Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет29/243
Дата22.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#26137
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   243
9. Құжаттау
Өзінің  жұмысы  барысында  бухгалтер  әртүрлі  құжаттармен  іс 
жүргізеді. 
Құжат  деген  латын  тілінде  «куәлік»  немесе  «дәлел»  деген 
мағынаны  білдіреді.  Бухгалтерлік  есепте  әрбір  шаруашылық 
операция  құжатпен  белгіленеді.  Ол  шаруашылық  операцияның 
орындалғанын  (фактісін)  дәлелдейді,  оның  бухгалтерлік  жазуын 
заңдастырады.
Кәсіпорынның  бухгалтері  құжаттардың  мүлтіксіз  сақталуына 
ерекше көңіл бөлуі қажет. Құжаттар арнайы папкілерге тігіліп және 
белгілі мерзім бойы сақталуы тиіс.
Құжат, бұл — бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін, 
жасалған шаруашылық операцияның жазбаша түрдегі дәлелі.
Құжаттардың  құрамындағы  бастапқы  құжаттарды,  есепті 
регистрлерді және есеп беруді (баланс және басқа үлгілер) ажыра-
тып отыру қажет.
Бухгалтерлік  есептегі  барлық  жазулар  бастапқы  құжаттар 
негізінде  жүргізіледі.  Содан  соң,  олардың  мәліметтері  есеп 
регистрлеріне өткізіледі, сонда олар жүйеленеді, яғни бухгалтерлік 
шоттарда жазылады. Есепті кезеңнің соңында есеп регистрлерінің 
мәліметтері бойынша кәсіпорынның есептерін толтырады. 
Бастапқы  құжаттар  есеп  ақпаратының  қозғалысына  баста-
ма  береді,  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін  толық  және 
үзіліссіз  бейнелеу  үшін  қажетті  мәліметтермен  бухгалтерлік 


32
есепті  қамтамасыз  етеді.  Есепке  тек  қана  дұрыс  жасалған,  яғни 
барлық  міндетті  реквизиттері  (көрсеткіштері)  толтырылған  құжат 
қабылданады.  Сонда  ғана  бастапқы  құжат  өзінің  заң  жүзіндегі 
маңыздылығына ие болады.
ҚР-дағы  бухгалтерлік  есеп  пен  есеп  беру  туралы  ережесімен 
реквизиттердің құрамы белгіленген. Оларға үлгінің (форманың) көзі, 
жазылған күні, шаруашылық операцияның мазмұны, шаруашылық 
операцияның (заттай және ақша түрінде) өлшегіштері, шаруашылық 
операцияның орындалуы мен оның жасалуының дұрыстығы үшін 
жауапты  тұлғалар  лауазымдарының  аталуы,  қолтаңбалар  мен 
олардың түсіндірмелері жатады.
Бастапқы  құжаттарда  қажетті  жағдайларда  жоғарыда  аталған-
дардан басқа да қосымша реквизиттер болуы мүмкін.
Бастапқы  құжаттар  операцияны  орындау  кезінде  немесе  оны 
аяқтаған  соң  бірден  жасалады.  Мысалы,  өз  уақытында  алынбаған 
(депонирленген)  еңбекақыны  беру  үшін  шығыс  кассалық  ордер 
бухгалтер  және  еңбекақысын  алатын  тұлғамен  барлық  қажетті 
реквизиттерді толтырғаннан соң жазылады.
Құжатты жасап, қол қойған адамдар оны өз уақытында және са-
палы толтыру, мәліметтердің дұрыстығы және есепті регистрлерге 
жазу үшін белгіленген мерзімде беруге жауапты болады.
Кассалық  және  банктердің  бастапқы  құжаттарында  (кіріс 
және  шығыс  кассалық  ордерлерде,  төлем  тапсырмаларында,  ақша 
чектерінде  және  т.б.)  ешқандай  түзетулерге  жол  берілмейді.  Егер 
сондай бастапқы құжатта сіз қатеге орын берсеңіз, онда ол жойылып, 
жаңа құжат жасалуы тиіс. Егер сіз чек кітапшасында ақша чегін тол-
тыруда қателессеңіз, оны сызып тастап және оның жарамсыздығын 
белгілей  отырып  орнында  қалдырыңыз.  Сонан  соң,  келесі  жаңа 
чекті толтырыңыз.  
Басқа бастапқы құжаттарда түзетулер міндетті түрде ескертілу 
қажет.  Яғни  дұрыс  жазылмаған  мәтін  немесе  соманы  мұқият,  ал-
дын  жазылғанды  оқуға  мүмкіндік  болатындай  етіп  сызып  тастау 
қажет.  Жоғарыда  дұрыс  мәтін  немесе  соманы  жазыңыз.  Қатенің 
түзетілуі оның күнін белгілеуімен, құжатқа қол қойған тұлғалардың 
қолтаңбаларымен расталуы тиіс.  
Бастапқы  құжаттар  есеп  регистрлерімен  бірге  сақталады  неме-
се  жеке  папкілерге  тігіледі.  Олардың  сақталуын  қамтамасыз  ету 
үшін жауапкершілік кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтеріне 
жүктеледі.


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   243




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет