БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата15.03.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АҢСАРЫМ  

Елестетіп сырласам гүл өңіңмен,   

Өшкен емес лебізің жүрегімнен.  

Қалай екен қайранмын өзім-дағы,   

Əйтеу, сені сағынып жүремін мен.  

 

Бал екен- ау бақытың бұйырмаған,   



Артта қалды арман-із шиырлаған.  

Қуансам да аңсаймын мұңайсам да,   

Əйтеу, сені ұмыту қиын маған.  

 

Зарықтырған күндерге көндім берік,   



Сезім отын жүректің сөндірмелік.  

Арыла алмай жүрмін бір сағыныштан,   

Əйтеу, сені тұрады көргім келіп.  

                                   2007. 1. 17  



 

БАЛДЫРҒАНДАР  

Балдырғандар, санатымсың самғайтын,   

Балаусалар, қанатымсың талмайтын.  

Өркенсіңдер бізге бақыт арнайтын,   

Еркемсіңдер ел ертеңін жалғайтын.  

 

Əлдиінен ақыл алып əжеңнің,   



Əн- күйінен туған елдің нəр емдің,   

Өнер- білім биігінде самғаңдар,   

Көгершіні болып мынау əлемнің.  

 

Арманыңнан айналайын шарық ұрған,   



Талғамыңнан айналайын талпынған.  

Уақытыңды,  бақытыңды аяла,   

Адаспаңдар ата-дəстүр салтыңнан.  

 

Балдырғандар,  балаусалар,  құлындар,   



Бал дəуренде бақытың бар туындар.  

Еңбегіңнің ертеңінде шырын бар,   

Табысты боп шыңнан-шыңға шығыңдар.  

                                    2004. 5. 17  

СҮЙКІМДІ ҚЫЗ  

Жаным құрбым, сағындырдың,   

Сыр бар еді жанарыңда.  

Қасиетін қадырыңның,   

Сездім алыстағаныңда.  

 

Санамдағы ай - маған арай,   



Төгіп едің расындағы.  

Бақытымды бағамдамай,   

Қалыппын- ау басымдағы.  

 


114

115


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Сағыныш боп биіктедің,   

Жасыра алман арманымды,   

Сүйкімді қыз сүйікті едің,   

Сүт шұңқырың жанға нұрлы.  

 

Кеңесіңнен,  елесіңнен,   



Лəззаттанған күндерім- ай.  

Шырынды қыз, сені есімнен,   

Шығара алмай жүргенім- ай.  

                                 2006. 10. 5  

АУЫЛЫМ – АНАМ  

Барқыт бел – балаусалы, бауыры бай,   

Əн салған асқарында тау ұлы жай.  

Құланжал құлындары ойнақтаған,   

Анамдай аңсаттырған ауылым-ай.  

 

Түс келер түңілігіңнен күн сығалап,   



Құс келер көктемінде жыршы қанат.  

Аяулым барып менің ауылыма,   

Тауыма қарағайлы жүрші қарап.  

 

Кезінде құлазыған көбінде мен,   



Сенде өткен шағымды ойлап көңілденем.  

Арман мен сағыныштың арасында,   

Өтетін осы екен- ау өмір деген.  

 

Арман ғой алыс күн мен ай,   



Жұлдызды мақпал түндер-ай.  

Əнім боп баяу тербеліп,,   

Сəнім боп өскен гүлдер-ай.  

Асығып кеткен ауылды,   

Аңсаумен өткен күндер-ай!   

                                           1999. 9. 7  

НАУРЫЗ САҒЫНЫШЫ  

Наурыз келді түрленіп таң шуағы,   

Сарыарқаның бүрленіп сан шынары.  

Алатаудан асқан бұлт Алматыға,   

Сағыныштың жасындай тамшылады.  

 

Еске аламын еріксіз өткендерді,   



Наурыз келді,  наз келді,  көктем келді.  

Наурыз келді, қаз келді,  сен келмедің,   

Өз лебіңе баладым өпкен желді.  

Сағынышым тербейді көк пен жерді.  

Сенімменен серт беріп сенем деген,   

Елесіңді еске алып елеңдегем.  

Күміс сырғам күн сайын сыбырлайды,   

Дауысыңды наурызда келем деген.  



                                               2008. 2. 15  

 

КӨКТӨБЕ  

 

Төсінде тербетілген дала гүлі,   



Кешінде жұлдыз болған қала нұры.  

Көктемде сағынышын əлдилеген,   

Көктөбе арманымның қарауылы.  

 

Көк кеме, Алатаудың алабы бай,   



Көктөбе көрсетер ме дара мұндай.  

Көрген жан қадамайтын жанарын жай,   

Ару төс Алматының анарындай.  

 

Сыбырласып Көктөбенің төбесінде,   



Мұңдасып дедің қайтып келесің бе.  

Есімнен еш кетпейді елесіңде,   

Сақтадым мəңгілікке сені есімде.  

 


116

117


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Көктөбе - көк түріктің мұрасындай,   

Көктөбе - көк тіреген бір асыл жай.  

Көктөбе - қиялымның қиясындай,   

Періште сезімдердің ұясындай.  

Көктөбе - түнің мақпал,  таңың арай,   

Көктөбе, сені жаным сағынғаны- ай! ! !   

                                                  2008. 3. 7  

КЕЗДЕСУ  

 

Сезімім сеңдей толқып тасыды да,   



Баладым аңсап жүрген асылыма.  

Тарыдай мін таба алмай тал бойыңнан,   

Мен саған қарай бердім жасырына.  

 

Аққудай айдындағы ай маңдайлым,   



Толқындай тербетілді-ау арман қайғым.  

Өмірден өзім іздеп жүрген жанға,   

Кенеттен кезігіп-ақ қалғандаймын.  

 

Күлгенің,  жүргенің де дара, құрбым,   



Ғашық  боп қалғанымды жаңа білдім.  

Нұрына балқыдым да жамалыңның,   

Сырына бойлай бердім жанарыңның.  

                                     2008. 3. 11  

 

АРДАҒЫМ  

 

Бақытым жолығардай бір күн алдан,   

Ашылып қалардай-ақ бір гүл алдан.  

Жүруші ем бір елесті медеу қылып,   

Сенбедің сол аңсаған, сырлы қарғам.  

 

Тіл қатып жанарыңмен күлімдедің,   



Бір бақыт сездіргендей нұрың,  лебің.  

Арнап тым асқақтата əн салайын,   

Ардақтым жолыққанда бүгін менің.  

Көңілім көп ойларды кестеледі,   

Кей жанның бақыты да кеш келеді.  

Жігіттің арманы бар - ардағы бар,   

Үміттің жақсы екен ғой өшпегені.  

                                                    2009. 11. 17  

 

АҒА  

Ел ағасыз,  тон жағасыз болмайды,   

Басымызға орнамасын ол қайғы.  

“Аға “ деген қандай асқақ ұлы есім,   

Ағалармен басқа бақыт орнайды.  

 

Нар жолына қарап бағыт таңдаймын,   



Аға арманын алау етіп самғаймын.  

Ары асқақ ағалардың алдында,   

Мен тауларды биік санай алмаймын.  

 

Егей елім құдыретті құтты арна,   



Талай тұлпар шаң боратып шықты алға.  

Ахметтер атыларда,  ағалық  

Сезімменен сеніп кеткен Мұхтарға.  

 

Шың болса екен деп тілеймін сені, інім,   



Шын болса екен деп тілеймін сезімің.  

Ешкімнің де ақтай алмас арманын,   

Ағалардың алмағандар сенімін.  

 

Арманым жоқ аға үмітін жалғасам,   



Талғамым көп əлі талай тауды асам.  

Неге керек менің бұрын туғаным,   

Інілерге аға бола алмасам.  

 

Көрінгеннің көрмеу үшін тепкісін,   



Ағаларды ардақтайық текті шын.  

Ағасы жоқ адамдардың мəңгілік,   

Даласы жоқ,  данасы жоқ деп түсін.  


118

119


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Ақ бас шыңдар тарихтың алқасы,   

Сыр шертеді сол таулардың жартасы.  

Егер бізде бақыт болса,  бақ болса,   

Соның бəрі ағалардың арқасы.  

Ағасыздар басып жатыр шоқ қанша,   

Данасыздар төбе таппас топталса.  

Панасыздар - санасыздар екен ғой,   

Елің тойсыз,  ағаң ойсыз боп қалса.  

 

Дауыл дарын,  дара даңғыл жолың бар,   



Бауырларым, биік таңдап қоныңдар.  

Қара нарым қалмау үшін шаң қауып,   

Ағаларым, сендер аман болыңдар!   

                                               2009. 11. 27  

 

ДОСТАРЫМ БАР  

 

Дос - қуаныш,  дос - бақыт,  дос - тілегің,   



Дос - ақылың,  байлығың,  дос - тірегің.  

Аз өмірде достарым аман болып,   

Ажырамай өтсе екен қос білегім.  

 

Көңілімді көзімнен көретұғын,   



Жақсы жаман бəріне көнетұғын.  

Нанын емес жанын да беретұғын,   

Адалдықпен кеудесін керетұғын.  

Абай сенген аяулы Ерболындай,   

Достарым бар менің де сенетұғын.  

 

Арман жолын бірлікте басып келем,   



Тасып келем асудан асып келем.  

Не көрсең де досыңмен бірге көрсең,   

Осы емес пе өмірде бақыт деген.  

                                                  2011. 4. 15 

 

БАЯН-ӨЛГЕЙ  

 

Арқалық жотасының етегінде,   



Дəйінкөл толқынының жетегінде.  

Өлгейге қимай қарап өлең айттым,   

Сақсайдан Алтай асып кетерімде.  

 

Бабамның басы жатыр бауырыңда,   



Данамның ізі жатыр ауылыңда.  

Сарқылмас сағыныштың сарыны бар,   

Сұлу шаш,  қарлығаш қас аруыңда.  

Баянды болсын бағың, Баян-өлгей,   

Қыранның тағдыры бар тау ұлында.  

 

Қара тас,  талды бұлақ,  қара көлім,   



Қаржаубай тас сөйлеткен ғажап елім.  

Мұсайып,  Мержандардың сарыны бар,   

Қабылаш əнге салған дара белім.  

 

Сансызбай,  бақыт балуан арыстаным,   



Көтерген ел намысын арыстарым.  

Жүрегім əнмен басар сағынышын,   

Аңсадым ағайынның алыс дəмін.  

                                                2010. 2. 1  



 

БУРЫЛТОҒАЙ  

Жетарал Үліңгірдің құйғанында,   

Туған ел маған бақыт сыйладың ба.  

Ауылдан аттанарда жаным толқып,   

Артыма қарай бердім қимадым да.  

Бурылтай мініп өскен Бурылтоғай,   

Бұралған арулардай бұрым тарай.  

Секілді- ақ шапағың ақ тамағым,   

Сезбегем қадырыңды бұрын қалай.  

Аққудай айдыныңа тербетілген,   

Сағынып түсте көрдім шырын талай.  


120

121


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Кешіп ем туған далам тұнығыңнан,   

Өсіп ем самал тарап тұлымымнан.  

Қайтқан қаз қарашада сияқтанып,   

Кетіп ем қанат қағып тұғырымнан.  

 

Сартақтай Үліңгірдің жағасында,   



Жиделі жиек нудың арасында.  

Күймелі керуендей күй кештірген,   

Арман мен сағыныштың бəрі осында.  

 

ДАЛА  

Бөтендер қорыққан бөрігі дара,   

Бөкендер жортқан бөрілі дала.  

Өмірдің талай өзекті ойын,   

Көкемдер қортқан көңілі дана.  

Адамның арман серігі ғана,   

Жүректе жүрер сенімі сара.  

Тағдырың ғажап,  жан жырың ғажап,   

Періште қонған перілі дала.  

 

Құрық түспеген құланды дала,   



Бұлт тістеген тұманды дала.  

Жырынды жылдар жылап та қалған,   

Жанары жасты жыланды дала.  

Ұрпағы ұлы ұранды дала,   

Көкірегі көрік жыр дəнді дала.  

Керуенді дала,  серуенді дала,   

Түлкісін бүрген қыранды дала.  

Абайды елге аңдытқан дала,   

Талайды кейде қаңғытқан дала.  

Бөрігі жыртық,  бөксесі тыртық,   

Шаң жұтқан дала,  қан жұтқан дала.  

Жауына сеніп өңірін ашқан,   

Тауына сеніп көңілін басқан.  

Кезеңді дала,  өзенді дала,   

Көк күмбезіне көбігін шашқан.  

Ерлері дана,  ерменді дала,   

Мерейі асқан мергенді дала.  

Боздалам- ау деп боздап бір өткен,   

Боздақтар сенде жерленді, дала.  

Жусанды мекен жуалы дала,   

Сарқылмас елдің бұлағы дала.  

Ұлыларымды қайтарып берші,   

Қайталай қашан туады дала!   

 

Жауынды дала,  дауылды дала,   



Қуат қып келдім тауымды дала.  

Өсірдің қанша бүйілеріңді,   

Кешірдің қанша жауыңды, дала.  

Сыбызғы сырлы сарынды дала,   

Самалы ескен сағымды дала.  

Тарихым да бар,  шала ұйқым да бар,   

Тілеймін аман-сауыңды ғана.  

 

Бабамнан қалған тұрағым дала,   



Анамнан қалған тұмарым дала.  

Бар асылым сен, шуағым дала,   

Қарашығым сен, шырағым дала.  

Санасы жоқтың бағасы да жоқ,   

Данасы жоқтың ағасы да жоқ.  

Даласы жоқтың панасы да жоқ!   

 

Зары бар дала,  қары бар дала,   



Шаңырақ салар нары бар дала.  

Тұлпарларының тұқымы таза,   

Сұңқарларының ары бар дала.  

Ойыма шуақ сəні бар дала,   

Бойыма қуат дəні бар дала.  

Таң самалының нəрі бар дала,   

Аңсағанымның бəрі бар дала.  

 

Далам- ау,  далам мақтаным менің,   



Арайлап атқан ақ таңым менің.  

122

123


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Бұлбұлың сайрап,  мың гүлің жайнап,   

Қандай тамаша жатқаның сенің.  

Сахара төсі самалың тербеп,   

Сахна кеші жамалым терлеп.  

Тыныштық тілеп мынау əлемге,   

Өте берейін өзің деп, ел деп! ! !   

Даламның əнін келер шырқағым,   

Басына шығып нелер қырқаның.  

Батаң кеп маған тақымға түссе,   

Махамбет бабам мінген тұлпарым 

                                     2012.6.6

ЖЫЛАМАЙ ЖҮР   

 

Тірлікте жанардан жас сарқылмайды,   



Баспасын арманыңның артын қайғы.  

Күнгейге күні күлген қар тұрмайды,   

Ғұмырдың мəні бөлек жарқын- жайлы.  

 

Құлағын домбыраңның бұралай біл,   



Өмірде өкінішті құрамай жыр,   

Үкілі үмітіңді үзіп алма,   

Тəлейін тағдырыңның сынамай құр,   

Түре біл аспаныңның түн түнегін.  

Арулар,  азаматтар жыламай жүр.  

 

Махаббат сұлулықтың гүл айнасы,   



Мұнар мұң адастырар мұңаймашы.  

Мұқалтпас қашандағы ер мұратын,   

Лəзəтті сыр ойлашы,  жыр ойлашы.  

                                                    2012. 10. 15  



 

АРМАН-ҚҰСЫМ  

 

Бұрымдай аймалаған қыз арқасын,   



Құлындай кездеріңе құмартасың.  

Күндерге өзің жауап іздемесең,   

Кімдерге шағынасың,  кінə артасың.  

 

Уақыттың сыры мəлім бізді алдайтын,   



Жылдарды көргеміз жоқ күз болмайтын.  

Аққудай айдын- көлде жүзгеніңмен,   

Өмір бұл су бетінде із қалмайтын.  

 

Ақ құсы арманымның қалықтай бер,   



Сұңқарын сауысқаннан парықтайды ел.  

Тұлпарын тағдырымның тақымға алсам,   

Шаттығым шабыт болып шарықтай кел.  

Үн қосқан үмітіңді жалғау үшін,   

Домбырам мақтанышым,  алданышым.  

Сезген соң сері өмірдің жалғаны шын,   

Əн болып қанат қақты арман- құсым!   

                                              2012. 11. 24  

 

НҰРСƏУЛЕ  

(Досым Талап Шаймарданұлына арнадым)   

Нұрсəуле таңнан тарап аймалаған,   

Өзіңдей алтын- арай қайда маған.  

Күн сайын күнің болып күледі екен,   

Жаныңа жан шуағын жайған адам.  

 

Өмірімнің сəні сен,   



Көңілімнің əні сен.  

Тірлігімнің нəрі сен,   

Бақытымның бəрі сен.  

Қуат боп жүр, сəулем,   



124

125


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Шуақ боп тұр, сəулем.  

Асылым, нұрсəулем,   

Ғашығым, нұрсəулем!   

 

Нұрсəуле шашқан шақта шұғыласын,   



Алаулы арманыңнан сыр ұғасың.  

Қолаң шаш,  құлын мүсін құрбыласым,   

Қытықтап қылығыңмен құбыласың.  

 

Талаптың тайын өмір қамшылатқан,   



Мен үшін арайланып таңсың атқан.  

Нəр алғам сенің адал жүрегіңнен,   

Жаралған жалғызым-ай, жаншуақтан.  

                                         2012. 11. 2  

 

ҚЫМЫЗ ҚЫЗ  

Жүрегімнің сарыны шын,   

Ашармысың көңілді,   

Сары қымыз сағынышым,   

Басармысың шөлімді.  

 

Дəстүріміз дара біздің,   



Жайлаудағы таңдар- ай.  

Қымыз құйған қара қыздың,   

Арман болып қалғаны- ай.  

Естелігім болсын əнім.  

Айналайын ақылдым,   

Қымызыңа қосып жаным.  

Қиялымды сапырдың!   

 

Жаным ғашық жамалыңа,   



Иман жүзді ибалым.  

Қоштасарда жанарыңа,   

Қарай бердім қимадым.  

ƏКЕШІМ - АЛАТАУЫМ  

 

Алатау, саған əркез қарай берем,   



Келісті келбетіңнен арай көрем.  

Шырайлы шыңдарыңнан лəззəт алам,   

Əкеме өр тұлғалы балай берем.  

 

Алатау, айналайын келбетіңнен,   



Еседі салқын саумал жел бетімнен.  

Арман мен сағыныштың арасында,   

Жан едім жан сырыма тербетілген.  

 

Қайыңың,  самырсының,  қарағайың,   



Мауқымды басар ма екен, аралайын.  

Құмар боп ақ бұлтыңдай жүруші едім,   

Тұмар боп тағылайын,  саялайын.  

 

Балаған бір өзіңе Алатауым,   



Бар еді- ау менің де бір дара тауым.  

Кешіңде бір сағыныш əлдилейді,   

Төсіңде тербетілген ақ отауым.  

Арманым иықтысың - Алатауым,   

Ардағым биік мүсін - Алатауым.  

Мəңгілік сүйіктісің - Алатауым!   

                                             2012. 10. 27  

  

 НАР-АҒА  



(Дінмұхамет Қонаевке арнау)   

Дін-аға,  дидарының нұры басым,   

Шуақ боп төккен елге шұғыласын.  

Дариға-ай, дəурен өтті-ау, əне солай,   

Дүние-ай, қалай,  қалай құбыласың.  

 

Адасар арманынан жұртты алдаған,   



Дана едің елің үшін жұрт талдаған.  

126

127


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Дара едің ата жолын ардақтаған,   

Нар едің керуеніңде жүк қалмаған.  

Келер деп əлі талай жерге көктем,   

Септедің үміттерді селге кеткен.  

Жүрегі Алатаудай арысым-ай,   

Тілегі аласармай ел деп өткен.  

 

Пейіліндей күн сүйген даламыздың,   



Мейіріндей Зуһра анамыздың.  

Асыл аға, аялы алақаның,   

Сағынышына айналды санамыздың.  

Қасиетін қастерлеп еске алар ел,   

Хантəңірдей қасқайған дара құздың!   

                                                2012. 11. 17  

 

СҰЛУБАЙ- АРМАН  

 

Оқ тиіп Сұлубайдың жамбасына,   



Күтті бір күлімдеген таңды асыға.  

Армандап Армантыда əнге салды,   

Кім куə бағы қайта жанбасына.  

 

Арман-ай,  шіркін,  жалған-ай,   



Талықсып атқан таңдар-ай.  

Жар асты жауды аңдамай,   

Қайырылып қанат талғаны-ай.  

Қызығын елім көре алмас,   

Үзігін ерім жалғамай!   

 

Алқоңыр аяңдады астындағы,   



Барады өрлеп міне қастың бағы.  

Қайран ел қара кердің жалын құшты,   

Жаутаңдап жау қолында жастың жары.  

 

Қайталай жауға қарсы шабар ма екем,   



Кегімді жатқа кеткен алар ма екем.  

Суындай мөлдіретіп қос шіңгілдің,   

Əніме елжіретіп салар ма екем.  

                                            2013. 1. 22  

 СƏЛИҚА- СƏУЛЕМ  

Өр Алтай өнер өлкесі,   

Қасына қалқан Ер төсі.  

Елітіп бойды еріткен,   

Есімнен кетпес еркесі.  

 

Сəмендей ғашық болып ем,   



Нұрланып айдай толып ең.  

Ақ көлдей айдын көңіліме,   

Аққудай қалқып қонып ең.

  

Иманы ұйып жүздерде,   



Іңкəрлық жатар ізгі елде.  

Жая тас еді-ау сая тас,   

Сəлиқа – сəулем біздерге.  

 

Арасында мың гүлдің,   



Жағасында шіңгілдің.  

Ақ қайыңдай ырғалып,   

Жайраң қағып жүр құрбым.  

                                   2013. 1. 27  



АҚСАЙЫМ  

 

Тулатқан тақымында сан асауын,   



Бабалар ізі жатқан дала-тауым.  

Сақтаған сары майдай салт-санамды,   

Ақсайым алтын бесік ақ отауым.  

 

Айна көл айнасындай көңіліңнің,   



Айғағы ащы-тұщы өміріңнің.  

128

129


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Аталар ат шалдырған алтын тауым,   

Сетері жүректегі сенімімнің,   

Ақсайым, айналайын ақ бесігім,   

Өркені қуантады өңіріңнің.  

Қоңыр жел ескен қоңыр белестерім,   

Көзіндей көнелердің елестедің.  

Жыңғылды жылғаларым- жырау далам,   

Шертеді керуенімнің кеңестерін.  

 

Төсінде тұлпарымнан тұяқ қалған,   



Көшінде сұңқарымнан қияқ қалған.  

Шалқытып шарапатын шаңырағымның,   

Кенішті кеудесінен күй ақтарған.  

                                   2011. 8. 2  

 

ҚҰЛЖАМ МЕНІҢ  

 

Сұлу Сайрам құлағыңа,   



Тағып қойған сырғам ба едің.  

Аунар ма едім құрағыңа,   

Айналайын, Құлжам менің.  

 

Талқыға кеп Тəкеңдейін,   



Сүйер ме едім жырдан керім.  

Əшім жатқан əкемдейін,   

Күй кернеген Құлжам менің.  

 

Қабанбайың таққан тұмар,   



Төсінен тұр жыр атылып.  

Хас-Күнесім жатқан шығар,   

Бұрымыңдай бұратылып.  

 

Бір барсам-ау жəйім түсіп,   



Əсет əнін айтар ма едім.  

Бір самауыр шайыңды шіп,   

Бір дем алып қайтар ма едім.  

 

Ақ Шағала ауылыңда,   



Ататұғын таңым күліп.  

Алмаң ба əлде аруың ба?    

Жүр ғой əйтеу сағындырып.  

Салмаң болып салынамын,   

Бақаның боп табыламын.  

Басқұрың боп таңыламын,   

Шарапатты шаңырағым!   

 

Қолдап,  қорғап Қызай ана,   



Сауық-Сайран құрған жерім.  

Орда тіккен үйсін баба,   

Құдыретті Құлжам менің.  

 

БАҚЫТТЫ БОЛ  

 

Айрылып əрең ұсынған қош деп қолыңнан,   



Кетерде қимай көп тұрдым қарап соңыңнан.  

Кеттің бе,  еркем,  басқаның көніп еркіне,   

Адастың қалай арайлы арман жолыңнан.  

Қайырмасы:   

Айтамын мəңгі əн қылып,   

Тауларым тұрар жаңғырып.  

Бақытты бол, сен, сəулем-ай,   

Алдыңнан атсын таң күліп.  

 

Өкініш өртеп өзегім өрт боп жанарсың,   



Алаулап арман арнаңа түсіп ағарсың.  

Əндетіп асқақ Естайдың күйін кешейін,   

Қорландай бір кез сен-дағы еске аларсың.  

Қайырмасы:

Тағдыр-ай, əттең,  жылатқан,   

Біреуді əнмен жұбатқан.  


130

131


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Барасың кетіп, сəулем-ай,   

Асығып неге гүл бақтан.  

 ЖАЗИРА ЖҮРЕК  

 

Жай ғана есіп самалы,   



Жазира - жайлау құлпырған.  

Жабырқау əнге салады,   

Жазира жүрек мұң тұнған.  

Қайырмасы:   

Көңілге сақтап күні- түн,   

Бір сезім сені іздейді.  

Жазира жүрек үмітін,   

Өзіңнен мəңгі үзбейді.  

 

Назыңды шертем күй қылып,   



От бар ғой сенің көзіңде.  

Кеудемді мынау күйдіріп,   

От болып кеттің өзің де.  

 


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет