Бұталы-орман құстары



Дата02.03.2022
өлшемі8,43 Mb.
#26867

Бұталы-орман құстары

Орындаған: Раимова Д.

Абатова Д.

Тобы: ЖБЛ-911

Қабылдаған: Турметова Г.

Бұталы-орман құстары

  • Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады.

Қоректену сипатына карай бұталы-орман құстары:

  • жәндік жемділер,
  • жеміс-тұқым жемділер,
  • нектар жемділер деп бөлінеді.

Жәндікжегіштер

  • Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мықты қашау сияқты тұмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан жәндіктерді және оның дернәсілін тауып жейді. Пищухилар — шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпілдектер ұзын, әрі жіӊішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, саңылауларынан жәндіктерді және олардың дернәсілдерін теріп жейді.

Дәнмен қоректенетін құстар

  • Дәнмен қоректенетін орман құстарының тұмсығы қысқарақ, формасы түрліше болады.

Дәнмен қоректенетін құстар

  • Шекілдектер, пайызторғай, шымшықтар ұсақ дәндерді конус тәрізді сүйір және нәзік тұмсығымен шұқып алады. Емен тұмсықтылар қатты қабығы бар ірі тұқымдармен қоректенеді. Өйткені олардың қысқа болса да ірі, әрі қуатты тұмсықтары дәнді дән жарнағынан шығарып қана қоймай, оның сыртындағы қатты қабығын уатуға да мүмкіндік береді.

Жеміс-тұқыммен қоректенетін құстар

  • Щуралар мен шыршаторғайлардың қылқан жапырақты ағаштардың бүрінен дәнін шығарып алуға бейімделген тұмсығы болады. Мысалы, щуралардың түмсығы төмен қарай иілген, ал шыршаторғайдьщ үстіңгі және астыңғы жақтары бір-бірімен айқасып тұрады. Жеміспен қоректенетін құстардың тұмсығы өсімдік жемісін үзіп алып, дәнінің қабығын жаруға ыңғайлы ірі, көпшілік жағдайда ұзын болады. Мұндай тұмсықты тукандардан, мүйіз тұмсықтылардан т. б көруге болады.

Нектаржеушілер

  • Нектаржеушілерге — колибрилер, Африканың нектарницалары, Австралия-малайлық бал сорушылары сияқты құстар жатады. Бұлардың тұмсығы гүлдің түбіне қарай ене алатындай ұзын, әрі жіңішке, көпшілік жағдайда аздап иілген түрде болады. Тілі нектар соруға бейім бір немесе екі түтік іспеттес.

Құрлар мен шілдер

  • Орманда және бұтада тіршілік ететін құстардыӊ кейбір түрлері қоректік заттарын ағаштан да, жерден де іздеп табады. Бірақ ұясын жерге салып, жерге қонақтайды. Бұған құрлар мен шілдер мысал бола алады. Жазда олар жемістермен, жәндіктермен қоректенеді де, қыста қорегін тек қана ағаштан табады. Қыста меңіреуқұр қылқан жапырақты ағаштың бүрімен қоректенеді, ал шілдер қылқанды ағаштыӊ тұқымымен, қайыңның бүршігімен, құрлар — қайыңның бүршігімен қоректенеді. Сондықтан қысқа қарай мұндай құстардың саусақтарының жиегінде қатты мүйізді өсінділер пайда болады да, тайғақ, мұз қатқан бұтақтарға нық отыруына мүмкіндік береді.

Орман құстарының маңызы

  • Орман құстарының көпшілігі орман ағаштарының өсіп-дамуы үшін алуан түрлі әрекет етеді. Жәндікпен қоректенетін түрлері көптеген орман зиянкестерін жойып жібереді. Мысалы, тоқылдақтыӊ қарнын жарып карағанда, оның ішінен көптеген жапырақжемірлерін, слониктерді басқа зиянкестерді көрген. Өсімдіктермен қоректенетін құстардың көпшілігі, өсімдіктердің жер-жерлерге тарауына себепші болады. Құстар өсімдіктердің жемісімен бірге олардың тұқымын жегенде тұқым олардың ас қорыту жолында өзінің өсу қабілетін жоймай, құс саңырағымен екінші бір жерге түсіп, өне бастайды. Кейбір құстар, мысалы, сойкалар мен кедровкалар майқарағайдық жаңғағын топыраққа көміп қояды т. б. Нектар жеуші құстар өсімдіктердің айқас тозаңдануына себепші болады.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет