Бухгалтерлік есеп


I  Тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ



Pdf көрінісі
бет3/243
Дата22.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#26137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243
I  Тарау. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ НЕГІЗДЕРІ
 
I  БӨЛІМ. 
БУХГАЛтеРЛІК еСеПтІҢ теОРИЯЛЫҚ неГІзДеРІ
I бөлімше. БУХГАЛтеРЛІК еСеПтІҢ МАҢЫзЫ Мен 
МАзМұнЫ
  
1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мәліметтер
Есеп — бұдан мыңдаған жылдар бұрын адамзат өркениетінің ке-
ліп шығуымен бірге пайда болды және оның алғашқы қадамдары 
тарих үшін үлкен әсерін тигізді. Есептің дамуы өмірдің қажеттілігі-
мен  келген,  ал  ол  өз  кезегінде  жазу  мен  математика  сияқты 
өркениеттің ажырамас бөліктерінің дүниеге келуіне себеп болды. 
Шамамен ХV ғасырдың соңына таяу қосарлы жазуға негізделген 
бухгалтерлік есеп теориясы қалыптасты. Бұл әдіс қазіргі уақытта да 
негізгі  әдістердің  бірі  болып  келеді.  Сол  уақыттардан  бері  баланс, 
калькуляция,  дебет,  кредит,  контировка  және  т.б.  көп  терминдер 
сақталып қалған.
Бухгалтерлік есептің — есептің басқа түрлерінен (мысалы, стати-
стикалық) ерекшеленетін бірқатар өзгеше белгілері бар:
1. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық операциялардың бәрі 
түгел бухгалтерлік есеп жүйесінде бейнеленеді;
2.  Бухгалтерлік  есепте  тек  қана  ақшалай  түрде  өлшенетін 
шаруашылық операциялар көрсетіледі;
3. Бухгалтерлік есепте тек қана өзіне тән арнайы әдістер (тәсілдер) 
(мысалы:  шоттар, қосарлы жазу, баланс) қолданылады.
Бухгалтерлік  есеп  кәсіпорынды  басқаруда  үлкен  рөл  атқарады, 
өйткені  оның  қызметі,  қаржылық  жағдайы  туралы  толық  ақпарат 
береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі 
мен маңызы күшейе түсті.
Есепте  орын  алатын  көрсеткіштер  қаржы-шаруашылық  қыз-
меттің  нәтижелерін  талдау  кезінде  тек  кәсіпорынның  өзімен  ғана 
емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер, 
тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен 
жүргізіледі.


8
Қазіргі уақытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы орган-
дары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт 
бойынша  тексеру  кезінде  —  аудиторлық  фирмалар,  кеңесшілер, 
заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әртүрлі деңгейлерін-
де қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін 
қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.
Сондықтан  да  ақпарат  заң  нормаларына  сәйкес  болуы  тиіс.  Ол 
үшін  кәсіпорынның  басшысы,  бас  бухгалтері  және  материалдық 
құралдар мен ақша қаражаттарға сақтаушы тұлғалар жауапты бо-
лады.
Бухгалтерлік  есеп  Материалды  жауапты  тұлғалардың  қызметі 
үстінен бақылау үшін ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол үшін әрбір 
Материалды  жауапты  тұлға  бойынша  материалдық  құндылықтар 
мен ақша қаражаттарының есебі бөлек жүргізіледі.
Материалды жауапты тұлғалар өздеріне бекітілген материалдық 
құндылықтардың (ұсақ сауда кәсіпорындарының қызметкерлерінен 
басқа) табиғи түріне жауапты болады. Ол жағдай табиғи өлшегіштерде 
(дана, кг, км және т.б.) көлемі бойынша есеп жүргізуді болжамдай-
ды.  Мезгілді  түрде  бухгалтерлік  есептің  мәліметтері  Материалды 
жауапты тұлғалардың есептерінің мәліметтерімен салыстырылады. 
Ол  үшін  құндылықтардың  сақталу  орындарында  түгендеу  үрдісі 
жүргізіледі. 
Табиғи өлшегіштерден басқа, есепте еңбек өлшегіштері де қол-
данылады. Олардың жәрдемімен еңбек шығындары (күн, сағат, ми-
нут) анықталады. 
Алайда, бухгалтерлік есепте басты орынды ақша өлшегіші алады. 
Өйткені,  тек  соның  көмегімен  кәсіпорындардың  әртүрлі  мүлкінің 
(үйлер, құрал-жабдықтар, материалдар, мал басының саны) жалпы 
құнын есептеу мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   243




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет