Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде Бухгалтерлік есептің пәні және әдісі



Дата21.09.2022
өлшемі1,63 Mb.
#39696

Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

Бухгалтерлік есептің пәні және әдісі.


Дәріс сұрақтары:
  • Бухгалтерлік есеп түсінігі мен түрлері,мақсаты мен міндеттері
  • Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
  • Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі
  • Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу

Бухгалтерлік есеп – бұл барлық шаруашылық операцияларды тұтастай, үздіксіз құжаттық бейнелеу жолымен ұйымның қаржылық шаруашылық қызметі туралы ақпараттарды жинақтау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі.
Бухгалтерлік есеп үш түрге бөлінеді:
Қаржылық есеп
Басқару есебі
Салық есебі
Бухгалтерлік есептің мақсаты-барлық ұйымдарды орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау.
Ұйымдағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, қорлардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есепті жүргізудің міндеті болып табылады:
Есептік ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылары
Ішкі
- Акционерлер
- Басшылар
- Менеджерлер
- Негізгі бөлімше басшылары
- Қызметкерлер
Сыртқы
Тікелей қаржылық қызығушылығы бар
- Инвесторлар
- Кредиторлар
- Сатып алушылар
Жанама қаржылық қызығушылығы бар
- Салық органдары
- Статистикалық органдар
Бухгалтерлік есеп обьектілері
Ұйымның шаруашылық қызметін құрайтын обьектілер
Шаруашылық үдерістері
Шаруашылық қаржыларының түзілу көздері
Шаруашылық қаржылары
Ұйымның шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін обьектілер
Қамтамасыз ету үдерісі
Өндіріс үдерісі
Сату үдерісі
Бухгалтерлік есеп пәні ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметі болып табылады.
Шаруашылық қаржылары
(ұйымның активтері, мүліктері)
Айналымнан тыс активтер
Негізгі құралдар
Материалдық емес активтер
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар
Аяқталмаған құрылыс
Айналымдағы активтер
Материалдық-өндірістік қорлар
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
Ақша қаржылары
Есеп айырысудағы қаржылар
Шаруашылық қаржыларының түзілу көздері
Меншікті көздер
Жарғылық капитал
Резервтік капитал
Қосымша капитал
Бөлінбеген пайда
Қарыздық көздер
Банк кредиттері
Қарыздық қаржылар
Кредиторлық берешек

Бухгалтерлік есеп әдісі – бұл олардың көмегімен бухгалтерлік есеп пәні зерттелетін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы.


Бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері деп аталатын сегіз тәсілдер мен әдістері бар.
Құжаттау
Түгендеу
Бухгалтерлік есеп шоттары
Калькуляция
Бағалау
Қаржылық есептілік
Бухгалтерлік баланс
Екі жақты жазу
Шаруашылық операцияларды тіркеу және оларды жүзеге асыруды бақылау үшін пайдаланады
Шаруашылық операциялардың ағымдағы есебі үшін пайдаланады
Бухгалтерлік есеп обьектілерін құндық өлшеу үшін пайдаланады
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қорытындылық жинақтау үшін пайдаланады

ҚР бухгалтерлік есептің нормативтік-құқықтық реттелуі :

I деңгейі

II деңгейі

III деңгейі

IV деңгейі


Заңнамалық актілер
Жалпы стандарттар
Типтік шоттар жоспары
Нормативтік актілер
Нұсқаулар, ережелер, ұсыныстар
Есеп саясаты, шоттардың жұмыс жоспары

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет