Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет7/243
Дата22.02.2022
өлшемі2.74 Mb.
#26137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   243
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Түгендеу деген не?
2. Түгендеу не үшін қажет?
3. Бағалау деген не?
4. Калькуляциялау деген не?
4. Бухгалтерлік баланс
Есепке жататын барлық зат екі көзқарастан: есептің осы объектісі 
нендей заттан тұрады және ол қандай көздердің есебінен алынған, 
деген сауалдар тұрғысынан қарастырылады. Осы қатынас баланстық 
әдістің  (тәсілдің)  негізіне  салынған.  Ол  төмендегі  екіжақты  тәсіл 
арқылы іске асырылады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы) 
тұратын  кестеден  құрастырылады.  Активте  есептің  объектілері 


12
(шаруашылық құралдар), ал пассивте олардың сатып алыну неме-
се  пайда  болу  көздері  жазылады.  Активтің  жиынтығы  пассивтің 
жиынтығына тең болуы тиіс.
Бұл  жиынтықтардың  мөлшері  «валюта  балансы»  деп  аталады. 
Төмендегі  кесте  кәсіпорынның  өз  құрылтайшылары,  салық  ин-
спекциясы  және  тағы  басқалардың  алдында  есеп  беру  үлгісі  бо-
лып  та  саналады,  өйткені  ол  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын 
қорытындыланған түрде көрсетеді.
Баланс көрсетілген мерзімге, әдеттегіше, есепке қойылатын та-
лаптармен белгіленген тоқсанның басына құрастырылады.
Баланс белгіленген мерзімге шаруашылық құралдар мен олардың 
көздерінің  жағдайын  көрсетеді.  Олар  үнемі  өзгеріп  тұрады,  яғни 
қозғалыста болады. Және ол қозғалыс қосарлы жазудың жәрдемімен 
бухгалтерлік шоттарда бейнеленеді.
Енді бухгалтерлік балансты қарастырып көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   243




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет