БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



жүктеу 0.58 Mb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата15.03.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ПАРТАЛАСЫМ  

 

Тосып тұр алдымызда қаншама сын,   

Кезерміз кең өлкенің сан-саласын.  

Айдында бірге жүзген аққулар ек,   

Қонарсың қайда барып, парталасым?  

 

Бал дəурен күнін кімдер аңсамасын,   



Шолпанмен бір көруші ек таң сағасын.  

Гүлі едік, бір бақшаның жыры едік біз,   

Тартарсың қайдан тамыр, парталасым?  

 

Шалдығып үйренуден шаршағасын,   



Сен кейде сағынышты əн саласың.  

Сол үнің құлағымнан кетпеген соң,   

Осы əнді айтып жүрмін, парталасым.  

 

Білмеймін кімге үміт арталасың,   



Білмеймін ертең қандай жар табасың.  

Мектептің бірге өткіздік жанталасын,   

Аман бол, қайда жүрсең, парталасым.  

Парталасым!   



150

151


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 ШАРАПАТ НҰРЫ   



(Қазақ Телевидениесінің 20 жылдығына арналған əн)   

 

Аққудың сəнін,  гəккулі əнін таратқан,   



Экранымен еліне бақыт жаратқан.  

Жазира дала,  жайнаған қала келбеті,   

Баураған жұртты, аумаған, сірə, жаннəттəн.  

 

Алтын сандығым, шашқан таң нұрын,  күй-



думан.  

Əр елдің сырын,  əлемнің гүлін,  сый қылған.  

Аспанды шетсіз,  асқарды шексіз бəр-бəрін,   

Көзайым сəтте көкірегіне сыйдырған.  

 

Дəстүрім-салтым жарқырап асыл арнадан,   



Парасат жырын,  шарапат нұрын арнаған.  

Дəуірдің сыйын əлдилеп қобыз əуенмен,   

Ауылдың күйін,  арудың биін жалғаған.  

Қайырмасы:   

Бақытымсың, сандуғашым сайраған,   

Жақұтымсың жан ұямда жайнаған.  

Тілім де сен,  гүлім де сен,  үнім сен,   

Сырласыңдай - байтақ елім, бай далам. 

КӨКТЕМ ГҮЛІ  

 

Көктем гүлі ашылғанда,   



Шүлен шуақ шашылғанда.  

Қол ұстасып жасыл маңда,   

Айналғансың асыл жанға.  

 

Көз тартқан көктем гүлі,   



Көркіңе жаным құштар.  

Өмірдің өткен күні,   

Өзіңе сағыныш бар.  

Сыр өмірдің өпкен нұры,   

Жүрегімнің төккен жыры.  

Бақытымның бастауында,   

Сəн сыйлаған көктем гүлі.  

 

Көктем гүлі ашыла бер,   



Ауыл көркін асыра бер.  

Арман болған аяулым- ау,   

Қарлығаш боп қасыма кел!   

 

ЖАН СЫРЫМ  

 

Күлгенің де,  жүргенің де,   



Баурап алды-ау бізді мүлде.  

Өзегімді өртей бердің,   

Өзім толқып жүргенімде.  

 

Нұр дидарың таң атқандай,   



Жымиғаның ғажап қандай.  

Тағдыр мені сені ойлап,   

Жүру үшін жаратқандай.  

 

Жасырына көп қарадым,   



Жан сырым боп өт, қарағым.  

Өзіңді ойлап өзімді де,   

Бақытты екем деп қаламын.  


152

153


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

САБАҚТАСТАР  

 

Сабақтас тамырласым,  тағдырласым,   



Əр дайым алдымыздан таң нұрлансын.  

Қалқыған аққу-қаздай айдындағы,   

Аяулы парталасым,  жан құрдасым.  

Қайырмасы:   

Желбіреген тұлымдай,   

Желідегі құлындай.  

Бұлаңдаған бұрымдай,   

Бір үйдің қыз-ұлындай.  

Сабақтастар,   

Қанаттастар,   

Сабақтастар!   

 

Сабақтас, сендермен бір самғау белім,   



Сəбилік ауылымда қалды-ау менің.  

Өмірдің ең бір ыстық шағы екен- ау,   

Бірге өткен өздеріңмен бал дəуренім.  

 

САҒЫНЫШЫМ  

 

Мен сені аңсап кетем,  аңсап кетем,   



Сазымен сағыныштың əн сап кетем.  

Ең алғаш екеуімізді қауыштырған,   

Баяғы таныс баққа барсақ па екен.  

Арманын аймалауды кім тілемес,   

Күнім- ау, күлімдеген күлкің елес.  

Көңілімнен көтерілмей қойғаның-ай,   

Мен сені ұмытуым мүмкін емес.  

 

Тілек шын сенің нұрлы таңың үшін,   



Жүректің басылмайды жалыны шын.  

Саған қол жеткізетін қиял ғана,   

Аман бол, айналайын сағынышым!   

 ƏПЕКЕЖАН  

 

Əлдилеп тербеттің сен,  ержеттім мен,   



Əр дайым ел деп жылап,  ел деп күлем.  

Құлын ем құндыз жүні жетілмеген,   

Əл берген,  нəр берген де сен деп білем.  

Əпеке,  əпекежан,  жан əпеке,   

Əл берген, нəр берген де сен деп білем.  

 

Өмірдің айдынында жүздірген сен,   



Қуансам құшағыңа ап күлдірген сен.  

Ерке едім,  шолжаң едім,  тентек едім,   

Жақсыны, жаманды да білдірген сен.  

 

Пейлі,  мейірі ыстық кең даласың,   



Еркеңнен үлесіңді енді аласың.  

Аман бол, қадырлым-ай,  қажырлым-ай,   

Маған шын күйінетін сен ғанасың.  

АҚ ҚҰЛЫНЫМ  

 

Тағдыр бізге сыйлады бақты бүгін,   



Əуелейді əніммен шаттық үнім.  

Əлдиісің,  əжеңнің əн-күйісің,   

Айналайын, аяулы ақ құлыным.  

 

Тұмар тағып тербеткем бесігіңе,   



Күй қалқыған ауылдың кеші міне.  

Азамат бол, балашым, еркелеткен,   

Елің мəңгі сүйінсін есіміңе.  

 

Арман таңым арайлап атты бүгін,   



Ағайын дос кеудеңе тақты гүлін.  

Сұңқары бол, еліңнің тұлпары бол,   

Айналайын, аяулы ақ құлыным.  

 


154

155


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 ДОСТАР ВАЛЬСІ  

 

Достар,  достар мақтанышым,   



Арманымның ақ таңысың.  

Менің жолым сендерменен,   

Арайланып жатқаны шын.  

Достар,  достар,  қуанышым,   

Өмірімнің шуағысың.  

Шыңдарымның шырағысың,   

Бақытымның бұлағысың.  

 

Достар,  достар, тірегімсің,   



Тірліктегі тілегімсің.  

Лүпіл қаққан жүрегімсің,   

Жолдарыңа гүл егілсін.  

 

Достар,  достар, қане қолдас,   



Достық гүлі мəңгі солмас.  

Көңілінің досы жоқтың,   

Өмірінің мəні болмас.  

ƏЖЕМНІҢ ИІСІ  

 

Аңсаумен ауылымның ақ қайнарын,   



Алдына ақ боз үйдің ат байладым.  

Кеберсіп кеңсірігім келіп тұрмын,   

Сабадан сары қымыздың татқай дəмін.  

 

Туған ел ынтызармын тұнығыңа,   



Қымызың қуат болған қыз-ұлыңа.  

Есіктен жер ошаққа елеңдеймін,   

Əжемнің иісі келіп мұрыныма.  

 

Аққу- қаз айдын көлде саңқылдайды,   



Саялы сарайым-ай, салқын жайлы.  

Киелі киіз үйдің іргесінен,   

Жусан леп жұпар самал аңқылдайды.  

Сарқылмас көңілімнің күйі сынды,   

Тағдырым сағынышты сый ұсынды.  

Ақ үйде ақ жол тілеп қалып едің,   

Əжем-ау, аңсадым ғой  иісіңді  

 МЕЙІРЛІМ  

 

Сені көрдім,  көңіл бөлдім, қарағым,   



Сезім шалқып,  өзім балқып барамын.  

Елігіндей,  көрігіндей даланың,   

Қалай ғана,  арайлана қарадың.  

 

Мейіріңе,  пейіліңе еліттім,   



Тұнығыңмен,  қылығыңмен еріттің.  

Қайдан көрдім,  қайдан ғана кезіктің,   

Енді маған елесіңмен серіксің.  

 

Сүйкімдім- ай,  күлкің мұндай бал екен,   



Жүректегі,  тілектегі жар етем.  

Шын сүюдің шырынымен дара өтем,   

Менің-дағы шын ғашығым бар екен 

ЗУХАНЫҢ БАСЫ  

(поэма)   

Өрлемес мəңгі өмірдің тасы,   

Тоқтаған қашан тірліктің қасы.  

Таразы болған теңсіздіктерге,   

Зұлымдар кескен Зуханың басы.  

 

Талайдың бойдан жуылар насы,   



Ғасырлар бойы берілер асы.  

Кесірден сақтап келіпті елін,   

Кесілген кеше Зуханың басы.  

 


156

157


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Болмаған жерде бірліктің басы,   

Сорлаған жанның сорғалар жасы.  

Қабынған қара ниеттер қалай?    

Білгізген соны Зуханың басы.  

 

Сан істі басқа салғандығында,  



Ұмытпа өмір жалғандығында.  

Зуханың басын бодауға беріп,   

Көп бастар аман қалғандығында.  

 

Ұмытпа, досы қас келгендігін,   



Ұмытпа халық ас бергендігін.  

Ұмытпа əркез ел ертеңі үшін,   

Əкесі кімнің бас бергендігін.  

 

Ұмытпа елім,  ұмытпа ұрпақ,   



Тарих бетін қане кім жыртат.  

Кешегі күннен жаңылған жандар,   

Есіріп жүріп ертеңін құртат.  

 

Талайды талғап құрықтағаның,   



Асыңды үрлеп ұрыттағаның.  

Қас пенен досты айыра білсең,   

Зуханың басын ұмытпағаның.  

 Арайлап тағы таңым атқаны,   

Шарапат біздің шаңырақтағы.  

Намыс жолында нар боп өт дейді,   

Аталарымның аруақтары.  

 

Талайды сыйлап өсірген ол бас,   



Талайды сыйлап кешірген ол бас.  

Ақыл боп заңғар ел бастағанымен,   

Батыр боп аңғал кесілген сол бас.  

 

Халыққа керек қалаулы дана,   



Қан сіңіп кеткен алаулы дала.  

Ас беретіндер көп болғанымен,   

Бас беретіндер санаулы ғана.  

Өтірік күліп жарасатындар,   

Өзі үшін ғана қашалатындар.  

Өздерін сынап көрсеші осы,   

Шаш ал дегенде бас алатындар.  

Адамға керек сенімді жолдас,   

Озбырлық қылған түбінде оңбас.  

Халықтың қара ылағы болып,   

Қажетті кезде кесілген сол бас.  

 

Ертеңін білмей есірген бас бар,   



Ел қанын еміп кекірген бас бар.  

Кеңесін білмей кесілген бастар,   

Жетелі болмас жетілген жастар.  

 

Тірлік балықтай,  жүр ғой жарытпай,   



Мінсем шарықтай,  қыран шабытқа-ай,   

Кесілген бастың соңына түскен,   

Күй кешем кейде Сұлтаншəріптай.  

 

Бастарын талай қылыштар кескен,   



Төстерін талай мырыштар тескен.  

Боздап бір өткен боздақтарым-ай,   

Ойласаң ғажап құрыштар неткен.  

 

Барлығын соның құшағына ала,   



Зар-мұңын шерткен құсалы дала.  

Ұмытылмайтын ұлылар көп қой,   

Зуханың басы мысалы ғана.  

 

Толық боп мəңгі айыл-тұрманың,   



Тілеймін оңнан айың туғанын.  

Естіп ал елім қажет боп қалса,   

Менің де басым дайын тұрғанын.  

Ел үшін қажет кезінде мынау,   

Менің де басым дайын тұрғанын!   

 

 



158

159


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

ҚОБЫЗ САРЫН  

(толғау)   

Дастан болып даланың,   

Дауы бөлек жатты ғой.  

Ана менен баланың,   

Мұңы жанға батты ғой.  

 

Өрт шарпыды өзекті,   



Өкініш деген мың батпан.  

Келеміз күтіп кезекті,   

Қарақшы болып түн қатқан.  

 

Бар жалғандық күлкіңде,   



Түңілдім-ау тірліктен.  

Бар жамандық бұл күнде,   

Төніп тұрад түңліктен.  

 

Барлық адам іздейді,   



Бақ жұлдызын жырақтан.  

Мұңлы күйін үзбейді,   

Қобыз сарын құлақтан.  

 

Бірақ, соны ұғынып,   



Тыңдайтұғын адам аз.  

Бəрі-дағы бұғынып,   

Қалған жалған жазадан.  

 

Азаматтың ақылын,   



Алаяқтар арбады.  

Барғыза алмай батылын,   

Азап болды арманы.  

 

Қобыз сарын құбылып,   



Құлағың түр қас-қағым.  

Қобыз шабыт шақырып,   

Қоңыр өлең бастадым.  

Қобыз сарын ішінде,   

Қанат қағып құмайлар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Қорланады жұбайлар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Құқайланып зұлымдар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Шырқырайды құлындар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Бозінген зар қозғайды.  

Қобыз сарын ішінде,   

Боталар да боздайды.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Кісінейді құраттар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Маңырайды лақтар.  

Қобыз үні саралы,   

Бұрынғының сарыны.  

Қоңыр əуен бағалы,   

Бабалардың дарыны...  

 

Қобыз сарын үндердің,   



Ішіндегі ерке еді.  

Ол кешегі күндердің,   

Шежіресін шертеді.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Қорқыт ата сөзі бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Маңырайды қозылар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Əлде кімдер күледі.  

Қобыз сарын ішінде,   

Бөлтірік те үреді.  


160

161


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

 Қобыз сарын ішінде,   

Уілі бар желдің де.  

Қобыз сарын ішінде,   

Дүбірі бар елдің де.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Қоңыр аңның үні бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Қоңыр адыр түні бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Ұраны бар бабаның.  

Қобыз сарын ішінде,   

Қыраны бар даланың.  

 

Қобыз сарын қамыстың,   



Əкеледі ызыңын.  

Қобыз сарын намыстың,   

Əпереді қызуын.  

 

Қобыз сарын батырдың,   



Көрсетеді айбарын.  

Қобыз сарын ақылдың,   

Айта алады байламын.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Ғашықтардың мұңы бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Бақсылардың жыны бар.  

Қобыз сарын жауынды,   

Жас қып бірақ төгеді.  

Қобыз сарын тауыңды,   

Тағың етіп береді.  

Қобыз сарын арманды,   

Армандарға бастайды.  

Қобыз сарын жалғанды,   

Қоңырымен жасқайды.  

 Қобыз сарын көзіңе,   

Жас моншағын жинайды.  

Қобыз сарын өзіңе,   

Өзіңдікін сыйлайды.  

 

Қобыз сарын құстардың,   



Бейнелейді əуенін.  

Сондықтан да құштармын,   

Қоңыр менің əуенім.  

 

Қобыз сарын бақаның,   



Шуылын да тыңдатар.  

Қобыз сарын атаның,   

Өзі болып тіл қатар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Жараланған бұғы бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Тарих бар ұғынар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Ойран болған қала бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Обал болған бала бар.  

 

Қобыз сарын боздатып,   



Желдіреді түйені.  

Қайғы-мұңды қоздатып,   

Босатады жүйені.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Серісі бар даланың.  

Қобыз сарын ішінде,   

Көрісі бар ананың.  

 

Қобыз сарын өмірдің,   



Оркестірін ойнайды.  

Қобыз сарын көңілдің,   

Тумаларын тойлайды.  


162

163


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Қобыз сарын ішінде,   

Найзағай от үйірер.  

Қобыз сарын ішінде,   

Қорбаңдайды бүйілер.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Қайталанған тілек бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Тұлпар мінген түлек бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Адасқан бір киік бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Арылмас бір күйік бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Сағыныш бар түгемес.  

Қобыз сарын ішінде,   

Жалғасы бар бір егес.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Ерлік жайлы кеңес бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Елдік жайлы егес бар.  

Қобыз үні киелі,   

Қоңыр əнім өзімнің.  

Қобыз үні жүйелі,   

Қорғасыны сөзімнің.  

Қобыз сарын самалы,   

Айжуалы өлкемнің.  

Ұрпақтарға саналы,   

Мұңын шаққан ертеңнің.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Шөліркеген марал бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Шөбі өртенген арал бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Басын буған лашық бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Қосылмаған ғашық бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Ашылмаған бір гүл бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Арғымақ бар, дүлдүл бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Жылан да бар ысқырған.  

Қобыз сарын ішінде,   

Құлан да бар пысқырған.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Керуен бар тізілген.  

Қобыз сарын ішінде,   

Серуен бар үзілген.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Айтағы бар малшының.  

Қобыз сарын ішінде,   

Айқасы бар қамшының.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Жел көтерген жауын бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Ел көтерген дауым бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Дөңгеленген құйын бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Жөнге келер жиын бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Көбік шашқан теңіз бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Еңіреген егіз бар.  


164

165


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Қобыз сарын ішінде,   

Көрілмеген жүлде бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Көмілмеген мүрде бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Жақсы да бар, жаман бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Зарға толы заман бар.  

 

Қобыз сарын ішінде,   



Айтылмаған əні бар.  

Қобыз сарын ішінде,   

Тіршіліктің бəрі бар.  

 

Қобыз сарын əн қылып  



Сырын ылғи шертеді.  

Қобыз сарын мəңгілік  

Түгемейтін ертегі.  

ТУҒАН ЖЕР  

      (толғау)   

Туған жер,  тұлпар тұяқ ұлыңмын мен,   

Тулаған топырағыңда құлын күннен.  

Қара жерде туған жер қасиетті,   

Əне сол қасиетіңе жүгіндім мен  

 

Əне сол қасиетіңе жүгінемін,   



Жігерім жеткенінше жүгіремін.  

Сансыздаған арманшыл азаматын,   

Көмбесінен тосып тұр бүгін елім.  

 

Тұлпар тұяқ қызады шапқан сайын.  



Қара жердің ақ шаңын қапқан сайын.  

Бірақ та мен деп бүгін жүргенім жоқ,   

Дара басым кенелер бақты аңсайын.  

Туған жердің сөнбекші оты кімнен,   

Деп ішімнен күбірлеп отырмын мен.  

Ақ тілекпен аттандым ауылымнан,   

Бір сезім туды маған осы күннен.  

 

Қыраттарға келемін қимай қарап,   



Жүрек тулап кеудеме симай барад.  

Қарағанды қапталдар еске салды,   

Пыр-пыр ұшқан шілдерін шимай қанат.  

 

Киелі құс кептерлі керіштерім,   



Ардалы алқап,  ақ жота еңістерім.  

Сексеуілді,  жыңғылды жылғаларым,   

Жүрегімде жаттаулы тегіс менің.  

 

Қарқылдаған қарғалы тоғайларым,   



Күндіз бұққан үкіңдей көп ойладым.  

Жасырынып кеудемде жатқанменен,   

Білемін түнде шығар орай барын.  

Ақ өркеші ардалы өзендерім,   

Гүл көмкерген көк белді кезеңдерім.  

Тұнық жырмен халқымды сусындатсам,   

Өркештесе өзіңдей өз еңбегім.  

 

Ақ арманың тоғысып ақ таңыңда,   



Ақ жол тілеп аттанып жатқанымда.  

Ертең үшін еркеңнің еркі басқан,   

Қайғым да сен, туған жер, мақтаным да.  

 

Ойды бұзып əрдəйім отырады,   



Қара қоңыр туған жер топырағы.  

Барасың мені тастап қайда кетіп,   

Дегендей ақ бас шыңды шоқылары.  

 

Жоқ,  туған жер, мен сені тастамаймын,   



Жетіп жатыр онсыз да басқа қайғым.  

166

167


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Сен менің жүрегімнің лүпілісің,   

Арманым алғы күнге асқақ айбын.  

 

Тұлпар шабыт шаң көрсе ала қашқан,   



Азаматпын арманмен жағаласқан.  

Туған жерім аптығам мен несіне,   

Қалмаса ізім бетіңде дара басқан.  

 

Дүниеге мен есік қаққанымда,   



Аласұрған ақ бұрқақ ақпаныңда.  

Туылуым ақпанның ақ таңында,   

Мазмұн бере алады мақтаныма.  

 

Аязыңда тыныстап бірінші рет,   



Тірлігіме қарадым күлімсіреп,   

Əжем мені салып ап шалғышына,   

Жүгіргенде көршіге шүйіншілеп.  

 

Қасиет бар таңының қандайында,   



Шұғылалы күніңнің маңдайымда.  

Ақ сүтіне анамның қосып жеген,   

Топырағыңның дəмі бар таңдайымда.  

 

Бір өзіңнің ертеңің - тұнық қайғым.  



Жүрегімнің жылуын суытпаймын.  

Ақ отаудың сөндірмен ақ жалынын,   

Ақ батасын атаның ұмытпаймын.  

 

Мұң шаттығын тең көріп боздаламның,   



Топырағыңда тұтанып қозданамын.  

Қалай ғана ұмытамын кеше сенде,   

Бозінген боп боздақтар боздағанын.  

 

Суарылған қанменен қарағаймын,   



Дара бастың бақытын санамаймын.  

Туған жер терегінің жапырағын да,   

Жамбысына басқаның баламаймын.  

Қара қаны төгілген қара нардың,   

Бодауысың туған жер бабалардың.  

Көбең күнде көз жасы құрғамаған  

Ұрпағыңмын сондағы бабалардың.  

Сетерлердің сезетін қасиетін,   

Азаматтар аз емес бас иетін.  

Қара жолда қансырап қалғандардың,   

Ұмытпайды ұрпақтар өсиетін.  

 

Ажал оғы жалмаған ақ иықты,   



Қара таудың қойнына қай ұйыпты.  

Қара жартас бетіне қара қанмен,   

Көріп жүрміз жазылған тарихты.  

 

Өзімізше бұл күндер жүрдік еркін,   



Күндер алда жылатып-күлдіретін.  

Бəрі-бəрі жүрекке түйдектеліп,   

Танытады туған жер құдыретін.  

Ақ тілеп қозғалса қол ұшымыз,   

Есебіміз дайын тұр соғысымыз.  

Азаматтар жүгінсек ақиқатқа,   

Туған жер деп тер төгу борышымыз.  

 

Бақытына басқаның қиялдаймыз,   



Құр қиялмен құрлыққа сия алмаймыз.  

Бабалар қанын төккен қара жерге,   

Біз неге терімізді қия алмаймыз.  

 

Қайда қалды тілегі бабалардың,   



Қайда қалды арманы ағалардың.  

Қайда қалды туған жер қасиеті,   

Не болады ертеңі балалардың?  

 

Қара ұлы едім қыратты қара белдің,   



Арман қуып ақыры қала келдім.  

168

169


СЕРІК ӘБІЛ

БӨРІНІҢ СҮТІ               

Ертеңді ойлап тынысым тарылады,   

Қадамына қарқынды қарап елдің.  

 

Тарылады қадамым жүрген сайын,   



Көлеңкесін көңілдің білген сайын.  

Мен енді береке деп белді буып,   

Туған жерді түсінер күнді аңсаймын.  

 

Арайланған алдыда тұнық таң бар,   



Суытпаңдар жүректі суытпаңдар!   

Бақытымен басқаның байи алмас,   

Туған жердің киесін ұмытқандар.  

 

Күрең қабақ күндермен керіспесем,   



Келісетін майданға келіспес ем.  

Жігіт болып несіне жаратылдым,   

Туған елдің қайғысын бөліспесем.  

 

Арпалыс бар əлі, күресің бар  



Күресіңмен көтерер үлесім бар.  

Жүрегімнің түбіне ұялаған,   

«Туған жер»  деп сақталған бір есім бар.  

 

Үліңгірім, өзенің тасып аққан,   



Сенің жалпақ жағаңда асық атқам.  

Бұйра ағынды Бұйрат құм баурайыңда  

Бабам анау көмулі басы жатқан.  

 

Аялаңдар атаның асы қымбат,   



Туған жер топырағыңның тасы қымбат.  

Ұрпақ деген ұлы есім ескергенге,   

Бала үшін бабаның басы қымбат.  

 

Туған жерім арман жоқ менде бөтен,   



Күңіреніп те күліп те сен деп өтем.  

Өзім-дағы өзіңде көмілемін,   

Өз қолымен бабамды көмген екем.  

 АНА  



(Поэма)

   

Анашым-ай,  анашым-ай,   

Ақ сүтіне қандырған,   

Жылатпастан,   

Сылап бастан,   

Асырып ең сан қырдан.  

Сағынышпен,   

Жанып іштен  

Оралғанда ауылға,   

Бірде күліп,  бірде жылап қарсы алатын алдымнан.  

Анашым-ай,  панашым-ай,   

Мені артына қалдырған.  

 

Қадырлым-ай,  қажырлым- ай,   



Қасиеттім, қимасым,   

Жанарымды жасым жуып,   

Қала бердім көңіл суып  

Күні кеше бірге жатқан төсегіңді жиғасын.  

 

Көз алдымда:   



Көп алдында  

Жүретұғын сый басың.  

Жаным анам,  жабырқадым сен кеп тағы есіме,   

Ұзақ қарап суретіңе тесіле,   

Қайта- қайта басып тұрдым төсіме.  

Сосын мынау өмірге де ой жүгірттім өшіге,   

Бəрі жалған,   

Бəрі де арман, неге керек несібе?    

Қорғаным- ай,   

Қормалым-ай,   

Мені артыңа тастап кеттің несіне?    

 

Сен тіріде тірлікті де түсінбеген екем мен,  



Күні кеше айрылғанда көкемнен,   

Жəне жылап қалғанымда əкемнен.   


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет