Бұрғылау қауіпсіздігі және экологиялық мәселелер



Дата06.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#14304

пән: кәсіптік қазақ тілі

топ: И-81

оқытушы: Берікболова Аиза Берікболқызы

Бұрғылау қауіпсіздігі және экологиялық мәселелер

Қыркүйектің он бірі



Бұрғылау қауіпсіздігі және экологиялық мәселелер

Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай - химиялық кешенде қоршаған ортаның ластануы іздеу - барлау және газ өндіретін ұңғылар құрылысынан басталады. Скважиналардьң құрылысы кезіндегі негізгі ластау көздері: бұрғылау қондырғыларының дизелдерінің түтіндері (выхлопы), бұрғылау сұйығының дегазаторлары, ұнтақ тәріздес сусымалы материалдарды сақтайтыгн ыдыстар, өндірістік - технологиялық қалдықтары бар қоймалар, сондай - ақ циркуляциялық жүйелер. Кей жағдайларда, бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді.


Қоңдырғылар аймақтары қатты жабынмен жабдықталмаған және құм төгілмеген. Осының салдарынан, жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен ластанады. Кейін бұл зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан жерлерге және су қоймаларына қарай шайып кетеді Топырақтың ластану үрдісі топырақтарда өнімді қабаттар мен сіңіретін қабаттарда қабат қысымын көтеру мақсатыңда айдалатын минералдылығы жоғары қабат және бұралқы сулардың болуымен күрделінеді. Бұрғылау мұнарасыдан 500 – 800 м радиуста өсімдіктер 70-80%, ал 100 м радиуста бұрғылау сұйығымен ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады.

Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қоймаларда жиналады және оларды кейін арнайы қалдық сақтау орындарына алып кетіп, орналастыруды талап етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын (дәрежесін) бағалау маңызды орын адады. Жер асты суларыңда ластағыш заттардың мөлшері мен улылығына тәуелді болады.

Сөздік

өнеркәсіптік қалдықтар - промышленные отходы

мұнай өндіру - добыча нефти

өңдеу - обработка

жер асты сулары - грунтовые воды

ластағыш заттар - загрязняющие вещества

су қоймалары - резервуары

бұрғылаудың қауіпсіздігі - безопасность бурения

экологиялық мәселелер - экологические проблемы



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет