар.  

Ғасыр, міне, ғаламат кез, алтын дəуір арайлы,   

Салтқа көшер ел ұрпағы салдырды сан сарайды.  

Толық біле бермесе де бүгінгілер үш жұртын,   

Ал,  үш жүзге бөлінгенде бөрі жеді талайды.  

Қос ғасырдың қос қадамын біздер қайта көрмейміз,   

Сан соққыдан аман қалдық,  енді бəлкім сөнбейміз.  

Ғасыр басы деген Абай  «жарамызды емдейміз»,   

Ендеше біз ендігі ұрпақ соқырларға ермейміз.  

 

Ғасыр- альбом жырға толы жиынтығы жылдардың,   



Бəрі толық айтылуы мүмкін емес сырлардың.  

Қоңыр белде қоңыр ұлдың үні ұласты қобызға,   

Қоңыр қалта елім сені қоңыр үнмен жырладым.  

 

Тіршілігің табиғатпен,  тарихпен тамырлас,   



Ел ертеңі бүгінгі жас ұрпақтармен тағдырлас.  

Мен білгенде халқым сенің аңқаулығың ақ еділ,   

Мынау біздің ғасырлармен шығар бəлкім даң құрдас.  

 

Тарамдалған тарихтан сабақ алсақ тек кілең,   



Жүректерге жүк етпеуге болар еді кекті үнем.  

Берекесіз бейнесі мен жалқаулыққа қош айтсам,   

Менің елім ешкімге де есе бермес деп білем.  

 

Қандай ғажап сыр сыйлайды келер ғасыр ендігі,   



Əйтеу менің бір тілегім адамдардың теңдігі.  

Кемістігін көре білген əрқандай бір қауымның,   

Жеңіс туын айғай салып айтпаса да белгілі.  


102

103


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

АҚ БАС АҒА  

 

– Ассалаумағалайкум,  ақ бас аға,   



Аман ба,  ауыл-аймақ,  ақ босаға..  

Алтын деген ардақты зат еді ғой,   

Кейде сол алтынды да тат баса ма?   

 

Мейірімі адамның жанарда екен,   



Сауалдарым шешімін табар ма екен,   

Қырқа асатын қырыққа келмей жатып,   

Не ғып ерте шашыңыз ағарды екен?   

– Е,  бауырым,  сөздерің ой салады,   

Көңіл орта,  құрсақ сан тойса-дағы.  

Бəрі бекер көкірек көншімесе,   

Көк тіретіп төбеңмен қойса-дағы.  

 

Сəні бірдей болғанның бəрі бірдей,   



Дегеннен соң соқырлар əлін білмей,   

Алтынды да тат басты,  оның рас,   

Сан асылдың шашылды дəні күлдей.  

 

Сыр аңғарар адамдар сыртыңнан да,   



Жағаласта жаға көп жыртылғанда,   

Шаш түгіл қас та ағарып кетеді екен,   

Арман жолы аттамай қырқылғанда.  

 

Кердең басқан кем күнді кезіміз ғой,   



Қимыл кемшіл болса да сөзімізде ой.  

Тат бастырып алтынға,  тат боп жүрген  

Жəне-дағы бауырым,  өзіміз ғой.  

  

СƏЛЕМ, АНА  

 

Жанашырым,  қадырлым, құрметтім,   



Қасиеттім,  қастерлім,  құдыреттім.  

Жаным ана,  шұғылалы шуағыңда  

Қандай қиын күндерден күліп өттім.  

 

Сəлем ана,  түлеткен сұңқарыңнан,   



Сəлем ана,  баптаған тұлпарыңнан.  

Жанашыр жан өмірде біреу болса,   

Сен екенін сезініп шырқадым əн.  

 

Сағындым ғой ауылдың жыр аспанын,   



Ақша бұлттың қалықтап қыр асқанын.  

Байқадың ба, жан ана,  бүгін менің  

Əн-күйіммен əлдиің ұласқанын.  

МЕДБИКЕ ҚЫЗ  

 

Самалы мына өлкенің есті əр күз,   



Өткіздің қаншалаған кешті жалғыз.  

Халқың теңіз сен сонда қалқып жүрген,   

Аққусың айдындағы медбике қыз.  

 

Сан науқас қайта өмірге қақты қанат,   



Жаудыраған жанарлар жатты қарап.  

Шипалы сенің сүйрік саусақтарың,   

Басқаға берді талай бақты балап.  

 

Селдеген ықыласты сезімдерің,   



Не деген көнімді едің,  төзімді едің.  

Кірпігіңнен созылып талай таңдар,   

Арайлап атқанында көз ілмедің.  

 

Қараймын саған əр кез даралап тым,   



Бақытындай сезінем бар алаптың.  

104

105


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Достарың серуенге аттанғанда,   

Сен асығыс жұмысқа бара жаттың.  

 

Науқасы жаутаңдатып жанын қысқан,   



Жандарға ақ ниетің алып ұшқан.  

Елім деген еркем-ай,  елігім-ай,   

Сенің жаның жаралған сағыныштан.  

 

Айлар аунап жеткенде көктем күліп,   



Жасың сынды жауынын төккен бұлт.  

Кездесе алмай ғашығың кетіп жүрді,   

Терезеңнің сыртынан көп телміріп.  

 

Келтіре алмай кезегін сырласудың,   



Көңілін де қалдырдың құрдасыңның.  

Елім деген ерекше сезімменен,   

Ескермедің бақытын бір басыңның.  

 

Көңіліңді айтпадым ақ деп тегін,   



Тілегім сол басыңнан бақ кетпесін.  

Саған мол ел-жұртыңның алғысы да,   

Аман бол, айналайын, ақ кептерім.  

 

Қыс,  көктем,  жаз десем де,  күз десем де,   



Дайын тұрдың қай уақыт іздесем де.  

Аяулы болса адамның жаны қандай,   

Соншалық аяулысың бізге сен де!   

ҚАРЫЗДАРМЫН  

Қарыздармын атама,  анама да,   

Көкірегінде тулатқан далама да.  

Қарыздармын арттағы ініге де,   

Қарыздармын алдағы ағаға да.  

 

Қарыздармын еңселі еліме мен,   



Елім мені ешкімге телімеген.  

Ертең үшін аяйтын ештеңем жоқ,   

Тұра алмаймын тарта алмай тегіме мен.  

 

Қайрат керек қайғыға,  уайымға да,   



Ойлы  керек ойсыздау ойынға да.  

Қарыздармын баласын маған беріп,   

Қимай қарап отырған қайынға да.  

Қарыздармын,  ағайын,  барлығыңа,   

Құлақ түріп тұрамын жарлығыңа.  

Қарызымды өтеуге қарманамын,   

Қашан түсіп кеткенше сандығыма.  

 

Жыл жаңартып жылғаға бастап көктем,   



Тасырқатты тіршілік  

Тастақ неткен.   

Өмірдегі борышын өтей алмай,   

Əкем мені қарызға тастап кеткен.  

 БІЛГІРСІМЕ  

 

Əкем мені жиырма жыл жетеледі,   



Есі барға сол-дағы жетер енді.  

Кісіге жан ашыған кісімісіп,   

Қойшы,  ағайын,  астыртын кекегенді.  

 

Ақыл айтқым келеді елге мен де,   



Қарным тойып қабағым терлегенде.  

Соның артық туыстар бəрінен де,   

Бір шыны сусын берсең шөлдегенге.  

 

Болған соң адамдық бойда қаны,   



Жарасады пенденің тойдағы əні.  

Білгірсіме,  білімдім,  басқаларға,   

Бар əркімнің өзіндік ойлағаны.  

 


106

107


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

ҚАНСОНАРДА  

 

Қарашаның қалыңдап қырбақ қары,   



Сары күздің жиналды сырмақтары.  

Аяз ата ақ тонын жаба салды,   

Дала жатты баладай құндақтағы.  

 

Көсіледі кешегі кестелі бел,   



Есіреді терістен ескеуіл жел

Саршұнақтар бастарын сояулаған,   

Шуылдайды теріскен,  сексеуілдер.  

 

Қызыл жонның қол салған талайына,   



Қырау тұрған мұртына,  самайына.  

Қыран алған қарт аңшы қырдан асты,   

Дабыл ұрып көз тастап маңайына.  

 

Күні бойы із шалды жалықпады,   



Жыра,  жылға бəрі де жарытпады.  

Томағасын алды да қоя берді,   

Бірақ қыран көкте құр қалықтады.  

 

Қасқырдан да тұрған жоқ қорыққалы,   



Қорлығы сол қоян да жолықпады.  

Тышқан жымы жатқанмен,  түлкі ізі жоқ,   

Осы болды аңшының торыққаны.  

 

Бұрынғыдан өзгерген өңі мүлде,   



Көлдей толқып көп ойлар көңілінде.  

Қансонарда құр қайтты бірінші рет,   

Сары табан саятшы өмірінде.  

 

Бізден артық аң үшін дұшпан бар ма,   



Жүгіргенін ұстаттық ұшқандарға.  

Қорғалмаған қоңыр аң ауып кетті,   

Қайран дала қор болды тышқандарға.  

Шындық үшін шыңғырып шықты дарын,   

Қансонардан құр қайтты құттыларың.  

Қырандардың ағытып аяқ бауын,   

Енді мысық баптаңдар, мықтыларым.  

 

КҮНДЕСІМЕ  

 

Күндестерім, сендерді ойлағанда,   



Аса алмаған асудан асып кетем.  

Аша алмаған есікті ашып кетем,   

Қарадай қаным қызып тасып кетем.  

Қарқынды қадаммен,   

Терлеген табанмен,   

Жас толы жанармен,   

Қандай бір қиындықтың жолдарын 

   


 

                        басып кетем.  

 

Күндестерім,  сендерді ойлағанда  



Өзімді өр толқынға шыңай түсем,   

Шыңай түсем,  бəріне шыдай түсем.  

Жаңалап əр ісімді,   

Жаңғыртып намысымды.  

Алдымен адымымды сынай түсем.  

 

Күндестерім,  сендерді есіме алсам,   



Алаулаған арманға есік ашам.  

Уақытты сыйлай түсем,   

Өзімді қинай түсем,   

Бойдағы дарыныммен,   

Адуын арыныммен,   

Шашылған жігерімді жинай түсем.  

 

Күндестерім,  өздерің болғандықтан,   



Жүректен жобалап сан жоспарымды.  

Түсінем бірге жүрген достарымды,   

Артса да қатарларың түк көптік етпейсіңдер,   


108

109


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Біріңді-бірің тағы тектейсіңдер.  

Тайынша қашан шаққан ыңыршақты,   

Түбінде маған мəңгі жетпейсіңдер.  

 

ТАНЫМ  

 

Табынбаймын демеймін,   



Жалынбаймын ешкімге.  

Менменсінгенге еримін,   

Келте ғұмыр бес күнде.  

 

Арысымды берсем де,   



Намысымды бермеймін.  

Келіскелі келсем де,   

Керіскелі келмеймін.  

 

Жарысқым бар құрбыммен,   



Алысқым жоқ жағадан.  

Үміт үзіп тұрмын мен,   

Тірліктегі бағадан.  

 

Жалғандықты сүймеймін,   



Мейлі досым жыласа.  

Күндеске де күлмеймін,   

Шындық істен құласа.  

Мұныңды айтам көзіңе,   

Шыңы биік шындық-оқ.  

Жындыларға өзінше,   

Жауап берем жынды боп.  

Кəрі мейлі жасыңды,   

Кəдеге сай сыйлаймын.  

Көр кеудеге басымды,   

Июге сəл қимаймын.  

 Ақыл керек күшке де,   

Қасиет қой төзімдік.  

Мейлі қандай іске де,   

Танымым бар өзімдік.  

 ЕГІЗ ОЙ  

Бір келетін өмірде,   

Біреуге есе бергім жоқ.  

Екі ойлайтын шығармын,   

Екі сөйлеп көргем жоқ.  

 

Қос шеңбер сегіз саны да,   



Бірінсіз болар бірі нөл.  

Өлгенмен тең тағы да,   

Берекесіз тірілер!   

  

ҚАРА ЖИДЕ  

 

Əлі есімде тамыз айы мен білсем,   



Жиде теріп келейікші дедің сен.  

Бал ғұмырдың бірге татып бал дəмін,   

Жүріптік- ау енді соны сезінсем.  

 

Ауыл маңы қара жиде,   



Жұпар шашқан самал үйге,   

Шыт көйлегі шыр айналып.  

Басатұғын дала биге.  

Қиял бүгін қыр асқандай,   

Сағынышқа ұласқандай,   

Менің бала махабатым.  

Жидемен бір гүл ашқандай.  

Бір сыр бар ед от салатын сезімге,   

Піскен жиде сияқтанған көзіңе.  

Ақ бесіктен алыстадым өзім де,   

Жидедей боп сенің піскен кезіңде.  


110

111


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Қара жиде дəмі кетпес таңдайдан,   

Ауыл- ана сағыныш боп самғайды əн.  

Сені-дағы сүйді-ау біреу маңдайдан,   

Ойлай берем болды екен деп қандай жан.  

                                            2007. 11. 17  

АЛТАЙДЫҢ ҚАЛАСЫ  

 

«Ағажай» əуелеген аспанында,   



Ақ иық қалықтаған асқарында.  

Тарихым таңбаланған тастарында,   

Қаймақтай дəмді маған қаспағың да.  

 

Алтыннан артық көріп,   



Туған жер топырағын.  

Арманға балқып келіп,   

Ойланып отырамын.  

Гүлдердің сарасына,   

Жаралған жаным құштар.  

Алтайдың қаласына,   

Менде бір сағыныш бар!..   

 

Сылаған таң самалы тау самайын,   



Атажұрт, сені қалай аңсамайын.  

Қымыз леп,  қыз құшақты саялы сай,   

Шəріпқан аралы ашар жан сарайын.  

Кештерде келем мен де,   

Алыстан айды құшып.  

Өмірде өзендер де,   

Жатыр-ау айырылысып,   

Қыран қыз ғашық болған.  

Ереді есіл Ертіс,   

Мен-дағы тасып толғам,   

Кеше алсаң кешіре түс.  

 

Береке бекемдейді дос арасын,   



Ат ағаш арғымақтан босамасын.  

Аңсадым ақ ордамның босағасын,   

Сағыныш саған деген осы, анашым.  

                                             2007. 11. 17  

 

КИЕЛІ ҚЫЗ  

 

Бұрғанымда ат басын ауылыңа,   



Айтып едің ақ тілек тау ұлына.  

Бал тіліңмен баурадың сонда мені,   

Бал аштыра барғанда бауырыма...  

 

Киелі қыз аққуым, көгілдірім,   



Киелі қыз толқыттың көңіл нұрын.  

Бұрымың-ай, сүйкімді қылығың- ай,   

Дəстүрімен жалғаған өмір жырын.  

 

Қара маржан шашылып ақ торғынға,   



Талқысы көп тағдырым жатты алдыңда.  

Алдың ашық жолың ақ жан екенсің,   

Дегеніңде қол алдым шаттандым да.  

 

Инабатты,  ибалы,  жүзің-лебің,   



Жанарыңмен тіл қатып күлімдедің.  

Жүрегіңе жазылып қалған шығар,   

Сыбырындай сырғаңның сырым менің.  

                                         2007. 10. 11  



                                        Алматы,

АЙ-АРМАН 

Сүт сəуле толқындармен шағылысып,   

Айна көл ай сағымын аймалайды.  

Қауышу қандай бақыт сағынысып,   

Алыстан аңсау-дағы жанға жайлы.  

 


112

113


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Ай-арман, қол жетпес көгімдесің,   

Ай-арман, əрқашан көңілдесің.  

Сағымың бірге жүзіп аққулармен,   

Арайың айдынынан бөлінбесін.  

 

Көлдей боп аспандағы айға ғашық,   



Өмірдің сан өрнегін көреміз ғой.  

Алыстан жүрейікші аймаласып,   

Тағдырдың салғанына көнеміз ғой.  

 

Айдынның арман көріп нұр жүзінен,   



Аспаннан ақ жаулығын ай бұлғайды.  

Шын сүйген ғашық жандар бір-бірінен,   

Алыстап кетсе-дағы айырылмайды.  

                                        2007. 10. 5  


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет